Пән бойынша оқу бағдарламасының мақсаты



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1 ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ
0.1 Жаңартылған білім берудің тиімділігі
0.2 Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқытудың тиімді жолдары
1 ЖАҢА ҮЛГІДЕ САБАҚ ЖОСПАРЛАУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
0.1 Жаңартылған білім беру бойынша ҚМЖ құрылымдау жолдары
0.2 Орта мерзімді жоспар құру жолдары
0.3 Шет тілі пәнінен қысқа мерзімді сабақ жоспары
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ
Қазіргі кезеңде Республикасызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, қазақсандық білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңестігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болды.
Зерттеу өзектілігі. Білім беру мазмұнын жаңарту білім берудің қазіргі заманғы үрдістерін және қазақстандық білім берудің үздік практикасын кіріктіруге бағытталған. Білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде оқу бағдарламаларын әзірлеу кезінде қазақстандық педагог-практиктердің және ғалымдардың ұсыныстары ескеріліп жасалды.
Еліміздің тәуелсіздігі, Республикамыздағы әлеумет-тік-экономикалық және саяси өзгерістер мектеп түлектері жаңа қоғам құруға, мәдени және рухани өрлеуге дайын болуын талап етеді.
Білім мазмұнына әлеуметтік және ғылыми жетіс-тіктер деңгейі де өз әсерін тигізеді. Соңғы кезде ғылыми жаңалықтың пайда болуы мен оның мектепте оқытылуы арасындағы уақыт қысқарып бара жатыр. Мысалы, радио шыққанына 40 жыл өткенде ғана мектеп бағдарламасына енгізілсе, заманауи компьютерлік бағдарламалар шыққан жылы оқытылуда.
Оқу мазмұнына кіретін мәліметтер жас мүмкіндік-теріне де байланысты. Баланың есте сақтау қабілеті жоғары болғанымен, білімді игеру, мәнін түсіну үшін өмірлік тәжірибе керек.
Ұлттық және жалпы адамзаттық мәдениетке байла-нысты да оқу мазмұнында ерекшеліктер болады. Қазіргі заманда дүниежүзі бойынша оқу мазмұны адамдандыру, компьютерлендіру, кіріктіру, тұлғалық даму ережелеріне негізделеді.
Оқу мазмұны дидактикалық талаптар негізінде қай сыныпта, қандай көлемде қандай пәндер оқытылуы керектігін белгілейді. Бастауыш сыныптарда барлық пәндерден алғашқы элементарлық ақпарат берілсе, орта сыныптарда жүйелі білім беріледі.
Білім беру саласы қызметкерлерінің алдында қойылып отырған басты міндеттерінің бірі - оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру.
Білім мазмұны жаңа үрдістік біліктермен, ақпаратты қабылдау қабілеттерінің дамуымен, ғылымдағы шығармашылық және нарық жағдайындағы білім беру бағдарламаларының нақтылануымен байи түсуде.
Сондықтан білімгерді тек маман ретінде ғана қарамай, оны ез қоғамының азаматы, жеке тұлға, келешектің иесі, тірегі ретінде тану, соған мүмкіндік жасау қажет.
Білім - қоғамды әлеуметтік, мәдени-ғылыми прогреспен қамтамасыз ететін ғажайып құбылыс, адам үшін де, қоғам үшін де ең жоғары құндылық. Оның ең негізгі қызметі - адамның менталитетін, адамгершілігін, творчестволық қабілетін қалыптастыру, дамыту. Осыған орай егеменді еліміз өзінің дамуынын ең басты алғы шарты - білім беру жүйесінің Білім ғасырындағы міндеті мен мазмұнын айқындап берді.
Зерттеу мақсаты: жаңартылған білім беру мазмұны бойынша ұзақ, орта, қысқа мерзімді сабақ жоспарларын құру жолдарына сипаттама беру.
Зерттеу міндеттері:
oo Жаңартылған білім берудің тиімділігін сипаттау;
oo Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқытудың тиімді жолдарын анықтау;
oo Сабақ жоспарларын құру жолдарын талдау.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер әрбір ғылым саласының алатын жаңалығы да, атқаратын қызметі де, жаңалықтар ашса, пайдасын тигізсе педагогика қоғамдағы адам өміріндегі түрлі әрекеттерді талдау арқылы тиісті деректерге назар аудара отырып, теориялық нанымдау жасап, педагогикалық жүйенің меңгеру технологиясын жетілдіруге ықпал етеді. Педагогикалық болжамның тәлім-тәрбие мен оқу-тәрбие процесінің тиімді амалдарын белгілеудегі қызметі мәнді де мағыналы болар еді.
Зерттеу әдістері: педагогикалық - психологиялық талдау. Осы проблема бойынша озық тәжірибелерді зерттеу.
Құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ
Тәуелсіз елдің негізгі тірегі - білімді ұрпақ. Қазіргі таңда білімдінің алға түсіп, бәйгеден озып келетін заманы енді туды.
Мемлекет болашағының кепілі- жастарға білім мен тәрбие беру мәселесінен өткір мәселе жоқ екені белгілі. Қазақтың кемел талантты ұлы ұстазы Ахмет Байтұрсынов: Елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастау керек, -деген.
Қазақстан Республикасының білім беру реформаларының негізгі мақсаты- білім беру жүйесін жаңа экономикалық ортаға бейімдеу. Бұл тұрғыда ел Президенті Н.Ә.Назарбаев еліміздің әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосылуы туралы міндет қойғаны мәлім. Білім беру жүйесін жетілдіру осы мақсатқа қол жеткізуде маңызды рөл атқарады. Болашақта өркениетті, дамыған елдер қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет.
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың биылғы Қазақстандық жол - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ атты Жолдауында еліміз дамуының барлық Стратегиялық бағыттарын жүзеге асыратын міндеттер қойылды. Республика болашағына бағдар беретін бұл жолдауда XXI ғасырдағы дамыған ел дегеніміз - белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар- деген.
Ал, дамудың негізі білім мен ғылымға келіп тіреледі. Сондықтан да, әлемдегі дамыған елдер сияқты Тәуелсіз елімізде білім жүйесі сапасын жетілдіру ең негізгі өзекті мәселелердің бірі болып отырғаны белгілі. Осыған орай, білім беру жүйесінде жастарға сапалы білім беріп, олардың үйлесімді дамуы мен тұлға ретінде қалыптасуында ұстаздың кәсіби шеберлік көрсеткіштерінің бірі - жалпы педагогикалық, ғылыми- теориялық, әдістемелік жаңалықтар мен озық тәжірибені жетік меңгерудің маңызы зор.
Қазіргі ұстаздар алдындағы міндет: ғылым мен техниканың даму деңгейіне сәйкес оқушының білімі терең, іскер және ойлауға қабілетті, әлемдік стандарттар негізінде жұмыс істей алатын құзырлы тұлғаны қалыптастыру. Мұндай талапқа сай қызмет істеу үшін ұстаз үздіксіз ізденісте кәсіби білікті болуы тиіс.
Инновациялық оқыту нәтижелері оқушының өз бетінше әрекет етуі арқылы білімді меңгеруіне ықпал етуі тиіс. Оқушының ой-өрісін кеңейтіп, дүниетанымдық көзқарастары мен танымдық белсенлілігін арттыруда, зерттеушілігі арқылы шығармашылық икемділігін дамытуда, біліктілікке ұмтылуда, яғни тұлғаны жан-жақты дамытуды жүзеге асыруда оқу үдерісіне инновациялық технолгияларды енгізу шешуші рөл атқарады, оң нәтиже береді.
Жаңартылған оқу бағдарламаларының ерекшеліктері 10 бөлімнен тұратын жаңа құрылымы болып табылады:
1. Пәннің маңыздылығы;
2. Пән бойынша оқу бағдарламасының мақсаты;
3. Үштілділік саясатты іске асыру;
4. Оқыту үдерісіне ұйымдастыруға қойылатын талаптар;
5. Пәнді оқытуда қолданылатын педагогикалық әдіс- тәсілдер;
6. Түрлі мәдениет пен көзқарастарға құрмет;
7. Ақпараттық- коммуникациялық технологияларды қолдану құзіреттілігі;
8. Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту;
9. Оқу нәтижелерін бағалау жолдары;
10. Оқудың мазмұны, ұйымдастырылуы мен бірізділігі.
Бағдарламаның міндеттері:
1. Пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасының құрылымымен, ондағы материалдардың күрделілігініғң өсу ретімен, мазмұнымен және мақсаттарымен таныстыру;
2. Пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкес келетін педагогикалық тәсілдерді түсінуін және қолдана білуін қамтамасыз ету;
3. Пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасындағы оқу мақсаттарына қол жеткізу мақсатында критериалды бағалау жүйесін түсініп, қолдана білуін қамтамасыз ету;
4. Мұғалімдердің бойында орта білім мазмұнын жаңарту жағдайында пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасын іске асыру үшін қажетті дағдыларды қалыптастыру.
Оқудан күтілетін нәтижелер:
- Мұғалімдер жаңартылған білім беру бағдарламасының құрылымын, ондағы материалдардың күрлелілігінің өсу ретін, мазмұнын және мақсаттарын біледі және түсінеді;
- Пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкес келетін педагогикалық тәсілдерді, оқу материалдарын қолдана біледі;
- Пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасындағы оқу мақсаттарына қол жеткізу мақсатында критериалды бағалау жүйесін түсінеді және қолдана біледі;
- Мұғалімдердің орта білім мазмұнын жаңарту жағдайында пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасын іске асыру үшін қажетті біліктері мен дағдылары қалыптасқан.
Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша мұғалімдердің біліктілігін арттыру курсынан алған әсерлем өте көп. Ондағы жүргізілген тиімді әдіс-тәсілдер - педагогтардың оқытудың әмбебаб үлгісін және тиімді әдістер жүйесін қолданып, оқушыларға тәуелсіз болуға, сыни тұрғыдан ойлауға, оқуға жауапкершілікпен жәнешығармашылықпен қарауына көмектесетін сыни тұрғыдан ойлауға бағытталған.
Жаңартылған білім беру бағдарламасы - озық технологиялардың барлық қыр-сырларын білуге жетелейді.

3.1 Жаңартылған білім берудің тиімділігі
Жаңартылған білім берудің маңыздылығы - оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АКТны қолдану, коммуникативті қарымқатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу, функционалды сауаттылықты, шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру.
Жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшелігі спиральді қағидатпен берілуі. Спиральділік қағидаты бойынша құрылған оқу бағдарламасы Джером Брунердің Білім беру үдерісі (1960) атты еңбегінде қарастырылған танымдық теорияға негізделеді. Бағалау жүйесі де түбегейлі өзгеріске ұшырап, критериалды бағалау жүйесіне өтеді. Критериалды бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі алдын ала белгіленген критерийлердің нақты жиынтығымен өлшенеді.
Оқушылардың пән бойынша үлгерімі екі тәсілмен бағаланады: қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау. Баланың жан-жақты ізденуіне ынталандырады. Бұл бағалау жүйесінің артықшылығы, баланың ойлау қабілетін дамытып, ғылыммен айналасуға ықыласын туғызады. Кеңестік заманнан қалған бес балдық бағалау жүйесі жойылды. Қалыптастырушы бағалау күнделікті оқыту мен оқу үрдісінің ажырамас бөлігі болып табылады және тоқсан бойы жүйелі түрде өткізіледі.
Қалыптастырушы бағалау үздіксіз жүргізіле отырып, оқушылар мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді және балл немесе баға қоймастан оқу үрдісін түзетіп отыруға мүмкіндк береді. Жиынтық бағалау оқу бағдарламасының бөлімдерін (ортақ тақырыптарын және белгілі бір) оқу кезеңін (тоқсан, оқу жылы, орта білім деңгейі) аяқтаған оқушының үлгерім туралы ақпарат алу мақсатында балл және баға қою арқылы өткізіледі. Қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау барлық пәндер бойынша қолданылады.
Бағдарлама оқушының төрт тілдік дағдысын: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылымды жетілдіруге бағытталған. Бұл төрт дағды оқу жоспарында Шиыршық әдісімен орналастырылған және бір-бірімен тығыз байланысты.
Орта білім мазмұнын жаңарту аясында әзірленген оқу бағдарламалары оқушылардың бір сыныптан екінші сыныпқа өтуі кезінде білімі мен дағдылары қайталанып тексеріліп отыратын спиральділік қағидаты бойынша құрылған оқу бағдарламасы моделіне негізделген. Оқу үдерісінің алға ілгерілеуі айқан көрінуі үшін, оқу мақсаттары өзара тоғысқан бөліктер мен бағыттарға біріктірілген. Айталық, қарапайымнан күрделіге қарай шиыршық бойымен өрлей түскені жай эссе жазудан әңгіме тіпті повесть жаза алатындай дағдыға ие болып, тілдік құзыреттіліктері шыңдала түседі. Мұғалімдердің пайдаланатын оқыту әдісі оқушыларды оқытудың ең жоғары стандарттарын қамтамасыз ету үшін маңызды.
Осы орайда жаңа бағдарламаны меңгеру барысында ерекше есте қалған мына әдіс-тәсілдер сабақтың тиімді өтуіне, оқушы бойында қажетті 4 дағдыны (тыңдалым, айтылым, жазылым, оқылым) қалыптастыруға ықпал ететіні сөзсіз: Қабырғадағы роль, Ыстық орындық, Пікірлер сызығы, Саналылық аллеясы, 5 сұрақ, 5 жауап, 5 қадам, Драма әдісі, Маңыздылық аймағы, графикалық органайзерлер - Дара диаграмма, Қос диаграмма, Оқиға тауы, Хикая картасы, Стоп кадр т.б Мұғалімдер пайдаланатын әдіс оқудың тиімділігіне елеулі әсерін тигізеді. Педагогикалық әдістерді жетілдірмей тұрып, оқу бағдарламасын өзгерту білім беру стандарттарына қатысты реформалау шараларының мүмкіндіктерін және нәтижелілігін төмендетеді.
Жаңартылған бағдарлама бойынша әр мұғалім төмендегідей нәтижелерге қол жеткіземіз:
:: жаңартылған оқу бағдарламасының құрылымына;
:: жаңартылған оқу бағдарламасының мазмұны мен жүйесіне;
:: оқу бағдарламасының және оны іске асырумен байланысты құжаттамалардың мақсаты мен рәсімделуіне;
:: білім беру бағдарламасын іске асыруға көмектесетін тиісті педагогикалық тәсілдерді меңгеруге.
Біліктілікті арттыру курсы соңында әр мұғалім жаңартылған бағдарлама бойынша мазмұн мен жүйелілікті, білім беру бағдарламасын іске асыруға көмектесетін тиісті педагогикалық тәсілдерді қолдана алатын нәтижелерге қол жеткізеді.
1.2 Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқытудың тиімді жолдары
Ұстаздарға қойылатын талаптар: бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі. Осы айтылғандарды жинақтай келіп, ұстаз -- рефлекцияға қабілетті, өзін-өзі жүзеге асыруға талпынған әдіснамалық, зерттеушілік, дидактикалық-әдістемелік, әлеуметтік тұлғалы, коммуникативтілік, ақпараттық және тағы басқа құзыреттіліктердің жоғары деңгейімен сипатталатын рухани-адамгершілікті, азаматтық жауапты, белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға болу керек деп тұжырымдауға болады.Бұл бағытта мектеп ұстаздарының біліктілігін арттыру -басты мақсат болып табылады.
Қазақ баласының бойында Абай атамыз айтқандай, Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек болуы - өмір сүрудің басты заңдылығы болса, ол үш қасиетті шәкірттердің бойына сіңіру- ұстаздардың міндеті екені даусыз.
Қазақстан Республикасында орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде білім беру үдерісінің құрылымы мен мазмұнына елеулі өзгерістер енгізілуіне байланысты үш апталық курс бағдарламасын және Тәжірибедегі рефлексия жалпы білім беретін мектептердегі педагогика кадрларының кәсіби даму бағдарламасы бойынша мектеп тренері курсын аяқтап былтырғы оқу жылынан жаңа білім беру бағдарламасы бойынша оқытудамын.
Еліміздің ертеңгі болашағы жас ұрпақ болғандықтан оларға терең де, сапалы білім берудің жаңа әдіс-тәсілдерін құрастыру бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып отыр. Елімізде орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде білім беру үдерісінің құрылымы мен мазмұнына өзгерістер енгізілуде. Жаһандану заманында жас ұрпақтың жаңаша ойлау қабілетін, белсенділігін арттыру, білімге деген құштарлығын ояту, өмірінде оны қолдана білу, отансүйгіштік қасиетін одан әрі дамытуға бағыттау - ұстаздың басты міндеті деп білемін.
Бастауыш сынып оқушылары жалпы алғыр,шапшаң, сезімтал,ештеңені жасырмай еркін айтады.Мақтау сүйгіш, мұғалімнің жетегіне тез ілескіш, үлкендердің ой-пікіріне сүйенеді. Сондықтан баланың шығармашылығын дамытуда ұстаз көп еңбек сіңіруге тура келеді. Баланың қиялын дамытып, ойын ілгері жетектеуде мұғалім оқушыға үнемі шығармашылық қабілетін дамыту жолдарын нұсқап көрсетсе,онда балалардың өздері де ізденіске түседі.
Ал, дамудың негізі білім мен ғылымға келіп тіреледі. Сондықтан да, әлемдегі дамыған елдер сияқты Тәуелсіз елімізде білім жүйесі сапасын жетілдіру ең негізгі өзекті мәселелердің бірі болып отырғаны белгілі. Осыған орай, білім беру жүйесінде жастарға сапалы білім беріп, олардың үйлесімді дамуы мен тұлға ретінде қалыптасуында ұстаздың кәсіби шеберлік көрсеткіштерінің бірі - жалпы педагогикалық, ғылыми- теориялық, әдістемелік жаңалықтар мен озық тәжірибені жетік меңгерудің маңызы зор.
Нағыз өз ісінің шебері ғана жоғары жетістіктерге ие бола алады. Ал білікті маман болу үшін көп ізденіс керек екені даусыз.
Мен де өз әріптестеріммен қатар бала оқыту мен тәрбиелеу ісіне өз үлесімді қосып келемін. Бастауыш сыныптарға сабақ беруде әр оқушының жүрегіне жол таба білу, оны қызықтыра білу, ойландырып сөйлете білу менің міндетім деп түсінемін. Оқушының ойлау қабілетін артыру, сол қабілетін белсенді ету - басты мақсатым. Ойланып, толғанған оқушы, әрине, сөйлей де біледі, тыңдай да біледі, тұжырымдап пікір де айта алады.
Өзім осы бағыттағы тәжірибемде оқыту әдістерінің тиімділерін іріктеп жиі пайдалануым көп нәтиже беруде. Әсіресе, мен баланың білімге деген қызығуын арттыратын жүйелі іс-әрекеттер ұйымдастыруға талпынамын.
Әлем елдері соның ішінде Латвия мемлекетінің тәжірибесінде орын алған топтық жұмыс XXI ғасыр оқушысын өмірден өз орнын таба білетіндей тәрбиелеу және білім беруде, өзгермелі өмірге бейімдеп оқытуда маңызды болуға тиіс деп ойлаймын. Топтардағы бірлескен жұмыс сыныпта пайдаланылатын әдіс қана емес, жеке философия екендігі бізге мәлім. Адамдарды бірлікке шақыратын нәрсенің бәріне ашық болуымыз керек. Топтардағы бірлесу топтың жекелеген мүшелерінің қабілеті мен іске қосқан үлесі құрметттелетін, ескерілетін, билік пен жауапкершілік топ мүшелері арасында бөлінетін,ұжымдасу арқылы бітімге,келісімге қол жеткізуге негізделетін оқыту мен оқу тәсілі ғой.
Жаңашылдық, өзгеріс керек екені деңгейлік, тренер, жаңартылған бағдарлама бойынша өткен курстардан маған түсінікті болды десем, осы тәжірибені өзімнің мектебімде іс-тәжірибемде қолдануға толық негіз бар деп ойлаймын.
Қазір топтық жұмыс тәжірибемізден түспейтін әдіс- тәсіл болып табылады.
Бүкіләлемдік тәжірибеде білім беру саласында білімнің де дағдының да маңыздылығы кең. Заманауи тәсілдің басты ерекшелігі- білімді алып қана қоймай , оны орынды жерде қолдану. Осы ғасырда талап етілетін дағдылардың мәні осында . Топтық жұмыс барысында оқушының бойында оқушылық кезеңіне ғана емес, кейін де пайдасын тигізетін әлеуметтік өзара әрекет ету дағдысы, қарым- қатынас дағдысы, проблемаларды шешу дағдысы қалыптасады. Қазір осы мәселе төңірегінде әріптестеріммен іс- тәжірибе алмасып, оқушылармен жұмыс жүргізіп жатырмын. Оқу үдерісінде топпен жұмыс жүргізуге оқушылар қалыптасып, дағдыланып қалды. Тапсырма топқа беріледі. Тапсырма орындау барысында топтың әрбір мүшесінің жеке үлесі ескеріледі. Топпен жұмыста күшті оқитын оқушы әлсіз оқушыға көмектеседі де, басқаларды тыңдағанда ол білімін арттыра түседі, бір сөзбен айтқанда ынталанады.
Мектептегі сабақ беру әдістемесіндегі диалогтік оқытудың маңызы үлкен. Диалогты оқытуды таңдаудағы себебім - баланың сөйлеу тіліне көп көңіл бөлу және баланы сыни тұрғыдан ойлауға үйретудің бірден-бір тиімді тәсілі деп ойлаймын.
Бұрынғы дәстүрлі әдістерде диалог көбіне мұғалім мен оқушы арасында өтіледі және бірнеше ғана оқушы арасында диалог өтілетін, онда да диалогқа оқушыларды таңдап шығарылатын, сондықтан оқушылар ашылып ойындағысын нақты сұрай алмай, тұйықталып қалатын. Ал курстан кейін сабақтарымда жұптық жұмыс ретінде алынған диалог топ ішіндегі барлық оқушы мен оқушы арасында өтіп, оны топ ішінде талқылап отыру оқушының ойын кеңейтіп, тілін дамытып отырды. Сонымен қатар сыни тұрғыда еркін ойлау қабілетін кеңейте отырып, еркін сөйлеуге ықпал етеді.
Атақты педагогтардың зерттеу жұмыстарына сүйене келе, сабақ жоспарын құру барысында диалогтық оқыту бағытын кеңінен қолдануға тырыстым. Яғни, сабақтың басынан бастап аяғына дейін сауалдар арқылы оқушылардың тілдік барьерін азайтуға жұмыс жасадым. Сыныптың білім деңгейін анықтауда, алдыңғы сабақтарды қайталауда және негізгі бөлімде диалогтық оқыту бағыты пайдаланылды.
Оқушылар жұппен не топпен жұмыс жасау барысында, әуелі идеялармен өзара бөліседі, содан соң бір-біріне сұрақ қою, яғни диалог арқылы жұмыстарын жүйеге келтіреді. Жұмыстарын қорғау кезінде, оқушыларға өмірде кездесетін қиындықтарды жеңе алу, кез-келген іс-әрекеттің белгілі бір жағдайға тигізетін әсері жөнінде ойларымен бөлісуге мүмкіндік беру мақсатын көздеп, қосымша сұрақтар қоямын. Балалардың жауаптарына сүйене отырып, оқушылардың мәселелерді шешудің тиімді жолдарын іздеп таба алатынын, болашаққа болжам жасай және шешім қабылдай алатынын байқадым. Осы сабақтағы оқушыларымның әрекеттестігін зерттей отыра, келесі қорытындыға келдім: серіктестермен әңгімелесу әдісі оқушыларды бір-бірінің ұстанымдары мен идеяларын жақсы танып білуге мүмкіндік бере отырып, жауапкершілікті, талапты болуға итермелеп, өз ойын дәлелді жеткізу қабілеттерін дамытып, оқушы бойында іскер адамға тән қасиеттерді оятады.

1 ЖАҢА ҮЛГІДЕ САБАҚ ЖОСПАРЛАУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Заман ағымына ілесіп жаңашыл бағытта жұмыс жүргізу - барша ұстаз алдында тұрған негізгі мақсат. Жас ұрпаққа сапалы да, саналы білім беру, заман талабына сай оқыту үшін сабақта жаңа әдістерді қолданып, алған білімдерін қажеттілікке жарата білетін, өзіндік пікірі бар жас ұрпақты тәрбиелеу қазіргі мұғалімнің негізгі міндеті.
Республикамызда Кембридждік бағдарлама бойынша жүргізіліп жатқан деңгейлік курстардың негізгі мақсаттарының бірі де осы. Осы орайда Алматы қаласындағы Өрлеу біліктілік арттыру орталығында екінші (негізгі) деңгейлік курс бағдарламасын аяқтағаннан кейін мен де алдыма мақсаттар қойдым. Курс барысында білікті мамандардың тәжірибесін ала отырып кәсіби білімімізді шыңдап, білім беру жүйесіндегі тың жаңалықтармен қанығып, жаңаша көзқарастарымыз қалыптаса бастады. Жаңалықтарымыз бен жаңаша идеяларымызды алдағы уақытта мектеп, қала көлемінде әріптестерімізбен бірлесе іс-тәжірибемізді бөлісу, жетілдіруде жоспарлы түрде жұмыстар атқармақпыз.
Ұзақ жылдар қалыптасып қалған дайын білім беретін дәстүрлі стильмен оқытып келген мұғалімге жаңашыл идеяларды қабылдап, оқушыларға сындарлы білім беруде алдымен мұғалім ұстанымын өзгерту керек болады. Белгілі ғалым Пажарестің айтуынша мұғалім ұстанымы - оның көзқарасы, қабылдаған шешімі және іс-әрекетінің негізі.
Ал мақсатымызға жету үшін іс-әрекетімізді дұрыс жоспарлау керек. Екінші деңгей бағдарламасының тыңдаушыларға үйреткен бір саласы да осы - жоспар.
ҰМЖ- оқу бағдарламасы, пәннің мазмұны
ОМЖ- жұмыс сызбасы, Тізбектелген сабақтар
ҚМЖ-жеке сабақ
Ұзақ мерзімді, орта мерзімді және қысқа ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ТАБЫСТЫ ІСКЕ АСЫРЫЛУЫ
ЖАҢАРТЫЛҒАН БАҒДАРЛАМА БОЙЫНША ИНФОРМАТИКА ПӘНІН ОҚЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
Бейнелеу өнері пәнін оқыту эстетикалық сезімдерді, бейнелеу өнеріне қызығушылығын тәрбиелеу
Жаңартылған бағдарламаның ерекшеліктері
Шығармашылық ойлау дағдысы
Оқытудың негізгі әдіс - тәсілдері
Жаңартылған білім мазмұнының ерекшеліктері
Жаңартылған оқу бағдарламасының тиімділігі
Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту
Жаңартылған білім бағдарламасының маңызы мен ерекшелігі
Пәндер