Кәсіпорынның қаржылық сауықтыру стратегиясын әзірлеу


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 53 бет
Таңдаулыға:   

Тақырыбы: Кәсіпорынның қаржылық сауықтыру стратегиясын әзірлеу

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . .
3
: 1
КІРІСПЕ . . .: КОМПАНИЯНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ САУЫҚТЫРУ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ . . .
3: 5
: 1. 1
КІРІСПЕ . . .: Қаржылық сауықтырудың экономикалық мазмұны . . .
3: 5
:

1. 2

1. 3

КІРІСПЕ . . .:

Кәсіпорынның қаржылық сауықтыру стратегиясын әзірлеу жолдары . . . . . . . . . … . . .

Қаржылық сауықтандырудың заңдылық базасы . . .

3:

8

10

: 2
КІРІСПЕ . . .: «ҚАЗМҰНАЙГАЗ» КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН КЕШЕНДІ ТАЛДАУ . . . . . . … . . .
3: 10
: 2. 1
КІРІСПЕ . . .: «ҚазМұнайГаз» АҚ-ның жалпы сипаттамасы . . .
3: 10
:

2. 2

2. 3

КІРІСПЕ . . .:

«ҚазМұнайГаз» АҚ-ның қаржылық көрсеткіштері . . .

«ҚазМұнайГаз» АҚ-ның сауықтыру стратегиясы . . .

3:

15

20

:
КІРІСПЕ . . .:
3:
: 3
КІРІСПЕ . . .: КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІН ЖЕТІЛДІРУ ШАРАЛАРЫН ҚАРАСТЫРУ . . .
3: 25
: 3. 1
КІРІСПЕ . . .: Кәсіпорындарды қаржылық сауықтырудың шетелдік практикасы . . .
3: 25
: 3. 2
КІРІСПЕ . . .: Қазақстанда мұнай секторын қаржылық сауықтыруды жақсартудың ұсыныстары . . .
3: 39
:
КІРІСПЕ . . .:
3:
:
КІРІСПЕ . . .: ҚОРЫТЫНДЫ . . .
3: 46
:
КІРІСПЕ . . .:
3:
:
КІРІСПЕ . . .: ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . .
3: 48
:
КІРІСПЕ . . .:
3:
:
КІРІСПЕ . . .: ҚОСЫМША . . .
3: 50

Кіріспе

Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Қазіргі уақытта экономика тұрақсыз болуы мүмкін, сонымен қатар көптеген кәсіпорындар әртүрлі факторларға байланысты проблемалар қатарымен кездесетінін білеміз, нәтижесінде дағдарысқа ұшырауы мүмкін. Кәсіпорын одан әрі халық пен ел экономикасына пайда әкелуі үшін кәсіпорынның қаржылық сауықтыру стратегиясын дұрыс құру қажет. Бұл процесс тек банкроттық ықтималдығы жоғары кәсіпорындарға емес, сонымен қатар, қаржылық жағдайы тұрақты бірақ болашақта мүмкін пайда болатын проблемаларды алдын ала шешу үшін сауықтыру стратегиясының әзірлеуі маңызды болып тұр. Әрине, сауықтыру стратегиясын әзірлеу бұрын кәсіпорынның барлық салаларына кешенді талдау жасау керек. Кәсіпорын сауықтыру стратегиясын әзірлемесе, жалпы шаруашылық, өндірістік жұмыстарын сапалы жүргізу мүмкін емес.

Кәсіпорынның өркендеуі мен табыстылығының кепілі және оның тұрақтылығының негізі оның қаржылық тұрақтылығы болып табылады, яғни компанияның төлем қабілеттілігі мен несиелік қабілеттілігін қолайлы деңгейде тұрақты қамтамасыз ететін қаржылық ресурстардың жағдайы болады. Кәсіпорынның қаржылық сауықтыру әдістемесін қалыптастыруды экономикалық әл-ауқатты бағалау және ішкі бақылау жүйесі негізінде жүзеге асырған жөн (стандарттарды белгілеу, қол жеткізілген көрсеткіштер мен көрсеткіштер үрдістері, қабылданған іс-әрекеттердің тиімділігін салыстыру) . Кәсіпорынның қызметінің нәтижелері қазіргі дамыған елімізде тек жұмыскерлерді емес, инвесторларды және серіктестерді қызықтырады. Сондықтан, кәсіпорынның нәтижелері жағымды болу үшін стратегияның әзірлеуі міндетті болады.

Қаржылық сауықтыру стратегиясының саясаты шеңберінде дағдарысқа қарсы басқарудың неғұрлым өзекті міндеттерінің қатарына мыналар жатады:

  • кәсіпорындағы дағдарыстық жағдайдың туындау себептерінің алдын- ала диагностикасы;
  • қаржылық әл-ауқаттылықты және қаржылық тұрақтылықты бағалау;
  • кәсіпорынның даму стратегиясын әзірлеу;
  • стратегияның іске асырылуын бақылау жүйесі;
  • қаржылық сауықтыру стратегиясын түзету.

Дипломдық жұмыстың зерттеу пәні - қаржылық сауықтыру стратегиясының әзірлеуі кәсіпорынға экономикаға әсерін қарастыру.

Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі - «Қазмұнайгаз» АҚ ҰК қаржылық жағдайын талдап, сауықтыру стратегияларын зерттеу.

Дипломдық жұмыстың мақсаты қаржылық сауықтыру стратегиясының маңыздылығын көрсету, стратегины әзірлеу барысында ерекшеліктерін ашу, кәсіпорынның қаржылық жағдайын ықтимал банкроттыққа бағалау әдістерін зерделеп кәсіопрын үшін сапалы, болашақта пайда әкелетін стратегияларын қарастыру. Сонымен қатар еліміздегі сауықтыру стратегияларын шет елдердің практикасымен салыстыру болып табылады.

Қойылған мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді шешу қажет:

  1. Сауықтыру стратегиясының қолдануы кәсіпорын үшін әкелген пайдасын қарастыру
  2. Сауықтыру стратегиясын құрастыруда әртүрлі жолдарды қарастыру
  3. Банкроттықтың пайда болуының негізгі себептерін белгілеу;
  4. Отандық және шетелдік практикада дәрменсіздікті болжау әдістерін қарастыру;
  5. Кәсіпорындардың қаржылық жай-күйіне талдау жүргізу және оның банкроттық жай-күйіне жақын болу дәрежесін бағалау;
  6. Кәсіпорынды дағдарыс жағдайынан шығаруға қабілетті қаржылық іс-шараларды белгілеу.

ХV ғылым және білім атты халықаралық ғылыми конферециясында «ǴYLYM JÁNE BІLІM - 2020» қатысып «Кәсіпорынның қаржылық сауықтыру тәсілдерін әзірлеу» туралы мақала жаздым.

Дипломдық жұмыстың әдістемелік негіздері. Қойылған міндеттерді орындау барысында келесі ғылыми әдістері қолданды: дедукция, индукция, аналитикалық әдістер, қаржылық талдау әдістері, экономикалық талдаудың жалпы ғылыми әдістері.

Зерттеу тақырыбының ақпараттық және эмпирикалық базасын отандық және шетелдік ғалымдардың кәсіпорын қаржысы саласындағы, оның ішінде, қаржылық жағдайды бағалау және сауықтыру әдістері туралы еңбектері құрайды.

Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы - кәсіпорын және жалпы мұнай секторын дамыту үшін қаржылық сауықтыру шараларын әзірлеу бойынша ұсыныстар

Жұмыстың практикалық маңыздылығы - зерттеу нәтижелері әр түрлі эконмиялық жағдайларда қаржылық сауықтыру элементтері мен ерекшеліктерін зерттеу үшін оқу мақсаттарында қолданылуы мүмкін.

Жұмыстың құрылымы мен көлемі. кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмыс 8 кестемен, 7 суреттермен безендірілген. Жұмысты жазу кезінде 29 әдебиеттер көздері қолданылды.

1 КОМПАНИЯНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ САУЫҚТАНДЫРУ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Қаржылық сауықтандырудың экономикалық мазмұны

Кез келген экономикалық қызмет тәуекелмен байланысты екені белгілі. Сондықтан экономикалық объектілерді басқаруға дағдарысқа қарсы бағыт тән. Бұл ретте дағдарысқа қарсы басқару деп дағдарысты жағдайларды анықтау, болдырмау және жеңу жөніндегі шаралар жүйесін түсінеді. Егер кәсіпорын тұтастай алғанда тиімсіз болса, экономикалық дағдарыс ұзақ сипатқа ие болады, тіпті банкротқа дейін. Егер оның ерекшеліктерін ескерсе, дағдарыстың өткірлігін төмендетуге, оның басталуын уақытында тануға және көруге болады [1] . Бұл ретте кез келген басқару дағдарысқа қарсы, яғни дағдарыстың мүмкіндігі мен қауіптілігін есепке алуда құрылған болуы тиіс. Дағдарысқа қарсы басқаруда Басқару стратегиясы шешуші мәнге ие. Дағдарыстың айқын болмай қоймауы, оны жоюдың немесе баяулаудың мүмкін еместігі болған кезде дағдарысқа қарсы басқару стратегиясында дағдарыстан шығу проблемаларына басты назар аударылады, барлық күш-жігер одан шығу жолдары мен құралдарына шоғырланады [2] .

«Тұран» университетінің хабаршысы Сейтимов, Т. С. өз «Қазақстандағы қаржылық сауықтырудың теориялық аспектілері» кітабында келесі анықтама берді: қаржылық сауықтыру - бұл қаржы-экономикалық жүйе, борышкер кәсіпорынның төлем қабілеттілігіне, табыстылығы мен бәсекеге қабілеттілігіне қол жеткізуге немесе қалпына келтіруге бағытталған өндірістік, техникалық, ұйымдастырушылық және құқықтық шаралар ұзақ мерзімді [3] .

Сонымен қатар, Филиппиндік экономист - жазушы Дэвид Роберт К. Акино өз «Қаржылық сауықтыру рәсімінің ережелері» (ағл. Financial Rehabilitation and its Rules ) кітабында «Қаржылық сауықтыру - бұл банкроттық және қаржылық жағдайды қалпына келтіру процедураларының бірі, ол борышкерге оның төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және бекітілген кестеге сәйкес қарызды төлеу мақсатында қолданылады» деп жазған [4] .

Осылайша, қаржылық сауықтыру стратегиясы дегеніміз - кәсіпорынның қаржылық сауығуына әкелетін, барлық мүмкін болатын шаралардың жиынтығы.

Сурет 1 - Кәсіпорынның сауықтыру стратегиясын әзірлеудің мақсаттары

Ескерту - автордың дереккөзі бойынша құрастырылған [5]

Жалпы дағдарысқа қарсы басқарудың мазмұнын түсіндіру бірнеше кезеңнен өтті. Алдымен бұл дегеніміз банкротқа ұшыраған және мемлекеттік органдардың бақылауымен қаржылық сауықтыруды талап ететін рентабельді емес, шығынды кәсіпорындарды басқару. Содан кейін дағдарысқа қарсы басқару превентивті, яғни дағдарыстық жағдайдың туындауын алдын ала ескерту ретінде түсініле бастады. Бұдан әрі дағдарысқа қарсы басқаруды неғұрлым кең тұрғыда, атап айтқанда ұйымның немесе кәсіпорынның өмір сүруіне қауіп төндіретін дағдарыстық жағдайлардың туындау мүмкіндігін болдырмау немесе бәсеңдету бағытындағы экономикалық объектілерді басқару процестері ретінде қарастыра бастады.

«Дағдарыс» және «дағдарыс жағдайы» ұғымдары компания қызметіндегі түрлі оқиғаларды қамтиды - өндірістік саладағы іркілістен бастап елеулі қаржылық және әлеуметтік проблемаларға дейін. Дағдарыстың мәні бұл бір сәттік оқиға емес, компания үшін сыртқы және ішкі сипаттағы әртүрлі қолайсыз факторларды жинақтаудың (бір-біріне салу) анағұрлым немесе одан да ұзақ процесі екенін атап өткен жөн. Компанияның дамуындағы жағымсыз үрдістерді дер кезінде анықтау және оларды бейтараптандыру маңызды [6] .

Айтпақшы, «жұлдызды кәсіпорындардың» дағдарыстан тыс ұзақ жұмыс істеу тәжірибесі Жапонияда, АҚШ-та, Германияда және басқа да елдерде кеңінен танымал. Сонда сұрақ туындайды: дағдарысқа қарсы басқару - бұл сауықтыру немесе кәсіпорынның қаржылық жағдайының банкроттығын алдын алу? Әлбетте, экономикалық әл-ауқатты сақтай отырып, болашаққа қарау керек. Кәсіпорындардың дағдарыстан тыс жұмыс істеуінің мәні олардың дәрменсіздігін алдын алатын және алдын алатын шараларды жүргізуде көрінеді. Бірақ барлық дағдарыстардың алдын алуға болмайды, кейбіреулері бастан өткізіп, олардың жойқын салдарын еңсеру керек. Сондықтан дағдарысқа қарсы басқару дәрменсіз кәсіпорындарға қатысты да санациялау шараларын жүргізуді көздейді [7] .

Оның дәрменсіздігіне және банкротқа ұшырауына алып келетін кәсіпорынның дағдарыстық құбылыстары мен үрдістерінің ерте даму индикаторы - бұл кәсіпорын пайдасының оның капитал деңгей құнынан төмен түсуі болып табылады. Бұл пайданың құлдырауы және кәсіпорынның төлем қабілеттілігі мен өтімділігінің төмендеуінің кейінгі үрдісі екі топқа бөлуге болатын бірқатар факторлардың көрініс табуының салдары ретінде қарастырған жөн:

- кәсіпорынға қатысты сыртқы факторлар аз ғана әсер етуі мүмкін;

- кәсіпорынның өзінің қызметін ұйымдастырумен байланысты ішкі факторлар.

Банкроттық дағдарысты дамытуға қосқан үлесі әртүрлі факторлардың екі тобының бірлескен іс-қимылының салдары болып табылады. Өзгермелі экономикада сыртқы факторлардың әсері неғұрлым маңызды болып келеді (инфляция, салықтар, бағаларды мемлекеттік реттеу және т. б. ) . Сыртқы факторлар, өз кезегінде, ұлттық және халықаралық болып бөлінуі мүмкін.

Ішкі факторларды бес топқа топтастыруға болады:

1. кәсіпорынның бәсекелестік ортасы және нарықтық позициясы;

2. қызмет қағидаттары (басқаруды қоса алғанда) ;

3. кәсіпорынның ресурстары және оларды пайдалану;

4. қолданылатын маркетингтік стратегиялар мен саясат (маркетинг тұжырымдамасы) ;

5. қаржылық менеджменттің сапасы мен деңгейі [8] .

Кәсіпорынның дағдарыстан шығуы жөніндегі іс-шаралар жедел(қысқа мерзімде орындауға есептелген) және стратегиялық (ұзақ перспективада кәсіпорынды қаржылық сауықтыру мен дамытудың жалпы тұжырымдамасын әзірлеуге және іске асыруға бағытталған) болып бөлінеді.

Дағдарысқа қарсы рәсімдердің барлық жиынтығын банкроттық жүйесі ретінде ұсынуға болады. Банкроттық жүйесі деп қалыптасқан жағдайларда олардың төлем қабілеттілігін қамтамасыз етуде елеулі қиындықтарға тап болған әлеуетті өмір сүруге қабілетті борышкер кәсіпорындардың қаржылық күйреуінен бақылау, диагностика және ықтимал қорғау шараларының, сондай-ақ борышкердің экономикалық дәрменсіздігі кезінде кредиторлардың мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету шараларының белгілі бір жүйесін түсінеді[9] .

«Банкроттықты» дамыту процесі үш сипатты сатыға ие: жасырын, қаржылық тұрақсыздық және айқын банкроттық. Осы кезеңдер үшін туындайтын (немесе басталған) банкроттықтың симптомдарын анықтаудың әдістері мен тәсілдері әртүрлі [10] .

Жасырын сатыда келе жатқан банкроттықты болжау анық пайда болғанға дейін 1, 5-2 жыл бұрын мүмкін болады. Осы мақсаттар үшін бірқатар өңделген әдістемелер бар (мысалы, Альтман формуласын пайдалану арқылы, Д. Уилкокс формуласы арқылы компанияның өтімді құнын бағалау және т. б. ) [11] . Алайда, олардың көпшілігін, оның ішінде неғұрлым сенімді әдістемелерді қолдану біздің жағдайда бағалы қағаздардың дамыған қайталама нарығының және олардың құны туралы тиісті ақпараттың болмауына байланысты қиынға соғады.

Айқын банкроттық кезеңі кәсіпорынның тұрақты немесе созылмалы төлем қабілетсіздігінің пайда болуымен басталады. Кәсіпорын қарыздарын уақтылы төлей алмайды және банкроттық айқын болады. Айқын банкроттық сатысының сипаты бұл ақша қаражатының ағыны мен ағынының кәсіпорынның өз кредиторлары мен инвесторларына қатысты толық дәрменсіздігіне әкеп соқтыратын сәйкес келмеуі. Банкроттық сатысының келуімен кәсіпорынның меншік иесінің оның одан әрі құлауын тоқтату және осы жағдайдан шығудың нақты бағдарламасын әзірлеу жөніндегі шұғыл шаралары қажет. Банкроттық фактісі, сондай-ақ банкроттың кәсіпорынның кредиторлармен, инвесторлармен және еңбек ұжымының мүшелерімен өзара қарым-қатынасын реттеу жөніндегі іс-қимыл кезеңі мен бағыттары заңды түрде тіркелуі тиіс. Жалған банкроттыққа жол бермеу үшін, әрбір осындай банкроттық жағдайын мұқият қарастыру қажет [12] .

Кәсіпорынның қаржылық талдауының жалпы мақсаттары оның шығындары мен нәтижелерін (кірістерін) өлшеумен тікелей байланысты. Нақты техникалық, ұйымдастырушылық және басқа факторлармен сәйкес келетін талдау процесінде шығындар мен нәтижелерді бағалау уақыты бойынша салыстырылатын және ұқсас кәсіпорындардың тиісті бағаларымен болуы тиіс. Тұтастай алғанда бағалау нәтижелері нәтижелерді талдау және қаржылық талдау, сондай-ақ кешенді талдау және өндіріс пен тұтастай алғанда кәсіпорынның тиімділігін (өнімділігін) басқару, оның ішінде оның төлем қабілеттілігін бағалау үшін жеткілікті деректер базасын құруы тиіс [13] .

Кәсіпорынды қаржылық сауықтыру, дағдарысты еңсеру және банкроттықты болдырмау жөніндегі шараларды әзірлеу кезең-кезеңімен келтірілуі тиіс. Қаржылық сауықтыру, дағдарысты еңсеру және кәсіпорындардың банкроттығын болдырмау жөніндегі шараларды әзірлеу кезеңдері:

1 кезең. Кәсіпорын шығындарын факторлық талдау. Төлем қабілетсіздігіне және кәсіпорын балансының қанағаттанғысыз құрылымына әкеп соққан шығындардың ықтимал себептері, оның ішінде өндіріс көлемінің төмендеуіне әкеп соғатын факторлар, салыстырмалы жоғары өндірістік шығындар, жалпы шаруашылық және коммерциялық шығыстар бағаланады. Міндетті түрде ішкі және сыртқы себептерге бөлек талдау жүргізіледі.

2 кезең. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын және оны сауықтыру жолдарын болжау. Кәсіпорынның жай-күйін және төлем қабілетсіздігінің себептерін қаржылық талдауға қосымша кәсіпорын жұмысы нәтижелерінің болжамы орындалуға және сыртқы ортаның ықтимал өзгеруі, елеулі сыртқы қолдау көздерін пайдаланбай ішкі саясаттың елеусіз өзгерістері (түзетулері) кезінде кәсіпорын қызметінде қалыптасқан үрдістердің сақталуын ескере отырып, олардың серпінін (жақсаруы немесе нашарлауы) бағалауға тиіс. Сондай-ақ кәсіпорынды сауықтыруға ықпал ететін қандай да бір инвестициялық жобаларды іске асыру ескерілуі және бағалануы тиіс.

3 кезең. Кәсіпорынды қаржылық сауықтыру жобасын әзірлеу. Жобаны (бағдарламаны) әзірлеу кезінде қаржылық сауықтыру мақсаттары мен стратегиясын және оларды іске асыру жөніндегі нақты іс-шараларды қоса алғанда, стратегиялық мәселелерді айқындау көзделеді [14] .

Қаржылық сауықтыру стратегиясын айқындау кәсіпорынның қызметінде, оның диверсификациясын және қайта бейінін қоса алғанда, қағидатты өзгерістер жоспарын әзірлеуді, сондай-ақ жинақталған міндеттемелермен (борыштармен) проблемаларды шешуді қамтуға тиіс. Бұл ретте қаржылық сауықтыру стратегиясы және қарыздарды қайтару проблемасын шешу өзара тығыз байланыста болады. Сауықтырудың нақты стратегиясы көбінесе борыштық міндеттемелер проблемасын шешудің мүмкіндіктері мен жолдарын анықтайды. Кредиторлармен келісілген борыштарды қайтару схемасын анықтау өз кезегінде кәсіпорынды қаржылық сауықтыру үшін қайта құрудың стратегиясы мен нақты жоспарын (жобасын) нақтылауға мүмкіндік береді [15] .

Қаржылық сауықтырудың негізгі құжаттары қаржылық сауықтыру жоспары (борышкерде қаражаттың пайда болу көздерін көздейтін) және берешекті өтеу кестесі (онда кредиторлардың тізіліміне енгізілген талаптарының әрқайсысын қанағаттандыру тәртібі көрсетіледі) болып табылады.

Қаржылық сауықтыру төлем қабілеттілігін қалпына келтірумен, не сыртқы басқаруға көшумен, не борышкерді банкрот деп танумен және конкурстық іс жүргізуді ашумен аяқталуы мүмкін [16] .

Компания банкротқа ұшыраған кезде басшылық дағдарысқа қарсы шараларды дереу қабылдай бастайды. Ал, егер бұрын бизнес жағдайының бақылау индикаторларына назар аударса, оқиғалардың жағымсыз дамуын болдырмауға болар еді.

Басталған дағдарыстың ең айқын белгісі - бұл кәсіпорынның кредиторлармен есеп айырысу кезіндегі қиындықтары. Сондай-ақ дабыл сигналдарына жатады:

- айналым қаражатының жетіспеуі (әсіресе ақша),

- үмітсіз дебиторлық берешектің елеулі сомасы,

- өндірістік циклдегі өзгерістер .

Дағдарысқа қарсы басқарудың міндеті - мұндай симптомдардың алдын алу және жою. Бұған қол жеткізу үшін басшылық бірінші кезекте Компания мүлкінің құнын бағалау туралы ойлануға тиіс [17] .

1. 2 Кәсіпорынды қаржылық сауықтыру стратегиясын әзірлеу жолдары

Қаржылық сауықтыру стратегиясын, әдетте, кәсіпорынның қаржылық және бақылау қызметтері, тәуелсіз аудиторлық және консалтингтік фирмалар әзірлейді. Жоспарды әзірлеу кезінде сыртқы консультанттарды тарту қажеттілігі үш негізгі себептерге байланысты:

- жоспарды әзірлеу үшін қажетті жұмыс уақытының шығындарымен;

- тиісті білім мен тәжірибеге қажеттілік;

-объективтілікке қажеттілік.

Кез келген компанияның стратегиясын және стратегиялық басқару жүйесін әзірлеу процесі талдауға негізделеді. Талдау деп компанияның сыртқы әсер ету ортасын да, ішкі ортасын да талдау түсініледі. Стратегиялық қаржылық талдаудың мәні кәсіпорынның жұмыс істеуінің қаржылық ортасы болып табылады. Кәсіпорынның жұмыс істеуінің қаржылық ортасы деп оның қаржылық қызметінің ұйымдастырылуына, нысандары мен нәтижелеріне әсер ететін жағдайлар мен факторлар жүйесі түсініледі. [18] .

Кесте 1

Кәсіпорын сауықтыру стратегиясын құру үшін негізгі талдаулар

Стратегия құру үшін негізгі талдаулар
Тікелей емес әсер ететін сыртқы қаржылық орта факторларын талдау
Тікелей әсер ететін сыртқы қаржылық орта факторларын талдау
Ішкі қаржылық ортаның факторларын талдау
Стратегия құру үшін негізгі талдаулар: Қаржылық талдау
Тікелей емес әсер ететін сыртқы қаржылық орта факторларын талдау: +
Тікелей әсер ететін сыртқы қаржылық орта факторларын талдау: +
Ішкі қаржылық ортаның факторларын талдау: +
Стратегия құру үшін негізгі талдаулар: SWOT-талдау
Тікелей емес әсер ететін сыртқы қаржылық орта факторларын талдау: +
Тікелей әсер ететін сыртқы қаржылық орта факторларын талдау: +
Ішкі қаржылық ортаның факторларын талдау: +
Стратегия құру үшін негізгі талдаулар: PEST-талдау
Тікелей емес әсер ететін сыртқы қаржылық орта факторларын талдау: +
Тікелей әсер ететін сыртқы қаржылық орта факторларын талдау:
Ішкі қаржылық ортаның факторларын талдау:
Стратегия құру үшін негізгі талдаулар: Портфельдік талдау
Тікелей емес әсер ететін сыртқы қаржылық орта факторларын талдау:
Тікелей әсер ететін сыртқы қаржылық орта факторларын талдау: +
Ішкі қаржылық ортаның факторларын талдау: +
Стратегия құру үшін негізгі талдаулар: Сценарийлік талдау
Тікелей емес әсер ететін сыртқы қаржылық орта факторларын талдау: +
Тікелей әсер ететін сыртқы қаржылық орта факторларын талдау: +
Ішкі қаржылық ортаның факторларын талдау: +
Стратегия құру үшін негізгі талдаулар: Ескерту - автордың дереккөзі бойынша құрастырылған [19]

Жағымсыз әсер

Жағымды әсер

Ішкі орта

Сыртқы орта

Сурет 2 SWOT-талдау-стратегиялық жоспарлау әдісі

Ескерту - автордың дереккөзі бойынша құрастырылған

Дағдарысқа қарсы басқару саласындағы көптеген мамандар кәсіпорынның қаржылық жағдайына көбінесе сыртқы факторлар әсер етеді деп санайды. Сондықтан дағдарыс жағдайындағы кәсіпорынды талдау әдістемесіне міндетті түрде кәсіпорынның сыртқы ортасын бағалау енгізілуі тиіс. Сыртқы ортаны талдау үшін қолданылатын өте танымал әдіс - SWOT әдісі. Күш пен әлсіздік, кәсіпорын үшін мүмкіндіктер мен қауіптер. Компанияның стратегиялық жағдайын бағалаудың ең ыңғайлы және апробацияланған тәсілі - SWOT-талдау.

Күш - бұл кәсіпорынның табысты болғаны. Ол дағдыларда, жұмыс тәжірибесінде, ресурстарда, жетістіктерде (үздік тауар, мінсіз технология, клиенттерге үздік қызмет көрсету, тауар маркасының танылуы) болуы мүмкін.

Әлсіздік - бұл компанияның жұмыс істеуінде маңызды нәрсе болмауы, басқалармен салыстырғанда оған қол жеткізе алмауы. Күшті және әлсіз жақтары анықталғанда, екі тізім де мұқият зерделенеді және бағаланады. Нарықтық мүмкіндіктер мен қауіптер көп жағдайда кәсіпорынның дағдарысқа қарсы стратегиясын анықтайды. Ол үшін кәсіпорынның әлеуетті табыстылығын және кәсіпорынға теріс әсер ететін қауіп-қатерлерді қамтамасыз ете алатын саланың барлық мүмкіндіктері бағаланады.

Мүмкіндіктер мен қауіп - қатерлер кәсіпорынның жай-күйіне әсер етіп қана қоймай, қандай стратегиялық өзгерістерді қабылдау керектігін көрсетеді. Дағдарысқа қарсы стратегия мүмкіндіктерге сәйкес келетін және қауіп-қатерден қорғауды қамтамасыз ететін перспективаларды ескеруге тиіс.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржы менеджментінің стратегиясы және тактикасы туралы түсінік
Корпорацияны дағдарысқа қарсы басқару стратегиясы
Кәсіпорынның қаржысын жоспарлау
Кәсіпорынның дағдарысқа қарсы басқару
Шағын кәсіпорынның жоспарлау қызметін жетілдіру
Қаржылық жоспарды құрастыру
Кәсіпкерлік - жобаны қалыптастырудың негізгі технологиялары
Бизнестің тартымдылығы
Кәсіпорындарды қаржылық сауықтыру
Дағдарысқа қарсы стратегия
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz