Басқару тәртібіне қарсы қылмыстардың топталуы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
Тарих,эканомика және құқық факультеті
Құқықтық пәндер кафедрасы

Курстық жұмыс

Тақырыбы:Басқару тәртібіне қарсы қылмыстарды ұқсас әкімшілік құқық бұзушылықтардан ажырату.

Орындаған:Абзалова Ж.А.
Юр-27 тобының студенті
Тексерген: Досжанып Қ.М. з.ғ.м

Орал, 2020 жыл
Жоспары

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3
Негізгі бөлім
1. Басқару тәртібіне қарсы қылмыстар.
1.1 Басқару тәртібіне қарсы қылмыстарың жалпы сипаттамасы ... ... ... .4
1.2 Басқару тәртібіне қарсы қылмыстардың топталуы ... ... ... ... ... ... ... ..5
2. Басқару тәртібіне қарсы қылмыстардың құрамы.
2.1 Мемлекеттік органдарды басқару әрекетіне байланысты өкімет өкілдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
2.2 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасының мызғамастығына қол сұғатын қылмыстар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... .13
2.3 Ресми құжаттар мен мемлекеттік наградалардың айналым тәртібіне қарсы қылмыстар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17
2.4 Әскери кызметке шақыру тәртібіне қарсы қылмыс ... ... ... ... ... ... .20
2.5 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріне қарсы қалмыстар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
2.6 Басқару тәртібін қамтамассың ететін жекелген ережелерге қол сұғатын қылмыстар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Басқару тәртібіне қарсы кылмыстар тақырыбын қарастырар алдынды ең алдымен керекті мәліметтермен қаруланып алуымыз керек теп есептеймін.
Қазіргі кезде елімізде қылмысқа қарсы күресті күшейтуге, азаматтар мен мемлекет мүддесін қорғауға, сот беделін көтеруге қатысты құқықтық форма қадамдары одан әрі жалғасуда. Бұрынғыдай емес қазір қылмыстардың түрі де өзгерген, галстук тағып, кабинетте отырып, компьютермен, ұялы байланысты пайдалану арқылы қылмыс жасайтындар саны өсті. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев үстіміздегі жылы 10 қыркүйекте құқық қорғау органдары өкілдерімен болған алқалы жиында қылмыспен күресті күшейтуге ерекше мән берді. Бас прокуратура тарапынан да жергілікті буындарға талап күшейді.
Осы басқару тәртібіне қарсы қылмыстар тақырыбын таңдаған мақсатым осы қылмыстарға байланысты мемлекеттік органдарды басқару әрекетіне байланысты өкімет өкілдері мен басқа адамдарға қарсы қылмыстар, Қазақстан Республикасының шекарасының мызғымастығына қол сұғатын қылмыстар, Ресми құжаттар мен мемлекеттік наградалардың айналым тәртібіне қарсы қылмастар, әскери қызметке шақыру тәртібіне қарсы қалмыстар, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріне қарсы қалмыстар, басқару тәртібін қомтамассыз ететін жепелеген ережелерге қол суғатын қылмыстардын мән-жайларын, түрлерін, топталуын және құрамын толығымен ашуға бағытталған. Сонымен қатар әкімшілік құқық бұзушылықтардан ажырату болып табылады.

1. БАСҚАРУ ТӘРТІБІНЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАР
1.1 Басқару тәртібіне қарсы қылмыстарың жалпы сипаттамасы
Басқару тәртібіне қарсы қылмыстық құқық бұзушылық деп мемлекеттік кәсіпорынның, мекеменің, ұйымның басқару саласындағы бірқалыпты, дұрыс қызметін бұзатын қылмыстық занда көрсетілген қоғамға қауіпті әрекетті немесе әрекетсіздікті істеуді айтамыз. Жаңа Қылмыстық кодексте осы тұрғыдағы қылмыстық күқық бүзушылықтардың қатарына жаңадан бірнеше баптар қосылды. Бұрынғы Қазақ ССР Қылмыстық кодексінде көрсетілген мына құрамдар: қоғамдык тәртіпті бұзатын топтаскан әрекеттерді ұйымдастыру немесе оған белсене қатысу; колік қызметкерін өзінің кызметтік міндеггерін орындап алуға мәжбүрлеу; шекаралық өңірге немесе шекаралык аймаққа бару және сонда мекендеу ережелерін бұзу; паспорт жүйесінің ережелерін бұзу; шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдардың КСРО-да болу жэне КСРО аумағы арқылы транзиттік сапармен өту ережелерін қасақана бұзу; әскери міндеттінің әскери есептен бұлтаруы; эскери міндеттінің оқу немесе тексеру жиындарынан бұлтаруы; азаматтык актісін тіркеу жөніндегі заңдарды бұзу қылмыс қатарынан шығарылады. Жаңа Кодексте мұндай қылмыс түрлері атымен жоқ. Бүрынғы Қазақ ССР Қылмыстық кодексінің 180-2-бабында көрсетілген экімшілік бақылау ереже- лерін касакана бұзу әрекеттері Жаңа Қылмыстық кодекстің 430-бабында көрсетілген сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін орындамау құрамымен қамтылатындықтан, ендігәрі жеке кұрам ретінде көрсетілмейді. Қылмыстық кодекстің 16-тарауындағы осы қылмыстық құқық бұзушылықтардың топтық объектісі басқару тәртібі болып табылады. Басқару тәртібі мемлекеттік ұйымдастыру, мекемелердің, кәсіпорындардың, шаруашылықжүргізуші субъектілердің басқару саласындағы дұрыс қызметін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастардың жиынтығы болып табылады. Басқару тәртібіне қарсы қылмыстық құкык бұзушылықтар мен мемлекеттік қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстардың топтық объектісі сырттай карағанда бір-біріне ұқсас сияқты болғанымен, бұл қылмыстық құкық бұзушылықтар топтың объектісі, субъектісі арқылы бір-бірінен ажыратылады. Басқару тәртібіне қарсы қылмыстық кұқық бұзушылықтардың топтық объектісі мемлекеттік немесе мемлекеттік емес органдардың тек қана басқару саласындағы дұрыс, бірқалыпты қызметі, ал мемлекеттік қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстардың топтық объектісі мемлекеттік аппараттың тұтастай дұрыс, әрі бірқалыпты қызметі болып табылады. Басқару тәртібіне карсы кылмыстык кұқық бұзушылықтардың субъектісі жай адамдар, лауазымды адамдар болуы мүмкін, ал мемлекеттік қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың субъектісі мемлекеттік аппараттың лауазымды адамы немесе мемлекеттік қызметшілер болады. Міне, осы көрсетілген белгілер арқылы көрсетілген қылмыстар тобы бір- бірінен окшауланып бөлінеді. Басқару тәртібіне қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың тікелей объектісі басқару саласындағы қоғамдық қатынастардың нақты түрлері болады. Қосымша тікелей объектіге - адамдардың өмірі, денсаулығы, ар-намысы, адамгершілігі, қауіпсіздігі жатуы мүмкін. Кейбір қылмыстық кұқык бұзушылық құрамдарында (372, 383-385, 392-баптар) қылмыстың заты және қылмыстың жәбірленушісі (375-382, 387-баптар) көрсетілген.

1.2 Басқару тәртібіне қарсы қылмыстардың топталуы.

Тiкелей объектiлерiне байланысты басқару тәртiбiне қарсы кылмыстар мына төмендегiдей түрлерге бөлiнедi:
Мемлекеттiк органдарды басқару әрекетiне байланысты өкiмет өкiлдерi мен басқа адамдарға қарсы қылмыстар: Қазақстан Республикасы Президентiнiң ар-ұжданы мен қадiр-қасиетiне қол сұғу және оның қызметiне кедергi жасау. Депутаттың ар-ұжданы мен қадiр-қасиетiне қол сұғу және кызметiне кедергi жасау. Өкiмет өкiлiн қорлау. Өкiмет өкiлiне қатысты күш қолдану. Жауапты мемлекеттiк лауазымды иеленушi лауазымды адамға қатысты қолданылатын қауiпсiздiк шаралары туралы мәлiметтердi жария ету.
Қазақстан Республикасы мемлекеттiк шекарасының мызғы-мастығына қол сұғатын қылмыстар: Қазақстан Республикасының күзетiлетiн мемлекеттiк шекарасынан әдейi заңсыз өту.
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасын құқыққа қарсы өзгерту.
Ресми құжаттар мен мемлекеттiк наградалардың айналым тәртiбiне қарсы кылмыстар: ресми құжаттарды және мемлекеттiк наградаларды сатып алу немесе өткiзу. Құжаттарды мөртаңбаларды, мөрлердi ұрлау немесе бүлдiру. Жалған құжаттарды, мөртаңбаларды, мөрлердi, мөрқағаздарды, мемлекеттiк наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу.
Әскери қызметке шақырылу тәртiбiне қарсы қылмыстар: әскери қызметтен жалтару.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерiне қарсы кылмыстар. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын, Мемлекеттiк елтаңбасын немесе Мемлекеттiк әнұранын қорлау. Мемлекеттiк туды заңсыз көтеру.
Басқару тәртiбiң қамтамасыз ететiн жекелеген ережелерге қол сұғатын қылмыстар: өзiнше билiк ету. Жауапты мемлекеттiк лауазымды атқаратын өкiмет өкiлiнiң немесе лауазым адамының атағын өз бетiнше иелену. Қызыл Жарты ай және Қызыл Крест эмблемалары мен белгiлерiн заңсыз пайдалану. Байланыс желiлерiн күзету ережелерiн бұзу. Жиналыстарды, митингiлердi, пикеттердi, көше шерулерiн және демонстрацияларды ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбiн бұзу. Төтенше жағдайлар кезiнде тыйым салынған ереуiлге басшылық жасау, кәсiпорынның, ұйымның жұмысына кедергi келтiру. Қоғамдық бiрлестiк мүшелерiнiң мемлекеттік органдардың қызметiне заңсыз араласуы. Заңсыз қоғамдық бiрлестiктер құру немесе олардың қызметiне қатысу. Шет мемлекеттердiң саяси партиялары мен кәсiптiк одақтарьң жәрдем көрсету.

2. Басқару тәртібіне қарсы қылмыстардың құрамы.
2.1 Мемлекеттік органдарды басқару әрекетіне байланысты өкімет өкілдері
373- бап. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентін - Елбасын көпшілік алдында қорлау және оның абыройы мен қадір-қасиетіне өзге де қол сұғу, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының бейнесін бүлдіру, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің- Елбасының заңды қызметіне кедергі жасау.
Қылмыстың объектісі - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің - Елбасының қадір-қасиетін, абыройы, адамгершілік қасиеттері. Қылмыстың жәбірленушісі - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы.
Қылмыс объективтік жағынан -- Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентін - Елбасын көпшілік алдында қорлау немесе оның абыройы мен қадір-қасиетіне өзге де қол сұғу, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының бейнесін бүлдіру арқылы жүзеге асырылады.
Объективтік жағынан қылмыс - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасын көпшілік алдында қорлау, абыройы мен қадір-қасиетіне қол сұғатын іс-әрекеттер жасау арқылы көрініс табады. Сондай-ақ Тұңғыш Президенттің - Елбасының бейнесін бүлдіруде іс-әрекеттің обективтік жағынан бір көрінісі болып табылады. Бүлдіруге ескерткіштерді қирату, Елбасының фотобейнесі көрсетілген заттарды, мүсіндерді жою, кирату сияқты іс-әрекеттері жатады.
Бұқаралық ақпарат құралдарын немесе ақпараттық-коммуникациялық желілерді пай- далана отырып жасалған дәл сол іс-әрекеттер қылмыстың ауырлататын түрі болып табылады (ҚК-тің 373- бабы 2-тармағы).
Ал Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының заңды кызметіне кедергі жасау мақсатында оған немесе онымен бірге тұратын отбасы мүшелеріне қандай да болсын түрде ықпал ету - қылмыс құрамының аса ауырлататын түріне жатады (ҚК-тің 373-бабы 3-тармағы) Занда Қазакстан Республикасы Президентінің- Елбасының занды қызметі арнайы көрсетілген, осындай қызметке қандай да бір нысанда кедергі жа- сау, осыған орай оған немесе бірге тұратын отбасы мүшелеріне әртүрлі тәсілмен ықпал етуге іс-әрекеттер жасау - қылмыстың аяқталған сәтін білдіреді.
Қылмыс субъективтік жағынан қасақаналықпен, әртүрлі ниеттермен істеледі. Қылмыс субъектісі - 16-ға толған, есі дұрыс адам.
374 - бап. Қазақстан Республикасының Тұңгыш Президентіне - Елбасына тиіспеушілік кепілдігін бұзу
Қылмыстық объектісі - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің - Елбасының оның отбасы мүшелерінің қауіпсіздігін, оларға тиіспеушілік кепілдігін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар.
Қылмыстың жәбірленушісі - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы, онымен бірге тұратын отбасы мүшелері.
Қылмыс объективтік жағынан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне - Елбасына және онымен бірге тұратын отбасы мүшелеріне тиіспеушілік кепілдігін, оның ішінде мүлкіне, тұрғын және кызметтік үй-жайларына, жеке және қызметтік көлік кұралдарына, хат-хабарларына, олар пайдаланатын байланыс құралдарына тиіспеушілік кепілдігін, банктік шоттарының банктік кұпиялыгы мен тиіспеушілігі, сондай-ак оларға гиесілі кұжаттарга тиіспеушілік кепілдігін кандай да болсын түрде бұзу іс-әрекеттері аркылы жүзеге асырылады. Қылмыс заңда көрсетілген осы іс-әрекеттердің біреуін істеген сәітен аяқталды деп табылады.
Қылмыс кұрамы формальдық. Қылмыс субъективтік жағынан қасақаналықпен істеледі. Қылмыс субъектісі - 16-ға толған, есі дұрыс адам.
375- бап. Қазаңстан Республикасы Президентінің абыройы мен қадір-қасиетіне қол сұғу және оның қызметіне кедергі жасау
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Қазақстан Республикасының Президенті - мемлекеттің басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртұы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғары лауазымды тұлға. Республиканың Президенті - халық пен мемлекеттің билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының, адам мен азамат құқықтары мен бостандыктарының нысаны әрі кепілі (40-баптың I, 2-тармақтары).
Қазакстан Республикасының Президентіне, оның абыройы мен қадір-қасиетіне ешкімнің тиісуіне болмайды (46-бап, 1-тармағы). Республика Президенті мен оның отбасын камтамасыз ету, оларға кызмет көрсету және қорғау мемлекет есебінен жүзеге асырылады (46-баптың 2-тармағы). Қазақстан Республикасының Конституциясының жоғарыда көрсетілген нормаларына сәйкес Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексінде Республика Президентінің ар-ұжданы мен қадір-қасиетіне қол сұғу және оның қызметіне кедергі жасаушылық үшін жауаптылықты көздейтін арнаулы бап көрсетілген.
Қылмыстық құқық бұзушылықтың тікелей объектісі - Қазақстан Республикасы Президентінің басқару кызметіне байланысты ар-ұжданы мен қадір-қасиетін қорғау жөніндегі қатынастар.
Қылмыстық құкық бұзушылықтың жәбірленушісі - Республика Президенті, оның жақын туыстары.
Қылмыстық құқық бұзушылықтың объективтік жағы Қазакстан Республикасы Президентін жария түрде қорлау немесе оның абыройы мен кадір-қасиетіне қол сұғу арқылы сипатталады.
Республика Президентін жария түрде қорлау деп басқа біреудің немесе көпшіліктің көзінше ел Президентін әдепсіз сөздермен, шектен шыққан арсыздығымен көзге түсетін дене қимылдарын жасау арқылы қоғамдық мінез-кұлыктарға кайшы келетін басқа да әрекеттер жасау арқылы, ауызша немесе жазбаша түрде тіл тигізулер болып табылады.
Президенттің абыройы мен қадір-қасиетіне кол сүғу деп ол туралы шындыққа сай келмейтін жалған сөздер тарату, плакаттар салу, адамгершілігін, қадір-касиетін көрінеу аяққа басатын, оны жұртшылық алдында масқаралайтын, беделін түсіретін жалған лақаптар айту, тарату сияқты әрекеттерді айтамыз.
Қылмыстық құқық бұзушылық құрылысы жөнінен формальдық қүрамға жатады және ол Президентті жария түрде қорлау немесе оның ар-ұжданы мен кадір-касиетіне кол сұғатын әрекет жасаған уакыттан бастап аяқталған деп танылады. Қылмыстық құқық бұзушылық субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен және әр түрлі ниетпен жасалады.
Қылмыстық ниет іс-әрекетті саралауға әсер етпейді, бірақ жаза тағайындағанда еске алынады. Қылмыстық құқык бұзушылықтың субъектісі - 16-ға толған адам.
Осы қылмыстық құкық бұзушылықтың ауырлататын түрі - бұқаралық ақпарат кұралдарын немесе ақпараттық коммуникациялық желілерді пайдалана отырып жасалған нақ сол әрекет үшін жауаптылық Қылмыстық кодекстің 375-бабының 2-тармағында көрсетілген. Бүқаралық ақпарат кұралдарына - газет, журнал, радио, телехабар және басқа да көпшілікке арналған осындай құралдар жатады. Қылмыстық кодекстің 375-бабының 3-тармағында Қазақстан Республикасы Президентінің өз міндеттерін атқаруына кедергі жасау мақсатында оған немесе оның жакын туыстарына қандай да болсын нысанда ықпал еткені үшін жауаптылық көзделген. Бұл жерде кылмыстың істелу мақсаты - Республика Президентінің өз міндеттерін атқаруына кедергі жасау. Жақын туыстарға (Президенттің аға-іні, карындас, нағашы, күйеу баласы, қүда, жұбайының осындай жақын туыстары) жатады. Президенттің өзіне немесе жақын туыстарына ықпал ету туыстық, таныстықты пайдалану арқылы, жалған хабар жеткізу немесе сенімге қиянат жасау нысандарында жүзеге асырылуы мүмкін. Қылмыстық кодекстің 375-бабының ескертуіне сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің жүргізіп отырған саясаты туралы сын тұрғысында айтылған жария сөздер осы бап бойынша қылмыстық жауапқа тартуға әкеліп соқпайды.
376 - бап. Қазақстан Республикасы Парламенті депутатының абыройы мен қадір- қасиетіне қол суғу және оның қызметіне кедергі жасау
Қылмыстық қүкык бұзушылыктын тікелей объектісі - Қазақстан Республикасы Парламенгінің мемлекеттік заң шығару қызметіне байланысты ар-ұжданы мен кадір- қасиетін қорғау жөніндегі қогамдык қагынастар.
Қылмыстың жәбірленушісі Республика Парламентінің депутаты.
Қылмыстык қүқық бүзушылықтың объективтік жағы, субъектісі жэне субъективтік жағы, ауырлататын және аса ауырлататын түрлері бойынша Қылмыстық кодекстің 375- бабындағы көрсетілген қүрамдағы белгілермен ұқсас. Айырмашылық - қылмыстың жәбірленушісінде ғана. 375-бапта кылмыстан жәбірленуші Республика Президенті, ал 376- бапта Республика Парламентінің депутаттары. Депутаттың ар-ұжданы мен қадір- қасиетіне қол сұғу, қорлау оның депутаттың міндеттерін атқару кезінде немесе оны аткаруға байланысты жүзеге асырылады. Мүндай болмаған ретте іс-әрекет жеке адамға карсы қылмыс ретінде саралануы мүмкін. Бүқаралық ақпарат құралдарын немесе ақпараттық-коммуникациялық желілерді пайдалана отырып жасалған дәл сол іс-әрекет осы қылмыс құрамының ауырлататын (376-бап 2-тармагы) ал Қазақстан Республикасы Парламенті депутатының өз міндеттерін атқаруына кедергі жасау мақсатында оған немесе оның жақын туыстарына қандай да болсын түрде ықпал ету - әрекеттері кылмыс құрамының аса ауырлататын (ҚК-тің 376-бабы 3-тармагы) түрі болып табылады. Қылмыстық кодекстің 376-бабының ескертуіне сәйкес Парламент депутатының депутаттық кызметі туралы сын түргысында айтылган жария сөздер осы бап бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жауаптылыкқа әкеп соқпайды.
377- бап. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің қызметіне кедергі жасау
Қылмыстың объектісі - Қазакстан Республикасының конституциясында көрсетілген Қазақстан Республикасы Конституциялык Кеңесінің кызметін реттейтін қоғамдық қатынастар. Конституциялық Кеңес өз өкілеттігін жүзеге асыру кезінде дербес және мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, лауазымды адамдар мен азаматтардан тәуелсіз, тек Конституцияга бағынады.
Осыған орай, Қазакстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің қызметіне оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына кедергі жасау максатында қандай да бол- масын түрде араласу - қылмыс болып табылады. Жаңа Қылмыстық кодексте бұл бап тұңғыш рет көрсетіліп отыр. Қылмыс объективтік жағынан белсенді іс-әрекет аркылы - Конституциялық Кеңестің кызметіне, оның өз өкілеттіктерін жүзеге асырыуын кедергі жасау мақсатында кез келген түрде араласу арқылы көрініс табады. Яғни, қылмыс субъективтік жағынан қасақаналықпен, әртүрлі пайдакүнемдік ниетпен істеледі.
Қылмыс субъектісі - Конституциялық Кеңестің қызметіне заңсыз кедергі жасаған 16- ға толған, кез келген есі дұрыс адам. Ал адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаған дәл сол іс-әрекет - осы қылмыс кұрамының ауырлататын түріне жатады. Қылмыс субъектісі - кызмет бабын пайдалана отырып іс- әрекет жасаған тұлға.
378- бап. Билік өкілін қорлау
Қызмет бабындагы міндеттерін атқарып жүрген кезінде немесе оны атқаруына байланысты жария қорлау туралы қылмыстық жауаптылық 378-бапта көрсетілген.
Қылмыстық кұқық бұзушылықтың тікелей объектісі қызметтік міндеттерін атқарып жүрген немесе атқаруына байланысты өкімет өкілінің заңды қызметі болып табылады.
Қосымша тікелей объект - олардың беделі мен абыройы. Қылмыстық кұқық бұзушылық объективтік жағынан кылмыс бабындағы міндеттерін атқарып жүрген немесе оны атқаруына байланысты өкімет өкілін қорлау әрекеті арқылы жүзеге асырылады. Билік өкілінің беделін, абыройын, адамгершілігін көпшілік алдында аяққа басатын, оларды масқаралайтын әрекеттерді қорлау дейміз. Оларға өкімет өкілі туралы ауызша немесе жазбаша, көзінше немесе сыртынан, болмаса баспасөз құралдарын пайдаланып, оларды масқаралайтын, даттайтын, абыройын аяққа басатын әрекеттер жатады. Қорлауға, сондай-ақ өкімет өкілінің беделін түсіру мақсатымен жұрт көзінше оны тілдеу, бетіне түкіру, басқа да жөнсіз қимылдар арқылы оның беделін түсіру жатады. Осы бапта айтылған өкімет өкілін корлау олардың қызметтік міндетін атқару кезінде не атқаруына байланысты болуы керек. Яғни, бұл жерде осы қылмыстың жасалу себебі өкімет өкілінің өз кызметін жүзеге асыруына, атқаруына тікелей байланысты. Қылмыстық кұқық бұзушылықтың объективтік жағының тағы бір белгісі өкімет өкілін қорлау жария түрде - көпшілік алдында болуы қажет. Көпшілік алдындағы қорлау деп өкімет өкілін қорлауды бөтен адамның көріп, естіп тұруы немесе бір топ адамның осы әрекетке куә болуы. Бұл жерде басқа бір адамның көзінше корлау көпшілік алдындағы қорлау деп саналады. Жазбаша қорлау деп баспасөз құралы арқылы көпшілікке мәлім болған жағдайларды айтамыз. Қылмыстық құқық бұзушылық субъективтік жағынан текқана тікелей қасақаналыкпен жүзеге асырылады. Кінәлі адам өкімет өкілін оның қызмет бабындағы міндеттерін орындауына байланысты көпшілік алдында жария түрде қорлағанын сезеді және соған саналы түрде жол береді және аталған адамдардың абыройын, беделін түсіруді тілейді.
Қылмыстық кұкык бұзушылык субъектісі - 16-ға толған, есі дұрыс, кез келген азамат болады. Жария түрде немесе бұкаралық ақпарат құралдарын немесе акпараттық-коммуникациялык желілерді пайдалана отырып жасалған дәл сол іс-әрекет (ҚК-тің 378-бабы 2-тармағы) осы қылмыс кұрамының ауырлататын түрі болып табылады. Қылмыстык кодекстің осы бабында және баска да баптарында өкіметтің өкілдері деп, оған қызмет жағынан тэуелсіз адамдарга қарсы катысты заңмен белгіленген тәртіпте өкім ету өкілеттігі берілген мемлекеттік органның лауазымды тұлгасы танылады.
Қылмыстық Кодекстің 378-бабының ескеруіне сәйкес: Билік өкілінің кызметтік жұмысы туралы сын тұрғысында айтылған жария сөздер осы бап бойынша қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқпайды.
379- бап. Билік өкіліне бағынбау
Қылмыстың объектісі, субъективтің жағы және субъектісі ҚК-тің 378-бабындағы түсіндірмеге сәйкес.
Бұл тұрғыдағы кылмыс объективтік жағынан - билік өкілінің заңды талабына нсмесе өкіміне бағынбау іс-әрекеттері арқылы көрініс табады. Биліктің заңды талабына, өкіміне бағыну - әрбір азаматтың міндеті. Егер бұл талап, өкім заңға қайшы болса, оны орындамау, онда өкімге бағынбау қылмыс құрамына жатпайды.
Субъективтік жағынан іс-әрекет заңды талапқа, өкімге біле тұра бағынбау арқылы көрініс табады.
Қылмыс субъектісі - 16-ғатолған, есі дұрыс адам. Осы құрамның ауырлататын түрі - төтенше жағдай жариялаган жерлерде жасалған осындай іс- әрекеттер арқылы (ҚК-тің 379-бабы 2-тармағы) көрініс табады. Қылмыс жасалу орны - төтенше жағдайлар жарияланған жерлер.
380- бап. Билік өкіліне қатысты күш қолдану
Қылмыстық құқық бүзушылықтың тікелей объектісі - өкімет өкілдерінің дұрыс басқару кызметі, ал қосымша тікелей объектісі олардың өзінің және жакын туыстарының өмірі мен денсаулығы. Бұлар қылмыстың жәбірленушісі болып табылады.
Өкімет өкілінің түсінігі Қылмыстық кодекстің 378-бабында айтылған. Қылмыстық құқық бұзушылық объективтік жағынан мына эрекеттерді істеу арқылы көрініс табады:
а) билік өкілінің өзіне немесе оның жақын туыстарына катысты өмірі мен денсаулығы үшін қауіпсіз күш қолдану (380-баптың 1-тармағы);
б) осы көрсетілген адамдарды күш қолданбақ болып қорқыту (380-баптың 1 -тармағы);
в) аталған адамдарга қатысты өмірі мен денсаулыгына қауіпті күш қолдану.
Билік өкілінің өз қызметтік міндеттерін орындауына байланысты оның өзінің немесе жақындарының өмірі мен денсаулығына қауіпсіз күш қолдануга жәбірленушінің киімін жырту, оларды сабау, денесіне жеңіл жаракат келтіру, бостандығын шектеу, өміріне немесе денсаулығына қауіп келтірмейтін жағдайда жәбірленушінің ағзасына есеңгірететін нәрселер егу сияқты әрекеттер жатады. Осы көрсетілген адамдарға күш қолданбақ болып қорқытуға жеңіл, орта дене жарақатын келтіремін, камап қоямын, сабаймын, үй-жайыңды өртеймін деген жалпылама анықталмаған сипаттағы, бірақ жәбірленушінің пайымдауынша кінәлі адам оларды жүзеге асырады-ау деген негізі бар қорқытулар жатады. Осы баптың бірінші бөлігінде аталған адамдарға қатысты олардың өміріне немесе денсаулығына қауіпті күш қолдану - (ҚК-тің 380-бабы 2-тармағы) осы кылмыс кұрамының ауырлататын түрі болып табылады. Аталған адамдарға қатысты өмірі мен денсаулығына қауіпті күш қолдануға - жәбірленушіге ауыр дене жарақатын келтіру, өлім халіне жеткізіп ұрып-соғу, азаптау, жұкпалы ауруды адам ағзасына егу т.б. әрекеттер жатады. Бұл әрекеттен кісі өлімі болған жағдайда кінәлінің әрекеті Қылмыстық Кодекстің 380 және 99-баптарымен қылмыстың жиынтығы бойынша сараланады. Қылмыс кұрылысы жағынан формальдық-материалдық кұрамға жатады Жәбірленушілерге күш қолданбақ болып қоркыту - формальдық құрамға, ал басқа әрекеттер материалдық құрамға жатады.
Субъективтік жағынан қылмыстық құкық бұзушылық тікелей қасақаналыкпен істеледі. Қылмыстық кұқык бұзушылықтың субъектісі - 16-ға толған адам.
381- бап. Прокурордың қызметіне кедергі жасау және оның заңды талаптарын орындамау
Прокуратура органдарының қызметі Қазақстан Республикасы Конституциясында және Қазакстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазакстан Ресиубликасында прокурорлык қадағалау туралы заңдық күші бар жарлығымен белгіленіен.
Қылмыстык құкық бұзушылыктың тікелей объектісі - прокуратура органдары туралы заңымен белгіленген кызметіне байланысты когамдык катынастар.
Қылмыстык күкык бүзушылық объективтік жагынан прокурорлык қадағалау актілерін орындамау, сол сиякты оның қызметіне кедергі жасау аркылы жүзеге асырылады. Прокурорлық қадағалау актілеріне осы органның наразылық каулысы немесе басқадай ұсыныстары жатады. Объективтік жағынан қылмыс осы қадағалау актілерін орындауға байланысты болады. Прокуратура органдарының қызметіне кедергі жасауға осы мекеменің заңды кұкықтарын жүзеге асыруға ашық түрде қарсылық білдіруі жатады. Мысалы, қажетті кұжаттарды көрсетуден, беруден бас тарту, қылмысты істі оқып танысуға бермеу, деркезінде тексерілуге жататын іс-қағаздарын көрсетпеу және т.б. қылмыстык кұкық бұзушылык құрамы материалдық.
Қылмыстың объективтік жағының тағы бір белгісі - қылмыстың зардабы: прокурорлык қадагалау актілерін орындамау немесе оның қызметіне кедергі жасау азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян келтіруге әкеліп соғуы болып табылады. Елеулі зиян накты жағдайларға байланысты аныкталады.
Қылмыстык кұкық бұзушылык субъективтік жагынан тікелей немесе жанама касақаналықпен жүзеге асырылады. Кінәлі адам прокурордың заңды қызметіне кедергі жасағанын немесе оның заңды талаптарын орындамағанын ұғады, сезеді, солай бола тұрса да заң талаптарын орындамайды. Қылмыстык ниет әр түрлі болуы мүмкін, ол кылмысты саралауға әсер етпейді. Қылмыстық кұкық бұзушылықтың субъектісі - жасы 16-ға толган кез келген есі дұрыс адам.
382- бап. Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын лауазымды адамға қатысты қолданылатын қауіпсіздік шаралары туралы мәліметтерді жария ету
Жаңа Қылмыстық кодексте жауапты мемлекеттік лауазымды иеленуші лауазым- ды адамга, сондай-ак оның туыстарына катысты қолданылатын қауіпсіздік шаралары туралы мәліметтерді, осы мәліметтер сеніп тапсырылган немесе оның кызметтік іс- әрекетіне байланысты белгілі болған адамның жария етуі қылмыс деп танылып, сол үшін жауаптылық көзделген (382-баптың І-тармагы).
Бұл норма бланкеттік, өйткені көрсетілген кылмыстың объективтік жэне субъективтік белгілері жауапты мемлекеттік лауазымды иеленуші адамдарды мемлекеттік қорғау туралы заңда арнайы көрсетілген.
Қылмыстык кұкык бұзушылыктың негізгі тікелей объектісі - жауапты мемлекеттік лауазымды адамдардын біркалыпты, дұрыс кызметі, ал косымша тікелей объектісі -- көрсетілген осы адамдардын немесе олардың туыстарының кауіпсіздігі болып табылады. Осы адамдар қылмыстық кұқық бұзушылыктың жәбірленушілері болып табылады. Жауапты мемлекеттік лауазымды адамдардың түсінігі Қылмыстық кодекстің 3-бабының 16-тармағында берілген. Жакын туыстары - ата-аналары, балалары, атасы, әжесі, немерелері, інілері, қарындастары, жиені, асырап алған балалары, асырап алған ата-аналары, келіні, құдасы, жақын досы және т.б. жатады.
Қылмыстық құқық бұзушылық объективтік жагынан алғанда жоғарыда аталган жәбірленушілерге тікелей байланысты қауіпсіздік шаралары туралы мәліметтерді кез келген тәсілмен (ауызша, жазбаша, теледидар арқылы) жария ету жолымен әрекет немесе әрекетсіздік арқылы жүзеге асырылады. Занда айтылған қауіпсіздік шараларына жауапты лауазымды адамның, оның жакын туыстарының жеке күзеті, тұргын үй, мүлік, үй-жабдықтарын күзету, өртке қарсы, күзет ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Басқару тәртібіне қарсы қылмыстар
Басқару тәртібіне қарсы қылмыстардың құрамы
Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың түрлері
Қылмыстық құқық Ерекше бөлімінің жалпы ұғымы
Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстарға жалпы сипаттама беру
ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАР ҮШІН ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚ
МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫ БАСҚАРУ ӘРЕКЕТІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ӨКІМЕТ ӨКІЛДЕРІМЕН БАСҚА АДАМДАРҒА ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАР
Әскери қызметшілерінің қылмыстарды жасағаны үшін жауапкершілік
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ЕРЕКШЕ БӨЛІМІНІҢ ТҮСІНІГІ
Өкімет өкілін қорлау
Пәндер