Қазақстанда курорт қызметтері нарығын қалыптастыру


«ТҰран» Университеті» мекемесі

ГУМАНИТАРЛЫҚ - ЗАҢ ФАКУЛЬТЕТІ
«Туризм және сервис» кафедрасы
МАГИСТРАНТТЫҢ ҒЫЛЫМИ -ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫ ТУРАЛЫ
ЕСЕБІ
(ғылыми - педагогикалық бағыт)
6М090200 «Туризм» мамандығының
1 курс студенті
Демеуова Б. М.
Тәжірибие өткен орын «Тұран» Университеті
Тәжірибие өткен мерзім 26 қараша - 15 желтоқсан 2018 ж.
«Тұран» университетінен
тәжірибие жетекшісі э. ғ. д, профессор Каленова С. А.
(қолы)
«__» 20___ ж.
«Туризм және сервис»
Кафедрасының меңгерушісі б. ғ. к., Ерубаева Г. К.
(қолы)
«__» 20 ж.
Алматы, 2018 ж.
Кіріспе
Мен, Демеуова Бақытгул Маратқызы, 6М090200 - «Туризм» мамандығы бойынша, 62-92-16 тобының магистранты, келесі тақырыпты магистерлік зерттеуім ретінде таңдадым: «Қазақстанда курорт қызметтері нарығын қалыптастыру». Зерттеу объектісі ретінде Қазақстан Республикасындағы курортты орындар қарастырылды. Ғылыми жетекшім болып Каленова Саулеш Абдразаховна таңдалды.
Магистерлік диссертацияны зерттеуге дайындық барысында аталған тақырыпқа байланысты қазақша, орысша, ағылшынша мақалалар қарастырылды.
Магистерлік жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен, қортындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады.
Кіріспе ғылыми мәселенің қазіргі жай-күйін, тақырыптың өзектілігі мен жаңалығын, осы жұмыстың басқа ғылыми-зерттеу жұмыстарымен, сондай-ақ зерттеудің мақсаттары, міндеттері, объектілері мен тақырыптарын, ғылыми-зерттеу (эксперименталды-зерттеу) жұмыстарын орындаудағы орны туралы бағалауды қамтиды. Тұтастай алғанда, қорғауға ұсынылған методологиялық база көрсетіледі.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Халықтың денсаулығы -
мемлекеттің қауіпсіздігі мен даму деңгейін анықтайтын басты көрсеткіш болып саналады және жұмыс нәтижесінде қалпына келтіруді талап етеді. Экономикасы дамыған елдерге қарағанда Қазақстан азаматтарының орташа өмір сүру ұзақтығы 10-12 жас төмен болып келеді. Европа елдерінің орташа көрсеткіштерімен салыстырғанда біздің елімізде ана мен бала өлімінің деңгейі жоғары болып табылады. Осыған байланысты, халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған даму саясатының маңызы артуда. Өкіметтің стратегиялық тапсырмаларының бірі 2020 жылға қарай қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығын 72 жастан жоғары көрсеткішке жеткізу болып табылады. Алайда, елімізде жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік-экономикалық шаралар бұл саладағы көрсеткіштерді айтарлықтай жақсарта алмай келеді.
Қоғамның қазіргі даму кезеңінде туризм адамның өмір сүруін қамтамасыз етуші, бос уақытта оның физикалық, рухани және зияткерлік күшін қалпына келтіруге бағытталған маңызды мемлекеттік мәселеге айналуда. Сәйкесінше, туризмнің емдік және сауықтыру қызметтерінің маңызы артып келеді. Бүкіләлемдік туристік ұйымның бағалауы бойынша, емдеу және сауықтыру маңызды туристік мақсаттар қатарына жатады. Әлемде соңғы 20 жылда ем алу үшін саяхатқа бару саны 10%-ға артқан. Қазіргі уақытта емдік-сауықтыру туризмі шынайы жаһандық қарқын алуда. Оның қызмет етуінің ұйымдастырушылық-экономикалық механизмін жетілдіру саланың бәсекеге қабілеттілігін және экономикалық тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл қазақстандықтар мен шетелдіктердің Қазақстан аумағында сапалы емдік-сауықтыру қызметке қажеттілігін қанағаттандыру мүмкіндігін кеңейтуді қамтамасыз етеді.
Диссертация Қазақстандағы курорт қызметтері нарығын қалыптастыру сұрақтарын кешенді зерттеуге бағытталған. Зерттеу тақырыбының өзектілігі курорт қызметтері нарығын қалыптастырудың отандық жүйесін жетілдіруді қамтамасыз ететін маңызды теориялық және тәжірибелік зерттеулер қажеттілігімен анықталады. Дамыған елдермен салыстырғанда халықтың өмір сүру ұзақтығының төмен болуы, ауруға шалдығудың жоғары деңгейі, қолайсыз экологиялық жағдай және жалпы өмір сүру деңгейінің төмендігі салдарынан бұл саланы біздің елімізде дамытудың өзектілігі жоғары болып табылады. 2050 жылға дейінгі Қазақстанның даму стратегиясында Елбасы біздің еліміздің медициналық туризмнің жетекші еуразиялық орталықтарының біріне айналатынын атап көрсетті. Курорт қызметтері нарығын қалыптастыру саласындағы мәселелердің шешімі еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық тапсырмасына жауап береді. Сондықтан диссертациялық зерттеудің тақырыбы Қазақсан Республикасындағы курорт қызметтері нарығын қалыптастыру мүмкіндік беретін теориялық және тәжірибелік астарын айқындауы, ресурстық әлеуетін бағалап, қазіргі жағдайы мен даму болашағын ашып көрсетуімен өзекті болып табылады.
Магистерлік жұмыстың мақсаты мен міндеттері: Қазақстандағы курорт қызметтері нарығын қалыптастыру жағдайын талдау, мәселелері мен шешу жолдарын анықтау, сонымен қатар Қазақстанда курорт қызметтері нарығын қалыптастыру жетілдіру бойынша тәжірибелік ұсыныстар беру болып табылады.
Қойылған мақсаттан келесі міндеттер айқындалады:
- Қазақстан Республикасында замануи туризмді дамытудың перспективалы бағыты ретінде курорт қызметтеріне анықтама беру оның негізгі міндеттерін анықтау, курорттану туризмнің қалыптасуымен дамуының теориялық негіздерін зерттеу;
- Қазақстандағы курорт қызметі нарығына талдау жасау;
- Қазақстанда курорт нарығын қалыптастыру деңгейі және оны жетілдіру жолдарын қарастыру;
Магистерлік зерттеу объектісі: Қазақстан Республикасындағы санаторлы-курорт орындары.
Зерттеу пәні: Қазақстан Республикасындағы санаторлы-курорт нарығы
Магистерлік жұмыстың теориялық негізі: Қазақстандағы курорт қызметтері нарығын қалыптастырудың теориялық, ұйымдастырушылық-экономикалық мәселелері бойынша қазақстандық және шет елдік ғалымдардың еңбектері құрайды. Диссертациялық зерттеуде ұсынылған Қазақстанның курорт қызметтері нарығын қалыптастыру жұмысын жасау барысында О. Б. Мазбаев, Б. Қ. Асубаев және Е. А. Тоқпанов құрастырған карталар негіз болып табылды. Сонымен қатар Қазақстанның География институты ғалымдарының еңбектері пайдаланылды.
Зерттеу әдістері. Диссертациялық жұмыста статистикалық, картографиялық әдістер, жүйелік талдау және балмен бағалау әдісі, контент-талдау, сонымен қатар әлеуметтік әдістер қолданылды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
- жүргізілген әлеуметтік зерттеулер нәтижесінде Қазақстандағы курорт қызметтері нарығын қалыптастыруда тұтынушылардың сұраныс ерекшелігін және шипажайлық-курорттық мекемелердің даму басымдылығын айқындайтын көрсеткіштер анықталды;
- Қазақстанда курорттық қызметтері нарығының қазіргі даму жағдайына талдау жасалып, саланың дамуын тежейтін мәселелер анықталып, курорттық қызметтер нарығын жетілдіру бағыттары ұсынылды;
- курорттық қызметтер нысандарын көрсете отырып, Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және табиғи рекреациялық ресурстарының карта-сызбалары және курорттар нысандарын көрсете отырып, Қазақстан Республикасының электронды туристік картасы құрастырылды;
Зерттеудің ғылыми-тәжірибелік маңыздылығы.
Диссертацияның ғылыми нәтижелері курорт қызметі саласындағы болашақ зерттеулерде пайдаланылуы мүмкін.
Зерттеу нәтижелері нормативтік-құқықтық базаны, соның ішінде курорттық қызметтерді дамытуға қатысты тұжырымдама, стратегиялық жоспар, ұлттық дамыту бағдарламаларын жетілдіру үшін денсаулық сақтау және туризм салаларын басқарушы органдармен қолданылуға ұсынылады. Атап айтқанда, диссертацияда жасалған ұсыныстар Туризм басқармасымен қолданысқа енгізілу үшін қарастыруға қабылданды, сонымен қатар диссертацияның кейбір нәтижелері туризм және ақпараттық қызметтер орталығының жұмыс үрдісіне енгізілді.
Диссертациялық зерттеудің мәліметтері курорттық қызметтері нарығында қызмет ететін кәсіпорындарды тиімді басқаруда және олар ұсынатын қызметтер спектрін кеңейтуде, қызметтің басқа да бағыттарын дамытуда пайдаланыла алады.
Сонымен қатар, диссертациялық жұмыстың нәтижелері «Емдік-сауықтыру туризмі» және «Санаториялық-курорттық қызмет» курстары бойынша оқу бағдарламаларын құрастыру барысында жоғарғы оқу орнында пайдаланылды.
Магистерлік жұмыс құрылымы. Магистерлік жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен, қортындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады.
Кіріспе ғылыми мәселенің қазіргі жай-күйін, тақырыптың өзектілігі мен жаңалығын, осы жұмыстың басқа ғылыми-зерттеу жұмыстарымен, сондай-ақ зерттеудің мақсаттары, міндеттері, объектілері мен тақырыптарын, ғылыми-зерттеу (эксперименталды-зерттеу) жұмыстарын орындаудағы орны туралы бағалауды қамтиды. Тұтастай алғанда, қорғауға ұсынылған методологиялық база көрсетіледі.
Диссертациялық жоспардың зерттеулердің жұмыс жоспары төменде көрсетілген.
Тақырыпты әрі қарай зерттеу барысында кейбір тарауларға өзгерістер енгізілуі, жоғалып кетуі немесе жаңадан пайда болуы мүмкін және атауының өзгертілуі мүмкін.
Мазмұны
1 Қазақстан Республикасындағы курорттық қызмет көрсетудің мәні мен ерекшеліктері
1. 1 Курорттық іс дамуының тарихи аспектілері
Туризм қоғамдық, шаруашылық және кеңістіктік құбылыс ретінде ежелгі замандарға терең кең тамыр жайған мол дәстүрге ие. Туристік әдебиеттерде туризмнің дамуын кезеңдерге бөлу жайында көптеп айтылады, әсіресе В. Унцкер мен Дж. Мариотти секілді ғалымдардың ортақ еңбектерінде.
Бұл еңбекте К. Пшеславскийдің (1973) бөлген кезеңдерді келтірілген, оның келесідей кезеңдері бар:
1. Туризм XVIII ғасырдың соңына дейінгі туризм:
а) ежелгі туризм;
б) орта ғасырлар мен қайта өрлеу дәуірі кезіндегі туризм;
в) XVII және XVIII ғасырлардағы туризм;
2. XIX және XX ғасырлардағы - Дүниежүзілік соғысқа дейінгі туризм;
3. Қазіргі заманғы туризм.
Туристік саяхаттар, сауда-саттық сапарлар өзінің мәнін жоғалтқанда басталады деп санйды. Біздің заманға дейінгі мың жылдықта ескі Египетте аталынып жүрген, осындай алғашқы көшіп-қонушылыққа жататыны - діни негізіндегі саяхаттар. Біздің заманға дейінгі ғасырда египет фараоны Нехао Африка төңірегінде атақты үш жылдық саяхат құрған.
Ертеректе туристік саяхаттар қалаларды көріп, жасанды көлдер, шипалы бұлақтарға барумен байланысты болды; кейініректе жиілеп салына бастаған пирамидалар саяхаттанушылардың назарын аудара бастады. Алайда, жақсы дамыған жол торлары мен сапалы түнеу үйлері және арзан асханалардың тек қана ежелгі Греция мен Римде пайда болуы бұл саяхаттарды белгілі мөлшерде тежеді. Туризм ол кездегі ешқандай табыс көзіе әкелмеді.
Ежелгі Грецияда курортология мен емдік туризм пайда бола бастады.
Римдіктер өздерін сауықтыру үшін жылы су көздеріне және курорттарға барып тұруды жақсы көрді. Емдеу құдайы Асклепийдің храмдары көне замандарда құрыла бастайды, классикалық кезеңде (5-6 ғғ. б. з. д. ) олардың саны 60-тан астам болады. Олар қаладан қашық, қыраттау, жақсы климаты бар жербе салынды. Швейцариядағы курорт Сент Моритц әйгілі ерекшелігімен пайдаланылды.
Туристік саяхаттардың ерекше формасы емдік жерлерге сапар шегу болды. Алғашында қалада тұратын бай гректер мен римдіктер қала сыртындағы ауылды мекендерге шығып отырса, кейініректе бұл саяхаттардың географиялық шектеулері кеңейе түсті. Минералды бұлақтар мен храмдардың қасында қазіргі санаторийлерге ұқсас объектілер салына бастады, ал емдік жерлер жоғары комфортты жағдайлары мен ойын-сауықтық көп түрлілігімен әйгілі болды.
Ол кездерде ең әйгілілерден Байедегі, Компаниядағы (қазіргі Италия) шомылу орындары болды.
Емханалардан басқа римдік провинцияларында бұл кезде Aguae Calidae (қазіргі Виши, Франция), Aguae Helveticae (қазіргі Баден, Щвейцария), AguaeHerculi (қазіргі Байе Херкулан, Румыния), Aguae Solis (қазіргі Бат, Ұлыбритания) әйгілі болды.
Қазіргі кездегі туризмнің классификациясы ең алдымен кеңістіктің әлеуметтік-эканомикалық құбылысын, аумағын, туристік шаруашылығының кәсіпорындары, туристік іс-әрекеттері мен жалпы туризмді жоспарлау қажетті. Осы классификациясының мәні тиризмнің формаларын және түрлерін анықтаумен бітеді.
Қоғамдық функциялардың және технологиялық өндірістерінен туризмнің үш формасын көрсетеді:
а) емдік туризм (курорттану және сауықтыру)
б) денсаулық-сауықтыру
в) танымдық
тұлғалардың физикалық және рухани күштерін қалпына келтіретін негізгі адамдардың қанағаттандыратын спектрлерін көрсетеді.
Формалар мен кластардан ерекше, туризмнің түрлері әртүрлі. Олар факторлардан тәуелді, олардың маңыздылардың бірі:
- бос уақыттың ұзақтығы мен көптігі;
- жасы, жынысы, денсаулықтың жағдайы, рухани дамуының деңгейі, адамдардың өзінің талғамы және олардың материалдық жағдайы;
- табиғи жағдайларының әртүрлілігі мен маусымдылығы;
- негізгі жылжу мүмкіндіктерінің бар болуы.
Мақсаттарды, жағдайларды, бағыттарды және қазіргі кездегі туризмнің даму масштабтарын формаларға, кластарға және түрлерге бөлуге болады.
Адамдардың денсаулығын сақтау және күшейту, оладың еңбекке деген ынтасын арттыру бұл әр мемлекеттің әлеуметті саясаттың міндеті, олардың шешуі туризмнің басты рөлі болады, сонымен қатар негізгі емдік функциялар мен белсенді демалыс және т. б. Санаторно - курорттық ем, адамдардың қиын аурулардан өткенін, қайта өз денсаулығын нығайту үшін арналған және де емдік процессін жалғастыруға мүмкіндік береді.
Туризм арқылы емдеу - өндірісті және өндірістік емес мәселелерін шешудің бір рөлі, адамның физикалық және психологиялық шаруадан шыққан. Дұрыс ұйымдастырылған және белсенді демалыстың кең қолдануы (жаяу жүру, қайықта жүзу, велосипедпен тебу және т. б. ) адамдарды физикалық жағынан күштерді нығайтатын, сыртқы ортаға және жағымсыз әсерлерден кері ұстауға мүмкіндік береді. Денсаулық сауықтыру туризмі, адамдардың денсаулығын күшейтеді, адам ағзасының маңызды жүйесін қалпына келтіреді. Бұл жағдайлардың мәндері: көп жүрулер, саяхаттар, экскурсиялар, мерекелер, ауа және күн сәулелік ванналар, теңіздік және өзендік жүзулер және т. б. жатқызуға болады. Әлеуметтік-эканомикалық мәні бар туризм функциясы өте жоғары, өйткені ол миллион адамдардың денсаулығын және еңбекке талпынысының күшеиюіне бағытталған.
Емдік және сауықтыру шараларын қолданбасақ, онда келешектегі ұрпақтардың дамуына жол бермейді, өйткені, сол кезде еңбектік қажеттіліктер мен қоғамның белсенді дамуы азаяды.
Қарастырылған үш формада туризмнің классификациясы қалыптасады, яғни оны кластарға, түрлерге, әртүрлілікке бөлінеді. Осылардың бөлінуінің нәтижесінде әртүрлі критериялар мен признактер бар.
Курорттық және сауықтыру емі - бұл халықтың көмегіне емдік-профилактикалық түрі. Бұл емді физиологиялық және шынайы деп есептеуге болады. Шынайы емдік факторға климат, минералды сулар, емдік балшық, теңіз шомылуы және т. б. жатады. Табиғи емдік факторлармен бірге физиотерапия, диетотерапия, емдік шынықтру, массаж, инерефлексотерапия және т. б. курортта істейді.
Туризмнің антикалық дамуы, ең басты Ежелгі Греция мен Римнен басталады екенін біз білеміз. Бірақ екі мемлекетте экономикалық жағынан туристік саяхаттар жасалынған. Олар осы салаларға көп көңіл бөлген. Топтық сипаттама діни мақсатымен сло кезде ерекшеленеді. Ең әйгілі саяхат Олимпия, Зевс мерекесімен біріктірген, б. з. б. VII ғ. бастап әр төрт жылда өткізетін.
Негізінен туризмнің пайда болу территориясы, терең тамырымен сіңген, ол Қаратеңіз аймағынан келді деуге болады. XVIII ғасырдың басы Рессей патшасына, емдік туризмнің бастамасы болды. Оның салуына Петр 1 қол салды, ол да кейбір шетелдік курорттарын біліп, өз жерінде «ключевые воды» іздеу жұмыстарын жүргізді. Ал 1717 жылы заң шықты, яғни «О приискании в России минеральных вод» осы сулармен қолданып, барлық аурулардан емдеу. Бірақ 1719 жылы жаңадан указ шығып, жаңа емдік курорттардың ашылуына басты жол болып табылады. Сондықтан Рессейдің емдік курорттың басты тарихы 1719 жылдан басталады деуге болады.
XVII ғ. біраз уақыттан ғана Кавказдық минералдық су қоймалары зерттеліне басталды. 1803 жылы «қышқыл су» бастуының қасында тұрғын үйлердің пайда болуына байланысты, бұл қалашық «Кисловодский» атына ие болды. Осыдан кейін Ессентуки мен Железноводск минералды сулары да ашылды. XVIII ғ. екінші жартысынан және XIX ғ. дейін курорттық даму деңгейі тез өсті деуге болады. 1815 жылы «Старая Русса» курорты пайда болды, ал 1830 жылдары Одессалық емдік балшық курорты, 1833 жылы Сергеевские минералды суы, 1838 жылы - Юрмала және т. б. XIX ғ. екінші жартысында Крым-Сакское мен Генакское балшық көлдері, Сибирде -Ямаровка, Дарасун; Орталық Азияда - Ыстық көл, Ақсу, Джалал-Абад, ал Қазақстан территориясында Алма-Арасан, Қапал-Арасан; Грузияда - Боржоми, Цхалтубодта емдік климаттық зерттеулер жүргізілді. Осы аймақты зерттегеннен кейін, қолдануға болады деген тұжырым жасады.
XIX ғ. ғасырдың соңында ресейліктер арасында екінші таулы аудан Қырым әйгілі бола бастайды. Ол кезде Қырымның емдік климаты демалу жүйесінде ауруы бар адамдар үшін оңды және шипалы қасиеттерге ие болды. Осы қасиетіне байланысты Қырым Ресейдің ең көп барылатын жеріне айналды.
Курорттардың ашылып және салынып жатқан курорттар толығымен мемлекет қазынасына кіретін. Бірақ оған қарауға мүмкіндік болмады. Сондықтан көптеген курорттар жеке меншікке немесе арендаға берілген.
XIX ғ. курорттарды басқарушылар, табысты үлкейту мақсатында санаторииде, емдіктерде орналастыру жұмыстары жүргізілді. Негізінде бальнеотехника су емдері салынды Пятигорскииде және Кисловодскиде, ал емдік балшық Ессентукиде. Бірақ жалпы курорттық іс-әрекеті болған жоқ. Жергілікті мамандар минералды сулар мен балшық қорларын пайдалану мүмкіндіктерін қарастырды, бірақ нәтижесінде іс практикасында зерттеулер болған жоқ. Курорттардың басқарушылары табиғи ресурстарын эксплуатация жасап, оларды сақтандыруға, эффекті курортық емге көңіл бөледі.
Революция алдында Ресейде минералды көздер бар жерлерді және емдік балшық курорттардың қорлары тек 36 курорт іске асырылды, бұнда тек осылардың табиғи емдік факторларын қолданған. 3 мың орынға тек 60 санаториилер болды. Практикант дәрігерлер ғана жұмыс істеді. Курорттардың көбісі санитарлық талаптарға сай болған жоқ. Осындай Кисловодскиде болған, су құбырлары, канализация, су стоктары мен көшелері шамдалмаған болатын, үлкен әдемі үйлердің арасында қоқсықтар жататын. Хан үкіметі жергілікті курорттардың дамуына мән бермеген.
Қол жетпейтін курорттық емі, кең массалық еңбек ететіндер туралы статистикалық мәлімет бойынша талдауға болады. Мысалы: Кавказдың минералдық суының курорттары 1907 жылы помешиктер мен ауылдықтар - 41, 9%, буржуазия өкілдері - 23, 8%, халық армиясының әскерлері - 10, 5%, чиновниктер мен басқалар - 23, 8% құрған. Совет билігі орнатылған күннен бастап, комунисттік партиясы ылғида еңбекшілердің, денсаулық сақтау және санаторно - курорттық емнің дамуына көп көңіл бөлді.
В. И. Лениннің СССР кезіндегі санаторно - курорттың даму бағдарлмасының негізінде келесі келесі принципті көздеді: «курорттар еңбекшілерге арналған». Совет үкіметінің декреті, курорттардың және еңбекшілерге демалыс мекемелерін Октябрь революциясын бірінші жылдардағы даму шараларын қабылдады. Декрет “жалпы мемлекеттік мағынасы бар емдік жерлері туралы” 4 көкектен 1919 жылы В. И. Лениннің қол қоюымен, курорттарды ынталандыруға жариялаған және оларды еңбекшілердің қолына беру. “Емдік жерлер және курорттар туралы, - декретте айтылған, - бөтен СССР аумағында болғандардың және курорт өзінің жабдықтарымен, қызмет ету Республиканың меншіктерін тұрады және емдеу мақсатында қолданылады”. Декрет санаторно - курорттық іс-әрекетте мемлекетте маңызды болады, ол курорттардың санитарлық қорғауға басты болған. 1921 жылы мамырда В. И. Ленин декретке қол қойды. “Дмалыс үйлер туралы” олар жұмысшыларға және қызметкерлерге өзінің күштерін, энергияларын берілген демалыста қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Осы декретті шығарғаннан кейін, губерния бөлімдерінің профсоюздары демалыс үйін ұйымдастыруға қатысты, яғни оларды кең түрде қолдануда саябақтарды және үйлерді қолданды.
Совет эаңы бірінші күннен құрылғаннан кейін Қазақстанда мемлекеттік мағынасы бар крорттар ашылды: Борабай, Мұялды, Жаңақорған және тағы басқалардың көмегімен бірге көп профилдік санаториилер, пансионаттар, демалыс үйлер және турбазалар ашылған.
Бірақ ең бірінші табиғи емдік факторлардың мәліметі, Қазақстан аумағының XIX ғасырдың ортасында Рахман кілттері және Қапал-Арасан көздерінің геологиясы туралы хабар - баспаларында алғаш рет белгіленді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz