Ұлттық банктің басқару құрылымы және нормативтік құқықтық қызметі


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ БАНКІ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ АҚПАРАТ
1. 1 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банктің құрылу тарихы, құрамы, міндеті мен мақсаты
2. Ұлттық банктің басқару құрылымы және нормативтік құқықтық қызметі
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ ҚЫЗМЕТІ, ФУНКЦИЯЛАРЫ МЕН ОПЕРАЦИЯЛАРЫ
2. 1 Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің негізгі функциялары мен операциялары
2. 2 Қазақстан Республикасының мемлекеттік ақша-кредит саясатын әзірлеу және жүргізу
2. 3 Ұлттық банктің қаржы нарығын реттеу жөніндегі операциялары
2. 4 ҚР Ұлттық банкінің екінші деңгейлі банктердің қызметін қадағалау
3. ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ ҚЫЗМЕТІ БОЙЫНША ПРОБЛЕМАЛАР МЕН ІС-ШАРАЛАРЫ
3. 1 Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі қызметінің жұмыс істеу проблемалары
3. 2 Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қазіргі заманғы жағдайларда жетілдіру жөніндегі іс-шаралар
ПАЙДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Ұлттық банк пен Үкімет жұмысының басты бағыты», - деп Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына «Қазақстан - 2050» Жолдауында айтып өткендей, елiмiз өз егемендiгiн алғаннан берi нарықтық қатынастар күннен - күнге дамып келедi. Бiрақ экономикада қанша нарықтық қатынастар орнағанымен, оның өзiн-өзi басқаруы мүмкiн емес. Оған белгiлi бiр дәрежеде мемлекет өзiнiң саясаттары арқылы әсер етiп отыруы керек. Мұндай саясаттарға мемлекеттiң ақша-несие саясаты және қаржы (бюджеттiк) саясаты жатады. Экономиканы ақшалай - несиелі реттеуді қаржы саласының басты секторы банк жүйесі іске асырады. Банк жүйесі қазіргі заманғы экономикада екі деңгейлі болып келеді, яғни мемлекеттің эмиссия саясатын іске асырушы орталық банк (біздің елде Ұлттық банк) және екінші деңгейлі банктер. Орталық банк ұлттық валютаны айналымға шығарады, мемлекеттің алтын резервін басқарады, коммерциялық банктердің арасындағы шот айырушы ретінде қызмет атқарады, оларға міндетті резервтер талаптарын белгілейді. Орталық банк ақша-несие саясаты құралдары арқылы ақша-несие саясатының мақсаттарын жүзеге асырады. Банк жүйесі-нарықтық экономиканың маңызды және ажырамас құрылымдарының бірі. Банктер халық шаруашылығының басқару деңгейінде жұмыс істеуіне тікелей және күнделікті байланысты. Олар арқылы ұдайы өндіріс процесіне қатысушылардың экономикалық мүдделері қанағаттандырылады. Бұл ретте банктер қаржы делдалдары ретінде шаруашылық органдардың капиталдарын, халықтың жинақтарын және шаруашылық қызмет процесінде босайтын басқа да бос ақша қаражатын тартады және оларды қарыз алушыларға уақытша пайдалануға береді, ақша есептерін жүргізеді және экономика үшін басқа да көптеген қызметтер көрсетеді, сол арқылы өндірістің тиімділігіне және қоғамдық өнімнің айналымына тікелей әсер етеді. Шетелде банктік қызметтің тәжірибесі Қазақстанда және ТМД-ның басқа елдерінде қалыптасып отырған жаңа шаруашылық жүйелердің үшін үлкен қызығушылықты көрсетеді. Жоғары монополиялы әкімшілдік-басқарушылық мемлекеттік банктік құрылымнан коммерциялық сәттілікке, пайда алуға бағытталған несиелік бөлімшелердің жүйесі жеке ұжымдық меншікке негізделген қарқынды, икемді құрылымына өту жүргізіліп жатыр. Капиталдық нарықта тиімді жұмыс істейтін механизмін, коммерциялық құрылымда қызмет көрсетудің жаңа түрлерін, несиелік жүйенің институционалдық құрылымының оптималды формаларын іздестіру жүргізіліп жатыр. Тұрақты, икемді және тиімді банктік инфрақұрылымды құру - Қазақстанда экономикалық реформалаудың маңызды тапсырмасының бірі. Қазақстан Ұлттық банкі мемлекеттің ақша-несие саясатын анықтайтын және жүзеге асыратын орган болып табылады. Қазіргі таңда нарықтық экономикада банктік жүйенің рөлі ерекше.
Қазақстан Республикасының стратегиялық мақсаттарға жетуі үшін, оның бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату дүниежүзлік қауымдастықта оның саяси және әлеуметтік рөлін нығайтудың негізгі шарты ретінде үздіксіз экономикалық өсуді қамтамасыз ету болып табылады. Қазақстандық банктердің заманауи талаптарына беделді жауап бере алуы үшін басқарудың жетілген әрі тиімді жүйесі қажет. Көптеген батыс және Қазақстандық банктер жиылған ұжымы бар, қызметкерлері бар, қызметкерлері өз қызметіне беріліп атқаратын, иерархиялық кедергілер жойылған фирмалар табысты екеніне көз жеткізеді, өйткені осы жәйттерден фирманың материалды ауқаттылығы тікелей тәуелді. Қазіргі таңдағы басқарушы сыртқы орта жай-жапсарын, орын алып отырған ахуалды, банкпен еніп отырған жүйесінің қоғамдық құрылымын, жалпы мәдениеттің элементтердің белгілі бір мөлшерде игеруі, қарамағындағыларға үйренуі қажет. Заманауи басқару әдістерін меңгерген басқарушы банк мүмкіндіктерін бейімдеу мен басқару жүйесін жетілдіруге әрдайым алаңдауы қажет. Басқарудың заманауи тұжырымдамасы әлеуметтік-экономикалық жүйе ретінде компанияның іс-әрекеті негізінде нақты адамды белгілейді және қызметкерді банктің ұйымдық-экономикалық механизмінің шешуші элементі ретінде қарастырады. Қазақстан Республикасының банк жүйесінің даму мәселелерін қарастыру себебі, бұл халқымыздың өсіп өркендеуіне, экономикасының дамуына тигізетін пайдасы зор.
Курстық жұмыстың тақырыбы «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі, оның функциялары мен операциялары» - Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Қазақстан Республикасының Орталық банкі және республикамыздағы банк жүйесінің жоғарғы деңгейі болып табылады.
Курстық жұмыстың басты мақсаты: ұлттық валютаның тұрақтылығын, яғни оның төлем қабілеттілігі мен басқа шетел валюталарына қатысты тұрақтылығын, бір сөзбен айтқанда, экономикалық жағымсыз құбылыс болып табылатын инфляцияға қарсы саясатты қамтамасыз етуді көздейді.
Курстық жұмыстың объектісі ретінде -«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, оның функциялары мен операциялары» алынған болатын. Өз кезегінде Ұлттық Банк - Қазақстан Республикасының орталық банкі болып табылады және Қазақстан Республикасы банк жүйесінің жоғарғы (бірінші) деңгейін білдіреді.
Бұл жұмысты орындау барысында алға қойған негізгі мақсаттар мен міндеттер келесідей:
- Ұлттық банктің даму тарихы мен құрамы жайлы ақпарттар;
- Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің негізгі фукциялар мен операцияларын талдау;
- Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің ақша - кредит саясатын талдау;
- Ұлттық банктің қаржы нарығын реттеу жөніндегі операцияларын талдау;
- Еліміздің Ұлттық банкінің негізгі банк ретіндегі атқаратын қызметтері мен басқару тиімділігін талдау
- Ұлттық банктің екінші деңгейлі банк секторының қызметін қадағалауын талдау;
Курстық жұмыстың құрылымы- кіріспеден, негізгі бөлімнен қорытындыдан, пайданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ БАНКІ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ АҚПАРАТ
1. 1 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банктің құрылу тарихы, құрамы, міндеті мен мақсаты
Қазақстан Ұлттық Банкі заңды тұлға болып табылады, дербес балансы бар, толық шаруашылық есеп қағидаттарында әрекет етеді және оған ведомстволық бағынышты бөлімшелермен бірлесіп, бағынудың тік схемасы бар бірыңғай орталықтандырылған құрылымды білдіреді.
Қазақстан Ұлттық Банкі өз қызметін Қазақстан Республикасының Үкіметімен үйлестіреді және онымен тұрақты консультациялар өткізеді. Ол сондай-ақ өз қызметінде Үкіметтің экономикалық саясатын ескереді және, егер бұл оның негізгі функцияларын орындауға және ақша-кредит және валюта саясатын жүзеге асыруға қайшы келмесе, оны іске асыруға жәрдемдеседі. Үкімет Қазақстан Ұлттық Банкінің міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Өкілді және атқарушы билік органдарының Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның құрылымдық бөлімшелерінің заңмен бекітілген өкілеттіктерін іске асыру жөніндегі қызметіне араласуға құқығы жоқ. Банктер нарықтық экономикадағы басты қаржы делдалдары болып табылады. Өз қызметі барысында олар ақша нарығындағы тауарға айналатын жаңа талаптар мен міндеттемелерді жасайды. Осылайша, клиенттердің салымдарын қабылдай отырып, Банк жаңа міндеттеме - депозит, ал несие бере отырып - қарыз алушыға жаңа талаптар жасайды. 1989 жылы КСРО реформасының қарсаңында КСРО Мемлекеттік банкінен, КСРО құрылыс банкінен және КСРО Сыртқы сауда Банкінен тұратын банктердің орталықтандырылған жүйесі болды. Бұл үш монополист банк, қуатты конгломераттар болды. КСРО Мемлекеттік банкі елдің бас Банкі, несие жүйесінің әдіснамалық басқару орталығы болды. Ол есеп айырысуды, пайыздық саясат принциптерін, несиелік жоспарлауды, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді несие беру шарттарын бақылады. Мемлекеттік Банкке эмиссиялық функцияларды, несиелік және есептік қызмет көрсету жөніндегі мәселелерді бекіту оны мемлекеттік басқару және бақылау органына айналдырды. КСРО Сыртқы сауда банкі экспорттық-импорттық операциялар бойынша есеп айырысуларды ұйымдастыруды және жүргізуді қамтамасыз етті, сондай-ақ сыртқы экономикалық операцияларды жүзеге асыратын кәсіпорындарға кредит берді. Экономиканы басқарудың әкімшілік-командалық жүйесі жағдайында кредиттік қатынастар жоспарлы-өкімдік сипатта болды. КСРО Мемлекеттік банкі несие ресурстарына шексіз монополияға ие болды. Банктердің жаңа жүйесі келісілмеген нормативтік құжаттарды шығаруды, бөлімшелерге шамадан тыс жүктеме беруді, басқару аппаратының өсуін тудырды. Бұл теріс жақтарды жою жөнінде қосымша шаралар қабылдауды талап етті, бұл Банк реформасының екінші кезеңі деп аталды. Банк жүйесін одан әрі жетілдіру экономиканы басқарудың нарықтық моделіне көшірумен тұспа-тұс келді. Осыны ескере отырып, банк жүйесі де қайта құрылды. Банктердің қызметін реттейтін заңдар шығарылды. Қазақстанда екі деңгейлі банк жүйесі құрылды: бірінші деңгей - Ұлттық Банк, екінші деңгей - қалған барлық банктер. 1991 жылы 20 маусымда Қазақ КСРО Жоғарғы Кеңесінің Қаулысы бойынша- Ұлттық мемлекеттік банк республика меншігіне өтті және Орталық банк болды. "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1993 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңымен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі болып өзгертілді. Бұл заңда: "республиканың екі деңгейлі банк жүйесі бар. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, Қазақстан Республикасының орталық банкі болып табылады және Қазақстан Республикасының банк жүйесінің жоғарғы деңгейін білдіреді". 1993 жылдың 14 сәуірінде "Қазақстан Республикасындағы банктер туралы"Заң қабылданды. Осылайша, Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес тарихта тұңғыш рет дербес банк жүйесі құрылды. Заңда Ұлттық Банктің билік ету және атқарушы органдарынан тәуелсіздігіне, оның тек Жоғарғы Кеңеске және Қазақстан Республикасының Президентіне есеп беруіне баса назар аударылған. Қазіргі уақытта "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы"Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 наурыздағы № 2155 Заңы жұмыс істейді. Ұлттық Банк Қазақстан Республикасының Президентіне бағынышты, бірақ өз қызметін жүзеге асыруда оған заңнамада берілген өкілеттіктер шегінде тәуелсіз. Ұлттық Банк өз қызметін Қазақстан Республикасының Үкіметімен үйлестіреді, өзінің қызметінде Үкіметтің экономикалық саясатын ескеріп отырады және егер өзінің негізгі функцияларын орындауға және ақша-несие саясатын жүзеге асыруға қайшы келмейтін болса, оны іске асыруға жәрдемдеседі. Ұлттық Банк сатылап бағыну схемасы бар біртұтас орталықтандырылған құрылымнан тұрады. Ұлттық Банктің жоғары органы Басқарма, ал жедел басқару органы Директорлар кеңесі болып табылады. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 12-бабына сәйкес Басқарма және Директорлар кеңесі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі - Ұлттық Банк ) органдары болып табылады. Заңның 19-бабына сәйкес Ұлттық Банктің Директорлар кеңесі (бұдан әрі - Директорлар кеңесі) Ұлттық Банктің жедел басқару органы болып табылады.
Директорлар кеңесінің құрамына Төраға, оның орынбасарлары, Төрағаның ұсынуы бойынша Ұлттық Банктің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары кіреді. Директорлар кеңесінің құрамы ҚРҰБ Төрағасының бұйрығымен бекітіледі. (Заңның 19-бабы) . Заңға сәйкес Директорлар кеңесі Басқарманың және Ұлттық Банк Төрағасының (немесе оның орынбасарларының) құзыретіне кіретін мәселелерді қоспағанда, Ұлттық Банктің қарауындағы мәселелер бойынша шешім қабылдайды. Директорлар кеңесінің отырыстары қажет болған кезде, бірақ айына кемінде бір рет өткізіледі. Директорлар кеңесі өзінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша қаулы қабылдайды. Директорлар кеңесінің жұмыс тәртібі, қаулыларды ресімдеу, Директорлар кеңесінің мүшелерімен келісу және қабылдау тәртібі Директорлар кеңесінің 2009 жылғы 20 қаңтардағы № 7 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Директорлар кеңесінің Регламентімен айқындалады. Қазақстан Ұлттық Банкі филиалдармен, өкілдіктер және ұйымдардан тұрады. Қазақстан Ұлттық Банкінің филиалдары Қазақстан Ұлттық Банкінің Директорлар кеңесінің шешімімен ашылады, оған есеп береді және өз қызметін Қазақстан Ұлттық Банкі белгілеген өкілеттіктер шегінде жүзеге асырады. Қазақстан Ұлттық Банкінің Директорлар кеңесі бекітетін филиалдың құрылымына құқықтық мәртебесі мен өкілеттіктері Қазақстан Ұлттық Банкінің филиалы туралы ережеде айқындалатын бөлімдер мен басқа да бөлімшелер кіруі мүмкін. Филиал өз қызметінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасы мен Директорлар кеңесінің қаулыларын, Қазақстан Ұлттық Банкінің бұйрықтарын, өкімдерін, Ережені және Қазақстан Ұлттық Банкінің филиалы туралы ережені басшылыққа алады. Филиалды ашу және жабу тәртібі, оның өкілеттіктері, міндеттері мен функциялары Қазақстан Ұлттық Банкінің филиалы туралы ережеде және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады. Филиалдың қызметіне басшылықты Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын оның директоры жүзеге асырады. Филиалдың директоры өз қызметін филиал туралы ереже және Қазақстан Ұлттық Банкінің сенімхаты негізінде жүзеге асырады. Қазақстан Ұлттық Банкінің өкілдіктері Қазақстан Ұлттық Банкінің Директорлар кеңесінің шешімімен Қазақстан Республикасының аумағында да, одан тыс жерлерде де ашылады және Қазақстан Ұлттық Банкі белгілеген өкілеттіктер шегінде Қазақстан Ұлттық Банкінің мүдделерін қорғауды және білдіруді жүзеге асырады. Өкілдіктерді ашу, жабу тәртібі, олардың өкілеттіктері және құқықтық мәртебесі Қазақстан Ұлттық Банкінің өкілдіктері туралы ережелерде айқындалады. Өкілдіктің қызметіне басшылықты Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын өкілдік басшысы жүзеге асырады. Өкілдік басшысы өз қызметін өкілдік туралы ереже және Қазақстан Ұлттық Банкінің сенімхаты негізінде жүзеге асырады. Қазақстан Ұлттық Банкінің негізгі міндеттеріне тоқталатын болсақ:
1) мемлекеттің ақша-кредит саясатын әзірлеу және жүргізу;
2) төлем жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
3) валюталық реттеуді және валюталық бақылауды жүзеге асыру;
4) қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу;
5) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын, сондай-ақ құзыреті шегінде өзге де тұлғаларды реттеу, бақылау және қадағалау;
6) қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың тиісті деңгейін қамтамасыз ету;
7) ақша-кредит статистикасы және сыртқы сектор статистикасы саласында статистикалық қызметті жүзеге асыру;
8) Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес өзге де міндеттер.
Ұлттық Банктің негізгі мақсаты: Қазақстан Республикасында баға тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады. Баға тұрақтылығы инфляцияның төмен деңгейіне қол жеткізуді және сақтауды білдіреді. Төмен инфляция халықтың сатып алу қабілетін ұстап тұруға, экономикалық белгісіздікті төмендетуге мүмкіндік береді, өндіріске ұзақ мерзімді инвестициялардың өсуіне мүмкіндік жасайды және экономикалық өсуге және халықтың әл-ауқатының жақсаруына барынша мүмкіндік жасайды.
2016-2017 жылдары Ұлттық Банктің нысаналы бағдары жылдық инфляцияның 6-8% дәлізі болып табылды. Инфляция бойынша орта мерзімді мақсатын іске асыру стратегиясының шеңберінде 2018 жылдан бастап нысаналы бағдарлар төмендейді.
Инфляцияның нысаналы бағдарлары мынадай деңгейде белгіленеді:
• 2018 жылдың соңында 5-7%,
• 2019 жылдың соңында 4-6%,
• 2020 жылдың соңында және келесі жылдары төмен, бірақ 4%-ға жуық
Қазақстан Ұлттық Банкінің заңды тұлға мәртебесі бар құрылымдық бөлімшелерінің өз мөрі, эмблемасы бар. Қазақстан Ұлттық Банкінің Орталық аппараты Алматы қаласында орналасқан.
2. Ұлттық банктің басқару құрылымы және нормативтік құқықтық қызметі
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің төрағасы мен орынбасарлары(1 кесте) :
(1 кесте. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің басшылығы)
Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасының отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ айына кемінде бір рет өткізіледі. Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасының кезектен тыс отырыстары Қазақстан Ұлттық Банкі Төрағасының немесе Басқарманың үш мүшесінің талап етуі бойынша жиналады. Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасының мүшелері белгіленген күнге дейін 10 күн бұрын Басқарма отырысының материалдарымен уақтылы хабардар етіледі. Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасының мүшелері Басқарманың қарауына енгізілетін мәселелер бойынша қосымша ақпарат сұратуға құқылы. Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасының мүшелері алынған ақпараттың құпиялылығын сақтайды. Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасының отырыстарын Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы жүргізеді. Басқарма Басқарма мүшелерінің кемінде үштен екісі қатысқан кезде шешім қабылдауға құқылы, оның ішінде Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы не оның орнындағы адам болуы тиіс. Басқарма шешімі қатысып отырған мүшелердің дауыс беруі арқылы қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда Қазақстан Ұлттық Банкі төрағасының дауысы шешуші болып табылады. Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы бір апта мерзімнен кешіктірмей Басқарманың шешімін қайта талқылау және дауыс беру үшін өз қарсылықтарымен қоса қайтаруға құқылы. Егер Басқарма олардың жалпы санының үштен екісінің даусымен бұрын қабылданған шешімді растаса. Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы шешімге қол қояды. Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасының мүшелері, тіпті егер олар оларды қабылдауға дауыс бермесе де, бірақ қабылданған шешіммен өзінің келіспейтіні туралы дереу мәлімдемесе де, Басқарма қабылдайтын шешімдер үшін жауапты болады. Мәселелерді Басқарманың қарауына директорат және басқарма мүшелері енгізеді. Ұлттық Банк Басқармасының жұмыс тәртібі оның Регламентімен айқындалады.
Қазақстан Ұлттық Банкінің төрағасын Парламенттің келісімімен Қазақстан Республикасының Президенті 6 жыл мерзімге тағайындайды. Төраға Қазақстан Ұлттық Банкінің атынан әрекет етеді және сенімхат ұсынады. Қазақстан Ұлттық Банкінің төрағасы отставкаға кетуден екі ай бұрын Қазақстан Республикасының Президентіне өзінің жазбаша өтінішін ұсына отырып, отставкаға кетуне құқылы. Қазақстан Ұлттық Банкінің төрағасын Қазақстан Республикасының Президенті қызметінен босатады. Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы Қазақстан Ұлттық Банкінің қызметіне жауапты.
Ұлттық Банктің құрылымына мыналар кіреді:
- 12 департаменттен( Астана қаласындағы бір департамент), 9 дербес басқармадан тұратын орталық аппарат.
- Алматы қаласындағы 16 аумақтық филиал және екі филиал: кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау орталығы және Ұлттық Банктің қызметін қамтамасыз ету орталығы
- Ұлттық Банктің 2 Өкілдігі:
- Ресей Федерациясындағы Ұлттық Банктің өкілдігі;
- Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі Ұлттық Банктің өкілдігі;
- 4 есеп беретін ұйым:
- "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны”;
- "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банктік сервис бюросы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны”;
- "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан Теңге сарайы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны”;
- "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Ұлттық Банк акционерлік қоғамдардың құрылтайшысы болып табылады. :
- "Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры"”;
- Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Q-BRO" Резервтік Орталығы.
- Ұлттық Банк акционерлік қоғам акционерлерінің бірі болып табылады
- Жинақтаушы зейнетақы қоры
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ ҚЫЗМЕТІ, ФУНКЦИЯЛАРЫ МЕН ОПЕРАЦИЯЛАРЫ
2. 1 Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің негізгі функциялары мен операциялары
Өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес мынадай негізгі функцияларды орындайды:
- Қазақстан Республикасында Мемлекеттік ақша-кредит саясатын жүргізу;
- Банк пен Үкімет агентінің және басқа да мемлекеттік органдардың функцияларын жүзеге асыру;
- Банктердің қызметін бақылау мен қадағалауды, сондай-ақ олардың қызметін реттеуді жүзеге асыру;
- Қазақстан Республикасында валюталық реттеу мен валюталық бақылауды жүзеге асыру;
- Алтын-валюта резервтерін басқару.
- Айналымдағы ақша массасының көлемін реттейді;
- Ресми ставкаларды өзгерту жолымен Қазақстан Республикасында банктік пайыздық ставкалардың деңгейін реттеуді жүзеге асырады.
- Облигацияларды, депозиттік сертификаттарды, дисконттық және пайыздық бағалы қағаздарды Қазақстан Ұлттық Банкі кредиттерді қамтамасыз ету үшін жарамды деп санайтын өтеу мерзімі бір жылдан аспайтын, сатып алады және сатады;
- Туынды қаржы құралдарымен операцияларды жүзеге асырады;
- Кез келген валютада чектер мен вексельдер қояды;
- Қаржы министрлігіне мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару және мемлекеттік борышты өтеу кестесінің мәселелері бойынша олардың банк жүйесінің өтімділігіне әсерін және ақша-кредит саясатының басымдықтарын ескере отырып ұсыныстар енгізеді ;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz