Ағымдағы шоттардағы ақша қаражаттарының есебі
Компанияның ақша қаражаттарының есебі мен аудитін ұйымдастыру
Мазмұны
КІРІСПЕ
1 Ақша қаражаттары есебін ұйымдастырудың теориялық негіздері
1.1 Ақша қаражаттарының есебінің мәні,мазмұны
1.2 Мамандандырылған жоғары спорт шеберлігі мектебі МКҚК жалпы экономикалық сипаттамасы
1.3 Мамандандырылған жоғары спорт шеберлігі мектебі МКҚК есеп саясаты
2 Мамандандырылған жоғары спорт шеберлігі мектебі МКҚК ақша қаражаттарының есебін ұйымдастыру
1
2
2.1 Кассадағы ақша қаражаттары есебі
2.2 Ағымдағы шоттардағы ақша қаражаттарының есебі
2.3 Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептілікті дайындау әдістемесі
3 Мамандандырылған жоғары спорт шеберлігі мектебі МКҚК ақша қаражаттарының аудиті
3.1 Ақша қаражаттарына аудит жүргізу әдістемесі
3.2 Мамандандырылған жоғары спорт шеберлігі мектебі МКҚК ақша қаражаттарының есебі мен аудитін жетілдіру жолдары
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМШАЛАР
КІРІСПЕ
Ақша қаражатының болуы кез келген компанияның жұмыс істеуі үшін қажетті факторы болып табылады. Компанияның қажеттіліктері үшін қаржы-шаруашылық қызмет процесінде ақша қаражаттарын пайдалана отырып әртүрлі есеп айырысулар жүзеге асырылады.
Ақша қаражатымен операциялар кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қызметінің көптеген салаларында іске қосылған, өйткені ақша қаражаты - ең жоғары өтімді және жылжымалы активтер болып табылады.
Нарықтық экономика жағдайында ақша қаражатын ұтымды пайдалану кәсіпорынға қосымша пайда әкелуі мүмкін. Ақша қаражатын ұтымды пайдалану үшін, ақша айналымын дұрыс ұйымдастыру үшін ақша қаражатының есебі мен аудитін ұйымдастыру өте маңызды.
Кәсіпорында ақша қаражатын есепке алу кез келген кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінде және меншіктің кез келген нысанында негізгі рөл атқарады. Ұйымның шоттарындағы ақша қаражатын, кассадағы қолма-қол ақшаны, валюталық шоттардағы, бағалы қағаздарды және компанияның басқа да аса өтімді активтерін дұрыс және дәл есепке алу күрделі жағдайда өзін ақша қаражатымен қамтамасыз етуге көмектеседі. Қарыз ақша қаражатын пайдаланбастан жұмыс істей алатын Компания өтімді және тәуелсіз болып саналады. Демек, мұндай кәсіпорын дұрыс бағытта қозғалып, дамып келеді. Кәсіпорынның ақша қаражатын бақылау кәсіпорынның шоттарында бухгалтерлік есепті және аудиті уақтылы жүргізу және ережелерді, стандарттар мен заңнамалық актілерді сақтау көмегімен жүзеге асырылады.
Осылайша, диплом тақырыбының өзектілігі: Ақша қаражатының бар болуы мен олар бойынша аудит және есеп айырысуларды дұрыс ұйымдастыру - есеп айырысу тәртібінің бекуіне , дебиторлық және кредиторлық міндеттемелердің кемуіне , ақша құжаттарының айналымдылығының жылдамдауына, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының нығаюына алып келеді.
Дипломдық жұмыстың мақсаты "Мамандандырылған жоғарғы спорт шебер мектебі" компанияның ақша қаражатының есебі мен аудитін ұйымдастыруды қарастыру болып табылады.
Көрсетілген мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттер қойылды:
ақша қаражаттарына есебінің мәні мен мазмұнына сипаттама беру;
"Мамандандырылған жоғарғы спорт шебер мектебі" МКҚК экономикалық сипаттама беру;
кассадағы ақша қаражаттар есебінің қалай жүргізілетінін көрсету;
ағымдағы шоттардағы ақша қаражаттар есебінің қалай жүргізілетінін көрсету;
ақша қаражаттар есебі аудитін қарастыру;
"Мамандандырылған жоғарғы спорт шебер мектебі" МКҚК ақша қаражаттар есебі мен аудитін жетілдіру жолдарын ұсыну.
Дипломдық жұмыс Ақша қаражаттар есебі мен аудиті оқулықтар мен "Мамандандырылған жоғарғы спорт шебер мектебі" МКҚК мәләметтеріне сүйене отырып жасалынды.
Жұмыстың көлемі мен құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, үш негізгі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттерден және қосымшадан тұрады.

Барлық шаруашылық жүргізуші субьектілер ақша каражатымен жұмыс істейді. Кәсіпорын шаруашылық қызметінің тиімділігі ақша қаражаттары есебінің дұрыс жолға қойылуынан тәуелді. Шаруашылық қызметінде кәсіпорын басқа кәсіпорындармен сатып алынған негізгі құралдар,материалдар мен шикізаттар, орындалған қызметтер үшін есеп айырысулар жүргізіледі.
Ұйымдардың, фирмалардың арасында алашақ және берешек операциялар көбіне қолма-қол ақша және қолма-қол ақшасыз төлеу жолы арқылы жүргізіледі. Қолма қол ақшамен есеп айырысу Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк мекемесі белгілеген ережелер мен тәртіпке сәйкес жүргізілуі тиіс.
Кәсіпорындар арасында есеп айырусулар екі формада жүргізіледі : қолма-қол ақшасыз және нақты ақшамен төлеу жолы арқылы жүргізіледі. Қолма қол ақшамен есеп айырысу Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк мекемесі белгілеген ережелер мен тәртіпке сәйкес жүргізілуі тиіс. Ақшаларды сақтау және қолма қолсыз ақшасыз есеп айырысуды жүргізу үшін Қазақстан Республикасының банк мекемелері:
oo ҚР Әділет министрлігінде тіркеуден өткен заңды түлғаларға есеп айырысу шоттарын ;
oo Шетелдік валютадағы қаражаттардың қолда бары мен қозғалысын есепке алу үшін заңды тұлғаларға валюталық шоттарды;
oo Бюджеттік мекемелерге, олардың бюджеттен тыс қаражаттары бойынша, қоғамдық ұйымдарға, өндірістік, коммерциялық қызметпен айналысатын жеке тұлғаларға ағымдық шоттарды;
oo Республикалық бюджетте тұрған мекемелерге бюджеттік шоттарды;
oo Ұлттық банк мекемелеріндегі екінші деңгейдегі банктерге корреспонденттік шоттарды ашады.
Ақшалай қаржылармен есеп айырысу операцияларының қаржылық есебін жүргізу мен оны ұйымдастырудың мақсаттары мыналар болып табылады:
oo Ақшамен есеп айырысу операцияларын толық және уақтылы дер кезінде есептеу;
oo Субьектідегі ақшалай қаржылардың түгелдігін және оларды дұрыс, тиімді пайдалануды бақылау.
oo Есеп айырысу, төлеу тәртібін бақылау, ұйымның, ұйымның немесе фирманың ақшалай кірістері мен шығындарын дұрыс есептеу.
Ақша қаражаттарының бухгалтерлік есебінің міндеттері(1.1-сурет):
oo Қолма қолсыз ақша аудару жолымен және қолма қол ақшамен қажетті есеп айырысуларды уақтылы және дұрыс жүргізу;
oo Ақша қаражаттарының қолда бары мен қозғалысын және есеп айырысу опрацияларын есептік тіркелімдерде толықтай және жедел түрде көрсету;
oo Бұл енген лимиттерге,қорларға және сметаларға сәйкес ақша қаражаттарын мақсаты бойынша жұмсаудың қолданыстағы ережелерін сақтау;
oo Белгіленген мерзімдерге ақша қаражаттары мен есеп айырысудың жағдайына түгендеуді ұйымдастыру және жүргізу. Мерзімі кешігетін дебиторлық және кредиторлық берешектердің туындауын болдырмаудың мүмкіндіктерін іздестіру;
oo Кассадағы, есеп айырысу шотындағы және банктегі басқа шоттардағы ақшалардың бар жоғы мен сақталуына бақылау жасау;
oo Ақша құжаттарынның есеп алдындағы
міндеттері :
Есеп айырысу -- төлем тәртібінің сақталуына, материалдық құндылықтар мен қызметтер үшін сомалардың уақтылы аударылуына, сондай -- ақ несие тәртібінде алынған ақша қаражаттарының қайтарылуына бақылау [1].
Шаруашылық субьектілермен уақытылы есеп айырысулар жүргізуді қадағалау;
Кассада және ағымдағы шотта ақша қаражаттарының дұрыс жұмсалуын бақылау ;
Есеп регистрлерінде ақша қаражаттарының дұрыс пайдалануын қадағалау ;
Есеп айырысу тәртібінің орындалуын бақылау ;
Ақша құжаттарының мақсатты жұмсалуын қадағалау.
1.1-сурет. Кәсіпорындағы, ұйымдағы ақша қаражаттарының есебінің алдындағы негізгі міндеттері.
Ақша қаражаттар есебінің негізгі мақсаты: толық және шынайы ақпаратпен ішкі қолданушыларды қамтамасыз ету, бухгалтерлік есепте ішкі және сыртқы қолданушыларға бақылау үшін қажет. Операциялар жүргізілген кезде Қазақстан Республикасының Заңдарының сақталуы және ақша қаражаттарының мақсаттылы қолданылуын қамтамасыз етеді.

"Мамандандырылған жоғары спорт шеберлігі мектебі" Алматы қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасының мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
"Мамандандырылған жоғары спорт шеберлігі мектебі" ұйымы № 4948 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы, 2011 жылы 10 қарашада құрылған. Жедел басқару құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын.
Қызмет түрлері (Жарғыға сәйкес): жазғы олимпиадалық спорт түрлері бойынша жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау.
Мақсаты мен міндеттері:
oo ЖСШМ қызметінің мақсаты спортшылардың жоғары спорттық нәтижелерге қол жеткізуіне бағытталған олимпиадалық спорт түрлері бойынша жыл бойы оқу-жаттығу спорттық-әдістемелік қызметін жүзеге асыру болып табылады;
oo спорт түрлері бойынша ҚР Ұлттық құрама командаларының негізгі құрамына спортшыларды іріктеу және дайындау;
oo оқу-жаттығу процесін ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз ету, оның нәтижелеріне, дене сапаларын дамытудың жеке көрсеткіштерінің өсу динамикасына талдау жүргізу, спортшылардың техникалық-тактикалық дайындық деңгейін арттыру;
oo спортшылардың спорттық жарыстарға қатысуын және табысты қатысуын қамтамасыз ету;
oo ЖСШМ жаттықтырушы-оқытушылар құрамының және басқа да мамандарының кәсіби біліктілігін арттыру.
Спорт түрлері: еркін күрес, әйелдер күресі, дзюдо, жеңіл атлетика, ерлер боксы, бадминтон, семсерлесу, қазіргі бессайыс, синхронды жүзу, суға секіру, жағажай волейболы, ауыр атлетика, таеквондо, спорттық гимнастика, үстел теннисі, садақ ату, стенд ату, оқ ату, құзға өрмелеу, велоспорт.
"Мамандандырылған жоғары спорт шеберлігі мектебі" қызметтің негізгі бағыттары 1.1-кестеде көрсетілген.
1.1-кесте
МЖСШ МКҚК Қызметтің негізгі бағыттары
Мақсаты, міндеттері және негізгі көрсеткіштері
Ұйымның мақсаты
Негізгі көрсеткіштер
Есептеу әдістемесі (формуласы)
№
мазмұны
көрсеткіші
А
Б
В
Г
Д
Ж
З
1
Қызметтің мақсаты спортшылардың жоғары спорттық нәтижелерге қол жеткізуіне бағытталған олимпиадалық және ұлттық спорт түрлері бойынша жыл бойы оқу-жаттығу, спорттық-әдістемелік қызметті жүзеге асыру болып табылады.
Негізгі нәтиже
Жарысқа қатысу
Оқу-жаттығу жиындарына қатысу
Міндеттері
№
атауы
көрсеткіштер
нәтиже мазмұны
1
1.Спорт түрлері бойынша ҚР Ұлттық құрама командаларына спортшыларды дайындау туралы іріктеу.
2. Ұйымдарды қамтамасыз ету және оқу-жаттығу процесін жүргізу, оның нәтижелеріне, дене сапаларының дамуының жеке көрсеткіштерінің өсу динамикасына талдау жүргізу,спортшылардың техникалық-тактикалық дайындық деңгейін арттыру;
3. Спортшылардың спорттық жарыстарға қатысуын және табысты қатысуын қамтамасыз ету;
4.ЖСШМ(Жоғары спорт шеберлігі мектебі) жаттықтырушы-оқытушылар құрамының және басқа да мамандарының кәсіби біліктілігін арттыру.
тікелей
Жазғы олимпиадалық спорт түрлерінен жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау.
сапа
Спорт шеберін даярлау
сапа
Халықаралық дәрежедегі спорт шеберін даярлау
сапа
Спорт шеберіне кандидатты дайындау
сапа
Халықаралық жарыстардың жеңіп алған медальдарының саны
сапа
Республикалық жарыстардың жеңіп алған медальдарының саны
тікелей
Қаржылық-шаруашылық қызметін талдау, спорт ұйымдарының қызметі туралы сапалы ақпарат алуға мүмкіндік береді.
Экономикалық талдау барысында проблемаларды анықтау қазіргі жағдайда спорттық ұйымның одан әрі жұмыс істеуі үшін әртүрлі басқару шешімдерін қабылдауға мүмкіндік береді [2].
Спорт ұйымының тұрақты дамуы қаржы жоспарының сәтті жүзеге асырылуына байланысты.
Экономикалық талдау объектілері:
- дене шынықтыру-спорт ұйымдарының қаржылық қызметі;
- материалдық қамтамасыз етілуі;
- кадрларды тиімді пайдалану.
Дене шынықтыру және спорт құрылымдарының қаржылық-шаруашылық қызметі қаржылық жоспарлар негізінде жүзеге асырылады: бюджет және смета.
Табыс көздері бойынша коммерциялық емес ұйымдардың ақша қаражатының түсімі (кіріс бөлігі) коммерциялық құрылымдардан принципті түрде ерекшеленеді,өйткені көптеген көздерді пайдаланады.
Мемлекеттік және коммерциялық емес дене шынықтыру-спорт ұйымының жұмыс істеуі белгілі бір шығындарды жүзеге асырумен байланысты, оларды келесі түрлерге бөлуге болады:
-белгіленген қызметті орындауға арналған шығыстар, яғни штаттық персоналды ұстау; сақтандыру жарналары; Үй-жайларды жалға алу және оларды ұстау шығындары; байланыс, күзет қызметтеріне ақы төлеу; іссапар; Коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және т. б.
- кәсіпкерлік қызметке байланысты шығыстар;
- коммерциялық емес ұйымдардың басқа бөлімшелеріне арналған өнімдерді (жұмыстарды, қызметтерді) жасауға байланысты шығындар (жөндеуге ақы төлеу, Компьютерлерге қызмет көрсету және т. б.);
- жарамсыз болған жабдықтарды, көлік құралдарын есептен шығару және жоғалту және т. б.
Бюджет дене шынықтыру-спорт ұйымының қаржы-шаруашылық қызметін жоспарлы айқындайтын және оның жұмыс істеу тиімділігіне талдау жүргізу үшін ақпаратты қамтитын негізгі құжат болып табылады.
Нақты шығындарды талдау мыналарды қамтиды:
- қажет болған жағдайда бюджеттен тыс сметаларды уақытылы түзету және оны одан әрі бекіту уақытында бюджеттік экономикалық сыныптама кодтары контексіндегі нақты шығындарды салыстыру;
- шығыстарды қатаң түрде мақсатқа сай пайдалануды бақылау;
- шығыстарды кірістермен салыстыру, нақты шығыстарды бюджеттік экономикалық сыныптаманың баптары бойынша кассалық шығыстармен салыстыру және олардың алшақтығының негізділігі.
Материалдық-техникалық базаны талдау. "Дене шынықтыру және спорт" саласы үшін материалдық-техникалық база ретінде дене шынықтыру-спорт ғимараттары, сондай-ақ дене жаттығуларымен және спорт түрлерімен сабақтарды тиімді жүзеге асыру үшін және әртүрлі әлеуметтік-мәдени қызметтер көрсету үшін қажетті спорттық тауарлар (киім, аяқ киім, мүкәммал, жабдықтар және т.б.) болады. Саланың материалдық-техникалық базасын құрайтын қаражаттың басым көпшілігі оның негізгі қорлары түрінде болады.
Спорт ғимараттарының қорлары - олардың барлық материалдық және ақшалай қаражаттары деп аталады. Спорт ғимараттары өндірістік емес мақсаттағы негізгі және айналмалы қорларға ие, олардың ерекшелігі олар материалдық игіліктерді емес, спорттық қызметтерді өндіруге арналған. Осының салдарынан негізгі және айналым қорларының жекелеген құрамдас бөліктерінің рөлі ерекше, олар бір-бірінен өзінің мақсаты, тәсілі және айналым жылдамдығы бойынша ерекшеленеді.
Спорт ғимараттарының негізгі қорлары-спорттық қызметтерді өндіру үшін пайдаланылатын еңбек құралдары. Оларға ғимараттар, құрылыстар, жабдықтар, өндірістік және шаруашылық мүкәммал, көлік, байланыс құралдары жатады.
Негізгі қорлар спорт ғимараттарының теңгерімдерінде бастапқы, қалдық және қалпына келтіру құны бойынша ақшалай нысанда ескеріледі.
Материалдық негізгі қорлар олардың әртүрлі сыныптамалық топтары (кіші топтары) ескеріле отырып сараланады. Классификаторда "дене шынықтыру және спорт" саласындағы негізгі материалдық қорларды ұсынатын 8-ден астам жіктемелік топ бар [3].
Дене шынықтыру-спорт ұйымдарының негізгі қорларының белгілі бір бөлігі оларға арнайы арнайы тізімдерге сәйкес беріледі беріледі және табельдік мүлік деп аталады [3].
Негізгі қорларды талдаудың негізгі кезеңдері:
- негізгі құралдардың құрылымы мен динамикасын талдау;
- негізгі құралдардың қозғалысын талдау;
- пайдалану тиімділігін талдау.
Айналымдағы қорлар спорт имараттарында бар негізгі және қосалқы материалдар (отын, негізгі қорларға кірмеген арзан және тез тозатын арзан бағалы мүкәммал мен жабдықтар) болып табылады.
Спорт ғимараты ағымдағы барлық шығындарды өз қаражатымен қамтамасыз ету үшін айналым қаражатын тиімді пайдалануға мүдделі. Осы мақсатта ол материалдық құралдарды, электр энергиясы мен жылуды үнемді жұмсауға, материалдар, отын, қосалқы бөлшектер қорына ие болуға ұмтылады.
Спорт ғимараттарындағы материалдық айналым қаражаты үлкен емес, өйткені олар өнімді өндірмейді. Істі дұрыс қойған кезде спорт үшін маңызды өнім мен тиісті пайда бере алатын әр түрлі жөндеу бөлімшелері мен өндірістік мақсаттағы басқа да учаскелер ерекшелік болып табылады.
Айналым қаражатын талдаудың негізгі сипаттамалары мен бағыттары: көлемі мен құрылымы, өтімділігі, пайдалану тиімділігі, қаржыландыру стратегиясы болып табылады.
Дене шынықтыру-спорт қызметі тиімділігінің өлшемдері қызмет нәтижелері мен оған жұмсалған шығындар арасындағы қатынастар болып табылады.
Дене шынықтыру-спорт қызметінің ішкі саласының тиімділігі Әлеуметтік да, экономикалық да әсермен берілген [1;2].
Әлеуметтік әсерге: азаматтардың жеке жетістіктері; эмоционалдық әсермен спорттық жетістіктер; өмірді ұзарту; өмір қарқындылығын қолдау; тұлғаның үйлесімді дамуы және т. б. жатады.
Саланың экономикалық әсерлері: қызметтерді сатудан түскен пайда; лотереялардан, спорттық көріністерден қаражат алу; коммерциялық іс-шаралардан түскен кірістер; спорттық және туристік мақсаттағы тауарларды өндіру мен сатудан түскен кірістер.
Дене шынықтыру және спорт саласындағы бір жолғы шығындардың жалпы тиімділігін бағалау үшін алынатын әлеуметтік нәтижелерді заттай көрсеткіштер түрінде (халық тұтынатын қызметтер мен тауарлар), сондай-ақ ақшалай түрдегі спорттық қызметтер мен тауарларды сату көлемі түрінде де айқындаған орынды [2].
Келтірілген шығындардың бірлігіне осы көрсеткіштердің өсуі әлеуметтік-экономикалық тиімділіктің артуының айғағы болып табылады.
Коммерциялық спорт ұйымы үшін қызметтердің рентабельділігін арттыру басым болады.
Коммерциялық емес спорттық ұйым үшін оның қызметінің мақсатты мақсаттарын іске асыру.
Қызмет тиімділігінің өсуіне өзара байланысты үш бағыт бойынша қол жеткізілуі мүмкін: дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған қоғамдық ресурстардың барлық түрлерін үнемдеу есебінен, дене шынықтыру мен спорт саласынан түсетін табыстың өсуі есебінен әлеуметтік әсерлерді ұлғайту есебінен.
Дене шынықтыру және спорт саласындағы ресурстар экономикасының елеулі мүмкіндіктері бар: спорттық формаға, спорттық жабдыққа, мүкәммалға ұқыпты қарау есебінен, қажетсіз жарыстар санын қысқарту есебінен.
Үнемдеудің негізгі резервтері дене шынықтыру және спорт саласының ұйымдық құрылымын оңтайландыруда, спорттық қызметтердің өзіндік құнын төмендетуде жатыр. Дене шынықтыру және спорт саласындағы табыстардың өсуі спорт ұйымдарының тікелей кассалық түсімі арқылы көрінеді. Адамдардың әл-ауқатының өсуі оларға дене шынықтырумен және спортпен айналысуға өз қаражатынан шығындарды ұлғайтуға мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде ақылы қызметтер көлемін арттыруға мүмкіндік береді.
Тұтастай алғанда дене шынықтыру мен спорт саласындағы тікелей және жанама экономикалық әсерлердің өсуі өте маңызды болуы мүмкін.
Жалпы, спорт ұйымдарының жұмысын экономикалық талдау тек экономикалық жағынан ғана емес, әлеуметтік жағынан да маңызды, сондықтан ол тек ақша мен еңбекпен ғана емес, сонымен қатар адамдардың денсаулығымен де көрінеді.
Спорттық ұйымның шығыс классификациясын зерттеу.
"Материалдық шығындар" элементі спорт кешенінің негізгі қызметі бойынша қызмет көрсетуде пайдаланылатын сатып алу материалдарының құнын; ғимараттарды, құрылыстарды, есептеу техникасын ұстауға, жөндеуге және пайдалануға арналған шығындарды; бөгде ұйымдар және т. б. орындайтын өндірістік сипаттағы жұмыстар мен қызметтердің құнын қамтиды.
"Материалдық шығындар" құрамына персоналдың еңбек ақысын төлеу спорт кешенін қоса алғанда, сыйлық және басқа да төлемдер ҚР заңнамасына сәйкес.
"Әлеуметтік қажеттіліктер арналған аударымдар" элементі заңнамамен белгіленген бюджеттен тыс қорларға міндетті аударымдарды қамтиды; "амортизация" элементі - негізгі құралдардың, материалдық емес активтердің есептелген амортизациясының сомасы; "өзге шығындар" элементі - салықтар, алымдар, Төлемдер, басқа да міндетті аударымдар, іссапарларға арналған шығындар, күзет қызметіне ақы төлеу, кадрларды даярлау мен қайта даярлауға арналған шығындар, банктердің қызметтеріне, байланыстарға, ақпараттық, консультациялық және аудиторлық қызметтерге ақы төлеу, белгіленген нормативтер бойынша жөндеу қорына аударымдар, мүлікті сақтандыру
Өзіндік құнның құрылымын анықтау үшін қызмет түрлері бойынша шығындардың барлық құнындағы әрбір элементтің үлес салмағы есептеледі және нәтижесінде оны төмендету бойынша резервтерді анықтау мүмкіндігі пайда болады.
Әдеттегі қызмет түрлері бойынша шығыстар базасында өнімнің (жұмыстардың, қызметтердің) өзіндік құны айқындалады. Шын мәнінде, өзіндік құн өндіріс процесінде пайдаланылатын табиғи ресурстардың, шикізаттың, материалдардың, отынның, энергияның, негізгі құралдардың, еңбек ресурстарының өнімдерін (жұмыстарды, қызметтерді), сондай-ақ оны өндіру мен өткізуге арналған басқа да шығындардың құндық бағасын білдіреді.
Ұйымның бірнеше қызмет түрлерін жүзеге асыру жағдайында: жүргізілген шығыстарды оның түрлері бойынша бөлу қажет пе, себебі бұл Бухгалтерлік есеп тетігін белгілі бір түрде күрделендіреді. Қызмет түрлері бойынша жұмсалған шығыстарды бөлу тәртібі заңнамалық түрде белгіленбегенін атап өткен жөн, яғни әрбір ұйым осы проблеманы дербес шешуі тиіс. Көптеген ұйымдардың бухгалтерлері есепте "қазан" әдісімен шығыстар сомасын көрсетеді. Алайда, бұл тәсіл көп бейінді ұйымдардың қызметі жағдайында қолайсыз болып табылады, өйткені өнімнің, жұмыстардың, қызметтердің өзіндік құны және әр түрлі бағыттар бойынша шығыстар туралы ақпарат бағаларды белгілеу және басқарушылық шешімдер қабылдау үшін негіз болып табылады.
Спорт кешенінің операциялық шығыстарының құрылымында:
1) активтерді уақытша пайдалану (уақытша иелену және пайдалану) үшін ақыны ұсынумен байланысты шығыстар;
2) басқа ұйымдардың жарғылық капиталына қатысуға байланысты шығыстар;
3) ақшалай қаражаттан, тауарлар мен өнімдерден басқа негізгі құралдар мен өзге де активтерді сатуға, есептен шығаруға және өзге де есептен шығаруға байланысты шығыстар;
4) берілген кредиттер мен қарыздар үшін төленетін пайыздар;
5) кредиттік ұйымдар мен т. б. көрсететін қызметтерге ақы төлеуге байланысты шығыстар.
Спорт ұйымының реализациясынан тыс шығыстары:
1) шарттар талаптарын бұзғаны үшін айыппұлдар, өсімпұлдар, тұрақсыздық айыптары,
2) ұйым келтірген залалдың орнын,
3) есепті жылы танылған өткен жылдардың шығындары;
4) талап қою мерзімі өткен дебиторлық берешектің, өндіріп алу үшін іске асырылмаған басқа да қарыздар;
5) бағамдық айырмалар,
6) активтерді және т. б. бағалау сомасы.
5) курстық айырмашылықтар;
6) активтердің құнсыздану сомалары және т.б.
Қаржы-шаруашылық қызметінің негізгі көрсеткіштері
Наименование показателей
единица измерения
2019
2020
2021
Уточнение во 2 полугодии
Отчет (оценка факт)
Отклонение в % (факта от плана)
Утвержденный планУточненный план
Утвержденный планУточненный план
1
2
11
12
13
14
17
Активы
Организации
тысяч тенге
277 431,00
277 431,00
100,00
218 094,00
185 196,00
Дочерних организаций
тысяч тенге
Консолидированные показатели
тысяч тенге
Пассивы
Организации
Всего
тысяч тенге
277 431,00
277 431,00
100,00
218 094,00
185 196,00
в том числе
собственный капитал
тысяч тенге
277 431,00
277 431,00
100,00
218 094,00
185 196,00
обязательства
тысяч тенге
Дочерних организаций
Всего
тысяч тенге
в том числе
собственный капитал
тысяч тенге
обязательства
тысяч тенге
Консолидированные показатели
Всего
тысяч тенге
в том числе
собственный капитал
тысяч тенге
обязательства
тысяч тенге
Доходы
Организации
тысяч тенге
486 308,00
497 060,00
102,21
492 190,00
697 274,00
Дочерних организаций
тысяч тенге
Консолидированные показатели
тысяч тенге
Расходы
Организации
тысяч тенге
486 308,00
497 060,00
102,21
492 190,00
697 274,00
Дочерних организаций
тысяч тенге
Консолидированные показатели
тысяч тенге
Результаты финансово-хозяйственной деятельности
Валовой доход (валовой убыток указывается со знаком минус)
Организации
тысяч тенге
Дочерних организаций
тысяч тенге
Консолидированные показатели
тысяч тенге
Прибыль (убыток) до налогообложения (убыток указывается со знаком минус)
Организации
тысяч тенге
Дочерних организаций
тысяч тенге
Консолидированные показатели
тысяч тенге
Чистая прибыль (убыток указывается со знаком минус)
Организации
тысяч тенге
Дочерних организаций
тысяч тенге
Консолидированные показатели
тысяч тенге
Численность работников
всего
человек
по штату
125,00
125,00
100,00
125,00
125,00
среднесписочная
человек
125,00
125,00
100,00
125,00
125,00
Фонд оплаты труда
тысяч тенге
143 572,00
142 956,00
99,57
177 644,00
197 797,00

Есеп саясаты - ұйым қызметінің ерекшелігін ескере отырып, бухгалтерлік есеп жүргізу тәсілдерін бекітетін құжат . Кәсіпорынның есебі және есеп саясаты - іс-тәжірибеде қолданғанда ұйым қызметкерлерінің қаржылық ақпаратты дұрыс өңдеуіне кепілдік беретін, нормалар мен ережелер ғана емес, сонымен қатар, құқықты жүзеге асыратын құрал.
Кәсіпорынның есеп саясатын бухгалтерлік есепті жүргізу мен қаржылық есептілікті жасаудың ішкі заңы деп атауға болады. Әрине, есеп саясаты бухгалтерлік есеп жүргізу тәртібін реттейтін Қазақстан Республикасының (бұдан әрі-ҚР) қолданыстағы нормативтік актілеріне сәйкес әзірленеді
Ұйымның есеп саясаты жалпылама қабылданған, белгілі бір қағидалар жиынына негізделеді. Ол бас бухгалтермен жасалынып, ұйым басшысымен бекітіледі.
Есеп саясатының басты міндеттері:
oo ұйымның қаржы - шаруашылық қызметін объективті көрсету;
oo ұйым қызметін тиімді басқару мақсатында ұйым қызметі туралы толық және шынайы ақпараттарды қалыптастыру.
Есеп саясатын қалыптастыру кезеңдері: бухгалтерлік есептің объектілерін анықтау; бухгалтерлік есепті жүргізу тәсілдерін таңдауға әсер ететін факторларды табу, талдау және бағалау; есеп саясатын құрудың бастапқы ережесін таңдау және негіздеу; нақты ұйым үшін бухгалтерлік есепті жүргізу тәсілдерін таңдау; таңдап алынған есеп саясатын рәсімдеу.
Есеп саясатын қалыптастырған және қолданған кезде есептің мынадай принциптерін сақтау керек:
1. Есептеу - ұйымның табыстары мен шығыстары олардың келіп түсуіне немесе туындауына қарай танылады және бухгалтерлік есепте көрсетіледі.
2. Үздіксіздік - яғни объектілер үздіксіз әрекет ететін, болашақта да жұмыс жасайтын болып саналады. Оның таратылуға немесе қызмет көлемін едәуір қысқартуға ешқандай ниеті де, мұқтаждығы да жоқ деп болжамданады.
3. Түсініктілік - қаржы есептемелеріндегі барлық ақпараттар пайдаланушыларға түсінікті болуға тиіс.
4. Маңыздылық. Пайдаланушылар негізделген басқару шешімдерін қабылдауды және ұйымның шаруашылық қызметін бағалауы үшін қаржылық ақпарат маңызды болуы керек.
5. Мәнділік. Ақпарат мәнді болуға тиіс. Егер біз қаржылық есептемеде қандай да бір мәліметті жіберіп алсақ, не дұрыс ұсынбасақ, онда бұл ақпаратты пайдаланушылардың экономикалық шешіміне әсер етуі мүмкін.
6. Растық. Ақпаратта қателік немесе жалғандық жоқ болса, ол рас болып табылады және оған пайдаланушылар сене алады.
7. Бейтараптық. Қаржылық ақпарат тәуелсіз болуға тиіс.
8. Сақтық, яғни активтер мен кірістер артық бағаланбас үшін шешім қабылдағын кезде қауіпсіздік жағдайын сақтау, абайлау.
Бұл принциптер ұйымның есеп саясатын әзірлеуге және қабылдауға негіздемені қамтамасыз етеді. Бұларды сақтамау ұйымның мүліктік және қаржы жағдайы туралы көріністі бұрмалайды. Бухгалтерлік есептің стандарттары есеп саясатын қалыптастыруға база болып саналады.
Ұйымда есеп саясатын ұйымдастыру қамтиды:
Шоттардың жұмыс жоспары
Құжат айналымы тәртібі және есеп ақпаратын өңдеу технологиясы
Түгендеуді жүргізу тәртібі
Бухгалтерлік есепті жүргізу нысандары
МЖСШМ МКҚК-де бухгалтерлік есеп журнал - ордерді формада жүргізіледі.Серіктестікте негізгі құралдар есебі 2007 жылы 28 ақпандағы Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы №234 заңына сәйкес бекітілген №6 Негізгі құралдар есебі бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес жүргізіледі. Барлық негізгі құралдар типтік формадағы бланкілерде жүргізіледі. Негізгі құралдар кірістелген сәтінде стандартқа сәйкес бастапқы құнымен бағаланады. Нысаналы бағыты мен орындайтын қызметіне байланысты, сондай-ақ шоттардың типтік жоспарына сәйкес серіктестіктің негізгі құралдары жіктеледі.
Негізгі құралдардың бастапқы құнының өзгеруі тек екі жағдайда ғана болады :
Қайта бағалау
Қосымша күрделі салымдарды жүзеге асыру немесе обьектінің белгілі бір деңгейде жойылуы.
Негізгі құралдарды есептен шығару серіктестік төрағасымен бекітілген Негізгі құралдарды есептен шығару тәртібі туралы нұсқауға сәйкес жүргізіледі .
Негізгі құралдарды түгендеу МЖСШМ МКҚК төрағасының өкімімен жылына бір рет өткізіледі.
Ұйымда негізгі құралдардың амортизациясы бірқалыпты (түзу сызықт) әдіспен жүргізіледі. Салықтық есеп үшін серіктестік активтердің (негізгі құралдар және матераиалдық емес актив) амортизациясын есептейді.
Серіктестікте құралдарды күрделі жөндеуге арналған жөндеу қоры құрылмаған.Күрделі жөндеу бойынша нақты шығыстар олар пайла болған сәтте шығындардың сәйкесінше шоттарына апарылады.
Күрделі салымдар, қайта конструкциялау мен модернизациялау серіктестікте негізгі құралдардың есептелген амортизациясына, таза табыс немесе ұзақ мерзімді несиелер есебінен жүзеге асырылады.
Материалдық емес активтер бастапқы құны бойынша бағаланады:
Сатып алу бағасы;
Бағдарламалық өнімді орнату және реттеу бойынша шығындар.
Материалдық емес активтер бойынша тозу ай сайын бекітілген нормаға сай есептеледі. Материалдық емес активтердің пайдалы қызмет мерзімі олардың түрлеріне байланысты (лицензия, патент, пайдалану құқығы), арадағы мәміледе қарастырылған жағдайлармен анықталады.
Бухгалтерлік есептің №12 стандартына және оның әдістемелік нұсқауларына сәйкес құрылыс қызметі бойынша есептің басты міндеті әрбір есеп кезеңі бойынша табыстар мен шығындарды дұрыс анықтау. Есепті кезең болып 1 қаңтар 31 жеттоқсанға дейінгі күнтізбелік жыл табылады
МЖСШМ МКҚК банктерде есеп айырысу шоттары бар. Ақшаның есебін жүргізген кезде қолданыстағы заңдылықтар мен нормативтік актілерді жетекшілікке алады. Серіктестікте кассадағы ақшаны жоспардан тыс тексеру айына бір рет жүргізіледі .Оны құрамында бас бухгалтер, бухгалтер, ішкі аудит бөлімінің өкілі бар комиссия өткізеді.
Бухгалтерлік есептің барлық бөлімдері бойынша жүргізілетін алғашқы құжаттар, регисторлар 5 жыл, жұмысшылар мен қызметкерлердің жеке шоттары 75 жыл сақталынады.

Ақша қаражаттарын сақтау, қабылдау мен беру үшін әрбір шаруашылық жүргізуші субъектінің кассасы болады.
Ұйым қолма - қол ақшамен есеп айырысуды жүзеге асыру үшін кассаны пайдаланады және белгіленген үлгідегі касса кітабын жүргізеді. Сондай - ақ ұйым қолма-қол ақшалармен еңбекке ақы төлеу бойынша, есепті тұлғалармен, дебиторлармен және кредиторлармен қолданыстағы заң ережелеріне сәйкес банк мекемелері арқылы жүзеге аспайтын төлемдер бойынша есеп айырысады.Ақшаның сақтығын қамтамасыз етуде кассада жұмысты дұрыс ұйымдастырудың маңызы зор. Касса орналасқан бөлме бөлектенген, терезелері темірмен торланған, дабыл құралдарымен жабдықталған болуы қажет. Ұйым басшысы кассадағы ақшаның, сондай - ақ оларды банкке өткізгенде немесе банктен алып келгенде сақтығын қамтамасыз етуге міндетті. Басқа ұйымдардың жеке тұлғаларынаң ақшасын кассада сақтауға тиым салынады [14].
Кассир - материалдық жауапты адам. Ол касса операцияларын жүргізу тәртібімен таныс болуға тиіс. Осыдан кейін ғана оның материалдық толық жеке дара жауапкершілігі туралы онымен шарт жасалынады. Егер еңбек ақы мен басқа да төлемдерді беру үшін субъекті басшысының жазбаша бұйрығы бойынша басқа адамдар тартылатын болса, онда бұлардың материалдық толық жеке дара жауапкершілігі туралы олармен де шарттар жасалынады.
Мамандандырылған жоғары спорт шеберлігі мектебі МКҚК - де ақшаны сақтау, қабылдау және беруге арналған кассасы бар. Касса орналасқан бөлме кассалардың техникалық беріктігі және өрттен сақтау және дабыл қағу құралдарымен жарақтандыру, әрі оқшаулау талаптарына сәйкес жабдықталған.
Ұйым төрағасы кассадағы ақшаның сақталуын банктен жеткізу және банкке өткізу кезіндегі сақтық шараларымен қамтамасыз ету міндетін алған. Сондай - ақ ұйымға тиісті емес нақты ақшалар мен басқадай құндылықтарды кассада сақтауға тиым салынған.
Мамандандырылған жоғары спорт шеберлігі мектебі МКҚК - де кассалық операцияларды арнайы тағайындалған кассир жүргізеді. Ол кассадағы ақшалардың сақталуы үшін материалды - жауапты тұлға болып саналады. Және ақшаларды қабылдау, сақтау, өткізу мен беруді жүргізеді.
Мамандандырылған жоғары спорт шеберлігі мектебі МКҚК - нің кассасынан банкке ақша өткізілген кезде 1030 Есеп айырысу шотындағы ақша шотының дебеті және 1010 Кассадағы ұлттық валютадағы ақша шотының кредиті бойынша жазу беріледі.
Ұйымда кассирдің материалдық жауапкершілігі жөніндегі ұйым төрағасымен кассир арасында келісім шарт жасасқан. Онда кассир мен төрағаның міндеттері мен жауапкершіліктері көрсетіліп, екі данада толтырылған. Және тараптардың қолдары қойылған.
Осы келісім шарттың негізінде ұйымның кассирі Кассирдің міндеттемесін қабылдайды, онда кассалық операцияларды жүргізу ережелерін орындауға, оны бұзған жағдайда жауапкершілікті өз мойнына алуға міндеттенеді. Сондай - ақ кассалық операцияларды жүргізу тәртібімен танысқандығын растап, қолын қояды ( 2.1 сурет).
Кассирдің міндеттемесі
Мен, төменде қойған кассир ___Омарова Айнур Бекқалиқызы_
аты-жөні
Мамандандырылған жоғары спорт шеберлігі мектебі МКҚК
ұйым, мекеменің толық атауы
Маған тапсырылған барлық ақшалай қаражаттар мен басқа да құндылықтар үшін толық жауапкершілікті өз міндетіме аламын. Егер менің селқостығымнан, салақтығымнан немесе абайсыздығымнан

залал келтірсем, мен оны толық көлемде өтеуге міндеттімін.
Мен кассалық операцияларды жүргізудің белгіленген ережелерін бұлжытпай орындауға міндеттенемін және оларды бұзғаным үшін жауапты боламын.
Кассалық операцияларды жүргізу туралы ережелермен таныстым.
01 _сәуір 2020 ж. _Омарова А.Б.
өзі қойған қол
Ескерту Мамандандырылған жоғары спорт шеберлігі мектебі МКҚК мәліметтері негізінде автормен құралған.
2.1 сурет- Кассирдің міндеттемесі
Ұйымның кассирі ауысатындай болса, онда кассаны және құндылықтарды өткізу - беру актісі бойынша рәсімдейді [2].
Кассаға қолма - қол ақшалар есеп айырысу шотынан ақшалай чек бойынша келіп түседі. Кассаға ақша бас бухгалтер қол қойған кассалық кіріс ордерлері (КО-1 үлгіде) бойынша қабылданады ( 2.2 сурет).
№КО-1 нысаны
__МЖСШМ МКҚК_____
Кодтары
Ұйым (жеке кәсіпкер)
30671826
302000023723
ҚҰЖЖ СТН
Жасалған күні
Құжаттың нөмірі
11.03.2014
125
КІРІС КАССА ОРДЕР №125
Мақсатты коды
Сома
(тенге)
кредит
Дебет
Корреспон- денттейтін шоты
4500000671826
6010
1010
Қабылданды №1 дүкен меңгерушісі А.Б.Исинадан
Қабылданды
Негіздеме: сауда түсімі
Сомасы қырық бес мың теңге
Жазбаша
Бас бухгалтер_____________ Токтасынова А.
қолы
қолды таратып жазу
Кассир алды _____________ Омарова А.Б.
қолы қолды таратып жазу
__ЖСШМ МКҚК ___________
Ұйым, мекеме
№125
кіріс касса ордеріне
ТҮБІРТЕК
№1 ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz