Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру


Мазмұны
Кіріспе . . . 3
IМЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА САНАУДЫ ҮЙРЕТУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
- Мектепке дейінгі ұйымдарда қарапайым математиканың ғылым болып қалыптасу тарихы . . . 6
- Мектеп жасына дейінгі балаларда сан туралы ұғымдардың дамуы . . . 10
II ТАНЫМ БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ БОЙЫНША БАЛАЛАРДЫҢ САНДЫҚ ЕСЕПТЕУ ДАҒДЫЛАРЫНЫҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2. 1 Санау ұғымдары мен дағдыларын қалыптастыру және дамыту . . . 16
2. 2 Мектеп жасына дейінгі балаларды танымдық дамытуға арналған ойындар мен жаттығулардың түрлері . . . 20
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 27
Кіріспе
Қазақстан Республикасының Тұңғыш призиденті Н. Ә. Назарбаевтың 2018 жылғы жолдауында мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласынның сапасын көтеру туралы сөз қозған, яғни білім беру ісінде 4К моделіне: креативтілікті, сыни ойлауды, коммуникативтілікті дамытуға және командада жұмыс істей білуге басты назар аударылуда. Біздің болашағымыз өсіп келе жатқан жас жеткіншектер екенін білеміз. Осы елбасымыздың биылғы 25 - қаңтарда жолдаған жолдауында айтылған мәселелердің бәрі еліміздің көркеюіне, дамуына жасалып отырғанын білеміз. Республикамыздың «Білім туралы» заңында білім беру жүйесінің міндеті - ұлттық азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға, білімін бекітуге бағытталған. Сонымен қатар, жеке адамды қалыптастыруға қажетті жағдайлар жасау керек екендігі жайлы айтылған. Балалардың математикалық білімін қалыптастыру - балаларда сатылап жүретін күрделі процесс. Олай болса, мектепке дейінгі кезеңнен бастап сапалы да, саналы білім берілу тиіс. Бүгінгі бөбек - ертеңгі азамат - қоғам иесі. Балғын бөбектерге ең алғаш жол көрсетуші, бағыт беруші - балабақша тәрбиешілері. Өйткені білім мен тәрбие негізі баланың жеке басын қалыптастыру негізі балабақшада қаланады. Мен бұл тақырыпты таңдаған себебім балаларға қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру әдістемесін толық түрде зерттеп, зерделкей келе сол зерттелегн білімім мен біліктілігімді іс жүзінде жүзеге асыра отырып, балалардың математикаға деген қызығушылықтарын ояту. Сонымен қатар, балалардың математика жөнінде білімін кеңейте отырып, оларды математика саласында біраз хабардар ету. Және де қарапайым математикалық түсініктерінің жоғары дәрежеде қалыптастыра білуін басшылыққа алдым. Біздің болашағымыз өсіп келе жатқан жас жеткіншектер екенін білеміз. Оқу-әдістемелік құрал мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу стандартына және де үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын қамтитын бөлімдерден тұрады. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың пайдасы және зияны, оларды қолдану тиімділігі қарастырылған. Сонымен қатар, қосымша әлем мүмкіндіктері қолданылған (арнайы бағдарламаны көшіру) . Оқу-әдістемелік құрал болашақ мамандарды кәсіби жетілуіне, сондай-ақ тәрбиеші мамандығының жаңа қырынан көруге мүмкіндік береді деген ойдамыз. Балаларды мектепке дайындауда математиканы оқыту тек сандық және кеңістік, уақыт жайлы түсінік қалыптастырып қана қоймайды, сонымен бірге олардың ойлау үдерісін дамытуға (анализ, синтез, индукция, дедукция) ықпал етеді. Арнайы ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде баланың танымдық қызығушылығымен бірге жалпы даму қамтамасыз етіледі, яғни оқытудың дамытушылық қызметі жүзеге асырылып, баланың тұлға ретінде қалыптасуына мүмкіндік ашылады.
Балаларға қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру барысында оқытудың дамытушылық қызметіндегі бірқатар талаптар мен шарттар орындалуы қажет. Біріншіден, дамытушы орта қажет, ол үшін мектепке дейінгі кезеңнің өзіндік ерекшелігі мен құндылықтарын сақтай отырып, қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру барысында ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті балалардың танымдық қабілеттерін дамытуға бағытталуы шарт. Балалардың танымдық қызығушылығын дамытудың негізгі факторы олардың білімі мен дағдыларының дәрежесі ғана емес, сонымен бірге, баланың маңызды психикалық қызметтерін, ақыл-ой жұмысының тәсілдерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқу үрдісі болып саналады. Ойлауға үйрететін сабақтар дамыта оқыту сабақтары деп есептеледі. Дамыта оқытуды ұйымдастыру, балаға ақыл-ой әрекетін меңгеруге жағдай жасайды. Педагог бұл жағдайда дайын білімді түсіндіріп қоюшы, бағалаушы емес, танымдық іс-әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана баланың интеллектісінің көзін ашып, шығармашылығын дамытады. Екіншіден, соңғы жылдары бастауыш сынып пен балабақша арасындағы сабақтастық мәселесі жиі айтылып жүр. Бастауыш сыныпта математиканы оқытудағы қазіргі психологиялық зерттеулер балалар бақшасында да, метепалды даярлықта да математикалық дайындықтың мазмұнын қайта қарауды талап етіп отыр. Бұған дейін көбінесе баланың психологиялық даму мүмкіншілігін ескермегендіктен, қолданылып жүрген көптеген әдіс-тәсілдердің ұтымдылығы аз екені байқалап отыр. Бір ғана заттарды, көрнекіліктерді пайдалану арқылы қарапайым қосу мен азайтуды меңгерумен шектелсе, онда баланы алғашқы математикалық түсінігі кеңімейтіндігі дәлелденген. Олай болса, бұл жерде де біздің зерттеуімізде қарастырылып отырған оқытудың дамытушылық қызметі ескерілмеген деуге болады.
Зерттеудің өзектілігі: Білім беру жүйесінде болып жатқан өзгерістер мектеп жасына дейінгі тәрбиеге ерекше мән беруді талап етір отыр. Болашақ мамандарға мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастырудың теориялық негіздері мен әдістемесін меңгертуде аталған пәннің маңызы зор.
Курстық жұмыстың құрылымы: Қазіргі таңдағы білім беру үрдісіне ақпараттық технологиялардың жетістіктерінің енуі, заманауи педагогикалық технологиялардың қолданылуымен қатар балалардың қарапайым математикалық ұғымдарына деген қызығушылығын арттырудың бір әдісі ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінде дидактикалық ойындарды қолдану болу табылады. Ойындар балалардың ой-өрісін дамытып, танымдық белсенділік қасиеттерін арттырады. Мұнда тәжірибе негізінде жинақталған ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінде қолданылатын дидактикалық ойындардың мақсаттары, міндеттері, түрлері, құрастыру ережелері, қолдану әдістері келтірілген, кейбір ойындар мен ойын элементтері ендірілген ойын үлгілері келтірілген.
Зерттеудің мақсаты: Дамытушы ойындарды пайдаланып балалардың қарапайым математикалық ұғымдар туралы түсініктерін және балалардың шығармашылық қабілетін дамыту. Мектеп жасына дейінгі балаларға қарапайым математикалық ұғымдарды, сандық ұғымдарды және оларды қарастыру әдістемесін айқындау.
Зерттеудің міндеттері:
- Математикалық ойлауды және шапшаңдықты дамыту;
- Жұмбақтарды шешу арқылы бақылау қасиетін дамыту;
- Көзбен бақылауды дамыту;
- Сызу негіздерімен таныстыру;
- Баланың шығармашылық зияткерлігін дамыту.
Зерттеу пәні: Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру
Зерттеудің объектісі: Балабақшадағы мектепке дейінгі жас аралығындағы балалар.
Зерттеу кезеңдері: зерттеу үш кезеңнен тұрады.
Ікезеңде: Балалардың мектепке дейінгі мекемеде қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастырудағы әдістер бойынша теориялық материалдарды зерттеу, қарастыру.
ІІкезеңде: Осы тақырыпқа байланысты жинақталған материалдарды пайдалана отырып, әдістеме бойынша жүмыс жүргізіліп, ұйымдастырылған оқу іс -әрекетін жүзеге асыру.
ІІІкезеңде: Алынған теориялық мәліметтер бойынша ұйымдастырылған іс-әрекетін өткізуе тәжірибелік - эксперимент жұмысын жүргізіп, оларға талдау жасау.
Зерттеудің болжамы:
- Математика, ең алдымен оқушылардың дұрыс ойлау мәдениетін қалыптастырады, дамытады және оны шыңдай түседі;
- «Математикалық сауаттылық» (ауызша және жазбаша) қабілетін қалыптастыру арқылы оқушының «мате-матикалық сауаттылықты» меңгере білу қабілетінің болуы;
- Математика әлемде болып жатқан түрлі құбылыстарды, жаңалықтарды дұрыс қабылдап, түсінуге көмектеседі;
- Математиканың болашақ тұлғаны моральдық, эстетикалық және этикалық тұрғыдан да тәрбиелік мәні бар.
І қарапайым математикалық ұғымдар туралы жалпы түсініктер
1. 1 Мектепке дейінгі ұйымдарда қарапайым математиканың ғылым болып қалыптасу тарихы.
Мектепке дейінгі педагогикадан бөлініп шыққан қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру әдістемесі қазіргі кезде жеке ғылыми зерттеу облысына айналып отыр. Оның зерттеу объектісі жалпы қоғамдық тәрбиеде математикалық түсінікті қалыптастыру үдерісінің заңдылықтарын қарастырады. Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру мәселелерін психологиялық-педагогикалық тұрғыдан талдау 30-50 жылдары кеңес дәуірі психологиясы және педагогикасы негізінде жүргізілді. Бүгінгі психологиялық зерттеулер баланың психологиялық ерекшеліктері мен заңдылықтары қарапайым математикалық ұғымдарды қабылдауға және шешуге мол мүмкіншіліктері барлығын анықтауда. ХVШ-ХIХ ғасырларда мектеп жасына дейінгі балаларға арифметиканы үйретудің мазмұны мен әдістерінің және көлем, өлшеу, уақыт және кеңістік шаралары туралы түсініктерді қалыптастырудың мазмұны мен әдістерінің мәселелері Я. А. Коменский, И. Г. Песталоцци, К. Д. Ушинский, Л. Н. Толстой және т. б. жасаған тәрбиенің алдыңғы қатарлы педагогикалық жүйелерінде көрініс тапты. Мектеп жасына дейінгі балаларда қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру проблемасына педагогтардың, психологтардың, әдіскерлердің көптеген еңбектері арналған. Бұл проблемалардың кейбір қырлары көне замандардан бастау алған.
Сан есептеу дағдыларының қалыптасу заңдылықтары зерттелді. Балаларды ерте кезден бастап санауға үйрету т. б. талданды. Бұл кезеңде әсіресе, К. Х. Лебединцевтің «Ерте сәбилік шақта баланың сан ұғымын қалыптастыру» (Киев, 1923) еңбегі маңызды болды Бұл әдістеменің міндеттері біршама кең. Балалардың сан туралы түсініктерін қалыптастыру мәселесіне өзінің зерттеу жұмыстарын арнаған А. М. Леушинаның еңбектерінің балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыруда алатын орны ерекше. Ғалымның еңбектерінің нәтижесінде "қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру" әдістеме ретінде теориялық, ғылыми және психологиялық - педагогикалық негізге ие болды. Ғалым 3-7 жас аралығындағы балаларға арналған бағдарлама құру арқылы қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастырудың жаңа дидактикалық жүйесінің құрылуына жол ашты. Бағдарлама автордың ұзақ жылдар бойы жүргізген эксперименттік және ғылыми-теориялық жұмыстарының жемісі. А. М. Леушинаның әдістемесінің бастапқы шарты ретінде балалардың сан, санау, арифметикалық амалдар туралы ұғымдарын қалыптастыру үшін заттарды топтастыру, сандық фигураларды қолдану, сандардың құрамы мен іс-әрекеттердің әдістерін үйретуді қарастырған. А. М. Леушинаның балалардың сан туралы түсініктерін қалыптастырудың концепциясы мектепке дейінгі балалардың кеңістік пен уақыт туралы түсініктерін қалыптастыруды дамыту мәселесіне арналған ғылыми-теориялық және әдістемелік кешенімен толықтырылды. Ғалымның зерттеу жұмыстарының нәтижелері оның «Арифметикалық материалдарды мектепте меңгеруге дайындық» атты докторлық диссертациясында, бірнеше басылымдарда, «Балабақшада санауға үйрету» және «Мектепке дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру» оқулығында жарық көрген. А. М. Леушинаның дидактикалық жүйесі педагогтар үшін қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастырудың таптырмас құралы саналады. Мектепке дейінгі мекемелерде тіпті, қазіргі күннің өзінде А. М. Леушинаның әдістемелік құралдарымен жұмыс жасайды.
А. М. Леушинаның қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастырудың ғылыми негізделген дидактикалық жүйесінің жарыққа шығуы:
- Балалардың сан туралы түсініктерінің қалыптасуының теориялық және әдістемелік концепциясының анықталуы;
- Балалардың күнделікті өмірі - қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастырудың қайнар көзі ретінде анықталуы;
- Ойынның балалардың тұлға ретінде қалыптасуы мен қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастырудағы орны мен рөлі;
- Дидактикалық материалдардар қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастырудың тәсілі ретінде қарастырыла бастауы.
XX ғ. басында балабақшаларда кең өріс алған монографиялық әдісті сынамай-ақ мектепке дейінгі балаларда сандық түсініктерді калыптастыру, атап айтқанда, осы әдіс бойынша жүзеге асырылды. Әрине, сол кезде жасалған әдістеме мазмұнында монграфиялық әдістің кейбір идеялары сақталып қалды. Олар Ф. Ы. Блехер Л. В. Глаголеваның жұмыстарында көрініс тапты. Е. И. Тихееваның, Ф. Н. Блехердің және басқалардың еңбектері математикалық түсініктерді алғаш қалыптастырудың психологиялык-педагогикалық әдістерін жасаудың және жетілдірудің негізі болды. Сенсорлық тәрбиенің қалыптасқан жүйесінде арнаулы түрде балаларды геометриялық пішіндермен, көлем, санаумен таныстыру мәселелері қарастырылған.
М. Морозова мен Е. Тихееваның («Счет в жизни маленьких детей» кітабында 2-ден 8-ге дейінгі балаларды санауға үйретудің үлгі бағдарламасы ұсынылды. Бағдарлама бойынша:
2 жаста -үлкен, кіші жайлы ұғым қалыптастыру,
3 жаста - 3-ке дейінгі санауды, домалақ пен кубик жайлы түсінікті,
4 жаста - 4-ке дейін санау, жоғары, төмен, ірі-ұсақ, зат пішінін ажыратуды,
6-жаста 10-ға дейін санау, қосу, азайтуға қатысты қарапайым жаттығуларды орындауға қабілетті болуы тиіс.
Осы әдіспен Е. И. Тихеева балаларды өмірде кездесетін: артық, кем, биік, аласа, кең, тар, қымбат-арзан, ауыр-жеңіл, қалың-жұқа, ірі-ұсақ сияқты ұғымдармен таныстырады. Е. И. Тихеева балалардың сан туралы ұғымдарының қалыптасуы олардың дамуы барысында табиғи түрде жүзеге асуы керек деп есептеген. Е. И. Тихеева баларға сан туралы түсініктерді үйрету үшін олардың ұжымын пайдалануды ұсынып, барлық үдерісті ойын түрінде жүргізуді жөн деп санады. Өзінің «Современный детский сад», «Счет в жизни маленьких детей» еңбектерінде мектепке дейінгі балаларды оқытудың жүйелілігіне қарсы пікірлерін білдіреді. Оның пікірінше, бала 7 жасқа дейін өз бетінше санауды ойын барысында, табиғи түрде меңгеруі қажет. Сан туралы ұғымдарды бекіту мақсатында Е. И. Тихеева дидактикалық материалдар мен ойын-жаттығуларын ұсынған. Балалардың сандарды меңгеруін жеңілдету үшін жұптық карточкалар мен лото ойындарын шығарды. Сонымен қатар, ғалым сан және кеңістік пен уақыт түсініктерін қалыптастыруға арналған 60-тан астам ойын-жаттығуларын жасады. Санау құралдары ретінде табиғи материалдарды - тастар, жаңғақтар, жапырақтар, ойыншықтар, түймелер сияқты ұсақ заттарды пайдалануды ұсынды
Фребель «Дары» деп аталатын сан, форма, көлем, кеңістік катынастарды біріктіре отырып, жүзеге асыруға болатын корнекілік ойлап тапты.
М. Монтессори өзіндік тәрбие және өзін-өзі тәрбиелеу идеяларын басшылыққа ала отырып сан, пішін, көлем ұғымдарын талдау, сонымен қатар жазбаша және ауызша нөмірлеуге үйрету қажет деп санады. Ол үшін түрлі моншақ тізбесін, теңгелерді т. б. қолдаңды. Неміс әдіскері А. В. Грубенің ұсынысы бойынша сандарды зерттеу әдісі бір саннан екінші санға ретпен көшуге негізделді. Осы кезде ғана бала әрбір келесі санның алдыңғы саннан айырмашылығын тауып, есінде ұстайды деп санады. Әрбір санды үйрету процесінде саусақ, тақта не дәптердегі сызықтар, санама таяқшалары қолданылды. Мысалы, 6 санын үйретуде таяқшалар біртіндеп қойылады және «біздің санымыз неше таяқшадан тұрады» т. б. сауалдар берілді. 90 жылдары неміс психологы және дидакты В. А. Лай монографиялық еңбек жазып, ол өзіне дейінгі зерттеулерге жаңалық енгізді. Лай таяқша емес ең алдымен сандық таңбаны үйрету қажет деген ұсыныс енгізді. Лайдың зерттеуі бойынша оқыту қалай болды? Балаларға сандык пішінді көрсетті. Олар оны анықтап қарап алды. Содан соң көздерін жұмып, нүктелердің орналасуын айтып берді. Мәселен, 4 санын көрсететін пішін: бір дөңгелек - сол жақ жоғары бұрышта. бір дөңгелек - сол жақ төменгі бұрышта, бір дөңгелек - оң жақ жоғары бұрышта, бір дөңгелек - сол жақ төменгі бұрышта. Мектепалды дайындық топтарындағы балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру үдерісі балалардың танымдық әрекеттерін дамыту мен ақыл - ой белсенділігін арттырумен тікелей тығыз байланысты болғандықтан, мектепке дайындау үдерісінің маңызды салаларының бірі балалардың танымдық деңгейлерін арттыру болып есептеледі. Ғалымдардың пікірінше балалардың ақыл - ойы мен танымдық белсендігін дамытудың ең қолайлы кезеңі 5 - 6 жас екен [10] . Мұндағы таным - қоршаған дүниедегі материалдық шындықтың баланың санасында бейнеленуі, яғни адам баласы қоршаған дүниеде объективті өмір сүретін болғандықтан, оның заттары мен құбылыстары санада бейнелене бастайды. Бала көру, сезу, түйсіну мен қабылдау арқылы қоршаған дүниені таниды. Ал, қабылдаудың әсерінен сыртқы сезімдермен ішкі сезімдер бірігіп, танымды нақтылап, дамыта түседі. Осылайша сезіну арқылы ойлау үдерісі қосылып, таным үдерісінің логикалық формасы пайда болады. Осы ойлаудың формасы ақыл - ой үдерісімен тікелей байланысты. Баланың логикалық ойлауы неғұрлым жоғары болған сайын, оның қарапайым математикалық түсініктерді меңгеруі соғұрлым жоғары болады.
Россияда 18-19 ғасырларда балаларға математиканы қалай оқытты ? Математиканы оқыту методтары туралы кейбір түсініктерді біз Леонтий Филиппович Магницкийдің 1703 жылы жазылып, тұңғыш басылған орыс «Арифметикасын» аламыз. Бұл кітап оьандық математиканың даму дәуірін жасады. Л. Ф. Магницкий өзінің білімі жағынан да, математикалық білімі жағынан да Россияда Петрдің кезіндегі көрнекті адамдардың бірі болды. Магницкий математикаға мынадай анықтама берді. «Арифметика немесе санау » дегеніміз таза, тәуелсіз және бәрінеде түсінуге қолайлы, көп жағынан пайдалы, әр кезде өмір сүрген математиктер ойлап тауып, баян текен көркемдік өнер. Магницкийдің «Арифметикасы» бойынша 50 жылдан аса оқытылды. Мектепте де негізгі метод жаттау болды. Бастауыш орыс мектептерінде арифметиканы оқытуды жақсарту 19 ғасырдың екінші жартысында басталды. 1872 жылы Евтушевскийдің мұғалімдер институттарына, мұғалімдер семинарларына, орта білім оқу орындары кластарының мұғалімдеріне және ата-аналарға арналған «Арифметика методикасы» деп аталатын кітап жарық көрді.
Евтушевскии өз методының негізін неміс методисі Грубе мен швейцар педагогы Песталоциидің бастапқы қағидаларын алды. Балаларды қарапайым есептеулерге жаттықтырғанда нақты заттарды немесе аз мөлшерде олардың бейнелерін пайдалану қажет, олардың арифметика негіздерін тиянақты түрде меңгеруге тиіс, себебі бұл алдағы уақытта оларды қате жіберуден, жаңылысудан сақтайды. Песталоциидің идеяларын неміс педагогы Грубе 1842 жылы жарық көрген «Эвристикалық методқа негізделген қарапайым мектепте есптеуге, оқытуға басшылық » деген кітабында пайдаланды. 19 ғасырдың 60-жылдарында бұл құрал Пауьлсонның «Грубе әдісі бойынша методика» деп аталатын кітабы арқылы Россияға белгілі бола бастады. Грубе методы бұл кезде, Европа мен Америкада кең тарады. Грубе 1-ден 100-ге дейінгі барлық сан «тікелей пайымдауға қолайлы, сондықтан бұл сандарды және оларды құрайтын барлық бөліктерді айқын елестете білу керек»-деп есептеді. 100-ден жоғары сандарды есептеудің барлығы да 100-ге дейінгі сандарға ұқсас болғандықтан, Грубе осы сандардың барлық құрамын айқын елестетудің маңызы зор деп есептейді. Сондықтан, ол әрбір жаңа сан өзінің алдындағы барлық санмен олардың арасындағы айырым мен еселік қатынастарды салыстыра отырып, 1-ден 100-ге дейінгі сандарды біріздікпен оқып үйренуді, яғни Грубе айтқандай, санды өзінің алдындағы сандармен «өлшеп» отыруды ұсынды. Санды оқып үйренудің мұндай методы, яғни санды сипаттайтын метод монографиялық метод деп аталды. Сонан соң үйретіліп отырған екі санымен де осылай салыстырылады, осылай жаттығудың әр бір тобынан кейін амалдар жасалынады. Грубенің монографиялық методы Евтушевский оқылатын санды мысалы 6 санын тең қосылғыштарға бөлуден бастауды ұсынды. Евтушевский бала мектепке дейін көптеген нақты білімдер алады, алайда олар кездейсоқ, жүйеленбеген, тиянақты емес деп есептейді. Сондықтан оларды жүйеге келтіру керек, ал барлық система- логикалы. Міне сондықтан, алдымен оқушыны осы логиканың бастамасына үйрету керек. Автордың айтуы болйынша математика кімге болса да түсчінуге оңай. Монографиялық методты сынау тек бізде, Россияда ғана емес, сонымен бірге оның отанында -Германияда да болғанын атап өткен жөн. Алайда кейбір методистер осы методқа берілген күйлерінде қалып қойды. 90-жылдары оны Германияда неміс дидактигі әрі психологі В. А. Лай біраз өзгертті. Лайдың «Дидактикалық тәжірибелердің негізіне негізделген арифметиканы бастап оқытуға басшылық» деген кітабын орыс тілінде Волковский аударды. Лай қазіргі қоғамда екі және үш нәрседен тұратын топты балаларға өте ерте-ақ білгізуге болады деп есептеді, Сонымен бірге бір-бірден есептеуге көшпестен, бірден жиынтық күйінде, тұтастай қабылдау қабілетін одан әрі жетілдіруге жәрдемдесетін құралдарды іздестірді. Лай бойынша оқыту қалай жүргізілді?Балаларға сандық фигура көрсетіледі. Олар оны қарап шығады. Сонан соң көзін жұмып, нүктенің орнын суреттеп айтып береді. Мысалы: фигура төртеу, бір дөңгелек, -сол жақ жоғары бұрышта, және бір дөңгелек оң жақ бұрышта, біреуі төмен бұрышта. Лай затты бақылау неғұрлым айқын, анық және жандырақ болса, онда бейнеленген сандық елестер де айқын, анық және анығырақ болады» - деп есептейді. Көріп отырғанымыздай Лайда монографичлық метод тек қана сандық фигурамен ғана жабдықталған. Орыс мұғалімдері бұл методты пайдаланбады. Мектепте монографиялық методтың орнына амалдарды оқып үйрену методы келді. Арифметиканы оқытудың негізіне төрт арифметикалық амалды орындау тәсілдерін оқып үйрену алынды. Сан мұндай жағдайда арифметикалық амалдар мен есептеулер әдістерін оқып үйренудің материалы ғана болып табылады.
1. 2 Мектеп жасына дейінгі балаларда сан туралы ұғымдардың дамуы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz