Биологиялық адаптация


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

2. 1. Адаптация және оның негізгі заңдылықтары

2. 2. Адаптация заңдылығы

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

2. 1. Адаптация және оның негізгі заңдылықтары

Адаптация (лат. adaptatio - бейімделу) - жануарлар организмдерінің, олардың мүшелер жүйелерінің құрылысы мен қызметі жағынан белгілі бір тіршілік ортасына бейімделу процесі; бір биологиялық түрдің морфофизиологиялық мінез-құлық - популяциялық т. б. оған ыңғайлы табиғи ортада өзіне тән өмір сүруіне мүмкіндік беретін ерекшіліктері. Бейімделу әрбір түрдің барлық даму сатысында даму арқасында қалыптасады. Бейімделу жиынтығы ағзалардың құрлысы мен тіршілігінің табиғи қажеттілігін қалыптастырады.

Адаптация теориясы (лат. adaptatioбейімделу, икемделу) - формалардын шығу тегі туралы 19 ғасырдың ортасында ұсынылған ғылыми болжамдардын бірі. Ол бойынша сөз түрлендіруші-қосымшалар мен есімдіктер бір-біріне тәуелсіз дербес дамыған, тек кейін грамматикалық мағыналарды білдіру үшін өзара бейімделген. Адаптация теориясысын Бопптың агглютинация теориясына қарама-қарсы ұсынған - санскрит тілін зерттеуші Людвиг. Оның түсіндіруінше, үнді-еуропалы кесім мен етістіктің жалғаулары алғашында жинақты сілтеу мағынасындағы негіздерді жасайтын суффикстер болган. Бірақ әртүрлі мағыналар мен катынастарды білдіру қажеттілігіне байланысты бұл көне негіздер флективті мағына беретін болған да, ал олардын бұрынғы суффикстері жана грамматикалык категорияларды білдіруге бейімделген. Адаптация теориясы Боппка қарсы бағытта эволюция теориясымен сабақтасып жатыр (Ф. фон Шлегель) . Агглютинация теориясынан бұрын шыккан, бірак жақтаушылары аз болған бұл теория бойынша, жалғаулар - алғашқы, ал есімдік - жалғаулардан шыққан кейінгі элементтер деп түсіндіріледі.

Түрлері

  • Биологиялық адаптация
  • Этникалық адаптация
  • Социалдық адаптация
  • Психологиялық адаптация

Этникалық адаптация - этникалық топтардың (қауымдастықтардың) табиғи және әлеуметтік-мәдени ортаға бейімделу үдерісі. Этникалық бейімдеудің негізгі әдісі - жаңа әлеуметтік-этникалық ортаның құндылықтарын (мәдени, тілдік, экономикалық, мәдени, саяси, адамгершілік, күнделікті және т. б. ) қабылдау.

Этникалық бейімделудің екі түрі бар: этникалық топ қоршаған ортаға әсер етуге ұмтылған кезде (оның нормаларын, құндылықтарын, өзара әрекеттесу формаларын және оны меңгеруі тиіс іс-әрекеттерді қоса алғанда) белсенді және мұндай ортаға ұмтылмаған кезде пассивті әсер етуі және өзгеруі. Табысты адаптация белгілері - ұлттық, этникалық ортада өмір сүру жоғары деңгейі, сондай-ақ тұтастай алғанда орта психологиялық қанағаттандыру және нақты этникалық топ элементтерінің. Этникалық бейімделудің төмен көрсеткіштері эмиграция, әлеуметтік-этностық орта құндылық-құқықтық жүйесінде бұзушылықтардың әртүрлі түрлері болып табылады.

Филогенездік бейімделу - бұл эволюция барысында кез келген ағзалар тобында қалыптасатын бейімделгіштіктің бүкіл кешені. Өсімдіктер мен жануарлардың әрбір түрдің қоршаған орта жағдайларына өзінің бірегей бейімдігі болады. Азырақ бейімделген ағзалар немесе түрлер өмір сүре алмайды, олар жағдай өзгерген кезде эволюция барысында өліп біткен. Жерде климат жылы, өте ылғалды болғанда ұрықтануына су қажетті қосмекенділер және споралы өсімдіктер үстемдік етеді. Климат едәуір ыстық, құрғақ, бірақ маусымдық өзгеріссіз, мұзбасу болған кезде рептилийлер (жорғалаушылар) - динозаврлар және қарапайым ашықтұқымды өсімдіктер үстемдік көрсетті. Климат енді ғана едәуір салқындап, температура маусымды және тәуліктік төмендегенде және мұзбасу болғанда жылықанды құстар және сүтқоректілер үстемдік ете бастады. Сонымен бірге, кейбір түрлер өте жақсы бейімделді. Мысалы, сарышаяндар Жерде 400 миллионнан астам жыл өмір сүріп келеді. Олар соңғы 300 миллион жылда аз өзгерді. Келестер тап қазіргідей түрде ең кемі, шамамен, 100 миллион жыл өмір сүріп келеді. Бөкендер де 40 миллион жылдан артық өмір сүруде. Бұл ағзалардың мекен ету ортасының жағдайы аз өзгерді, сондықтан да олардың бейімделуі ең тиімді болып қала береді.

2. 2. Адаптация заңдылығы

Эволюция (лат. evolutіo - өрлеу, өркендеу), биологияда - тірі организмдердің орта мен жағдайға бейімделіп, өзін өзгертетіні, ортаға үйлескендері жасап, үйлеспегендері жойылып отыратыны туралы идея болып, осы өзгеріс себепті олардың қабілеті үздіксіз артып, төмен деңгейден жоғары деңгейге көтеріледі деп есептейтін теория. Эволюциялық ілімінің негізін қалауда Чарльз Дарвинның еңбегі зор. Ол ашқан ең маңызды жаңалыққа дейін көптеген ғалымдардың еңбегі болды. Эволюциялық үдерістер зандылығы өте күрделі және ғалымдар күні бүгінге дейін толық анықтай алған жоқ. Алайда эволюцияның неге жүретіні бізге нақтылы белгілі.

Эволюция терминін алғашқы рет швейцарлық табиғаттанушы және философы Шарль Бонне 1762 жылы эмбриологияға арналған еңбектерінде пайдаланды. Эволюция құбылысы тіршілік деңгейлерінің барлық сатыларында (молекула деңгейден биосфералық деңгейге дейін) байқалып, үнемі құрылысы мен атқаратын қызметтерінде бұрын болмаған жаңа құрылымдар мен олардың жаңа қызметімен ерекшеленеді. Эволюцияның ең қарапайым деңгейі - мутациялық өзгерістер болып есептелінеді. Табиғи сұрыпталу кезінде мутация арқылы пайда болған жаңа белгілер мен қасиеттер организмдердің жаңа орта жағдайларына бейімделуіне жағдай жасайды. Ең алғашқы Эволюциялық процестер тіршіліктің популяция деңгейінде пайда болады. Бұл кезде организмдердің генотипі өзгереді.

Швед жаратылыс зерттеушісі Карл Линнейді (1707-1778) эволюционистердің маңызды әуелгері деуге болады. Сайып келгенде тірі ағзаларды жүйелеуде осы ғалымның жолы болды. Оның «Табиғат жүйесі» еңбегі 1735 жылы жарыққа шығып, К. Линнейді дүниежүзілік даңққа беледі. Онда өсімдіктер мен жануарлар ағзаларын жіктеудегі негізгі қағидалары сипатталды, сондай-ақ оларды жарыса бағынған жүйелік санаттарға: класс, отряд, туыс және түрлерге бөлді. Осы проблемаға арналған тағы бір еңбегі: «Ботаника философиясы» кейінірек жарық көрді.

К. Линней ағзалардың қосарланған атауын - қосарлы атаутізімді ғылымға енгізді. Бұл екі сез, оның біреуі сын есім - түрді, екіншісі зат есім - туысты белгілейді. Мәселен, үлкен жолжелкен және қандауыртөріздес жолжелкен бір туысқа - жолжелкен туыстасқа жатады. Бұл дүние жүзі ғалымдарының бірін-бірі түсінуіне мүмкіндік берді. Линнейдің тағы бір еңбегі, ол «түр» ұғымын айқын қисындап мазмұндады және оның анықтамасын морфологиялық өлшем негізінде, яғни сыртқы және ішкі құрылысының ұқсастығы бойынша жетілдірді. К. Линней адамды адамтәріздес маймылға (құрылысының ұқсастығын басшылыққа алып) жатқызса да эволюцияның болу мүмкіндігін ойламады. Линней: «жүйедегі жақындық қандас туыстықты білдірмейді» деді. К. Линней эволюция мәселелерімен шұғылданған жоқ. Ол идеалист, метафизик болды, сондай-ақ «жаратылған күннен бастап» тіршіліктің өзгермейтініне сенді. Линнейдін, сыртқы ұқсастыққа ғана негізделген жүйесінде толып жатқан қателіктер болды және кәбі жасанды еді. Алайда соның өзі өз заманы үшін ең жақсысы болғандықтан, Карл Линней ғылым тарихына жүйелеу атасы ретінде енді.

Биологияда XVII ғасырдың өзінде-ақ трансформизм деп аталатын бағыт пайда болды. Трансформистер тіршіліктің өзгергіштігіне, трансформацияға сенді. Жан Жан Батист Ламарк (1744-1829) ең көрнекті трансформист деп есептелді. Ол алғашкы тұтас эволюциялық теория жасады. Оның «Зоология философиясы» (1809) еңбегі биологияда эволюцияның түсініктерінің басымдылығына бағытталған жолда маңызды қадам болды.

Линней тәрізді Ламарк та жүйелеумен шұғылданды. Ол линнейлік жүйені едәуір жетілдірді. Ламарк ең алғаш барлық жануарларды омыртқалыларға (жануарларға) және омыртқасыздарға жәндіктерді 10 класқа, сондай-ақ қосмекенділер мен жорғалаушылар класына жіктеді. Ламаркқа дейін жәндіктер (омыртқасыздар) - бунақденелілерге, ал бақалар тритондармен бірге және жыландар тасбақалармен бірге бір класқа жатқызылып жіктелді. Ламарк жүйелеуге жүйке және қантарату жүйелерін негіз еткен. Бұл Линней жүйесінен дұрысырақ ете түсті. Ламарк түрлерді осылай қатарластырып, тірі ағзалардың басқыш баспалдағы тәрізді бірінен-бірінің күрделене, жетіле түсетінін байқады. Біртіндеп көтерілу - градация - өрлеме- сатылау ұғымы осылай пайда болды.

Ламарк жаралым деңгейінің біртіндеп жоғарылауын, тірі ағзалардың күрделілене түсуін градация деп түсінді. Демек тірі табиғат әлемі өзгереді, жетіледі. Сонда ағзалар өз өзгерістерінің, қай жаққа өзгеруі қажеттігін қалай біледі? Міне, осы тұста Ламарк дұрыс болжам жасайды. Оның ойынша тірліктің барлығы қоршаған орта талап еткен бағытта өзгереді. Табиғи жағдайлардың өзгеруімен бірге тірі ағзалар да өзгереді. Бұл үдерістің шапшаңдығының өте баяу екені туралы ойы да дұрыс.

Алайда Ламарк тұжырымдамасында да кемшіліктер бар. Оның бірі - табиғи эволюция себебін идеалистік көзқараспен түсіндіруге тырысуы. Ж. Б. Ламарк өте діншіл адам болды. Оның ігікірі бойынша құдай қарапайым формаларды бір-ақ рет жаратып, әрбірі тірі ағзаның бойына жетілуге ұмтылуды, жақсырақ болуға ұмтылуды сіңірген. Сөйтіп кез келген ағза құдайдық жазғанын ықыласпен орындайды және ұрпақтарына береді. Мәселен, батпақта жүретін кұтан өз аяғын сулағысы келмейді де үнемі батпақтан суырып алады. Күнделікті жаттығудан өте ынталы құтанның аяғы біраз ұзара бастайды. Егер екі ынталы құтан жұптасып, ұрпақ берсе, олардың балапандарының аяғы осы түрдегі машықтанбаған өзге құстар аяғының бастапқы ұзындығынан ұзындау болады. Егер мүшелер ұзақ уақыт жаттықпаса, олардың мөлшері кішірейіп, тіпті жойылып кетеді. Мысалы, көртышканның көзі, жыланның аяғы тәрізді. Қазір мұндай болжамдар сандырақ болып көрінеді. Алайда Ламарк өмір сүрген кезде оның теориясы, ғылыми коғамдастық кенінен мойындамаса да, шыңында төңкеріс жасағанын естен шығаруға болмайды. Ламарктың идеясы толық қиялшылдығына қарамастан, құдайға тіл тигізген сияқты көрінді.

Келесі эволюциялық теория Ч. Дарвиндікі. Ол биологияда пайда болған кезден эволюциялық көзкарас үстемдік етуде, яғни келесі ашылған жаңалықтардың барлығы эволюциялық тұрғыдан анықтап тексеріледі. [1]

Эволюция ұғымы, оның бағыттары

Биологиялық эволюцияның мынадай бірнеше анықтамалары бар:

  1. Тірі ағзалардың тарихи дамуының қайталанбайтын үдерісі.
  2. Биологиялық жүйелердін; біртіндеп, азды-көпті бағытта жоғары сатыға көтерілу үдерісі.
  3. Тірі ағзалардың қарапайым формадан күрделірек (жетілген) формаға баяу өзгерген үдерісі.
  4. Тірі зерзаттардын, ұзақ мерзімінде жоғары сатыға көтерілуі.

Бұдан өзге де анықтамалар тұжырымдауға болады. Егер егжейтегжейлі ой толғаса, тіршілік дамуының эволюциялық үдерісі жай ғана алға үдемелі қозғалыстағы көрініс еместігін байқаймыз. Оны эскалатордың (жылжымалы саты) үдемелі және біркелкі жатық қозғалысымен салыстыруға болмайды. Оның әрбір баспалдағы бірінен кейін бірі біркелкі қозғалыспен жоғары, тек жоғары қарай қозғалады. Ақиқатында мүлде анағүрлым күрделі. Эволюция үдерісі күрделі және оның белгілі жоспары болмайды.

Ғаламшардағы тіршіліктің дәл қазіргідей үнемі бола бермейтіні бұрыннан мәлім. Тіршіліктің ертерек кезендерде дүниеге келген. Бұрынырақта зілдер (мамонт) мен динозаврлар (сұмпайы кесірткелер), үңгір аюлары және қылыш тісті жолбарыстардың тіршілік еткені мәлім. Бұл жануарлар бұрын өмір сүрді, бірақ бізге дейін сақталып қалған жоқ. Ал қазір өмір сүретін, бізге үйреншікті болып кеткен көптеген түрлер ғаламшарда жақында ғана пайда болды. Мәселен, теңіз жұлдыздары немесе ақулаларға қарағанда көдімгі иттер, мысықтар немесе торғайлар олардан тарихи жағынан өлдеқайда жас.

Демек эволюция тарихи өзгеріс үдерісі ретінде үнемі біркелкі жүрмейтінін түсіну қажет. Біріншіден, ағзалардың сан алуан жүйелік топтарындағы эволюциялық өзгеріс жылдамдығы айтарлықтай ерекшеленеді. Топтардың бірде қандай да бір уақыт аралығында өзгелерінен тезірек эволюция жолымен бірте-бірте дамып, сол топтың езі тарихи даму барысында екінші уақыт аралығында мүлдем бөгеліп қала алады.

Тірі ағзалардың қандай да бір жүйеленген тобының дамуына, қалыптасып жетілуіне жүздеген және мыңдаған факторлар әсер етеді. Атап айтқанда сақталуы, тірі қалуы және одан әрі жетілуі - эволюциялық жолмен бірте-бірте дамуы сол факторларға тәуелді болады.

Эволюциялық табыс негізінде екі ұғымды: биологиялық алға басу және биологиялық кері кету ұғымдарын бөліп керсету макұлданды.

Прогресс

Биологиялық алға басу (прогресс) - дарақтар санының, жүйеленген сан алуандықтың (едәуір усақ жүйеленген. топтар санының) артуы және аймақтың кеңеюі. Мәселен, мезозой кезеңінде сұмпайы кесірткелер (динозаврлар) үстем болды. Бұл олардың «биологиялық алға басу» кезі еді, яғни дарақтар көп болды, жүйеленген топтар (сан алуан ұшқыш, жыртқыш, теңізде тіршілік ететін және шөпқоректі динозаврлар) көп бөлды. Сөйтіп осы түрлер бүкіл ғаламшарды іс жүзінде жайлап алды.

Регресс[өңдеу]

Биологиялық кері кету (регресс) - дарақтар саны мен олардың жуйеленген топтары санының кемуі және аймақтың тарылуы. Кері кету дегеніміз - алға басуға кері үдеріс, яғни эволюциялық сәтсіздік. Биологиялық кері кету кезінде санын қалпына келтіріп, алға басуға мүмкіндігі бар өкілдер жеткілікті мөлшерде сақталады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әскери қызметкелердің әлеуметтік психологиялық адаптациясын қамтамасыз ету жолдары
Жеке тұлғаның әлеуметтік психологиялық адаптациясы
Гетерохрония және адаптация
Гетерохрония және мутация
Компенсаторлы гипертрофия
Қабыну фазасы
Стресс және адаптация
Бейімделу физиологиясы
Түйсіктің психофизикалық теориясы
Адаптациялардың классификациясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz