Жазаның мақсаттары мынадай


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Заңда жаза түрлерінің және олардың көлемі және қолданылу ретінің көрсетіп орнықтырылуының сотталғандарға жаза тағайындау және оны жекешелеу кезіндегі негізгі қағидаларды жүзеге асыру үшін аса маңызды мағынасы бар. Жазалар толық тізімінің мағынасы сот сотталушыға осы тізімде көрсетілмеген жазаны тағайындай алатындығында жатыр. Жаза жүйесі деп қылмыстық заңмен бекітілген, салыстырылмалы ауырлығы ескеріле отырып, белгілі тәртіппен орналастырылған жаза түрлерінің соттар үшін міндетті және толық тізімі айтылады. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы Қылмыстық кодексінде жаза жүйесі 39-баптың бірінші бөлігінде орнықтырылған. Жаза жүйесін белгілеудің сот әділдігі міндеттерін іске асыру үшін әдістемелік және тәжірибелік тұрғыдан айтарлықтай мәні бар.

Әдістемелік мәні - әрбір жазаның қолданылу тәртібі, нақты шегі, жағдайлары белгіленген толық тізімнің қылмысқа қарсы жазалау саясатының бірлігіне, соттың қызметінде заңдылық қағидаттарының сақталуына ықпал ететігінде. Қарастырылып отырған жүйенің тәжірибелік мәні -жаза түрлерінің бірізді орналасуында. Бұл - сотқа бұған дейін сот жұмысының тәжірибесін, қоғамдық-құқықтық сана мен ғылыми ұсыныстарды ескере отырып, сотталушыға заң негізінде ықпал ету шараларын орынды әрі мүмкіндігінше тиімді қолдануға жол ашады. Заң жүзінде бекітілген жазалар жүйесінің мәні - осы жүйеге сүйене отырып, жазаның қайсысы -ең қаталы, ал қайсысы - жұмсақтау екендігін анықтап білуге болатындығында. Ал оның жаза тағайындау үшін ғана емес, жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңілдеу жаза түрінде ауыстырған кезде де пайдасы бар. Жаза түрлерінің тұтас жүйесі де, жеке алғандағы әрқайсысы да, сотталушыға ықпал жасаушы кешендер тәсілдерінен тұрады.

Бұл - сотқа қылмысқа қарсы күрес жүргізу үшін ең ұтымды шараларды таңдап алуға мүмкіндік жасайды. Сонымен, жаза түрлерінің салыстырмалы көптігі -жасалған қылмыспен қатар, оны жасаған қылмыскердің де қоғамдық қауіптілігін ескере отырып, оның алдында тұрған мақсаттарына жету үшін әсер ететін әділ жаза тағайындауға мүмкіндік береді. Жаза бұл мемлекеттің жасалған қылмысқа деген реакциясы. Егер қоғамға қауіпті әрекет жазаға әкеліп соқпаса, онда ол қылмыс болып есептелінбейді. Қылмыстың жазалану белгісі, қылмыстың міндетті белгісі болып табылады. Жаза - соттың үкімі бойынша тағайындалатын мемлекеттің мәжбүрлеу шарасы. Ол қылмыс жасауға кінәлі деп танылған адамға қолданылады және ол адамды қылмыстық заңда көзделген құқықтары мен бостандықтарынан айыру немесе шектеу болып табылады.

Жазаның белгілері: жаза - бұл мемлекеттік мәжбүрлеудің ерекше шарасы, жаза жеке сипатта болады. Ол тек қылмыскерге ғана қолданылады және ешқандай жағдайда да басқа адамдарға жүктелмейді (мысалы, кәмелеттік жасқа толмаған қылмыскердің ата-анасына) ; жаза әрқашан қылмыс жасаған адамның құқықтары мен бостандықтарын шектеуге байланысты оған белгілі бір моральдық қасірет әкеледі және белгілі бір құндылықтардан айырады. XV-XVII ғасырларда қазақтың әдет-ғұрып заңында жазалардың мынадай түрлері болған: а) рудан қуып жіберу; ә) кінәліні жәбірленушінің туыстарына беру; б) адамның жеке басына қарсы жасалған қылмыстар мүліктік қылмыстар үшін айыппұл тағайындау; в) денеге ауыр жарақат салғаны үшін, кісі өлтіргені үшін құң тағайындау; г) өлім жазасы - жазаның бұл түрі өте сирек қолданылды; ғ) әке-шешесін сыйламаған, құрметтемеген балаларға және антты бұзғандарға тен жазасы мен масқаралау жазалары қолданылды.

Жаза дегеніміз соттың үкімі бойынша тағайындалатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы. Жаза қылмыс жасауға кінәлі деп танылған адамға қолданылады және ол адамды құқықтары мен бостандықтарынан ҚК-пен көзделген айыру немесе оларды шектеу б. т. Жаза әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, сондай-ақ сотталған адамды түзеу және сотталған адамның да, басқа адамдардың да жаңа қылмыстар жасауынан сақтандыру мақсатында қолданылады. Жаза тән азабын шектіруді немесе адамның қадір-қасиетін қорлауды мақсат етпейді. (ҚР ҚК 38-бап) . Жазаның мақсаты деп түпкілікті әлеуметтік нәтижелерді айтады, оған жазаны қолдану мен жүзеге асыру арқылы қол жеткізуге болады. Жазаның мақсаттары мынадай: а) әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру. Ол кінәлі адамға жазаны қолдану қылмыстық әрекет жасау нәтижерінде бұзылған жеке және қоғамдық мүдделерді қалпына келтіруді және қол сұғу объектісіне келтірілген зиянды өтеуді білдіреді; ә) сотталушыны түзеу. Бұл мақсат кінәлінің теріс бағдарын өзгертуге бағытталған. Егер адам басқа жаңа қылмыстаp жасамаса және қылмыстық заңның сақталуының қажеттілігін сезіне бастаса, түзеуге қол жеткізеді; б) жаңа қылмыстардың жасалуының алдын алу. Бұл мақсатты әрбір нақты қылмыс үшін қылмыстың жауапты бекітуді және жаза тағайындау мен оның орындалуын бұлтартпауды қамтамасыз ету арқылы қол жеткізіледі.

Жазамен сескендіру адамдардың санасы мен әрекетіне әсер етеді. Жаза тән азабын шектіруді немесе адамның қадір-қасиетін қорлауды мақсат етпейді. 1650 жылы Энн Грин деген азаматша өзінің жаңа туған нәрестесін өлтіргені үшін айыпталып, Англия, Оксфорд, Касл-Ярд түрмесінде дарға асылып өлітіріледі. Жіпті кескен соң, мүрдені табытқа салып Оксфорд Университетіне анатомиялық зерттеу үшін жібереді (бұл шара 1540 жылдан бастап барлық жазалаған қылмыскерлерге қатысты міндетті болған) . Анатомиялық театрда Энн Гриннің тірі екендігі анықталады, ол мойнына байланған жіпке қарамастан тірі қалған. Дәрігерлер әйелді құтқарып қалады, бірқатар көрнекті шенеуніктердің ара түсуімен сот қудалауынан босатылады. Энн Гриннің дарға асылғаннан кейін 14 сағаттан соң сөйлеуге шамасы келеді, бір тәуліктен соң сауығып кетеді және бұдан кейін 9 жылдай өмір сүріп, 3 баланы дүниеге әкеледі. Оксфорд университетінің анатомиялық театрында жүз жылдың ішінде 17 дарға асылғандардың өмірге қайта келуінің 3 оқиғасы тіркелген, барлық оқиғада олар тек әйелдер болған. Осы жоғарыдағы мәселелер қоғамдағы өзектілігін ескеріп курстық жұмыстың тақырыбын: «Қылмыстық жазаның жүйесі және оның түрлері» деп анықтадық.

Зерттеу мақсаты: Қылмыстық құқық бойынша жазаның жүйесі және оның түрлерін анықтау.

Зерттеу объектісі: қылмыстық жаза жүйесі.

Зерттеу пәні: қылмыстық жаза түрлері

Зерттеу міндеттері: жазаның жүйесі және олардың түрлері, жазаның жүйесінің ұғымы және маңызы, айыппұл, белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру, қоғамдық жұмыстарға тарту және түзеу жұмыстары, әскери қызмет бойынша шектеу, бас бостандығын шектеу және қамау, қылмыстық жаза тағайындау, жауаптылық пен жазаны жеңiлдететiн жағдайлар, аяқталмаған жəне қатысушылықпен жасалған қылмыс үшiн жаза, қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындауағайындау, үкiмдердiң жиынтығы бойынша жаза тағайындауды ашу.

  1. Жазаның жүйесі және олардың түрлері

1. 1. Жазаның жүйесінің ұғымы және маңызы

Қай мемлекет болмасын ол қылмысқа қарсы күрес жүргiзуде əртүрлi əлеуметтiк ұйымдастырушылық, экономикалық, тəрбиелiк, рухани шаралардың барлық түрiн кеңiнен қолдануға тырысады. Қылмыс пен жаза - қылмыстық құқық өзiнiң пайда болған кезiнен сүйенетiн бiр-бiрiмен тығызбайланысқан ажырамас категориялар. Қылмыстық жаза мəселесi қылмыстық құқық теориясында ерекше орын алады, өйткенi, ол қылмыстылықпен күресу шараларының жүйесiндегi ең ауыр да қажеттi шаралардың бiрi болып табылады. Қылмыстық жаза мемлекеттiк мəжбүрлеу шараларының жеке бiр түрi жəне оның өзiне тəн мынадай белгiлерi бар: Жазаның бiрiншi белгiсi - ол мемлекеттiк мəжбүрлеу шарасы. Бұл жаза тек мемлекет атынан сотпен ғана тағайындалады дегендi бiлдiредi. Жаза тек қылмыс жасағаны үшiн кiнəлi деп танылған адамға ғана тағайындалады. Жаза тек қылмыс үшiн тағайындалады.

Жаза əрқашанда қылмыс жасаған адамның құқығы мен бостандығын шектеумен байланысты, яғни объективтiк мазмұны бойынша жаза-жапа шектiру. Жаза сотталған адамға соттылық атағын тағады. Жаза жария түрде ашықтан ашық тағайындалады. Осы жоғарыда аталған жазаның негiзгi белгiлерiнен оның анықтамасын шығаруға болады. ҚР ҚК-нiң 38-бабында

«Жаза дегенiмiз - соттың үкiмi бойынша тағайындалатын мемлекеттiк мəжбүрлеу шарасы. Жаза қылмыс жасауға кiнəлi деп танылған адамға қолданылады жəне ол адамды құқықтары мен бостандықтарынан осы Кодекспен көзделген айыру немесе оларды шектеу болып табыладың - делiнген. Алайда, жазаның түсiнiгi жөнiнде қылмыстық құқық теориясында бiрқатар пiкiрлер айтылған. Мысалы, В. И. Курляндский, «Жаза-соттың үкiмiмен қылмыс жасаған адамдарға қолданылатын мемлекеттiк шараның түрiң десе, М. Д. Шаргородский бұл анықтамамен iшiнара қосыла отырып, «мемлекеттiк шаралардың бəрi де жаза емес, оған медициналық жəне тəрбиелiк сипаттағы шаралар жатпайдың - деп толықтырды. Ленинградтық криминолог ғалымдар өздерi шығарған қылмыстық құқық курсында «Советтiк қылмыстық құқықтағы жаза - мемлекеттiк шараның мөлшерi, ол сот органдарының үкiмiмен қылмыс жасаған адамдарға қолданылып, қылмыскердiң өзiне тəн материалдық игiлiктерден жұрдай етумен қоса, сол əрекетке мемлекет тарапынан қаралап баға беруң - дейдi.

Қылмыстық жаза туралы мəселенi көтергенде оның қылмыстық жауаптылықпен арақатынасына да тоқталған жөн. Жауаптылық пен жаза ұғымдарын жекелеп алып қарасақ, жауаптылық жаза ұғымынан əлдеқайда кең ауқымды, өйткенi, жаза - қылмыстық жауаптылықтың маңызды сатыларының бiрi ғана. Қылмыстық жауаптылықтың басталу уақыты болып қылмыстың жасалуы, ал аяқталу уақыты-соттылықтың жойылуы немесе өтелуi. Қылмыстық жауаптылыққа алдын-ала тергеу, анықтама, прокуратура жəне сот органдары тартып жəне босатады. Ал жазаны сот тағайындап сот босатады. Қылмыстық заңда қылмыстық жауаптылық пен жазаны бiр-бiрiнен ерекшелейтiн нормалар кездеседi. Мысалы, қылмыстық жауаптылықтан жəне қылмыстық жазадан босату негiздерi əртүрлi. Сонымен, жаза соттың айыптау үкiмiнде жүзеге асырылған қылмыстық жауаптылықтың мəнi. Соттылықтың өтелуi жəне жойылуы жазамен байланысты барлық құқықтық шектеулердi жояды. Қылмыстық кодексте жазадан басқа қылмыстық құқықтық сипаттағы мəжбүрлеу шаралары көзделген.

Олар: 1) . Тəрбиелiк сипаттағы мəжбүрлеу шаралары; 2) . Медициналық сипаттағы мəжбүрлеу шаралары. Бұл шаралардың жазадан басты ерекшелiгi олардың соттылықты болдырмауында. Екiншiсi, олардың тағайындалу адресатында, яғни тəрбиелiк сипаттағы шаралар 14-18 жас аралығындағы қылмыс жасағандарға, ал медициналық сипаттағы шаралар қылмысты есi дұрыс емес жағдайда жасаған адамдарға жəне ҚК-тiң 88-бабында көрсетiлген басқа да негiздерде тағайындалады. Медициналық сипаттағы мəжбүрлеу шаралары белгiсiз мерзiмге тағайындалады. [2, 81] Өлім жазасы қылмыстардың ең тар шеңберіне тағайындалатындығымен және сирек орындалатындығымен ерекшеленеді. Өлім жазасына кесілген әрбір адам кешірім жасауды өтінуге құқылы. Сотталушыға кешірім жасау туралы өтінішті Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссия қарайды. Бүгінде көптеген мемлекеттер өлім жазасын алып тастауда, оны қолдануға мораторий жариялауда немесе іс жүзінде мүлде қолданбай келеді. ҚК-те көзделген қылмысарды жасағаны үшін бас бостандығынан айыру алты айдан он бе жылға дейін, ол ҚК-ң 49-бабының бірінші бөлігінде аталған ерекше ауыр қылмыстар үшін жиырма жылға дейінгі мерзімге не өмір бойына белгіленеді.

Абайсызда жасалған қылмыс үшін бас бостандығынан айыру он жылдан аспауы тиіс. Қоғамдық жұмыстарға тартуды, түзеу жұмыстарын немесе бас бостандығын шектеуді бас бостандығынан айырумен ауыстырған жағдайда ол аты айға жетпейтін мерзімге тағайындалуы мүмкін. Қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза Тағайындау кезінде бас бостандығынан айыру мерзімдерін ішінара немесе толық қосқан жағдайда бас бостандығынан айырудың ең жоғары мерзімі ҚК-ң 49-бабының үшінші бөлігінде, алпыс тоғызыншы бабының бесінші бөлігінде және 75-бабының төртнші бөлігінде көзделген жағдайларда жиырма бес жылдан, ал үкімдердің жиынтығы бойынша отыз жылдан артық болмауға тиіс. Өмір бойына бас бостандығынан айыру өмірге қастандық жасалатын аса ауыр қылмыс жасағаны үшін берілетін өлім жазасына балама ретінде ғана белгіленеді және сот өлім жазасын қолдануға болады деп ұйғарған жағдайларда тағайындалуы мүмкін. Өмір бойы бас бостандығынан айыру әйелдерге, сондай-ақ он сегіз жасқа толмай қылмыс жасаған адамдарға және үкім шығарылу сәтіне алпыс бес жасқа толған еркектерге тағайындалмайды.

Бас бостандығынан айыру: а) абайсызда қылмыс жасағаны үшін бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға - колония-қоныстарға; б) қасақана кішігірім немесе ауырлығы орташа және ауыр қылмыс жасағаны үшін бас бостандығынан айыруға тұңғыш рет сотталған адамдарға және қоғамдық жұмыстарға, түзеу жұмыстарына тарту немесе бас бостандығын шектеу алты ай мерзімге бас бостандығынан айыруға ауыстырылған адамдарға - жалпы режимдегі түзеу колонияларына; в) аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін бас бастандығынан айыруға тұңғыш рет сотталған адамдарға, сондай-ақ сотталған адам бұрын бас бостандығынан айыру жазасын өтеген болса, қылмыстардың қайталануы кезінде және қылмыстардың аса қауіпті қайталануы кезінде әйелдерге - қатаң режимдегі түзеу колонияларына; г) қылмыстардың аса қауіпті қайталануы кезінде, сондай-ақ өмір бойына бас бостандығынан айыруға сотталған адамарға - ерекше режимдегі түзеу колонияларына тағайындалады. Аса ауыр қылмыс жасағаны үшін бес жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға, сондай-ақ қылмыстардың аса қауіпті қайталаны кезінде жаза мерзімінің бір бөлігін түрмеде өтеу түрінде, бірақ бес жылдан аспайтын мерзімге тағайындалуы мүмкін. Үкіммен тағайындалған түзеу мекемесінің нысанын өзгертуді ҚР-ң құқықтық-атқарушылық заңдарына сәйкес сот жүргізеді. (ҚР ҚК 48-бап) . [1]

Жазаның жүйесі мен түрлері сонымен қатар қылмыстылыққа қарсы күрес тәсілдеріне қатысты қоғамда қалыптасқан көзқарастарды да білдіреді. Тарих -жаза түрлері мен тәртібінің сан-алуан бостандығының куәсі. Адамның өмірі, денесі, бойындағы абыройы және оның мүлкі -жазалау объектісі болып келсе, - өлім, мертіктіру, күш көрсетіп қорлап-зорлау, қамау, қудалау, мүлкінен айыру, масқаралау - мұның барлығы жаза қолданудың салдары болды. Айта кетерлік жайт - жазаның әрқашанда қылмыскерді мемлекет атынан айыптаумен қоса, жүретіндігі. Қылмыстық жаза қоғамда көпшілік қолдайтын, яғни қоғамда үстем саналатын және қоғамның өмір сүруінің негізгі шарттарымен үйлесетін көзқарастарға сәйкес келіп отырды және қазіргі кезде де солай болып отыр. Қазіргі заңнамаға ескірген жазаларды кіргізу қоғам үшін тарихи анахронизм болып қабылданып, олардың еш ықпал ету күші болмас еді. Бұған керісінше, қоғамдық, саяси, адамгершілік тұрғыда қабылдауға әлі де пісіп -жетілмеген жазаларды заңға кіргізу де осындай ахуалға ұшыраған болар еді.

Жаза жүйесі -ауырлығы ескеріліп белгілі бір ретпен орналасқан, сот үшін міндетті болып табылатын мемлекеттік қылмыстыұ заңда белгіленген, бекітілген жаза түрінің түпкілікті тізімі. Қылмыстық заңның өзінде барлық соттар үшін міндетті болып табылатын жекелген жазаларды қолданудың шарты, шегі және тәртібі белгіленген. Жүйеге енетін жаза түрлерінің барлығы үш топқа бөлінеді: негізгі, қосымша және әрі негізгі әрі қосымша қолданылатын жазалар. Жзалардың неізгі және қосымша болып бөлінуінің тәжірибелік маңызы бар. Атап айтқанда, қосымша жазаларды қолдану - жазаның жекелену қағидасын іске асыру тәсілдерінің бірі. Жазаның қандай түрлерінің негізгі, ал қандай түрлерінің - қосымша екендігін дәл атап көрсету заң талаптарына толық жауап береді.

Негізгі жазалар - жазаның дербес түрі ретінде ғана тағайындала алатын түрлері, оларды басқаларына қосымша ретінде біріктіруге болмайды, және де, жазаның мақсаттарына жету негізінен, осы негізгі жазалармен байланыстырылады. ҚК - тің 39- бабына сәйкес жазаның негізгі түрлері мыналар болып табылады: 1. қоғамдық жұмыстарға тарту; 2. түзеу жұмыстары; 3. әскери қызмет бойынша шектеу; 4. бас бостандығын шектеу; 5. қамау; 6. тәртіптік әскери бөлімде ұстау; 7. бас бостандығынан айыру; 8. өлім жазасы. Қылмыс жасаған тұлғаға Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің нормаларының аясында тағайындалатын негізгі жазалардың тек біреуі ғана қолданыла алады.

Тұлға заң бойынша қолдануға болмайтын қосымша жазалардың тағайындалуына жол берілмеуі тиіс; мысалы, шартты түрде соталған тұлғаға мүлкін тәркілеу жазасы қолданылмайды. Қосымша жаза негізгі жазадан қатал болмауы тиіс, әйтпесе негізгі және қосымша жазалардың үйлесімділік қағидатының өзі іске аспай қалады. Сол сияқты, қосымша жазаның үйлесімділік қағидатының өзі іске аспайды. Сол сияқты қосымша жазаның түрі негізгі жаза түрімен бірдей болмауы керек, себебі мұндай жағдайда орын алса, қандай да бір жазаның заңда рұқсат етілгеннен көбірек мерзім мен мөлшерге асып кетуіне әкеліп соқтырар еді. Ең бастысы жазалаушы элементтері негізгі жазаның элементтерімен сәйкес келетін қосымша жазаны да тағайындауға болмайды. Егер жасалған қылмыс сараланатын заң бойынша міндетті түрде қосымша жаза тағайындалуы тиіс болса, ҚК-тің 55-бабында қарастырылған жағдайлар болса ғана, ондай жаза қолданбау мүмкіндігі орын алады.

Қосымша жазалардың қатарына жазаның екі түрі ғана жатады: арнаулы әскери немесе құрмет атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан және мемелекеттік наградаларынан айыру; мүлікті тәркілеу. Айыппұл салу және белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру жазалаудың неізгі де, қосымша да түрлері ретінде қолданылуы мүмкін. Жаза жүйесi - ауырлығы ескерiлiп белгiлi бiр ретпен орналасқан, сот үшiн мiндеттi болып табылатын қылмыстық заңда бекiтiлген жазалар түрiнiң түпкiлiктi тiзiмi. ҚР ҚК-нiң 39-бабында жазалар жүйесi орналасқан. Олар: Айыппұл салу, белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру; қоғамдық жұмыстарға тарту; түзеу жұмыстары; әскери қызмет бойынша шектеу; бас бостандығын шектеу; қамау; тəртiптiк əскери бөлiмде ұстау; бас бостандығынан айыру; арнаулы, əскери немесе құрметтi атағынан, сыныптық шенiнен, дипломатиялық дəрежесiнен, бiлiктiлiк сыныбынан жəне мемлекеттiк наградаларынан айыру; мүлкiн тəркiлеу; өлiм жазасы.

Қылмыстық кодексте жазалар жүйесi жеңiлдеу жазадан бастап қатаң жазаға қарай тiзiлген. Жүйеге кiретiн жазаның барлық түрлерi үш топқа бөлiнедi: негiзгi, қосымша жəне балама, яғни негiзгi де қосымша да болып табылатын жазалар. Негiзгi жазалар бұл жазаның дербес түрi ретiнде ғана тағайындалатын түрлерi, оларды басқаларына қосымша ретiнде бiрiктiруге болмайтын жаза түрлерi. Негiзгi жазаларға: қоғамдық жұмыстарға тарту; түзеу жұмыстары; əскери қызмет бойынша шектеу; бас бостандығын шектеу; қамау; тəртiптiк əскери бөлiмде ұстау; бас бостандығынан айыру; өлiм жазасы. Қосымша жазалар - негiзгi жазаға қатысты көмекшi сипатқа ие жаза түрлерi. Оларға: арнаулы, əскери немесе құрметтi атағынан, сыныптық шенiнен, дипломатиялық дəрежесiнен, бiлiктiлiк сыныбынан жəне мемлекеттiк наградаларынан айыру; мүлкiн тəркiлеу. Жазаның балама түрiне айыппұл салу жəне белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру жазалары да соған жатады. [1; 84]

  1. Айыппұл

Айыппұл -Қылмыстық кодексте көзделген шекте, заңмен белгiленген жəне жаза тағайындау сəтiне қолданылып жүрген айлық есептiк көрсеткiштiң белгiлi бiр мөлшерiне сəйкес келетiн мөлшерде не сотталған адамның жалақысының немесе ол қылмыс жасаған сəтiне белгiлi бiр кезең iшiндегi өзге де табысының мөлшерiнде тағайындалатын ақша өндiрiп алу. Айыппұлды есептеудiң екi тəсiлi бар: 1) . Заңмен белгiленген жəне жаза тағайындау сəтiнде қолданылып жүрген айлық есеп көрсеткіш белгiлi бiр мөлшерiне сəйкес келетiн мөлшерде; 2) . Сотталушының жалақысының немесе ол қылмыс жасаған сəтiне белгiлi бiр кезең iшiндегi өзге де табысының мөлшерiнде. Бiрiншi жағдайда айыппұлдың мөлшерi ҚР заңдарымен белгiленген а. е. к. 25-тен - 20 мыңға дейiнгi мөлшерiмен, екiншi жағдайда-сотталған адамның жалақысының немесе өзге де табысының екi аптадан бiр жылға дейiнгi кезеңдегi мөлшерiмен шектелген.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстық жазаның мақсаттары
Жауапкершілік құрамының түсінігі және маңызы
Қылмыс түсінігі, жаза
ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАЗАНЫҢ ЖҮЙЕЛЕРІ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ. ЖАЗА ТАҒАЙЫНДАУ
Бас бостандығын шектеу жазасын өтеу мекемелері
Түзеу жұмыстары
Бас бостандығын шектеудің қылмыстық жаза ретіндегі ерекшеліктері
Қылмыс жасаушылардың қылмыстық жауаптылығы мен жазасынан босатылу мәселелері
Қылмыстық құқықтағы жаза мақсаттары
Жазаның мақсаттары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz