Пән Интернет технологиялары


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті
Бағдарламалық қамтамасыз ету кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырып: «Торғай даласы» туралы парақша жасау
Пән «Интернет технологиялары»
Мамандығы 5В070400 - Есептеу техникасы және бағдарламалық
қамтамасыз ету
Орындаған: Ерман Ж. Т., 2 курс күндізгі бөлім студентіҒылыми жетекші: Галиханов С. Г., аға оқытушы
Курстық жұмысты қорғау
болған күні ___ 2020 ж.
бағасы
Қостанай, 2020
А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті
Бағдарламалық қамтамасыз ету кафедрасы
Мамандығы: 5В070400 - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
Оқу нысаны және бағдарламасы: негізгі, күндізгі
Курс: 2
Курстық жұмысты орындау үшін тапсырма
Студент Ерман Жанболат Темірәліұлы
Тақырып: «Торғай даласы» туралы парақша жасау
Мақсаты: Заманауи бағдарламалау технологиясын қолданып «Торғай даласы» туралы парақша жасау
Әзірлеуге (зерттеуге) арналған негізгі сұрақтар:
- интернет технологиясының дамуымен танысу;
- осы тақырыпқа байланысты мәселелерге шолу жасау;
- торғай тарихы даласы туралы оқу материалдарын жинау;
- интернет ресурстың қолданушы парақшаларын жобалау;
- php javascript тілдерін тереңірек меңгеру.
Негізгі әдебиет: (қосымшаға сәйкес)
1 Котеров Д., Костарев А. РНР. В подлиннике. - СПб. : БХВ-Петербург, 2015. - 1120 б.
2 Шафер С. HTML, XHTML и CSS. Библия пользователя. 5 изд. - М. : Диалектика, 2014. - 656 б.
3 Шмитт К. Рецепты программирования CSS. Cookbook. - СПб. : БХВ-Петербург, 2017. - 656 б.
4 Мамаев Е. МySQL Server. Проектирование и реализация баз данных. Сертификационный экзамен. - СПб. : ВНV, 2019. - 416 б.
Курстық жұмыстың көлемі : 20 беттен кем емес
Курстық жұмысты жасау барысындығы жетекшіге баяндама уақыты :
- Жиналған материалдар туралы баяндама__ 2020 ж.
- Курстық жұмысты жазу туралы баяндама__ 2020 ж.
Курстық жұмысты тапсыру уақыты __ 20__ж.
Курстық жұмыс жетекшісі Галиханов С. Г.
__ 20__ж.
- Қазіргі web-технологиялардың дамуы . . .
- Торғай даласы сайтына ұқсас сайттарға шолу жасау . . .
Мазмұны
Кіріспе
Қазақ даласындағы жер-су атаулары біздің тарихымыз, ұлттық жадымыз екені белгілі. Жер-су аттары кез-келген елдің тарихын, болмыс тіршілігін, шаруашылығынан, салт-дәстүрінен хабар береді. Жалпы Торғай өлкесін алып қарасақ өте үлкен аймақ батысында Оңтүстік Орал мен Мұғалжар тауларының шығыс сілемдеріне, Шығысы мен Солтүстігінде Сарыарқа мен Батыс Сібірге оңтүстігінде Сарысу мен Арал маңы ойпатына жалғасады. Бұл өлкеге Торғай үстірті, Торғай аңғары, Торғай бұғазы, Торғай даласы деп аталатын аймақтар кіреді. Біз осылардың ішінен Торғай даласын оның тарихын, ескерткішін, табиғатын, ұлы тұлғаларын сөз етпекпіз. Торғай даласы географиялық жағынан алғанда Қостанай облысының Жангелдин, Амангелді аудандары, Арқалық қаласының, Ақтөбе облысының Ырғыз ауданының жерлерін алып жатыр. Бұл аймақтан ежелден атақты батырлар, арқалы ақындар, қоғам қайраткерлері, көрнекті дін басылар шыққан. Торғай даласы қай кезде де таланттарға кенде болмаған болмаған. Табиғат ерекшеліктеріде жетерлік. Бір қарағанда Торғай аймағының табиғаты біркелкі болып көрінеді. Әсіресе ұзақ жол бойы, қаншама жазық даланы көргенде, осындай ойға қаласың. Десек те, осы біркелкі кең даланың таңғажайып тұстары мен шұрайлы аймақтарын кездестіруге бірнеше ондаған шақырым жеткілікті болып жатады.
Курстық жұмыстың тақырыбы - «Торғай даласы» туралы парақша жасау
Курстық жұмыстың мақсаты: Заманауи бағдарламалау технологиясын қолданып «Торғай даласы» туралы парақша жасау
Курстық жұмыстың міндеттері:
- интернет технологиясының дамуымен танысу;
- осы тақырыпқа байланысты мәселелерге шолу жасау;
- торғай тарихы даласы туралы оқу материалдарын жинау;
- интернет ресурстың қолданушы парақшаларын жобалау;
- php javascript тілдерін тереңірек меңгеру.
Курстық жұмыс Web сервер ортасында және Php, Javascript бағдарламалау тілдерінде және графикалық бағдарлама Adobe Рhotoshop көмегімен жасалды. Себебі, Web сервер ортасында жұмыс істеу өте ыңғайлы. Бұл орта қолданушыға оңай және қолданушыға түсінікті бағдарлама жазуға мүмкіндік береді.
Барлық аталған мүмкіндіктерді тәжірбиеде бекіту және қолдану мақсатында Web сервер ортасында Php, Javascript тілдерін пайдаланып «Торғай даласы» сайты құрылады. Web технологиялар тілі ретінде ерекшеліктері және сұранысқа иелігі ескеріле отырып, Php, Javascript тілдері таңдалды.
Курстық жұмыс 3 бөлімнен тұрады. аналитикалық бөлім, жобалық бөлім, тәжірибелік бөлім және қорытынды.
Аналитикалық бөлімінде қазіргі веб технологиялардың дамуы мен сайттарға аналитикалық талдау жасалған туралы ақпарат берілген.
Жобалық бөлімінде өз кезегінде 2 тармақтан тұрады: қолданылатын бағдарламалық жабдықтар, бағдарламаның логикалық сипаттамасы.
Тәжірибелік бөлім, қолданушыға көмек бағдарламаны қолдануға нұсқағыштар берілген.
1 Аналитикалық бөлім
- Қазіргі web-технологиялардың дамуы
Дүниежүзілік ақпараттық желі (World Wide Web толығырақ Web ) пайда болған кезінен бастап өлшесек біраз тарихы бар. Web-тің пайда болған жылы 1992 жыл болып саналады, ал негізін қалаушы Tim Berners-Lee болды, ол жаңа желілік технологиялар мен өзінің тәжірибесін пайдалана отырып, Web-ті Internet компьютерлік желілерінің дүниежүзілік желісінде ақпаратты таратудың жағымды және ыңғайлы құралы ете алды (Internet 60-шы жылдардың ортасынан бастап бар) . Web ғаламшар бойынша өзінің қарқынды дамыған кезеңі 1993 жылы болып есептелді, бұл кезде Mark Andressen Иллинойс университетінің студенттер тобымен бірге, Web-беттерді көруге арналған тегін таратылатын Mosaic бағдарламасын әзірледі. Ал, болашақта не болғанын өздеріңіз білесіздер немесе сіз өзіңізден Internet-ке тәуелділік белгілерін таппайсыз ба? HTML гипермәтін белгілеу үшін желілік ортаға кейбір деректерді белгілеу функцияларын көшіру арқылы SGML таңбаларының қуатты тілі негізінде әзірленген. Web-технологиялардың дамуымен, Web-жаңа сервистермен және мүмкіндіктермен қанығумен қатар гипермәтін белгілеу тілі де дамыды. HTML стандарты пайда болған сәттен бастап көптеген өзгерістерге ұшырады, олардың соңғысы 1999 жылдың 24 желтоқсанында W3C консорциумы жариялаған HTML 4. 01 ерекшелігі.
Web технологияның мәні мен құрамдас бөліктері:
Сонымен Web технологиясының базалық элементтеріне тоқтала кетсек: Internet-бұл TCP / IP протоколы бойынша өзара әрекет ететін әр текті компьютерлік желілердің Бүкіләлемдік желісі. Web түрлі ақпаратты жаппай таратуға арналған Internet қосымшаларының бірі болып табылады (электрондық поштамен, жаңалықтармен және басқа да электрондық сервистермен қатар) . Web-дегі ақпаратты тасымалдау үшін мәтін, кесте, Web-беттер, мультимедиа элементтері және басқа Web немесе Internet ресурстары қызмет етеді. Web-беттердің гипермәтінін Internet-ке жіберу үшін арнайы әзірленген HTTP (Hyper Text Transfer Protocol) протоколы қолданылады. Web-беттерді әзірлеу үшін HTML (Hyper Text Markup Language) гипермәтінінің арнайы тілі қолданылады. Web-беттерді көру үшін арнайы клиенттік Web-браузер бағдарламасы қолданылады. Web-браузер терезесінде гиперсілтеме бойынша навигация кезінде алынған Web-беттен HTML тілін интерпретациялау нәтижелері көрсетіледі.
Web-технологияның мағынасы - бұл ең алдымен интеграционалдық технологиясы екені болып анықталады. Web-технологиялардың қызығушылығы - адам мен компьютер арасындағы ақпаратты жеткізу құралы ретінде көбінесе әмбебап интерфейс анықтайды. «Веб-технологиялар» HTML жұмыс негіздерімен, CSS стильдерімен, РНР және JavaScript бағдарламалау тілдерімен жұмыс істеуіне басты назар бөлініп отыр.
Бүкіл әлемдік ғалам тордың негізі - HTML - Hyper Text Markup Language гипермәтіннің белгілеу тілі болып табылады. Ол құжаттың (веб-беттің) логикалық (мағыналық) белгілеу үшін қызмет етеді.
Веб-беттегі мазмұнының бейнеленгенді басқару мақсатымен (CSS) стильдердің каскадты кестелері арналған. Көбінесе CSS белгілі мәтіндік Word процессорінде қолданылатын стильдерімен ұқсас болып келеді.
Веб-беттерге динамизм (шығатын мәзірі, анимация) беру үшін скрипттерді жазылу тілдері қолданылады. Бүкіл әлемдік ғалам торда стандарттық скрипттік тілі JavaScript болып табылады. JavaScript тілінің ядросы ECMAScript болып табылады.
HTML, CSS, JavaScript тілдерінің көмегімен қанша керек болса да күрделі веб-сайттарды құруға болады.
PHP (Personal Home Page) - сценарийлерді құру серверлік тілі. PHP алғашқы версиясын 1994 жылы Расмус Лердорф құрып, ол Web-беттеріне келіп кетушілерді бақылау үшін құралдардың жиынтығытүрінде болды. Бүгінгі таңда бұл бағдарламалаудың нағыз қуатты тілінің бірі, оның атауы PHP HyperText Preprocessor (гипермәтіннің PHP репроцессоры) рекурсивтік құрылым ретінде өзгертілді.
Веб-технологиялар - Интернет желісін қолданып пайдаланушылармен бірге жұмыс істеуді ұйымдастыру есептерін шешудің техникалық, коммуникациялық, программалық әдістер кешені. Web-технологиялардың өзін ақпаратпен жұмыс істеу концепциясы деп алуға болады. Оның мынадай ерекшеліктерін бөліп қарастыруға болады:
Web-технологиялардың техникалық негізі - локальды және глобальды желілер, көбіне интернет болып табылады.
Клиенттердің ерекше типін пайдалану: web-браузерлер;
Ақпараттық көздердегі өзгерістер публикацияларда бірден бейнелене алады;
Ақпаратты тұтынушылар саны шектеусіз;
Публикацияларда басқа публикацияларға берілген сілтемелер орны мен материалдар көзіне тәуелсіз түрде беріле алады;
Іздеу машиналардың белсенді жұмысы;
Контентті беру мен тираждау тегін.
Web-технологиялар ақпаратты жеткізу құралы ретінде адам мен компьютер арасындағы әмбебап интерфейс болып табылады. Әр адамға жазбалар, тақырыпшалар, сілтемелер мен картинкалар ұғынықты. Веб-интерфейс ақпаратты алу құралы ретінде түсінікті. Интернеттің коммуникациялық арна ретінде кең ауқымды пайдаланылуы веб интерфейстің қарапайым екендігін көрсететіні даусыз. Браузер - веб-беттерді көруге арналған программа. Браузерлер - казіргі компьютерлер жабдықталған проограммалар. Кең тараған браузерлер: Internet Explorer, Firefox, Opera, Safari, Chrome.
Web технология-жаһандық компьютерлік желі бүгінгі күні барлық мүмкін болатын ақпарат орналастырылған миллиондаған сайттарды қамтиды. Адамдар Internet технологиясын пайдалану арқылы осы ақпаратқа қол жеткізеді. WWW навигация үшін арнайы бағдарламалар - Web-браузерлер қолданылады, олар шексіз www кеңістігіне саяхат жасауды жеңілдетеді. Web-браузердегі барлық ақпарат www байттарының негізгі элементі болып табылатын Web-беттер түрінде көрсетіледі. Web-беттер мультимедиа технологиясын қолдай отырып, әр түрлі ақпарат түрлерін біріктіреді: мәтін, кесте, дыбыс, анимация және бейне. Сол немесе басқа Web-беттің қаншалықты сапалы және әдемі жасалғанына оның желідегі жетістігі көп жағдайда байланысты. Пайдаланушы стильді безендіруі бар, шамадан тыс графикамен және анимациямен ауырлатпайтын, тез жүктелетін және Web-браузер терезесінде дұрыс бейнеленетін Web-беттерге кір ыңғайлы болып келеді . Сапалы Web-бетті жасау оңай емес, бұл үшін әдемі және стильді безендіру үшін дизайнердің дағдылары ғана емес, сонымен қатар бағдарламалау тәжірибесі қажет.
- Торғай даласы сайтына ұқсас сайттарға шолу жасау шолу
Қазіргі таңда көптеген елді - мекендердің жеке ақпараттық сайты бар. Көріп отырғандарыңыздай төменде сол бірнеше елді - мекен сайттарының тізімі берілген. Түрлі мәліметтерді жинақтай отырып осы берілген елді - мекен сайттарына салыстырмалы талдау жасаған болатынбыз.
- Tobol - Torgai порталы
- Түркістан облысының ресми туристік ақпараттық порталы
- Қазақстан тарихы порталы
Төменде 1- суретте Tobol-Torgai елді-мекенінің ресми порталы көрсетілген. Сайт негізінен мынадай бөлімдерден тұрады: Таным, тарих, тұрмыс, тұлға, сияқты бөлімдері бар. Таным бөлімінде біз Торғайдың белгілі тұлғаларын, ескерткішін, қазынасын, табиғатын тани аламыз. Ал тарих бөлімінде Tobol-Torgai өңірінің тарихымен танысамыз. Тұрмыс бөлімінде осы елді - мекеннің тұрмыс тіршілігін көре аламыз. Тұлға бөлімінде біз осы өңірден шыққан ұлы тұлғаларын, атақты батырларын, Оян қазақ деп шырылдаған ақындарын, Алаш деп ұрандаған қазақ зиялыларын көре аламыз.
Сайт РHP, HTML, JavaScript, CSS, бағдарламалау тілдері ортасында жасалған. Сайт барлық талаптарға сай орындалған.
Tobyl-Torgai. kz - Мемлекеттік тілді дамыту қоры ұйымдастырған Қазақстандағы үздік интернет сайт байқауын жеңіп алған.
1 сурет - Tobol-Torgai ресми порталының негізгі интерфейсі
Төмендегі 2-суретте Түркістан облысының ресми туристік ақпараттық ресми сайты көрсетілген. Сайт негізінен мынадай бөлімдерден тұрады: Біз туралы, көрікті орындар, демалыс орындары, жаңалықтар сияқты бөлімдері бар. Бұл бөлімдердің өзіде бірнеше пункттардан тұрады. Мысалы біз туралы бөлімінде: географиясы, гидрографиясы, климаты, Түркістан туралы, мәдениеті, әдеп-ғұрпы, музыка, ұлттық тағамдар деген қатардан тұрады. Ал көрікті орындар бөлімінде: экологиялық туризм, танымдық туризм, емдеу-сауықтыру туралы хабардар етеді. Демалыс орындары бөлімде: демалыс орындары көрсетілген. Мысалы: Сауықтыру комплекс “Бастау”, Таудағы шипажай “ALMA TAU”, “Жерұйық-Машат” сияқты демалыс орындарын көре аламыз.
Жаңалықтар бөлімінен біз Түркістан облысының ресми туристік ақпараттық порталының ішік және сыртқы қоғамдық тыныс тіршілігімен хабардар болуға болады.
2 сурет - Түркістан облысының ресми туристік ақпараттық порталы негізгі интерфейсі
Төмендегі 3-суретте Қазақстан тарихы ресми сайты көрсетілген. Бұл сайттың мынадай бөлімдері бар: Қазақстан тарихы, ұлт көшбасшысы, киелі Қазақстан, жаңалықтар. Қазақстан тарихы бөлімінде біз Ежелгі Қазақстан тарихынан бастап қазіргі Тәуелсіз Қазақстан жайлы толыққанды мәлімет ала аламыз. Ал ұлт көшбасшысы бөлімінде біз Н. Ә. Назарбаевтың өмірбаянын, еңбектерін, халыққа жолдауларын көреміз. Киелі Қазақстан бөлімінде қазақтың салт-дәстүрін, ұлы дала халқының сан ғасырлық тарихын, текті тұлғаларын, халық батырларын, дала мәдениетінің жауһарын, Сауранның кәріздерін, тарихы терең Түркістанды, тарихы тылсым Қарқаралыны, Торғай геолифтерін көре аламыз.
Жаңалықтар бөлімі бізді тарих жаңалықтарынан, сұхбаттан, әлем жаңалықтарынан, мұрағаттан, атамұра жайлы, рухани жаңғыру туралы хабардар етіп отырады.
3 сурет - Қазақстан тарихы порталының негізгі интерфейсі
1 кесте - Ұлы дала сайттарының салыстырмалы талдауы
Сайттар
сілтемелері
Сайттың типі
(0-100)
Тіркелу
(0-100)
Дизайын
(0-100)
Мәліметтер құрылымы
(0-100)
Мәлімділік
(0-100)
Қызықтылығы
(0-100)
- Жобалық бөлімТехникалық тапсырма
Бұл Торғай даласы сайты негізгі және статистикалық қосымшалардан тұрады.
Статистикалық бөлімде: басты бет, біз туралы, тарихы, табиғаты мен ескерткіші, байланыс, орналасады. Бұл бөлім толық сайт оқырмандарына, толығырақ айтқанда біздің сайтымызға сырттан кіретін қолданушыларға арналған.
Басты бет бөлімінде біз сайттын толық интерфейсін көре аламыз. Ал біз туралы бөлімінде бұл сайттан келесі тақырыптар бойынша мағлұмат ала аласыздар: тарихы, табиғаты, ескерткіші, ұлы тұлғалар жайлы мағлұматтар орналастырылады.
Тарихы бөлімінде Торғай даласы тарихы көрсетіледі. Табиғаты мен ескерткіштері бөлімінде біз Торғайдың көрікті жерлерімен сол жердің ескерткіштерін көрсетеміз. Ал ұлы тұлғалар бөлімінде ұлы Торғай топырағы дүниеге әкелген сол киелі топырақтан шыққан атақты батыр әрі би Шақшақ Жәнібек Тархан, ұлтымыздың ұлы ұстазы, қазақ ағарту саласының ұлы қайраткері Ыбырай Алтынсарин, ақын, Алаш қайраткері Ахмет Байтұрсынов, 1916 жылғы ұлт азаттық көтерілісінің басшылары Амангелді Иманов сияқты және т. б. көптеген ұлы тұлғаларды көрсетеміз. Сонымен қатар сайт оқырмандары бізбен байланыса алады.
Құру этаптары. Техникалық тапсырмаға сәйкес құру жұмысы кезеңмен орындалу керек. Құру кезеңдері келесідей болады:
- ақпарат жүйесін жасау;
- бағдарлама құжатын құру;
- бағдарлама жұмысы амалмен тексерілуі.
Құру кезеңі тиісінше келесідей тапсырмаларды орындау керек:
- берілген тапсырманың мақсатын қарастыру;
- жобаға жүктелген жалпыланған талаптарды анықтау.
Бағдарламаны енгізу кезінде құру кезеңдері орындалып және бағдарламаны беру болып табылады.
Сайт әзірлеу бойынша жұмыс жүргізуге қойылатын техникалық талаптар төмендегі шарттарды қамтиды:
Веб-сайт контенті мынадай мүмкіндіктерді іске асыруы керек:
- сайт құрылымы мен мазмұнын басқару;
- жаңалықтар, хабарландырулар және басқа да жиі жаңаратын ақпаратты жариялау;
- интернет-жобаны басқару бойынша басқа да операцияларды жүзеге асыру;
- рұқсат етілмеген қол сұғу мен операторлар қателігінен жүйені қорғау;
Сайттың пайдалану интерфейсіне қойылатын талаптар мынадай болуы тиіс:
- сайттың негізгі интерфейсі қазақ тілінде орындалуы керек.
- Шаблон ресурс құрылымының дизайнын рәсімдеудің заманауи талаптарына сәйкес келуі, сондай-ақ құрылымға жеке тиесілігін көрсету керек.
Техникалық құрылғыларға қойылатын талаптар. Сервердің қызметін жүргізетін дербес компьютер болуы керек. Оның сипаттамалары келесідей:
- процессор Pentium-4 аз емес;
- жедел жады 2 Гбайт көлемінен аз болмауы тиіс;
- HDD-да аз дегенде 250 Гигабайт бос орын болуы керек;
- операционды жүйе Windows 2000 Server, Windows 2003, XP, 7 және Windows 8;
Әр түрлі сайттардың арасында нақты шекара жоқ болғандықтан, құрылымы мен ақпаратты беру тәсілі бойынша олар әртүрлі болып келеді. Торғай даласы сайтының құрылымы ақпаратты жинау мен тарихты қозғай отырып қалыптастырылады. Торғай даласы сайты үшін ақпаратты жинау мен өңдеу кезінде келесі қағидалар сақталуы тиіс:
- Мақсаттары әр түрлі топтардың мүддесін есепке алу. Сайттың бөлімдерін тағайындау туралы шешім қабылдай отырып, бірінші кезекте кімдерге арналғанын және оның қатысушылары осы бөлімдерден не күтетінін ойластырып алу.
- Ақпаратты ұсынуды типтендіру. Торғай даласы сайтын қарап шығатын адам оның бөлімдерінің негізгі атауларын көре отырып шамамен нені қайдан алатынын түсінуі керек.
- Торғай даласы жайлы ресми ақпараттың болуы.
- Мәтіндердің ыңғайлы оқылуы және орфографиялық қатенің болмауы.
Ал сайт дизайнын жасауда бірнеше талаптарға жауап беруі керек:
- Web дизайн компанияның имиджін ерекшелеп көрсететін стильді болуы керек.
- Web дизайн компанияның фирмалық стилімеен үндесуі керек.
- Web дизайн қолданушыға қолайлылық сезімін тудыру қажет, бетте мәтіннің дұрыс құрылуы, суреттердің ыңғайлы орналасуы және ойластырылған түстер бір-бірімен үйлесімді болу керек.
- Web дизайн сайтта жарнамаланатын тауар, қызмет көрсету ақпаратқа сәйкес болу қажет.
- Web дизайн <<жеңіл>>, яғни сайт беттері ұзақ жүктелмеу керек. Қолданылатын бағдарламалық жабдықтар
Торғай даласы сайты жасау үшін мәтіндік редактор Sublime text 3 және UwAmp сервер ортасында және Adobe Рhotoshop графикалық бағдарламасы көмегімен жасалды.
Sublime text 3 - мәтін мен код фрагменттерін өңдеуге арналған үлкен құрал мәтіндік редатор болып табылады. Sublime Text 3-өте ыңғайлы, көпфункционалды, жылдам, әдемі және жеңіл редактор болғандықтан бағдарламашылар мен веб-әзірлеушілер арасында кеңінен танымал.
PHP сайттарын бағдарламалау үшін локальный сервер болуы керек. Әдетте бұндай сервер бірнеше компоненттерді қабылдайды. Мысалы: Windows, Apache, MySQL, PHP. Осы компоненттердің әріптері бойынша қысқартылған түрі WAMP - сервер деп аталады. Ең қарапайым әрі ыңғайлы серевер. WAMP сервердің қызметі: PHP бағдарламашы сайтты дайындаған кезінде бірінші өз компьютеріне, содан кейін барып өз хостингіне салады. PHP-скрипттер дұрыс орындалуы үшін жергілікті компьютерде, хостингте бағдарламалар тұруы қажет. Бұл бағдарламалар:
- Apache веб-сервері-бұл интернетте ең танымал веб-сервер.
- PHP интерпретатор-бұл бағдарлама және PHP-скрипттерін орындайды.
- MySQL СУБД - интернеттегі ең танымал деректер қорын басқару жүйесі.
Бұл бағдарламаларды жеке-жеке орнату ұзақ уақыт алады, WAMP сервері осы бағдарламалардың қажеттіліктерін қамтиды. WAMP серверін іске қосқанда, бағдарламашы PHP-скрипттерін баптауға кірісе алады. Жергілікті веб-серверге хабарласу үшін арнайы мекен-жай localhost болады. Осы мекен-жайды енгізген кезде браузер локальды серверге жүгінеді. WAMP-сервер PHP бағдарламасын өңдейді және нәтижені браузерге береді. Бұрын Denwer cервері танымал болған, бірақ ол ұзақ уақытты алады. UwAmp серверінің ерекшеліктері бар:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz