Жарақаттарды емдік дене тәрбиесі арқылы емдеу


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Жоғары көлік және коммуникация колледжі

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Дене шынықтыру сабағы кезінде алған жарақаттарға алғашқы медициналық көмек көрсету

Тобы: 2ПОВТ-218
Орындаған: Алпыспаева Д. Ж.
Тексергендер: Мырзагалиев Б. К., Бериков Б. Б.

Нұр-Сұлтан 2020

Жоспар

I Кіріспе
II Негізгі бөлім
2. 1 Жаттығу кезіндегі жарақаттардың себептері және түрлері
2. 2 Жарақат алған кезде алғашқы көмек көрсету
2. 3 Жарақаттарды емдік дене тәрбиесі арқылы емдеу
III Қорытынды
IV Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Алғашқы көмек - адам өміріне немесе денсаулығына кенеттен қауіп төнгенде оның өмірін сақтап қалу үшін немесе апаттың зиянды әсерін азайту үшін қолданылатын қарапайым шаралар. Апаттың қатарына әр түрлі жарақаттар, сынық, буынның шығуы, улану, суға бату, күю, үсу, электр тоғы соғу, т. б. жатады. Алғашқы көмектің негізгі шаралары: апатқа түскен адамды апат әсерінен құтқару (өрттен, судан шығару) ; апаттың зиянды әсерін тоқтату (адамды жылыту, иіс тисе таза ауа жұтқызу) ; қан тоқтату, жараны байлау, сынған аяқтың немесе қолдың қозғалысын тежеу; жасанды дем алдыру, жүрекке жабық массаж жасау, апатқа түскен адамды тезірек емдеу мекемесіне жеткізу немесе жедел медициналық көмек көрсететін дәрігерлер тобын шақыру.

Жарақаттар - бұл адам ұлпалары мен органдарының зақымдануы, сыртқы себептерден аяқ-қолдың сынуы мен буынның шығуынан, жұмсақ ұлпаның жаралануы мен дененiң сыдырылуынан, органдардың зақымдануынан және көптеген басқа жайттардың әсерiнен ұлпалар мен органдар тұтастығы мен қызметiнiң бұзылуы.

Жаттығу кезіндегі жарақаттардың себептері және түрлері

Дене шынықтыру сабағы жаттығулардың кезінде оқушылар мен студенттер түрлі жарақатқа ұшырап жатады.

Жарақаттар - бұл адам ұлпалары мен органдарының зақымдануы, сыртқы себептерден аяқ-қолдың сынуы мен буынның шығуынан жұмсақ ұлпаның жаралануы мен дененiң сыдырылуынан, органдардың зақымдануынан және көптеген басқа жәйттердiң әсерiнен ұлпалар мен органдар тұтастығы мен қызметiнiң бұзылуы.

Жарақаттанудың әрбір түрінің өз ерекшеліктері болады, олар оқиғалардың мән-жайларына ғана емес, келтірілген зақымдардың сипатына да байланысты. Мәселен, өндірісте жарақаттанғанда - жаралану, көшеде - сынық, спортта - соғып алу мен сіңірдің созылуы сияқты түрлері жайттар көбірек орын алады.

Кез-келген жарақат бiр орындағы ұлпалардың бұзылуымен қатар ағзада белгiлi бiр жалпы өзгерiстердi тудыруы мүмкін. Бұл құбылыстар орталық жүйке жүйесiнiң тiтiркенуiнен, қан кетуiнен, өмiрлiк маңызды органдардың зақымдалуынан, уланудан пайда болады. Қатты сырқырататын және қан көп кеткен ауқымды зақымдану кезiнде сырқаттың жалпы жағдайы өте тез нашарлайды. Ашық зақымдалу, немесе жара, кiлегейлi қабықша мен терi жамылғысының тұтастығының бұзылуы - бұл сыртқы жара, ал iшкi жара қан кетумен сипатталады.

Дене тәрбиесі сабағындағы жаттығулар кезінде оқушылар немесе студенттер жарақат алып жатады. Оның ішінде соғып алу, тайып кету және сіңір созылуы жиі кездеседі, сонымен қатар ісіну мен қанды ісіктер жүреді.

Жалпы әрбір спортқа тән кәсіби аурулары болады. Мәселен, балуандар қолдарын ауыртып алады, сіңірлері созылып кетеді. Футболшылар тізелерін, тобықтарын жиі жарақаттайды. Футболшыларға көбіне мениск (тізедегі шеміршектің зақымдануы) деген ауру тән. Боксшылар қатты соққыдан мидың шайқалуына ұшырайды. Ауыр соққыдан қан ұйып қалады да, мойын омыртқасына зақым келеді. Бұдан келіп, бас ішіндегі қан қысымының көтерілуі пайда болады.

Жарақаттардың себебіне қарай эндогендік (ішкі) және экзогендік (сыртқы) деп қарастырамыз. Эндогендік зақымдар адамның өз кінәсінен болады, яғни дұрыс емес әдіс қолдану, артық күш салу немесе мұқият болмау салдарынан болады. Ал экзогендік зақымдар сыртқы жағдайлар әсерінен, мысалы, құлау, бұзылған жаттығу құрылысы немесе ауа райы жағдайының бұзылуынаң әсерінен болады.

Егер адам бiр мезгiлде 2 немесе одан да көп жарықшақпен немесе ұсақ заттармен зақымданғанда ондай жараларды бiрнеше жарақат дейдi. Бұндай жағдай үлкен медициналық тексерілісті қажет етеді.

Зардап шеккен адамның жарақатын асқындырмай, оған әртүрлi медициналық көмек шараларын дұрыс көрсетiп, оның өмiрiн сақтап қалуға iс-әрекет жасайды. Сондықтан да жарақаттанған адамның өмiрi мен патологиялық процестердiң одан арғы салдары көбiнесе апат болған жердегi алғашқы көмектiң көрсетiлген уақыты мен оның сапасына тығыз байланысты.

Жарақат алған жағдайда микробтар жаралаушы затпен бiрге жараға түседi. Киiм бөлiктерi, ағаш, жердегi және ауадағы заттар жараға жанасса, оларда үлкен көлемде микробтар болады. Сол себепті алғашқы көмек кезінде гигиенаны да ескерген жөн.

Жарақаттар, микробпен зақымдалса, бұл ауру жараға инфекция түсуден пайда болады. Инфекция түскен жара бiрнеше сағат немесе күннен кейiн, бетi жабылып, жиектерi iсiнiп, қоршалған терiсi қызарады, жарада ауру бiлiнедi. Жарақат алған жағдайда инфекция түсудің алдын алып медициналық мекемеге жеткізілуі қажет, дереу алдын алмаған жағдайда спортшының спортқа деген қабілетіне зардабы тиюі мүмкін.

Сондай-ақ жаттығударды дұрыс орындау, дененің дұрыс қалыптасуына ықпалы жоғары екендігін ескерген жөн. Артық жүктеменің алдын алумау бұл - созылмалы зақымға әкелуі мүмкін. Жаттығу бастар алдында қыздырыну жаттығулары мен стречинг, жаттығу құралын тексеру міндетті.

Егер жаттығу түрі мен көлемін өз мүмкіндіктеріңізге сай дұрыс есептесеңіз, көптеген жарақаттардың алдын алуға болады.

Жарақат алған кезде алғашқы көмек көрсету

«Алғашқы көмек - адам жарақат алған кезде, адам өміріне, денсаулығына қауіп төнген кезде дәрігер келгенше немесе ауруды ауруханаға жеткізгенше тез арада көрсетілетін көмек. »

Денеден қан көп кетсе немесе ағза салқындаса, шаршап қалса, тасымалдағанда қосымша зақым келтiрiп алса, тасымалдағанда көлікпен селкiлдесе, ауруын басатын дәрi берiлмесе, адам естен танады. Мұны жарақаттық шок деп атайды. Мұндай жағдайда әуелi алғашқы көмек көрсетiп алу керек. Қан ақса, тез уақытта тоқтату керек. Егер кеуде жотасы үңiрейiп тұрса, ондай жағдайда герметикалық таңғыш салады. Ал сүйек сынса, сүйек қозғалып кетпейтiндей етiп таңады, зақымданған болса, онда ыстық кофе мен шай беру керек. Жарақат қай жерде болса да, ол түрi мен ауырлығына қарай жанға батады. Ауру қатты болған сайын зақым алған адамның хал-жағдайы нашарлайды, ауруы асқынады.

Зардап шегушiнiң ауруын азайту үшiн мына тәсiлдер қолданылады:

  1. Зардап шегушiнiң үстiн жауып, салқындап қалмауын қадағалау.
  2. Сынғанда иммобилизация жасау (жақтау қою) .
  3. Зембiлге жатқызу.
  4. Құрғақ, сұйық заттарды қолдану (полиэтилен қалтасына салынған мұз, қар, мұздай су) жүйке жүйелерiн механикалық тiтiркенуден қорғайды, iсiгiн және жарақаттың қабынуын азайтады.
  5. Дәрi-дәрмектен амидопириндi 0, 5 г., анальгиндi 0, 5-1, 0 г., ацетилсалицил қышқылын 0, 5-1, 0 г мөлшерiнде қолданған дұрыс.
  6. Тасымалдағанда ауруханаға көп селкiлдетпей, ұқыпты түрде жеткiзген жөн.

Көмек көрсетушi адам жарақаттың түрiн оның ауырлығын анықтап, тыныс жолдары мен жүрек қызметiнiң бұзылғанын ескерiп жедел шара қолдана бiлу қажет. Зақымданған адам қаны тоқтамай ағып жатса, оны тоқтатып, жарасын таңа бiлу, сынған жерiне жақтауды дұрыс қойып байлау, ауруды орнынан қозғаған кезде оны дұрыс көтерiп, тасымалдай бiлу, зардап шегушiнi қауiптi аймақтан уақытында алып кету, үстiндегi киiмiн дұрыс шешiп, көлiкке отырғыза, жатқыза бiлу, жүрекке массаж жасау және қолдан дем алдыру сияқты шараларды жүзеге асыра бiлу әр адамның мiндетi, әрi парызы. Алғашқы көмектi көрсеткен кезде жараға тиетiн нәрселер - инфекция жұқтырмас үшiн асептикалық таңғыш салады. Өйткенi, бұл таңғыш жараны микробтардан қорғайды. Жараларды сумен жууға болмайды. Оны таңар алдында айналасын иодпен немесе спиртпен тазартып сүрту керек. Содан соң жараға зарарсыздандырылған таңғыш салады. Қолда бар болса дербес пакет салған дұрыс. Таңғыш үшiн мақта мен дәке қолданылады. Бинт пен мақтадан таңғыш жасалады. Оның ылғал жұтқыш қасиетi жоғары. Қан тоқтатуға арналған дәкелер антисептикалық заттармен байытылған, мұндай дәкелер қанды 2-7 минут аралығында тоқтатады.

Жарақаттарды емдік дене тәрбиесі арқылы емдеу

Оқушылар дене-бітімінің дұрыс дамуы, денсаулығының нығаюы, жұмыс қабілетінің артуы сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына қарсы тұруға ықпал етеді. Жақсы денсаулық - адамның еңбек және қоғамның іс-әрекетке жемісті қатысуының маңызды кепілі. Оқушылардың денсаулығына қамқорлық жасауға біздің қоғамымыз мейлінше мүдделі. Сабақтарда, сабақтан тыс уақытта, спорт секцияларында дене тәрбиесін күн сайын ұйымдастырып, қолайлы жағдайлар жасау қажет.

Табиғи қозғалыстың түрлері жүгіру, қарғу, жүзу, лақтыру, шаңғы, коньки, велосипед тебу, акробатика өмірге қажетті дағды және іскерліктерді қалыптастырады. Жас адамдардың денесі түрлі жаттығулар көмегімен ширап, дамиды. Сондықтан күш, жылдамдық, төзімділік, икемділік сияқты адам қабілетін дамыту оқушылардың қозғалтқыш тәжірибесін байытады, дене қозғалысын үйлестіреді.

Дене тәрбиесі саласында ырғақ, жеке гигиена, дене шынықтыру мәдениеті, туризм, спорт ерекше орын алады.

Дене тәрбиесі ең басты күн тәртібін, яғни, еңбек, демалыс, тамақтану, ұйқы, бос уақыт ырғақтарын дұрыс ұйымдастыруда талап етеді. Күн тәртібін тиімді пайдалану балалардың ақыл-ойы мен дене құрылысының дұрыс дамуына, денсаулығын сақтауға көмектеседі.

Күн тәртібін бұзбау міндет. Тәртіп дегеніміз - демалыс, тамақтану, жеке гигиена және күн мен түннің пайдалы сәттерін маңызды, мазмұнды қолдану. Мектепте дене тәрбиесін мұғалім, сынып жетекшісі, тәрбиеші басқарады. Олардың жұмысының мазмұны:

  • шәкірттерге оқу, еңбек және демалыс ырғағын ұтымды пайдалануды үйрету, оқушылардың денсаулығын үнемі бақылау, жұмыс қабілетін жаңсарту, оларға жағдай туғызып, қамқорлық жасау.
  • оқу күні және оқу жылы бойында қозғалыс жасау, қозғалтқыш әрекетке үйрету және қозғалтқыш сапаларын дамыту, дене шынықтыру және сауықтыру жұмысын тиімді өткізу.

Дене тәрбиесін мектепте және мектептен тыс оқу орындарында спорттық базаларда іске асыру үшін төмендегі талаптарды еске алған жөн:

  • оқушылардың бойында жоғары адамгершілік сапаларын тәрбиелеу.
  • шәкірттің денсаулығын нығайту, жұмыс қабілетін көтеру.
  • спортпен шүғылдануға оқушылардың тұрақты қызығуын және қабілетін дамыту.
  • негізгі қозғалтқыш сапаларын дамыту.

Дене тәрбиесінің мазмұны, міндеттері және формалары әрбір мектептердің жағдайларына байланысты дене шынықтыру және сауықтыру жұмысының жүйесін жасауды қажет етеді.

Дене тәрбиесінің негізгі құралдарына дене жаттығулары, гимнастика, ойын, туризм, спорт, табиғи факторлар жатады.

Дене жаттығулары - бұл саналы түрде орындалған қимылдар және қозғалтқыш әрекеттер. Дене жаттығулары бұлшықет жүйесін, қан айналымын және тыныс алу мүшелерін дамытады.

Гимнастика. Түрлері: негізгі және гигиеналық гимнастика, спорттың гимнастика, акробатика, көркемдік гимнастика, өндірістік гимнастика және емдік гимнастика.

Ойын оқушыларды жылдамдықда, төзімділікке тәрбиелейді.

Дене тәрбиесінің міндеттері:

- денсаулықты нығайту және шынықтыру, дененің дұрыс өсіп-жетілуіне және ағзаның жұмыс қабілетін арттыруына әсер ету;

- қимыл дағдылары мен іскерліктерін қалыптастыру және жетілдіру;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аса қауіпті жарақат
Дене тәрбиесі жүйесінің қағидалары
ДЕНЕ ТӘРБИЕСІНІҢ ЖҮЙЕСІ ТУРАЛЫ
Жара және жараны жазушы таңғыштар
Түйежантақ өсімдігінің дәрілік және мал шаруашылығындағы маңызы
Профилактикалық антисептика
ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ ХИРУРГИЯ-2 ПӘННІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАРЫ
Зардап шеккендерді жедел көмек көлігімен тасымалдау
Асептика және антисептика. Хирургиялық инфекция
Массаж терапиясы түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz