Қаржы нарығының құрылым
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті
Бизнес және құқық факультеті
Менеджмент кафедрасы
Курстық жұмыс
Тақырыбы: ҚР-да қаржы нарығының дамуы
Орындаған: Толагаева М.Г
Тексерген: аға оқытушы, Утебалиева Д.Б
Ақтау қаласы
Мазмұны
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1. Қаржы нарығы туралы түсінік
1.1. Қазақстанның қаржы нарығы: қалыптасу кезеңдері, қазіргі жағдайы және даму мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.2. Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы заңнамасы ... ... ... ... ... ..10
1.3. ҚР.ның фискалды саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
1.4. Әлемдік қаржы нарығы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18
2. Қаржы нарығының экономикалық мәні мен ерекшелігі
2.1. Қаржы нарығының құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20
2.2. Қаржы нарығының экономикалық мәні мен функциясы ... ... ... ... ... ... .. ...24
2.3. Қаржы нарығының даму бағыттары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26
2.4. Қазақстан Республикасындағы депозит нарығының қазіргі жағдайы ... ... 27
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... 30
Кіріспе
Қаржы нарығы - ақша операцияларының арнайы саласы болып табылатын нарықтық қатынастар жүйесі; капитал несиегерлер мен қарызгерлер арасында бағалы қағаздарды шығару және сатып алу-сату нысанында қайта бөлінетін несие капиталдары нарығының бір бөлігі. Мұнда халықтың, шаруашылық жүргізуші субъектілердің, мемлекеттік құрылымдардың клиенттерге не бағалы қағаз кепілдігімең немесе несие түрінде берілетін бос ақшалай қаражаты мәміле объектісі болып табылады. Сондықтан ол бағалы қағаздар нарығы ретінде де, несие капиталының нарығы ретінде де әрекет етеді.
Қаржы нарығы жаңа бағалы қағаздар шығару ісімен айналысатын бастапқықаржы нарығы және бұрын шығарылған бағалы қағаздарды қайта сатумен айналысатын қайталама қаржы нарығы түрлеріне бөлінеді. Қайталама нарық өз кезегінде биржалық және биржадан тыс нарық түрлеріне бөлінеді. Биржалық нарықта мамандандырылған қор биржалары жетекші компаниялардың акцияларын сатып алу-сату операцияларын жүргізеді.
Әлемдік экономиканың жаһандануы жағдайында дамыған елдердің ұлттық қаржы нарығы әлемдік қаржы нарығының бір бөлігі болып табылады. Бұған қаржы нарығында сауданы ұйымдастырушылар көрсететін қызметтер ұсынысының ақпараттық технологиялар негізінде ұлтаралық сипаталуы септігін тигізуде. ұлттық несие-қаржы институттарының мүдделерін қорғау үшін мемлекет қаржы нарығына қатысу- шылардың қызметін арнаулы мекемелер арқылы реттеп отырады. Мысалы, Қазақстанда мұндай міндетті Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі орындайды.
Қаржы нарығы туралы түсінік
1.1. Қазақстанның қаржы нарығы: қалыптасу кезеңдері, қазіргі жағдайы және даму мәселелері
Қазақстан Республикасының қатаң түрде орталықтандырылған жоспарлы экономикадан қағидалы жаңа, мемлекет тарапынан реттелініп отыратын нарықтық экономикаға көшуі елімізде оған қызмет көрсететін барлық институттармен бірге қаржы рыногінің құрылуын талап етті. Қазақстанда қаржы нарығы бұрын соңды болған емес.Қаржы рыногы - бұл, ең алдымен дербес экономикалық категория ретінде бағалы қағаздарды сату мен қайта сату жөніндегі операцияларды жүзеге асыру жолымен кәсіпорындардың, фирмалардың, банктердің, жинақтаушы зейнетақы қорларының, сақтық институттарының, мемлекеттің және халықтың бос ақшасын жұмылдыруды, бөлуді және қайта бөлуді қамтамасыз ететін нарықтық қатынастардың жиынтығы. Ол нарықтық қатынастар жүйесінің құрамды бөлігі болып табылады және тауар, ақша, несие, сақтық, валюта және басқа рыноктармен (капитал, жұмыс күші, тұрғын үй, жер, алтын және т.б. рыноктармен) етене байланысты .
Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайындағы қаржы нарығы қаржы ресурстарын үздіксіз қалыптастырып отырудың, оларды неғұрлым тиімді пайдаланудың, ұлттық шаруашылықта ақша қозғалысына ұтымды ұйымдастырудың айрықша нысаны болып табылады және бағалы қағаздар нарығы, сондай-ақ несие нарығы түрінде де іс-әрекет етеді. Қаржы нарығы экономиканың түрлі шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында ақшаны қайта бөлуді барлық әр түрлі нысанда реттейтін нарықтық қатынастардың бүкіл жиынтығын біріктіретін неғұрлым жалпы ұғым болып табылады.
Экономикалық әдебиеттерде және шаруашылық практикада қаржы нарығы ұғым ақша, валюта, кредит, капитал нарықтарын қоса отырып кеңінен түсіндіріледі. Бұл қаржыны жалпы ақша мен құн категорияларына бара бар категория ретінде қарастыратын практикамен, негізінен дүниежүзілік практикамен байланысты, өйткені экономикалық ресурстардың кез келген түрі меншіктің титулдары болып табылатын ақшамен немесе тиісті бағалы қағаздармен, басқа құжаттармен ортақтастыру мүмкін.
Қаржы нарығының құрылым:
* Ақша нарығы дегеніміз қолма-қол ақша ғана емес, қолма-қолсыз төлем қаражаттарын да қосатын төлем қаражаттарының нарығы.
* Несие нарығы несие бойынша банктердің кредит операцияларымен байланысты.
* Капитал нарығы қоғамдық өндіріс қатысушыларының орташа және ұзақ мерзімді қорланымдарының қозғалысы жүзеге асырылады.
Қаржы нарығында сатып алу сатудың объектісі айрықшалықты тауарлар - ақша және бағалы қағаздар болып табылады. Сондықтан онда бағалы қағаздардың қозғалысымен ортақтастыратын экономикалық қатынастар болып табылатын бағалы қағаздар нарығы маңызды орын алады. Қор құндылықтарының - бағалы қағаздар мен туында бағалы қағаздар айналысымен байланысты болғандықтан оны қор нарығы деп те атайды. "Қор нарығы" термині бастапқыда бағалы қағаздармен мәміле жасалынатын және ресімделінетін мекеменің - қор биржасының атымен байланысты.
Функционалдық тұрғыдан қаржы нарығы - бұл шарушылық жүргізуші субъектілердің, банктердің, мемлекеттің уақытша бос ақша қаражаттарын шоғырландыруды және қайта бөлуді қамтамасыз ететін нарықтық қатынастардың жүйесі. Бұл нарықтың жұмыс істеуі көптеген экономикалық, әсіресе инвестициялық процесстерді тәртіпке келтіріп, олардың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Бұған осы нарықтың қор құралдарының, ең алдыменен бағалы қағаздардың сан алуандығымен қол жетеді.
Нарықтың барлық тұрпаттарының өзара байланысы қаржы нарығының жұмыс істеу шарттарын айшықайды. Оған мыналар жатады:
1. Реттелінген тауар нарығының болуы, яғни кез келген түрлердегі және арналымдағы тауарлар мен қызмет көрсетулер бойынша сұраным мен ұсынымның теңгерімдігі;
2. Ұлттық банк тарапынан қша айналысын қалыпты реттеп отыру: бұған қолма-қол және қолма-қолсыз айналым бойынша эмиссияға бақылау жатады;
3. Несие нарығының жандандырылуы, оның толық коммерциялануы, яғни кредит ресурстарын еркін нарыққа орналастыру; несие русурстарының қозғалысы Орталық банктің пайыздық есептік мөлшерлемесін, коммерцилық банктердің міндетті резервтерінің нормасын, ашық ақша нарығында операциялар жүргізуді белгілеу арқылы реттелінеді.
Кез келген субъектінің қаржы ресурстарына қажеттілігі және оны қанағаттандырудың нақты көздерімен тура келмеуі қаржы нарығының жұмыс істеуінің объективті алғышарты болып табылады.
Қаржы нарығының жұмыс істеуінің негізгі алғышарттарына мыналар жатады:
1. Бәсекені дамыту мен монополизмді шектеу мақсатындағы материалдық өндіріс сферасының бастапқы шаруашылық бундарының - меншіктің барлық нысандары кәсіпорындардың, соның ішінде мемлекеттік сектордың да кең дербестігі;
2. Қаржы ресурстарын қайта бөлудегі мемлекет рөлінің қысқаруы: өндірістік күрделі жұмсалымдарды орталықтан қаржыландырудың, қаражаттарды кәсіпорындар арасында ішкі ведомствволық қайта бөлудің азаюы;
3. Шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халықтың бағалы қағаздарға және басқа активтерге инвестицияланатын ақшалай табыстарының өсуі;
4. Бюджет тапшылықтарын қаржыландыру үшін несие қорын пайдалануды тоқтату; республикалық, сондай-ақ жергілікті бюджеттердің тапшылықтары мемлекеттік қарыздарды шығару арқылы жабылуы тиіс.
Қаржы нарығының мыңызы бос ақша қаражаттарын алу және оларды қайта бөлу есебінен ұдайы өндіріс процесіне ықпал етумен ғана айқындалып қоймайды. Оның жұмыс істеуі әкімшіл-әміршіл экономикаға тән "сатылас" әдістің орына "деңгейлес" қозғалысы бойынша ресурстарды қайта бөлуге мүмкіндік береді. Деңгейлес қозғалыс кезінде шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында қаржы ресурстарын өтеусіз қайта бөлу түрінде төте байланыстар іс-әрекет етеді. Бұл қаражаттарды маңызды сфералар мен объектілерге жедел аудару есебінен кәсіпорындардың, салалардың және жалпы экономиканың қаржылық жағдайын тұрақтандырады.
Қаржы нарығы бағалы қағаздардың бағасын белгілеу жолымен бизнестің нақтылы құнын бағалауға мүмкіндік береді: тиімді жұмыс істейтін шаруашылық жүргізуші субъектілерде олардың неғұрлым жоғары бағасы белгіленеді.
Қаржы нарығының болуы инфляцияны тежейді, өйткені бюджет тапшылығын жабу үшін үкімет ақша эмиссиясын пайдаланбайды, нарықта еркін жүретін, бағасы сұраным мен ұсыным арқылы анықталатын құнды қағаздар шығарады.
Экономикалық реформа процесінде қаржы рыногының қалыптасып, жұмыс істеуі экономиканың дағдарысын тудыратын және оның инфляциясымен қосарланатын қарама-қайшылықтарға және қиыншылықтарға кезігеді.
Инфляция бағалы қағаздарға айтарлықтай шектеу жасайды - олар қысқа мерзімді немесе құны жоғалмай жеңіл өтетіндей болуы тиіс. Бағаның үнемі өсіп отырған жағдайында инвесторлар қаражаттарды өтімі аз бағалы қағаздарға ұзақ мерзімге салуға бармайды. Инфляция кезінде ұзақ мерзімді инвестициялар үшін жылжымайтын дүние мүлікке, тауарларға, еркін айырбастылымды бағалы қағаздарға жұмсау неғұрлым тартымды болып табылады.
Қаржы нарығының дамуы халықтың көпшілік бөлігінің тұрмыс деңгейінің төмендігінен тежеліп отыр, мұның өзі жеке инвесторлардың санын азайтады. Кәсіпорындардың төлеуге созылмалы қабілетсіздігі жағдайында олардың қаражатарды бағалы қағаздарға салуы екі талай. Ақша қаражаттарының тапшылығы қысқа мерзімді несиелер мен депозиттер бойынша пайыздық мөлшерлемелердің өсуіне жеткізеді, мұның нәтижесінде бағалы қағаздардың табыстылығы банктердің ақша-несие операциялары жөніндегі мұндай табыстылықпен бәсекелесе алмайды.
Қаржы нарығының жұмыс істеуінің маңызды факторы сонымен қатар саяси тұрақтылық болып табылады, ал бағалы қағаздардың айналысы бірқатар елдердің экономикалық кеңістігін қамтуы мүмкін. ТМД елдерінің саяси болмыстары не ол, не бұл кәсіпорынның рентабельділігіне қатысы ұзақ мерзімді болжамның мүмкіндігін жоққа шығарады және солай болған соң бағалы қағаздарды сатып алу ықыласын шектейді.
Қаржы нарығының жандануы корпоративтік бағалы қағаздарды - экономиканың нақты секторы кәсіпорындарының акциялары мен облигацияларын шығару және олардың айналысын жандандыру кезінде мүмкін. Қазақстанда соңғы уақытқа дейін қаржы нарығының бұл сегменті жақсы дамымады, бұл жалпыэкономикалық әлуетті тежейді.
Қаржы нарығынын реттелуі. Мемлекеттік реттеу үрдісі объективті және субъективті факторлардың, экономиканың қызмет етуінің шарттарының көп түрлілігімен сипатталады.
Сондықтан осы негіздемелер бойынша мемлекеттік реттеуді; типтерге, түрлерге, нысандар мен әдістерге жіктеуді шектемеу өте маңызды.
Типтері мыналарды қарастырады: экономикалық (олардың қаржылық, бағалық, несиелік, валюталық, еңбекақы бөліктерімен) және әкімшілік.
Қаржылық реттеу түрлері мыналарды қамтиды: салықтық,бюджеттік, мемле−кеттік-несиелік, кедендік-тарифтік, валюта-қаржылық, ішкі шаруашылық (ішкі фирмалық, корпорация, ұйым, кәсіпорын шегінде) ретеу. Реттеу нысандары қаржылық субкатегориясының сәйкес түрі үшін тән, сондай−ақ барлығына жалпылама аталған түрлерде өтетін үрдістерді білдіреді:
мысалы,бюджеттік түрдегі нысандар болып табылатындар қаржыландыру (субвенция, субсидия,трансферттер),сыртқы инвестициялау, сыртқы заемдер, сыртқы борыш. Жіктеудің аса көптеген элементтері болып реттеу әдістері
табылады.
Валюта-қаржылық реттеудегі негізгі әдістер:
* валюталық бағам;
* ақша капиталына пайыздық мөлшерлеме;
* құнды қағаздар мен халықаралық төлем құжаттарының бағамдары;
* валюталық тәуекелдерден сақтандырудың түрлі әдістері.
Нарық жағдайында аса үлкен назар реттеудің жанама әдістеріне бөлінеді.
Мемлекет шаруашылық процесінің барлық қатысушылары үшін жалпы
шарттар мен ережелерді бекітеді.
Макроэкономикалық тепе−теңдік мынадай маңызды экономикалық параметрлерді қарастырады:
* сұраныс және ұсыныс;
* тауарлы және ақша массасын;
* жинақтар мен инвестицияларды;
* инфляция мен жұмыссыздықты;
* еңбек өнімділігі мен оның төлемін;
* қоғамның әлеуметтік-экономикалық қажеттілігін және қаржылық ресурстарын;
* мемлекеттік бюджеттің табыстары мен шығындарын;
* бюджеттік тапшылық көлемін, оны өтеу көздерін;
* төлем балансының активтері мен пассивтерін.
Кейнстік модельдерде жалпы шығындарды қамтамасыз ететін өндіріс көлемімен өнімнің берілген көлемін сатып алу үшін жететін шығындар арасындағы тепе−теңдік түсіндіріледі.
Мультипликатор құбылысы дискрециялық,фискалды саясатты жүргізу кезіндеқолданылады. Салықтар табыстардың қысқаруын туындатады, бұл жинақтау
мен тұтынудың көлемін төмендетуге әкеледі. Өндіріс көлеміне мұндай әсерді(салықтармен қатар) жинақтар мен импорт тигізеді.Олардың барлығы
табыстаршығындар жүйесінен ағымды ұсынады. Тұтыну шығындарындағы
айырмашылықтарды құра отырып азаяды,бұл инвестициямен, экспортпен
және мемлекеттік сатып алулармен толтырылуы мүмкін.Осылай,кейнстік
модель экономиканы реттеудің негізгі факторлары ретінде тауарлар мен қызметтерге сұранысты айқындайды:мемлекет жиынтық сұранысқа жағдай жасауғаәрекет етеді, ресурстардың қамтылу деңгейінің жоғарылауына әсер етеді,
мемлекеттік сатып алулардың көлемін кеңейтеді, несие құнын ретейді.
Кейнстік шаралар салықтардың төмендеуін,шығындардың жоғарылауын,
инвестицияларға жағдай жасауды қарастырады.
Кейнстік теорияға қарағанда монетаризм экономиканы реттеудің негізгі құралы ретінде ақша айналымы процессі танылады. Бұл кезде нарықтық макроэкономикалық тұрақтылықтың жоғарғы деңгейін қамтамасыз ететіндігі қарастырылған. Экономиканың қызмет етуіне мемлекеттік араласуды азайту бойынша курс жүргізіледі. Ақшалар экономикалық процестердің жанама реттелуінің шешуші факторы ретінде қарастырылады.
Монетаристердің тұрақтаушы бағдарламалары мынларды қамтиды:
* бюджеттік тапшылықтың қысқаруы (салықтарды көбейту, мемлекеттік сектордың қызметтеріне бағалардың жоғарылауы);
* тұтыну сұранысын қысқартуға бағытталған еңбекақының өсімін шектеу;
* банктік пайыз мөлшерлемелерінің көбеюі, Орталық банкте мемлекеттік заемдерға және ақша эмиссиясына шектеулерді енгізу;
* экспортты-импортты операцияларға және бағаларға бақылаудың әлсіздеуі.
ХХ ғасырдың аяғында тұрақты даму жаңа теориясы қалыптасқан, бұған
жаһанды экономикалық және қаржылық процестер жұмылдырылған.
Тұрақты даму теориясында төменгі шаруашылық субъектісінен ұлттық
экономикаға дейінгі - тұрақты әрекет ететін себептер анықталған.
Берілген теория келесі қағидаларға негізделеді:
1. эволюциялық қағида, кез келген масштабтағы күрделі экономикалық жүйелердің өздігінен дамуының мәнін сипаттайды;
2. экономикалық қызығушылықтарды үйлестіру қағидасы өзара әрекет ететін тараптардың қызығушылықтарының балансынсақтауды қарастырады;
3. диверсификация қағидасы, бұл эволюция қағидасының логикалық дамуы мен нақтылануы ретінде болады;
4. өзінің дамуы бойынша экономикалық жүйедегі иерархиялық диференциация қағидасы.
1.2. Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы заңнамасы
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар.
1) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 24.11.2015 № 422-V Заңымен (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
1) қаржылық қызмет көрсетудi тұтынушы - қаржылық ұйымның қызмет көрсетуiн пайдаланушы, сондай-ақ өз қаражаттарын қаржы құралдарына инвестициялайтын жеке немесе заңды тұлға;
2) қаржы рыногындағы кәсiби қызмет - қаржылық қызмет көрсету жөнiндегi кәсiпкерлiк қызмет;
3) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкiлеттi орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
4) қаржылық ұйым - қаржылық көрсетілетін қызметтерді ұсыну жөніндегі кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;
5) қаржы рыногы - қаржылық қызмет көрсету мен тұтынуға, сондай-ақ қаржы құралдарының шығарылуына және айналысына байланысты қатынастардың жиынтығы;
6) қаржылық көрсетілетін қызметтер - сақтандыру нарығына, бағалы қағаздар нарығына, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына қатысушылардың қызметі, банк қызметі, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес алынған лицензиялар негізінде жүзеге асырылатын банк операцияларының жекелеген түрлерін жүргізу жөніндегі ұйымдардың қызметі, сондай-ақ:
бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының;
орталық депозитарийдің;
мемлекетке, тізбесін мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган бекітетін квазимемлекеттік сектор субъектілеріне тиесілі немесе өздеріне қатысты мемлекеттің, көрсетілген квазимемлекеттік сектор субъектілерінің мүліктік құқықтары бар бағалы қағаздарды номиналды ұстау функцияларын жүзеге асыру бөлігінде мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператордың;
өзара сақтандыру қоғамдарының лицензиялауға жатпайтын қызметі;
РҚАО-ның ескертпесі!
7) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 24.11.2015 № 422-V Заңымен (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
7) қаржы өнімі - бұл қаржы нарығында кәсіби қызметті жүзеге асыру шеңберінде қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға ұсыну үшін қаржы ұйымы әзірлеген көрсетілетін қызмет.
2-бап. Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше қағидалар белгiленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
3. Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы заңнамасында реттелген құқықтық қатынастарға уәкілетті органның қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге байланысты көрсетілетін қызметтерді сатып алуы бөлігінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының күші қолданылмайды.
Ескерту. 2-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
3-бап. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеудің, бақылаудың және қадағалаудың мақсаттары, қағидаттары мен мiндеттерi
Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеудің, бақылаудың және қадағалаудың мақсаттары:
1) қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдардың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу және тұтастай алғанда қаржы жүйесiне деген сенiмдi қолдау;
2) алып тасталды - ҚР 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
РҚАО-ның ескертпесі!
3) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 24.11.2015 № 422-V Заңымен (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
3) қаржы рыногында адал бәсекенi қолдауға бағытталған қаржылық ұйымдардың қызметi үшiн тең құқықтық жағдайлар жасау болып табылады.
2. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеудің, бақылаудың және қадағалаудың қағидаттары:
1) реттеудің ресурстары мен құралдарын тиімді пайдалану;
РҚАО-ның ескертпесі!
2) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 24.11.2015 № 422-V Заңымен (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
2) қаржы ұйымдары қызметінің және қаржылық қадағалаудың ашықтығы;

3) қаржы ұйымдарының жауапкершілігі болып табылады.
3. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеудің, бақылаудың және қадағалаудың міндеттері:

1) қаржылық ұйымдар қызметiнiң стандарттарын белгiлеу, қаржылық ұйымдарды корпоративтiк басқаруды жақсарту үшiн ынталандыру жағдайларын жасау;

2) қаржы жүйесiндегi тұрақтылықты сақтау мақсатында қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдардың мониторингi;
3) қаржылық тұрақтылықты қолдау мақсатында қаржы рыногының қауiпке неғұрлым бейiм салаларында қадағалау ресурстарын шоғырландыру;
РҚАО-ның ескертпесі!
4) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 24.11.2015 № 422-V Заңымен (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
4) қаржылық қызметтерді тұтынушылардың мүдделерін қорғаудың тиісті деңгейін, тұтынушылар үшін қаржы ұйымдарының қызметі және олар көрсететін қаржылық қызметтер туралы ақпараттың толықтығын және қолжетімділігін, сондай-ақ халықтың қаржылық сауаттылығы мен қаржылық қолжетімділік деңгейін арттыруды қамтамасыз ету болып табылады.
Ескерту. 3-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
1.3. ҚР.ның фискалды саясаты
Қаржылық реттеудің басты мазмұны фискалдық саясатты - бюджеттік (мемлекеттің шығыстары) және салықтық саясатты жүргізуді қамтамасыз етуде затталады. Тікелей қаржылық реттеудің үдерісін жүргізе отырып, ұлттық табыстарға кәсіпорындардың, өңірлердің үлесін көбейту немесе азайту арқылы мемлекет олардың дамуын көтермелеп немесе шектеп отырады. Бюджеттік қаражаттарға аса зерек өндірістік емес сфераның жай-күйі де осындай тәртіппен реттеледі.
Мультипликаторлардың іс-әрекеттерінің жоғарыда баяндалған мүмкіндіктерін ескере отырып, экономикалық циклдың сипатына қарай дискредициялық фискалдық саясаттың нұсқалары тұжырымдалады. Құлдырау кезінде мыналарды қарастыратын ынталандырушы фискалдық саясат жүргізіледі:
* 1) мемлекет шығыстарының көбеюі;
* 2) салықтардың төмендеуі;
* 3) мемлекеттің шығыстары артуының үлкен нәтижесін ескере отырып фискалдық саясаттың бұл бағыттарының үйлесуі.
Артық сұраныммен және инфляциямен шарттасылған тежеушілік фискалдық саясат кері бағыттарды қамтиды:
* 1) мемлекет шығыстарының азаюы;
* 2) салықтардың көбеюі;
* 3) бұл бағыттардың үйлесуі.
Тежеушілік фискалдық саясат бюджет артығына жетуге бағдарлануы тиіс.
Дискредициялық емес фискалдық саясат акцентті рыноктық өзін-өзі реттеуге қоя отырып, мемлекеттің қаржы үдерістеріне аз араласуын ұйғарады.
Дискредициялық емес фискалдық саясат автоматты, ягны кіріктерме тұрақтандырғыштардың (кіріктірме тұрақтылық) механизмі негізінде іс- әрекет етеді. Бұл жағдайда экономикалық циклдің әр түрлі фазаларында салықтық алынымдардың сомасы ұлттық өнімнің мөлшеріне тепе-тең түрінде түрленеді: өрлеу кезінде сұранымды шектей отырып, салық түсімдері өседі және автоматты түрде экономикалық өсуді тежейді; құлдырау кезінде, керісінше, ұлттық өндірістің азаюын жеңілдете отырып, салықтық түсімдер төмендейді.Автоматты тұрақтандырғыштардың іс-әрекетінің маңызды ерекшелігі бюджет тапшылықтары мен артығын реттеу болып табылады: бюджет тапшылығы өрлеу фазасында қысқарады, одан кейін жоғалады және бюджет артығы пайда болады, бұл инфляцияны тежеуге жәрдемдеседі, өйткені ұлттық өнімнің жоғары деңгейі инфляциямен жалғасады; құлдырау фазасында құлдырауды жоюға ынталандыратын бюджет тапшылығы біртіндеп өсе бастайды.
Практикада тепе-теңдік моделдерде қаралған тәуелділіктер қосымша факторлардың әсерін бастан кешіреді:
* 1) фискалдық саясаттың қабылданатын шараларының уақыттылығы (уақыттың кешеуілдеуі);
* 2) ығыстыру әсерінің іс-әрекеті, бұл ақша рыногында пайыздық мөлшерлемелердің өсуімен байланысты үкімет шығыстарының көбеюі кезінде жекеше инвестициялар элементтерінің қысқаруында көрінеді;
* 3) сұранымды ынталандыру жиынтық ұсынымға әсер етеді, бұл бағалардың инфляциялық көбеюіне әсерін тигізеді және жиынтық шығыстардың көбею әсерін төмендетеді;
* 4) ашық экономикада ұлттық өндіріс жиынтық шығыстардың элементі ретінде таза экспорттың мөлшерін өзгертетін валюта бағамдары өзгерістерінің ықпалын бастан кешіреді.
Сондықтан ынталандырушы фискалдық саясаттың шаралары жоғарыда айтылған факторлардың іс-әрекетінен әлсіреуі мүмкін. Сөйтіп, кейнсшілдік тауарлар мен қызметтер көрсетуге болатын сұранымды экономмканы реттеудің негіз қалаушы факторы ретінде бөліп керсетеді: мемлекет жиынтық сұранымды ынталандыруға мүмкіндік туғызады, ресурстардың қамтылу деңгейінің артуына ықпал етеді, мемлекеттік сатып алудың көлемін кеңейтеді, кредиттің құнын реттейді. Кейнстік шаралар салықтарды төмендетуді, шығыстарды көбейтуді, инвестицияларды ынталандыруды (пайыздық мөлшерлемелерді төмендетудің көмегімен) ұйғарады.
Қаржылық-экономикалық реттеуде фискалдық және монетарлық саясаттардың өзара әрекеттерін қарастыру қажет.
Монетарлық саясат өзге құрамдас бөліктерден басқа ұлттық валюта бағамына - төмен (арзан ақшапар) және жоғары (қымбат ақшалар) - ықпал жасау бойынша шаралар жүргізуді кіріктіреді.
Өндірістің құлдырауы, жұмыссыздық және өндірістік қуаттарды жеткіліксіз пайдалану кезінде монетарлық өкіметтерге арзан ақшалар саясатына жүгінуі керек. Арзан ақшалар саясаты кредитті арзан және жеңіл қолжетерлік етеді. Ақшалай ұсынымды көбейту үшін орталық банк белгілі бір құрамдастырымда мынадай іс-әрекеттерге кіріседі:
* 1) ашық рынокта банктер мен халықтан мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алу;
* 2) резервтік норманы төмендету;
* 3) қайта қаржыландыру мөлшерлемесін (есептік мөлшерлемені) төмендету.
Нәтижесінде коммерциялық банктер жүйесінің артық резервтері көбейеді. Егер солай болса артық резервтер кредиттеу арқылы коммерциялық банктердің ақшалай ұсынымын көбейтудің негізі болып табылады, елде ақшалай ұсынымның артуын күтуге болады. Ақшалай ұсынымның көбеюі инвестициялардың өсуін және тепе-теңді ТҰӨ-нің көбеюін тудыра отырып, пайыздық мөлшерлемені төмендетеді. ТҰӨ өсетін шама инвестициялар өсімінің жеке дәрежесіне және табыстар мультифликаторының мөлшеріне байланысты болады.
Керісінше, егер ақшалай ұсынымның көбеюі сұраным инфляциясын тудырса, орталық банк қымбат ақшалар саясатына иек артады. Қымбат ақшалар саясаты кредитке қолжетерлікті азайтады және оның шығындарын көбейтеді. Орталық банк бірқатар құрамдастырымда мынадай іс- әрекетке кіріседі:
* 1) ашық рынокта депозит мекемелері мен халыққа мемлекеттік бағалы қағаздарды сату;
* 2) алдын ала жазып қойылатын резервтік норманы көбейту немесе
* 3) қайта қаржыландыру мөлшерлемесін (есептік мөлшерлемені) көбейту.
Мұның салдарынан пайыздық мөлшерлеменің артуын тудыра отырып, ақшалай ұсыным қысқарады. Пайыздық мөлшерлеменің өсуі жиынтық шығыстарды азайта отырып және сұраным инфляциясын шектей отырып, инвестицияларды қысқартады.
Ашық экономика жағдайларында бұл себептік-салдарлық байланыстар мынадай түсіндірме алады.
Құлдырауды әлсіретуге бағытталған арзан ақшалар саясаты ел ішінде пайыздық мөлшерлемені азайтады. Бұл елге қаржылық капиталдың ағынын азайтады. Демек, шетелдік вапюта рыноктарында оның құнсыздануын тудыра отырып: шетелдік валютаны сатып алу үшін ұлттық валюта көбірек қажет болады, ұлттық валютага сұраным түседі. Бұл ел азаматтары үшін шетел тауарларының қымбат бола бастағанын және керісінше, шетелдіктер үшін отандық тауарлардың арзан бола бастағанын білдіреді.
Нәтижесінде импорт қысқарады, ап экспорт ұлғаяды, немесе таза экспорт жиынтық шығыстар мен тепе-тенді ТҰӨ көбейеді.
Пайыз мөлшерлемесі өсетіндіктен (мемлекеттік бюджеттің тапшылығы өседі және салықтар қысқарады; мемлекеттік бюджет қарыздар есебінен қаржыландырылады; үкімет тарапынан қаржылық ресурстарға сұраным пайыздық мөлшерлемені көбейтуді тудырады), таза экспортты төмендететін ынталандырушы фискалдық саясаттан айырмашылығы - тәсім кері бағытта - мөлшерлемелерден бастай отырып, іс-әрекет етеді.
Арзан ақшалар саясаты экспорттың көбеюі есебінен сауда балансын жақсартады (тапшылықты төмендетеді). Қымбат ақшалардың кері нәтижесі болады: импорт көбейеді, экспорт қысқарады, сауда тапшылығы өседі. Сондықтан баламалы таңдау туындайды: ел ішінде экономикалық тұрақтылыққа жету үшін монетарлық саясатты пайдалану немесе халықаралық саудадағы тепе-тендіктер.
Теорияда тіркелген айырбас бағамы сатып алу немесе өзінің резервтерін сату арқылы, сөйтіп ұлттық валютаның бірдеме тіркелген багамын белгілей отырып, банк валюталар паритетіне (тепе-тендігіне) араласқанда орталық банктің саясаты ретінде анықталады. Тиісінше, жүзбелі айырбас бағамы кезінде орталық банк бұл үдерістерге араласпайды. Әрине, таза түрінде бұл екі жай-күй жиі байқалынбайды,бірақ жалпы оның көп не аз дәрежесінде орталық банктің валюталық басқыншылықтар жасауына қарай ел тіркелген немесе икемді айырбас бағамын ұстайды деп саналады.
Микроэкономикалық моделдеу мақсаттары үшін ұлттық валютаның тіркелген немесе жүзбелі айырбас бағамына кай экономикалық саясат - монетарлық немесе тіркелген саясат нәтижелі (немесе нәтижесіз) екендігі туралы түсінік беретін Манделла-Флеминг моделі қолданылуы мүмкін. Моделді қолдану шарттары мыналар болып табылады:
* экономиканың ашықтығы;
* капиталдың жұмылғыштығы, яғни пайыздың төмен мөлшерлемелері бар экономикалардан анағұрлым пайдалысына кете отырып, елден елге кедергісіз ағыла алады;
* экономика шағын болуы тиіс, яғни елдің жалпы әлемдік экономикалық параметрлерге әсер ететін мүмкіндігі болмауы тиіс.
Тіркелген айырбас бағамы кезінде монетарлық саясат абсолютті тиімсіз бола бастайды, ал фискалдық саясат, керісінше, экономикалық көрсеткіштерге тиімді әсер етуі мүмкін деген қағида Манделла-Флеминг моделінің басты түйіні болып табылады. Жүзбелі айырбас бағамы кезінде көрініс керісінше өзгереді: монетарлық саясат өте тиімді бола бастайды, ал фискалдық саясат олай болмайды. Басқа сөзбен, тіркелген бағам кезінде ақшалай ұсынымның параметрлерін қалай болса солай өзгертуге болады, бірақ өндіріс пен сұранымға бұл әсер етпейді. Басқа жағынан, фискалдық саясаттағы өзгерістер (мысалы, мемлекет шығыстарының өсуі немесе салықтардың төмендеуі) өндіріс көлеміне, табыстарға (бұл жағдайда, көбейту) және басқа ілеспе көрсеткіштерге дәл тікелей әсер етеді.
Мемлекет шығыстарының өсуін қысқарту және тіпті абсолюттік тұлғаланымдағы шығыстарды ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz