Жыраулар поэзиясындағы портрет


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 39 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СҮЛЕЙМАН ДЕМИРЕЛ АТЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТ

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР ФАКУЛЬТЕТІ

«ТІЛДІК БІЛІМ БЕРУ» КАФЕДРАСЫ

Асылханов Ғ. Ш.

Жыраулар поэзиясындағы портрет пен пейзаж

Тақырыбында

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

6В023001 - «Филология»

Қаскелең, 2020

М а з м ұ н ы

КІРІСПЕ . . . 8

1 ЖЫРАУЛАР ПОЭЗИЯСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ

1. 1 Жыраулар поэзиясының даму ерекшеліктері . . . 9

1. 2 Жыраулар поэзиясының зерттелу өрісі . . . 18

2 ПОРТРЕТ ПЕН ПЕЙЗАЖ ТУРАЛЫ ТЕОРИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР

2. 1 Портретке түсініктеме мен зерттеулер . . . 24

2. 2 Пейзаждың зерттелуі мен анықтамасы . . . 32

3 ЖЫРАУЛАР ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ПОРТРЕТ ПЕН ПЕЙЗАЖ 13-18 ҒАСЫРДАҒЫ ЖЫРАУЛАР

3. 1 Жыраулар поэзиясындағы портрет . . . 10

3. 2 Жыраулар поэзиясындағы пейзаж . . . 10

ҚОРЫТЫНДЫ . . .

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .

ҚОСЫМШАЛАР . . .

ҚОСЫМШАЛАР . . .

Кіріспе

Жұмыстың жалпы сипаты

Қазақ әдебиетінде кез келген тарихи оқиғаны тарихтан оқып білуге бір болады, одан бөлек жырау, ақын, жазушылардың еңбектерінен айқын суреті көрсетіледі. Жырау - ірі қоғамдық мәслелерді қозғайтын, толғақ жырларды шығарып айтушы, жыршы болумен қатар ойшыл, ақылшы, көреген сәуегей. Соғысқа кірер алдында бата беріп, толғау жырлар айтып, жауынгерлердің рухын көтеретін, саяси, әскери, дипломатиялық істерге кеңінен араласқан, мемлекет басшысының кеңесші қызметін де атқарған[1, 8 б. ] . Жыраулардан қалған құнды еңбектердің ішшінде портрет және пейзаж тәсілімен жазған еңбектері ерен орын алады. Қазақтың халықтық поэзиясымен арнасы ортақ болғанмен, жыраулық поэзияның ішкі мүмкіндігі, жанрлық ерекшелігі, құрылым жүйесі өгеше сипатқа ие. Оның ерекешілігін Жұпар Жақан «Жыраулар поэзиясындағы портрет» атты еңбегінде төмендегідей айтқан: «Бүгінгі қазақ әдебиетінде тұшымды көркем бейне жасаудың сан-алуан түрі қалыптасқан. Мінездеу, сипаттау арқылы, кейіпкерді сөйлетіп, диалог арқылы болмаса қаҺарманын іс-әрекет үстінде ашу - қаламгердің ыңғайына қарай жүзеге асып жатады. Оның ішіндегі мейлінше өнімдісі - портрет. Қаймағы бұзылмаған қазақ поэзиясының алтын бастауы - жыраулық әдебиетте де портреттің небір үлгілері кездеседі». [2, 8 б. ]

Портрет - беруде жырау қолданған көркемдік тәсілдің ең өнімдісі - әсірелеу [2, 13 б. ] . Расымен де портрет тарихын, шығармаларда қолдану жүйелеріне жіті тоқталған кезде, оның әртүрлі бағытта пайдаланғанын байқауға болады, соның ішінде гипербола көркемдегіш құралы көптен-көп кездеседі. Шығармада сомдалған кейіпкер тұлғасының тұтастығын, даралығын, шынайылығын, сайып келгенде, көркемдігін қамтамасыз ететін құрамдас бөлік - портрет [3, 53 б. ] . Портреттің қолданылу маңызы осылай түсіндірілсе, Ахмет Байтұрсынұлы: «Әліптеу - тұлға тұрпатын, кескінін, көркін айтып пернесін әліптеп сөйлейміз» [4, 16 б. ], - деп анықтама береді. Алғашында жыраулар «портрет» стилін өз бейнесін, өз жайын немесе өзін таныстыру іспеттес жүйелерде қолданған болса, бірітн келе ол ел басқарған ханды, қайғы жұтқан халықты немесе тіптен ойдан туған кейіпкерді суреттеу үшін қолданатын стильге айналды. Зәки Ахметов болса : «Кейіпкердің мінез-құлқын, характерін неғұрлым толық ашып көрсету үшін оның портретін мүсіндеудің үлкен мәні бар»[5, 270 б. ] - деп көрсетеді. Ал, Бақытжан Майтанов болса өз кезегінде: «Көркем шығармада адам өмірі суреттелетін болғандықтан, тірі жан иесінің сыртқы келбет-бітімі, өң-шырайындағы өзгеріс, тұрақты қалып, ерекшеліктеріне назар аудармау мүмкін емес. Анығы: кейіпкер бейнесі оның табиғи кескін, дене, әлпет сипаттарымен тұтас алынғанда ғана толыққанды қасиет табатындығы»[6, 75 б. ] - деп түсініктеме береді.

Табиғаттың сұлулығы жыраулар поэзиясында да белглі бір деңгейде жырланып, көрініс тапқан. Доспамбеттің, Шалкиіздің, Жиембеттің, Марңасқаның, Ақтамбердінің, Үмбетейдің, Бұқардың толғауларында ата-жұрт, ьуған жер, кір жуып кіндік кескен ата-қоныс, қоғалы көлдер, қом сулар әр қырынан жырланады. Көшпенділер поэзиясындағы туған табиғатқа деген сүіспеншлік, елді, жерді қимаушылық, туған елдің табиғатын ардақтау сезімі ерекше патриоттық рухта жырға арқау етіліп отырады[7, 187-188б] . Халық ішінде көптеген негізгі мәселелерді көтеруге тырысқан жыраулар өз еңбегінде пейзаж стилін де жақсы қолданған. Ол жайында Өміртай Танабаев өзінің «Жыраулар поэзиясы және табиғат» еңбегінде: «Табиғат» ұғымы жыраулар поэзиясында көпшілігінде «туған жер», «атамекен», «ата жұрт», «ата қоныс» деген сөздермен беріледі. Ал, бұл сөздерді біз туған жер табиғаты деген ұғымның синонимдері ғана емес тікелей өзі деп санаймыз. Өйткені, ол кез - табиғат деген араб сөзінің әлі халықтық қолданысқа ене қоймаған кезі. Сондықтан, өз еңбегімізде «туған жер» деген сөзді біз «табиғат» деген ұғым ретінде қолданамыз. Себебі, «туған жер» деген сөздің неізгі мәні «жер» деген сөз, ал «туған» сөзі анықтаушысы ретінде ғана қызмет атқарады»[1, 9 б. ] - деп түсіндірген. Яғни, пейзаж - табиғат деп айқындайды. Ал, бізде жыраулардың өз туған жерін қимай немесе қайта туған жерімен қауышу, соғыс уақыттарында туған жерінен айырылып қалған кездегі өз жерін сипаттап жырларында биік деңгейде қолданады. Яки, адамнң туған жері мен оның жүрегі бір деп түсіну қажет. Сондықтан, Табиғаттың көркем көріністері кейде адам мінезін көрсетуде үлкен рөл атқарады. Пейзаждың маңыздылығы жайында Е. Ысмайылов «Әдебиет теориясының мәселелері» атты еңбегінде былай дейді: «Шығармаларда табиғат сипаты, оның құбылыстарының сипаты үлкен орын алады. Адам тіршілігі, әрекеті өмір бойы табиағат құрсағында өтеді, табиғатпен қарым-қатынассыз жерде адам өмірі жоқ» [8, 211 б. ] .

Қорыта келе, портрет пен пейзажға түсініктеме берген ғалымдардың ойы бір жерден шығып отыр. Қазіргі уақытта, ұмытылып бара жатқан туған жерге махаббат деген символды ояту үшін пейзажды, ал, адамның келбетін суреттеу немесе баяндау оқиған, жырды одан әрі терең, мағыналы ететінін көрсету үшін портретті пайдалану маңызды екенін дәлелдеу үшін осы тақырыпты алып отырмын.

Тақырыптың өзектілігі :

Ел тәуелсіздігі жігерімізді көтеріп, рухани дүниемізді түгендей бастаған қазіргі уақытта, ел жағдайының айқын бейнесін, ұлттық мүдде мен бітімін айшықтап бере әдебиеттану ғылымының басты мәселелерін қайтадан сын ойларынан өткізіп жатқан егемендік кезімізде әдебиеттің тарихы мен қазақ поэзиясның кейбір мәселелерін қайта қарау қажеттілігі керек болып отыр. Оның ішінде бүгінге дейін жиі көтеріліп, бірақ нақты ашылып, арнайы қарастырылмаған жағдай - қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиеттен бастау алар жыраулық поэзиядағы портрет пен пейзаждың қолданылуы мен оның маңыздылық деңгейі мәселесі болмақ. Жыраулық поэзияның тақырыптық идеялық, жанрлық, әлеуметтік сипаты жөніндегі Е. Ысмайлов, Б. Майтанов, А. Байтұрсынұлы, З. Ахметов, Ж. Жақан, М. Мағауин және тағы басқа ғалымдардың еңбектеріне жүгіне отырып, адамның сырт-келбетін сипаттау, әліптеу арқылы ішкі жан-дүниесіне үңілу, өмір сүру заңдылықтары мен мақсатын, арманын айқындау үшін «портреттің» қолданылу маңызын табу болса, одан бөлек кейіпкердің туған жеріне деген махаббаты немесе қимастығы, болмаса керісінше ренішін сипаттау үшін «пейзаждың» маңызын анықтау. Қорыта айтқанда, портретті зерттеу, пейзажды зерттеу, сонымен қатар XV-XVII ғасырдағы еңбектегі портрет пен пейзаж қандай, XIX-XXI ғасырдағы портрет пейзаж қандай екенін салыстыру. Осы орайдан келіп, біздің зерттеу жұмысымыз портрет пен пейзаж жайында ойға құрылған шығармалар қандай жанрлық-тақырыптық сипатта, адамның ойы мен ойлауына, рухани дүниетанымына ықпалы қандай, әр кезеңде өмір сүрген жыраулардың шығармаларында осы мәселеге қандай жауап аңғарылады деген тұжырымдар айналасында қарастырылды.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері

Бұл дипломдық жұмыста жыраулар шығармаларын алға тарта отырып, оның даму және қалыптасу кезеңдерін жан-жақты қарастыру. Қазіргі таңда қазақ поэзиясындағы жыраулық дәстүрді, оның ішінде портрет пен пейзажды қолданушылар жалғастырушылар бар ма?-деген сұраққа жауап беретін боламыз. Ұлттық жыраулар поэзиясында туып, әртүрлі деңгейде даму сатыларынан өткен портрет пен пейзаждың қазақ әдебиетіндегі алатын орнын, ерекшелігін, пайда болу, даму жолдарын жүйелі түрде көрсете отырып, онда кездесетін портрет пен пейзаждың қызметін анықтап, ғылыми айналымға ендіру. Қазақ жыраулар поэзиясы, оның ішінде XV-XVIII ғасырлардағы еңбектердің ішінде кездесетін портрет пен пейзаж түрлерін тұтас күйінде зерттеп, нақты мысалдар негізінде талдау. Осы мақсатта төмендегі міндеттер шешу көзделді:

  • Жыраулар поэзиясын зерттелуі: жыраулар поэзиясының тарихи дамуы және оның қалыптасу кезеңдеріне шолу.
  • Жыраулар еңбегіндегі портрет пен пейзаждың қолданылу дәрежесі мен себеп, сырын анықтау
  • Портрет пен пейзаждың әдеби көркемдегіш құрал ретінде пайда болуының негізгі бастауларын, басты сипаттау белгілерін көрсету;
  • Әдебиеттану ғылымындағы портрет пен пейзаждың зерттелу хронологиясына тоқталу
  • Портрет пен пейзаждың негізгі түрлеріне жіктеме жасай отырып, нақты мысалдармен дәлелдеп көрсету
  • Қазақ жыраулар поэзиясында кездесетін суреттеу және психологиялық баяндау түрлерін анықтап, ажырату
  • Портрет пен пейзаждың қолдану жүйесін қарастырып, олардың эстетикалық, психологиялық-эмоциялық қызметін анықтау және қандай образдарда пайдаланатынын жіті тоқталу
  • «Жақсы» мен «жаман» бейнесін ұсынған кейіпкерді портретпен қалай қолданатынын анықтау

Зерттеу нысаны:

Жыраулар поэзиясы халықтың басынан өткерген тарихи оқиғаларды, оның арман-мұратын, кешірген ауыртпалықтарын жырлаумен ғана бағалы емес, елдің саяси-әлеуметтік тіршілігін, ой-санасын, дүниетанымын көркем бейнелі тілмен бере білуімен де бағалы. Жыраулар өмір жайлы, достық жайлы, адамгершілік, ерлік жайлы, тіршілік жайлы жыр шерткен. Жыраулар поэзиясы өзінің әлеуметтік, адамгершілік сарынмен ғана емес, көркемдік сапасымен де құнды. Сол себепті біз Жыраулар поэзиясының даму ерекшеліктеріне бір тарауымызды толық беріп, ол жерде жыраулардың тарихы, еңбектері мен зерттелуін қарастырамыз. Екінші тарауымызда сол ақпараттарға сүйене отырып, портрет пен пейзаждың құрылу тарихын анықтап, оларға түсініктеме беру зерттеуіміздің нысаны болып табылады

Зерттеу әдістері:

Ең алдымен ғылыми жобаны тақырыптардың түсінікті әрі тереңдетілу үшін қажетті терминдерге түсініктеме беретін боламыз. Жыраулар тарихының зерттелуіне тоқталып, «портрет» пен «пейзаж» дегеніміз не? деген сұрақтарға жауап тауып бірінші тарауымызды аяқтайтын боламыз. Сонымен қатар, зерттеу жұмысында алға қойған мақсат-міндеттер талабынан шығу үшін теориялық талдау, жүйелеу, жинақтау, тұжырым жасау, салыстырмалы талдау әдістері қолданылды.

Зерттеу жұмысының құрылымы

Зерттеу жұмысы кіріспе, үш тарау, екі қосымша тармақшадан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымша мәлеметтерден тұрады. Кіріспеде ғылыми жобаның тақырыбының өзектілігі, зерттеу мақсаты мен міндеттері, зерттеу нысаны және т. б. көрсетілді. Тақырыбымыздың алғашқы тарауында жыраулар поэзиясының даму ерекшеліктерін зерттеуді алдыңғы мақсатқа қоятын боламыз. Яки, жырау кім, шығу тегі мен даму ерекшеліктеріне тоқталатын боламыз. Сонымен қатар, екінші тарауымызда ғалымдардың портрет пен пейзажға берген теориялық түсініктемесін қарастырамыз.

Кілт сөздер:

Портрет, пейзаж, жырау, поэзия, жыр, жыршы, дерексіз портрет, көркем портрет, пластикалық портрет, архитектуралық портрет, типтік портрет, идеалды пейзаж, мұңды пейзаж, маңғаз пейзаж, әдеби үдеріс, автопортрет, шарждалған портрет, типтік портрет.

АНЫҚТАМАЛАР

Бұл дипломдық жұмыста келесі терминдерге сәйкес анықтамалар берілген:

Әдеби үдеріс - белгілі бір дәуірдің әдеби өмірі. Әдебиет аясында көрініс беретін белгілі бір дәуірдің тұтастай сипаты, жай-күйі, сыр-сипаты; мәдени, әлеуметтік, тарихи тұрғыдан қарағандағы шынайы бейнесі

«Автопортрет» - автордың шығармада өзінің бейнесін суреттеуі.

Дерексіз портрет - мұнда автор сезімдік белгілерге көңіл бөлмейді, сырттай қарап бақылаушының жалпы алған әсеріндей ғана сипаттап өтеді;

Көркем портрет - кейіпкердің сыртқы келбетін дәл, нақты суреттейді;

Пластикалық портрет - жазушының назары көбіне жағдайды белгілеп, жазып алуға бөлінеді;

Архитектуралық портрет - гиперболаға жиі жүгінеді, теңеулердің көмегімен адамның сыртқы пішіні мен сәйкес келетін өнер пішінінің арасындағы байланысты орнатады.

Типтік портрет - кейіпкердің қандай да бір әлеуметтік тобы (әлеуметтік типтік портрет) немесе ұлты (этникалық портрет) жөнінде мәлімет беретін белгілерді қамтиды.

Шарждалған портрет - яғни дәл келтіру - кейіпкердің жалпы нормадан ауытқып, көзге ұрып тұратын ерекше белгілеріне тоқталу.

Пейзаж - (француздың - paysage, pays - ел, мекен) - көркем туындының маңызды және композициялық компоненттерінің бірі: табиғатты суреттеу, кеңірек алғанда, сыртқы әлемнің кез келген ашық кеңістігін суреттеу. «Идеалды» пейзаж - табиғаттың жаймашуақ кезін бейнелейді.

«Мұңды» және «түнерген» пейзаж - жаңбырлы күндер, солған гүлдер, өңі кеткен күзгі табиғат көрінісі суреттеледі.

«Маңғаз» пейзаж - тау мен шатқал, түнерген, суық қалпымен адамды үрейлендіретін пейзаж. Пейзаждың бұл түрінде аспан, дала, тау-тас кездейсоқ қасірет қаупінің үдей түсуін аңдатып отырады.

1 Жыраулар поэзиясы және оның зерттелуі

1. 1 Жыраулар поэзиясының даму ерекшеліктері

«Он бесінші ғасырдың ортасында пайда болған Қазақ хандығы ұлттық мәдениет пен әдебиеттің өрістеп, өркендеуіне орасан ықпал етіп, ерекше жағдай жасады. Алтын Орда заманында ертеден бері жалғасып, ары қарай дами түскен жалпы түркілік руханияттың мұрагері ретінде қазақ халқы мен мемлекеті енді бұрынғы бабалардан қалған мирасты сақтап қана емес, оны байытып, жаңғырта дамытуға міндетті болып, соған күш салды» [9, 486 б. ], оның дәлелі ретінде қазақ жыраулар поэзиясын айта аламыз. Қазақ хандығының құрылуымен ежелгі түркі поэзиясының жаңа дәстүрлі жалғасы ретінде қазақ жыраулар поэзиясы қалыптасып дамыды.

Жеке отау тігіп, өз мемлекетін құрған қазақ елі үшін XV-XVI ғасырларда ең басты мәселе - жаңа құрылған мемлекетті күшейту мен қорғау болды. Бүкіл қоғамдық ана, елдің аңсары - ұлттық тұңғыш мемлекетті сақтап қалу болды да, күллі әлеумет, халық, қоғам ендігі жерде жұмылдырып, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығаратын, барлық рулар мен тайпаларды бір орталыққа қаратып, ішкі алауыздықты тыятын, яғни елдің қамын жеп, ел үшін аянбай еңбек ететін әмірші керек екенін жақсы түсінген болатын. Сондықтан, ақылды да, абыройлы хан керек деп ойлады. Халық арасындағы, қоғамдық санадағы бұл пікірді, осындай эстетикалық идеяны, хандық идеологияны барынша сақтап, елді соған үгіттеуге ерекше күш салған қайраткерлердің ішінде жыраулар мен шешендер өздерінің құдіретті сөзімен де, үлгілі ісімен де ең басты рөл атқарды, іске орасан еңбек сіңірді [9, 487 б. ] . Яғни, Сейіт Қасқабасовтың бұл тұжырымдамасынан қазақ хандығының құрыла бастаған уақыты жыраулардың көптен-көп өркендей бастаған немесе қазақ хандығы жайында жырлай бастағандығын байқауға болады және онда басты қозғалған тақырыптар хандық, бірлік, билік, халық тұрғысында болған.

Қазақ хандығының құрылуымен оның әдебиеті, әдеби тілі қалыптасуға бет алды. Қазақтың сөз өнері жыраулар шығармашылығы түрінде көрінді. Жыраулық өнер өзінің көне түркілік тамырын сақтай отырып, жаңа қоғамдық жағдайда ұлттың тарихымен, мәдениетімен, өнерімен байланыста жалғасын тапты. Қазақ жыраулық өнері XVI-XVIII ғасырларда ерекше дамыды. Фольклормен қатарласа дамыған жыраулар поэзиясы бірте-бірте даралық сипаттағы жазба әдебиетке тән үлгілерді бойына сіңіріп дами бастады. Қазақ халқының бай ауыз әдебиетінің мұрасы мен ежелгі түркілік поэзия негізінде қалыптасып дамыған жыраулар шығармашылығы - қазақ әдебиеті тарихының құнды бір саласы. XV-XVIII ғасырлардағы әдебиетті жасаушылар - жыраулар. Мұнда жыраулардың шығармашылық тұлғасы хандықтың құрылуымен ғана пайда болған жоқ. Қазақ хандығының құрылуымен тарихи аренаға шыққан, қазақтың төл әдебиетінің басы болған жыраулар поэзиясының сусындаған арнасы ежелгі түркі әдебеиті еді. Жаңа мемлекеттің құрылуымен халықты мәдениеті мен әдебиеті де жаңаша бағытта дамыды. Жыраулардың шығармашылық тұлғасы олардың өз кезеңіндегі әлеуметтік қызметімен тікелей байланысты еді. Жаңа құрылған мемлекеттің әлеуметтік-саяси, қоғамдық өмірінде жыраулардың рөлі белсенді болды. Жыраулардың поэзиясына негізгі арқау болған жер, елді қорғау, ерлік, қаһармандық және ел бірлігі тақырыбы сол заманның шындығынан туған мәселелер болды. XV-XVIII ғасырлардағы поэзияны жасаушы жыраулар өз заманының қоғамдық, саяси өмірінен тыс бола алмады. Жырау өз заманының перзенті ретінде тарихи оқиғаларға араласып, өз көзқарасы тұрғысынан баға беріп отырды. Жыраудың қоғамдық, шығармашылық тұлғасы ежелгі түркілік замандарда қалыптасып, қазақ қоғамында жаңа сипаттармен көрінді [10, 164 б. ] . Ал, Д. Сатемирова сол заманның халық жақтаушылары жыраулар деп есептейді. Себебі, халық жеткізе алмаған ойды, ел-жұрт айта алмаған мұңды жыраулар жеткізе білген. Сол себепті, сол уақыттың әдебиетті жасаушылары - жыраулар деген ойға тоқталады.

Жрец - көне шығыс елдерінде құдай мен адам арасын жалғастырушы әулие саналған. Олар үнемі билеуші мен қауым ортасында болып, халық сөзін жеткізер өкілі болған. Мысалы, Бұқар жырау Абылай ханның қошеметшіл биі, сол заманның қайшылықты ой-пікірлерін толғап айтушы ақыны болған. Жыраулар өмірдің ұсақ мәселесіне аз араласып, көбінесе заман, дәуір, өткен мен келешек, адамгершілік, жақсылық, жамандық жайлы ойлар, болжаулар, қағидалы сөздер айтып отырған.

Әлкей Марғұлан бұл тұрғысында төмендегідей пікір білдірген: «Жырау ру басы ақсақал, халықтың көкейтесті арманының мұңшысы, жыршысы ретінде өте қажетті тұстарда болмаса, суырып салып жыр тудыра бермеген. Ел құрметіне бөленген жырауларға жұрт болашағына қауіп төніп, қалың бұқара жол таба алмай тығырыққа тірелген екіталай ауыр сағаттарда ғана ақыл салып, кеңес сұрайтын болған. Сонда ғана жыраулар халыққа күш-жігер беріп, осы оқиғаның немен тынарын болжап, тебірене жыр толғайтын болған. Болашақты барлап болжам айту - көреген де білгір жыраулардың поэтикалық өнерінің басты тәсілі болып саналған» [11, 73 б. ] . Мысалы, Марғасқа жыраудың Тұрсын ханға айтқаны үлгі бола алады:

Ей, Қатағанның хан Тұрсын,

Кім арамды ант ұрсын,

Жазықсыз елді еңіретіп

Жер тәңірісіп жатырсың.

Хан емессің, қасқырсың,

Қара албасты басқырсың,

Алтын тақта жатсаң да

Ажалы жеткен пақырсың [12, 56 б. ] .

Сонда, жырау дегеніміз кім? Халықтың қамын ойлаған биші ме, төре ме, елші ме? Е. Ысмайылов Н. Ильминскийдің пікіріне және татар тілінде «жыру», «жыруче» сөздерінің «жыр» сөзімен мағыналас екендігіне сүйене отырып, «жырау» сөзін «жыр», «жыр айтушы», «жырламақ» сөздерімен байланыстырып, бұл сөздің мағынасы «тарихи жыр айтушы, болашақты болжаушы» екендігін айтады да, қазақ жырауларының қоғамдық мәні көне, орта ғасырлардағы жрецке жақын емес пе екен деген ойға келесің дейді [13, 39 б. ] .

Бұл тұрғысында Сейіт Қасқабасовтың тың ойларына жүгінсек. Жыраулар кім еді? Олар нені көздеді, қандай мақсат тұтты? Жыраулар - хан сарайындағы көреген саясаткер, ханның ақылгөйі, мемлекеттің бас идеологі, елдің ақылшысы, қолбасы әрі дауылпаз ақын бола білді. Олар Хан Кеңесінің белсенді мүшесі болған, мемлекетті басқару ісіне тікелей қатынасып, саяси, әскери, қоғамдық мәселелерді шешуге араласып отырған. Соғыс кезінде жыраулар әскери Кеңесте ханның жеке өзіне де өз ойын ашық айтып, ақыл беріп, болжау жасаған. Қиянкескі ұрысқа түсер алдында жауынгерлерге арнап жыр толғаған, олардың намысын қайрап, рухын көтерген. Тіпті қажет болған жағдайда өздері де шайқасқа қатысып, ерліктің үлгісін көрсеткен, сондықтан жыраулардың біразы қолбасы да болған, тайпалар мен руларды да басқарған. Жыраулардың көбінесе әрі суырып салма ақын, әрі батыр, әрі данагөй және сәуегей болып келуінің себебі сол тұстағы Қазақ хандығының өмір салты мен тұрмыс-тіршілігінің көшпелі бақташылық болуына және ұдайы жаугершілікті басынан кешіруіне байланысты еді [9, 487-488 б. ] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жыраулар поэзиясындағы Абылай хан бейнесінің көрінісі
Қалижан Бекхожин өмірі мен шығармашылығы
Дүниенің поэтикалық бейнесі лингвоконцептуалдық талдау (ХҮ-ХҮІІІ ғасырдағы ақын-жыраулар поэтикасы бойынша)
Қалижан Бекхожин шығармаларындағы теңеудің танымдық сипатын лингвистикалық тұрғыдан ашу
Өлең мен оның құрылысы
ЖЫРАУЛАР ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТАНЫМДАР БАСТАУЫ
Жыраулар поэзиясындағы көркемдік ерекшеліктер
Семиотикалық сын туралы түсінік
Жыраулар поэзиясының тілдік ерекшеліктерін талдау
Қазақ поэзиясындағы есімдіктер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz