Критериалды бағалау жүйесінің тұжырымдамалық құрылымы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«Алматы облыстық білім басқармасы» ММ
«Есік гуманитарлық-экономикалық колледжі» МКҚК
Курстық жұмыс
Мамандығы: 0105000 «Бастауыш білім беру»
Біліктілігі: 0105033 «Шетел тілінен бастауыш білім беру»
Пәні: «Шет тілі әдістемесі»
Тақырыбы: «Критериалды бағалау жүйесінің тұжырымдамалық құрылымы»
Орындаған: Әлімберді Гүлзира
Жетекшісі: Тлеубергенова Шынар
Шет тілі пәнінің оқытушысы
Есік, 2020 жыл
Курстық жұмыстың мақсаты: шет тілі бойынша, оның ішінде жалпы білім беру саласындағы білім деңгейін бағалауды жүзеге асырудың критериалды түрін талдап, оның құрылымдарына фактілер арқылы анықтама бере отырып, артықшылықтарына тоқталу
Курстық жұмыстың өзектілігі: білім деңгейін бағалау - әр оқушы үшін жеке талдау мен бақылауды қажет ететін күрделі процесс. Осы орайда, еліміздің білім саласында заман талаптарына сай белгілі бір өзгерістер енгізілген болатын. Аталған өзгерістердің ішінде бағалау жүйесінде орын алған түрлерінің бірі - критериалды бағалау формасы. Бағалаудың бұл түрі - оқу үдерісінде ашықтық пен адалдыққа негізделген, және берілген оқу материалын толыққанды қамтитын ыңғайлы форма. Осы жұмыста аталған критериалды бағалаудың ерекшеліктеріне тоқталатын боламыз.
Курстық жұмыстың міндеті: білім сапасын бағалаудың критериалды түріне және оның тұжырымдамалық құрылымдарына талдау жасау
Курстық жұмыстың зерттеу нысаны: білім берудегі бағалау жүйесі, бағалау, оның ішінде, критериалды бағалау, оның құрылымдары
Курстық жұмыстың зерттеу әдісі : оқу материалдарын, түрлі мағлұматтар платформаларын қолдану арқылы мәліметтер базасына талдау жасау
МАЗМҰНЫ
І КІРІСПЕ
Білім беру саласы - қашан да маңызды салалардың қатарында, ол халықтың жалпы сауаттылығына, өскелең ұрпақтың жарқын болашағына, мемлекеттің қуаттылығына, экономикасының жаңғыруына, т. б. әсерін тигізеді. Білекті бірді, білімді мыңды жығады деген аталы сөздің өзі осыны растайды. Тәуелсіздік алған жылдарында белгілі қалыптасқан жүйе болатын, алайда, бертін келе жаңа заман талабына сай, бәсекелестікке төтеп беретін білім деңгейін бағалау жүйесі қажет болды. Білім беру саласы уақыттың жетегімен бір орында тұрмайды, тезнология мен цифрландыру, программалау артқан сайын, білім беру саласы да жетілуді қажет етеді. Егер де, біз оны ескерместен ескі жүйеде қалатын болсақ, көп нәрсседен ұтылатынымыз хақ. Әлемнің түрлі елдерінде, әрқайсысының өзінің қалыптастырған білім беру жүйесі бар. Олар да соңғы өзгерістерді ескере өз жүйелерін жаңартып отырады. Біз секілді жас мемелекеттер осы алпауыт көне елдердің заманауи аренадағы өзін көрсетуі қалай екендігіне қарап, олардың білім беру жүйесінен өзімізге керегін түртіп алып, төл менталитет пен географиялық, тарихи ерекшеліктерімізге орайлатып, өзімізге бейімделдіреміз. Сол себепті, елімізде түрлі бағдарламалар, жолдаулар, заңдар қабылданып, білім беру, оның ішінде оны бағалауда жаңа форматтар қажет екендігі айқын болды. Жаңа нәрсені үйрену өз алдына, ал оны бағалап, олқылықтар мен кемшіліктерді толтыру өз алдына. Жаңа материал дұрыс жеткізіліп, оны оқушылардың түсінгендігі әрі одан өздеріне керектіні алғандығы анықталып, соған орай олардың жеткілікті түрде бағалануы жоғары деңгейде feedback, яғни кері байланыс орнатуға септігін тигізеді. Осы орайда, бізге жинақы, бірізді, тиянақты әрі сыналған бағалау формалары қажет болады. Соның бірі, критериалды бағалау жүйесі. Жалпы бағалаудың критериалды, формативті, суммативті, кері байланыс деген түрлері де бар. Бірақ та, аталған курстық жұмысымыздың негізгі мақсаттарының бірі - критериалды бағалауға тоқталатын боламыз. Курстық жұмысымызда көптеген дереккөздерден мәліметтер келтіре отырып, өзіндік талдау жүргізетін боламыз.
Бағалау - оқу туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін керек. Білім сапасын көтерудің ең үлкен көрсеткіштерінің бірі - бағалау. Бағалау - оқыту нәтижесін анықтау үшін қолданылатын тәсіл, оқушының берілген тақырыпты меңгерудегі кемшіліктерін жоюда, оның үлгерімінің нәтижелі болуына ықпал ететін фактор. «Бағалау не үшін керек» деген сұраққа дәсүрлі оқыту жүйесінде «оқушылардың білімін тексеру үшін» деген жауап беріледі, өйткені мұнда бағалауды мұғалім тарапынан оқушының білім деңгейін анықтау деп қарастырылады. Осы тұрғыдан мұғалімдер өз әрекеттерін сабақта оқушылардан берілген сұрақтарына ауызша жауап алумен немесе тест қабылдаумен шектейді. Алайда мұндай тексеріс көп жағдайда оқушылардың есте сақтау қабілетін ғана анықтап, олардың не үйренгендігін, білімділігі мен біліктілігінің жалпы деңгейін анықтамайды. Бұған қоса, бұл жерде «бағалау» ұғымы «баға қою» ретінде қабылданады, ал мұндай түсінік бағалаудың мазмұны мен барлық ерекшеліктерін айқындамайды. Бағалау бірінші кезекте білімнің сапасын айқындау үшін қажет. Егер де біз өз жұмысымызда елеулі табыстарға қол жеткізгіміз келсе, онда өткен уақыттағы және қазіргі нәтижелерімізді анықтауымыз керек, яғни жұмысымыздың оң жақтары мен кемшіліктерін айқындап, оны бағалауымыз қажет. Көптеген дамыған елдердегі білім беру жүйесінде тың өзгерістер мен табыстылық мұғалімдер тәжірибесіне критериалды бағалауды ендіру және оны дамыту арқылы жүзеге асырылуда. Критериалды бағалау жүйесін енгізудің мақсаты - бағалау критерийлерінің негізінде білім алушылардың оқу жетістіктері туралы шынайы ақпарат алу және оқу үдерісін жетілдіре түсу үшін оны барлық қатысушыларға ұсыну [1] .
Еліміз егемендік алып дамыған, руханиятты елдердің қатарынан көріну үшін білім сапасына да зор көңіл бөліп, жастарды болашақ жоғары квалификациялық маман ретінде қалыптасуына ықпал етуіміз керек. Қазіргі кезде тұлғаны жан-жақты білімді, ізденімпаз, ойы ұшқыр, саналы, зерек, жауапкершілігі зор, қоғам талаптарын қанағаттандыратындай етіп қалыптастыру ең маңызды мәселелердің бірі болып отыр. Оны шешу үшін білім берудің мазмұнын жаңартып, озық әдіс-тәсілдерді пайдалану керек. Шебер құрастырылған сабақтардың нәтижесінде білім алған оқушы өзін еркін ұстап ойын дәл жеткізе алатын, сыни тұрғыдан ойлай алатын, тұжырым жасай білетін, бірін-бірі бағалай алатын, көшбасшы бола алатындай тұлға болып қалыптасатынына күмәніміз болмайды. Оқушылардың сабаққа деген құлшынысын, қызығушылығының артқанын, қала берді, ең болмағанда жаман жолға түспейтініне, сыни тұрғыдан ойлауға бет алатынын байқауға болады. Ең маңыздысы оқушылар өз іс-әрекетін, сыныптастарының, құрбы-құрдастарының іс-әрекеттерін, жетістіктерін бағалауды және жауапкершілікке үйренеді.
Бүгінгі күні оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау - оқу үдерісінің маңызды да салмақты бөлігі болып табылады. Сол себептен, зерттеу іс-әрекеттерін кеңінен қолданып, оқушылардың жетістіктерін бүгінгі күннің талабына сай жаңаша бағалау жүйесі қажет етіледі. Бұл жерде оқушылар өзін-өзі бағалау, бірін-бірі бағалау, топтық бағалауда оқу үдерісінің белсенді қатысушысы бола алады. Өйткені, дәстүрлі бағалау процесінде мұғалім оқушыға жауап бергені үшін немесе сабақ оқымағаны үшін баға қояды. Сонда оқушы қаншалықты әділ баға алғанын білмей қалады, күмәнмен қарайды. Бағалаудың жаңа әдісінде оқушы бағаны қандай критерийлер бойынша алғанын, келесі сабақтарда қандай критерийлерге көңіл бөлу керектігін ұғынады. Бұл жүйеде оқушының нәтижесімен бірге іс-әрекеті де бағаланады. Одан басқа оқушыларды бағалауда мұғалім түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана алады. Біріншіден, оқушының қызығушылығы артады, екіншіден, мұғалімнің жұмысы да жеңілдеуі мүмкін
Білім ордасы оқушыларға тек қана білім беріп қана қоймай, сонымен бірге оқушылардың білімін бағалау, оқушыларды алға ұмтылуға ынталандыру орталығы болып табылады. Ал, оқушының дұрыс қалыптасуындағы шешуші рөлді бағалау атқарады деп ойлаймын. Оқушылардың сабаққа даярлығының, қабілеттінің көрінісі бағамен есептеледі. Баға ол білімнің, жұмыстың нәтижесінің көрінісі, алған білімінің дәрежесін көрсетеді. Сонымен бағалау дегеніміз - одан арғы оқу туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин. «Бағалау» термині жақын отыру дегенді білдіретін латын сөзінен шыққандығы кездейсоқ емес, себебі бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін немесе өзін -өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін немесе тәртібін мұқият бақылауы болып табылады. Бағалауды өткізу үшін оқушылардың нені білетіндігін және не істей алатындығын, сонымен қатар олар қандай қиындықтармен кездесуі мүмкін екендігін анықтау қажет. Кембридждік оқыту тәсілі бойынша бағалаудың екі түрі бар: формативті (оқыту үшін бағалау) және суммативті (оқуды бағалау) . Жиынтық бағалаудың немесе Оқытуды бағалаудың мақсаты оқушы қазіргі уақытта не оқып білгенін жинақтау болып табылады. Формативті бағалау әр сабақта және күнде жүргізіліп тұрады. Оқыту үшін бағалау бұл білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар және олардың мұғалімдері қолданатын мәліметтерді ідеу және түсіндіру үдерісі. Бұл ретте мұғалімдер жалғыз бағалаушы тұлға болмайтындығына назар аударылады. Оқушылар өздерінің сыныптастарын және өздерін бағалауға тартылуы мүмкін және мұғалімдер бағалауды белсенді жүргізген кезде, оқушылар белсенді қатысуы керек. Оқушылар бір-бірімен тығыз қарым-қатынаста, мұғалімнің байқамай төмен немесе жоғары бағалаған бағалау шешіміне де өз әсерлерін тигізе алады. Формативті бағалау мұғалімдерге сыныптағы оқушылардың үлгерімін бақылап отыруға мүмкіндік береді. Мұғалімнің бағалауы мадақтау, ынталандыру, фишкалар, жұлдызшалар, тілек, смайликтер. Мұғалімнің бағалауы, яғни мадақтау, ынталандыру оқушылардың көңіл күйін көтеріп, өздерінде сенімділікті тудырады. Бүгінгі таңда бағалау барысында критерийлік және өзін-өзі бағалау жүйесін қолдануды өзекті. Формативті бағалау ата-аналар, мұғалім және оқушыларға ашық, түсінікті және нақты болады. Өзін-өзі бағалаумен қатар оқушылардың бірін-бірін бағалауды жүргізуге болады. Оқушы өзін-өзі бағалаған кезде өздері нәтижеге мүдделі болады [2] .
І КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІ
Критериалды бағалау терминін алғаш рет Роберт Юджин Глейзер (1963) қолданған және бұл термин оқушылардың оқу жетістіктерінің қол жеткізген және потенциалды деңгейлері арасындағы сәйкестікті анықтауға мүмкіндік беретін үдерісті сипаттайды. Критериалды бағалау - басқа оқушылардың жетістіктерін салыстырмайды және бір-біріне тәуелді етпейді, сонымен қатар, әр оқушының құзіреттіллік деңгейі туралы ақпарат беруге бағытталады.
Білім берудің қазіргі заман талабы - шығармашылықпен жұмыc жасайтын, бәcекеге қабілетті, құзіретті тұлға тәрбиелеу. Оқыту - мұғалімдердің оқушыларға жасаған сыйы емес, бұл құзіреттіліктер білім алу үшін оқушылардың өздері де оқу үдерісіне белсенді қатысуын талап етеді. Мұғалімдер, өз кезегінде, өзінің сабақ беруіне емес, оқушылардың оқу ептілігін дамытуға назар аударуы тиіс. Осы мақсатта мұғалім оқыту ортасын құру керек. Осыған байланысты оқушылар арасында өзара түсіністік және ұжымдық қарым-қатынасты орнатып, оқушылардың сенімсіздіктерін жойып, мүмкіндіктерін арттыруға жол ашатын критериалды бағалау болып табылады. Критерийлер - оқытудың міндеттерін жүзеге асыратын өлшемдер, атап айтқанда, оқушылар жұмыс барысында орындайтын іс-әрекеттер тізбесі. Критериалдық бағалау - бұл білімнің мақсаты мен мазмұнына сәйкес келетін, оқушылардың оқу-танымдық біліктілігін қалыптастыруға себепші болатын, айқын анықталған, ұжыммен шығарылған, білім процесінің барлық қатысушыларына алдын ала белгілі критериялармен оқушылардың оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген процесс. Егер балаға оның белгілі бір деңгейге жеткендігін айтса, онда бұл оған үздік нәтижеге жету үшін не істеу керектігін түсінуге көмектеспейді; бұл ретте егер баламен бірге оның жұмысында мұндай бағалауға не әкелгенін және бағалау өлшемдерін түсіндіруге талдау жасаса, онда бұл балаға өзінің нәтижесін жақсарту үшін кейін не істеу керектігін түсінуге мүмкіндік береді [3] . Кез келген бағалаудың мақсаты болуы керек. Жалпы қарапайым нұсқада бағалау жүйесіне келесі талаптарды қоюға болады:
-оқушы қаншалықгы табысты оқып, білім алып жатқанын анықтауға мүмкіндік беруі керек;
-оқушының тәжірибелік дағдыларды қаншалықгы игергенін анықтай алуы керек;
-қандай танымдық қасиеттерінің және қаншалықгы дамығандығын анықтай алуы керек;
-бағалаудың жүйесінде оқушының өзін-өзі дамуын бағалауы қарастырылуы керек;
-бағалау жүйесінде оқушыны оның табыстары үшін марапаттау және қолдау механизмдері болуы керек;
-жүйеде «оқушы-мұғалім», «сынып жетекшісі және ата-ана», «педагогикалық ұжым және әкімшілік» байланыстары қарастырылуы керек.
Мінеки, осындай жан-жақты критерийлермен қамтамасыздалған бағалау жүйесі оқу үрдісін қалыптастыруға жүйелі түрде қарауға мүмкіндік береді, яғни оның тұтастығын қамтамасыз етеді. Құзыреттіліктерді қалыптастыруға негізделген жаңадан қалыптасып келе жатқан білім беру парадигмасы, жаңадан пайда болған білім стандарттары оқушылардың жетістіктерін бағалаудың бірыңғай критериалды технологиясын жасауға және қолдануға келіп тоқтайды. Бағалаудың мұндай бірыңғай критериалды технологиясы:
-толықтай және жан-жақты жүйелі болуы керек;
-пәнаралық сипатқа ие болуы керек;
-оқушының оқу-танымдық құзыреттіліктерінің қалыптасуына әсер ете алуы керек;
-бағалау үрдісінің ұйымдастырушьшық және педагогикалық негіздерін аныктай алуы керек;
-осы технологияны іске асыру үшін нақты моделі (түрі) болуы керек.
Бағалаудың әр түрлі жолдарының пайда болуы, әрине, жеке тұлғаны қалыптастырумен, оның құзыреттіліктерінің дамуына апаратын жалпы педагогикалық конңепцияның нақты орнығуымен байланысты. Осының бәрі бағалау жүйесінде қазіргі тенденциялардың пайда болуына әкелді. Нәтижесінде біз бағалаудың критериалды технилогиясына келіп тоқтадық. Бұл жүйенің тағы бір қыры - ол алдын-ала жоспарланған жетістіктерге, яғни, жалпы алғанда қажетгі құзыреттіліктерге оқушының қаншалықты және қандай деңгейде сәйкес екендігін салыстырып қарауға мүмкіндік береді. Психологиялық және педагогикалық зерттеулерде бағалаудың әр түрлі жақтары мен қасиеттері көрсетілген: мазмұны, орны, қызметі, оқытушының бағалау барысындағы қызметінің құрылымы және тағы сол сияқты. Алайда, бағалаудағы келесі мәселелер шеттеп қалған: нақты көрсеткіштер бойынша бағалаудың бірыңғай жүйесін жасау, бағалаудағы субъективтілік, бағаны қоюда мүғалімнің және оқушының жеке ерекшеліктері, қарым-қатынасы. Егер бұл мәселелерді және сұрақтарды шешпесе, онда жеке тұлғаны дамыту бағытындағы міндеттерді орындауға қол жеткізу өте қиын болары сөзсіз.
Оқушының оқу қызметінің табыстылығын бағалаудың мәселесі бойынша басты тенденңия ол бағалаудың басты функциясының айқын болуында. Ол функция оқушының білімі және білігі қалыптасуының шарты ретінде бақылаумен байланысты. Яғни, білім мен білік қалыптасқандығын бақылау. Сондықтан да, бақылау сонымен қатар оқушының ынта қою және психикалық танымдық үрдістерді дамыту қабілеттерін қалыптастырудың негізі ретінде бола алады. Оқушылардың оқу жетістіктерін критерийлер бойынша бағалау үрдісін үйымдастыру барысында оқушылардың оқу-танымдық қызметінің төмендегідей психологиялық және педагогикалық ерекшеліктері ескерілуі керек:
- өз бетінше білімін, біліктілігін және дағдыларын жетілдіруге және жаңа жетістіктерге ұмтылуға дайын болуы керек;
- өзінің жетістіктерін нақты бағалай алуы керек;
- өзінің алдына қойылған міндеттерін түсіне алуы керек;
- оқушының жеке білім алу бағытын таңдауға және оны қүрастыруға ұмтылуы; - оқу және өз бетінше дайындалу сабақтарының барысында оқу-танымдық белсенділікке ұмтылуы;
- сыныптастарымен қарым-қатынас жасауға ұмтылуы;
- оның құрбы-құрдастарының алған бағаларына көңіл аударуы, яғни оның өзара бағалауға ұмтылуы;
- теориялық және критерийлік ойлауының қапыптасуы;
- талғампаздығы;
- ақпаратгы қабылдау барысында ынтасының тұрақтылы; бір мақсатқа бағытталуы.
Оқушының жұмысындағы кемшіліктерді анықтау, олардың себебін және сипаттарын айқындау бақылаудың педагогикалық-психологиялық негіздері болып табьшады. Мұндағы мақсат - осы кемшіліктердің алдын-алу. Мұғалімге осы білімдер оқушыда қалай (немесе қандай жолмен) және қаншалықты игерілгендігі туралы білу қажет. Тексеру - бұл оқушының білімін бекіту, нақтылау, ойлану және жүйелеудің түрі. Мұғалімнің тарапынан тақырып бойынша қойылған сұраққа жауап беріп жатқан жолдастарын тыңдап, оқушылар оның алдында ғана өздері берген жауаптарын қайталайды. Тексеру неғұрлым жақсы ұйымдастырылса, білімнің бекітілуі де соғұрлым жақсы болады. Мұғалімнің осы орайда мақсаты - материалдың толық игерілуі. Ал ол үшін білімді арнайы әдіс бойынша тексеру керек. Тек сонда ғана білім толық және терең игерілгеніне көзіміз анық жетеді. Ал сыныптың барлық оқушыларының тақырып бойынша деңгейін анықтау өз алдына талдауды қажет ететін жеке сұрақ. Бұл мәселенің шешімі тест сұрақтарын бірнеше нұсқада жасаумен байланысты. Бағалау жүйесін дамытудағы қазіргі бағыттар анықталған критерийлермен оқушының жеке жетістіктерін салыстырумен байланысты болып отыр. Ал критерийлер өз кезегінде құзыреттіліктермен және жаңаша білім беру парадигмасымен байланысты. Осы бағыттарды ескере отырып білім беру стандарттары жасалады.
Критериалды бағалау алдын-ала ұжыммен бірге кұрастырылған, білім беру үрдісіне қатысушылардың барлығына белгілі және түсінікті критерийлер бойынша оқушының білім жетістіктерін салыстыру үрдісі ретінде түсіндіріледі. Бұл критерийлер білім берудің мақсатына және мазмұнына сәйкес болуы керек және оқушының оқу-танымдық құзыреттілігін қалыптастыруға ықпал етуі керек. Критериалды бағалау оқу бағдарламаларының мазмұнына, бағалау іс-шараларының түрлеріне, оқушылардың жеке психологиялық-педагогикалық ерекшеліктеріне сәйкес жүзеге асырылады. Сонымен қатар, критериалды бағалау формативтік және констативтік бағалаудың біріккен негізінде іске асырылады. Бұл дегеніміз оқушылардың білім жетістіктерін аралық және қорытынды бақылауды өзара байланысты тұтас жүйеде қолдану. Критериалды бағалау сонымен қатар бақылау үрдісін сезіну және осы бағалау технологиясын пайдаланудың тиімділігін педагогикалық болжауды жүргізу іске асырылатын болжау негізінде жүргізіледі. Критериалды бағалау оқушылардың оқу-танымдық белсенділігін, олардың шығармашылық және зерттеу аясын, жүйелі рефлексияға оқушыны бейімдеу арқылы ғылыми ақпараттың ағынында өз бетінше жұмыс істеуін және бағыт-бағдарын қалыптастыру және дамыту үшін жағдайларды және мүмкіндіктерді жасау мақсатын анықтайды.
Педагогикалық бақылаудың түрлері:
- Тақырыптық - оқу бағдарламасының маңызды тақырыптары бойынша (өтілетін тақырыптың шеңберінде мүғалімнің жұмыс жасау жүйесін зерітеу) ;
- Фронталды шолу - жалпы сұрақтар бойынша оқушылардың ұжымының (немесе мұғалімдердің бір тобының жұмысының табысты екендігін) білімін және біліктіліктерін тәжірибеде тексеріп көру, зерттеу;
- Салыстырмалық - оқушылардың, сыныптың, жекеленген педагогтардың жеке басындағы қасиеттерін қатар зертгеу;
- Персоналдық - нақты баланың жеке басындағы қасиеттерді, жекеленген педагогтың кәсіби педагогикалық қызметін жан-жақты зерттеу;
- Жалпысыныптық - нақты сыныптағы оқушьшардың білімінің және біліктерінің (білім берудің) сапасын зертгеу; Жалпыпәндік - жекеленген оқу пәндері бойынша оқушылардың білімінің және біліктерінің (білім берудің) сапасын зерттеу;
- Жалпыкешендік - бастапқы, негізгі орта немесе жалпы орта мектептің нақты сыныптағы окушылардың білімінің және біліктіліктерінің (білім берудің) сапасын жан-жақты зерттеу;
- Жұмыс барысында - білім беру үрдісіндегі кездейсоқ туындаған мәселелерді зерттеу;
- Қалыптастырушы - бағалау оқушыдан мұғалімге қарай бағытында оқудың барлық уақытында іске асырылады;
- Қорытынды (суммативтік) - бағалау білім берудің соңғы нәтижелерін қорытындылауға бағытталған.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz