Ақпараттық технологияларды оқыту және көрнекілік құралы ретінде пайдаланудың дидактикалық негіздерін сипаттау


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
«Қорғауға жіберілді»
«Білім технологиялары»
кафедрасының меңгерушісі,
п. ғ. д., доц. Ортаев Б. Т.
«» 2020 ж.
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «Әдебиеттік оқу пәнінде мультимедиялық құралдарды қолдану» (3 - сынып)
5В010200 - «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы
Орындаған Сейсекова А.
Ғылыми жетекшісі Қожагелдиева С.
Түркістан-2020
Мазмұны
Нормативтік сілтемелер
Анықтамалыр, белгілеулер мен қысқартулар
Кіріспе
- Білім беру үдерісінде мультимедиялық құралдарды пайдаланудың педагогикалық-дидактикалық мәселелеріБілім беру үдерісінде мультимедиялық құралдарды пайдаланудың педагогикалық-психологиялық құралдарды оқыту және көрнекілік құралы ретінде пайдаланудың дидактикалық негіздері
- Бастауыш сыныпта мультимедиялық құралдарды қолдану технологиялардың әдістемелік оқу сабағында мультимедиалық құралдарды қолданудың тиімділігі мен жолдары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Нормативтік сілтемелер
- Қазақстан Республикасының Конституциясы
- Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы// Егемен Қазақстан, 16 қазан, 2004.
- Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жолы - 2050:
Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауы. /Ақорданың баспасөз
қызметі. Астана, 2014.
- Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы 2007 жыл 27 шілде № 319
- Әдебиеттік оқу. Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында бастауыш
мектепке (2-4сыныптар) арналған оқу бағдарлмасы (30 пилоттық
мектептерде сынақтан өткізу үшін эксперименттік бағдарлама) .
- Астана, 2015. - 26 б.
Анықтамалар
Бұл дипломдық жұмыста келесі терминдерге сәйкес анықтамалар қолданылған:
Мультимедиа - екі не одан да көп типті ақпараттарды интерактивті формада біріктіру (D. H. Jonassen) .
Мультимедианың бағдарламалық құралдары - кез келген типті ақпаратты интерактивті режимде пайдалануға мүмкіндік беретін компьютердің бағдарламалық жабдықтары.
Мультимедиалық ресурстар - мультимедиалық құралдар және арнайы бағдарламалық жабдықтар көмегімен дайындалған ақпараттық өнімдер.
Мультимедиа құралдары - бұл әртүрлі орталарды қолданып (дыбысты, видео, графиканы, мәтінді, анимацияны) адамға компьютермен араласуына мүмкіндік беретін ақпаратты және программалы құралдар комплексі.
Флипчарт - бұл бірнеше қажетті беттерден тұратын негізгі жұмыс аймағы.
Интерактивті тақта - бұл компьютердің қосымша құрылғыларының бірі жəне де дəріс берушіге немесе баяндамашыға екі түрлі құралдарды біріктіретін: ақпараттың кескіні мен қарапайым маркер тақтасын біріктіретін құрал.
Электрондық оқулық - оқу пəнінің негізгі ғылыми мазмұнын қамтитын компьютерлік технологияға негізделген оқыту, бақылау, моделдеу, тестілеу, т. б. бағдарламалардың жиынтығы.
Белгілеулер мен қысқартулар
БҰҰ - Біріккен Ұлттар Ұйымы;
ҚР - Қазақстан Республикасы;
ЭЕМ - электронды есептеуіш машина;
АКТ - ақпараттық-коммуникациялық технология
Аннотация
В дипломной работе рассматриваются применение мультимедийные средства уже в начальных классах не только развивает у детей информационную культуру, повышает эффективность и качество процесса обучения, развивает различные виды мышления, умение моделировать задачу или ситуацию.
In a research paper discusses the application of multimedia tools in the classroom not only develops in children information culture, improves the efficiency and quality of the learning process, develops different kinds of thinking, the ability to simulate the task or situation.
Bir araştırma kağıt sınıf multimedya araçları uygulama tartışır değil sadece çocuk bilgi kültür içinde gelişir, ve öğrenme sürecinin kalitesini artırır, farklı düşünme, görev veya durumu taklit yeteneği gelişir.
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейтестілігі: Қазақстан Республикасының конституциясында: «Білім беру - бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, интеллектуалдық, мәдени дамуының жоғарғы деңгейін және кәсіби білімділігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз үдерісі», - деп көрсетілген [1] .
«Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында», «Орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың» мемлекеттік бағдарламасында, «Бастауыш және орта кәсіптік білімді ақпараттандырудың» бағдарламасында білім беру жүйесін ақпараттандыруды жүзеге асырудың негізгі бағыттары ретінде мына мәселелерге баса назар аударылған:
- ақпараттық-коммуникациялық технологияларды оқыту процесіне енгізу жөніндегі нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру;
- орта білім беру ұйымдарын интернет желісіне қосу;
- білім берудің барлық деңгейлерінде қашықтан оқыту технологияларын әзірлеу және енгізу;
- жаңа ақпараттық технологияларды оқыту процесіне енгізуді қамтамасыз ететін ғылыми-зерттеу және әдістемелік жұмыстарды жүргізу;
- ақпараттық және телекоммуникация технологияларын бастауыш, орта және жоғары кәсіптік білім саласында қолдана алатын мамандар даярлау;
- оқыту технологиясының аппараттық және бағдарламалық қамтамасыз етілуін қадағалау;
- оқытудың инновациялық технологиясын қалыптастыру т. б. [2] .
Тұңғыш президент Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан-2050 стратегиясы: Қазақстан мемлекетінің жаңа саяси бағыты» атты өз жолдауында: тұрғындардың компьютерлік сауттылған, соның ішінде әртүрлі ынталандырушы бағдарламалардың есебінен де көтеру керек. Мен Қазақстандықтарды ақпараттық технологияларды белсендірек игеруге шақырамын. Сонымен қатар, білім беру жүйесін жаңғырту барысында біз үшін келесі іс-шараларды жүзеге асырудың маңызы зор. Біріншіден, оқыту үдерісінде қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды енгізу. Екіншіден, педагогтар құрамының сапасын арттыру. Әр өңірде педагогтардың біліктілігін интеграцияланған орталықтар жұмыс істеуі тиіс - деді Елбасы [3] .
Ақпараттардың қазіргі заманғы жаңа рөліне байланысты қоғамды ақпараттандыру процесі әлемдік ғылыми-техникалық прогрестің маңызды бағыттарының біріне айналып отыр. Ақпараттық өркениеттілік ғасыры компьютерлік сауаттылықтан ақпараттық сауаттылыққа көшуді талап етеді. Соның нәтижесінде ақпараттық мәдениеттілікке көшу мақсаты көзделеді. Сондықтан мектептегі білім берудің бүгінгі таңдағы мақсаты бәсекеге қабілетті, ұлттық мәдениетті, әртүрлі бағыттағы білімді меңгеруге дайын, ақпараттық кеңістікте икемді әрі тез қимылдайтын, жаңа ақпараттық технологияларды меңгерген тұлғаны тәрбиелеу.
Қ. Р-ның білім беру жүйесін ақпараттандыру тұжырымдамасы білім берудің барлық деңгейін ақпараттандырудың негізгі мақсаты мен міндетін, жолдары мен механизмдерін, бағыттарын анықтайтын көзқарастар жүйесі болып табылады.
ХХI ғасыр - ақпараттық қоғам дәуірі. Жаңа білім алу қажеттілігі, ақпараттық сауаттылық, өз бетінше білім ала білу жаңа білім беру түрінің ақпараттық - пайда болуына себеп болды. Мұнда ақпараттық технологиялар интеграциялық, жүйелілік рөл атқарады. Сондықтан қазіргі бар педагогикалық әдістерді компьютерлік бағдарламалар тіліне бейімдеп қана қоймай, компьютерлеу мен ақпараттау бүкіл білім беру жүйесіне соның ішінде жоғарғы білім беруден кейінгі білім беру деңгейінде қажетті оқыту технологияларын пайдалану маңызды орын алады.
Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық қазыналар ғылым мен практиканың жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыру және дамыту үшін қажетті жағдайлар жасау. Әрине мемлекет зиялы болу үшін оның әр азаматы зиялы болуы қажет.
Республикамызда білім беруді ақпараттандырудың негізгі мақсаты - бұл ақпараттық технологияларды қолдану негізінде біртұтас біліми ақпараттық орта құру арқылы ұлттық білім сапасын арттыруды көздеп отыр [4] .
Елбасы атап көрсеткендей «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты əлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» - жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үдерісіне оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.
Білім берудің ақпараттандыру үдерісі бастауыш сынып мұғалімдеріне жаңа ақпараттық технологияны жан-жақты пайдалану саласына үлкен талап қояды.
Бəсекеге қабілетті болу тікелей білімге байланысты. Біз қазіргі заманғы педагогикалық технологияға, жаңа өркениетті дамуға байланысты басқа өркениетті елдердің көптен бері пайдаланып келе жатқан интерактивті құралдарды қолданып отырмыз. Бұл - біздің Қазақстаннның алға қарай жылжуының нышаны болып табылады. Ғылыми білім беруде интерактивті тақтаның мүмкіндігі мол. Интерактивті құралдарды қолдану арқылы оқушы білім кеңістігіне еркін бойлай алады.
Мультимедиялық құралдар оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық əдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияның келешек ұрпақтың жан-жақты білім алуына, іскер əрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол.
Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үдерісі əлемдік бəсекелестікті күшейте түсуде. Елбасы Н. Ə. Назарбаев Қазақстанның əлемдегі бəсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы атты жолдауында «Білім беру реформасы - Қазақстанның бəсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі» деп атап көрсетті.
ХХІ ғасыр - бұл ақпараттық қоғам дəуірі, технологиялық мəдениет дəуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кəсіби мəдениеттілігіне мұқият қарайтын дəуір.
Білім беру үдерісін ақпараттандыру - жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу тəрбие үдерісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылатуды көздейді.
БҰҰ-ның шешімімен «ХХІ ғасыр - ақпараттандыру ғасыры» деп аталады. Қазақстан Республикасы да ғылыми-техникалық прогрестің негізгі белгісі - қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді.
Заманымызға сай қазіргі қоғамды ақпараттандыруда педагогтардың біліктілігін ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану саласы бойынша көтеру негізгі міндеттерінің біріне айналды.
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі - білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау керек», - деп көрсетілген. Солардың бірі білім беруді ақпараттандыру барысында дидактикалық жəне оқыту құралы болып компьютер саналады. Сондықтан кез келген білім беру саласында мультимедиялық электрондық оқыту құралдары барлық пəндерді оқытуға пайдаланылады.
Ақпараттық қоғамның негізгі талабы - оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық-құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық қоғамға бейімдеу.
Олай болса, ақпараттық бірліктердің білімге айналуы - əлемнің жүйелік-ақпараттық бейнесін оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен құндылық бағдарларын дамыту арқылы қалыптастыруды көздейтін, адамның дүниетанымының құрамдас бөлігі болып табылатын интеллектуалды дамуды қалыптастырудың бір жолы.
Ақпараттық бірлікті қалыптастыру: мектептің материалдық техникалық базасына; ақпараттық қоғам саясатының мақсаты мен міндеттеріне; оқушылардың ақпараттық мəдениетін қалыптастыру жүйесіне; оқушылардың жас ерекшеліктері мен меңгеру қабілеттеріне, мұғалім мамандардың информатикадан білім деңгейлерінің сапасы мен шеберліктеріне, оқу-тəрбие бағытының ақпараттық қоғам бағытымен өзара байланысына тəуелді.
Білім беру саласын ақпараттандыру, оның ішінде бастауыштың оқыту үдерісінде ақпараттық-қатынастық технологияларды тиімді пайдалану оқу сапасын жоғары деңгейге көтеруге, оқушылардың терең, мазмұнды білім алуларына, мұғалімдердің кəсіптік іс əрекеттерін дамыта отырып, оқыту үдерісін қызықты жəне тиімді ұйымдастыруға жағдай жасайтындығы айқындалды.
Білім беру жүйесін ақпараттандыру мəселесіне байланысты шетелдік, ресейлік, қазақстандық ғалымдар жан-жақты еңбек етуде жəне осы мəселе бойынша ғалымдардың бірнеше құнды еңбектері бар.
Мектеп жасындағы оқушылардың дамуы үшін компьютерді қолдану туралы бұрыннан белгілі Массачусет технологиялық институтында (АҚШ) С. Пейперттің жұмысы болып саналады. Оның басшылығымен 1968 жылдан Ж. Пиаженің теориялық концепциясы негізінде мектеп жасындағы жəне мектепке дейінгі балалардың интеллектуалдық қабілетін дамыту бойынша зерттеу жүргізілді. Жұмыс негізіне екі идея алынды:
1) интеллектуалдық дамудағы маңызды өзгеріс мəдениеттілікті өзгерту арқылы ғана жүзеге асыуы мүмкін;
2) мəдениеттілікті неғұрлым жедел өзгертетін сенімді жол - компьютердің жедел қарқынмен қолданылуы.
Осы зерттеулердің нəтижесінің бірі - балалар үшін «ЛОГО» бағдарламасын түзу болды. Қазір бүкіл əлемде бұл бағдарлама педагогикалық тəжірибеде кеңінен қолданыс тауып, біздің елімізде де барған сайын кең таралып отыр.
Бізге белгілі, басқа да эксперименттік зерттеулер 1980 жылы адам ресурстары жөніндегі ғылыми-зерттеу ұйымы мен Монтгомери (АҚШ, Мэриленд штаты) округының мұғалімдері мен əкімшілігі бірлесіп жүргізген жұмыс. Оған 165 бастауыш, толық емес орта жəне толық орта мектептің оқушылары қатысқан. Эксперимент үдерісі кезінде мына мəселелер қарастырылды: біріншіден, əр түрлі тапсырмалар қай сыныптарда табыспен жүруі мүмкіндігін анықтау, екіншіден, олардың қол жеткізген табыстарын компьютермен жұмыс істеуі шектеулі, информатика мен есептеуіш техникадан əзірлігі өте төмен оқушылармен бағалау міндетін іске асыру. Осы зерттеулердің нəтижелері кейіннен АҚШ-тың басқа штаттарында қайталанып, жүргізілді.
Қазіргі уақытта білім беруді ақпараттандыру үдерісі, оның негізгі бағыттары мен болашағы, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланудың психологиялық-педагогикалық негіздерін және білім беру сапасын арттыруды қазақстандық ғалымдар Ж. А. Қараев, Е. Ы. Бидайбеков, Т. О. Балықбаев, С. М. Кеңесбаев [5], К. Нұрғалиева және т. б. өз еңбектерінде қарастырған. Жалпы білім беретін мектептерде ақпараттануды енгізуде және компьютерді оқу-құрал жабдығы ретінде пайдалану мәселесінің теориялық жағы И. В. Апатова [6], В. С. Гершунский [7], В. А. Кальней, Г. К. Селевко [8], Д. Матрос, А. П. Ершов [9], А. А. Кузнецов [10], В. М. Монахов [11], И. В. Роберт, Н. Ф. Талызина, және тағы басқа зерттеушілердің еңбектерінде қарастырған.
Ресейлік ғалымдардың білім беру жүйесін ақпараттандыру мəселесі бойынша зерттеу еңбектеріне тоқталайық.
ТМД елдерінде, оның ішінде Ресейде, білім беру жүйесін ақпараттандыру кең көлемде жүзеге асуда. Мысалы, ақпараттық қатынастық технологияның негізін салушылардың бірі И. В. Роберт. Оның еңбектері ақпараттық-қатынастық технологияны бастауыш мектептің бастауыш сыныптарында қолданудың көптеген мəселелеріне байланысты. Екінші бір ресейлік ғалым И. Е. Вострокнутовтың еңбектері оқыту барысында компьютерлік технологияны қолданудың педагогикалық принциптерін жəне ол технологияны оқушыларды жекелеп оқыту барысында қолданғанда қойылатын талаптарды анықтаған [12] .
Бүгінгі күні республика көлемінде де ақпараттандыру мəселесімен айналысып жатқан бірқатар ғалымдардың ғылыми еңбектері бар. Олар:
- профессор Б. Б. Баймұхановтың еңбектерінде оқыту үдерісінде компьютерлік технологияларды енгізу мəселелері қарастырылды, осының негізінде оқыту үдерісінде əртүрлі бағдарламалық құралдарды қолданудың əдістемесі жасалған ( Б. Д. Сыдықов, Р. С. Шуақбаева, Р. Б. Бекмолдаева, А. Ө. Байдыбекова жəне т. б. ) ;
- профессор Е. Ы. Бидайбековтың еңбектерінде студенттерді ақпараттық технология құралдарын қолдануға əдістемелік тұрғыдан дайындау, информатика пəнін оқыту жəне информатик мамандарды дайындау мəселелерімен айналысқан (Ж. Қ. Нұрбекова, Г. Ж. Ниязова, Ш. Шекербекова, А. Ибашова, Э. А. Абдукаримова жəне т. б. ) [13] ;
- профессор Ж. А. Қараевтың еңбектерінде ақпараттық-қатынастық технологияны жалпы орта мектептің оқу үдерісінде пайдалану, орта жəне жоғары оқу орындарында информатиканы оқыту мəселелері қарастырылған (М. Б. Есбосынов, Ж. С. Сардарова, С. Т. Мұхамбетжанова, Б. Т. Абықанова жəне т. б. ) [14] ;
- профессор Г. Қ. Нұрғалиеваның еңбектерінде білім беруді ақпараттандыру жағдайында электрондық оқулықтарды дайындаудың педагогикалық негіздері мен түрлі оқыту мақсатындағы бағдарламалық құралдарды жасау мəселелері қарастырылған [15] . Білімді ақпараттандырудың педагогикалық тұжырымдамасын Д. М. Жүсіпалиева, Ш. Т. Абишева, Ш. Х. Құрманалина, Г. Б. Ахметова, А. С. Қадырова, А. І. Тəжіғұлова жəне т. б. өз еңбектерінде анықтады.
Б. Баймұханов, Б. Д. Сыдықов өздерінің «Компьютерлік оқу əдістемелік кешенді құрудың негізгі дидактикалық принциптері» деп аталатын еңбектерінде былай дейді: заманауи ақпараттық технологияларды пайдалану оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып білім берудегі дараландыру проблемаларын шешуде жаңа мүмкіндіктер ашады.
Н. Е. Исабек зерттеу жұмысында студенттерді компьютерлік графиканы кəсіби іс-əрекеттерде пайдалануға даярлау жүйесін жасау жəне оны жүзеге асырудың педагогикалық шарттарын айқындаған.
Б. Т. Абыканова «Компьютерлік технологияны пайдалану арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың дидактикалық шарттары» атты диссертациялық жұмысында егер оқушылардың танымдық іс-əрекетіне компьютерлік технологияның педагогикалық мүмкіндіктері тиімді пайдаланылса, онда оқушылардың оқу мотивациясы мен танымдық белсенділігі артып, шығармашылықпен əрекет жасау дағдылары дамитынын, сөйтіп білім сапасының артатынын анықтаған.
А. Б. Медешова «Бастауыш сынып оқушыларының оқу икемділігін ақпараттық технология арқылы дамытудың педагогикалық шарттары» атты диссертациялық жұмысында егер бастауыш сынып мұғалімдері оқытудың ақпараттық технологиясын қолдану əдістемесімен қаруланып, оны нəтижеге бағдарланған білім беру үдерісіне пайдаланса, онда бастауыш сынып оқушыларының оқу икемділігінің дамуы жаңа сапалық деңгейге көтеріледі, өйткені ақпараттық технологияны қолдану бастауыш білім мазмұнын тиімді меңгеруге ықпал ететінін дəлелдеген [16] .
Зерттеудің мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының әдебиеттік оқу пәніне қызығушылығын мультимедиялық құралдар негізінде арттыруды теориялық тұрғыдан анықтау және оны пайдалану әдістемесін мазмұндау.
Зерттеу нысаны: бастауыш сыныптағы оқу-тәрбие үдерісі.
Зерттеу пәні: Әдебиеттік оқуды оқытуда оқушылардың білім деңгейін, зерттеушілік қабілеттерін дамыту үшін мультимедиа құралдарын қолдану әдісі.
Зерттеудің міндеттері:
- Білім беру үдерісінде ақпараттық технологияларды пайдаланудың педагогикалық-дидактикалық мәселелерін талдау;
- Ақпараттық технологияларды оқыту және көрнекілік құралы ретінде пайдаланудың дидактикалық негіздерін сипаттау;
- Оқушылардың әдебиеттік оқу пәнінен білімдерін арттырудағы компьютердің рөлін айқындау.
Зерттеу көздері: Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, Қазақстан Республикасы бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары, орта (бастауыш) білім беру жүйесін ақпараттандырудың мемлекеттік бағдарламасы, бастауыш мектептің пәндік оқу бағдарламалары, педагог және әдіскер ғалымдардың зерттеу мәселесіне қатысты іргелі еңбектері.
Зерттеу әдістері: қарастырылып отырған зерттеудің теориялық-әдіснамалық негізін айқындау мақсатында психологиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерді зерделеу және оларға талдау жасау; Ақпараттық технологиялар ұғымына талдау жасау; компьютерді оқыту құралы ретінде пайдаланудың дидактикалық негіздеріне талдау жасау; зерттеу мәселесі бойынша ғылыми, психологиялық- педагогикалық, әдістемелік және арнайы әдебиеттерді оқып үйрену және оларға талдау; әдебиеттік оқу пәнін оқытуда компьютерді қолдануға арналған әдістемесіне ұсыныстар жасау.
Зерттеу жұмысының құрылымы: Диплом жұмысы кіріспеден, 2 тараудан, әр тарау екі тақырыпшадан, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
- Білім беру үдерісінде мультимедиялық құралдарды пайдаланудың педагогикалық-дидактикалық мәселелеріБілім беру үдерісінде мультимедиялық құралдарды пайдаланудың педагогикалық-психологиялық мәселелері
Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз атты жолдауында [17] : «Сапалы білім беру Қазақстанның индустриалдық-инновациялық дамуының негізі болуы тиіс» деп атап көрсетілгендей қазіргі кездегі білім беру жүйесі әлемдік өркениет көшіне сай, жан-жақты, ақпараттық-коммуникациялық, соның ішінде мультимедиалық технологиялармен қамтамасыз етілуі керек.
Бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі оқушының оқу-танымдық әрекетін басқарудың негізгі бір буыны мультимедиялық құралдарды таңдау.
Ең алдымен, ұлы дидактик Я. А. Коменский «Алтын ережеге» балаған көрнекілік ұстанымының талаптарына толық жауап бере алатын мультимедиалық құралдар ұғымдарын қарастырайық. Олай болса мультимедиа ұғымына талдау жасап көрейік.
Мультимедиаға зерттеуші ғалымдар түрліше анықтама береді:
Мультимедиа - әр түрлі типті ақпараттарды компьютердің ұсыну мүмкіндігін дамытатын және адамның мультисенсорлық табиғатына негізделген технология (D. Little) [18] .
Мультимедиа - екі не одан да көп типті ақпараттарды интерактивті формада біріктіру (D. H. Jonassen) [19] .
Мультимедиа - әр түрлі формада ұсынылған ақпараттарды біріктіруге мүмкіндік беретін компьютердің аппараттық және бағдарламалық құралдары кешені (И. И. Косенко) [20] .
Мультимедиа - графика, гипермәтін, дыбыс, анимация, бейнемәліметтерді пайдалануға мүмкіндік туғызатын аппаратты-бағдарламалық құрал (И. Вернер) [21] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz