Энергиямен жабдықтау шарты
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ш.ЕСЕНОВ атындағы КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР
ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ
Бизнес және құқық факультеті
Құқықтану кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Пәні: Азаматтық құқық
Тақырыбы: Энергиямен жабдықтау шарты
Орындаған: ЮП-18-5 зерттеулер тобының ТАРАУ. студенті
Қашқынбаева Іңкәр
Рецензент:з.ғ.к.,доцент Абылай Садуакасова.Л.О
2.1.Абылай Ақтау-2020
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1.ЭНЕРГИЯМЕН ЖАБДЫҚТАУ ШАРТЫ БОЙЫНША ТҮСІНІКТЕМЕ...5
1.1Энергиямен жабдықтау шартының нысаны ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... .. 5
1.2Энергиямен жабдықтау шартының элементтерi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
2.ЭНЕРГИЯМЕН ЖАБДЫҚТАУ ШАРТЫНЫҢ НЕГІЗГІ ҚҰРАМЫ ... ... 15
2.1Энергиямен жабдықтау шарты және ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ...15
2.2 Энергиямен жабдықтау түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ..25
КІРІСПЕ
Қурстық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Қазіргі уақытта өркениеттің болуы мен дамуы тиісті энергиямен жабдықтаусыз мүмкін емес.
Күнделікті кезеңдік басылымдардың беттері мен өзге де ақпарат құралдары көздерінде бүгінгі таңдағы энергиямен жабдықтаудың əр түрлі аспектілері қарастырылады. Бұл мұнайды, газды, электр энергиясын, жылу энергиясын жəне т.б. өндіру мен тұтыну.
Нарықтық экономикаға өту энергиямен жабдықтау бойынша қатынастардың құқықтық реттелу мəселелерін де, энергетикалық саланың өзінің де барлық əлсіз жақтарының көрінісін берді. Бұрынғы Кеңес Одағы кезеңінде ақша бірлігінің тұрақтылығы мен экономиканың өркендеуіне байланысты энергиямен жабдықтаудың кез келген түріне байланысты мəселелерге мемлекеттік органдар мен тұтынушылардың басым бөлігі қызығушылық танытқан жоқ.
Қазір тұтынушылырдың барлық санаттары энергия мен ресурстардың əр түрімен жабдықтау мəселелеріне белсенді қызығушылық танытатындығын бақылауға болады. Бұл негізінен инфляциялық үрдіс нəтижесінде экономикалық дағдарыс жағдайында объективтік себептерге байланысты.
Жұмыстың өзектілігі. Ең алғаш энергиямен жабдықтау шартының заңдық анықтамасы 2011 жылы 31 маусымда Азаматтық заңнама негіздерімен реттелді, ол кезде əрекет етуші шарт Жалғанған желі арқылы энергетикалық жəне өзге де ресурстармен жабдықтау туралы шарт деп аталды. Энергетикалық жəне өзге ресурстармен жабдықтау шарты сатып алу-сату шартының бір түрі ретінде қарастырылды.
Қазақстан Республикасының жаңа азаматтық заңнамасында энергиямен жабдықтау шартына Азаматтық кодекстің Ерекше бөлімінің 25 тарауы арналған. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде энергиямен жабдықтау шартына 482-бапта анықтама берілген: энергиямен жабдықтау шарты бойынша энергиямен жабдықтаушы ұйым абонентке (тұтынушыға) жалғанған желі арқылы энергия беруге міндеттенеді, ал абонент алынған энергия үшін ақы төлеуге, сондай-ақ оны тұтынудың шартта көзделген режимін сақтауға, өзінің қарауындағы энергетика желілерін пайдалану жəне қауіпсіздігін энергияны тұтынуға байланысты пайдаланылатын аспаптар мен жабдықтардың ақаусыздығын қамтамасыз етуге міндеттенеді. Азаматтық кодексте көрсетілгендей, энергиямен жабдықтау шарты сатып алу-сату шартының арнайы түрі деп түсіндірілед
Берілген курстық жұмыстың мақсаты - Электр энергетикасы саласында реформаның нормативтік-құқықтық базасы 1995 жылы 23 желтоқсанда Электр энергетикасы туралы Президенттің Жарлығының шығуымен құрыла бастады. Заң күші бар жарлық мемлекеттің басқаруымен бəсекелестік бастамасында энергетиканың қызмет етуі қағидасын бекітті. Сонымен қатар жарлық, саланың дамуының жаңа міндеттерін қойды. Жекелеп айтқанда, электр энергетикасының реттелінетін нарығын құру, сондай-ақ оны демонополизациялау жəне жекешелендіру.
Бұл құжатта саланы қайта реттеу бағыты болған жоқ, себебі электр энергетикасында қызметтердің барлық түрі табиғи монополия ретінде қарастыру жалғасып жатқан болатын.
Саланы ырықтандыру бойынша нақты шаралар № 663 2011 жылы 30 маусымда Үкімет қаулысымен бекітілген Электр энергетикасында құрылымын өзгерту жəне жекешелендіру бағдарламасында көрініс тапқан. Мұнда реформаның негізгі бағыттары аталған, оларға электр энергиясын өндіруші кəсіпорындарды электр энергетикасында бəсекелестік секторы ретінде бөлу, оларды жекешелендіру жəне электр энергиясының бəсекелестік нарығын құру. Осылай электр энергетикасы толығымен табиғи монополия саласына жатпайды деп танылды.
Электр энергетикасын демонополизациялау туралы түпкілікті шешім қабылдау оны реформалауға негіз салды. Табиғи монополиялар саласын реттеу № 272 1998 жылғы 9 шілдедегі Табиғи монополиялар туралы Заңмен анықталды (№ 364 II 2002 жылы 26 желтоқсандағы заңмен олардың тізімі кеңейтілді)
Осыған сәйкес курстық жұмыстың міндеті:
- энергиямен жабдықтау кәсіпкерлік үрдісінде жүзеге асырылатын;
- энергиямен жабдықтау құқықтары мен міндеттері, заңдарда немесе тараптардың келісімінде көзделген өзге реттерде жазбаша жасауы тиіс.
Курстық жұмыстың объектісі - энергиямен жабдықтау
Курстық жұмыстың пәні - Қазақстан Республикасы Азаматтық құқығы
Курстық жұмыстың құрылымы- Қазақстан Республикасындағы энергиямен жабдықтай отырып қарастыра отырып, алу туралы арыздар бойынша іс жүргізуге тоқталу болып табылады.
1. ЭНЕРГИЯМЕН ЖАБДЫҚТАУ ШАРТЫ БОЙЫНША ТҮСІНІКТЕМЕ
1.1Энергиямен жабдықтау шартының нысаны
Қазіргі уақытта өркениеттің болуы мен дамуы тиісті энергиямен жабдықтаусыз мүмкін емес. Күнделікті кезеңдік басылымдардың беттері мен өзге де ақпарат құралдары көздерінде бүгінгі таңдағы энергиямен жабдықтаудың əр түрлі аспектілері қарастырылады. Бұл мұнайды, газды, электр энергиясын, жылу энергиясын жəне т.б. өндіру мен тұтыну. Нарықтық экономикаға өту энергиямен жабдықтау бойынша қатынастардың құқықтық реттелу мəселелерін де, энергетикалық саланың өзінің де барлық əлсіз жақтарының көрінісін берді. Бұрынғы Кеңес Одағы кезеңінде ақша бірлігінің тұрақтылығы мен экономиканың өркендеуіне байланысты энергиямен жабдықтаудың кез келген түріне байланысты мəселелерге мемлекеттік органдар мен тұтынушылардың басым бөлігі қызығушылық танытқан жоқ. Қазір тұтынушылырдың барлық санаттары энергия мен ресурстардың əр түрімен жабдықтау мəселелеріне белсенді қызығушылық танытатындығын бақылауға болады. Бұл негізінен инфляциялық үрдіс нəтижесінде экономикалық дағдарыс жағдайында объективтік себептерге байланысты.
Энергетика туралы ғылым КСРО кезіндегі ГОЭЛРО тарихи жобасынан бастау алады. Ол табиғи энергетикалық ресурстардың энергия түрлеріне қайта ауысу заңдылығы мен əдістерін зерттейді. Аталған жоспар Лениннің бастамасы болып табылады. Бұл жоспар Кеңес мемлекеттерінде перспективті халық шаруашылық жоспарларының алғашқысы. ГОЭЛРО жоспарына сəйкес 10 - 15 жылға есептелген мемлекет экономикасының түпкілікті қайта құрылуының кеңінен тараған бағдарламасы болып табылады. В.И.Лениннің ойы бойынша, партия мен барлық еңбекшілер қызметінің негізгі міндеті мемлекетті электрификациялау жоспарын орындау үшін күресу қажет.
Электрификация социализм мен коммунизмнің материалды-техникалық базасын құрудың негізі болып табылады.Отандық энергетикалық ғылым мектебі Г.М.Крижановскиймен 30-жылдары құрылды. Бұл тұста В.И.Вейц, А.В.Винтер, А.Е.Пробст, Е.А.Русаковскиидің еңбектері үлкен мəнге ие болғандығын атап өтуіміз қажет. Осы уақытта көлемі жəне ұзақтығы бойынша электр энергетикасымен, газбен жабдықтау, мұнаймен жабдықтау жүйелері құрылды, сонымен қатар орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйелері іске қосылды.
Ядерлі-энергетикалық жүйе қалыптаса бастады. Олардың дəрежесінде КСРО-ның Біртұтас энергетикалық жүйесі қалыптасты. Энергетиканың дамуы жағынан КСРО 70-жылдардың ортасында Ұлыбритания, Германия жəне Франция мемлекеттерін тұтастай алғанда, дүние жүзі бойынша 2 орында болды. КСРО өзінің жанар-жағар май, энергетикалық ресурстарымен дамуын орталықтандыратын дүние жүзіндегі ең ірі индустриалды мемлекет болды [
Егер заң актілерінде немесе бөлшектеп сатып алу-сату шартында, соның ішінде сатып алушы қосылатын формулалардың немесс өзге де стандарттық нысандарының талаптарында өзгеше белгіленбесе, сатушы сатып алушыға касса немесе тауар чегін немесе тауарға ақы төленгенін растайтын өзге де құжатты берген кезден бастап бөлшектеп сатып алу-сату шарты тиісті нысанда жасалған болып ессптеледі. Аталған құжаттардың сатып алушыда болмауы оны шарттың жасалғандығын және жағдайларын растау үшін куәлік айғақтарға сүйену мүмкіндігінен айырмайды.
Мүлікті иеленуге және пайдалануға беру міндеттемелері, мүлікті жалға беру шарттарынан мен оның түрлерінен туындайды. Мүлікті жалдау шартының ұғымы заңда келесі түрде берілген: мүлікті жалдау шарты бойынша бірінші жақ жалға беруші, жалға алушыға мүлікті ақы үшін уақытша иеленуге және пайдалануға буруге міндеттенеді (АК 540 б.).
Жалға алған мүлікті, жалға алушы Азаматтық кодекста бекітілген жағдайда және тәртіппен, басқаруға құқылы болады. Бұл міндеттемелердің заты - мүлікті және мүліктік құқықтарды уақытша иеленуге және пайдалануға беру болады. Жалдау мерзімі аяқталғаннан кейін, мүлік меншік иесіне немесе өзге заңды иеленушісіне қайтарылуы тиіс болады. Мүлікті жалдау шартының жақтары: жалға беруші (арендаға беруші) және жалға алушы (арендаға алушы) деп аталады. Оларға, әрекет қабілеттілігінің көлеміне қарай, кез келген жеке немесе заңды тұлғалар жатқызылуы мүмкін. Мүлікті жалдау шартының заты - азаматтық өрістіктен алынбаған, жеке белгілерімен анықталған және тұтылмайтын, кез келген мүлік болуы мүмкін.
Объектісі жөніндегі жағдайлар, шарттың негізгі жағдайларының біріне жатады. Аренда алушының негізгі міндеттеріне: арендаға алынған мүлікті мақсатына қарай пайдалану, (егер шартта өзгеше көзделмесе) оны ағымды жөндеуден өткізу, жалдау ақысын шартта көзделген нысанда және уақытында төлеу және де жалдау мерзімі аяқталысымен, мүлікті қайтарып беру жатады. Мүлікті жалға берушінің міндеті: мүлікті жалға алушыға, барлық саймандарымен және құжаттарымен уақытша иеленуге және пайдалануға беру болады
Сондай-ақ, тауарды берген жағдайда, тауарды түр-түрімен, жинақтылығымен және жиынтығымен, үшінші тұлғалардың құқықтарынан тыс тауарды беру, тауарды салатын ыдыс және оны буып-түю сатушының міндеті болып табылады.
Шартты тоқтату кезінде, мүліктің одан бөлінетін және бөлінбейтін жақсартулары жөніндегі мәселелер әр қашан да ең даулы мәселелер болып табылады. Олардың тағдыры келесі түрде шешіледі: егер жақтар келісімінде өзгеше көзделмесе, кейбір жақсартулар жалға алушының меншігіне көшеді. Жалға берушінін келісімінсіз жасалған жақсартулардың ақысы төлеуге жатпайды (АК 555 б.). Егер шартта өзгеше көзделмесе, мүлікті күрделі жөндеуден өткізу міндеті, жалпы алғанда, жалға берушіге жүктеледі. Мүлікті жалдау шартының кейбір түрлерінде аталған ережелер өзгертіледі.
Қазақстанның табиғи жəне энергетикалық ресурстары бұл оның күмəнсіз бəсекелік жағынан басымдылығы мен баға жетпес қоры болып табылады. Бірақ бұл қорды пайдалану кезінде бүгінгі күннің мəселелерін болашақтағы ұрпақтың есебінен шешпеу үшін тиісті түрде билік ету қажет. Ғылыми жетістіктердің дамуымен, энергетика мемлекетімізде əлеуметтік-экономикалық дамудың кілті болып табылады.Қоршаған орта жəне даму бойынша БҰҰ Дүние жүзілік Конференциясын да болашақтағы энергетиканың үш негізгі мақсаты қалыптастырылды: энергия ресурстарын ысырапсыз пайдалану, энергияны тиімді пайдалану жəне балама энергия ресурстарын пайдалануды өсіруді қайта жандандыру.
Кеңес Одағы құлдырағаннан кейін Қазақстан жанар-жағар май мен энергетикалық ресурстарды иеленуші дүние жүзіндегі ең ірі мемлекеттердің бірі болды. Бірақ, өкінішке орай, Қазақстанда əлі күнге дейін энергетикалық экстенсивті шаруашылық жүргізу жалғасуда. Экономиканың ресурспен қамтамасыз етілуі соңғы онжылдықта біршама төмендеді жəне өңірлік энергетикалық дағдарыстар əдеттегідей құбылыс болып кетті. Едəуір оңай қол жететін, қайта қалпына келмейтін ресурстар саны жағынан көп қолданылады, бұл оның тез жоғалып кетуіне əкеледі. Ал бұл өз алдына шығыстардың көп болуы мен қоршаған ортаның ластануына əкеледі.
Қазіргі таңда энергия ресурстары көбінесе экономикалық жағдайды анықтайды. Көптеген мемлекеттер үшін энергияны үнемдеу мен энергияның тиімділігі мəселесін шешу қызметтің үстем бағыты. Энергияны тұтыну мен энергияны қолдануды ұтымды, жоғары дəрежеде дамудың бірден бір дұрыс жəне қол жететін жолы. Мұны түсіне білетін бірнеше мемлекет -- ТМД қатысушылары 2002 жылы 7 қазанда энергияның тиімділігі мен энергияны үнемдеуді қамтамасыз ету саласында қарым- қатынас туралы Келісімге қол қою туралы шешім қабылдады.
Біздің республикамыздағы ішкі заңнамаға келетін болсақ, онда энергияны үнемдеуді экономикалық жəне экологиялық мəселелерді шешудің маңызды факторы ретінде қарастырады, сонымен қатар экономиканы энергияны үнемдеудің даму жолына ауыстыру қажеттігін біле отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі 1997 жылы 25 желтоқсанда арнайы, негізгі нормативтік- құқықтық акт ретінде энергияны үнемдеу үрдісін реттейтін Энергияны үнемдеу туралы Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Берілген Заң Қазақстан Республикасында жанар-жағар май жəне энергетикалық ресурстарды тиімді пайдалану үшін экономикалық жəне ұйымдастырушылық жағдай қалыптастыру мақсатында əзірленді.
Бұл нормативтік құжаттың энергия ресурстарының айналымы мен олардың үнемделуі саласындағы ерекше мəнін ескере отырып, оның беделі мен басымдылығын танумен қоса, біздің ойымызша, келесі кемшіліктерін де атап кету қажет. Мысалы, қарастырылып отырған Заң энергетикалық ресурстардың тиімділігін, ұтымды жəне қауіпсіз қолданылуын мақсат ете отырып, энергия тиімділігі, энергиялық қауіпсіздік деген негізгі түсініктерге анықтама бермеген. Сонымен қатар нақты саладағы кез келген нормативтік-құқықтық акт сияқты берілген Заң энергияны үнемдеу саласындағы қатынастарды реттейтін негіз салушы құқықтық акт. Осыған сəйкес, Энергияны үнемдеу туралы Заң энергияны үнемдеу үрдісінде қолданылатын барлық негізгі түсініктерге, осы құқықтық қатынас субъектілері қызметін бақылау жəне түзету бағыттары бойынша құзыретті органның өз қызметін жүзеге асыру үрдісі мен тəртібі, сондай-ақ Заң талаптары сақталмаған жағдайда жауапкершілікке тарту тəртібі нақты заңдық анықталмаған.
Энергияны үнемдеу объектілері түсінігіне анықтама бере отырып, Эн
Қазақстан Республикасының жаңа азаматтық заңнамасында энергиямен жабдықтау шартына Азаматтық кодекстің Ерекше бөлімінің 25 тарауы арналған. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде энергиямен жабдықтау шартына 482-бапта анықтама берілген: энергиямен жабдықтау шарты бойынша энергиямен жабдықтаушы ұйым абонентке (тұтынушыға) жалғанған желі арқылы энергия беруге міндеттенеді, ал абонент алынған энергия үшін ақы төлеуге, сондай-ақ оны тұтынудың шартта көзделген режимін сақтауға, өзінің қарауындағы энергетика желілерін пайдалану жəне қауіпсіздігін энергияны тұтынуға байланысты пайдаланылатын аспаптар мен жабдықтардың ақаусыздығын қамтамасыз етуге міндеттенеді. Азаматтық кодексте көрсетілгендей, энергиямен жабдықтау шарты сатып алу-сату шартының арнайы түрі деп түсіндіріледі .
Электр энергетикасы саласында реформаның нормативтік-құқықтық базасы 2005 жылы 23 желтоқсанда Электр энергетикасы туралы Президенттің Жарлығының шығуымен құрыла бастады. Заң күші бар жарлық мемлекеттің басқаруымен бəсекелестік бастамасында энергетиканың қызмет етуі қағидасын бекітті. Сонымен қатар жарлық, саланың дамуының жаңа міндеттерін қойды. Жекелеп айтқанда, электр энергетикасының реттелінетін нарығын құру, сондай-ақ оны демонополизациялау жəне жекешелендіру.
Бұл құжатта саланы қайта реттеу бағыты болған жоқ, себебі электр энергетикасында қызметтердің барлық түрі табиғи монополия ретінде қарастыру жалғасып жатқан болатын. Саланы ырықтандыру бойынша нақты шаралар № 66 30 маусымда Үкімет қаулысымен бекітілген Электр энергетикасында құрылымын өзгерту жəне жекешелендіру бағдарламасында көрініс тапқан. Мұнда реформаның негізгі бағыттары аталған, оларға электр энергиясын өндіруші кəсіпорындарды электр энергетикасында бəсекелестік секторы ретінде бөлу, оларды жекешелендіру жəне электр энергиясының бəсекелестік нарығын құру.
Осылай электр энергетикасы толығымен табиғи монополия саласына жатпайды деп танылды. Электр энергетикасын демонополизациялау туралы түпкілікті шешім қабылдау оны реформалауға негіз салды. Табиғи монополиялар саласын реттеу № 272 1998 жылғы 9 шілдедегі Табиғи монополиялар туралы Заңмен анықталды (№ 364 II 2002 жылы 26 желтоқсандағы заңмен олардың тізімі кеңейтілді). Бағдарламада көзделген кейбір мақсаттар № 384 1999 жылы 9 сəуірдегі Үкіметтің Қаулысымен бекітілген 2030 жылға дейінгі электр энергиясын дамыту бағдарламасында əрі қарай өз жалғасын тапты. Бұл құжатта Қазақстанның энергетикасының жоғары деңгейдегі даму мақсаты қалыптастырылған. Реформаның даму бағытын анықтау кезінде, бағдарлама көп жағдайда бұрынғы құжаттардың ережелерін қайталады. Сонымен қатар кейбір мақсаттар толықтырылып, нақтыланды.
2000 жылдың екінші жартысында қалыптасқан саладағы жаңа экономикалық қатынастар ескірген 1995 жылғы Электр энергетикасы туралы Жарлықтың орнына № 438 2011 жылы 16 шілдеде қабылданған Электр энергетикасы туралы Заңда заңдастырылған болатын. Заң жоғарыда көзделген құжаттардағы көптеген ережелерге түсініктеме бере отырып, оларға едəуір жоғары мəртебе танытты. Саладағы мемлекеттік басқару 1995 жылғы Электр энергетикасы туралы Жарлықтағы талаптармен салыстырғанда шектелді. Атқарушы билік органдарына кəсіпорының өндірістік технологиялық қызметіне араласуға тыйым салынды. Тарифті мемлекеттік реттеу табиғи монополия тарифтерімен жəне бөлшектеп сатып алушы тұтынушылар үшін электр энергетикасына жіберілетін тарифтермен шектелді. Электр энергиясын бөлу үрдісі мемлекеттік басқару саласынан алынып тасталды. Ең алғаш заңдық дəрежеде нарықты ұйымдастыру, тұтынушылардың құқықтары мен міндеттері, шарттық қатынастар кестесі, қағидалары бекітілді.
2000 жылдың екінші жартысында мемлекеттің саясатының ауыстыруының нəтижесі ретінде электр энергетикасын өткізу жəне генерациялау саласында жеке сектордың басымдылығымен саланың жаңа құрылымы қалыптасты. Бірақ 2000 жылға қарай нарық бұрынғыша шектеулі сипатқа ие болды. Ол электр энергиясын екі жақты контракт бойынша сатып алу-сатудан жəне электр қуатының қорын сатудан ғана тұрды. Нарықтың мəселелерінің сипаты № 606 2000 жылы 20 сəуірде Үкімет қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының электр энергиясын жəне қуатының көтерме нарығын жетілдіру концепциясында (№ 190 18.02.2004 жылы ҚР Үкіметінің Қаулысымен өзгерістер енгізілген) берілген. Аталған Концепцияның кемшіліктеріне:нарық субъектілерінің қатынастарын реттейтін нормативтік-құқықтық базасының дамымағандығы;
мерзімді, сондай-ақ күнделікті электр энергиясының жəне қуаттың саудасының баланстық жəне спотты нарықта бар техникалық жəне ақпараттық қамтамасыз етілуінің жетілмегендігі;
нақты уақыт режиміне жақындастырылған электр энергиясын қуатты тұтыну мен өндіру мөлдір нарықтық механизмін теңестірілуінің болмауы.
Осының негізінде Концепцияда нарықты əрі қарай дамыту мақсаттары анықталған, оларға:
спот нарығы жəне теңестірілген нарықтың шегінде электр энергиясын жан-жақты саудалау механизмін құру;
бəсекелестікті əрі қарай дамыту;
электр энергиясының сапасын, сондай-ақ Қазақстанның БЭС басқарылуы мен беріктілігін жоғарылату.
Бұл кезеңде нормативтік база Электр энергетикасы туралы ҚР Заңына сəйкестендірілді, тиісті Заңға бағынышты актілер пайда болды.
Осы саланы құқықтық реттеудің қазіргі кезеңі № 190 2004 жылы 18 ақпанда Үкімет қаулысымен қабылданған Қазақстан Республикасының электр энергетикасындағы нарықтық қатынастардың əрі қарай даму концепциясы көрініс береді.
Энергияны үнемдеу объектілері түсінігіне анықтама бере отырып, Энергияны үнемдеу туралы Заңда олардың субъектілеріне заңдық бекітілген анықтама берілмеген. Біздің ойымызша, аталған субъектілерге энергетикалық ресурстарды пайдалану тиімділігін жоғарылатуға бағытталған қызметті жүзеге асыратын немесе жүзеге асыруға заңға сəйкес міндетті заңды тұлғалар немесе жеке кəсіпкерлер (энергетикалық ресурстарды өндіруші немесе қолданушы) болуы мүмкін. Энергияны үнемдеу үрдісі субъектілері туралы сөз қозғасақ, осы үрдіске тартылған құзыретті органның шеңбері туралы мəселе ашық. Аталған Заңның 7-бабында энергия үнемдеу саласындағы уəкілетті органның құзыреттілігі туралы ғана айтылған. Электр энергетикасы, техникалық реттеу жəне қадағалау, мемлекеттік статистика жəне архитектура мен құрылыс саласындағы мемлекеттік (уəкілетті) органдардың өкілеттігі мен құқықтық мəртебесі туралы ереже мүлдем жоқ. Аталған органдардың құзыреттілігі анықталмаса, бұл құзыреттіліктердің шегі туралы, даулы мəселелерді шешу тəртібі туралы мəселе түсініксіз болып қала береді.
Энергия ресурстарын үнемдеу саласындағы Қазақстан Республикасындағы əрекет етуші заңнаманың негізгі ақаулығы ретінде Заңның талаптарын мемлекеттік бақылауды көздейтін нормалардың жеткіліксіздігі, ал жекелеген жағдайларда мүлдем болмауын атап өту қажет. Құқық бұзушыны жауапкершілікке тарту мүмкіншілігінің болмауы, азаматтық міндеттеменің орындалуының өзінің міндеттілік қасиетін жояды жəне құқық бұзушының немқұрайлығын тудырады. Жауапкершілікке тарту қандай да бір құқық бұзушылық жағдайына анықталған құқықтық норманың санкциясын жүзеге асыру қызметін атқарады.
Сонымен қатар анықтама осы жауапкершіліктің шегін де талап етеді. Жоғарыда аталған ақаулықтар Энергия үнемдеу жəне энергия тиімділігін арттыру туралы Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 541-IV Заңының қабылданумен ішінара өзгерген. Мысалы, бұл Заңның 1-бабының 12-тармақшасында: энергетикалық тиімділік (энергия тиімділігі) -- энергетикалық ресурстарды пайдаланудан болған пайдалы əсердің осы əсерді алу мақсатында өндірілген энергетикалық ресурстардың шығындарына қатынасын көрсететін сипаттамалар деп жоғарыда аталған Энергияны үнемдеу жəне энергия тиімділігін арттыру туралы Заңда аталған ақаулықтың орны толтырылған
Бірақ осы тұста Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан - 2050 Стратегиясында: бесінші сын қатер -- жаһандық энергетикалық қауіпсіздік -- деп көзделгенін атап өтетін болсақ, жоғарыда аталған Заңда бұл терминге əлі де түсінік берілмеген.
1.2 Энергиямен жабдықтау шартының элементтерi
Энергиямен жабдықтау шарты бойынша энергиямен жабдықтаушы ұйым абонентке (тұтынушыға) жалғанған желі арқылы энергия беруге міндеттенеді, ал абонент алынған энергия үшін ақы төлеуге, сондай-ақ оны тұтынудың шартта көзделген режимін сақтауға, өзінің карауындағы энергетика желілерін пайдалану қауіпсіздігін және энергияны тұтынуға байланысты пайдаланылатын аспаптар мен жабдықтардың ақаусыздығын қамтамасыз етуте міндеттенеді (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 482-бабы).
Энергия айналымы ерекшелігінің түбінде екі себеп жатыр. Біріншіден, энергия тек шектеулі уақытқа сақталынады. Осыған байланысты энергияны өндіру, бөлу және тарату бір-бірімен өзара тығыз байланысты, бұл шарт бойынша екі тараптың міндеттері мен құқықтарын бөлуге өз әсерін тигізеді. Екіншіден, энергияны тарату қазіргі жағдайда күрделі болып табылатын жабдықтар көмегімен қалыптасады. Энергиямен жабдықтаушы ұйымдарда инженерлік коммуникацияның, бақылау өлшеу аспаптарының, қауіпсіздікті қамтамасыз ететін құралдардың болуы міндетті. Электрмен жабдықтау шарты консенсуалды, екі жақты, өтемді (ақылы) болып табылады. Энергиямен жабдықтайтын ұйымның құқықтарын заттық құқықтар механизмі де қамтамасыз ете алады. Желілердің иесі белгіленген мер-зім бойы энергиямен жабдықтайтын ұйым үшін қажетті мөлшердегі энергияны өткізу қабілеттілікті сақтап (камтамасыз етіп) тұруға міндетті. Бұл желілер иесі өзіне энергияны өткізу шарты негізінде жүктеген ауыртпалық болып бағалануы мүмкін.
Энергиямен жабдықтау шартының нысаны. Тұтынушыларды энергиямен жабдықтау энергиямен жабдықтау шарты негізінде гана қалыптасады. Бұл шарттың нысаны мәміле нысанына қатысты жалпы ережелерге бағынады. Кәсіпкерлік қызмет субъектілері арасындағы энергиямен жабдықтау шарты жай жазбаша нысанда бекітілуі мүмкін. Тұрмыстық тұтыну шарты ауызша нысанда бекітілуі мүмкін, тұтынушы электр энергиясын пайдалану, және электр құралдары мен электр желілерінің пайдалану техникалық жағдайын сақтау ережелерімен танысуы қажет. Келісімшартты бекіту айғағы ретінде аталған шарттың жағдайы келтірілген есеп кітапшасын алу қажет. Шарт тарптар арасында кез келген мерзімге (жыл, ай, тәуліктер, сағат ж.т.б.) екі жақты мерзімді шарттар жасалуы мүмкін.
Тәжірибеде энергиямен жабдықтау шарты бір жылға жаса-лады. Мерзім аяқталғаннан кейін энергиямен жабдықтау шартын тоқтату немесе өзгерту туралы тараптардьщ біреуінің өтініші болмаған жағдайда ол шартта көзделген дәл сондай мерзімге және нақ сондай талаптар бойынша ұзартылған болып есептеледі
Энергиямен жабдықтау шартының элементтері. Энергиямен жабдықтау шартының тараптары жеке және заңды тұлғалар болуы мүмкін. Аталған саладағы құқықтық реттеу ерекшелігі оның субъективтік қатарына, әсіресе электр энергиясын сатушы тарапынан елеулі әсер етеді. Жылу энергиясын жабдықтау ерекшелігі электр энергиясын пайдалану ережелерімен бірге бекітілген жылу энергиясын пайдалану ережелерімен анықталады.
Сатып алушы (абонент) -- бұл электрмен жабдықтау шартына отырған, энергиямен жабдықтаушы ұйымдар желісіне электр қондырғыларын қосқан тұлға. Энергиямен жабдықтау шарты сатып алушыларға осындай ерекше талаптары арқылы сатып алу-сатудың басқа шарттарынан ажыратылады. Абонент (сатып алушы) болып жеке, сонымен катар заңды тұлғалар табылады.
Энергиямен жабдықтау-шартының нысанасы.
Сатып алу-сату шартының нысанасы болып, электр немесе жылу қуаты табылады. Жалғанған желі арқылы тұтынушыларға берілетін кез келген заттар энергиямен жабдықтау шартының нысанасы болуы мүмкін деп есептейтін кейбір авторлар мен келісуге болмайды.
Жекелеп алсақ, мұнай, мұнай өнімдері, су және басқа өнімдері болады.
Баға. Қазақстан Республикасында баға белгілеу бостандығы электр және жылу энергиясы нарығына да таралады. Мемлекеттік реттеуге монополиялық қызмет субъектілеріне баға белгілеу жатады. Бірқатар жағдайларда электр энергиясын жабдықтаушылар (таратушылар) және өндірушілерге Қазақстан Республикасының Табиғи монополия туралы Заңы қолданылуы мүмкін. Атап өткендей, электр энергиясынан алынатын (тұтынылатын) қуатқа байланысты бағалар екі ставкалық немесе бір ставкалық тариф бойынша анықталады. Екі ставкалық тариф энергиямен жабдықтаушы ұйым желісінің ең жоғары жүктемесіне қатысатын шарттық ең жоғары (максималды) қуаттың 1кВт үшін төлемінен - негізгі ставкадан, тұтынушыға босатылған белсенді электр энсргиясын 1кВТ сағаты үшін төлем, яғни қосымша ставкадан тұрады. Шартта электр энергиясына жеңілдіктер (үстеме) белгіленуі мүмкін. Көтерме тұтынушылар-қайта сатушылар энергиямен жабдықтаушы ұйымдар және энергия көздерімен олардан сатып алынған барлық электр энергиясы үшін шартқа сәйкес қайта сатушылар үшін белгіленген ортақ бір ставкалыю
Энергиямен жабдықтау шартыныц мазмұны.
Сатушы (энергиямен жабдықтаушы ұйым) абонентке энергия беруге міндетті. Бұл міндет жеткізілетін энергияның саны (қуаты), сапасы, сонымен бірге оны тарату тәртібі бойынша сұраныс арқылы нақтыланады. Жеткізілетін энергия саны электр энергиясын тұрмыстық тұтыну үшін тапсырмаған жағдайда мәнді болады, мұндай жағдайда ол тікелей шартпен анықталады. Энергиямен жабдықтаушы ұйыммен берілген және абонентпен қабылданған энергия саны оның нақты тұтынуымен сәйкес анықталады. Анықтау есеп аспаптарына сәйкес, ал ол болмағанда есептеу жолымен жүргізіледі.
Энергиямен жабдықтау шарты бойынша энергияны тұрмыстық тұтыну үшін пайдаланатын азамат абонент болған жағдайларда ол энергияны өзіне қажетті мөлшерде пайдалануға құқылы. Тауар өндірумен айналыспайтын электр энергиясын өндірістік тұтынуды талап ететін құрал-жабдықтарды пайдаланбайтын электр энергиясын тек әртүрлі ұйымдастыру техникаларының жұмысын жарақтандыру үшін пайдаланатын ұйымдар тұтынатын энергия саны бойынша тұрмыстық тұтынушылар құқығымен теңестірілуі қажет.
Энергиямен жабдықтау бойынша міндеттеме мәні энергияның абонентке үздіксіз берілу қажеттілігіне негізделеді. Толық мөлшерде бұл электр энергиясын тұрмыстық тұтыну шартына үйлесімді болып табылады. Тұтынушының өзіне қажетті көлемде электр энергиясын пайдалануға мүмкіндігі болатын болса, онда ол уақыт кезеңіне тәуелсіз тәулік бойы берілуі қажет. Энергия жабдықтаушы ұйымға кәсіпкерлік шарттың құқықтық тәртібінен бірқатар ерекше болып табылатын құқық беріледі.
Егер сатушыда электр энергиясының қажетті саны болмаса, онда ол оны тарату тәртібін ұстап тұра алмайды. Электр энергиясын босатудың талап етілетін қуатының болмауы, сатушының шарт жағдайының сапасы бойынша сәйкес келмейтін энергияны таратуға мәжбүр болуына әкеледі. Электр энергиясын тұтынудың тәуліктік нормасының болуы оны таратудың тәртібіне әсер етеді ж.б.
нергияны беру төмендегі жағдайлар бойынша тоқтатылуы мүмкін:
а) шартпен бекітілген мерзімге электр энергиясы үшін тө-
лемнің болмауынан;
б) электрді тұтынудың шарттық мөлшерінде электр энергиясын жұмсаудың артуы немесе бекітілген электр тұтыну тәртібін бұзу;
в) электрмен жабдықтаушы ұйым желісіне тоқ қабылдағышты өз бетімен жалғау немесе қуатты бекітілген шарттан жоғары арттыру;
г) тоқ қабылдағыштарды есеп аспаптарынан қатыссыз жалғау немесе электр энергиясы есебінің схемасын бұзу;
д) электрмен ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz