Мердігерлік шартының құқықтары



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

* КІРІСПЕ
* І Тарау. Мердігерлік шартының құқықтары
* 2 Тарау. Мердігерлік шартының жекелеген түрі.
* 2.1. Құрылыс мердігерлігі.
* ҚОРТЫНДЫ

КІРІСПЕ

1999 жылыдың 1 шілдесінде Қазақстан Республиксының Азаматтық кодексінің ерекше бөлімі қабылданып, күшіне енді. Бұл өз мәнінде Қазақстан Республикасының азаматтық кодексі нарықтық қайта құру жылдарында қалыптасқан азаматтық заң шығарудың ірі біріктіруі болып табылады. Осы тұста кеңінен қолданылып жүрген азаматтық заңмен реттелетін шарттың бірі бұл мердігерлік шарт.
Мердігерлік шарт ұғымына келетін болсақ. Мердігіерлік шарты бойынша бір тарап (мердігер) екінші тараптың (тапсырысшының) тапсырмасы бойынша белгілі бір жұмысты атқаруға және белгіленген мерзімде оның нәтижесін тапсырысшыға өткізуге міндетті, ал тапсырысшы жұмыс нәтижесін қабылдап алуға және оған ақы төлеуге (жұмыстың бағасын төлеуге) міндетті.
Мердігерлік шартты консенсуалды ақылы және өзара шарт. Азаматтық заңнамада мердігерлік шарт қатынастарының түрлері де өз орнын тапқан. Мердігерлік шарттың түрлеріне тоқталатын болсақ: 1) тұрмыстық мердігерлік, 2) құрылыс мердігерлігі, 3) жобалау немесе іздестіру жұмыстарына мердігерлік, 4) ғылыми зерттеу тәжірибелік- конструкторлық және технологиялық жұмыстарға мердігерлік.
Мердігерлік шарттың ұғымы мен түрлеріне тоқталғанан кейін оның басқа да шарттардан ерекшеліктерін оның ішінде сатып алу- сату айырбас мүлікті жалға беру шарттарынан салыстырмалы түрде айырмашылқтарын жазып ашып көрсету.
Мердігерлік шарт түрлерінің ішінде тоқталғым келетіні ғылыми зерттеу тәжірибелік- конструкторлық және технологиялық жұмыстарға мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп жандандырса демекпін. Өйіткенідамыған мемлекеттердің тәжірибесінда осы шарттың түрі көп қолдынылады (АҚШ, Голландия, Щвеция) бұл шарттың мемлекетіміз үшін әкелетін экономикалық әлеуметтік өнідірістік тиімділігі жоғары.
Мысалға айтатын болсақ ауыл жылы бағдарламасына сәйкес жеке шаруашылық қожалық иелері төлдің жаңа етті сүтті түрлерін өмірге келтіргісі келсе ғылыми зерттеу институтарына тапсырыс беруге болатындығын айтқым келеді.
Жалпы дипломдық жұмысым кіріспеден 2 тараудан қорытындыдан тұрады. Әрбір тараудағы сұрақтарды теориялық және тәжірибелік материалдарды пайдалану арқасында мазмұнын толық ашуға тырыстым.

І Тарау. Мердігерлік шартының құқықтары

Мердігер шартта келісілген жұмысты өзінің тәуекелімен орындауға міндетті. Яғни мердігердің мойнында ол кәсиби субъект болған соң, оның жұмысты орындамағандығына байланысты қолайсыз салдар болып келеді. Мердігердің осы міндетінің мазмұны тапсырысшынң орын алған заңсыз мінез құлығы ескеріліп тиісті дәрежеде өзгертілуі мүмкін. Оған жұмысты орындамағаны үшін немес дұрыс орындамағаны үшін мердігерді жауапкершіліктен босататын жағдайларда әсер ететді.
Мердігер жұмысты өз материалдарымен, күштерімен және құралдарымен орындауға міндетті. Егер материал оынмен берілсе , ол тапсырысшының алдында материалдардың сатушысы болып табылады және олардың тиісті сапасы үшін жауапты болады. Жұмыстың өзі тапсырысшының тапсырмасы бойынша орындалады және оған сәйкес болуы керек, яғни олдасапалы орындалуы керек. Мердігерлік шарт бойынша орындалатын жұмыс заттарды сериалық жасауға жатқызылмайды, сондықтан оның тиісті орындауының негізгі белгісі ретінде тапсырысшының нұсқаулары болаып табылады. Мердігер мемлекеттік стандарттардың аясында жасау технологиясының тәртіптерін сақтауға және нормативті- техникалық құжаттарда көзделген талаптарды сақтауға міндетті. Осындай талптар бірінші кезекте кәсіпкер ретінде жұмыс жасйтын мердігерлерге қолданылады (ҚР АК 632-б. 2-т), бірақ кәсіпкер емес мердігердің де жұмыс орындау кезінде міндетті қойылған талаптарынан шегінуіне құқығы жоқ, егер міндетті талаптарды орындамаса оның қызметіне тиым салынуы тиіс. Бұл жаңа заттарды жасаумен байланысты емес жұмыстарға да қатысты.
Егер жұмыстың сапасына қойылатын талаптар шартта белгіленбесе немесе толық болмай шықса, онда басшылыққа ұқсас жұмыстарға қойылатын талаптар негізі ретінде алынады. Мердігер белгіленген міндетті тлаптар мен салыстырғанда сапаға қойылатын неғұрлым жоғары талаптарға сай келетін жұмысты орындау шарт бойынша өзіне алуы мүмкін.
Мердігер пайдаланып жатқан жабдықтардың тиісті күйінде (түзеу) болуын қамтамасыз етуге міндетті. Ол өзі жұмысты ұйымдастырады және тапсырысшыны оның күделікті шаруашылық қызметіне кірісуіне құқығы жоқ. Егер шартта өзгеше көзделмесе, мердігер үшінші тұлғалар құқықтарының ауыртпалығы жоқ материалдармен құралдарды беруге міндетті.
Кейбір жағдайларда, мердігер жұмысты тапсырысшының материалдарымен де орындайды. Сондықтан ол тапсырысшы берген материалдарды ұқыпты және есеппен пайдалануына міндетті. Сонымен қатар, мердігер оларды дұрыс пайдалану үшін жауапты болады. Жұмыс аяқталғанан кейін мердігер тапсырысшыға жұмыс алған материалдар туралы есеп беруге міндетті. Егер материалдардың қалдықтары болас мердігер олрды тапсырысшыға беруге міндетті. Мердігер тапсырысшының келісімімен, қалған пайдаланылмаған материалдың құнына сәйке жұмыстың бағасын кемітіп сол материалды өзінде қалдыруға құқылы.
Материалдарды тапсырсшы берген болса, мердігер сол материалдарды сапасына қарай қабылдап алуға міндетті. Мердігер тапсырысшы берген жабдықтарды, техникалық құжаттарды және өңдеуге берілген заттың өзінде қабылдап (бағалауға) алуға жауапты болады. Тапсырысшының берген нұсқауларды және тағы да басқа жұмыстың орындау жағдайларын, мердігер өзінің кәсіби тәжрибесіне байланысты бағалайды.
Мердігер:
1. тапсырысшы берген материалдардың, жабдықтардың, техниокалық құжаттаманың немес өңдеуге берілген заттың жарамсыздығы немес сапасыздығы;
2. оның жұмысты атқару әдісі туралы нұсқаулармен орындаудан тапсырысшы үшін болуы иқтимал қолайсыз салдарлар;
3. орындалатын жұмыс нәтижелерінің жарамдылығына немесе беріктігіне қауіп туғызатын не оны мерзімінде аяқтауға мүмкіндік бермейтін мердігерге қатысты емес өзге де мән жайлар аяқталған жағдайда тапсырысшыға дереу ескертіп, одан нұсқау алғанға дейін жұмысты тоқтата тұруға міндетті.
Осындай мән-жайлар туралы тапсырысшыға ескерпеген, не ескертуге жауап алу үшін қисынды мерзімінің аяқталуын күтпестен немес жұмысты тоқтата тұру туралы тапсырысшының уақытылы нұсқауны қарамастан жұмысты жалғастырған мердігердің тапсырысшысы оған тиісті талаптар қойған кезде аталған аталған мән- жайларға сілтеме жасауға құқығы жоқ (ҚР АК 628 бабы 2 тармағы). Осы норманың мағынасы бойынша тапсырысшы мердігердің хабарлауына байланысты жауапты қиснды мерзімнің ішінде беруі тиіс.
Егер мердігер белгіленген талптарыд сақтамай жұмысты тапсырысшының берген сапасыз материалдардан орындаса, ол тек материалдардың кемшіліктерін тиісті қабылдау кезінде анықтау мүмкін болмаған ретте ғана жауапкершіліктен босатылуы мүмкін. Яғни, тапсырысшы берген материалдардың сапасын тиісті бағаламауда мердігердің кінәсі болуы керек. Осыған байланысты, жұмыс мердігердің материалынан орындалса, мердігерлік шартында тапсырысшының кепілдігі көбірек болады, себебі материалдардықамтамасыз еткен мердігер олардың сапасы үшін кінәсі барлығы немесе жоқтығына қарамастан жауапты болады.
Мердігер тапсырысшысы берген мүліктің сақталуын қамтамасыз етуге міндетті және мердігерлік шартты орындауға байланысты мердігердің иелігіне өткен заттардың тапсырысшысы берген материалдардың өзге мүліктің жабдықтардың сақталмағын үшін мердігер жауапты болады. Бұл жауапкершілік мердігерлік шартының орындауына арналған мүлікке ғана емес мердігердің иелігіне түскен басқа да мүлікке қатысты болады. Мысал қылып мердігерге (оның жұмысшыларына) тынығу үшін бөлініп берілген бөлмелерді, жөндеу кезінде оны алып кету қажеттілігі болмағн жиһазды және т.б. осындай мүлікті айтуға болады. Осындай мүліктің сақталуын қамтамасыз етудің өлшемі болып, әдетте орын алатын меншік иесінің өзінің шаруашылық ұқыптылығы келеді, бірақ жұмыстарды орындау үшін арналған жабдықтармен материалдар туралы айтатын болсақ, онда бұл жағдайда мердігердің кәсіби субъект ретінде қараушылық дәрежесі жоғары болуы керек екенін танимыз. Кез- келген жағдайда, егер мүлік сақтауды қамтамасыз ететін бр-арлық шараларды қолданбаса, мердігер кінәлі болып табылады.
Мердігерде үндемеуге құқығы бар (ҚР АК 622-б). Бұған қатысты норма заңнамада және бұрын ҚКСР АК - сында ол болмаған еді. Оны кірістеу мердігердің тиымды шаруашылық жүргізуін қолдайды, себебі онда оның қолдануына байланысты үнемдеуге тікелей мүліктік мүддесі пайда болады. Үнемдеу материалдардың жұмсалуын азайтуда орындалатын жұмыстың өзінің құнын азайтуда болып келеді. Үнемдеу әдеттегіге қарағанда шығындарды азайтатын, жаңа технологияларды енгізетін мердігердің жоғары дәрежелі кәсіпқойлығының салдарынан болады. Мердігердің нақты шығыны бағаны белгілеу (сметаны жасау) кезінде септелгеннен кем болып шыққан жағдайда, егер тапсырысшы мердігер алған үнем орындалған жұмыстың сапасына теріс әсер еткенін дәлелдей алмаса, мердігер шартта (сметада) көзделген баға бойынша жұмысқа ақы алу құқығын сақтайды.
Мердігерлік шарты мердігер алған үнемді тараптар арасыда бөлу көзделуі мүмкін (ҚР АК 622-б. 2-тармақ). Осы жағдайда, апсырысшымен шарт бойынша төленетін бға азаяды. Егер тапсырысшы жағынан үнемдеуге көмектесуі орын алмаса бұл норманы қолдану ақыл ойға сиыспайтын болып келеді. Басқа жағынан, нарықтық экономика жағдайында мердігердің қызметін пайдалану үшін, оның тұрақты іскерлік атағы пайда болу үшін, үнемдеу туралы норманы қолдану қосымша ынталандыру болуы мүмкін.
Мердігер тапсырысшыға жұмыстың нәтижесімен бірге, шарттың нысанасын пайдалану немес өзгеше іске асыру үшін қажетті ақпаратты беруге міндетті. Осы міндетті қарастыратын нормада Азаматтық кодексте жаңа болып келеді. Мердігердің осы міндеті тағы шартты да көрсетілуі тиіс. Кейбір жағдайларда, осы жұмыстың нәтижелерін шартта көрсетілген мақсаттарда пайдалану тиісті ақпаратсыз мүмкін болмаса, онда сондай сипаттағы қпарат мердігердің осы жөніндегі міндеті шартта бекітілмей-ақ берілуге тиіс болады. (ҚР АК 637-б). Осындай ақпараттарда белгілі технологиялық схемалар, нұсқаулар, түсініктемелер және т.б. жатады. Жалпы мердігердің ақпарат беру бойынша міндеті мердігерлік нәтижесінің ерекшелігіне, жасалған бұйым арнайы күтімді талап ететініне және т.б. себептерге байланысты болып келеді.
Қазақстан Республикасының Азаматық кодекс 638- бабы әрбір тарапқа қарсы тараптың оның ақпаратпен азаматтық құқықтардың мүліктік объектісімен сияқты иеленуіне байланысты мүдделердің (құқықтарын) қамтамасыз ету міндеті жүктеледі. Бір тарап шарт бойынша өзінің міндеттемесін атқарудың арқасында басқа тараптан жаңа техникалық шешімдер мен білімдер туралы ақпарат алса, сол ақпараты үшінші тұлғаларға өзге (қарсы) тараптың келісімінсіз бере алмайды (бұл ақпараттың құрамына ноу-хауды қосқанда өнеркәсіптік меншіктің барлық түрлері туралы ақпарат кіре алады). Мердігерлік шарты бойынша жалпы тәртібінде құқықтық қорғауы болмайтын ақпарат және де тараптардың біреуінің коммерциялық құпиясы болып келетін ақпарат та қорғалады. Осыдан ақпаратты (барлық түрлерін) жарияламау міндеті тараптар оны шартта бекіткенше, бекітпегеніне байланысты болып келеді, бірақ ақпараттарды пайдалану тараптары мен тәртібі тараптардың келісімімен анықталады (ҚР АК 638 бап). Мұндай ақпаратты пайдаланудың тәртібі мен талаптары тараптардың келісімімен белгіленеді.
Мердігер жұмысты атқарған соң, оған тапсырысшы шартты орндау үшін берген құралдарды қайтаруға міндетті. Сол сияқты тапсырысшы мердігер жұмысты орындауға кіріспегені немес тым баяу орындағына немес орындалға жұмыста елеулі және жойылуы мүмкін емес кемшіліктер болғаны себебінен шартты бұзса (одан бас тартса), онда мердігер тапсырысшымен берілген материалдарды, жабдықтарды өңдеу үшін берілген затты немесе өзге мүлікті қайтаруға міндетті. Мүлік тапсырысшы көрсеткен тұлғасына қайтарылуы мүмкін. Егер мүлікті қайтарып мүмкіндігі жоқ болса, мердігер материалдық құрал- жабдықтарды және тапсырысшыдан алынған басқа мүліктің бағасын қайтаруға міндетті (ҚР АК 639 бабы).
Тапсырысшыға мердігерге жәрдемдесу міндеттері жүктеледі. Бұл тапсырысшы мердігермен бірге белгілі бір жұмыстың бөлігін істеу керектігін білдірмейді. Жұмыс мердігердің қамқорлығымен орындалса, онда тапсырысшының материалдарды беру міндеті болмайды.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 629 бабының мағынасы бойынша, тапсырысшы мердігердің міндетін тиісті орындауға қажетті ұйымдастру шараларын жүзеге асыруы керес, егер осы шаралар тапсырысшының әрекеттеріне байланысты болса. Мысалы тапсырысшы салынып жатқан объектіге жолды тазалауға, тиісті мерзімді, егер бұл шартта қарастырылса, жабдықтарды, бөлмелерді (жайларды) беруге міндетті. Мердігерге көмектесу міндеті тапсырысшы оған жұмыстарды орындаудың бұдын бұрын бекітілген тәртібін қайта құруды талап етпеу керек екенін, оған жұмыстың орындалуында өзге кедергі жасамау керек екенін, керісінше онымен ынтымақтастықта болу керек екенін білдіреді. Тапсырысшы осы міндеттерін орындамаған жағдайда, мердігер зиянды, соның ішінде жұмыстың тоқтап қалуына, жұмысты орындаудың мерзімдерінің өзгеруіне немес юұмыс бағасы көбеюіне байланысты келтірілген шығындарды (қосымша шығындарды) өтеуді талап етуге толық құқылы. Егер мердігерлік шарты бойынша жұмысты орындау тапсырысшының әрекеттерінің (қателіктерінң) мүмкін болмай қалса, мердігер жұмыстың орындалған көлеміне сәйкес келетін мөлшерде жұмыс үшін ақыны алу құқығын сақтап қалады.
Тапсырысшы мердігер жасаған жұмысты қабылдап оған ақы төлеуге міндетті. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 630-бабында жұмысты қабылдау тәртібі реттелген және ол шартта да көрсетілуі мүмкін. Жасалған жұмысты қабылдау шартта көрсетілген мерзімде егер сол мерзімдер шартта қарастырылмаса, онда қабылдау қисынды мерзімдерде жүргізіледі. Қабылдауға жұмыс нәтижелерін тексеру кіреді. Егер жаңа зат жасалынса немес бір затты жөндеу, оны жақсарту жүргізілсе қабылдау міндеті затын иелікке алу бойынша іс жүзіндегі әрекеттерді де өз құрамына енгізеді. Орындалған жұмысты қабылдаудың мерзімін өткізіп алу меншік құқығы жаңадан жасалған (қайта өңделген) затқа тапсырысшыға затты беру орын алғанда өтетініне әкеледі. (ҚР АК 630-б. 8-т.). Сілтеме жасалған норманың мәтінінде біздің ойымызша қателік бар, себебі жұмыс нәтижесін қабылдап алу мерзімін өткізіп алу тапсырысшыға меншік құқығы өту сәтін анықтауға байланысты болуы тиіс емес (меншік құқығы онсыз да жалпы тәртіп бойынша тапсырысшыға оған зат берілгеннін өтеді), мерзімді өтікізіп алған несие берушіде (тапсырысшыда) осының салдарынан болған барлық қолайсыз нәтижелер (тәуекелдер) оның қабылдау мерзімін өткізіп алудағы кінәсі болмаса, онда ол мүлікті қабылдауға міндетті болған және оны қабылдаған сәттер арасындағы уақыт ралығындағы мүлікті күтіп ұстау бойынша, шығындарда оған жүктелетіне (ол сол шығындарды өтеге міндетті болатынына) әкеледі.

2 Тарау. Мердігерлік шартының жекелеген түрі.
2.1. Құрылыс мердігерлігі.

Мердігерлік шарттың қарастырыылып отырған түрі оның құқықтық өзгерістерін бастан өткізген. Социалистік экономиканың дамуының алғашқы кезеңдерінде құрылыс мердігерлігі сөзсіз мердігерлік шарты болып қарастырылған. 1923 жылдың 1 қаңтарында күшке енгізілген РСФСР Азаматтық кодекісінің 220-235- баптарында және РСФСР-дың Азаматтық кодексінің 235-бабының 5-қосымша болып табылатын Мемлекеттік мердігерлік және жеткізілім туралы Ережелерде мердігерлік жұмыстардың барлық түрлерін реттеу үшін арналған жалпы мәндегі нормалар болған. Көрсетілген соңғы нормативтік актпен қандай жұмыстарды орындауға шарт жасалғанына тәуелсіз мемлекет және оның органдарының қатысуымен мердігерлік шарттың бірқатар ерекшеліктері реттелген.
Бірақ өндірісте, барлық өндірістік процестердің директивті жоспарлауын нығайтуына байланысты, құрылыс мердігерлік- мердігерлік шарттардың жалпы көпшілігінен анық бөлініп шықты және 1961 жылдан бастап барлық негізгі жүйелік азаматтық - құқықтық актілері (азаматтық негіздері, азаматтық кодекстер) күрделі құрылысқа мердігерлік шартты- мердігерлік шарттың түрі ретінде емес, азаматтық - құқықтың шарттың жеке түрі ретінде қарастырады5.
Қазіргі құрылыс мердігерлігі шартының құқытықұ реттелуі барлық нарықтық заңнамада сияқты экономикалық заңдармен қайшылыққа түспейді. Бірақ, азаматтық құқығының дамуында одан кезеңдегі бір қатар жасалған құқықтық өңдеулер, сол сияқты өзге елдердің жеке құқығының өңдеулері ескерілген, сондықтан құрылыс мердігерлік ерекшеліктері бөлек айқындалуы қажет болп тұр. Қазіргі жағдайда мердігерлік шарт бойынша тараптардың өзара қатынастарына 2001 жылдың 16 шілдесіндегі Қазақстан Республикасындағы архитектуралық, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Қазақстан Республикасының Заңы маңызды әсерін тигізеді.
Олар (сол ерекшеліктер) бірқатар жағдайларда құрылыс мердігерлік жұмыстарын жүргізуге байланысты жер учаскелеріне заттық құқықтарды алумен, құрылып жатқан объектілерді энергиямен қамтамасыз етуге шарт жасасумен, мемлекеттің бір немесе өзге органдарымен жарна- құқықтық, басқа да құқықтық қатынастар пайда болатынында көрінеді.
Сол немесе басқа объектісін салу жұмыстардың кешенін жүргізуді талап етеді, олардың әртүрлі өз кезегінде бөлек мердігерлік шартының нысанасы және осыданда құрылыс мердігерліктің ерекшелігі көрінеді.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 651 бабына сәйкес құрылыс мердігерлігі шарты кәсіпорынды үйді (оның ішінде тұрғын үйді), ғимаратты немесе өзге де объектіні салуға немесе қайта жаңартуға жасалады. Кейбір жағдайларда құрылыс мердігерлігі нысанасы болып үйлер (ғимараттар) кешенін құрайтын кәсіпорынды салу немесе оны қайта жаңарту келеді. Құрылыс мердігерлігі шеңберінде монтаждау, іске қосу жөнге келтіру және салынып жатқан объектімен байланысты өзге де жұмыстар орындалады. Құрылыс мердігерлігінң ережелері, егер шартта өзгеше көзделмесе үйлер мен ғимараттарды күрделі жөндеу кезінде де қолданылады.
Құрылыс мердігерлігі шарты бойынша мердігер тапсырысшының тапсырмасы бойынша шартта белгіленген мерзімде белгілі бір объектіні салуға не өзге де құрылыс жұмысын орындауға міндеттенеді, ал тапсырысшы мердігерге жұмысты орындауы үшін қажетті жағдайлар жасауға, оның нәтижесін қабылдап алуға және ол үшін келісілген бағаны төлеуге міндеттеледі.
Көрсетілген шарттың субъектілік құрамының ерекшелітері бар, яғни шартта әрқашан мердігер жағынан кәсіпкерлік қызметінің субъектілері әртүрлі лициензияланатын құрылыстық жұмыстрды жүргізу үшін рұқсаты (лицензиясы) бар құрылыстық ұйымдар немесе жеке кәсіпкелер қатысады.
Кейбір жағдайларда тапсырысшы болып азаматтар келеді. Құрылыс мердігерлігі шарты бойынша жұмыс азаматтың (тапсырысшының) тұрмыстық немесе басқа жеке қавжеттерін қанағаттандыру үшін орындалатын жағдайда мұндай шартқа тиісінше тұрмыстық мердігерлік шарт бойынша тапсырысшының құқықтары ережелер қолданылады.
Құрылыс мердігерлігі шарты нысанасының ерекшеліктері және осы мердігерлік шартымен байланысты пайда болатын құқықтық қатынастардың жиынтығы осы мердігерлік түрдің мазмұнының ерекшеліктеріне міндетті түрде белгі қалдырады. Олар, сонымен қатар, реттеліуіне бағытталған нормалармен анықталады (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 32- тарауның §3 Құрылыс мердігерлігінің ерекшеліктері).
Тараптардың құқықтары мен міндеттері. Объектінің салынуы, саланатын жер учаскесін белгілеуден басталады. Қазіргі заңға сәйкес салынатын объектінің болашақ иесі жер учаскесін бөліп алуы керек ол құрылыс салу үшін жер учскесін шартта көрсетілген көлемде және сондай күйде уақытылы беруге міндетті.
Шартта мұндай нұсқау болмаған жағдайда, жер учаскесінің көлемі мен күйі жұмыстың уақытылы басталуын, оның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мердігерлік шартын түрлері
Мердігерлік шарты
Мердігерлік шартының түсінігі
Мердігерлік шартының жалпы сипаттамалары
Мердігерлік шартының жалпы ұғымы және түсінігі
Мердiгерлiк шартынан туындайтын құқықтық қатынастар
Мердiгерлiк шарты түсінігі
Азаматтық құқық бойынша мердігерлік шартының ұғымы, мазмұны және формасы
Тапсырысшы екінші тарапқа мердігерге шарт бойынша келісілген белгілі бір жұмысты орындауға тапсыратын тұлға
Құрылыс мердігерлік шартының ұғымы және элементтері
Пәндер