Қытайда ұлтаралық қатынастарды басқару мәселелері


ҚЫТАЙДАҒЫ ҰЛТАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР МӘСЕЛЕСІ
Жоспар
Кіріспе . . . 3
Негізгі бөлім
І. Қытайда ұлтаралық қатынастарды басқару мәселелері
1. 1 Қытайдағы ұлтаралық қатынастарға түсінік . . . 9
1. 2 Қытайдағы ұлттық саясаттың қалыптасу тарихы . . . 17
ІІ. ХХ ғ. а. ХХІ ғ. б. Қытайдың ұлтаралық қатынастарды басқару саясаты
2. 1ҚХР КП-ның ұлттық саясат пен заңнамалық базасындағы өзгерістер… . . . 26
2. 2Қытайдың ұлтаралық қатынастарды басқару механизмдері . . . 36
ІІІ. ШҰАА-ғы ұлтаралық қатынастардың қазіргі кездегі жағдайы
3. 1 ШҰАА-ның әлеуметтік мәдени және экономикалық сипаттамасы, этникалық құрамы . . . 49
3. 2 ШҰАА-ғы ұлтаралық қақтығыстар. ҚКП-ның саясаты . . . 55
3. 3 «Ұйғыр сепаратизмі» және Халықаралық қауымдастық . . . 58
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 61
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 63
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Қытай Халық Республикасы дүниежүзі бойынша ең халқы көп және көпұлтты мемлекет. ҚХР құрылған кезден бастап Қытайда, оның ішінде автономды аймақтарда болып жатқан ұлтаралық процестеріне, ондағы өзгерістерге, халықтың демографиялық жағдайына және хан ұлтынан басқа аз санды ұлттарға жүргізіп отырған саясатына және де ҚХР жаңа ғасырдан бастап батыс аймақтарында жүргізе бастаған «Батысты ауқымды игеру» стратегиясына салыстырмалы талдау жасалады.
Тақырыптың өзектілігі. Қытай Халық Республикасы дүниежүзі бойынша халқының саны жағынан дүниежүзіндегі ең ірі мемлекет болып табылады. Осы тұрғыдан да ондағы мекендеуші ұлттар мен ұлыстардың, жалпы ҚХР-дағы ұлтаралық байланыс жағдайды зерделеу бүгінгі күнгі өзекті де, қызықты тақырыптардың бірі болып отыр. ҚХР тек халқының саны жағынан алдыңғы орынды иеленіп қана қоймай, халық санының тез өсуімен де әлем демографиясына ықпал етіп отыр. Әлемнің басқа елдерінде ұлтаралық фактор Қытайдағыдай маңызды рөл атқармайды. Қытайдағы ұлтаралық фактор елдің әлеуметтік-экономикалық дамуында айтарлықтай қиындықтар туғызуда. Қазіргі Қытайдағы оның ішінде автономды аймақтарда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық оң өзгерістер ұлтаралық байланыстардың өсуін қамтамасыз етті. Бұл өз кезегінде ең бірінші ішкі қытайдың азұлттарға жасап отырған саясатына көңіл аударуларына негіз болды.
Қытай Халық Республикасы құрылған кезден бастап қазіргі кезге дейін халық саны туу мен табиғи өсуді азайтуға байланысты қатаң әкімшілік және экономикалық шараларға қарамастан 1949 жылғы 563 млн. адамнан 2000 жылы 1 млрд. 285 млн. адамға, яғни шамамен 1. 5 есеге өскен. Жоспарлы туу саясатының жүзеге аса бастауымен негізінен хандықтардың санының өсуінде азайған жағдайларды көретін болсақ, аз санды ұлттардың ішінде керісінше халық санының өсу процесі байқалады. Бұл қытайдағы ұлтаралық қақтығыс пен байланыстарға өз әсерін тигізеді. Ал осы аз санды халықтардың 70%-ы батыс аудандарда шоғырланғанын және жаңа ғасырдан бастап аталмыш аймақта халық санының жылдам өсіп келе жатқанын естен шығармау керек. Жас құрылымын жасанды деформациялау әлеуметтік және этникалық негативтің күшеюіне, түрлі ұлттың табиғи ынтымақтастық процесінің бұзылуына әкелуі мүмкін. Халық санының тым көп болуынан Қытайдың технологиялық және мәдени жетілдіру процестері тежеледі және халықтық тұрмысының деңгейі мен сапасын жақсартатын процестер баяулайды. Бұл өз кезегінде хань жерінде мекендеген басқа ұлт өкілдерінің тынышын бұзады. Оған қоса экономикалық реформалар жүргізіле бастаған кезбен байланысты ұлтаралық байланыс ерекше жалпылау мен ұғынуды қажет етеді. Қытайдағы ұлтаралық байланыстарға талдау жасау, оны түсіну, идеологиялық, әкімшілік, экономикалық және мәдени ықпал ету арқылы әлеуметтік-этникалық процестерді басқарудың мол тәжірибесін сараптау және түсіну қазіргі Қытайдың әлеуметтік-экономикалық, ұлттық саясатын зерттеуде ерекше орын алады. Онымен қатар Қытайдың әлеуметтік-экономикалық процестерді басқарудағы тәжірибесі дамушы және өтпелі экономикасы бар елдер үшін таптырмас бағыт болмақ.
Әлем тарихында көлемі жағынан және жүйелілігі жағынан саяси, идеологиялық және әкімшілік болып бөлінетін ұлтаралық байланыс саясаттың «қытайлық феномені» еш жерде кездеспейді. Осы тұрғыдан да оны зерттеу Қытай үшін ғана емес, әлемдік әлеуметтік тәжірибе мен ғылым үшін маңызы зор.
Әлемдік ғылымға жұмбақтау болып келетін Қытайдың көлемі жағынан үлкен және әр алуан болып келетін демографиялық тәжірибесін, идеология мен саясат, мәдениет пен дәстүрді қолдау шаралары арқылы халықты өсіру және неке саласында шектеу шаралары арқылы оны шектеу, көп адамдардың ерікті көші-қоны, оларды қайта тәрбиелеуге ауылдарға баруы және өндірісті дамыту үшін жасалған ондағы урбанизация процестерін зерттеудің өзектілігі мен қажеттілігі Қытайдың дамуына септігін тигізумен қатар бүкіл адамзаттың дамуына әсер ететіні күмән тудырмайды.
Диссертациялық зерттеу нысаны - ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап Қытай Халық Республикасының ұлттық аудандарындағы ұлтаралық байланыстар жағдайы болып табылады.
Жұмыстың зерттеу пәніне - ҚХР-дың ұлттық аудандарындағы ұлтаралық процестер және аз санды халықтарға жүргізіп отырған мемлекеттік саясат жатады. Онымен қатар батыс аймақтағы ұйғыр сепаратизмі, ШҰАА экономикалық дамуы, халық саны, жастық, жыныстық және халықтың әлеуметтік құрылымдары, көші-қонның қарқындылығы мен бағыты секілді ұлттық сипаттардың өзгерісі бітіру жұмыстың зерттеу пәнін анықтайды.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Бітіру жұмысында қарастырылған мәселелерді зерттеумен негізінен шетелдік және отандық ғалымдар айналысады. Алайда бұл мәселемен айналысатын отандық зерттеушілер айтарлықтай көп емес, жоқ деуге де болады, яғни Кеңес Одағының ыдырауымен оның орнына он бес елдің құрылуынан бастап шығыстану ғылымы республикамызда кенжелеп қалды. Сондықтан да қазіргі таңда осы саланы зерттеумен айналысатын көптеген шығыстанушы мамандар басқа шет мемлекеттерде ғылыми жұмыспен айналысуда.
Бұл жұмысқа қатысты батыстық әдебиеттерді зерттеу барысында ол құжаттарда Қытайдың ұлттық байланыс мәселелері толығымен көрсетілмегенін, терең түрде зерттелмегенін байқауға болады. Бұл еңбектерде тек бір ғана бөлігі көрсетіліп, қарастырылып отырған мәселе толығымен объективті түрінде берілмей, оқырмандарға біржақты болып көрсетілді. Бірақ олардың ішінде де құнды деректерді кездестіруге болады.
Аталмыш диссертация жазу барысындағы ғылыми зерттеу жүргізуде біз отандық зерттеушілердің де еңбектерін пайдаландық.
Отандық деректер. Тұңғыш қолданған деректердің бірі ретінде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан-2030» атты Бағдарламасын айтуға болады. Бағдарламада қолайсыз демографиялық факторлардың ұлттық қауіпсіздікке әсер ететінін айта келіп, көші-қон саясатына байланысты біздің жас мемлекеттің жетекші приоритеттерін ұсынды [1, 144 б. ] .
Отандық ғалымдардың еңбектеріне келсек жалпы Қытай Халық Республикасының демографиялық жағдайын зерттеген ғалымдар өте аз деуге болады. Қазақстан ғылымында 1990-шы жылдарынан бастап саясаттану ғылымы мен аналитикалық бағыт басым бола бастады. Алайда тек тарихты зерттеу барысында ғана кез келген бізге құнды мәселенің барлық талдауын жасай аламыз. Қазақстан деректерінде Қуаныш Сұлтановтың «Реформы в Казахстане и Китае» және Қуаныш Сұлтанов пен қытайтанушы Садыхан Бақбергеновтың «Пробуждение гиганта» атты кітабы ерекше назар аударады. Себебі Қуаныш Сұлтанов Қытай Халық Республикасында Қазақстанның Төтенше және Өкілетті елшісі болып қызмет атқарып жүргенде барлық оқиғалардың куәгері болды. Аталмыш еңбекте ҚХР жүргізілген реформаларды терең талдау жасай отырып, жетістіктері мен кемшіліктеріне, реформа нәтижесінде елдегі болған өзгерістерге терең талдау жасайды. Сонымен қатар аталмыш еңбекте Қытайдағы экономикалық және саяси реформалар жан-жақты талданды, ҚХР-дағы демографиялық жағдай, оның ішінде ШҰАА-дағы халық саны туралы мағлұматтар келтіреді, оның айтуынша «Батысты игеру» стратегиясын іске асыру барысында ішкі тығыз ораналасқан аудандардан хандықтар көптеп көшіріледі, қазіргі кезеңде Қазақстан шекарасы маңындағы аудандарда халықтың саны және инфрақұрылымы Қазақстанның шекаралық аймақта тұратын халықтардың санынан он есе асып түседі деген тұжырымдар келтіреді [2; 3] .
Г. М. Мендіқұлова мен Б. Ж. Атантаеваның «История миграций между Казахстаном и Китаем 1860-1960-e гг. » атты еңбегін алуға болады. Аталмыш еңбекте Қазақстан-Қытай мұрағаттық және статистикалық деректерді жүйелеп, талдау жасау арқылы қазақстандық деректануда бірінші рет революциялық және кеңестік кездегі Қазақстан-Қытай мемлекетаралық көші-қон процесі кешенді зерттеліп Қазақстан ғылымын әлі де зерттеле қоймаған жаңа тың деректермен толықтыра түті [4] .
Қазақстандық атақты қытайтанушылардың бірі К. Ш. Хафизованың Қытайдың тарихына, саясатына, экономикасына және т. б. қатысты көптеген құнды еңбектері бар [5; 6] .
К. Л. Сыроежкиннің еңбектерінде Қазақстан территориясына қазақтар мен ұйғырлардың кетуінің тарихы, миграциялық кезеңдер анықталады. Аса айта кететіні К. Л. Сыроежкинің еңбектерінде бірінші рет қытайдағы ұлт аралық қатынасатар туралы мәселе көтеріліп, оның Қазақстан әлеуметтік-экономикалық процестерінің әсеріне баға беріліп, талдау жасалды. Қытай Халық Республикасының ұлттық саясаты зерттеліп, оның аз санды халықтарға қолданылуы терең зерттелумен қатар ШҰАА-ң этноұлттық жағдайына байланысты құнды деректер келтірілген. Онымен қатар оның басқа да Қытай жайында жасаған зерттеу жұмыстарында ҚХР-дағы миграциялық саясат, ШҰАА-ның демографиялық потенциялы қарастырылды [7, 345 б. ] .
М. С. Әшімбаевтың «Политика КНР на современном этапе: реали и перспективы» атты кітабы қазіргі кезедгі Қытай Халық Республикасының жүргізіп отырған саясатын, оның салдарын, басқа мемлекеттерге тигізер әсері жаңа деректердің негізінде жаңа көзқараспен қарастырылып терең талау жасалады [8] .
Аталмыш зерттеуге қатысты бір ғылыми еңбекке ҚР Президенті жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының «Современный Китай: экономика, демография и внешняя политика» ұжымдық басылымын айтуға болады. Кітап Қытайдың даму процесінің өзекті мәселелеріне арналған. Онда экономикалық дамудың негізгі үрдістері, демографиялық және көші-қон саясатының мәселелері, сыртқы саясаттың негізгі мәселелері, ұлтаралық қатынастар қарастырылады. Авторлардың пайымдауынша, ұлтаралық қатынастар және негізгі саяси процестері қазіргі Қытайдың өміріндегі және саясатындағы маңызды салалар болып табылады. Келешекте олар ҚХР-дың көрші елдермен қарым-қатынас жасағанда негізгі факторлардың бірі болып табылады. Жұмыста аймақтағы интеграциялық жобалардың дамуы және Орталық Азиядағы қауіпсіздікті нығайтуға байланысты халықаралық жобалар көп жағдайда Қытайдағы азұлтар мен хандіктердің арасындағы жағдаймен анықталады деген тұжырым жасауда [9, 385 б. ] .
Қазіргі Қытайдың демографиялық және көші-қон мәселелері Ресей ғалымдарының ұжымдық жұмыстарында көрініс тапты. Осы еңбектердің біріне «Китай: угрозы, риски, вызовы развитию» атты еңбекті айтуға болады. Еңбекте Қытайдың дамуындағы қазіргі қауіп-қатерлер кешенді талдау жасалады. Қытай ішінде болатын экономикалық, саяси дағдарыстың пайда болу мүмкіндігі, оның Қытай үшін және жаһандық экономика мен саясатқа мүмкін болатын әсерлері, салдары зерттеледі. Авторлардың пайымдауынша мемлекеттің саясатына байланысты елеулі ұлтаралық қақтығыстардың пайда болуы әлеуметтік қиындықтарды күшейтіп, болашақта экономикалық өсуге кедергі жасап басшылардың алға қойған жоспарларының орындалуына кедергі болады. Ол ең алдымен елдегі хандіктер мен аз ұлттардың арасындағы байланысты дұрыстап жөнге келтірмесе қытай экономикасында, саясатында, саяси аренада беделін жоғалтуы мүмкін.
Қытай тіліндегі деректерге келер болсақ Гао Чао Пин, Лиу Жоң, Чэн Щиао Щиенің «Қытай Халық Республикасының батыс аудандарын игеру стратегиясын зерттеу» еңбегін айтуға болады. Монографияда ҚХР-ның жаңа ғасырдан бері жүргізе бастаған стратегиясының алғышарттары, жүргізілу барысы, кезеңі, мақсаттары мен міндеттері, стратегияны жүргізуден алынатын нәтиже, стратегия жүргізу барысында адам, экология мәселелеріне тоқталып терең талау жасалған еңбек болып табылады. Автордың айтуынша, қазіргі батыс ауданның халқының саны АҚШ-тың халық санымен тең келеді, онымен қатар батыс аудандардың халқының саны өзінің табиғи өсімінің және ішкі аудандардан көшіп келушілердің есебінен жыл сайын көбейе түсуде. Жыл сайын келетін адамдардың саны Жаңа Зеландияның халқының санына тең. Сондықтан адамдардың көп болуы аталмыш аудандардың экономикалық дамуында, ауылшаруашылығында, табиғи ресурстар мен экология мәселелерінде, адамдардың білім алуында және тұрмыс жағдайында айтарлықтай қиындықтар туғызуда. Сондықтан аталмыш аудандарда ұлтаралық байланыстарды жақсылап орнату қажет деп есептейді автор [16] .
Орталық Ұлттар университетінен шыққан «Қытай Халық Республикасының Ұлттық очерктері» атты монографиясында мемлекеттің жүргізіп отырған ұлттық саясатына талдау жасалып, онымен қатар аз санды ұлттарға қатысты біршама құнды деректер келтіріледі. Еңбекте ұлттық саясатқа байланысты материалдар социалистік тұрғыдан қарастырылып, саясаттың «ұлттың бірлігін» нығайтуда жеткен жетістіктері сипатталады. Дегенмен зерттеу жұмысымызда аз санды халықтар туралы біршама мәліметтер алуға септігін тигізді [17] .
Жалпы айтқанда, бұл зерттеулерді келтіре отырып әр еңбектің бұл диссертацияға өте бағалы үлес қосқанын айта кету керек. Әрбір зерттеулер диссертантты жаңа ойлар мен түйіндерге жетелей білді. Берілген еңбектер бұл мәселені тым жаһандық етіп көрсетеді, бұл айтылған мәселелерді жан-жақты қарауға мүмкіндік береді. Егер біз алғашында мұнай саласын тек бір ғана элемент ретінде қарастырғымыз келсе, жұмыс барысында шығыстанушы-зерттеушілердің еңбектерінің негізінде диссертация қайта өңделіп, ұштала түсті. Осы еңбектердің арқасында ғылыми еңбек едәуір өзекті болды, ол мұнайға тамырымен әсер ететін және әлемдік рыноктағы оның бағасына, сол сияқты оның сатушыдан тұтынушыға дейінгі барлық этаптар барысындағы жағдайына қатысты аспектілерді қарастырады.
Оған қоса, негізгі бағыт және назар осы еңбекте қолданылған бүкіл құжаттарды зерттеуге және анализ жасауға аударылды.
Зерттеудің деректік негізі - құжаттық дереккөздер кешені болып табылады. Құжат материалдарына талдау жүргізгенде, біз дереккөздердің толық жиынтығына, дәл және нақты фактілерге сүйене отырып, оларға сын көзбен қарау қажеттігін мақсат еттік. Диссертациялық зерттеу жұмысында ҚР Орталық Мемлекеттік мұрағатының, ҚХР Мемлекеттік кеңестің, ҚХР Қоғамдық Ғылымдар Академиясының, Мемлекеттік Статистика басқармасының ресми басылымдары мен материалдары, 1953, 1964, 1982, 1990 және 2000 жылдар аралығында өткен жалпықытайлық халық санағының және әр жыл сайын таңдап жүргізілетін санақ материалдары, БҰҰ-ның статистикалық және ұлттар мен ұлыстар туралы құжаттар қолданылды.
Дерек көздердің екінші тобына мерзімді баспасөз беттерінде, бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде, теледидарда және интернет желісінде жарық көрген материалдарды жатқызуға болады. Мұндай мерзімді қоғамдық-саяси басылымдарға «Халықаралық саясат», «Саясат», «Континент», «Азия и Африка сегодня», «Проблемы Дальнего Востока» және қытай тіліндегі «Демография және экономика», «Статистикалық зерттеулер», «Ұлттарды зерттеу», көптеген ЖОО-ның хабаршыларын т. б. айта кетуге болады.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Зерттеу жұмысының мақсаты Қытайдың Батыс ұлттық аудандарындағы этноұлттық жағдайды тарихи ретроспективада, халықдың түрлі тарихи және қазіргі кезеңде дамуынң себептері мен ерекшеліктерін талдау жасау арқылы жүйелі және кешенді зерттеу. Алға қойған мақсаттарға байланысты бітіру жұмысыда төмендегідей міндеттер шешіледі:
- Қытайда жарық көрген жаңа деректердің негізінде батыс аудандарда жүргізіліп жатқан «Батысты ауқымды игеру» стратегиясының мәні мен мағынасын ашып көрсету; Қытай Халық Республикасының ұлттық саясатына талдау жасап, оның аз санды ұлттарға деген әсерлерін анықтау;
- әлеуметтік-экономикалық контексте демографиялық жағдайдың дамуын бағалау;
- ХХ ғасырдың екінші жартысында халықтардың ұлтаралық байланыстрының құрылымы мен оның себептерін ашып көрсету;
- идеологиялық, әлеуметтік-экономикалық саяси механизмдердің ұлттық сана өзгерісіне әсерін анықтау;
- батыс аймақтағы халықтың этно сипаттамасын Шығыс аудандармен салыстырмалы зерттеу;
Зерттеу жұмысының хронологиялық шегі. Бітіру жұмыстың хронологиялық шегі Қытай Халық Республикасы құрылған кезден бастап ХХI ғасырдың алғашқы жылдарына дейінгі аралықты қамтиды. Алайда ұлтаралық байланыстардың мән-мағынасын, құбылыстардың алғышарттары мен себептерін ашу мақсатында белгіленген хронологиялық шеңберден тыс кезеңдер мен жылдар қамтылады.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Аталмыш жұмыс Қытайдың территориясында тұратын елуден астам ұлттың мәселесіне арналған. Біз бұл ауқымды жұмысты батыс өңірде тұратын ұлттарға арнап отырмыз. Жинақталған материалдардың негізінде қытайдағы ұлтаралық қақтығыстар мен шиеленіскен мәселерлерге ден қойдық. Бітіру жұмыстың жаңалығы төмендегідей болды:
- Зерттеу тақырыбымызға байланысты Қытай Халық Республикасының ШҰАА аймағындағы сепаратизм анықталып, жүйеленді және талданды;
- Зерттеу барысында Ұлттық саясатқа әсер ететін факторлар анықталды;
- Батыстың халық саны Қытайдың дамыған Шығыс теңіз жағалауы аудандарының халқымен салыстыра зерттеліп арадағы айырмашылықтар, олардың шығу себептеріне тарихи тұрғыдан талдау жасалды;
- Қытайдың ХХІ ғасырдағы жүргізіп отырған саясаты терең талданып оның азұлттар қауіпсіздігіне тигізетін мүмкін болар жақтары қарастырылып талданды;
- Қытай басшыларының жүргізген саясатына орай түрлі аймақтардағы азұлттарға арналған саясат бағыттары мен себептері анықталды.
Бітіру жұмысының құрылымы. Бітіру жұмыс оның тақырыбын ашудағы ішкі логика және ондағы қойылған міндеттердің сипатына негізделген. Жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған деректер тізімінен, қосымшалардан тұрады.
1. 1 Қытайдағы ұлтаралық қатынастарға түсінік
Қытайдағы ұлыстарды басқару әрекеттеріндегі тағы бір бағыт, бұл тіл мен жазу саясаты: барлық 55 ұлыстың ішінде тек хуэйліктер мен маньдықтардың ғана ана тілі жоқ. 80 тілден астамы бес түрлі тіл отбасыларына жатады. Ұлыстардан тілдерін әртүрлі пайдаланады. Олардың көбі ана тілдері мен қытай тілін әртүрлі деңгейде қарым-қатынас жасау құралы ретінде пайдаланады. Қытай тілін пайдалану ауқымы артып келе жатыр.
Қазіргі уақытта ұлыстардың ішінде 22 ұлттың өз жазуы бар. Олардың арасында бұрыннан бері қалыптасқан дәстүрлі жазу мен заманауи Қытай қалыптасқаннан кейін өзгертілген жазу түрлері де бар. Сонымен қатар партия мен жаңа Қытай ойлап тапқан жаңа әліпби түрлері де жоқ емес. Кейбір ұлыстар ертеде өз әліпбиі болған, бірақ жаңа Қытай құрылғаннан кейін өздерінің жаңа әліпбиін ойлап шығарды. Бұлай етудің әртүрлі себептері бар. Кейбір ұлыстар бұл әліпбиді пайдалануды қойған, ал енді біреулері сирек пайдаланады. Ондай әліпбилер ресми әліпби болып есептелмейді.
Тіл мен әліпби саласындағы мемлекеттің негізгі саясаты мынаған негізделеді: барлық ұлттар өздерінің тілі мен әліпбиін дамытып, еркін пайдалануға құқылы. Аудандық-ұлыстық автономиядағы басқарушы органдар жұмыс кезінде бір немесе бірнеше танымал тіл мен әліпбиді қолданады. Егер жұмыс барысында бір мезетте бірнеше тіл пайдаланылатын болса, онда сол автономиядағы ұлттық тіл деп есептелетін тілді пайдалануға болады. әрбір халықтың азаматтары заң саласында өздерінің ана тілдерін пайдалануға құқылы. Ұлыстар білім беру мен мәдениет саласындағы көмекті ана тілдерінде көрсетеді. Егер жағдайлар мүмкіндік берсе, яғни мектепте ұлыстар отбасынан шыққан балалар басым оқитын болса, ұлттық тілдегі кітапты пайдалануға болады. Тіпті мұғалімдер сабақты да ана тілдерінде өткізеді. Сонымен қатар, бастауыш сыныптарды қытай тілі жеке сабақ ретінде өтіледі. Үкіметтің бағдары мен әрекеттері барлық халықтарды бір-бірінің тілдерін, әліпбилерін құрметтеуге үйретуге бағытталған. Ұлыстық аудандарда қызмет ететін басқарушы қызметкерлер жергілікті халықтың тілін меңгереді. Ұлыстар өз тілдерін, қытай тілін және стандартты әліпбиді үйренеді. Қытай үкіметі мемлекеттік мекемеде жұмыс істеп, жергілікті халықтың екі тілін меңгеріп, қытай тілінің деңгейін көтеріп жүрген қызметкерлерге қолдау көрсетуге тырысады. Жоғарыда айтылған қағидалардың барлығы Конституцияда бекітілген. Ұлыс аудандар заңы мен басқа да заңдар мен ережелерде жазылған.
Ұлыстарға өз тілдері мен әліпбиін пайдаланып, оны ары қарай дамытуға мүмкіндік тудыру мақсатына мемлекет тиісті шаралар қолданды: 1) Конституцияда, ұлыстық аудандық автономия заңы, халық сотын тағайындау заңы, қылмыстық талаптар заңы, азаматтық талаптар заңы, ҚХӨЖ сайлау заңы, бюджетті білім алу заңы, мемлекеттік тіл мен әліпби заңы, ұлыстық аудандық автономиялардағы өзін-өзі басқару қағидаларында және тағы басқа да заңдарда ұлыстар өз тілдері мен әліпбилерін еркін пайдалана алады деп нақты айтылған. Кейбір аудандарда тіпті тіл мен әліпбиді пайдалану ережелері қабылданған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz