Оларға діни өзгеріс түркілер арқылы енді


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
СӨЖ №1
Тақырыбы: Ежелгі грек, үнді, қытай, түркі халықтарының мифологиясындағы дүниенің жаратылуы, алғашқы адамның пайда болуы туралы мифтер, олардың ерекшеліктері мен ұқсастығы
Пән оқытушысы: Ержанова С. Б.
Білім алушы: Егизбаева Жазира
Алматы 2020ж
Жоспар:
1. Ежелгі грек, үнді, қытай, түркі халықтарының мифологиясындағы дүниенің жаратылуы . . . 3
2. Ежелгі грек, үнді, қытай, түркі халықтарының мифологиясындағы алғашқы адамның пайда болуы туралы мифтер . . . 5
3 . Ежелгі грек, үнді, қытай, түркі халықтарының мифологиясындағы ерекшеліктері мен ұқсастығы . . . 9- Ежелгі грек, үнді, қытай, түркі халықтарының мифологиясындағы дүниенің жаратылуы
Жалпы түркі филологиясында әлі күнге өз мифтерімізге құрметпен қарауды бірізді ғылыми жүйеге еш түсіре алмай келеміз. Осы енжарлығымызды әлем ғалымдары сәтімен пайдаланып жүр. Басқалар әлі күнге ертегі халық арийлерді түркі дүниесінен емес, өзге жақтан іздеп, өздері де әлекке түсіп, мұраның шын иегері біздерді де шатыстырып, жалған долбарға құрылған ғылыми болжамдардың небір ақылға сыймайтын түрлерін ғылыми қолданысқа енгізіп, осы өтіріктеріне ғылыми әлемді имандай ұйытуда.
Осындай, қате тұжырымдардың бар екенін үнемі есте ұстай отырып, түркі мифтерін тұтастықта олар араласқан халықтармен бірлікте алып зерттемесек, ғылыми ақиқатқа ешқашан жете алмаймыз. Қазір тілдік тұтастық болғанымен, түрік ұлыстары мен ұлттары арасында діни тұтастық жоқ. Біздер үш дінді: тәңірлік, христиан және ислам ұстанудамыз. Баба дінін ұстанушылар біздің мифтеріміздің діни негізін керек етпесе, біз өз кезегімізде өткенімізді тәрк етіп, пұтқа табынушылар деп оларға төбеден қараймыз.
Түркі әлемінде жұрттың бәрі мойынсұнатын ғылыми филологиялық мектептер қалыптаспаған. Оның себебі өзбек қазақты, сақа болса, өзбекті жоққа шығарумен келеді. Бірін-бірі жазу арқылы ғана түсінісетін қытайлар субэтнос болып отырса, біз бір-бірімізге әлі күнге дүрдараздықпен қарап, ортақ тарихымызды бөлшектеумен әлекпіз. Әлем танып, мойындау үшін түркі өркениетіне істелінген, істеліп жатқан гуманитарлық ғылым салаларындағы экспанцияға жұдырықтай жұмылып, бірлесе күреспесек барымызды басқаға таратып беріп қарап отырамыз.
Мифологияда қасиетті кітаптардың мәнін ашатын «Патриарх» термині бар. Жөйіттің (еврей) Агадиялық аңыздарында Адамнан Аврамға дейін атадан балаға беріліп келген, әлем жаратушысы туралы сакральды білім, этика бастауы және әлемді жаратуға септігі тиген қасиетті тіл-жөйіт тілі емес, басқа патриарх тіл; мұсылман аңыздарында патриархтар ең алғашқы таза дінді ұстанушылар кейін келе оларға түскен дін бұзылып, былғанған делінеді. Ол араб тілі емес, басқа тіл; Осы басқа тіл: Мысырда-Тат, Үндіде-Прушта, Иранда-Гайомарт; Қытайда-Пан-Гу сияқты жасампаз қаһармандармен(термин-акад. С. А. Қасқабасовтікі ) ере келгені баян етіледі. Ерекше тілдің болғаны онымен құдайлар, шаман-ұзұндар сөйлегенін грек, иран мифологиясы кеңінен сөз қылады. Үнділер «поэтикалық тіл», «құдайлар тіліндегі» мәтінді шығарушы аңызға айналған брахман-әншілер тайпасы болғандығын ауызға алады. Түркілерде ондай аңыз жоқ. Бәрін жаратушы, халықтың көзін ашушы-Тәңірі ғана бар. Дүниедегінің бәрі соның әмірімен болады, әрі жүзеге асады. Тәңірі өз бұйрығын түркі тілінде ғана береді.
Түркі машайықтарының (миссионерлерінің) ілкі қаһарманға (термин акад. Р. Бердібайдікі) айналуы заңды құбылыс. Олар өздерімен бірге құдай сөзі мен темірді ала келді. Дж. Фрайзер алғашқы қауымдағы отты тану үш кезеңнен тұрады: 1) от туралы түсінік; 2) отты өмірде қолдана білу; 3) отты жаға білу дейді. Сол сияқты түркілер темір туралы түсінігі жоқ халықтарға темірді өмірде қолдана білуге үйретті. Дін әкелуші халық- түркілер; дін қабылдаушы халықтар: қытай, үнді, иран және мысырлықтар болды. Дамудың төменгі сатысында тұрған аталған халықтар түркілердің діни-мифологиялық кейіптеуінің үш қырын: 1) антропопатизм; 2) антропоморфизм; 3) зооморфизмді өздеріне қабылдады. Түркінің табиғатты заттандыру мен жандандыруының негізінде ең алғаш өздері бастан өткерген: 1) адамға зияны тимейтін табиғат құбылысын кейіптендірмеу, яғни, символдық код бермеу; 2) зияны тиетіндер: от ана, су баба т. т. кейіптеніп, оларға табынды. Осының негізінде Құдай кәрі, Тәңірі қаһары мифтік ұғымдары бастау алды. Антропоморфтанған кейіптеуге ұшырайтындар: 1) аспан (табиғат) құбылыстары; 2) жер ландшафты; 3) заттық мәдениет; 4) рухани мәдениет; 5) шаруашылық түрі; 6) тұрмыс-тіршілік; 7) психо-физиологиялық құбылыс; 8) саясат; 9) қоғамдық құрылыс болды. Осы мифологиялық образдар аталған елдердің мәдени-рухани өміріне дендеп енді. Бұл халықтардың бұрынғы бұлдыр түсініктегі этиологиялық мифтері жаңа сатыға көтеріліп байыды.
Неміс этногрфы А. Йенсен этиологиялық мифтерді «ақиқат», «нағыз» мифтерге қарсы қояды. Ақиқат мифтер құдай жіберген кітаптарда көрініс табады. Ақиқат мифтер қасиетті, ал этиологиялық мифтер мұндай сипаттан ада. Сондықтан ондағы аңыздар ертедегі қоғамдық-әлеуметтік өмірді аша алмайды, өз зерттеушісін қателікке ұрындырады деп дұрыс қорытынды жасайды.
Құран Кәрімде Аллаһтың адамдарға 313 расул, 124 мың нәби жібергені айтылған. 313 кітап түскен, 124 мың құран сөзін ауызша таратушылар әлемді шарлаған. Сол нәбилердің біреуінің ғана түркі даласында жерленгені мәлім. Қабірі Қарақалпақстан жеріндегі-Шамун нәби. Басқа түркі нәбилері өз отанынан жырақта жат жерде көз жұмды. Басқа халықтар мифологиясында жасампаз қаһарман бейнесінде айшықталды. Түркілер әлемді қылышпен бағындырған деген бір жақты түсініктен арылуымыз керек. Біз әуелі біліммен әлемнің көзін ашқан, басқалардың жүрегіне «Құдай» сөзін ұялатқан ұлы да, ұлағатты ұлтпыз.
Еуропа зерттеушілері Інжілден, Талмудтан, Құраннан ұқсастықтар іздегенде мұсылман мифтерінің ауқымы алғашқы екеуіне қарағанда кең екенін мойындайды.
Мифологиялық мектептер: тарихи-салыстырмалы және антропологиялық үнді-еуропа мәдениетін түркілерсіз қарастырып, үлкен ғылыми қателік жіберді. Әлемдегі ең бірінші өркениет тарихтан мүлде сызылып тасталынып, олардың ата-мекені ғылымдағы бірін-бірі мойындамайтын геосаяси ойынға айналды. Ойынан от шығып, Ленин бастаған-таптық фашизм: Хитлер бастаған-ұлттық фашизм; Буш бастаған-мемлекеттік фашизм өмірге жолдама алды.
Өзгенің мифін сіңіре, қорыта алмау, еуропалықтарды, англо-сакстарды осылайша мәдени-саяси адасушылыққа ұрындыруда. Түркілік әскери-демократия қағидалары еуропалықтар тарапынан әлемге үш рет үлкен қырғын әкелді. Түркілер өз бидайын өзіне қуырып берушілерден әлі күнге зәбін көріп келеді.
2. Ежелгі грек, үнді, қытай, түркі халықтарының мифологиясындағы алғашқы адамның пайда болуы туралы мифтер
М. Бұлұтай тәңіршілдікті қолдаушыларды сын садағына алумен жүр. Ол кісінің адасуын түсінуге болады, осы кезге дейін түркі тарихы, мәдениеті өзгелердің диктатымен түзілді, өзгелердің тарихи деректеріне сүйенеді. Сол өзгелер Біздің тарихымызды бұрмаламаса түземейді. Олар бәрін өзгерткенімен, өңін айналдырғанымен ұлттық құндылықтарында, яғни, мифтерінде, діни кітаптарында түркі таңбасы жуса кетпейтін күйде мен мұндалап тұр. Түсініп, таны да керегіңе жарат ешкім сенің қолыңды қақпайды. Бірақ бізде мысыртанушы, гректанушы, буддатанушы, үндітанушы, римтанушылар жоққа тән. Шығыстанушыларымыз араб, парсы және қытай мәдениетінен ары аспайды. Асқанның өзінде көбіне солардың ығына жығылуға бейім. Еуропалықтар жалған ғылым-еуротектікті (еуроцентризмді) қалай өмірге әкелсе, ендігі жерде олардың жетегінде жүре бермей, ақиқат ғылым түрікшілдікті (тәңіршілдікті//тенгризмді) жатпай-тұрмай ғылыми айналымға енгізіп, өзгелерге өзімізді ғылыми тұрғыдан таныту дәуірін бастауымыз керек.
Түркі дүниетанымында мифтік кеңістік екіге бөлінеді:1) жерде-материалдық; 2) көкте-рухани, сондықтан аспан мифологемасының комплексті жүйесі бірінші болып біздің бабаларымызда: жоғары = игілік = билік = тылсым = мәңгілік т. т. ретінде құдай сипатына айналды. Қазір алтайлықтарда, шорларда, хакас, тува т. т. сібір түркілерінде сақталған тәңіршілдіктің діни аңыздары Алтай асып, негізгі діндер: Буддизмге, иудеизмге, христиандықтарға, исламға енді. Шад-Ибрайым мен Ысқаққа, Яхве (Як иээ /Зеңгі баба/) -Мұсаға, Аллаһ-Мұхаммедке, Тәңір-Қазіреті Қызырға аян жаратушы есімі.
Түркілердің бір тәңірге ғана емес, көп құдайға табынғаны (ұзын саны-200-ден аса) Чуваштарда сақталған. Ең алғашқы иерархиялық жүйелеу: бірінші элемент (жер, аспан, су, от, ауа, жел т. т. ) ; иерархиялық деңгей, бір заттық ұғым: өсімдіктік, хайуанаттық, минералдық, ғарыштық, аспаздық, абстрактылық кодтармен беріледі немесе әр түрлі қызмет ауқымында діни-құқықтық, әскери, шаруашылық т. б. негізінде жаһандық және интегральды дәрежедегі детерминизм үстемдік етеді. Осының негізінде қоршаған ортаны рухани тану қалыптасып, мифопоэтикалық дәстүріміз: тууды - өсті - өшті -жоғалды. Бірақ нақты ғаламзаттарды топтастыру, бабаларымызды олардың ұқсастығы мен айырмашылығын екшеуге, ғаламның заттық құрылымын айқындап, кешегісіне - бүгінгісіне - кейінгісіне ой жіберуге ұмтылысы босқа кетпей, мифтерімізде сақталып қалды.
Ежелгі жазбалардағы мифопоэтикалық образды қазіргі таңда фонетикалық жағынан емес, ұғымдық жағынан зерттеу қажет. Жазу қасиетті ол арқылы жазылған сөздің бойында сакральды білім /түркі рухы/ , тарихи оқиға, ұлы тұлғалар /түркі расулдары, нәбилері т. т. / өмірі жасырынған. Авестадағы, Ригведадағы т. б. қасиетті кітаптардағы түркі сөздері, мифопоэтикалық ұғымдар енді-енді зерделеніп жатыр. Осы киелі кітаптарға негіз болған тарихи алғышарт, әлеуметтік жағдай, геосаяси оқиғалар түпкілікті ескерілмей, еуропалықтар, үнділер, ирандықтар, қытайлықтар тарапынан бір жақты, кейде тіпті ақылға сыймайтын пікірлер айтылуда.
Ең бірінші қасиетті кітап түскен халық түркілер ( ариелері ) әлем тарихынан мүлде сызылып тасталған. Ирандықтардың бірінші патшалық династиясы Пишдадит деп аталады. Оны тарихта қалдыру үшін Фердауси «Шахнамені» жазды. Түркілердің бірінші патшалық династиясы Парадата ( Болатата, Блатата, Балтата ) әлі күнге Пишдадитпен шатастырылуда. Арийлерге дейінгі Иран, арийлерге дейінгі Үнді тарихы өзіндік сипатымен, көп құдайлығымен танылады. Оларға діни өзгеріс түркілер арқылы енді. Түркілер келген жақ: ирандықтарда - Ариана Вэджа, үнділерде - Гималайдан ары жатқан Меру тауы деп аталады.
Үнділік қоныс аударушылар арасында кшантрийлер (түркі әскери аристократиясы) Тәңірі есімін полинезиялықтарға Тангорао түрінде /әсіресе, ең жауынгер халық-маорилерге / жеткізді. Олардағы квазитарихи аңыздарда миграция жиі айтылады.
Ескі атау мен жаңа атау, ұғымдар әуелде синонимдес, жарыса қолданылғанымен бірте-бірте оппозициялық қолданысқа: көп-аз, өз-жат, рақымды-зұлым т. т. ауысады. Жаңа ұғымды қолданушылар аз болғандықтан, ол көпшіліктің түсінігіне жат-зұлымдық символы. Сондықтан, оны ұстанушылар не өз сенімінен марандар (христиан дінін қабылдаған испан жөйіттері) сияқты бас тартады, не инквизиция кезіндегі испандық жөйіттер сияқты жасырын ұстанады. Арийлер үнділерді, ирандықтарды саяси бағындырғанымен рухани бағындыра алмағандықтан өздері жұтылып кетті. Осы күйініш тарихи Отанды, Алтай тауын аңсау сарынын тудырды, ол «Авестада» т. б. діни кітаптарда көрініс тапты. Батысқа өзі тектестер арасына барғандар тілі өзгергенімен, түрі өзгермей қалса, шығысқа өзге тектестер (монголидтер) арасына барғандардардың тілі өзгермегенімен, анторпологиялық жағынан түр өзгешелігіне ұшырады.
Еуропалықтар миграцияның өңін айналдырғанымен, бетін қырса, түркі боп шығатынын мойындап, тәубәсына келер шақта алыс емес. Олар тудырған теориясымақтар маңдайын тасқа алғаш рет 1894 жылы соқты. Ғылыми адасу мұнымен тоқтамай аралық монголид тектес үнді мен иранды өздеріне баба етіп алды. Нағыз көк көзді, сары шашты түркілердің тілін емес, түрін сақтаған ұрпақтары осылайша әлі күнге шатасуда.
Америкалық үндістерде ақ түсті адамдардың келгені туралы аңыз ізгілік сипатында баяндалса, Жаңа Зеландия аралдарында керісінше суретеледі. Аралдықтар өздерінің екі тектен: қара шаштылар- Ронгодан ; сары шаштылар- Танггараодан тарағанын ауыздарына алады. Ронго бас құдай деп танылды да, келімсектер (түркілер) құдайы Танггарао жай құдайға айналды. Ағылшындар аралды жаулап алған соң христиан дініне кіргізе бастаған кезде Танггараоның ұлы Ороға табынушылар қатты қарсылық көрсеткенін миссионерлер жазып қалдырды. Аралас неке өз дегенін істеп, асыл текті түркілердің қанын бүлдіргені сондай, біз мүлде басқа халыққа айналдық. Осы түр өзгешелігі еуропалықтарға түркілік мұраны иеленуге әлі күнге мүмкіндік беруде. Олардың ұғымындағы Арийліктер-көк көзді, сары шашты үндістаннан шыққан иран тілдес халық. Алтайлықтар миграциясының екі бағытта: Батыс пен Шығысқа параллел жүргенін білмеу, білсе де ескермеу, бір-бірінен асып түсетін ғылыми қателіктерге ұрындыруда. Олар итке телитін түркі руы Сақ алан тілінде «бұғы» , мая тілінде « Балта », яғни бұғы тотеміне табынатын балтаны америкаға апарушылар. Сонымен ең көне үш өркениеттің (иран, қытай, үнді) мұрагерлері өздерін әлі күнге асқақ сезінсе, осы үшеуінің тарихында өшпес із қалдырған төртінші өркениеттің мұрагерлері өз өркениетін әлемге мойындата алмай келеді.
Түркі мифологиясы сырт қақпайланып, бүтіннің бөлшегі ретінде қарастырылуда. Енді оған еш көнуге болмайды. ТМД аймағындағы төрт түркі елдерінің ғалымдарының озық ойлылары өздерін бүтіннің бөлшегі емес, өзі екендіктерін дәлелдей түсуде, соның арқасында бұрынғы жалған жорамалдардың тас-талқаны шығуда.
Қазір шумер, аккад, этрустардың шығу тегі белгісіз деген ғылыми тұжырым дәлелдеуді керек етпейтін аксиома ретінде қалыптасты. Көзге ұрып тұрған түркілік географиялық атау, тотемдік ұғым есепке алынып жатпады. Сумер тауы - түркі мифологиясындағы жер кіндігіне орналасқан әлемдік тау. Шумерлер дегеніміз - алтайлықтар; аккад-бұғының екінші атауы; этрус-ат тайпасы. Орыс ғалымдары осы атаудың «рус», яғни ұлыс бөлігіне босқа жармасып жүр.
Адамзат тарихындағы бірінші халық жасампаз қаһарман бейнесінде жинақталып немесе аға халық есебінде саналып, тәу ететін нысанға айналды. Үндістердің Кортестен жеңілуі-сол құлдық сананың көрінісі.
Аға халыққа, арийлерге (түркі деп ұғыңыз) бірінші болып қарсы шыққан жөйіттер болды. Оны қаламаған мысырлық түркілер оларды Отанынан айырды. Түркі тілінің Ивритке аударылуы, адам, жер-су атауларының бұрмалануы көз көріп, құлақ естімеген сұмдық оқиға еді. Мысырдың Тоттың атымен байланыстырылатын Птахи тіліндегі қасиетті ілімнің аудармасын жасаушы халық құлдыққа түскенімен қасиетті кітаптың біріншілігін иеленіп кетті. Бірақ ешбір халық олардың дінін қабылдамауы осы діннің түбінің осындай шикілігінен. Осыны жете аңғарған, Испан инквизициясы мен фашистік Алмания оларға кәрін төгіп, жанкешті халық 1948 жылға дейін қуғын сүргінге түсті. Қаиетті Арий атына күйе жағып, қасиетті символымыз Керейт тамғасын (свастика) Хитлер жауыздық таңбасына айналдырды. Сөйтіп түркі рухын сіңірмекші болған нацистер өздері көтере алмайтын шоқпарды белдеріне байлады.
Түркілердің діни орталығы Иершамун (Шамун нәби жері) қаласын қаланың не екенін білмеген көшпелі жөйіттер мен арабтар өзіміздікі деп құдайдың құтты күні атысып-шабысып жатыр. Аударма Тәңірлік діннің басынан бағын кетіріп, кейінгі діндерге Ислам мен Христиандыққа орын босатты. Тәңір текті түркілер күрт өзгеріп, жауынгер тайпаға айнала бастады. Әлемді сөзбен емес, күшпен жаулау өмір салтына айналды. Тек Құран Кәрім ғана Тәңіршілдік дінінің болғанын өзінің содан бастау алғанын ашық айтты. Және араб тілінен өзге тілде құлшылық етуге барша мұсылмандарға тыйым салды. Себебі түркі дінінің, христиан ағымдарының кебін хаһ ислам кимеу үшін, өйткені, бұл - тарих тағылымы. Одан сабақ алу керек.
Түркілік нәби Пурушта үнді мифологиясында жасампаз қаһарман атымен сақталып қалды. Оған ергендердің алауыздығы үнділерді кастаға бөлуге әкеп соқты. Пурушта өзіне-өзі қол жұмсап, үнділер ол әкелген Праджапати дінін қабылдамаған қауымның көз алдында дүниеден өтеді.
Праджапати - көне үнді мифологиясындағы жалғыз жаратушы. Ол-төрт аяқтыларды және екі аяқтылардың әміршісі. Мифопоэтикалық дүниетаным кризисінен кейін, Пурушта басқа қырынан сипатталды: аузынан-Брахмандар; қолынан-Раджаньи// Кшатрий(кісі атты ) ; белінен - Вайшьи; аяғынан-Шудралар жаратылып, әлеуметтік реформа басты діни кітап канондарын бұрмалап, көп құдайға табыну белең алды. Түркі дінінің бір кездегі үстемдігіне қарсылық көріністері: Пушан құдайдың арбасына ат емес, ешкі жегіуі; құрбандыққа жылқы шалу т. б. орын алды. Діни кітаптар ендігі жерде үнді тілінде (санскрит) жазыла бастады. Соның бірі «Регведа» Тәңір сипатын жан-жақты ашады, бірақ адамдарды көп құдайға сенуге ұрындырады.
Ювха, Юха түркімен, татар мифологиясында аждаһаның жүз, мың жылда қызға айналуы, жануарлық, зооморфтық, ғарыштық циклдік ұғымы юга «ғасыр, буын» түрінде үнділерге енген. Төрттік дәурен қазақ ғаламдық циклі (Ә. Диваев жазып қалдырған дерек бойынша) тағы бар. Үнді-түркі ауысуы: 1) Барыс-критюга, яғни ізгі ғасыр; 2) Қасқыр-критаюга, дінге сызат түсе бастаған дәуір; 3) Түлкі-двапараюга, зұлымдық, алдамшылық күш ала бастаған дәуір; 4) Ит-калиюга, зұлымдық дәуірі. Неміс зерттеушісі В. Кинфел Юга атауын сүйек ойынымен байланыстырып дұрыс тұжырым жасайды. Ол тұжырым түркілік асық түсісіне негізделуі біздің төл сөзіміз үйіруге-юга-үйірілген кездегі: алшы-4; тәйкі-3; бүк-2; шік-1 түсулерінің қалпын білдіретінін дұрыс аңғарған. Түркілік аңдық-сандық түсінік үнділерге 1-кальп немесе Брахманның бір күніне 1. 800. 000. алмасқан. Түркілерде әр дәурен-200 жылдан. Сонда Югаға негіз болған ол қандай ойын? Ол-түркілік «дәртікем» («төрт құмар») . «Махабхаратада» Пандавтардың ең үлкені Юдхиштхира Куравтардың ағасы Шакуниден (Сақұмай; этрустерде ұмай-уни деп аталады) асыққа ұтылып, елден аластатылады. Куравтар аяғында жеңіліс табады. Куравтар жеңілісі-түркілер жеңілісі, бұдан арғы дін таратушы халық рөлі үнділерге ауысты. Осы жеңісті ұлықтаған «Махабхарата» эпосы дүниеге келді. Жеңілген ұлт ешқашан өз жеңілісі туралы эпикалық туынды шығармайды. Тұр қаласы үшін соғыста (ағаш атты тексермеу, қасиетті жануарға қол тигізбеу кесірінен) жеңілген түркілер туралы соқыр Ғұмар «Иллиада» эпосын шығарғанын академик Әлкей Марғұлан шәкірті Тұрсын Жұртбайға т. б. айтып кеткенін естен шығармалық.
3. Ежелгі грек, үнді, қытай, түркі халықтарының мифологиясындағы ерекшеліктері мен ұқсастығы
Үнді мифінде түркілер якши/йакиши/ өгіз (қодас) адам (кісі) сөзіне « итараджа »-басқа адамдар; « пуньяджана »- таза жандар эпитетімен кездессе, «Атхарваведада» кездесетін якшилер Қайлас/Қодас/ тауындағы бақ пен үңгірлердегі қазына күзетушілер болса, будда мифологиясында адам етін жейтін, бала қанын ішетіндер болып жат пиғылмен өзгертілген. Тарихты жасампаздар жазады. Жеңілгендерге тарих бетінен мүлде өшуге тиіс.
Кшатрийлер түркілер еді. Олар Пурушта нәбимен еріп келіп, үндінің саяси билігіне араласты, хаһ дінді мойындамаған брахмандардан жеңіліс тауып, жоғарғы діни-саяси билік толықтай үнділер қолына көшкенін Парашидрама аңызы баян етеді. Осы тарихи тұлғаны Дж. Чапеентиер « Балталы Рама » деп аударады. Аңызда ол Шива құдайдан балталай (темір қару-жарақ деп ұғыңыз) көмек алған Бхригу тайпасынан шыққан ақылман Джамадангидің ұлы Абыздар мен әскери аристократия арасындағы соғыста, дәлірек айтсақ, үнділер мен түркілер арасындағы соғыста Алтайдан қару-жарақ ала білген дипломат қолбасшы. Түркіні түркінің қаруымен жеңе білген бірінші жат жұрттық. Оның себебін туыстық байланыстың әлсіреген дәуірінен іздегеніміз дұрыс. Түркілер үнділеніп үлгерген шақ болатын. Пара /балта/ билік символы үнділер қолына басы бүтін көшті. Якшилер үнділерге бір ғана өзгеріс енгізе алды. Ол-сиырды пір тұтып, етін жемеу. Метрополя Алтай өзінің бір колониясынан осылайша айырылды. Ендігі жерде қандық та, тілдік те, діндік те бірлік жоқ еді.
Үнді мифологиясында түркі этнонимі екі түрлі атаумен: Таркшья және Тваштар тұлғасында, иран мифологиясында Тваш сөзі ғарыш темірі деген ұғымда қолданылады. Тваштар, яғни, чуваштар темір бұйымын жасауды үйретушілер Индираға күйме мен күрзі жасап бергендер «Регведа» мәтінінде 65 рет кездеседі де «Жасаушы», «Жаратушы» ұғымын білдіреді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz