Алманың Суйслеппер сорты


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе
3
Кіріспе: 1. 1 Аймақтың топырақ климатының жағдайына сипаттама
3: 5
Кіріспе: 1. 2 Жеміс-жидек дақылдарының сорттарына сипаттама
3: 7
Кіріспе: Негізгі бөлім
3:
Кіріспе: 2. 1 Жеміс бағының алқабын құру.
3: 22
Кіріспе: 2. 2 Жеміс бағын отырғызу сызбасы
3:
Кіріспе: Қорытынды
3:
Кіріспе: Пайдаланған әдебиеттер тізімі
3:

КІРІСПЕ

Жеміс-жидек шаруашылығы - жеміс-жидек дақылдарын өсірумен айналысатын өсімдік шаруашылығының саласы. Жеміс-жидек шаруашылығына көшет (жеміс дақылдарының көшетін өсіру) және жидек (таңқурай, қарақат, бүлдірген, т. б. жидек дақылдарын өсіру) шаруашылығы; шекілдеуікті, сүйекті, субтропиктік (анар, құрма, інжір, т. б. ), жаңғақ, шырын жемісті дақылдарды өсіру жатады. Жеміс-жидек шаруашылығы тек көп жылдық өсімдіктерді алдымен көшеттікте өсіріп, оны жеміс бағына немесе көлемді егіс алқабына (плантация) отырғызумен және көптеген жеміс-жидек дақылдарын өсірумен айналысады. Жеміс-жидек шаруашылығы - өсімдік шаруашылығының ертеден келе жатқан салаларының бірі. Алма, алмұрт, анар, шабдалы, өрік, алхорының өсіріліп келе жатқанына 4 мың жылдан асты. Вавилон мен Ассирия (б. з. б. 3 мыңыншы жыл), Қытай мен Үндістан (б. з. б. 2-мыңыншы жыл), Қырым (б. з. б. 700 жыл) бақтары туралы жазбалар қазірге дейін сақталған. Орта ғасырларда жеміс-жидек шаруашылығы Батыс Еуропада, әсіресе, Францияда дамыды. 19 ғасырда Қырымда, Орталық Азияда, Украинада өндірістік бақтар егіліп, жеміс-жидек шаруашылығы тауар өндіру саласына айналды. Жеміс-жидек шаруашылығын дамытуда бақтарды тыңайтқыштармен және пестицидтермен қамтамасыз етудің, өнімді жинау жұмысын механикаландыру деңгейін көтерудің, жемісті өңдеудің, сақтаудың, т. б. маңызы зор.

Жеміс-жидек өсіру - жеміс ағаштарының морфологиялық құрылысы, өсуі, дамуы, өнуі, жемістенуі және агротехникасы туралы ғылым. Жеміс-жидек өсіру Қазақстанда 20 ғасырдың 30-жылдарынан бастап дами бастады. Аймақтық тәжірибе станциясы ашылып, кейін ол Қазақ егіншілік ғылыми-зерттеу институтының қарамағына берілді. 1959 жылы Қазақ жеміс және жүзім шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты құрылды. Қазақстанда жеміс-жидек дақылдарының гендік қорын құру мәселелері зерттелді (А. Н. Кацейко, М. П. Левина, А. Д. Виновец, Н. Ю. Нұртазина, М. Т. Нұртазин, т. б. ) . Орта Азиядағы ең ірі жеміс және жидек дақылдарының 3000-нан астам сортының коллекциясы жасалды. Жеміс дақылдарын көбейтудің әдісі мен технологиясы (К. Г. Карычев, И. П. Савеко), таулы және жазық жерлердегі бақтарда жеміс өсірудің қарқынды технологиясы (А. Жанғалиев, И. С. Голованов, Ю. Л. Кудасов, Е. Г. Раузин, А. С. Куцуков), ағаш өсімдіктерін түзуші тіндері арқылы өсіру (С. Г. Долгих, Н. П. Клоконос), жидек дақылдарын өсіру технологиясы (С. Н. Олейченко) жасалды. Топырақ құнарлығын сақтау және бақ агроценозын құру (Г. П. Адрианова, Е. М. Коваленко), өсімдіктерді аурулардан, зиянкестерден және арамшөптерден қорғау (М. М. Исин, Г. Н. Қайырова), егістіктерді суару (В. Х. Арст, А. И. Бондарцев), ауқымды процестерді механикаландыру (Ж. Мағажанов) мәселелері зерттелді. Құрамы реттелетін ауада жемістерді ұзақ сақтау (В. П. Гудковский, Т. Л. Урюпина) және жеміс шикізаттарын өңдеу (Д. Ізбасаров) технологиялары жасалып, өндіріске енгізілді. Қазақ жеміс және жүзім шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты шығарған 15-ке жуық жеміс-жидек сорттары Қазақстанның әр түрлі аумақтарында аудандастырылған.

Жеміс - жидек өсіру Қазақстанда 20 ғасырдың 30-жылдарынан бастап дами түсті. Әуелі аймақтық тәжірибе стансасы ашылып, кейін ол Қазақ егіншілік ғылыми - зерттеу институтының қарамағына берілді де, 1959 жылы Қазақ жеміс және жүзім шаруашылығы ғылыми зерттеу институты құрылды. Ол шығарған он беске жуық жеміс-жидек сорттары еліміздің әр түрлі ау-мақтарында аудандастырылды. Жеміс дақылдары негізінен, биологиялық (бо-тоникалық тегі) формалары жағынан мынандай топтарға бөлінеді: ағаштар (грек жаңғағы, алмұрт, қызыл шие, алманың кейбір сорттары), бұталар (қарақат, тұшала т. б. ), жартылай бұталар (таңқурай, т. б. ), лиандар (актинидия, жүзім, т. б. ) . Жемісінің құрылысына және биологиялық ерекшеліктеріне қарай шекілдеуікті (алма, алмұрт, беке, т. б. ), сүйекті (шие, алхоры, өрік, шабдалы, т. б. ), жидекті (қара және қызыл қарақат, таңқурай, бүлдірген, т. б. ), жаңғақты (грек жаңғағы, орман жаңғағы, т. б. ), шырын жемісті (апельсин, лимон, мандарин, т. б. ), субтропиктік (анар, інжір, құрма, т. б. ), тропиктік (банан, ананас, т. б. ) болып бөлінеді. Қазақстандағы жеміс дақы-лының 95 пайызын раушан гүлділер тұқымдасы.

Жеміс - құрғақ жеміс, шырынды жұмсақ жеміс деп бөлінеді. Құрғақ жемістің көп тұқымды, қақырап ашылатыны: бұршақ, бұршақын, т. б. Бір тұқымды, қақырап ашылмайтыны: жаңғақ, жаңғақша, тұқымша, дәнек. Шырынды же-містің көп тұқымды түрі: жидек, асқабақ, алма, т. б., бір тұқымды түрі: сүйекті жеміс. Жемісқаптың сыртқы қабаты (экзо карпий) жылтыры: шие, алма, балауыздысы: жүзім, алхоры, шомыр, түктісі: шабдалы, жұмсағы: өрік, қыртыстысы: тұшала, қалыңы: лимон, апельсин, қаттысы: жаңғақ. Жер бетінде алма, алмұрт, анар, шабдалы, өрік, алхорының өсіріліп келе жатқанына 4 мың жылдан асты.

1. 1 Аймақтың топырақ климатының жағдайына сипаттама

Оңтүстік Қазақстан облысы - Қазақстан Республикасының оңтүстігіндегі әкімшілік-аумақтық бөлік. 1932 жылы 10 наурызда құрылған. 1962 - 92 жылы Шымкент облысы деп аталды.

Аумағы 117, 3 мың км². Тұрғыны 2 адам (2018ж) . Орталығы - Түркістан қаласы Солтүстігінде Қарағанды, шығысында Жамбыл, батысында Қызылорда облыстарымен, оңтүстігінде Өзбекстан Республикасымен шектеседі. Облыс құрамында 11 әкімшілік аудан, 4 қалалық әкімдік, 7 қала (Шымкенттен басқа), 13 кент, 171 ауылдық округ, 932 ауыл бар.

Оңтүстік Қазақстан облысының жер бедері негізінен жазық (орташа биіктігі 200 - 500 м) . Солтүстігінде тасты-сазды Бетпақдала шөлінің оңтүстік-батысы, Ащыкөл ойысы, Тоғызкентау жоны, Шу өзенінің төменгі ағысы және Мойынқұм құмды алқабының батыс бөлігі орналасқан. Облыстың орталық бөлігін Қаратау жотасы солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай екіге бөліп жатыр. Оның ең биік жері - Бессаз (Мыңжылқы) тауы (2176 м) . Қаратаудың оңтүстік-шығысында Боралдай (1400 - 1600 м) жотасы орналасқан. Облыс жерінің оңтүстік-шығысын Батыс Тянь-Шань-ның сілемдері (Өгем жотасы), Қаржантау (2800 - 2900 м), Қазығұрт тауы (1700 м), Талас Алатауының батыс сілемдері - Кіші Ақсу (2577 м), Алатау (3137 м) таулары қамтиды. Облыстың ең биік жері - Сайрам шыңы (4299 м) . Оңтүстік-батысында Қызылқұм құмы, Қарақтау тауы (388 м), оңтүстігінде Шардара даласы, Ызақұдық құмы, Қауынбай молда (321 м), Белтау (592 м) жоталары, қиыр оңтүстігін Мырзашөл алып жатыр. Климаты -континенттік. Облыстың табиғаты температураның құбылмалылығы, жауыншашынның әр жылы әр территорияға әр түрлі түсетіндігі, ауаның құрғақтығы, қатты буланғыштығы, күн шуағының молдығымен сипатталады. Облыстың оңтүстік таулы аймағының ауа-райы жұмысақтау келеді, қысы онша қатты емес. Ылғалда біршама жақсы түседі. Облыстағы ауаның жылдық орташа температурасы 6, 5 және 10, 5 градус арасында ауытқып тұрады. Ал Солтүстік және таулы аудандарда 6, 5-8 градус, орталық аудандарда 9-10 градус шамасында болады. Ең суық ай - қаңтардағы ауаның орташа температурасы оңтүстік аудан-дарда минус 5-9, солтүстік аудандарда 12-14 градус. Ал жылдың суық кезенін-дегі ауаның орташа температурасы 3-4 және 7-8 градус суықтық аралығында. Кей жылдары аяз 42-47 градусқа дейін жетеді. Ең ыстық айдағы ауаның орташа температурасы тау және тау бөктерлерінде 21-22 градус, ал Бетпақдалада тіпті 26-27 градусқа дейін көтеріледі. Жылдың жылы кезеңінде орташа ауа температурасы таулы аудандар мен облыстың солтүстігінде 15-17 градус, орталық аудандарда 18-19 градус. Ауа ыстық жылдары күндізгі ауа температурасы шөлді аудандарда 45-47, таулы аудандарда 40-42 градус болады. Көктемнің алғашқы белгілері март айының екінші жартысында, ал таулы аудандарда марттың аяғы мен апрельдің басында байқалады. Көктемнің ұзақтығы облыстың жазық аудандарында 40-45 күн, тау бөліктерінде 50-60 күн, ал таулы аудандарда 70 күнге дейін созылады. Жылына күн 2700 сағат шамасында шуағын төгеді, соның 2000 сағаты (74%) жылдың жылы кезеніне сәйкес келеді. Жылы кезендегі ауаның салыстырмалы ылғалдылығы шөл және шөлейт аудандарда 40-45 процент, ал ауаның ең төмен болатындығы (30 процент) июнь - август арасы. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы таулы аудандарға қарай жоғарылап 55 процентке дейін жетеді. Жауын-шашын мөлшері солтүстіктен оңтүстікке қарай өсе береді. Облыстың шөл аймақтарында ол жылына 100-150 мм, жазықтықта 150-200 мм, тау бөліктерінде 300-400 мм, тау бастарында 450-500 миллиметрге дейін түседі. Жауын-шашын жылдың суық кезеңіне қарағанда жылы кезеңінде неғұрлым мол түседі, оның 30-40 проценті көктемде жауады . Қар жұқа түседі, әрі тұрақтамайды. Ол ең қалындағанда облыстың солтүстігінде 10-нан 20-35 сантиметрге дейін, оңтүстігінде 15-30, тау бөліктерінде 20-40, тау бастарында 20-40 сантиметрден 70 сантиметрге дейін жетеді. Топырақтың тоңазу қабаты қыста солтүстік аудандарда 80-100, оңтүстікте 40-60 сантиметр. Бұл жерде жаз өте ыстық болып, қысы суық, жылдық және тәуліктік температура айнысалы, өте құрғақ ауа, ылғал түсімі әр түрлі және қар жұқа түседі. Қыста Қазақстанның оңтүстік аудандарына Сібірден соғатын суық антициклон мен Ираннан келетін жылы ауа массасы аралығында болады. Көктемде температура тез көтеріледі: оңтүстікте - ақпан айының екінші жартысында, солтүстікте - наурыз айының ортасында. Бұл кездерде циклондар әсерінен сел жауындар болуы жиі кездеседі. Полярлық фронтқа байланысты оңтүстік бөлікте наурыз айында солтүстік бөлікте сәуір айында жауын-шашын көп болады. Жаз айларында қыркүйек айының соңына дейін ыстық болып тұрады. Бірақ, жаздың бірінші жартысын-да суық жауындар болуы мүмкін, екінші жартысы әдетте құрғақ болып келеді . Күздің ауа райы қолайсыздау болады, солтүстіктен немесе солтүстік-батыстан соғатын арктикалық ауа ағыны күз айының ауа райын тұрақсыз етеді. Жел тәртібі (режим) : Оңтүстік Қазақстанның шөл далаларында және Орта Азияның шөл далаларындағы өсімдіктерге жел кәдімгі экологиялық фактор ретінде күшті әсер етеді. Жел әсерінен қысқы қарлар ұшады, жылы уақытта булану процесі жүріп жердің беті құлазып, жел эрозиясына ұшырайды. М. И. Рубенштейннің мәліметіне сүйенсек Оңтүстік Қазақстан облысында жел солтүстік-шығыстан (фен) және оңтүстік-батыс бағыттарда соғады (гармсиль) . Оңтүстік Қазақстан облысында желдің соғатын күндері Шардара метео-станциясының мәліметі бойынша қарашада - 8, ақпанда 12-16 күн, мамырда - 9 күн, тамызда - 8 күн. Желдің жылдық орташа жылдамдығы 12 м/сек. Атмосфералық жауын-шашындар: Жауын-шашынның атмосфералық ерекшеліктері, қысқы және көктемгі жарты жылдықта мол түсуі, ал жазда аз түседі. Бірақ бұл көрсеткіштер Қазақстанның оңтүстік шөл аймақтарында өзгеріп отырады. Топырағы: Оңтүстік-Батыс Тянь-Шаньға кіретін Қаржантау жотасы топырақ қабаты жағынан Тұран фасциясына жатады. Оңтүстік-Батыс Тянь-Шаньның төменгі бөлігін, шамамен 1000 - 1200м биіктікке дейін сұр топырақ алып жатыр. Тау етегіндегі жазықтарда ашық түсті сұр топырақ тараған. Шамамен 300 - 400 м биіктікте ол кәдімгі сұр топырақпен алмасады, оның өзі 600 -700м биіктікке күңгірт сұр топыраққа ауысады. Тау бөктеріндегі жазықтардың жоғарғы бөлігін ірі дәнді жарты саваннаның тік аймағы ағып жатыр (600-1200 т. д) . Сұр қоңыр топырақ, тек сол топырақ типіне тән белгілер бар. Таулы және тау бөктеріндегі сирек аршалар аймағындағы бұталар және ірі шөпті жарты саванна (1200-2400 т. д. ) Солтүстік беткейде таулы қоңыр топырақтан, оңтүстік және батыс беткейлер таулы сұр-қоңыр топырақтардан тұрады. Биік таулы далалық-шалғынды субальпілік белдеу (2400-3000 т. д. ) таулы далалық-шалғынды субальпілік және далалық-таулы су топырақтардан тұрады. Ал биіктаулы далалық шалғында альпілік (3000-3600 т. д. ) белдеуде топырақ жамылғысында биіктаулы далалық-шалғынды және альпілік далалы топырақтар басым келеді. Биік таулы нивальды аймақта (3600 және одан жоғары т. д. ) топырақ жамылғысы және қиыршық тас үйінділері кездеседі. Аршалықтардың қоңыр, таулы-орманды қоңыр және биіктаулы шымтезектелген топырақтар таралған белдеулердегі көлбеу және төменгі ылдыйлы беткейлерде бай топырақтар пайда болады. Бұл топтағы топырақтар өте күшті қарашірік саласымен және құрамындағы қоректік элементтердің көптігімен ерекшеленеді. Тау аңғарларында және тік беткейлерде топырақтар өзінің қарашірігі аз тасты және өте қиыршық тастылығымен, құрамындағы қоректік элементтердің аздығымен сипатталады. Қызылқұмның оңтүстік-шығыс бөлігіндегі өсімдіктердің сирек өсуі және температураның жоғары болуы, ылғалдың аз түсуі және оның бірқалыпты түспеуі топырақ түзілу процесіне әсер етеді. Қызылқұмның оңтүстік-шығысында топырақ қабаты бірнеше түрден тұрады. Зерттелген ауданда көп кездескен сұр және құм топырақтар. Бұл туралы жан-жақты зерттеп жазған ғалымдар Г. Жихарева, А. Б. Курмангалиева, А. А. Соколов. Берілген алаңқайдағы зерттеген кезде шығарылған қорытынды, топырақ құрамы құмдақ. Шөл даланың басқа топырақтардан айырмашылығы (тақыр-дан, сұр күлгін топырақ) топырақ құрамында гумустың өте аз мөлшерде болуы (<0, 3-0, 4%) сіңірімділігі аз (1, 5-2, 0 мг-экв. 100 г топырақ-қа) . Бұл жерде топырақ түрленуі физикалық жел қақатауынан болады. бұл топырақтың ең қолайлы ерекшелігі жақсы құрғақтылығында.

1. 2 Жеміс-жидек дақылдарының сорттарына сипаттама

Алма (лат. malus) - раушангүл тұқымдасына жататын, өте кең тараған ағаштарының жемісі.

Табиғи алманың жер шарында бізге 36 түрі белгілі, олардың 10- 12-сінің шаруашылықтық маңызы бар. Қазақстанда, негізінен, Сиверс алмасы, Недзвецкий, қырғыз алмасы өседі. Алманың жаздық, күздік, қыстық сұрыптары бар. Алма ағашының өмір сүру ұзақтығы 20-100 жыл, биіктігі 4-10 м болады. 3-12 жылда жеміс береді, әр гектардан шамамен 100-300 ц өнім алынады. Тұқымынан және өсімді (вегетативті) жолмен көбейеді. Тұқымынан көбейту бұлама алуда және селекцияда қолданылады.

Алманы көбейту кейде ұластыру арқылы да жүзеге асады. Қазақстанда алманың 40-тан астам сұрыптары аудандастырылған, оның 20-сын (Салтанат, Іле, Алатау шапағы, Алматы т. б. ) қазақ селекционерлері өсіріп шығарған. Алма жемісі тасымалдауға, сақтауға жарамды, тағамдық заттарға бай, дәмді келеді, әрі жақсы өңделеді. Алма құрамында 83-88 % су, 7, 5-16 % қант, 0, 2-0. 8 % қышқыл, 9, 5-18, 5 % құрғақ қалдық, 0, 28-1, 0 % илік заттар, А, В1, В2, В6, С, РР витаминдері, көптеген минералды заттар бар. Шырынынан шарап, сусын дайындалады, жемісін емдік дәрі ретінде де, адам организмін ауыр металл заттардан тазалауға, қан бұзылу және жүрек ауруларын емдеуге қолданады.

Алманың зиянкестері: алма жегіші, алма биті, шие бізтұмсығы, гүл жегіші. Алма аурулары: алма қотыры, ақ ұнтақ, жеміс шірігі, т. б.

Алманың «Мелба» сорты

Канадалық сорт. 1898 жылы Оттавадағы (Канада) Орталық эксперименттік станциясында Мекинтош түрінің тұқымын тегін тозаңдану себу арқылы өсірді. Ағаштары орташа өседі, суыққа төзімді, бөрікбастары жас шағында сопақша, ал жеміс берген уақытта аумақты, кең болады. Жемісті 6-7 жылда салады, жыл сайын өнім береді. Өнімділігі орта есеппен әрбір ағаштан 75-100 кг. Жемісінің ірілігі орташа (130г), түсі көкшіл сары, жұмсағы ақ, шырынды, қышқылтым тәтті, өзіне тән жақсы иісі бар.

Жапырақтары ұзын, сопақ, сәл қисық, күшті, ашық-жасыл, көбінесе сарғыш түсі бар. Жапырақтың қыртысы граби. Жылдықтар дерлік түзу, қалың, жарық шие түстері мен төменгі жалпақ шеттерінің тамаша қабығы бар.

Гүлдер үлкен, бүршіктері - ақ және қызғылт күлгін түске боялған, жапырақтары ашық қызғылт, дөңгелек, жабық, бір-біріне сәл жабылған.

Орташа немесе орташа өлшемдегі жемістер (күріш), жалпақ, дөңгелек-конус тәрізді, сәл қисық. Ең үлкен диаметр ұрықтың базасына жақын. Тері тегіс, нәзік жабындысы бар. Негізгі түсі ашық-жасыл, жеміс бетінің жартысына жуығы қарқынды қызыл сызықшақты қызғылт тәрізді. Тері астындағы нүктелер ұрықтың түрлі-түсті бөліктерінде анық көрінетін орташа немесе кішкентай ақ болып табылады. Орташа енді. Ортаңғы ұзындығы, жіңішке. Тұқым ірі, ұзын, қоңыр түсті.

Жемісті бөлігі ақ, нәзік, шырынды, күшті кәмпиттер хош иісіндей, тамаша тәтті-қышқыл дәм.

Мельба сортының жемістері компот және шырынды дайындау үшін қолайлы. Жемістердің химиялық құрамы: қант саны - 10, 5%, титрленген қышқылдар - 0, 78%, аскорбин қышқылы - 13, 4 мг / 100 г, P-белсенді заттар - 297 мг / 100 г, пектиндік заттар - 10, 1%.

Бос өсу мерзімі тамыздың екінші жартысында жүреді.

Жемістер жазғы алуан түрлілігімен салыстырмалы түрде жақсы және тасымалдауды жүзеге асырады және тоңазытқышта қараша айына, ал кейде қаңтарға дейін сақталады.

Түрлілік өте жылдам. Жақсы күтіммен ағаш отырғызудан 4-5 жыл ішінде коммерциялық өнім шығара бастайды.

Орташа қыс мезгілінің беріктілігі. ВНИИСПК бақшасында 1962 жылы Мельбидің ағаштары 1968-1969 жж. Ауыр қыста кейін магистральдық және негізгі тармақтарда қатты күйіп кеткен. Жеміс-жидекке қарсылық орташа болып табылады. Кейбір жылдарда қожа айтарлықтай зиян келтіреді.

Сорттың артықшылықтары: өнімділік, жақсы тауар және жеміс тұтынушылық қасиеттері.

Мельба қатысуымен 20-дан астам жаңа сорттар құрылды, соның ішінде Сібір Бау-бақшалау ғылыми-зерттеу институтының іріктеуінен Келісім [{Ranetka purple x Pepin sapphire] x Bellefle-қытай] x Melba}. М. А. Лисавенко, Ерте Алоэ (Мельба Х Папировка) ВНИИСПК таңдауы және оларды Қызыл Жиыны (Melba x Vesna) VNIIS өсіруі. И. В. Мичурин. Оттава эксперименттік станциясында (Канада) Caravella (Melba x Crimson Beauty) құрылды. Мелба сондай-ақ Prima (АҚШ) сорттарының алғашқы қышқыл иммунын (Vf генімен) құруға қатысты. (1-сурет) .

Сорт яблони Мельба

1-Сурет. Мелба сорты

Алманың «Суйслеппер» сорты

Суйслеппер - Балтық жағалауына тəн сорт. Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында пайдалануға рұқсат етілген. Ағаштарының бөрікбасы өте өскелең, үлкен, теріс пирамидалы, кейде дөңгелек болып келетін, өте тығыз. Суыққа аса төзімді. Бұтақшалары қызыл қоңыр түсті. Ағаштары отырғызылғаннан кейін 7-9 жылда өнім береді, Жемісті жыл сайын салмайды. Əрбір жеміс ағашы орта есепен 80-120 кг өнім береді.

Жемісінің өлшемі орташа (60-70 г), жұмсағы ақ, ұсақ түйірлі, өте шырынды, қышқылтым тəтті, қабығы тегіс, жылтыр, түсі ақ, қызыл жəне қызғылт жолақтары, жайылған қызғылт теңбілдері бар. Жемісі көп уақыт сақтауға шыдамайды. (2-сурет) .

2-сурет. Суйслеппер сорты

Алмұрт (лат. Pyrus) - алмалар тұқымдасына жататын жемісті өсімдіктердін бір туысы. Мұның 18 түрі бар. Алмұрт көбінесе үлкен ағаш, кейде ұзын бұта болып өседі. Атың 5 000-нан астам сұрпы бар, олардың бұрынғы КСРО-да 130 сұрпы өседі. Бұлардың ішіндегі 15 сұрпын өсіріп шығарған И. Мичурин, олардың негізгілері: қыстық бере (груша бере зимняя) - И. Мичуриннің жабайы уссурий алмұртын бірінші рет гүлденген жылы Бере Рояль алмұртының тозаңымен будандастырғаннан кейінгі алған жаңа сұрпы. Қысқа өте төзімді. 20 жылдан астам өмірінің ішінде бұған аяздың тигізген әсері байқалған емес. Мұның ағашы құрт-құмырсқаға да, паразит саңырауқұлақтарға да бой бермейтін төзімді келеді. Жемісінің өздігінен зақымданған жері тез жазылып кетеді. Жемісін қыркүйектің аяғында жинайды, ол жатқан жерінде (қыста) піседі де (аты осыған сәйкес қойылған), сәуірге дейін сақтауға келеді. Орта Азия алмұрты (Р. asiae mediae) - кронасы аумақты келген үлкен ағаш. Жемісі тәтті, ерте піседі және ірі болады; жемісін адам, құрғақ жапырағын мал жейді. Орта Азия алмұрты түсімді келеді, құрт онша түспейді, ауруға, кеселге төзімді.

Алмұттың «Лесная красавица» сорты

Лесная красавица - Бельгиялық сорт. Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік шығыс облыстарында пайдалануға рұқсат етілген. Ағаштары өте өскелең, бөрікбасы кең приамидалды, қалыңдығы орташа, суыққа төзімді. Жемісті отырғызылғаннан кейін 5-7 жылда салады. Өнімді мол жəне жыл сайын береді, əрбір ағаштан орта есеппен 170-200 кг алмұрт алынады. Алмұртының салмағы едəуір ірі (150-180 г), тұрқы алмұртқа тəн, түсі көкшіл сары, қызғылт бөртпелері бар. Жұмсағы уылжыған өте шырынды, дəмі тəтті, хош иісті. (3-сурет) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жеміс-жидек ағаштарының сорттары
Қазақстанда өсетін жеміс дақылдарының сорттық ерекшеліктері
Жемістер мен көкөністердің химиялық күрамы
Шырынды жемістерден тұқымын алу
Алматы облысы Ұйғыр ауданына отырғызуға рұқсат етілген жеміс дақылдарының сорттарына сипаттама
Қазақстан Республикасының жекелеген аумақтарындағы жеміс шаруашылығының ерекшеліктері
Қазақстандағы жеміс шаруашылығы туралы
Жеміс - жидек дақылдар сорттарына сипаттама
Мекеме алды жолының екі жағына алма ағашын егу
Алманың себінді телітушілері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz