Алаш тарихы


Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
жаратылыстану факультеті
физика кафедрасы
БӨЖ
Тақырыбы:Алашорда үкіметінің құрылуы
Қабылдаған: Абдраманов Е.
Орындаған Жаңбырбаева Н.
Тобы: ЖФИ-912
Түркістан 2020
Жоспар
- Кіріспе
- Негізгі бөлім
- Алаш үкіметінің құрылуы туралы шолу жасау
- Алаш тарихы
- Ұлы зиялылар
- Қорытынды
- Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе:
Алаш туы астында
Куә болсын Арымыз!
Көркейтуге Алашты
Құрбан біздің жанымыз! - деп Сұлтанмахмұт Торайғыров атамыз өткен ғасырдың басында Алаш қозғалысы жайлы жырлаған болатын. Қазақ тарихының беттерін қарап отырсақ, ұлт тарихын, халық қамын жете ойлаған Алаш арыстары қызыл империяға қарсы қаймықпай күресіп, тәуелсіздік үшін жандарын құрбан еткен болатын.
Қазактың сан гасырлык тарихынын ен жаркын беттерін жазған Алаш
Қозгалысы тарихи саяси айрықша құбылыс ретінде ұлтымызыдын мәдени рухани даму жолын жана арнаға бұрғаны сөзсіз. Себебі ол Қазақ баласының саясат, мәдениет сатысына көтерілгендігн айғақтай отырып, ұлт ретінде дербес өмір сүруге, өзге мемлекеттермен терезесі тең халық ретінде азат күн кешуге болатынына халықты сендіре алатын қозгалыс болды. Қозғалыстың қарқыны мен жанашылдығы - қазақ елі үшін қиын қыстау сәтте азаттық ұранын салып, іс жүзінде дербес мемлекет құруға бел байлап кірісуінде еді. Сонау қиын қыстау кезеңде амал тауып, халқынын басын қосып, ертеңгі күніне сенім білдірген осындай ұлы топ бұл кезге дейін болмағаны тарихымыздан белгілі. Олар сол кезеңдегі кездескен қиындыктардын барлыыгын жене білді, түпкі мақсатқа жету үшін қандайц да болмасын оңтайлы шешімдерді таба білді. Алаш қозгалысы совет өкіметі тарапынан теріс болғанымен, оның идеялары ұлтжанды азаматтардың жүрегі мен санасында өмір сүріп келді. Оның бұлтартпас айғағы, мысалы - тәуелсіздіктің қайтадан жаңа күшпен жаңғыруы.
Ес жиып, етек жапқан бүгінгі күнде алаштық идея саналы қазақ баласын, қазақ азаматын қаитадан баурап алу үстінде. Мұның басты себебі Алаш қозғалысының ен ұлы мақсаты - ұлттық тәуелсіз мемлекет құру идеясымен сабақтасып жатқанында еді. ХХ ғасырдын басында ұлтының тендігі үшін қауымдасумен де, қарумен де, қаламмен де күреске түскен Алаш қайраткерлерінін бағалы еңбегі Алаш баласынын есінен еш кеткен емес. Оның дәлелі - тәуелсіз Қазакстанның барлық жеріндегі қазақ зиялы қауымының ісіндегі, ойындағы алашшылдық сана. Бұл алашшылдық сана уақыт өткен сайын қазіргі қазақ қоғамында терендей түссе, халкымыздын ұлттық өресі де биік бола бермек.
Алаш зиялыларының Қазақ жерінде ұлттық идеяны негіздегені жайлы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің Тарих толқынында кітабынын Алаш мұрасы мен осы заман атты таруында: ХХ ғаасырдын басында ұлттық бірлікті ныгайту идеясын алға тартқан рухани зерделі игі жақсылар қазақтың ұлттык идеясын жасау міндетін өз мойнына алды. Олар қогамнын әр түрлі тарабынан шыққан, әрі ең алдымен дәстүрлі дала ақсуйектерінің өкілдері еді. ХХ ғасыр басындағы қазақ қоғамында зиялы қауым қалыптасуының ұрпақтар эстафетасы сияқты сипаты болғанын атап айтқан абзал - деп көрсеткен болатын.
Алаш қозғалысымен бірге, мысалға оның көрнекті қайраткерлері Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Әлихан Бөкейханов, Мұхамеджан Тынышбаев, Базарбай Мәметовтің, Айдархан Тұрлыбаевтың, Сейілбек Жанайдаровтың, Әлжан Байғориннің, Садық Аманжоловтың, Мұқыш Боштаевтың, Ережеп Итбаевтың, Әзімхан Кенесариннің да ұлт пен тарих алдындагы еңюектерңне лайықты баға беру, құрмет көрсету - біздің тарихи жадымыздың беріктігі мен адалдығының айғағы деп оилаимын.
Есімдері аталмаған қаншама азаматтар ХХ ғасыр басындагы отаршылдық кезінде халқы үшін бастарын бәйгеге тікті. Олар сол ерлік істеріне марапат алмақ түгілі, жеке бастарына қауіп төндіріп алды. Кеңес үкіметінің зымиян саясаты бастапқыда ыдырату мақсатында Алаш қайраткерлерін бауырына жақын тартқандай болып, тәртібі күшейгенде оларды қуғын- сүргінге ұшыратты. Алаштың атымен ұлы іс бастаған оның қай тұлгасы да құрметпен марапатқа абден лайық. Біздің құрметіміз бен марапатымыздың белгісі - олардың халық алдындағы еңбектерін бағалау, оны ұрпақтын рухани ұйытқысына айналдыру. Бұл, түптеп келгенде, өзіміздін ұлттық санамызды калыптастыру, ел алдындагы парызымызды орындау, ұрпагымызга ұлағат дарыту болмақ.
Еліміздін тәуелсіздігі тарихымызды түгелдеуге, рухани болмысымызды бүтіндеуге кен мүмкіндік ашып отырған кезеңде ұлт ретінде қалыптастыру жолында терен ғылыми ізденістерді қажет етуде. Әрине, бұл Алаш қозғалысын зерттеуге де тікелей қатысы бар. Алаш қозгалысынын қазақ баласына, адамға, тұлғаға, содан кейін әлеуметке деген көзкарасын дәйектеуіміз керек. Алаш қайраткерлерінін қаламгерлерінін енбектерімен танысқанда, олардың ой пікірлеріндегі гуманистік ансарды анғармау мүмкін емес. Әр бірден соң, қозгалыстын өзі - адамға, ұлтқа деген жанашырлықтан туған әрекет.
Ұлттың еркіндігі мен азаттығы, оны құрайтын жеке адамдардың бақыты мен теңдігі ұранын көтерген қозғалыс - білімі кемел, ой өрісі кең, мәдениеті жоғары, адам мен қогамнын мәселелерін жетік білетін, ұлтшыл ғана емес, гуманист азаматтардын белсенділігінен туғанына күмән келтірмесек, онда бұл тарихи саяси құбылыстын діңгегі- елжандылык пен адам сүйгіштік екендігіне шүбә келтірмегеніміз жөн.
- 1917 жылы шілденің 21-26-сында Орынбор қаласында өткен бірінші бүкілқазақтық сьезде Алашорда үкіметі құрылды.
Сөз жоқ, Алаш үкіметінің құрылуы (дәлірек айтқанда - бірінші сьезде партия деп жариялау ) қазақ халқы өміріндегі елеулі оқиға болды, өйткені ол тұңғыш ұлттық саяси ұйым еді. Алаш 1917 жылдың жазында қалыптасқан жағдайда халықтың келешек тағдырын анықтауға тікелей қатынасы бар жалпыұлттық мәселелерді саяси күрестің күн тәртібіне қойып, оларды шешу жолында айтарлықтай қызмет атқарды. Бұл ең алдымен партияның программасының жобасын дайындаудан, қазақ ұлттық мемлекетін құру ісіне белсенді түрде кірісуден, қазақ қауымынан Құрылтай жиылысына депутаттар ұсынып, оларды сайлау ісіне қажырлылықпен ат салысудан аса айқын көрінді. Бұл әрекеттердің барлығы 1917 жылдың екінші жартысында жасалды. 1917 жылғы шілде айынан бастап Алаш партиясы сол кездегі мүмкіндіктер аясында саяси күреске белсене араласа бастады. Бұл күрестің түпкі мақсаты қазақ халқын отарлық езгіден құтқару мен буржуазиялық үлгідегі оның мемлекеттігіне қол жеткізу болды. Басқа сөзбен айтқанда, Алаш қоғамдық-саяси қозғалысының көсемдері сан ғасырлар бойы Россия империясының отары болып келген Қазақстанды тар шеңбердегі таптық тұрғыдан емес, керісінше жалпыұлттық мақсат-мүдделер негізінде дербес ел етуге ұмтылды. Осы еңбектің “Кіріспесінде“ айтылғандай, 20-30 жылдардағы әдебиетті былай қойғанда, соңғы 3-4 жылда осы тақырып бойынша жарық көрген еңбектердің өзінде Алаштың әлеуметтік тегі туралы мәселеге байланысты ортақ тұжырым қалыптасқан жоқ. Зерттеулердің бірі Алаш ұсақбуржуазияшыл партия десе, екіншісі либералдық-байшылдық пен ұсақбуржуазиялық демократиялық партия деп бағалады, ал үшіншісі Алашты партия деуден гөрі қоғамдық-саяси қозғалыс деп анықтауды жақтайтының білдірді. Алаштың басты идеологиясы отарлыққа қарсы бағытталған жалпыұлттық идеядан туындады. Сондықтан да Алашты Қазақстанды капиталистік қатынастарға ыңғайлауға тырысқан, негізінен ұлттық интеллигенция өкілдерінен тұратын, идеологиясы отаршылдыққа қарсы бағытталған ұлттық-демократиялық саяси ұйым деп анықтауға болады.
Cөз жоқ, бірінші жалпықазақ сьезінде Алаш партиясының құрылғандығын жариялау оның дәстүрлі ұғымдағы саяси партия болып қалыптасуының алғашқы және аса маңызды қадамы болды. Алайда ол өзінің бірнеше айларға созылған қысқа ғұмырында шын мәніндегі саяси партия ретінде қалыптасып үлгермеді. Ол құрылған 1917 жылдың шілде айында оның нағыз саяси партияға тән Жарғысы да, Бағдарламасы да болған жоқ. Оның мүшелеріне партиялық билеттер берілгендігі жөнінде де архивте сенімді деректер кездеспейді. Осы күнге дейін Алашқа мүше болғандардың саны туралы айтылып және жазылып жүрген мәліметтер тек жорамалдар ғана. Шын мәнінде нұсқау беретін қалыптасқан партия болған жоқ. Тек қана Құрылтай депутаттағына кандиданттар осы партияның атынан
ұсынылды, бұдан басқа партия тарапынан жасалған әрекет болған емес. Сондықтан да Алаш партиясы көпшілікке кең танылған Алашорданың көлеңкесінде қалды. Алашорда үкіметінің өмірге келуіне тікелей себепші болған жағдай Уақытша үкіметтің басқа да шет аймақтардағыдай Қазақстанда да ұлт өміріне қатысты ең өзекті мәселелерді шеше алмаған әлжуаз, тұрақсыз саяси билікке айналуы, оның арты бүкіл империяны қамтыған анархия, зорлық пен зомбылыққа ұласуы еді. Қазақ облыстарында асқынған жер мәселесін шешуге бағытталған әрекеттің болмауы, атты казак әскері, қарулы солдат пен қоныстанушылардың панасыз жергілікті халық үстінен жүргізген озбырлығының өрши түсуі соның айғағы болатын.
2) Алаш тарихы - отандық ғылым үшін қазақпен бірге жасайтын мәңгілік тарих. Ұлтының мәңгілігін, қамын ойлаған ұлы азаматтардың жүріп өткен жолын, ерлікке татитын еңбектерін бағалау - есі бар ұрпақтың жадынан өшпейтін қастерлі борышы, парызы деп білемін. Бұл бағытты бірнеше ізденістер жасалды. Әсіресе К. Нұрпейісовтің, Ғ Ахмедовтің, Р Нұрғалидың, М. Қойгелдиевтің, Т. Омарбековтің, Т Жұртбай,
М Әбдешовтің, Ә Қараның, Д Аманжолованың, А Махаеваның, К Ілиясованың, Қ Сақтың тағы да басқа еңбектері - алаштануға қосқан қомақты үлестер . Алаш тарихы, әлбетте, сан тарапты зерттеулерді қажет етеді десекте, біздің ойымызша, қазіргі кезеңде Алаш қозғалысының мәнің және идеясын халық санасына сіңіру - қазақ қоғамы үшін аса көкейтесті мәселелердің бірі болып отыр. Өйткені Алаш қозғалысының идеялары - ұлтымыз үшін ең қасиеттті, ең қымбат
Кұндылык - тәуелсіздігімізді нығайтумен сабақтасып жатыр.
Алаш идеясы - ұлтты біріктіруші, тутастырушы идея ретінде кашан да казакпен бірге жасайды десек, онда слол орасан зор максатты орындау үшін казактың тілі мен мәдениеті, өнері, әдебиеті, тарихы мен салт-дәстүрі, айналып келгенде, казакты ел ететін, мемлекет ететін, рухани олжасы Казакстанда айрыкша орынга ие болу керек. Сонда гана ұлттығымызды әлемге әйгі ететін, жасампаздығымызды жаханға жариялайтын тұрпатымыз бен тұлғамыз айқын көрінбек.
Тагылымды істі аманат ретінде кабылдау - алаш баласының әуелгі касиеті, дәстүрлі жоралгысы десек, Алаштын жолы, Алаш қайраткерлер
Қалыптастырған улттык санамызды жангырту сапары - бүгінгі тәуелсіздігімізді тұғырлы етер биік ұстанатындардын бірегейі болатынын естен шығармағанымыз абзал деп ойлаймын.
3) Ұлы зиялылар
Әлихан Бөкейханов (1866-1937 ) - Алашорда үкіметінің төрағасы, аса көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ғалым, публицист, аудармашы.
Санкт-Петерьургтегі орман техникалық институтының экономика факультетін бітірген. Бітіргеннен соң Омбы орман шаруашылығы училищесінде ғылыми қызметпен айналысқан. 1917 жылы Ә Бөкейханов Қазақстан бойынша Уақытша үкіметтің комиссары болып тағайындалады.
Алаш ұлттық саяси партиясын құрып, 1917 жылы желтоқсанда екінші бүкілқазақтық төтенше құрылтайда оның бастамасымен Қазақ автономиясы - Алашорда жарияланды. Әлихан Бөкейханов және сол кезеңде қазақтың зиялы қауымының басқа өкілдері жетекшілік жасаған Алаш пен Алашорда Қазақстандағы бірқатар мәселелерді шешу жолдарын анықтауда ұлттық-тұтастық және халықтық бірлік принциптеріне сүйенген болатын. Аталған мәселелерді шешуде бұл принциптер большевиктерге қарама-қарсы еді. Сол себепті де Алашорда үкіметінің басшылығы Совет өкіметінің идеялары мен іс-әрекеттерін қабылдамады, оларға қарсы шықты делінген деректерде. Әлихан Бөкейхановтың басты мақсаты қазақ елінің дербес мемлекетін құру еді.
Өмірінің соңғы жылдарын Мәскеу қаласында өткізген, 1937 жылы атылды.
Ахмет Байтұрсынов (1873-1938 ) -қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалыс жетекшілерінің бірі де бірегейі, ақын, ағартушы, түркітанушы,
Ғалым, публицист, қазақ халқының өмірінде ойып тұрып орын алар қоғам қайраткері десем артық аитпаған болар едім. Торғай орыс-қазақ училищесінде, Орынбор мұғалімдер семинариясында оқыды, ауылдық мектептерде ұстаздық етіп, балаларға білім беруден жалықпады. Ахмет Байтұрсынов Алаш партиясы басшыларының бірі болды, Қырғыз Қазақ өлкесі Әскери-революциялық Комитетінің мүшесі болып қызмет атқарған.
Қазақ АКСР-ін құруға үлкен үлесін қосты және де әдебиет саласында бірқатар еңбектер жазды, бірінші қазақ әліппесінің авторы атанды.
Өкінішке орай 1937 жылы ату жазасына кесілді.
Міржақып Дулатов (1885-1935 ) -Алаш қозғалысының қайраткері, педагог, қазақ ақыны, жазушы, қоғам қайраткері. Міржақып Дулатовтың өмірі мен шығармашылығы Алаш партиясы мен Алашорда үкіметімен тығыз байланысты. Ол Алаш партиясы мен Алашорда үкіметінің бағдарламалық құжаттарын дайындауға қатысып, Ахмет Байтұрсыновпен бірге құқықтық мемлекет қағидаларын жасады. Ол халық тарихында бірінші рет ашыққандарға көмектесу қорын ұйымдастырды. Қазақ мемлекеттік университетінде ұстаздық етіп, қазақ халқына, өміріне үлкен еңбек сіңірген. 1928 жылы Міржақып Дулатов тұтқындалып, 10 жыл бас еркінен айыруға үкім етілді. Екі жыл өмірін түрмеде өткізіп, соңынан Соловецк лагеріне жер аударылады, содан 1935 жылы 5 қазанда дүниеден озады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz