Қылмыстың заттары - тауарлармен басқадай заттар


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Ш. ЕСЕНОВ атындағы каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті

«Бизнес және құқық» факультеті

«Құқықтану» кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Пәні: Қазақстан Республикасының Қылмыстық құқық (ерекше бөлімі)

Тақырыбы: Айналыстан алынған немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы үшін жауаптылық

Орындаған: ЮП 18-3 студенті

Жарылғасов Болат

Аға оқытушы: Алибеков С. К

Ақтау 2020

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1 КОНТРАБАНДАНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ СИПАТАМАСЫ . . . 4

1. 1 Айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасының түсінігі . . . 4

1. 2 Контрабанданың түрлері . . . 6

2 КОНТРАБАНДА ҚҰРАМЫ . . . 8

2. 1 Контрабанда мен байланысты қылмыстардың объектісі мен субъектісі . . . 8

2. 2 Контрабандамен байланысты қылмыстың объективтік жағы мен субьективтік жағы . . . 17
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 25

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 27

КІРІСПЕ

Қазіргі қоғам тарихында, әлеуметтік, экономикалық саясатында саяси контрабанда қаупі маңызды болып отыр. ҚР-ның мемлекеттік шекарасында қалыптасуы, кедендік тәртіп пен бағалы заттарды тағы да басқа шекарадан өтуіне әсер етті. Контрабанда басқа қоғамдық құбылыс болып табылады. Мемлекетер шекарасының кеңдігі. Мемлекеттің сыртқы саудасы, Ішкі нарықтың тұрақсыздығы болады. Кінәлі адам ұсталса, ҚР қылмыстық кодексінің 205-бабына сәйкес мемлекетке ерекше үлкен мөлшерде залал келсе, қосымша саралануы туралы белгілердімен жауапқа тартылады. Контрабанда республикадағы көмекші экономикалық негіз болып табылады және криминалды кіріс көзі болып табылады және бұған елдің белгілі бір бөлігі болады. Контрабандамен күресу жедел іздестіру және профилактикалық жұмыстар жүргізіліпте жатыр. Контрабандаға қарсы құқық қорғау органдарының жұмысын күшейту.

Қылмыстық кодексі контрабандалық әрекеттерді 2 дербес қылмыс құрамы ретінде белді. Бұлайша бөлуге негізгі себеп қылмыс затына байланысты олардың объектісінің, зардап келтіретін құндылығының оқшаулығы. Айталық экономикалық контрабанда жасау барысында қылмыс заттарын пайдалануға, иеленуге т. б. заңды әрекеттер жасауға тым салынбаса да, кеден бақылауынан жеткілікті деңгейдегі механизмдері арқылы өтпегендіктен мемлекеттік баж төленбей қалады, сол себепті мемлекеттік бюджет қоры толықпайды, демек экономикалық қызмет саласындағы қоғамдық қатнастар зардап шегеді. Егер де контрабандалық әрекеттер арқылы азаматтық айналыстан алынған немесе айналысы шектелген заттар шекарадан өтетін болса, онда зардап шегетін мемлекеттік экономикалық мүддесі емес, қоғамдық қауіпсіздік.

Курстық жұмысының объектісі: экономикалық қызмет саласындағы және қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстар. Курстық жұмысының затын экономикалық қызмет саласындағы Қылмыстардың ішіндегі экономикалық контрабанда және қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың ішінде айналыстан алынған немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы құрайды.

Курстық жұмысының мақсаты: контрабандалық әрекеттің қылмыстық құқықтық түсінік беру. Жұмыстың мақсатты жүзеге асыру барысында жұмыс мынандай міндеттер қоядым: контрабанданың түсінігін беру, қоғамдық қауіптілігін айқындау; контрабанданың түрлеріне жеке тоқталу; экономикалық контрабанда кылмысының құрамын сипаттау; айналыстан алынған не айналысы шектелген контрабанда қылмысынына қылмыстық-құқықтық сипаттама беру;

Курстық жұмыстың пәні Қылмыстық құқық

Жұмыстың құрылымы, кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 КОНТРАБАНДАНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ СИПАТАМАСЫ

1. 1 Айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасының түсінігі

1. Есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді, прекурсорларды, күштi әсер ететiн, улы, уландырғыш, радиоактивтi заттарды, радиоактивті қалдықтарды немесе ядролық материалдарды, жарылғыш заттарды, қару-жарақты, әскери техниканы, жарғыш құрылғыларды, атыс қаруын, оқ-дәрiлердi, жаппай қырып-жою қаруының ядролық, химиялық, биологиялық немесе басқа да түрлерiн, жаппай қырып-жою қаруын жасау үшiн пайдаланылуы мүмкiн материалдарды, жабдықтарды немесе құрауыштарды кедендік бақылаудан тыс немесе одан жасырын не құжаттарды немесе кедендiк сәйкестендiру құралдарын алдап пайдалана отырып не декларацияламаумен немесе анық емес декларациялаумен не тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарлар шығару туралы өтініште көрінеу анық емес мәліметтер көрсетумен, оның ішінде жарамсыз, қолдан жасалған және (немесе) көрінеу анық емес (жалған) мәліметтерді қамтитын құжаттар ұсынумен ұштасқан, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендiк шекарасы арқылы өткізу, сол сияқты Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы заңсыз өткізу -

мүлкi тәркiленiп немесе онсыз, бес мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Мынадай:

1) бірнеше рет;

2) лауазымды адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып;

3) шекаралық немесе кедендік бақылауды жүзеге асыратын адамға күш қолданып;

4) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;

5) iрi мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарға, сол тектестерге, прекурсорларға қатысты жасалған дәл сол іс-әрекеттер - мүлкi тәркiленiп, жетi жылдан он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, қылмыстық топ жасаған іс-әрекеттер -мүлкi тәркiленiп, он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

4. Осы баптың бiрiншi, екiншi немесе үшiншi бөлiктерiнде көзделген, есiрткi, психотроптық заттармен, сол тектестермен байланысты, аса iрi мөлшерде жасалған іс-әрекеттер - мүлкi тәркiленiп, он бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға не өмiр бойына бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Кедендік бакылаудан тыс немесе жасырын жасалған не құжаттарды немесе кедендік тендестіру құралдарын алдап пайдалана отырып, не есірткі заттарды, психотроптық, күшті әсер ететін, улы, уландырғыш, радиоактивті немесе жарылғыш заттарды, қару-жарақты, әскери техниканы, жарылғыш құрылғыларды, атыс қаруы мен оқ-дәрілерді, жаппай кырып-жоятын қарудың ядролық, химиялық, биологиялық және басқа да түрлерін, жаппай қырып-жою қаруларын жасау үшін пайдаланылуы мүмкін материалдар мен жабдықтарды декларацияламай немесе жалған декларациялаумен ұштастыра мемлекеттің кеден шекарасы арқылы өткізгені үшін кылмыстық

жауаптылық Қылмыстық кодекстің 286-бабында арнайы көрсетілген. Экономикалық контрабанда үшін жауаптылық ҚК-тің 234-бабында берілген. Қылмыстық кодекстің 286 жэне 234-баптарында көрсетілген қылмыстардың өзара айырмашылығы қылмыстың объектісінде және затында. Бұл екі қылмыс кұрамының объективтік және субъективтік белгілері бірдей.

Айналыстан алынған заттарды немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы (286-бап) қылмысының тікелей объектісі - қоғамдық қауіпсіздік. Яғни осы көрсетілген заттармен контрабандалык әрекеттер жасау әруакытта қоғамның қауіпсіздігіне тікелей қатер келтіреді.

Осы қылмыстық кұкық бұзушылықтың заты 286-бабыны диспозициясында тізбектеліп көрсетілген. Олар: есірткі заттар, психотроптық, күшті әсер ететін, улы, уландырғыш, радиоактивті немесе жарылғыш заттар, қару-жарақ, эскери техника, жарылғыш құрылғылар, атыс каруы, оқ-дәрі, жаппай қырып-жоятын қарудың ядролық, химиялық, биологиялык және басқа датүрлері, жапнай қырыпжою каруларын жасау үшін пайдаланылуы мүмкін материалдар мен жабдыктар. Қылмыстық кұқық бұзушылықтың заты болып табылатын осы ұғымдардың түсінігі Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің жекелеген арнаулы баптарында көрсетілген. Оларга біз кейінірек сол баптарға талдау барысында тоқталамыз.

Объективтік жагынан көрсетілген кылмыстық құқық бұзушылық мемлекеттік кеден шекарасы аркылы кедендік бақылаудан тыс немесе жасырын жасалган құжаттарды, кедендік теңдестіру кұралдарын алдап паидалана отырып аиналымнан алынған заттарды немесе айналысы шектелген заттарды декларацияламай немесе жалган декларациялау арқылы өткізумен сипатталады.

Кеден шекарасы, кедендік бакылау, кедендік теңдестіру құралдары, декларация, жалган декларация, кедендік өткізудің түсініктеріне Қылмыстық кодекстің 234 бабын талдаганда арнайы тоқталып өткенбіз.

Қылмыстық кодекстің 286-бабының 2-тармағында осы кылмыстың ауырлататын түрлері: бірнеше рет, лауазымды адам өз қызмет бабын пайдалана отырып, кеден бақылауын жүзеге асырушы адамға күш колданып, адамдар тобының алдын ала сөз байласуы, есірткі немесе психотроптык заттарға катысты ірі мөлшерде жасалган әрекеттер үшін, ал осы баптың 3-тармагында осы қылмыстың өте ауырлататын түрі

- осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген әрекеттерді кылмыстықтоп үйым жасағаны үшін қылмыстык жауагітылык көзделген.

Осы баптың бірінші, екінші жэне үшінші тармагында көзделген, өте ірі мөлшерде жасалған есірткі немесе психотроптық заттарга байланысты әрекеттер үшін қылмыстық жауаптылық ҚК-тің 286 - бабының тармағында белгіленген. Қылмыстык кодекстің 286-бабының 2, 3 жэне 4 - тармактарында көрсетілген іс-әрекеттердің түсінігіне Қылмыстық кодекстің осыларға үксас 234-бабының 2, 3-тармақ тарын талдаганда толык түсінік бергенбіз.

Субъективтік жағынан 286-бапта корсетілген қылмыс тікелей қасаканалықпен жасалады.

Қылмыстык күқық бұзушылыктың субъектісі - 16-га толған жай адам немесе лауазымды адам (286-баптың 2-тармагының «2» тармакшасы)

1. 2 Контрабанданың түрлері

ҚР-ның қылмыстық кодексі контрабанданың 2 түрін анықтап көрсетті.

Экономикалық контрабанда, ең алдымен, мемлекеттің экономикалық мүддесіне нұқсан келтіреді, себебі, біріншіден - әкелінетін және шығарылатын тауарларға белгіленген алымдар мемлекеттік бюджетке түспейді. Екіншіден, елдің экономикасы үшін өте қажетті болғандықтан сыртқа шығаруға тыйым салынған тауарлар (стратегиялық мақсаттағы шикізат) әкетіледі.

Қосымша объектісі - ҚР-ның кедендік шекарасын кесіп өту ережесі. Қылмыс заты қылмыс объектісінің аясына енетін оның бір қыры болатын болса, объект пен предмет бірі бірінен ажырағысыз егіз ұғымдар болатын болса, онда қазіргі кездегі қылмыс затының ұғымы ол талапқа толық жауап бермейді. Сол себепті, бұл проблемаға өзгеше қырынан келу.

Экономикалық контрабанданың затына және субъектісіне байланысты оның факультативті объектілеріне қоғамдық қауіпсіздік, мемлекеттік органдардың қызметі, ҚР-ның саяси мүддесі, Қазақстан халқының денсаулығы, қоғамның моральдық бастауы, Қазақстан халқының тарихи мәдени мұралары жатады.

Қылмыстың заттары - тауарлармен басқадай заттар.

ҚР Президентінің 1995 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы заң күші бар Жарлығының 18-бабының 18-тармағына сәйкес, тауар дегеніміз - материалдық дүниенің кез-келген материалдық заты, оның ішінде валюта, валюталық құндылық, қуаттың электр, жылу немесе басқа түрлері. Кедендік шекара арқылы алып өтуге тыйым салынған заттардың тізбесі ҚР Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 19 ақпандағы ҚР-ның шекарасы арқылы алып өтуді декларациялау және оның тәртібі туралы" қаулысының тіркемесінде берілген.

Айналыстан алынған немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы. Айналыстан алынған немесе айналысы шектелген заттардын контрабандасы қылмысының қылмыстық заңның қоғамдық қатынастармен қорғалатынымен байланыстырады, қоғамдық қауіпті әрекетке бағытталған және Зиян келтіру немесе зиян келтіреміндеп қорқыту арқылы пайда болады.

Келесі бір қылмыс затының түсінігі бойынша, қылмыс объектісіне қол сұғуды жүзеге асыру үстінде қылмыскер тікелей ықпал ететін сыртқы әлемнің материалдық заттары ғана қылмыс затын құрайды. Бұл орайда объект кашанда

зардап шеккенмен немесе шегуі мүмкін болғанмен қылмыс заты зардапты әр уақытта шеге бермейді. Бұл анықтаманың да алғашқы берілген анықтамадан ауылы алыс кетпейді. Дегенмен, өз ерекшеліктері де бар. Айналыстан алынған не айналысы шектелген заттардың контрабандасы қылмысының құрамында (286-бап) қылмыстың мынандай заттары келтірілген: есірткі заттар, жүйкеге әсер ететін заттар, күшті әсер ететін, улы, уландырғыш заттар, радиоактивті немесе жарылғыш заттар, қару-жарақ, әскери техниканы, жарылғыш құрылғылар, атыс қаруы, оқ-дәрілер, жаппай қырып-жоятын қарулардың ядролық, химиялық, биологиялық және басқа да түрлері, жаппай қырып-жою қаруларын жасау үшін пайдаланылуы мүмкін материалдар мен жабдықтар.

Шет елдерде кoнтaрбанданың елеулі түрлері көрсетіледі. Адамның ішкі органдары және т. б. трансплантациялық органдар. Көп кездеспейтін жан-жануарлар, құстар т. б. Біздің елімізде бұған байланысты жеке құрам болмаса да, жауакершілік бар. ҚР Қылмыстық кодексінің 286-бабына сәйкес, шектеу қойылған заттар шекарадан өтерде арнайы декларация ережелеріне сәйкес тексеруден өткізіледі. Контрабанданың келесі түрлерін де ажыратады: жасырын жол табу, бақылаулары төмен мемлекеттік кеден постарының оңай өту, бағалы заттар мен тауарларды көлікке жасырын тығып салу, бағалы заттармен тауарларды кедеңде тексерілмейтін тауар түрімен өткізіп жіберу, жасырын адамның ішкі мүшелері арқылы тығып өту.

Кеден органдарын алдау арқылы кеденнен контрабанда өте алады: - жалған құжаттарды көрсету арқылы, пломба, мор, идентфикациялық белгілерді жасанды қою, белгісіз деклоративті объектілерді көшіру, шекараға кіргізілетін немесе шығарылытын тауардың көлемімен мөлшерін кедендік декларациядан асуы.

Қолданған тәсілдер кедендік бақылаудан өткен кезде жасырын орындарды байқауға мүмкіндік болмайды. Іс жүзінде көрсетілгендей контрабанда тауарды тік ұшақ, ұшак, келік дөнгелектерінің ішіне, көлікте, арнайы жасалған бос орындарға, тондар арасында, металопрокат, т. б. Кәзіргі кезде контрабанданың өзге түрлері белгілі. Кейбір топтар негізгі заттар мен материалдық тауармен айналысады. Келесі біреулері есірткі, психотропты заттар мен удың күштісімен, радиациялық, атылғыш заттар, қару-жарақ, атылғыш заттар оқ-дәрі және т. б.

Контрабандалық қылмыстар негізінен алғанда ұйымдастырылған жағдайда іске түсініктемені талап етеді. Біз мойындауымыз керек, контрабандалық қылмыстар ҚР-ның мемлекеттік шекарасынан кедендік бақылаудан жалған идификациялар арқылы ұйымдасқан түрде өтіп жатыр. ҚР Қылмыстық Кодексімен жазаланады

Қорыта келгенде, контрабанда республикадағы көмекші экономикалық негіз болып табылады және криминалды кіріс көзі болып табылады және бұған елдің белгілі бір бөлігі қатысады. Контрабандамен күресу жедел іздестіру және профилактикалық жұмыстар жүргізуді талап етеді. Контрабандаға қарсы құқық қорғау органдарының жұмысын күшейту керек. Бұлар мемлекеттік қазынаға қосымша ақша түсуіне мүмкіндік береді. Әзірше көлеңкелі экономика ғана байып отыр.

2 КОНТРАБАНДА ҚҰРАМЫ

2. 1 Контрабанда мен байланысты қылмыстардың объектісі мен субъектісі

Қазіргі заманның ҚР-ның қылмыстық құқықығында "қылмыс объектісі қорғалатын қоғамдық қатынастар” деген пікір жалпылама қабылданған ереже болғанымен. Қоғамдық қатынастарға соңғы жылдарда қарсылықты А. В. Наумов білдірді. Оның пайымдауынша, қоғамдық қатынастар теориясы жеке адамға қарсы қылмыстардан басқаларына келеді, ал адамды “тек қоғамдық қатынастардың жиынтығы” деп түсіну өмірдің биологиялық құбылыс ретіндегі,

Біздің ойымызша, қоғамдық қатынастар идеясынан мүлде бас тартуға болмайды. Себебі, айталық әрекетсіздік арқылы жасалатын қауіпті жағдайда қалдыру” (ҚК 119-б. ) сияқты қылмыстар орын алғанда адам мүддесіне зиян келіп тұрғанын егер қоғамдық қатынастар арқылы жүктелетін міндеттер) болмаса, қалай білуге болады? Оларға көрсетілмек көмекті кімнен талап ету керектігіне заңмен қалыптасқан қоғамдық қатынастар (арқылы жүктелетін міндеттер) ғана жауап береді.

Қоғамдық қатынастар туралы толығырақ танымға ие болу үшін, сондай-ақ қылмыскердің объектіге ықпал ету механизмін игеру үшін қылмыс объектісі - қоғамдық қатынастардың тек теориялық жағынан ғана бөлшектене алатын құрылымына тоқталу ләзім.

Қоғамдық қатынастардың құрылымы туралы да ғылымда әр түрлі пікірталастар болды. Қылмыс объектісіне қатысты алғашқы болып кешенді зерттеу жүргізген Б. С. Никифоров қоғамдық қатынастардың үш түрлі құрамдас элементін атайды:

1) қоғамдық қатынасқа қатысушылар;

2) қатысушылардың арасындағы қатынас;

3) қатынастардың жүзеге асу шарты.

Осы орайда өзгеше пікір айтқан А. А. Пионтковскийдің ойынша, барлық қылмыстардың тікелей объектісі қоғамдық қатынастар бола бермейді, кейде оның жеке элементтері тікелей объект болуы мүмкін: қоғамдық қатынастардың материалдық көрінісі не субъектісі. А. А. Пионтковскийдің пайымдауынша, тікелей объектіден бас тартып, оны қол сұғушылық затымен (предмет посягательства) алмастыру методологиялық тұрғыдан мақұлданбақ емес. “Егер бұл тек тікелей объектіні Қылмыс заты деп өзгеше атау ғана болса, онда айтарлықтай ештеңе өзгермейді, өйткені тікелей обьект дегеніміз (ықпалға) ұшырайтын қылмыс затының өзі”

Е. І. Қайыржановтың сөз қылып отырған “қатесі” - ол тектік объект сол тектік объектінің көрінісі болып табылатын тікелей объектілердің жиынтық бейнесі болғандықтан, тектік объектіні атағанда, ешқандай жеке сипаттаушы белгілер көрсетілмей жиынтық бейненің белгілерін ескеріп қоя салатындықтан ол тектік объектінің аясына сіңіп кетеді. Сол себепті де екеуінің арасында айырма жоқтай көрінеді. Мысалға, меншікке қарсы қылмыстардың тектік объектісі сеншік қатынастары, яғни барлық азаматтардың затты иелену, пайдалану, билік ету құқығы танылса, тікелей объектіні түсіндіру кезінде де авторлардың зардап шегуші нақты меншік қатынастары деп жылы жауып қоя салуынан тектік және тікелей объектілер сәйкес келіп қалып жатады. Ал ол тікелей объект болуы үшін нақты субъектіге жататын нақты сипатты белгілері бар зат болуы қажет. Бұл кезде оны тікелей объект деуден гөрі нақты объект деп атау тиімді.

Экономикалық контрабанданың негізгі тікелей объектісі - мемлекеттің қаржылық қызметі. Экономикалық контрабанда, ең алдымен, мемлекеттің экономикалық мүддесіне нұқсан келтіреді, себебі, біріншіден - әкелінетін және шығарылатын тауарларға белгіленген алымдар мемлекеттік бюджетке түспейді. Екіншіден, елдің экономикасы үшін өте қажетті болғандықтан сыртқа шығаруға тыйым салынған тауарлар (стратегиялық мақсаттағы шикізат), әкетіледі. Қосымша объектісі - ҚР-ның кедендік шекарасын кесіп өту ережесі.

Егер қылмыс заты қылмыс объектісінің аясына енетін оның бір қыры болатын болса, объект пен предмет бірі бірінен ажырағысыз егіз ұғымдар болатын болса, онда қазіргі кездегі қылмыс затының ұғымы ол талапқа толық жауап бермейді. Сол себепті, бұл проблемаға өзгеше қырынан келу.

Осындай ойды Я. М. Брайниннен де ұшыратамыз: егер қылмыс заты белгілі құндылық болса, құндылықтың кімдікі екендігіне орай иесінің мүддесі объект болады. Н. А. Беляев та қылмыс заты (Беляевша-қол сұғушылық заты) қол сұғушылық объектісінің элементі деген қорытындыға келеді.

Ғалымдардың барлығы дерлік қылмыс объектісі мен затын ажырағысыз байланыста екендігін мойындағанымен, олардың байланыс сипатына келгенде бірауыздылық жоқ. Біреулер қылмыс заты деп объектінің үнемі бір ғана элементін таныса, келесісі оның (қоғамдық қатынастардың барлық элементі ретіне қарай заты бола алады дегенді айтады. Тіпті, авторлар кей жағдайда қорғалатын объект - қоғамдық қатынастардың құрамына кірмейтін заттарды да, қылмыс құрамының объектісіне не объективтік жағына жатқызарын білмей, қылмыс заты деп қабылдауға мәжбүр. Оларды объектіге жатқызайын десе, қоғамдық қатынастардың мазмұнына енбейді, объективтік жақтың сапына тұрғызайын десе, соңғысының тиісті белгілерінің функцияларымен толық сәйкес келмейді. Сөйтсе де, олар аталмыш заттарды қылмыс затының қатарына жатқызуға мәжбүр болады. Сондықтан да авторлардың бірқатары батыл түрде "қылмыс заты - қылмыс объектісінің бір бөлшегі" деп шегелеп тұрып айтуға шорқақ. Сонымен, жоғарыда берілген анықтама объектінің сыртындағы заттарды да қамтып кететін болғандықтан, енді одан басқа, қылмыс затын объектіден ажырағысыз ететін анықтама іздестіру ұғымын қалыптастыру шарт.

Келесі бір қылмыс затының түсінігі бойынша, қылмыс объектісіне қол сұғуды жүзеге асыру үстінде қылмыскер тікелей ықпал ететін сыртқы әлемнің материалдық заттары ғана қылмыс затын құрайды. Бұл орайда объект қашанда зардап шеккенмен немесе шегуі мүмкін болғанмен қылмыс заты зардапты әр уақытта шеге бермейді. Бұл анықтаманың да алғашқы берілген анықтамадан ауылы алыс кетпейді. Дегенмен, өз ерекшеліктері де бар.

Б. С. Никифоров қылмыс заты турасындағы әр түрлі пікірлерді сыни көзбен талдай келіп, қылмыс заты - одан басқа да элементтерді қамтитын қылмыс объектісінің құрамдас бөлігі, - деген қорытындыға келеді. Сондықтан да, ол қылмыс затының проблемасы жоқ деп есептейді, себебі, Б. С. Никифоровтың ойынша, ол объектінің құрамдас бөлігі болғандықтан қылмыс затының қазіргі күйінде оны объектіден тыс өзінше бөлек өмір сүретін құбылыс ретінде зерттеудің қажеттілігі жоқ. Олай болса, қорғалатын қоғамдық қатынастардың құрамында материалдық құндылықтардың және тек қана материалдық болу-болмауына байланысты барлық қылмыстарды үлкен екі топқа, яғни затсыз және затты қылмыстарға бөлуге тура келеді.

Экономикалық контрабанданың затына және субъектісіне байланысты оның факультативті объектілеріне қоғамдық қауіпсіздік, мемлекеттік органдардың қызметі, ҚР-ның саяси мүддесі, Қазақстан халқының денсаулығы, қоғамның моральдық бастауы, ҚР халқының тарихи-мәдени мұралары жатады.

Қылмыстың заттары - тауарлармен басқадай заттар.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Контрабанданы үшін қылмыстық жауаптылық
Контрабанданың түсінігі, түрлері
Контрабанда
Меншікке қарсы қылмыстар түсінігі
Меншікке қарсы қылмыстар
Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың түсінігі
Меншікке қарсы қылмыстарды тергеу әдістемесі
Кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтару қылмыстарының алдын алу және ашу, тергеу
БӨТЕН МҮЛІКТІ ҰРЛАУ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ НЫШАНДАРЫ
Қылмыс объектісінің түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz