Журналистің кәсіби этикалық қағидалары мен міндеттері


Мазмұны
Кіріспе
1 ЖУРНАЛИСТІК ЭТИКАСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
1. 1 Журналист этикасын зерттеген ғалымдардың ғылыми тұжырымдамасы
1. 2 Сөз өнерінің ақпараттық қағидалары мен теориялық негізі
1. 3 Журналистің кәсіби этикалық қағидалары мен міндеттері
2 ЖУРНАЛИСТ ПУБЛИЦИСТИКАСЫ ЖӘНЕ СӨЗ ӘДЕБІ
2. 1 Журналист шығармашылығындағы сөз өнері, тіл тазалығы
2. 2 Баспасөзде тіл әдебі, тіл шұрайлылығы мәселелерінің жазылуы
2. 3 Бұқаралық ақпарат құралдарындағы тіл мәдениеті және оның бағыттары
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі
КІРІСПЕ
Диплом жұмысының өзектілігі. Еліміз егемендік алған соң қоғам өмірінің барлық саласында қалыптасқан стереотиптер бұзылып, көптеген өзгерістер орын алғаны мәлім. Осындай өзгерістер жаңалық жаршысы болып табылатын бұқаралық ақпарат құралдарында ерекше көрініс тапты.
Журналист - ашық қоғамның, әділеттіктің салтанат құруының тілеулесі әрі халық мүддесінің жанашыры. Сондықтан да олар қоғамдық ортада ерекше ілтипат пен зор құрметке қашанда лайық. Публицистің абырой-атағын жоғары ұстау, оған кір келтірмеу әрбір журналистің кәсіби парызы және этикалық нормасы болуы тиіс.
Журналист сөзімен де, өзімен өзгеге үлгі боларлықтай ғылыми-теориялық білімі терең, батыл да принципшіл, кішіпейіл әрі ашық мінезді иманды адам болуы міндетті. Сонымен қатар оған жазу мәдениетін толық игерген жоғары сауаттылық пен тума таланттылық, асқан дарындылық та өте қажет. Осы қасиеттер арқылы белгілі бір журналистің қоғамдық-саяси ахуалға деген ұстанымы мен көзқарасы, моральдық-этикалық тәлім-тәрбиесінің деңгейі анықталады.
Этика - адамгершілік пен мораль туралы теориялық заңдар мен тәжірибелік талап-тілектерді зерттеп, қалыптастыратын ғылым саласы. Яғни, адамдардың қоғамдағы өмір сүру нормалары мен бір-бірімен қарым-қатынасы жайлы ұғымды танытады. Еңбек сүйгіштік, адалдық, достық, сыйластық, сыпайылық, өзіңді-өзің дұрыс ұстай білу, жақсы мінез - осының бәрі этика қағидаларын анықтайды. Сөйтіп, этика жалпы алғанда адамгершілік міндеттерге бағынады. Этика саналы адам болуды қалайды. Демек, журналист те осындай қасиеттерге ие болу керек екені түсінікті. Өйткені журналистің кәсіби мамандығы мұндай қасиеттерсіз табысқа жетуі қиын. Этикалық нормалалардың заңда жасалмаған тұстарын журналист өз ақылымен, сана-сезіммен ұғып, білуге тиіс. Ол адамгершілік идеал мен азаматтық парыздан туындайды.
Журналистика болса маңызды әлеуметтік құбылыстардың бірі болып табылады. Онсыз қоғам өмірін көзге елестету мүмкін емес. Өз тарихында журналистика бұқаралық ақпарат құралдары жүйесі ретінде ұзақ жолдан өткені белгілі. ХҮІ-шы ғасырда адамдардың бір-бірімен хабар алмасу құралы ретінде пайда болғанымен, оның негізі ерте кезді мегзейді. Сол уақыттардан бері журналистика даму, қалыптасу жолдарынан өтті. Әртүрлі қоғамдық формация дөуірлерін бастан кешірді. Сөйтіп өзінің тарихи рөлін толық ашып берді. Бұлай дейтін себебіміз, ешқандай басқа құрал дәл осы журналистика секілді халықты әлеуметтік-саяси тұрғыда жылдам әрі жан-жақты, белсенді түрде әртүрлі хабарлармен қамтамасыз етіп көрген емес. Бұл ретте адамның сана-сезіміне, іс-әрекетіне әсер етіп, олардың көзқарастары мен мақсаттарының қалыптасуына ықпалы тиген. Сөйтіп ол барлық уақытта қоғам өміріне араласа отырып, пайымдаулармен, баға берумен, қорытындылар жасаумен, ұсыныстар айтумен зор қозғау салады. Әсіресе, саясат, экономика, экология, қоғамдық-әлеуметтік қатынастар т. б. көптеген салаларда шешім жасап жүзеге асыруға ықпалы болады.
Сөйтіп, журналистика қоғамның әлеуметтік институттарының бірі болып саналады. Сондай-ақ, ол адамдарды идеялық тәрбиелеу құралы. Журналистика адам санасын көтеруге, рухани әлемді байытуға себепкер болады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеті: Аталған дипломдық жұмысты жазу барысында бүгінгі журналист пен журналистиканың қоғамдағы рөлін анықтау, журналистік этиканың негізгі қағидалары талқылау, журналистің кәсіптік әдебін, телеэфирдегі тіл мәдениетін зерттеу
Тақырыптың зерттелу деңгейі: 80 жылдан асатын тарихы бар Қазақ журналистикасы жақсы зеріттілген деуге әбден болады. Әр жыл сайын осы тақырып төңірегінде көлемді еңбек жазғандардың қатарында Жақып Б, М. Барманқұлов, С. Қозыбаев, Б. Кенжебаев, Т. Амандосов, Қ. Бекхожин, Т. Қожакеев, Ш. И. Нұрғожина, Р. Жаксылықбаева, Н. Омашев т. б. сынды зиялы қауым өкілдері бар.
Жұмыстың құрылымы: Жұмыстың құрылымы екі бөлімнен тұрады. Алдымен кіріспе және екі негізгі бөлім, соңы қортынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімімен аяқталады.
1 ЖУРНАЛИСТІК ЭТИКАСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
1. 1 Журналист этикасын зерттеген ғалымдардың ғылыми тұжырымдамасы
Журналист - ашық қоғамның, әділеттіктің салтанат құруының тілеулесі әрі халық мүддесінің жанашыры. Сондықтан да олар қоғамдық ортада ерекше ілтипат пен зор құрметке қашанда лайық. Публицистің абырой-атағын жоғары ұстау, оған кір келтірмеу әрбір журналистің кәсіби парызы және этикалық нормасы болуы тиіс.
Журналист сөзімен де, өзімен өзгеге үлгі боларлықтай ғылыми-теориялық білімі терең, батыл да принципшіл, кішіпейіл әрі ашық мінезді иманды адам болуы міндетті. Сонымен қатар оған жазу мәдениетін толық игерген жоғары сауаттылық пен тума таланттылық, асқан дарындылық та өте қажет. Осы қасиеттер арқылы белгілі бір журналистің қоғамдық-саяси ахуалға деген ұстанымы мен көзқарасы, моральдық-этикалық тәлім-тәрбиесінің деңгейі анықталады.
Этика термині ежелгі гректің ethos (этос) деген сөзден пайда болған. Алғашқыда бұл сөз мекен ету орта, үй, жануарлар апаны, құс ұяшығы деген мағынаны білдіреді. Кейіннен бұл сөз әдет-ғұрып, салт-сананы, мінез-құлықты білдіретін сөзге айналды. Бұл «этос» сөзінен ұлы Аристотель «этикалық» деген түбірге қосымша енгізіп, адамзаттың ерекше қасиеттерін анықтайды. Білім алудың ерекше түрі ретінде Аристотель ғылымға «этика» саласын енгізді. Этикалық қасиетті кейде рухани қасиетке жатқызады. Адамдарда рухани және этикалық қасиеттерде айырмашылықтар бар.
Аристотельдің этикасына Цицерон moralis (моральдық) деп анықтама береді. Оның айтуынша, бұл сөз латыннан аударғанда мінез-құлық, сән, салт-дәстүр деген мағынаны білдіреді. Яғни Цицеронның моральдық философиясы Аристотельдің этикасымен дәлме-дәл сәйкес келеді. Сонымен IV ғ. б. з. д. латын тілінде болған «moralitаs» «мораль» термині гректің «этика» сөзімен бірдей мағынада қолданылады екен.
Кейбір зерттеуші ғалымдар этика және мораль терминдерінің тарихын неміс тілінің «Sittlichkeit» терминімен (Sittе» «мінез», «slichkeit» «өнегелі») қарастырады. «Этика», «мораль», «адамгершілік» - бастапқы мәнде әртүрлі сөздер болғанымен, бір терминдік ұғымдар. Уақыт өте келе бәрі өзгерді, мәдениет дамыды. Этика - білім, ғылым саласының басты тармағы, мораль - сол салаларды оқытатын пән болып табылады.
Мораль мен адамгершілік ұғымдары уақыт өте келе көп өзгерістерге ұшырады. Мәселен, Гегель моральды адамгершілік іс-әрекет тұрғысында қарастырады. Ал, Аристотель моральды адам жанының маңызды рөлі ретінде анықтайды .
Ежелгі грек философы Сократ этикалық ұғымдарды (айбындылық, әділеттілік) анықтаумен жалпыландырудың үлгісін жасады. Ұғымды анықтаудан бұрын әңгімеге жол берілуі керек, соның барысында бірнеше сұрақтардың көмегімен әңгімелеушінің сөздеріндегі қайшылықтар анықталмақ. Бұл орайда Сократ майевтика (сөйлесу өнері) әдісін ұсынады. Сократтың этикасы рационалды: жаңсақ әрекеттер білместіктен жасалады, ешкім де өз еркімен зұлым болмайды. Адам өзіне үңілген сайын, өзінің білімсіздігін аңғармақ. Сократқа жүгінсек «Менің білетінім ештеңе білмейтіндігім» қағидасының мәні ашыла түспек.
Ал, Сократтың шәкірті, ежелгі грек философы, Платонның пікірінше, сезімдік танымның ақиқатты тану жолында ешқандай маңызы жоқ, себебі түйсіктер арқылы алған мәліметтер заттардың өзіндегі құбылыстар туралы білім емес, тек адамдардың пікірінде ғана қалыптасқан ұғымдар. Ал заттардың көзге көрінбейтін шын мәнін тек ақыл-ойдың күші арқылы білуге болады. Сондықтан шын ақиқатты түсініп білу үшін ақыл-ой заттар әлемінен аластатылып, жанның идеялар әлемінде көргендерін есіне түсіруге мүмкіндік алуы керек.
Ежелгі грек философы, энциклопедист-ғалым Аристотель адамның ақыл-парасатының қабілетін этикадағы ең жоғарғы қозғаушы күш деп тапты. Аристотельдің моральдық үлгісі - Құдай, яғни «өзін ойлайтын ой» - нағыз кемелденген философ. Аристотель: «Рақымшылдыққа ең алдымен дұрыс бағытталған ақыл қызмет етеді» . Демек, адам баласының сезімі дұрыс бағытталса, онда ақыл-ойы да соған орай іс-әрекетке барады.
Әл-Фарабидің әлеуметтік-этикалық көзқарастарын білдіретін зерттеулері де баршылық. Олар: «Бақыт жолын сілтеу», «Азаматтық саясат», «Мемлекеттік қайраткерлердің нақыл сөздері», «Бақытқа жету жолында», «Никомаха этикасы» деп аталатын ғылыми еңбектері. Әл-Фараби өз зерттеулерінде этика, мораль мәселелеріне ерекше назар аударып отырған. Этиканың зерттеу объектісі - мораль, мінез-құлық, әдептілік нормалары екенін жан-жақты дәлелдеген. Әл-Фарабидің айтуы бойынша, этиканың ең жоғары категориясы бақыт болып табылады. Сондай-ақ ол адам бойындағы ақыл-парасатты этикалық-адамгершілік қасиеттерден бөліп қарауға болмайды дегендей пікір айтады. Этиканы ол, ең алдымен, жақсылық пен жамандықты ажыратуға мүмкіндік беретін ғылым деп қарады. Сондықтан оның этика жөніндегі тұжырымдамаларында жақсылық, мейірбандық категориясы басты орын алады. Ұлы ойшыл Әл-Фараби этиканы, ең алдымен, жақсылық пен жамандықты ажыратуға мүмкіндік беретін ғылым деп қарады. Сондықтан оның этика жөніндегі тұжырымдамаларында жақсылық, мейірбандық категориясы басты орын алады. Ғұламаның этикалық ойларынан терең гуманизмнің лебі еседі, ол адам баласын жаратылыстың, бүкіл жан иесі атаулының биік шоқтығы, сондықтан да оны құрметтеу, қастерлеу керек деп түсінеді.
Журналистің кәсіби этикасы - ғылымның ең кенже салаларының бірі. Оның тарихы соңғы жиырма жылдан бастау алады. Оған дәлел ретінде осы уақытқа дейін журналистің кәсіби этикасы жайлы оқулықтардың жарыққа шықпауын атап көрсетуге болады. Ал, педагогикалық мақсатта тек ғылыми монографиялар қолданылады. Соңғы жылдары Ресей ғалымдары журналистикадағы этикалық ғылымға көңіл аудара бастады. Мәселен, ғалым Р. Г. Бухарцев қазіргі таңдағы кәсіби этиканың табиғатын, кәсіби этика мен журналистің шығармашылық даму үрдісінің байланысын ашық дәлелдесе, зерттеуші В. А. Казакова журналистің жұмыс істеу барысындағы әдептілік қарым-қатынастардың түрлерін жан-жақты атап көрсетті. Ал, ғалым В. М. Теплюк журналистің әлеуметтік мәселелердегі жауапкершілігі мен дерек, дәйектерді қолданудағы этикалық нормаларды қарастырды. Баспасөз зерттеушілері Г. В. Лазутина мен Д. С. Авраамов журналистің кәсіби этикасын бүгінгі жаңа тұжырымдар мен көзқарастар негізінде қарастырса, ғалым М. А. Федотов журналист этикасын БАҚ туралы заңның негізгі тармақтарымен байланыстыра отырып зерттейді.
Г. В. Лазутина журналистің кәсіби және этикалық өкілдерінің бірінші тобын құрайтын журналистің кәсіби және моральдық санасының категорияларын талдайды. Зерттеушінің пікірінше, бұл категориялардың кілті - «кәсіби міндет» - «журналистер қауымдастығы қоғам алдындағы өз кәсіптерінің қоғамдық өмірдегі орны мен рөліне сәйкес өз мойнына алатын міндеттер туралы әзірлеген ұғым». Сондай-ақ бұл топқа «кәсіби жауапкершілік» және «кәсіби ар-ождан», «кәсіби ар-намыс» және «кәсіби ар-намыс» категориялары кіреді. Журналистің кәсіби және этикалық өкілдерінің екінші тобы «кәсіби және моральдық ұстанымдардан» тұрады. Онда журналистің моральдық мінез-құлқында кәсіби журналистік қоғамдастық пен оның әрбір мүшесінің тұтас қоғаммен өзара әрекеттесу заңдылықтарын қолданудың негізгі ережелері бар.
Журналистің кәсіби және этикалық өкілдерінің үшінші тобы - бұл нормалар. Журналистің іс-әрекетін басқаратын кәсіби-моральдық нормалар алты топты құрайды - бұл кәсіби өмірде журналистпен сөзсіз дамитын кәсіби-моральдық қатынастарға сәйкес келеді. Соның бірі - «журналист - аудитория». Бұл жерде моральдық міндет маңызды. Ақпарат беру кезінде бұл ақпарат аудитория үшін маңызды болуы керек екенін түсіну керек. Фактілер мен пайымдаулар жеткілікті түрде түсінілуі керек. Ақпарат аудиторияға белгілі бір дәрежеде көмектесуі керек. Сондай-ақ, сенімділік принципі аудиторияға қатысты жұмыс істеуі керек екенін ұмытпаңыз. Екінші қатынас - «журналист - ақпарат көзі». Журналистің ақпарат көзімен байланысы «ашық» бола алады, егер журналист аудиторияның алдына ресми қызметкер ретінде шықса, өзінің ниетін білдіретін немесе табиғатта жасырылған - байқау. Жасырын бақылау кезінде журналист өзінің ниеті мен журналист ретіндегі ұстанымын жасырады. Ауыспалы байқау тек реттелмеген өмірді көру маңызды болған кезде ғана дәлелденеді, байқау объектісі дұрыс таңдалған ба, қабылданған рөлді ойнауға бола ма және құпия ақпаратты алу қажет болғанда ойлану керек. «Журналист - бұл кейіпкер». Кейіпкер ретінде отбасын, достары мен туыстарын журналист таңдауы мүмкін емес. Атаулардың, фамилиялардың, физикалық кемшіліктердің көрінісінен тыс ойнауға жол берілмейді. «Журналист - автор». Әр материалдың артында хат ерекше қатынасты қажет ететін нақты автор. Авторға және оның ойларына құрметпен қарау керек, материалды автордың келісімінсіз редакциялауға болмайды. «Журналист - бұл редакция тобы». Журналист редакцияға кірген кезде ұжымның құрамына енеді. Ол жауапкершілікті өз мойнына алады, ол корпоративтік этикаға сәйкес әрекет етуі керек, басқа бұқаралық ақпарат құралдарымен баспаның келісімінсіз сөйлеспеуі керек, тіпті бүркеншік атпен де, материалдарды басқа бұқаралық ақпарат құралдарында қайта басу туралы редакциямен келісуі керек. «Журналист - әріптес» Шығармашылық өзара іс-қимыл, ынтымақтастық. Журналистер, әріптестер ретінде, бір-бірін қолдауы керек.
Журналистің кәсіби этикасы заңмен бекітілмеген, бірақ журналистік ортада қабылданған және қоғамдық пікірдің күшімен, кәсіби-шығармашылық моральдық ережелермен бекітілген. Бұл журналистің моральдық мінез-құлқының қағидалары, нормалары мен ережелері. Олар этикалық тұрғыдан алғанда ең жақсы идеяға, қоғамда қабылданған жақсылық пен жамандық идеяларына сәйкес кәсіби парызды орындау идеясына негізделген.
Ал, бүгінгі журналистің кәсіби этикасы жөнінде елімізде өте аз зерттелген. Осы маңызды мәселемен арнайы айналасып жүрген ғылыми мамандар да жоқтың қасы. Сондықтан алдағы уақытта журналист этикасы туралы мәселелерді жан-жақты терең зерттеу қажеттілігі бүгінгі өмірден туындап отыр.
1. 2 Сөз өнерінің ақпараттық қағидалары мен теориялық негізі
Кез келген рухани немесе материалдық құндылықтардың алғышарттары ой-сана таразысында пісіп жетілгенімен оның өмірге келіп, адамзат кəдесіне жарауы сөз (тіл) арқылы қалыптасып, ұрпақтан ұрпаққа аманат, жəдігер болып қалатындығы белгілі.
«Түгел сөздің түбі бір, түп атасы - Майқы би», деген халық даналығы бекерге айтылмаса керек.
«Тіл тас жарады, тас жармаса, бас жарады», «Сөз - сүйектен, таяқ еттен өтеді», «Жүйелі сөз жүйесін, жүйесіз сөз иесін табады», «Аңдамай сөйлеген ауырмай өледі», деп сөз қадірін ертеден түйсінген халқымыздың өмір сүру философиясының түп төркіні де сөзбен, тілмен байланысты дамыған.
Қазақтың кең байтақ даласында тіл тұтастығының сақталуы да көшпелі жұрттың сөз өнеріне деген өзіндік ықыласын танытса керек. Алтай таулары мен Маңғыстаудың қойнауында қоныстанған қазақтың тілі де, ділі де, діні де ортақ. Əрине, тілде аздаған диалект болуы мүмкін, бірақ ол жалпы тұтастыққа ешқандай нұқсан келтіріп тұрған жоқ. Атшаптырым аймақта қоныстанған көптеген ұлт- ұлыстар бір-бірін тілмашсыз түсіне алмайтын жағдайлар болады. Еуропаның бес бірдей мемлекеті сиып кетердей аумақта отырған қазақ халқының ұлттық болмыс, нақыш бояуларының ғасырлар бойы өз сипатын жоғалтпай тұтастығын сақтауы таң қаларлық құбылыс. Əрине, зерттеуші- ғалымдарымыздың, тарихшыларымыздың бұған айтар уəж, пікірлері мол. Ең алдымен, көшпелі жұрттың бір-бірімен қоныстас болып, аралас жүруі тіл тұтастығы сақталуының негізгі алғышарты, дейді. Бұл уəжді біз де қолдаймыз. Дегенмен де почта, телеграф сияқты байланысы жоқ көшпелі дəуірде ел мен жердің, тілдің тұтастығын сақтап қалуда, далалық ақпарат таратудың рөлі қандай болған деген əуестік əркімдерді де қызықтырары хақ.
Белгілі журналист-ғалым Қ. Шамақайұлы «Азаматтық журналистика бізге жат емес» атты ғылыми мақаласында: « . . . Азаматтық журналистиканың дəстүрі, тарихы тым əріде жатқанын аңғару қиын емес. Мерзімді баспасөз пайда болудан бұрын қоғам өміріне, заман ағымына баға берген, оның дамуына ықпал еткен еш нəрсе болмады деуге келмейді. Журналистикадан бұрынғы кезеңдерге жатқызылатын ауыз əдебиеті, жазба мұралардың өзінде қазіргі журналистиканың элементі жоқ деп айта алмаймыз», -деп пікір білдіреді.
Сондай-ақ зерттеуші-ғалым қазақ халқының ежелгі мəдениетінде, көшпелі өмір салтында да адамзаттық журналистиканың классикалық үлгісінің элементі жатқандығын айтады. Бұдан əрі автор өз сөзін: «Алыстан алты жасар бала келсе, алпыстағы шал барып сəлем береді» деген сөздің түпкілікті мəнін сапардан оралған жан, мейлі, үлкен болсын, мейлі, кіші болсын оның көпті көретіндігін, көрген-білген адамда жақсылықтың (ақпараттың) болатындығын, жаңалықты білудің, хабар-ошар алудың маңыздылығын осы бір ауыз сөздің өзі меңзеп тұрған жоқ па деген ойларымен сабақтастырады.
Зерттеуші-ғалым Гауһар Əлімбек «Сөз мағынасы жəне ақпарат» атты ғылыми еңбегінде сөздің ақпараттық сипатын былайша саралайды:
- «Сөз - ақпарат сақтаушы тілдік бірлік;
- сөз - ақпарат жеткізу немесе тарату құралы;
- сөз - ақпарат алу құралы;
- сөз - ақпарат алмасу құралы;
- сөздің грамматикалық мағынасы жəне ақпарат» .
Жалпы, тіл, сөз өнері туралы тереңнен толғап, зерделі ой-пікір білдірген ұлттың ғұлама ойшыл- дары, ғалым-жазушылары көптеп саналады.
Белгілі тілші-ғалым Х. Нұрмұқанов өзінің «Сөз жəне шеберлік» атты зерттеу еңбегінде осы жайға жан-жақты тоқталған. «Сондай-ақ бұл проблема «Сөз өнері», «Өрелі өнер», «Жазушы жəне сөз мəдениеті», «Сөзстан», «Стиль сыры», «Журналист жəне өмір», «Қаламгер жəне уақыт» жинақтарымен белгілі ақын, жазушыларымыздың, сыншыларымыздың, ғалымдарымыздың (мəселен, Ғ. Мүсіреповтің «Суреткер парызы», Ғ. Мұстафиннің «Ой əуендері», Ə. Тəжібаевтың «Өмір жəне поэзия», «Жылдар, ойлар», Т. Нұртазиннің «Шеберлік туралы ойлар», Б. Кенжебаевтың «Шындық жəне шеберлік», З. Қабдоловтың «Жебе», Қ. Мырзалиевтің «Сөз сиқыры», М. Балақаевтың «Қазақ тілі мəдениетінің мəселелері», Н. Уəлиевтің «Сөз мəдениеті» т. б. ) еңбектерінде қаралып, əсіресе «Қазақ əдебиеті» газетінің «Толғауы тоқсан қызыл тіл», «Шеберлік туралы əңгімелейміз» рубрикалары желісінде ұзақ жылдар бойы үзілместен сөз болып келеді».
Бұл келтірілген деректер 1987 жылға дейінгі уақыттың кейбір еңбектерін қамтыса, 1985 жылғы сəуір самалынан кейінгі қазақ тілінің тағдыры туралы тереңнен қаузап, ашық, батыл жазылған шығармалар қаншама?
Сөз, тіл өнері, оның тағдыры туралы жазылған, айтылған толғақты пікірлер жүздеген Х томдарға жүк болары сөзсіз.
ХІХ ғ. қазақтың ойшыл ақыны Абай: «Сөз түзелді, тыңдаушы сен де түзел» десе, ХХ ғ. басында А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, С. Сейфуллиндер ұлт тіліне, сөз өнеріне қатысты ұрпаққа ұлағат болар толғамды пікірлер айтқан болатын. Алыптар тобының бұл аманатын М. Əуезов, С. Мұқанов, Ғ. Мүсірепов, Ғ. Мұстафиндер тереңдете түсті.
Қазақ əдебиеті мен өнерінің көрнекті қайраткері, ұлт зиялысы А. Байтұрсынов өзінің «Əдебиет танытқыш» (1926) еңбегінде сөз өнері, тіл қисыны, сөз өнерінің ғылымы туралы теңдессіз теориялық қағидалар жазды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz