Ағылшын тілі сабағында жазбаша коммуникативтік құзыреттілікті дамыту


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 52 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті

Гуманитарлық ғылымдарының Жоғары мектебі

«Қорғауға жіберілді»

БББ жетекшісі

Жолдабаева А. С.

2020 ж.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Ағылшын тілі сабағында жазбаша коммуникативтік құзыреттілікті дамыту.

6В01730 - «Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасы

Орындаған: Әбілдәбек А. О.

Ғылыми жетекші: ф. ғ. к., доцент

Ныгметова Б. Д

Павлодар 2020

Кіріспе

1. Ағылшын тілі сабағындағы жазбаша коммуникативтік құзіреттіліктің маңызы .

1. 1Оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін дамыту.

  1. Ағылшын тілінде жазуға үйретудің жолдары және оқыту мен оқуда жүргізілетін жазбаша жұмыс түрлері.

2. Ағылшын тілі сабағында жазбаша қарым-қатынастық құзыреттілікті арттыру.

2. 1 Ағылшын тілі сабағындағы жазбаша қарым-қатынастың түрлері.

2. 2 Оқушылардың жазбаша құзыреттілігін арттырудың маңызы.

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ

Қазіргі кезде елімізде коптеген өзгерістер орын алып, саяси-мәдени араласу көбейіп, жаңа білім жүйесі пайда болып және де «Тілдердің үштұғырлылығы мәдени жобасы» қолға алынуда. Осы жоба аясында «ағылшын тілі- жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі» деп аталып көрсетілді, соған орай ағылшын тілінің дәрежесі көтеріліп, тіл үйренуге деген үлкен сұраныс өсіп отыр. Яғни оқытушылардың алдына қойылған міндеттерінің бірі шет тілін кәсіби түрде оқыту болып табылады. Осы тұрғыдан қарастырғанда ағылшын тілін оқытуда оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру мәселесі білім жүйесінде маңызды орын алуда. Ерте жастан ағылшын тілін оқыту оқушылардың коммуникативті даму біліктілігін арттырады, оқушылардың қызығушылығын оятып, бірден көп тілдерде сөйлеуге мүмкіндік алады. Ал, әлемдік тіл ретінде бейресми түрде орныққан ағылшын тілін меңгеру ұлттың бәсекеге қабілеттілігін шыңдай түседі. Тіл үйренуші өз ойын ағылшын тілінде толық және нақты жеткізе алу үшін және сауатты дұрыс жаза алу үшін біз жазбаша коммуникативтік құзыреттілікті дамытуға көңіл аударуымыз қажет. Оқушылардың жазу арқылы ойлау санасы дами түседі және заман талабына сай жеке дара тұлға ретінде қалыптасуына да әсерін тигізеді. Оқушылар арасында жазбаша коммуникативтік құзыреттілігін арттырып, сауаттылыққа мән беру және сол арқылы ағылшын тілінде тілдік қарым-қатынасқа түсе алуды үйрету оқытушылардың алдына қойылған басты мәселе болып саналады. Оларға жазуды меңгерту, мәдиниетаралық қатынаста хат жазу іскерлігін қалыптастыру мәселесі тілді үйретумен тығыз байланысты болғандықтан, оған ерекше көңіл бөлінеді. Сондықтан жазудың күнделілігі, мәдиниетаралық қатынаста хат жазу үрдісінің қажеттілігі білім алушылардың арасында жазбаша құзыреттілікті дамыту маңызды екенін түсіндіреді.

Тақырыптың өзектілігі. Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының білім туралы тұжырымдамасы ойлы, өнерлі, білімді тұлғаны қалыптастыруға бағытталған және соған сәйкес қазіргі білім беру жүйесінде оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін арттыру үшін түрлі әдістер қолданылуы тиіс. Ғылымның түрлі салаларынан білімі мол маманды шын мәнінде коммуникативтік тұлға деңгейіне жеткен деп айта аламыз. Осыған орай білікті маманды даярлау барысында ағылшын тілін коммуникативтік лингвистика бағыттарында жүргізудің маңызы зор болып табылады. Арнайы ұйымдастырылған жұмыстар арқылы және топтық жұмыстарды тиімді қолданудың арқасында оқушылардың коммуникативті құзыреттілігін және оның лингвистикалық компоненттерін қалыптастыруға болады. Теориялық мәселелерімен қатар практикалық міндетттердің сәйкес келуі оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін жоғарылатады және тілді үйрену үшін қолданылатын әдістемелердің мақсаты сол тілде сөйлей білу және дұрыс жаза білу болып саналады. Бүгінгі таңда коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыру және оны дамыту аса қажетті де маңызды. Сонымен, ағылшын тілін оқыту әдістемесінің жеткіліксіз жасалуы, ағылшын тіліндегі жазбаша құзыреттілікті дамытатын жолдарын жүзеге асыруды және ізденісті қажет ететін, осы зерттеу жұмысының маңызды мәселесі (проблемасы) болып табылады. Бұл мәселе зерттеу жұмысының тақырыбын таңдауға себеп болды.

Зерттеудің нысаны. Зерттеу жұмысына негіз болған ағылшын тілі сабағындағы жазбаша коммуникативтік құзыреттіліктің дамыту жолдары.

Дипломдық жұмыстың мақсаты - тәжірибе жүзінде оқушылар арасында жазбаша коммуникативтік құзыреттілікті дамыту әдістерін қолданып, тиімділігін (эффектілігін), не тиімсіздігін айқындау.

Дипломдық жұмыстың міндеттері:

- Ағылшын тілін оқыту процесінде жазба жұмысты қолданудың маңыздылығын суреттеу.

- Ағылшын тілі сабағын оқытуда жүргізілетін жазба жұмыстардың тиімді түрлерін іріктеу.

- Оқыту мен оқудағы оқушылардың жазбаша құзыреттілігін арттырудың жолдарын анықтау.

- Жазбаша коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыруға бағытталған жаттығуларды оқушылар арасында қолдану.

Зерттеу объектісі. Шет тілін оқыту үрдісінің тиімділігін жоғарылату мақсатында, тәжірибе негізінде оқушылар арасында жүргізілген жазба жұмыстардың жиынтығы.

Зерттеу жұмысының пәні. Шет тілі пәні бойынша мектеп оқушыларының білімдерін жетілдірудің тиімді тәсілі ретінде қолдану.

Зерттеу жұмысының әдіс-тәсілдері. Зерттеу жұмысында ғылыми сипаттама әдісі, зерттеу, сауалнама, эксперимент, теріп алу, сондай-ақ салыстырмалы және логикалық зерттеу тәсілдері қолданылды.

Ғылыми жаңалығы. Бұл жұмыстың ғылыми жаңалығы 6 сыныпта тәжірибелік - эксперименталдық зерттеу жүргізу және ағылшын тілі сабақтарында коммуникативтік құзыреттілікті меңгеру дағдылары бойынша оқушылардың білім деңгейін анықтау болып табылады.

Зерттеу жұмысының теориялық маңызы. Жұмыстың теориялық маңыздылығы осы экспериментті жалпы білім беретін мектептердің басқа сыныптарында қолдану болып табылады.

Зерттеудің практикалық маңызы. Жұмыстың практикалық маңыздылығы бұл зерттеу одан әрі диссертациялық зерттеу үшін негіз бола алады.

Зерттеу жұмысының жариялануы мен мақұлдануы.

Жұмыстың құрылымы: Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

  1. Ағылшын тіл сабағындағы жазбаша коммуникативтік құзіреттіліктің маңызы.

1. 1 Оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін дамыту.

Ағылшын тілі сабағында білім алушылардың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастырудың көптеген жолдары бар. Жалпы компетенттілік ұғымына ғалымдар зерттеулер жүргізіп, анықтама берген. Мысалы, В. Шепель компетенттілік ұғымына білім, біліктілік, тәжірибе, білімді пайдалануға теориялық-тәжірибелік дайындық ретінде анықтама береді. Ал В. Ландшеер компетенттілік тереңдетілген білім деп түсінеді. Сонымен қатар, бұл ұғымды зерттеуге П. Симонов, М. Чошанов, В. Даль, В. Безруков, Н. Розов және психологтерден А. Журавлев, Н. Талызина өз үлестерін қосқан.

Кейбір ғалымдар компетенттілік ұғымын «құзыреттілік» аталымымен нақтылайды. Компетенттілік ұғымы латын тілінен аударғанда «өз ісін жетік білу, танымы мол, тәжірибелі» - деген мағынаны береді. Түсіндірме сөздіктерде компетенттілік ұғымы «компетенцияны» меңгеруші ретінде қарастырылады. Ал французша «компетентті» заңға сай, ағылшынша «қабілетті» деген мағынаны білдіреді.

В. Даль “компетенттілік” ұғымы тек әділет саласына тең деп санайды және оның ойынша, компетенттілік дегеніміз “заңга сәйкес”, “толық құқылы” деген мағынаны білдіреді. Ал В. Безруков компетенттілікті кәсіби түрде сауаттты талдау жасай алу, бағалау алу, белгілі бір ойын нақты айта алу біліктігінің қалыптасуы деп түсіндіреді. Э. Зсер мен О. Шахматованың зерттеулері бойынша компетенттілікті кәсіби білім мен біліктің жиынтығы және кәсіби іс-әрекетті орындай алу әдіс-тәсілдері деп санайды. Компетенттілік теория мен практиканың бірлігі негізінде қалыптасады. Ол жансыз жаттанды білім түрінде емес, тұлғаның танымға деген әрекетін, ойлауға қатысын және әрекетке, белгілі мәселелерді ұсынып, шешім жасауға, оның барысы мен нәтижелерін талдауға, ұдайы түрде ұтымды түзетулер енгізіп отыруға деген іскерлігінің белсенділігінен көрінеді. Н. С. Розов компетенттіліктің екі жағы болатынын анықтаған. Ол бірінші жағына танымдық және практикалық жаңалық енгізуді ассимиляциялау мүмкіндігімен, екінші жақты- жүйелерінің әр түрі, тип, профилі сатыларына қойылатын талаптарын анықтау мүмкіндігімен байланыстырады. Н. С. Розовтың пікірінше, компетенттіліктің мынадай қырлары бар:

- мәндік аспект, неғұрлым жалпы мәдени констектегі ахуалды жете түсінудің барлығын көрсетеді:бұл контекстік аясына осы сияқты ахуалды бағалау, оны ұғыну мен оған деген қарым-өатынас кіреді;

- проблемалық-практикалық аспект, бұл - осы бір жағдайда ахуалды айқындай білудің мақсат, міндет, нормаларды алға қою мен орындау тиімділігінің бара-барлығын сипаттайды;

- коммуникативтік аспект бұл - осы тәріздес ахуалдағы қатысымның және адамның осындай жағдайға қатысын және өзара ықпал жасауға тиісті мәдени үлгі деңгейінің барлығын қамтамасыз етеді. Компетенттілікке жетекші рөл проблемалық-практикалық аспектіге беріледі. Сондықтан осы үш аспектінің қалыптасқандығы, жалпы мәдени компетенттілікке ие адамның сипатын береді. Өйткені, адамдардың өз мүмкіндігін жүзеге асыруға жол ашады. Қазіргі түсіндірмелерде компетенттілік ұғымы екі түрлі аспектіде: компетенттілікті меңгерген және белгілі бір нәрсеге білімі бар деген мағынада қарастырылады. Ол “білім, біліктілік, пікір айта алатындай дағды” сияқты ұғымдарды қамтиды. Ал психологиялық сөздіктерде компетенттілік жеке тұлғаның қоршаған ортадағы адамдармен тиімді қарым-қатынас жасай алу қабілеті деген түсінік берілген. Соңғы кезде ғалымдар компетенттілік ұғымын “біліктілік”, “құзырлылық”, “құзыр” деп қарастырып жүр. “Құзырлылық” ұғымы жайлы Құдайбергенова К. С. Құзырлылық табиғаты - тұлғаның өзіндік дамуында атты еңбегінде былай деп көрсетті: “Құзырлылық ұғымы соңғы жылдары педагогика саласында тұлғаның субьектілік тәжірибесіне ерекше көңіл аудару нәтижесінде ендіріліп отырған ұғым”. Бұл жайлы Б. А. Тұрғынбаева “Мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін біліктілікті арттыру жағдайында дамыту” атты еңбегінде “… өзінің практикалық әрекет арқылы алған білімдерін өз өмірілк мәселелерін шешуде қолдана алуын - құзырлылықтар деп атаймыз” деп анықтаса, ресей ғалымы Н. В. Кузминаның көзқарасы бойынша “Құзырлылық дегеніміз - педагогтың басқа бір адамның дамуына негіз бола алатын білімділігі мен абыройлылығы деді. ” “Құзырлық” сөзі “құзыр”сөзінен алынған туынды сөз екендігіне баса назар аударамыз. Бұл туралы қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігінде: “құзыр (компетенция) - жалпы алғанда қайсыбір тапсырманы орындауға қабілеттілік немесе бір нәрсені жасау” деп берілген.

Сонымен компетенттілік дегеніміз ол тұлғаның теориялық білімі мен практикалық тәжірибесіне сай белгілі бір міндетті орындауға дайындығы. [1. 7б]

Құзыреттілік ұғымын қарастыра келе ол тұлғаның жалпы қабілеттіктерінің жиынтығы деуге болады, ал коммуникативтік құзыреттілік деп өз туған тілін және өзге тілге деген қабілеттілігін айтуға болады. Еуропа Одағының материалдарында шет тілдеріне қатысты біліктіліктің екі түрі жайлы айтылады. Олар жалпы және коммуникативтік біліктілік болып табылады.

Коммуникативті әдіс жанды ерікті қатынас үдерісінде негізгі тілдік дағдыларды (жазбаша және ауызша сөйлеу, грамматика, оқылым мен тыңдалым) бір мезгілде дамытуға бағытталған. Студентті басқа тілде сөйлесуге үйрету - оқытушының басты міндеті. Шет тіліндегі лексика, грамматикалық құрылымдар, сөз тіркестері студентке оқып жатқан материалдың тез және берік бекінуіне септігін тигізетін шынайы эмоционалды жағдай контексінде ұсынылады. Коммуникативті әдіс негізінде «Headway» мен «New Cambridge English Course» сияқты танымал оқу құралдары жазылды. Ақпараттық тасымалға негізделген әрекеттер келесідегідей болу мүмкін: тыңдап отырып түсінгеннен біраз мақсаттық мақалалар жазу, диаграммалардан сөйлем жазып алу, кейбір суреттер жайында өз пікірін ұсыну . . .

- ақпараттық бос кеңістік ұстанымы қатынас кезіндегі адамдардың арасындағы ақпараттың түрлі деңгейлерін ескереді, ол біраз жақсы жаттығулар жасауға мүмкіндік береді: студенттерде ақпараттың түрлі бөлшектері бар және оларды сұрақтар мен жауаптар арқылы алмасу, студенттердің сөйлеп жатқанда ұйқасатын түрлі жауаптарды таңдауына болады.

- Мазмұны үшін түзету ұстанымы грамматикалық нақтылыққа қарағанда берілген коммуникативті мазмұнына көп екпін жасауды білдіреді. Сондықтан қателер алдыңғы әдістемелерден гөрі сан алуан қатынасқа ие болады.

- Шынайы материалдарды қолдану студенттерге нағыз, ойдан құралмаған тілге жол ашады, ол - студенттерді тілдің табиғи кейпімен беттесу үшін құнды.

- Сөйлемдердің өз ретіне шифрланғандарын (немесе әңгіме, сурет-әңгіме) енгізу

- бүтіндік пен үйлесімділік және дискурстың басқа да аспектілерімен жұмыс жасағанға жақсы жол.

- Тілдік ойындар коммуникативті болып табылады, себебі олардың қатынастың 3 белгісі бар: ақпараттық бос кеңістік, таңдау және кері байланыс.

- Рөлдік ойындар түрлі әлеуметтік контекстер мен рөлдерді, қатынастарды түсінуге мүмкіндік береді.

- Жұптық және топтық жұмыстар

- жиі қолданылатын әрекет [ 4, 53-54б]

Лингвистика саласына біліктілік терминін Н. Хомски енгізген, яғни бұл деген тілді біліп қана қоймай оны шынайы жағдайларда, күнделікті тәжірибе қолдана білу. Коммуникативтік біліктілік дегеніміз шет тілінің грамматикалық мен тілдік бірліктердің қызметін толық білетін, тілді жақсы меңгерген, яғни линвистикалық білімі сөйлеу әрекетінен жоғары дейгейде көрінетін шет тілінде еркін қарым-қатынас жасайтын адамның қабілеттілігі. Коммуникативтік біліктілікке лингвистикалық компонент, социологиялық компонент, прагматикалық компонент жатады. Коммуникативтік құзыреттілік концепцияға сәйкес 5 бөлікке бөлінеді:1) лингвистикалық құзыреттілік; 2) социолингвистикалық құзыреттілік; 3) дискурсивті құзыреттілік; 4) стратегиялық құзыреттілік; 5) социомәдиниеттік құзыреттілік;

Лингвистикалық құзыреттіліктің мәні тілдегі грамматикалық және синтаксистік формаларды дұрыс құрастыру болып табылады. [2. 6б] Грамматика бойынша ережелерді оқыту мақсатында сабақ барысында әр түрлі кестелерді, сызбаларды және интерактивтік тақтаға арналып жасалған флипчарттарды қолдану тиімді жолдардың бірі болып саналады. Оқытуда білім алушылармен жұмыс істеуде оларға сөйлемдерді дұрыс айту, тыныс белгілерін дұрыс қою, түсіп қалған әріптерді орнына қою сияқты жаттуғыларды орындата отырып, оқушыларға ағылшын тілінің грамматикалық құрылымын меңгеруге мүмкіндік береді. Сонымен грамматикалық құзыреттілік ағылшын тіліндегі тілдік қатынастың ең маңызды базалық элементтерінің бірі болып табылады. Социолингвистикалық құзыреттілік лингвистикалық формалар мен тілдік қатынастарды дамыту, сөйлеушінің қоғамдағы орны бойынша сөйлей білу болып табылады. Бұл жалпы тыңдалым арқылы ұғу болып табылады. Оқушыларда тыңдалым дағдыларын дамыту үшін электрондық оқулықта жазылған аудиолар немесе ән, мәтін және дыбыстарды қолданып, жаттығуларды қолданған жөн. Дискурсивті құзыреттілік дегеніміз айтылымдардың құрылымы ережелерін меңгеру. Білім алушылар дұрыс сөйлем құрып, өз ойларын дұрыс жеткізуге үйренеді. Коммуникативтің қатынастың мақсаты ауызекі сөйлеу және жазба тілдерін тілдерін дамыту болып табылады. Сабақта топтық, жұп арқылы жұмыс істеуге арналған тапсырмалар бергенде оқушылар өзара тығыз қарым-қатынаста болады. Жұмыстың бұл түрі балалардың қызығушылығын арттырып, ағылшын тілін үйренуге ынталандырады. Ал стратегиялық құзыреттілік деген әңгімелесуші адаммен байланыс ережелерін білу және қолдану. Бұған біз диалог құру және оны жалғастыру шеберліктерін жатқызамыз. Білім алушылар диалогтік тілдерін жұмыс кезінде жаттықтырады. Социомәдениеттік құзыреттілік - тілді тасымалдаушы, қолданушы - халық мәдиниетін білу. Қазіргі оқулықтарда сол халықтың салт-дәстүрлері, ұлттық ойындары, ұлттық тағамдары және мейрамдары жайлы ақпарат берілген. Осы тақырыптармен білім алушылар таныс болып, халықтың мәдиниеті туралы білімдерін тереңдету керек. [3. 29б]

Тіл үйретудегі қатысымдық (коммуникативтік) бағытты ұсынған әдіскерлер Е. И. Пассов, А. А. Леонтьев, В. Г. Костомаров, А. Н. Щукин, М. Н. Вятютнев, Г. А. Китайгородская, Г. В. Рогова, И. Зимняя, В. А. Скалкин, Б. А. Лапидус, Н. И. Гез, Э. П. Щубин, И. Л. Бим, т. б. бұл әдістің ғылыми-теориялық және әдістемелік тұрғыдан тиімді екендігін дәлелдеп отыр. И. Л. Бимнің пайымдауынша:«Шет тілдерді оқытудың коммуникативті әдісі іс жүзінде тіл үйретудің жалпы коммуникативті бағдары соңғы нәтижеге, яғни шет тілді қатынас құралы, халықтар арасындағы өзара түсіністік орнату құралы ретінде пайдалана алуға дайын, жан- жақты дамыған, білімді тұлға қалыптастыруға бағытталуы керек» деп анықтама берген. Коммуникативті әдіс жанды ерікті қатынас үдерісінде негізгі тілдік дағдыларды (жазбаша және ауызша сөйлеу, грамматика, оқылым мен тыңдалым) бір мезгілде дамытуға бағытталған. Студентті басқа тілде сөйлесуге үйрету - оқытушының басты міндеті. Шет тіліндегі лексика, грамматикалық құрылымдар, сөз тіркестері студентке оқып жатқан материалдың тез және берік бекінуіне септігін тигізетін шынайы эмоционалды жағдай контексінде ұсынылады. Сонымен, студентке тіл үйреткенде мақал-мәтелдер, фразеологиялық тіркестер ұлттық мәдени құндылықтарымызды танытатын тілдік бірліктерді механикалық түрде жаттатпай, олардың әрбірінің астарында жатқан ұлттық дүниетанымызды көрсететін этномәдени мазмұнды түсіндіріп, жетік меңгеруіміз қажет. Ғылымның түрлі салаларынан хабары мол маман ғана шын мәнінде коммуникативтік тұлға деңгейіне жете алады. Осымен байланысты болашақ білікті маман даярлау барысында шет тілдерін коммуникативтік лингвистика бағыттарында жүргізудің маңызы зор.

1. 2 Ағылшын тілінде жазуға үйретудің жолдары және оқыту мен оқуда жүргізілетін жазбаша жұмыс түрлері.

Мемлекеттік стандарттың талабына сай ағылшын тілін үйрену- сол тілдің грамматикасын ғана игеру болып саналмайды. Грамматикалық материалдарды оқып үйрену оқушының коммуникативтік жолмен тіл үйренуімен, сауатты жаза алуымен тығыз байланысты. Демек, оқушының білімі үш бағытта анықталады. Олар:

1) оның коммуникативтік маңызына;

2) грамматикалық сауаттылығына;

3) өлкетанушылық материалдарды игеру деңгейлеріне қарай;

Ал жазуға қойылатын талаптар: мәтіннен үзінділерді дұрыс көшіре білу, оқығаны, естігені бойынша жоспар құру, қысқаша құттықтаулар жаза білу, хат жаза білу. Тілді меңгеруде оқушылар сөздерді, сөз тіркестерін ауызша, жазбаша дұрыс қолданып, ерекше дыбыстарды меңгермейінше ағылшын тілінде дұрыс сөйлеу, сауатты жазу мүмкін емес. Сондықтан жазба жұмысын барлық сыныптарда үнемі өткізіп тұрған тиімді. [3. 29б]

“Жазу - таңба мен белгілердің арнайы фонемалық, мағыналық, қасиетке ие болуы арқылы адамдардың бір-бірімен жазбаша қарым-қатынасын қамтамасыз етеді”, - делінген. Клейн (1985, 70 б. ) жазуды «қалам мен қағазды салу қабілеті» деп анықтайды және символдарды қолдана отырып идеяларды білдіру үшін, қағаз бетіне түсіріп және қағазда жазылғанның мағынасы мен мазмұнын түсіне алу деп санайды және солай адамдар басқа адамдармен сөйлесе алады. Сонымен қатар, жазу - мидың күрделі процесінің жемісі. Бұл жеке тұлғалардың көптеген мүмкіндіктерін қамтиды. Гарсияның айтуы бойынша (2003, 149 б. ) Жазу - бұл мидың жұмысының нәтижесі. Сонымен қатар, Кассани (1999, 24-б. ) Жазуды адамның тілдік белсенділігінің көрінісі деп айтады. []

мысалы, сөйлесу, монолог немесе басқа деңгейде қимылдар кодтары Тіл үйренушілер жазу арқылы сөйлемнің мағынасына және мәніне, формасына дейін қойып, оны ойымен бақылау арқылы өз санасынан өткізіп, қағаз бетіне түскен мәліметтердің түсінікті, айқын-жүйелі болуы арқасында жазбаша тілдік қарым-қатынасты іске асырады. Жазу әрекеті тілдік қарым-қатынастағы сөз әрекетінің, тілдесудің негізгі элементтерін үйрету үшін басталады. Бір қарағанда мұнда қатысымдық байланыс жоқ сияқты болып көрінуі мүмкін. Өйткені білім алушы азды-көпті меңгергенін қағазға жазады. Бірақ онда екінші адаммен жалпылай қатынасқа түсу іске аспайды, яғни жазудың қиыншылықтары осында. Жазу әрекеті біріншіден, әріптің, сөздің графикалық таңбасы арқылы іске асады; екіншіден, бұл графикалық таңбалар белгілі бір фонемалық мағыналық қасиетке ие болады; үшіншіден, жазу құбылысында сөз әрекетінің барлық түрі қатысады; төртіншіден, жазу үстінде тіл үйренуші адам сөйлемнің мазмұн-мағынасына ғана емес, формасына да көңіл аударуға мәжбүр болады; бесіншіден, жазу қағаз бетіне түскен материалдардың түсінікті, жүйелі болуына тікелей байланысты жүзеге асады.

Жазу - ағылшын тілін оқытудағы қиын және маңызды іскерлік, жазу арқылы оқушылар ағылшын тіліндегі әріптерді, дыбыстарды қолдануға үйренеді, сөздік қорын кеңейтеді, сөйлеу, оқу, тыңдап түсіну дағдыларын дамытады. Жазу іскерлігіне каллиграфия, орфография және шығарма кіреді. Жазу өте қиын іскерлік болғандықтан, оны төмендегі бірліктерді дамыту арқылы үйрету керек:

1) ағылшын әріптерін жаза алу біліктілігі;

2) Дыбыстарды әріптерге немесе әріптер қосындыларына өзгерте алу біліктілігі;

3) сөздердің, фразалардың, сөйлемдердің орфографикасын түзей алу біліктілігі; 4) Өздерінің ойларын жеткізу үшін әртүрлі жаттығулар жасай алу біліктілігі. Мынадай факторлар жазу біліктілігін дамытуға өте қажет:

  1. Дыбысты, сөзді, фразаны немесе сөйлемді тыңдау арқылы қабылдау;
  2. Жазылып жатқан дыбыстың, сөздің, фразаның және сөйлемнің айтылу жолдарын білу;
  3. Айтылып жатқан әріптерді, әріп қосындыларынан көзге елестете алу;
  4. Жазу әрекетіндегі қол бұлшықетінің жұмысы.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ағылшын тілін оқыту әдістемесі
Оқыту процесінде қолданылатын аутентті мәтіндер
Ағылшын тіл сабағындағы жазбаша коммуникативтік құзіреттіліктің маңызы
Ағылшын тілі сабағында оқу - танымдық құзыреттілікті қалыптастыру тәсілдері мен түрлерін ашу
Ағылшын тілі сабағында жоғары сынып оқушыларының аудармашылық құзіреттілігін дамыту ерекшеліктері
Оқушылардың коммуникативтік құзыреттіліктерін қалыптастыру
Оқушылардың коммуникативтік құзіреттілігін қалыптастыру теориясы
Шетел тілі сабақтарында мәтіндік және ақпараттық материалдар
Ағылшын тілінде сөйлеуді қалыптастырудың теориялық негіздері
Ағылшын тілі сабақтарында грамматиканы оқыту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz