Шет тілдерін оқытудағы мультимедиялық құралдар


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны:

Кіріспе . . . 3

  1. Оқыту процесінде қолданылатын мультимедиалық білім беру құралдар түрлері . . . 5Мультимедиялық білім беру құралдарының атқаратын қызметтері . . . 9
Шет тілі құралдардарды пайдалану

2. 1 Мультимедиалық технологияны қолдану арқылы ағылшын тіліне үйрету . . . 11

2. 2 Компьютерлік презентацияны ағылшын тілі сабағында қолдану тиімділігі . . . 17

2. 3 Бастауыш сыныпқа мультимедиалық құралдардарды қолдану арқылы өткізген сабақтарға талдау . . . 19

2. 4 Мультимедиа құралдарын пайдаланудың оң және теріс аспектілері . . . 28

Қорытынды . . . 32

Кіріспе

Еліміздегі әлеуметтік - экономикалық өзгерістер мен бүкіл өркениетті әлемдегі ақпараттық даму - білім берудің дәстүрлі қалыптасқан жүйесін, әдістері мен технологиясын қайта қарауды талап етуде. Қазіргі заманғы барлық техникалық құралдарды оқыту процесінде де тиімді пайдалануға мүмкіндік бар екенін атап өткен жөн.

Ақпараттық технологияларды ағылшын тілін оқыту үрдісінде пайдалану оқушылардың жан-жақты білім алуына жол ашып, мемлекетіміздің үш тұғырлы тіл саясатына сай жақсы, жан-жақты дамыған оқушы иесі ретінде танылуларына негіз бола алады.

Шетел тілін коммуникативтік бағытта оқытуда мультимедиалық интерактивті технологияларды пайдалану жүргізілетін сабақтың тиімділігін арттырады және оқушылардың сабақ материалдарын тез әрі терең түсінуін қамтамасыз етеді. Мультимедиалық құралдардың заманауи технологияларын енгізу - оқу процесінің мәнін байытады, оқушыларға қатты әсер етеді, балалардың тіл үйренуге деген ынтасын арттырады, оларды шетел тілін ақиқат өмірде қолдана алуға үйретеді және мұғалім мен оқушы арасында тығыз байланыс орнатуға мүмкіндік береді.

Адам іс-әрекетінің әртүрлі салаларында, сонымен қатар, білім саласында ақпараттық технологиялардың жаңаша құралдарын қолдану бүгінгі күні үлкен өзектілікке ие болып отыр.

Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының білім туралы тұжырымдамасы ойлы, өнерлі, білімді тұлғаны қалыптастыруға бағытталған және қазіргі білім беру жүйесі оқушылардың танымдық белсенділігін дамытатын оқытудың дәстүрлі емес, белсенді түрін және әдістерін оқу процессіне енгізу бағытында құрылуы тиіс.

Мультимедиа арқылы шешілетін негізгі мәселелер қатарына: тілді білушімен шынайы коммуникация орнату; оқу - тәрбие үдерісінің барлық қатысушыларын орталық ақпараттық жүйеде сақталатын ақпараттық қормен қамтамасыз ету; мұғалімдер арасында тығыз қарым-қатынас орнату; педагогикалық тәжірибе мен дидактикалық материалдарды айырбастауды жүзеге асыруды жатқызуға болады.

Өркениетті қоғамның дамуы - ақпараттандыру үрдісімен тығыз байланысты болып келеді. Бұл үрдістің басты ерекшелігі - қоғамдық қызметтің барлық саласында ақпараттық және коммуникациялық технология құралдарының негізінде жүзеге асырылатын ақпаратты жинау, өңдеу, олардың қорын жасау, сақтау және тарату болып табылады.

Біздің зерттеу тақырыбымыздың өзектілігі : білім беру саласын ақпараттық-коммуникациялық және мультимедиалық технологияларды оқу үрдісіне қолданумен, олардың әдістемелік негіздерін жасап ұсынумен және тиімді пайдалана білуді жүзеге асырумен анықталады.

Зерттеу жұмысының мақсаты - ағылшын тілі сабағында мультимедиалық құралдарды қолданудың тиімділігін және олардың оқушылардың танымдық белсенділігін артырудағы әсерін анықтау.

Аталған міндетке жету үшін келесідей тапсырмалар қойылды:
Зерттеу жұмысының міндеттері:

1. Ағылшын тілі сабағында жаңа ақпараттық технологияларды қолданудың маңыздылығын суреттеу;

2. Компьютерлік технологиялардың бар бағдарламаларын ағылшын тілінде сөйлеуге, түсінуге үйрету процессінде қолдану мүмкіндіктерін көрсету;
3. Мультимедиялық презентациялар арқылы диалог және монолог түрінде сөйлеуге үйрету дағдыларын арттыру.

4. Іс - тәжірибе жүзінде өткен сабақтарға талдау жасау арқылы мультимедиялық құралдарды пайдаланудың тиімділігін анықтау.

Зерттеу объектісі - Мультимедиалық технологияны қолдану арқылы ағылшын тіліне үйрету үрдісі.

Зерттеу нысаны: Шет тілдерін оқытудағы мультимедиялық құралдар.

Зерттеу процессінде келесідей әдістер қолданылды: шет тілдерін оқытуға арналған педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерді талдау; ақпараттық технологиялар бағдарламасының мүмкіндіктерін тану; танып, білген мәліметтерді педагогикалық практикада қолдану.

Зерттеу жұмысының теориялық маңыздылығы:
Жаңа технологиялардың көмегімен шет тілін үйретудің тиімді жүзеге асырылу мүмкіндіктерін айқындау.

Зерттеу жұмысының практикалық маңыздылығы:
Зерттеу кезінде алынған нәтижелер, яғни компьютерлік технологияларды қолдану үшін жасалған әдістер орта мектептер мен жоғарғы оқу орындарында, білім беру процессінің сапасын жоғарылату мақсатында қолданылуы мүмкін.

Жұмыста қарастырылған нәтижелер жалпы білім беретін мектептерде ағылшын тілін оқытуда оқушыларды коммуникативті оқыту технологиясы негізінде сөйлеу дағдысын қалыптастырудың тиімді жүйесі ретінде ақпараттық технологияны, компьютерді, мультимедианы қолданудың артықшылығы тәжірибе жүзінде дәлелденіп, негізделді; жұмыс нәтижелерін мектепте ағылшын тілі сабағында қолдануға болады.

1. Оқыту процесінде қолданылатын мультимедиялық құралдар

1. 1Мультимедиялық білім беру құралдар түрлері

Ақпараттық технологияларды білім беру жүйесіне енгізу оқу процесін ұйымдастырудың тиімді технологияларын таңдау мүмкіндігін береді. Оларды таңдау кезінде технологияның оқушының жеке игеру қабілеті мен нақты пәннің ерекшеліктеріне сәйкес келуіне көңіл бөлінуі тиіс. Мультимедиялық технологиялармен жұмыс істеу кезінде оқушылар басынан бастап, қызықты танымдық әрекеттерге араласа алады. Осындай процесс барысында оқушылар білім алып, оны іс-жүзінде қолданып ғана қоймай, сол ортадағы қосымша мәлімет көздерімен қажетті деген құралдарын өздері таңдап ала алады.

Қоғамымызда компьютер маңызды әрі көрнекті орын алып отырған осындай сәтте компьютерлік технологияларды оқыту жүйесінде пайдалану еліміздің болашағын барлық ғылым салаларында жаңа идеяларды ұсынып, оларды жүзеге асыра алатын сауатты ұрпақпен қамтамасыз ете алады. Қазіргі заманғы ақпарат алмасудың жоғары жылдамдығы, жан-жақтан түсіп жатқан түрлі форматтағы мәліметтер ағыны білім беру саласындағы мамандарды да мультимедиялық құралдарға мұқият зер салуға шақырады.

Мультимедия -компьютерде дыбысты, ақпаратты, тұрақты және қозғалыстағы бейнелерді біріктіріп көрсету үшін жинақталған компьютерлік технология. Ол ақпараттарды кешенді түрде бейнелеуді, мәліметтерді мәтіндік, графикалық, бейне, аудио және мультипликациялық түрде шығаруды жүзеге асырады. Мәтін түрлі түсті графика, дыбыс, сөз бен кескін синтезін жасап, ақпараттың өте көлемді мөлшерін жадында сақтап, сұқбаттық түрде жұмыс істейтін компьютерлік жүйе.

Заман талабына сәйкес компьютердің өмірлік практикада пайдалануы және ондағы программалардың қажеттігі бүгінгі күннің әлеуметтік-экономикалық өзгерістері көрсетіп отыр. Қазіргі кезде ең көп сұранысқа ие болатын компьютердің мультимедиалық мүмкіндіктерін пайдалану.
Мультимедиялық оқыту құралдары (педагогикалық құрал) Мультимедиялық оқыту бағдарламалары:

- Компьютер;

- Интерактивті тақта;

- Мультимедиялық проектор;

- Видео және аудиомагнитофон;

- Ғаламторға шығу мүмкіндігі.

Мультимедиялық презентация мыналарды қамтиды:

- компьютерлік анимациялар;

- иллюстрациялық қатар;

- дыбыстық қатар;

- видеофрагменттер.

Компьютердің мультимедиялық мүмкіндіктері:

- Әр-түрлі фигурадағы мәтін енгізу;

- Суреттер енгізу;

- Дыбыстар кірістіру;

- Видеолар кірістіру;

- Анимациялар құру.

Қазіргі кездегі компьютерлерде тек жазып, оқып, сурет салып қана қоймай, суреттер, әр түрлі фигурадағы мәтіндер кірістіруге, анимациялар құруға бейнефильмдерді көруге және компакт дискіден музыкалық шығармалар тыңдауға болады. Компьютерлер осы үшін компакт дискілерді оқитын қосымша құрылғылармен, микрофонмен және колонкалармен жабдықталған.
Бұл қосымша құрылғылардың көмегімен:

Құжаттарға дыбыс қосуға;
Компьютерде музыкалық компакт дискілерді ойнатуға;
Windows-тағы әр-түрлі оқиғаларға сәйкес дыбыстар тағайындауға;
Әр түрлі пәндер бойынша мультимедиалық сабақтарды көріп оқуға;
Нақтылы дыбысы, бейнекөрінісі және анимациясы бар мультимедиалық ойындар ойнауға болады.

Компьютердің мультимедиалық мүмкіндіктерін сабақтарда пайдалану мысалдары. Соңғы кезде оқушылар сабақта жай ғана тыңдаушы рөлінде отырғысы келмейді, оларды мұғалімнің айтқандарын, дайын мағлұматтарды жазып алу қызықтырмайды. Олар материалдармен танысу кезінде өздерінің жеке жұмыс істеп, ойлау қабілеттерін де көрсете алатын, ізденісте болғанын жүзеге асыра алатын оқытудың жаңа түрлерін күтеді. Сол себепті де әр сабақта мұғалім өзі ізденіп, балаларды жалықтырмайтындай іс-шара жасай отырып, оларды да ізденушілікке, зерттеушілікке ұмтылдыру басты міндет. Өйткені ізденбей тек қана дайын мағлұматты ғана пайдаланатын оқушының білімі тек жаттанды түрде болуы мүмкін.

Мультимедиялық құралдар білім берудің қазіргі заман талаптарына сай оқушының қажеттіліктері мен оқып-үйрену ерекшеліктерін ескере отырып икемдеп түрлендіруге зор мүмкіндік береді. Сапалы жасалып, дұрыс қолданылған мультимедиялық оқу құралдары оқушының пән мазмұнын игеруін әлдеқайда жеңілдететіні сөзсіз.

Компьютерде мультимедиалық құрылғыларды пайдалануға арналған Windows-тің арнайы программалары бар.

Power Point программасының сабақтарды өткізуде пайдалануға болатын көптеген мүмкіндіктері бар. Олар: слайдтар жасау, анимациялар құру, кесте, диаграмма, суреттер, мәтіндер кірістіру мысалдарын қарастыруға болады.

Мұғалім өзі құрастырған бағдарламаларды Power Point - та жасалған тұсаукесерді пайдаланып балаларға түсіндіре алады. Бұл бағдарлама өте ыңғайлы әрі оқушыларды шығармашылық тұрғыдан ойлануға және жасаған жұмысын сыныптастарына көрсетуге ынталандырады. Аталған жобалық жұмыстың артықшылығы белгілі, сондықтан ол түрлі пәндерді, соның ішінде шет тілдерін оқытуда кеңінен қолданылады. Жобалық жұмыстың тағы бір артықшылығы - оның жеке адамға арналған жұмыс түрі екендігі, өйткені онда оқушы өзі, отбасы және жеке қызығушылықтары туралы көрсете алады.

Жобаны дайындау барысында оқушылар өздерін қызықтыратын тақырыптармен танысады, анықтамаларды ақтарады, өзге адамдармен тілдеседі, суреттер іздейді, тіпті өз бетінше аудио және видео материалдарды дайындайды. Түрлі тілдік деңгейдегі балалар белгілі бір тақырып бойынша өз ойын, пікірін айтуды үйренеді. Жұмыс осылайша, оқушылардың ойлау қабілетін, танымдық белсенділігін, бірлесіп жұмыс жасау икемін дамытуға көмектеседі.

Бұл үшін компьютермен оқытудың мынадай мүмкіндіктерін пайдалана алсақ, аталған мәселелер шешімін табады:

- сабақ барысында компьютерлік мүмкіндіктерді пайдаланып, слайдқа түсіру;

- интерактивті тақтамен жұмыс жүргізу;

- сөздік жұмыстарын компьютерге микрафон арқылы жаздырып, тыңдалым қабілеттерін арттыру;

- арнайы дайындалған электронды оқулықтар арқылы өтілетін тақырып төңірегінде оқушыға жан-жақты білім беру;

- әр түрлі тесттік тапсырмалар мен басқа да компьютерлік нұсқадағы тапсырмаларды өз бетінше ойлана отырып, шешімін табуға мүмкіндік беру.

Сабақта жаңа технологияларды тиімді пайдалану оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады, шығармашылық қабілетін дамытады, қоршаған ортаны танымдық зерттеу барысында дидактикалық мақсаттар іс жүзінде асырылады.

Мультимедиа құралдарына оқыту процесінде әртүрлі типті ақпараттарды ұсынушы кез келген оқыту құралдарын жатқызуға болады. Атап айтқанда:

  • дыбыстық құралдар;
  • проекциялық құрылғылар (графопроектор, мультимиедиалық проектор, оверхед проектор, бейнепроектор, интерактивті проектор) ;
  • интерактивті тақта;
  • ақпарат көбейткіш құралдар (микрофильмдеу құралдары, ксерокс, ризограф) ;
  • компьютерлік құралдар.

Бұл келтірілген құрылғылардың арасынан оқытудың жаңаша технологиялары мен талаптарына толық жауап бере алатын кейбір мультимедиалық құрылғыларға ғана тоқталайық.

Интерактивті тақта - дәстүрлі тақтаның барлық оң сипаттамаларына ие; кең ауқымды графикалық мүмкіндіктермен қамтылған; аз уақытта көп мәлімет ұсына алатын; оқу мотивациясын арттырудың тиімді құралы болып табылатын; оқытуды диалогты түрде ұйымдастыратын аппаратты-бағдарламалық құрал.

Сондай-ақ, электронды интерактивті тақталар мультимедиалық материалдардың электронды мазмұндарын оқу процесіне енгізудің тиімді тәсілі болып табылады. Сабақ материалдары интерактивті тақтада анық көрсетіледі және баланы белсенді қатысуға ынталандырады. Шетел тілінде алдын - ала дайындалған мәтіндер, жаттығулар, әр түрлі сипаттағы түрлі - түсті суреттер, шетелдік мультимедиалық аудио мен бейне сабақ материалын түсіндіруге, тілдің грамматикалық және лексикалық бірліктерін бекітуге, баланың білімін қадағалауға және оның өзін - өзі басқаруына көмектеседі. Интерактивті тақта компьютердің пернетақтасын, мониторын және «тышқанды» пайдаланбауға мүмкіндік береді. Барлық қажетті әрекетті арнайы маркер немесе тіпті мониторды түрту арқылы жүзеге асыруға болады. Бұл оқу бағдарламасын түсіндіру сапасына тікелей оң септігін тигізеді. SMART Board интерактивті тақтасымен бірге SMART Notebook бағдарламалық құрылғысы жүреді. Ол әр түрлі ақпаратты (мәтін, бейне, схема, кесте, белгі мен суреттер) қосатын жазбаларды құрастыруға жағдай жасайды.

Интерактивті тақтаның қарапайым тақтадан айырмашылығы:

- статикалық, динамикалық тұрғыда дидактикалық материалдар дайындауға болады;

- әртүрлі сызбалар мен сұлбаларды, диаграммалар мен графиктерді жылдам салуға мүмкіндік беру арқылы уақыт үнемдейді;

- оқушылардың зейінін нақты, қажетті ақпаратқа аудару үшін сол ақпараттарды ерекшелеуді, оқшаулауды жүзеге асыратын аппараттық-бағдарламалық құрал-саймандармен жабдықталған;

- ұсынылған ақпаратты оқытушы немесе оқушы бүкіл сабақ бойында бірнеше мәрте қайталап көре алады;

- сабақ барысында пайдаланылып, файл түрінде сақталған ақпараттың электрондық немесе баспалық нұсқасын оқушыларға көшіріп беруге болады.

Ғаламторды пайдалану аумағы күннен - күнге артуда. Ғаламтор көмегімен оқытушы мен оқушы кез келген уақытта әлемнің кез келген жерінен қажетті ақпаратты жылдам әрі нақты таба алады. Мәселен, елтануға қатысты мәліметтер, жастардың өміріне байланысты соңғы жаңалықтар, газет немесе журналдардағы мақалалар, қажетті әдебиеттер тізімін, көптеген ақпаратқа қол жеткізе алады. Шетел тілін оқытуда Ғаламтор көмегімен бірқатар дидактикалық мәселелердің шешімін табуға болады:

- оқу дағдысын қалыптастыру;

- заманауи ақпаратты пайдалана отырып жазу дағдысын қалыптастыру;

- оқушылардың сөздік қорын байыту;

- оқушыларды ағылшын тілін оқуға тұрақты түрде ынталандырып отыру.

Сонымен қатар, Ғаламтор мүмкіндіктерін пайдалану әдісі оқушылырдың жан - жақтылығын, белгілі бір мәселеге қатысты жеке көз қарасын қалыптастырумен қатар өзге ұлт өкілдері арасында жаңа достар табуға, және олармен тұрақты түрде пікір алмасу арқылы шетел тілін дамытуға жол ашады. Ғаламтор арқылы оқушылар тұрақты түрде тест, жарыстар мен олимпиадаларға, видеоконференцияларға іс - шараларға белсенді қатыса алады. Оқушылар өздері зерттейтін ғылыми жобаларға қатысты ақпараттармен өз еліндегі оқушылармен қатар, шет елдерде тұратын оқушылармен де алмаса алады.

Мультимедиялық құралдарды пайдалану білім беру саласын, оқыту үрдісін айтарлықтай жақсарта алады. Мультимедиялық құралдарды пайдаланатын оқыту барлық мәселелерді шешпегенімен, ХХІ ғасырда қолданылып жатқан оқыту құралдарының ішінде өзіндік маңызды орнын алары айқын. Мультимедиялық оқыту құралдары оқушыларды сабаққа ынталандырудың және оқытудың ең маңызды құралы болып саналады.

  1. Мультимедиялық білім беру құралдарының атқаратын қызметтері

Шет тілдерін үйрету процесінде компьютер бірнеше функцияларды орындай алады. Қызмет құралы ретінде оқытушылар да, үйренушілер де оқытудың тапсырмаларын орындауды арнайы қарастырмайтын, жалпы белгіленетін басым түрде компьютерлік құралдарды қолданады. Мұндай құралдарға, ең алдымен, оқыту процесін техникалық қолдауды қамтамасыз ететін және пайдаланушыларға оқу материалын таралымдауға, тапсырмаларды ресімдеуге, жаңа мәтіндерді жасауға жұмыс істеуге мүмкіндік беретін әр түрлі мәтіндік түзетушілер жатады.

Оқыту процесіне ақпараттық қолдауды солардың көмегімен оқытушылар да, үйренушілер де оларды қызықтыратын барлық мәселелер бойынша өзекті және жеткілікті ақпарат ала алатын деректер базасы және Интернет жүйесінің ақпараттық ресурстары көрсетеді. Үйренушінің қарым - қатынас құралы ретінде компьютердің функцияларын іске асыру компьютердің негізінде ақпаратты беруге және алуға мүмкіндік беретін арнайы байланыс құрылғыларының арқасында мүмкін болды.

Компьютер шет тілдері оқытушыларына бірнеше көмек көрсете алады.
Оқытушылар мен үйренушілер үшін қызмет құралы ретінде компьютер шет тілі бойынша оқу процесінде, ең алдымен, ақпараттық және техникалық қолдау алу үшін қолданылады. Оның үстіне, үйренушілер дербес компьютерді олардың кәсіби қызмет құралы ретінде пайдалана алады.
Үйренушінің қызмет құралы ретіндегі компьютердің функциялары оның фактілерді дәл тіркеу, үлкен көлемді ақпаратты сақтау және беру, деректерді топтау және статистикалық өңдеу мүмкіндіктеріне негізделген оқытуды басқаруды оңтайландыру, оқу процесінің тиімділігі мен объективтілігін арттыру үшін қолдануға мүмкіндік береді.

Оқу материалдарымен жұмыс кезінде оқытушыға көмектің әр түрлі түрлерін ұсынады, ол анықтамалық ақпараттық қамтамасыз ету жүйелерін қолдану есебінен жаңа оқу материалдарын құру кезінде қажетті материалдарды іздеуді жеңілдетуден ғана емес, сонымен қатар оқыту үшін материалдарды ресімдеуден, сондай-ақ бұрыннан бар жұмыстарды әзірлеуден тұрады.

Оқу материалдарын автоматты талдау, іріктеу және тиімділігін болжау компьютерді үйренушінің қызметін ақпараттық қолдау құралы ретінде қолданудың маңызды бағыттары болып табылады. Оқытушы оқу үшін материалдарды іріктеуді ғана емес, сонымен қатар мәтіндер мен тұтас оқу құралдарын талдауды жүргізе алады.

Тілді үйрену процесінде компьютер бірнеше мақсат орындай алады.
Компьютердің көмегімен шешуге болатын лингводидактикалық тапсырмалардың әр түрлі түрлерін, яғни тіл аспектілерін меңгеру, сөйлеу қызметінің әр түрлі түрлерінде дағдылар мен шеберліктерді қалыптастыру кезінде оқытудың компьютерлік құралдарын лингводидактикалық мүмкіндіктерін қарастырайық.

Дербес компьютер көмегімен фонетикаға үйрену кезінде айтуды визуалдау тәсілі жиі қолданылады.

Грамматикаға үйрету кезінде:

  • оқу мен түсініп талдаудың рецептивті грамматикалық дағдыларын қалыптастыру;
  • басым түрде жазбаша сөйлеудің өнімді грамматикалық дағдыларын қалыптастыру;
  • тестілік бағдарламалардың негізінде грамматикалық дағдылардың қалыптасушылық деңгейін бақылау;
  • анықтамалық - ақпараттық қолдау көрсету.

Лексикаға үйрету кезінде:

  • оқу мен түсініп талдаудың рецептивті грамматикалық дағдыларын қалыптастыру;
  • визуалды көрнекілікті қолданумен тестілік бағдарламалардың және ойындық компьютерлік бағдарламалардың негізінде грамматикалық дағдылардың қалыптасушылық деңгейін бақылау;
  • үйренушілердің пассивті және потенциалды сөздіктерін кеңейту;
  • анықтамалық - ақпараттық қолдау көрсету (автоматты сөздіктер, синонимдер мен антонимдерді іріктеу бағдарламалары) .

Оқуға үйрету кезінде:

  • дыбыс әріптік сәйкестіктерді анықтау дағдыларын қалыптастыру;
  • дауыстап оқу техникасына үйрету;
  • қабылдау өрісі мен талап ету қарқынын түрлендіру, мәтіннің орналасуын өзгерту секілді тәсілдерді қолдану есебінен оқу техникасы дағдыларын жетілдіру;
  • мәтіннен әр түрлі мағыналық ақпаратты алу шеберліктерін меңгеру.

Талдап түсінуге үйрету кезінде:

  • талдап түсінудің фонетикалық дағдыларын қалыптастыру;
  • тыңдалған мәтінді түсіну дұрыстығын бақылау.

Айтуға үйрету кезінде:

  • айтудың фонетикалық дағдыларын қалыптастыру;
  • симулятивті- модельдеуші бағдарламалардың негізінде рөлдік ойындарды пайдаланумен жұпта немесе кішігірім топтарда қарым- қатынасты ұйымдастыру.

Ауызша сөйлеуге үйрету шетел тілін оқытудың ең қиын аспектісі болып саналатындықтан ең негізгі мақсат естігенің түсіне білуге үйрету.
Түсінуді тексерудің ең басты бөліктерін біріншіден сурет арқылы,
екіншіден жазбаша жауап беру арқылы жүргізуге болады. Бұл жұмыс түрлері ауызша жауапқа жатпайды. Ағылшын тілін үйрену үшін мұндай жұмыс түрлері тыңдап түсінуге қарағанда үлкен роль атқармайды.

Сурет арқылы үйрету кезінде қажетті суретті таңдау алдымен айтылған фразаға, диалогқа, мәтінге, әңгімеге, одан соң тыңдалған материал мен суреттегі айырмашылықты табуға байланысты болады. Ағылшын тілін аудармасыз түсінудің тағы бір жолы үнтаспа арқылы әртүрлі бұйрықтар беріп, орындату мүмкіндігі. Оқытушы дұрыс, не бұрыс екенін қадағалайды. Бұйрықтарды тек бұйрық рай түрінде беру мен қатар әртүрлі нұсқаулар түрінде деберуге болады. Мысалы:’’When Tom walks to the window, John will write Kale’s name on the blackboard’’. Мұндай бұйрықтар тыңдаушылардың қызығушылығын тудырады және сөздерді, ағылшын тілінің грамматикалық формаларын есте сақтауға көмектеседі. Әртүрлі бұйрықтарды орындау грамматикалық материалды түсіндірумен басталады. Мысалы шартты рай ‘If the student in front of you is a boy take his book, the student in front of you is a girl give her your book’. Үнтаспаға жазылған мұндай жаттығулар оқушылардың ағылшын сөзін түсінуіне көпасеретеді. Бұл ойын түрі сияқты оқушылардыңын тасын арттырады.

2. Шет тілі құралдардарды пайдалану

2. 1 Мультимедиалық технологияны қолдану арқылы ағылшын тіліне үйрету

Бүгінгі ХХІ ғасырда шет тілінің қолданылу аясын кеңейту кезек күттірмес мәселенің бірі. Осы орайда білім ордаларында ағылшын тілі пәнін оқытудың тиімді әдіс - тәсілдері, технологиялары бойынша зерттеу жұмыстары, оларды тәжірибеге енгізу шаралары қолға алынды.

Ағылшын тілін саналы меңгерту мәселесі және «ағылшын тілінде өз ойын ауызша және жазбаша еркін жеткізе алуға қалай үйрету керек? Оқушыны ынталандыру үшін қандай әдіс - тәсілдерді, технологияларды қолданған жөн?» деген сұрақтар ағылшын тілі оқытушыларының күн тәртібінен түспеу керек.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шет тілдерді оқытуда компьютер тиімді құрал ретінде
Шетел тілін оқытудағы жоба технологияларының әдістері
Бастауыш шет тілі
Шет тілін оқытудың жалпы әдістемесінің құрылымы, мақсаты және мәні
Ағылшын тілін оқытудың құрылымы
Ағылышын тілі сабақтарында Интернет желісін пайдаланудың теориялық негіздері
Оқытудың озық технологиялары мен инновациялық әдістері
Шет тілінде электронды оқулықтарды пайдалану
Тілдерді білуді заманауи әдістемелер бойынша кешенді бағалау
Ағылшын тілі сабағы. Оқыту әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz