Мұғалімнің бағалау қызметі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 83 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Зерттеудің өзектілігі . Қазіргі өркениетке ұмтылған қоғам талабына сәйкес, Қазақстан Республикасының дамыған елдерімен иық тіресіп тұру үшін, еліміздің болашағы мен қазіргі кезеңі үшін білімді, зерделі, өз бетімен іс-әрекет ете алатын, қоғамнан өз орнын таба алатын шәкірттерді дайындау ұстаздың міндеті.

Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев жолдауында айтқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанда дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін-білім». Ендеше өсіп келе жатқан өскелең ұрпағымыздың жан-жақты, терең білімді болып шығуы үшін әр педагогқа жүктелер жүк аз еместігі айқын бай-қалынады. Білімді болудың басты шарты - ол баланың оқу іс-әрекетінде аса зейінді болуы десек болады [1, 12б. ] .

Қазіргі кездегі мектеп ғылым негіздері бойынша білім беріп қана қоймай, оқушыларды креативті ойлауға, ізденімпаздық, шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып, әр оқушыға өзін көрсетуге және өз ойын дәлелдеуге мүмкіндік беруі керек. Білімнің басты мақсаты баланың ақылдылығы мен интеллектуалды тапсырмаларды орындауға дағдыландыруы болып табыла-ды. Бұл тұрғыда оқушылардың зейінін дамыту маңызды орынға шығады. Себебі, баланың зейіні жеткілікті деңгейде дамитын болса оқушылардың сабақ үлгерім деңгейі жоғарылап, жетістіктерге жетуге мүмкіндік береді.

Мұндай ауысу қандай да іспен шұғылданып отырған адамға тыс тітіркендіргіш əсерлердің ықпал етуінен туындайды. Алаңдау сыртқы жəне ішкі болып бөлінеді. Сыртқы алаңдаушылық субъектке тысқы, қоршаған орта жағдайларының əсер етіп, ырықты зейіннің ырықсыз зейінге ауысуынан болады. Əсіресе адамды алаңдататын жағдайлар заттар мен құбылыстардың кенеттен пайда болып, күшті өзгермелі əрі жедел əсер етуіне байланысты. Сондықтан оқушылардың сабақ дайындау барысында оларды негізгі ісінен алаңдататын заттар мен əсерлерді болдырмауға тырысу қажет.

Зейіннің аударылуы деп 6ip объектіден eкінші объектіге назарымызды көшіруді айтады . Физио­логиялық тұрғыдан мидағы оптималдық қозудын ауысуы. Зейінді тез аудара білу қабілеті көбінесе нерв процестерінің өзгермелігіне байланысты. Kейбip адамдар бip жұмыстың түрінен eкінші 6ip жұмысқа жеңіл көшеді, зейін қойып жаңа жұмысты тез меңгеріп кетеді. Бұл икемді, оңтайлы зейіннің көрінісі. Екінші біреудің зейіні керісінше, баска объектіге қиындықпен ауысады. Зейінді тез аудара білу көлденеңнен кез-келген әсерлерге кідірусіз жауап беруде аса қажет. Мәселен, машинистерде зей-інді тез аудара білу қасиеті жөнінді жетілмеген бол­са, олардың жұмыста түрлі сәтсіздіктерге ұшырауы мүмін. Мектеп жағдайында балалардың зейіннің 6ip пәннен екінші пәнге, бағдарламаның 6ip бөлімінен екінші бөліміне, жұмыстың 6ip түрінен (үй тапсырмаларын сұрау) екінші түрне (жаңа сабақты тыңдау кез) үнемі аударып отыруға тура келеді. Зейінді аудара алу оқушының epiк сапалары 6ipaз дамыған кезде, әcipece оқу материалдарын түсінген және оларды ұмытпайтындай eтіп меңгерген жағдайда ғана мүмкін болады. Мұғалімнің материалды жүйелі етіп, 6ip ізбен жақсы түсіндіруі, өткен материалды дұрыс қорытуы, оқылатын жаңа тараудың мақсатын айқындауы, жаңа материалды тыңдауға және түсінуге оқушылардың дайындығын тексеру т. б. зейіннің дұрыс аударылуына себепші болады.

«Көркем еңбек» пәнінде білім алушылардың ішкі алаңдауы көңілкүй, толғаныс нəтижесінде туындайды, орындалатын іске қызықпаудан, жауапкершілікті сезінбеуден келіп шығады. Шəкірт өзінің оқу жұмысымен байыпты əрі тиімді шұғылдануы үшін оның болмысындағы сабақтан алаңдататын көңіл күйзелістерін (ашу, ыза, қорқу ж. т. б. ) басып отыру керек. Сонымен бірге оқушыларда алаңдаушылықты кеміту үшін оларда білімге, оны игеруге деген ұмтылыс пен қызығушылықты тəрбиелеп бару өте маңызды қызмет.

«Жас шыбықты қалай ексең, солай өседі» дейді дана халқымыз. Түсінген жанға бұл сөздердің қадірі биік, маңзы зор. «Ата-ана» деген абыройлы атқа ие болған жандар үшін бала тәрбиелеу қашанда қасиетті парыз болған. Ана көңілі балада болмайынша, қоғамның азып-тозатынын бала қолымен жасалып жатқан қылмыстар күн сайын дәлейдей түсуде. Осындайда, ата-анаға бала тәрбиесінде тізгінді берік ұстау үшін не кедергі, бұл сұрақ бүгінгі қоғамдағы қордалып қалған, көп талқыланатын сұрақ.

Қазіргі кездегі мектеп ғылым негіздері бойынша білім беріп қана қоймай, оқушыларды креативті ойлауға, ізденімпаздық, шығармашылық қабілет-терін дамыта отырып, әр оқушыға өзін көрсетуге және өз ойын дәлелдеуге мүмкіндік беруі керек. Білімнің басты мақсаты баланың ақылдылығы мен ин-теллектуалды тапсырмаларды орындауға дағдыландыруы болып табылады. Бұл тұрғыда оқушылардың зейінін дамыту маңызды орынға шығады. Себебі, баланың зейіні жеткілікті деңгейде дамитын болса оқушылардың сабақ үл-герім деңгейі жоғарылап, жетістіктерге жетуге мүмкіндік береді.

Дәлірек айтқанда, зейін дегеніміз ай-наладағы объектілердің ішінен керектісін бөліп алып, соған психикалық әре-кетімізді тұрақтата алу. Мысалы, оқушы математикалық есептер шығарып отыр. Ол бұған соншама үңілген, мұнысы психикалық кейпімен жақсы көрінеді. Оқушы есептің шығару жоспарын ойлайды, оны бірінен кейін екіншісін шығарады. Есеп шығарып болып, азғантай үзілістен кейін тарихты, одан соң басқа сабақты қарауға көшеді. Осы көріністердің бәрінен де бала әрекеттің әрбір түріне өз зейінін ұйымдастырып, басқа объектіге бағыт алып және сон-да азды-көпті тұрақтап отырғанын көруге болады.

Адамға тән әрекеттің кез-келген түрінде зейін орын алмаса, оның нәтижелі болуы қиын. Орыс педагогикасының атасы К. Д. Ушинский зейіннің маңызын былайша көрсеткен еді. «Зейін адам санасының қорытылып өтетін барлық ойды аңғартатын, адам санасының жалғыз ғана есігі болып табылады, демек, бұл есікке ілімнің бірде-бір сөзі соқпай өте алмайды, егер де ол соқпай өтсе, онда баланың санасында ештеңе де қалмайды».

Бастауыш сынып оқушыларының зейін ерекшеліктерін ескере отырып, оны тәрбиелеудің кейбір жолдарын көрсетуге болады. Зейінді дамытуда, әрі өтілетін сабақтың жемісті болуына сыртқы жағдайдың атқаратын маңызы зор. Зейінді дамытудың жолы - жаттығу және берілген тапсырманы орында-ту. К. Д. Ушинский: «Балаға оқуды қызықты ете білу керек және сонымен қатар оларды қызықтыра қоймайтын тапсырмаларды да бұлжытпай орындауды талап ету керек» деген. Бүкіл сыныпқа, не жеке оқушыға берілетін тапсырмалар дәл, анық, қысқа болып келсін. Зейінді дамытуда сыртқы жағдайдың маңызын ескеру дұрыс. Шу, баланың сабағына қатысы жоқ радио, қажетсіз әңгімелер т. б. болмауы керек. Жарық, таза ауа қажет.

Сабақ басталар алдында өтілетін тақырыптың мақсатын айтқан пайдалы. Балалар өздерінің міндеттерін түсініп, немен айналысатынын біліп отыру керек. Бұл іске жұмылдыру болады, зейінді шоғырландыруға көмектеседі. Материалдың оқудағы, өмірдегі маңыздылығын айтқан жөн. Ырықты зейін осылай қалыптасады. Ырықсыз зейінді ырықтыға аудару үшін: жарқын, эмоцияға толы, нақтылы деректер мен мысалдарға құрылған мұғалімнің қызық-ты әңгімесі, көрнекті құралдар, иллюстрациялар қажет. Баланы өзін-өзі қада-ғалай білуіне үйреткен жөн.

Сабаққа барлық балаларды тарту керек. Бұрын бізде жақсы оқитын оқушылардан ғана сабақ сұрап, қалған-дарына бәрібір білмейсіндер деп сұрамайтын ды. Олардан сұрағанмен бәрі-бір білмейді, оданша жақсы оқитын оқушылардан сұрай берейік дейтін. Ал ол балалар да отыра береді “сен тимесең мен тимеймін” деп.

Тағы бір әдіс - сабақты пікір талас ретінде өткізу. Әр оқушының пікірін тыңдау. Бұдан да басқа әдістерді қолдану үшін ұстаздар әрдайым ізденісте болу керек. Мұғалім - мектептегі басты тұлға. Ол өз ісімен өзгеге үлгі болып жетекші болады. Білімі терең, әдістемелік шеберлігі мол, мақсаты айқын, үнемі ізденіс үстінде жүреді. Мұғалім жұмысындағы, әсіресе, сабақ беруін-дегі бір ерекшелігі - ұғымдарды белгілі бір сызбалармен түсіндіріп, соны қол-дана отырып, іскелік жұмыстар жүргізіледі. Мысалы: Бір ғана ұғымды шағын көрнекілікпен жинақтап, баланың түсінуіне ынғайлы етіп ұсынады.

Бүгінгі таңда әрбір жаңашыл ұстаз үшін, оқу және жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау әдісі кез-келген стратегияларға құнды, әрі бағалы. Бұл стратегиялар оқушылардың қызғушылығын арттыра отырып, ұстаздың тығырыққа тірелетін сәттерінен арылтады. Сұрақ қою, ой шақыру, білім көпірі, бес жолды өлең, еркін жазу, білемін, үйренгім келеді, білгім келеді, Венн диаграммасы, пікірталас, болжау, Автор орындығы, топтастыру, т. б, страте-гияларын қолдану оқушылардың мотивациясын оятып, ынталандыра түсері сөзсіз. Сонымен қатар бұл стратегиялар оқушының қөзқарасын, түсінігін дамыта түседі, жалықтырмайды. Бастауыш сынып оқушыларының таным-дық қызығушылығын дамытудың негізгі факторы олардың білімі мен дағды-ларының дәрежесі ғана емес, сонымен бірге, баланың маңызды психикалық қызметтерін, ақыл-ой жұмысының тәсілдерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқу процесін жолға қою керектігі саналады. Оқушының шығар-машылық қабілеті де оның ойлау мен практикалық әрекеттері арқылы ғана дамиды. Ойлауға үйренетін сабақтарды дамыта оқыту сабақтары деп білеміз. «Дамыта оқыту деп - оқыту мақсаты, міндеттері, әдіс-тәсілдері баланың даму заңдылықтарына сәйкестендірілген оқытуды» атайды [2, 7б. ] .

Бүгінгі күні оқушыларға білім берудің мақсаты тұлғаны қалыптастыру мен дамыту үшін жағдай жасау; әрбір баланың бойында адамгершілік, мейірімділік, азаматтық, еңбекке деген шығармашылық қатынас және барлық әлемге ұқыпты қарау, жетістікке ұмтылу, өз халқының мәдениетін қорғау сияқты жетекші құндылықтарды тәрбиелеу болып табылады.

Бүгінгі мектеп - бұл тәрбиелеу мен оқыту маңызды құрамдас элементтері болып саналатын күрделі жүйе.

Балалармен жұмыс жасау барысында біз оқу-тәрбие процесінің бірлігіне сүйенеміз.

Сабақтан тыс жұмыс - бұл тәрбиелеуші ұйымдардың тіршілік әрекетін сыныптық-топтық ұйымдастырудан бөлек жүзеге асыратын әлеуметтік тәрбиені ұйымдастыру формасы.

Сабақтан тыс қызмет оқушылардың сабақ барысындағы әрекеті сияқты негізгі білім беру бағдарламаларын игеру нәтижесіне қол жеткізуге бағытталған. Алайда, бірінші кезекте - бұл тұлғалық нәтижелерге қол жеткізу. Бұл сабақтан тыс қызметтің ерекшелігін анықтап беру барысында оқушылардың өзін-өзі дамыту дайындығы мен қабілетін, оқу мен таным уәждемелерін, оқушылардың құндылық бағдарларын, әлеуметтік біліктіліктерін қалып-тастырады. Оқытудың, тәрбиелеудің, білім берудің түрлі мүмкіндіктерінің алдын-ала болуын қалайтын, сабақ берудің сапалы деңгейін көрсететін білік пен дағдыларды қалыптастыру, қазіргі мұғалімдердің ең басты міндеттерінің бірі. Сондықтан педагогтардың іс-әрекетін талдай отырып, диссертациялық зерттеу жұмысымыздың тақырыбын “ Оқушылардың сабақта алаңдаушылық зейінін болдырмау жолдары” деп атадық.

Зерттеу мақсаты. Оқушы бойындағы зейіннің негізгі қасиеттерін дамыту. Баланың зейін қасиеттерін жетілдіру арқылы сабаққа деген қызығушылығын, ынтасын оятып, танымдық белсенділіктерін арттыра отырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасау.

Зерттеу нысанасы. Жеке тұлғаны дамытып, білімге деген сенімін нығайту, оқуға қызығушылығын оятып, ынтасын арттыру процесі.

Зерттеу жұмысының пәні. Оқушыларға зейіннің маңыздылығын және олардың зейінін оқу материалдарына аудартып, олардың неғұрлым жақсы түсініп, сабақта зейінін сала отырып жұмыс істеуіне үйрету.

Зерттеу жұмысы келесі міндеттердің орындалуын қажет етеді:

  • Бастауыш сынып оқушыларының зейін ерекшеліктерін ескере отырып, оны тәрбиелеудің жолдарын көрсету;
  • балалардың жан-жақты дамып, алған білімдерін іске қолдана білуге үйрету;
  • оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын, ынтасын оятып, танымдық белсенділіктерін арттыра отырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасау;
  • мұғалімнің материалды жүйелі етіп түсіндіруі, өткен материалды дұрыс қорытуы, оқылатын жаңа тараудың мақсатын айқындауы, жаңа матер-иалды тыңдауға және түсінуге оқушылардың дайындығын тексеру.

Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негізі болып В. В. Петухов, Л. М. Веккер, Т. Рибо, Н. Н. Ланге, А. А. Ухтомский, С. Л. Рубинштейн, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, Т. Тәжібаев, Қ. Жарықбаев т. б. және Қазақстан және ТМД ғалымдары: Р. М. Қоянбаев, А. А. Бейсенбаева, В. П. Карибжанова, Г. К. Шолпанқұлова, К. Т. Әтешова т. б., құнды еңбектері табылады.

Зерттеу әдістері : зерттеу тақырыбы бойынша сұрақ-жауап, бақылау, байқау, әңгімелесу әдістері қолданылды.

Зерттеудің теориялық мәнділігі - Баланың кабілетін, зейінін, қызығушылығын арттыру мақсатында ойын элементтерін пайдалану, оқушының оған белсенділігін арттыру. Сабақты дидактикалық материалдарды техни-калық құралдарды мейлінше молынан пайдаланып жүргізу, жеке жұмыста да көрнекіліктер пайдалану.

Зерттеу практикалық маңыздылығы - Біздің жұмысымыздан алынған нәтижелер мен жасалынған қорытындылар арқылы баланың кабілетін, зейінін, қызығушылығын арттыру мақсатында ойын элементтерін пайдалану, оқушының оған белсенділігін арттыру. Сабақты дидактикалық материал-дарды техникалық құралдарды мейлінше молынан пайдаланып жүргізу, жеке жұмыста да көрнекіліктер пайдалану.

Зeрттey ғылыми маңыздылығы: Педагог әрбір баланың зейінінің дара ерекшеліктерін білуі керек. Әрбір баланың немесе бүкіл топ кемшілік-терін жою туралы белгілі міндеттер қоюға болады. Зейіннің кемшіліктерін тудырған себептерді білу қажет және тек қана сол уақытта кемшіліктерді жойып, зейінді тәрбиелеуге болады. Педагог әр уақытта да зейінді болуы қажет және өз үлгісінде балаларды үйрету керек. Педагогтің зейінді тәрбие-леу туралы бір жүйелі жұмысы әр уақытта да жағымды нәтиже береді; балалармен кез-келген жұмысы зейін салып орындау әдетін дамытады.

Зерттеу жұмысының құрылымы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен тұрады.

  1. КӨРКЕМ ЕҢБЕК САБАҚТАРЫНТІРЕК БЕЛГІЛЕРІ АРҚЫЛЫ

ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

1. 1 В. Ф. Шаталовтың тірек-сызбалар арқылы оқыту технологиясының

ерекшелігі

«Педагогика ғылым ретінде өте күрделі. Табиғатта педагогикаға қарағанда анағұрлым күрделі ғылым жоқ. Және оның күрделілігі, ең алдымен, оның мыңдаған компоненттерінің өзара байланысында. Оның жауапкершілік шарасы - адам! Бұл туралы әр күн сайын, біздің ұстаздық өміріміздің әр минутында есте сақтағанымыз жөн», - деп жазды В. Ф Шаталов.

Донецк мұғалімі Виктор Федорович Шаталовтың есімі педагогика тарихында алтын әріптермен жазылған. ХХ ғасырдың соңында Ұлы педагогтің алдыңғы қатарлы ойлары қоғамның қызығушылығын тудырды. В. Ф. Шаталовтың идеялары, формалары, жұмыс әдістері XXI ғасырдың қазіргі мұғалімінің педагогикалық ойлауын дамытады.

В. Ф. Шаталовтың жұмыс принциптері қандай? Бұл сұраққа жауап берер алдында біз оқушылардың орта, әлсіз және күшті болып бөлінуі әлі күнге дейін бар екенін мойындаймыз. Бұл құбылысты жою үшін XX ғасырдың шығармашылық шеберханасының педагогтары " . . . барлық балалар - шексіз!- мектеп бағдарламасын табысты меңгеруге қабілетті» ұранын алға жылжытты.

В. Ф. Шаталов оқытудағы қиындықтарды мұғалімнің келесі ұстанымдарын көрсете отырып түсіндірді:

- қатты, дөрекі сөйлеу;

- жүйке жүйесіне әсері;

- екілік қою;

- күнделіктердегі жазбалар;

- ата-аналарға рухани-моральдық әңгіме айту;

- сынып жетекшілері мен мектеп әкімшіліктеріне апелляция

Мұндай жағдайларда балалардың асқынған реакциясы пайда болды. Ұлы педагог әр оқушыға жол тауып, адамдық қадір-қасиетін тәрбиелеуге кеңес берді, тек сонда ғана әрбір оқушы өзін жеке тұлға ретінде сезінеді. Виктор Федорович қысқа теориялық жағдайлары бар бағдарламалар оқушылардың табысқа жетпегенін дәлелдеп берді. Оның пікірінше, тақырыптар мен бөлімдердің үлкен блоктары оқушыларға жеке теоремалардың, ережелер мен параграфтардың логикалық өзара байланысын ұғынуға, өз білімдерін тереңдетуге мүмкіндік берді.

Оқытудың перспективалы тәсілінің кезеңдерін атап өтетін болсақ:

-Бірінші саты - көп салалы, білімдарлықпен - жүйелі, эмоционалды түрде таңдаған параграфты мұғалімнің сабақты түсіндіруі.

-Екінші саты - тірек плакаттары бойынша, оқу материаддарын түсіндіру, дауыстап оқыту, негізгі ұғымдарды әртүрлі символдардың көмегімен, кодты шешу арқылы түсіндіру және олардың өзара логикалық байланысын анықтау. -Үшінші саты - тірек сигналын үйрену, сол арқылы әрбір оқушы үйренеді және альбомдарына жапсырады.

-Төртінші саты - оқулықпен және үй жағдайында - тірек сигналдарының беттерімен жұмыс істеу.

- Бесінші саты - келесі сабақта тірек сигналдарын жазбаша еске түсіру.

- Алтыншы саты - тірек сигналдары бойынша жауап қайтару (жазбаша және ауызша жай дауыспен, магнитофонды өзара бақылау қағаздары бойынша т. б. ) .

-Жетінші саты - бұрын өткен материалды тереңдету және жай қайталау.

Нәтижесінде теориялық материалды терең түсініп, оқушылар өз күшін іс жүзінде сынап көргісі келді. Ал үнемделген уақыт ішінде, жинақталған оқытудың арқасында теориялық білімді қолдана отырып, орындалатын практикалық жұмыстардың көлемі артты. "Теорияны өте жақсы білу-ең үздік оқушылардың қабілеттерін барынша іске асыру, әртүрлі стандартты емес шығармашылық тапсырмаларда күштерді тексеру үшін өте қажет. Материалды зерттеу мен бекітудің жаңа әдістемесі - табысты ілгерілеудің негізі", - деп жазды В. Ф. Шаталов

Виктор Федорович бұрын зерттелген бөлімдерге оралғанда "жіберіп алған кемшіліктерін" табу үшін өткен материалды үнемі қайталауды ұсынды. Психолог ретінде ол қозғалысты, дамуды және өсуді сезген оқушының жаңа қиын мәселелерді жеңуде психологиялық ынталандыру пайда болатынын атап өтті.

Ұлы педагог алғашқы ұшқыннан шығармашылық ізденістің жалыны тұтанатынына сенімді болды. Дәл осы сәтте ол мұғалімдерді оқушылардың шығармашылық әлеуетін сақтау және арттыру үшін мұқият болуды сұрайды.

"Ашық ойлар сабақтарында" В. Ф. Шаталов сабақтың атауын қалай дәл қалыптастырғанын түсіну үшін, оқушылар өз ойларын ашық айтып, бір-бірімен пікір таласып, сенімді дәлелдер келтіре отырып, өз көзқарасын дәлелдеген сабақтардың мәнін түсіну іске асырылады.

Виктор Федорович осындай сабақтарда оқушылардың қателіктерін және олардың мұғаліммен келіспейтінін құптады. Ең бастысы, ашық ойлар әрекетке деген ұмтылысты туғызды, оқушылар ашық ой сабақтарында болып жатқан жұмыстарға ешқашан немқұрайлы қарамайды. Ашық ойлардың қатарына қызықты ойлар енгізілді. В. Ф. Шаталов ерекше атап өткендей, жеңіс үшін емес, қатысқаны үшін оқушыларды мадақтау керек.

Виктор Федорович педагогикасының әдістемесі оқушыларға тек мұғалім тарапынан ғана емес, сонымен қатар оқушылар тарапынан да " . . . олардың қадір-қасиетін қорлайтын сөздер мен сөз тіркестерінсіз және тіпті қандай да бір күлкілі интонациясыз" білім беруде әлсіз оқушы өз өсуін сезген тәсілдерде құрылған болатын. Ақыр соңында әлсіз оқушы өзіне сене білді.

Біз қызықты оқиғаларды есте сақтау жақсы екенін білеміз. Бұл әдісті тірек сигналдарын құрастыру кезінде қолдануға болады. "Ой, сурет, сөз бізге күтпеген комбинацияларда келуі мүмкін. Бұл ретте олардың біреуі басым болуы мүмкін, басқалары көмекші рөлдерді ойнауы мүмкін, бірақ өзара байланысты бола отырып, олар ешқашан оқшаулана алмайды. Бұл біздің жадымыздың ғылыми, әдеби және басқа да қоршаған әлемді қабылдаудағы табиғи қасиеті. »

Тірек сигналдары В. Ф. Шаталовтың тұтас әдістемелік жүйесінің міндетті бөлігі болып табылады. Ол негізгі сөздер, әріп-сигналдар, сызбалар арқылы оқулықтан үлкен мәтіндерді қалай кодтау керектігін дәлелдеді. Оқушылар

тірек сигналдары бойынша зерттелген материалды оңай естеріне түсіре алады, өйткені олар қол жетімділік қағидатына негізделген.

В. Ф. Шаталов технологиясының ерекшелігіне тоқталсақ:

Бірінші ерекшелігі - нақты дәл есептелген оқу процесін құра білу.

В. Ф. Шаталов бұл құрылымды былай түсіндірді «Тірек сигналдары дегеніміз - ойынның элементі, уақыт үнемділігі және бала психологиясын қызықты құбылысқа бағыттау. Бірақ ең басты мақсат - берілген тақырыпты логикалық байланыстар негізінде оқушының түсінуі мен ұзақ уақыт есте сақтауы».

Екінші ерекшелігі - уақыт үнемділігі. Мысалы, белгілі бір тақырыпты түсіндіру барысында бірнеше тақырыпты жинақтап, ықшамдап бір-екі тірек сигналына сыйдыруға болады. Бұл әдістеме қазіргі күнге дейін құндылығын жойған жоқ. Тірек сызба белгілер сабақтың негізгі құрам бөлігі ретінде қолданылады. Мұнда негізінен мына мәселелерге назар аударған жөн.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Портфолио және оны даярлау жолдары
Болашақ мұғалімдерді кәсіби дайындау үдерісіндегі педагогикалық практика
Оқыту процесінде білімді есепке алу, бақылау және бағалаудың маңызы, қызметі
Психологиялық мониторинг мәліметтері негізінде оқушының оқу процесін оңтайландыру және жекешелеу
Оқыту заңдылықтары
Оқытушының сабаққа дайындығы
Білім беру үлгілері
Әлеуметтік - педагогикалық қызметтің кәсіби қызметінің бағыттары
Ғылыми педагогикалық зерттеу әдістері туралы ақпарат
Оқу сабақтарын талдауға жүйелі келістің әдістемесі мен технологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz