Ананың бала тәрбиесіндегі орны



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Евразия Гуманитарлық институты

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Толық емес отбасындағы баланың психологиялық жағдайы

Орындаған: Педагогика және психология мамандығының 3 курс студенті Бакенова Қарлығаш
Жетекші: Болатбекова Н.Ж.

Нұр-сұлтан, 2020 жылы Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І. Отбасы психологиясындағы тұлғааралық қарым-қатынастың теориялық мәселелері
1.1. Отбасы мәселесінің психологиялық негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Толық емес отбасы жағдайының баланың эмоционалды-тұлғалық сферасына әсері ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
II. Толық емес отбасындағы баланың психологиялық жағдайы
2.1 Толық емес отбасындағы ана мен баланың қарым-қатынасы ... ... ... .12
2.2 Толық емес отбасындағы әке мен бала қарым-қатынасы ... ... ... ... ... . ..18
2.3 Ананың бала тәрбиесіндегі орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19
2.4 Әкенің бала тәрбиесіндегі орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21
2.5 Жүргізілген зерттеу жұмыстары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .24
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..30
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..3 2

Кіріспе
Отбасы баланың ең жақын әлеуметтендіру ортасы. Осы ортада баланың өмірдің мақсаты, оның құндылықтары, не біліп, өзін қалай ұстау керектігі туралы алғашқы мағлұматтар меңгеріледі және онда басқалармен қарым-қатынас орнатуға дағдыланады. Сөйтіп, өзінің кім және қандай екенін, басқалардың кім және қандай екенін тәжірбиеде сынап байқап көреді. Балалар отбасында әртүрлі жағдаяттар мен төтенше ахуалдарда өзін ұстаудың нормаларын, мінез-құлқын реттеудің өлшемдерін меңгереді. Отбасы психологиясын зерттеушілер А.Г.Харчев, А.Н.Антонов, З.И.Файнбург, Д.Горборинко оның функцияларын ата-ананың үгіт-насихаты, түсіндіруі, олардың үлгі-өнегесі, үйдегі ахуал, отбасының психологиялық тынысы арқылы балалардың әдеті, мінез-құлқы, жақсы-жаманды бағалау уәзіндері (критерий) қалыптасуымен бірге қандай қылықтары үшін сөгіс алып, не үшін жазаланатынын, әділдік пен адалдық үғымдарын меңгереді деген тұжырымдар жасады.
Қазақстан Республикасының Конститутциясында балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу - ата-ананың табиғи құқығы әрі парызы деп, отбасының міндеті нақты көрсетілген.
Қазіргі заманда отбасының құрылымы өзгеріп, оның мүшелер саны азайып, бала саны да кеми түсті. Қоғамдағы әлеуметтік, мәдени экономикалық жаңғырулар, әр түрлі сипаттағы әлемдік деңгейдегі ақпарат алмасу, отбасы мүшелерінің арасындағы қарым-қатынас сипатына да өз әсерін тигізіп отыр. Қазіргі аналардың көпшілігі жұмыс жасайтын болғандықтан бала уақытының көбін пассивті тәрбиешілермен өткізеді. Бала тәрбиесі қалалық отбасына тән болып отырған келесі ерекшеліктерімен шартталған: балалардың көбісі күннен күнге ұлғайып отырған айырылысулардың нәтижесінде әкесіз немесе анасыз өседі; теледидар, жеке бөлме тағы сол сияқты өркениеттің жетістіктері балалар мен олардың ата-аналарының арасындағы қарым-қатынас процесін қиындатады.
Отбасы ұғымына анықтама беру, оның атқаратын қызметтерін нақтылау, отбасындағы қарым-қатынас мәселерін талдау көптеген зерттеулерде орын алған. Отбасы қызметінің ортақ топтамасы немесе жіктемесі де жетік түрде толық жасалмаған. Г.М.Свердлов және В.Л.Ресенцев (1958) отбасының маңызды қызметтерін ұрпақ жалғастыру, тәрбиелеу, шаруашылық және өзара көмек көрсету түрлерін датқызған. Ата-ананың отбасылық ықпалы туралы өз еңбектерінде А.Ю.Гавит, Э.А.Тийт қарастырды, сонымен қоса некедегі сәйкестікке қатысты мәселелер де талданған.
Д.Горборино отбасын адамзаттың тәжірибенің негізгі бірлігі ретінде сипаттады. А.Н.Антоновтың айтуынша, отбасы ата-ана бала қатынасын орнатады, ал неке болса ер азамат пен әйел адамның арасындағы қарым-қатынасты растайтын мойындау болып табылады. Ол отбасылық кеңістік аймағы үй, пәтер көңіл аударады, және де отбасының меншігі иен экономикалық негізі ата-аналар мен балалардың жалпы отбасылық іс-әрекетін болжайды.
Отбасылық қатынастар бойынша құрылған отбасы анықтамаларының ішінде А.Г.Харчевтің ұсынған анықтамасы бойынша - отбасы - бұл жұбайлар арасындағы ата-аналар мен балалар арасындағы қарым-қатынастардың жүйесі, оның мүшелері бір-бірімен некелік және туыстық қатынаспен байланысады, ортақ тұрмыс пен өзара адамгершіліктің жауапкершілікпен, қоғамның қажеттіліктеріне шартталынған әлеуметтік тәуелділікпен сипатталады. Отбасы денелік өмір мен әлеуметтік ағза өмірінің арасында байланыстырушы звено - деп берген А.Б.Харчевтың отбасы ұғымына анықтамасы жалпылама түрде болып табылады.
Тақырыптың өзектілігі. Бүгінде толық емес отбасы деген сөз күнделікті елең еткізбейтін сөз тіркесіне айналды. Қазіргі қоғамда ер балалардың тәрбиесіне көңіл бөлініп жатқан жоқ. Неке қияр орталықтарының мәліметтеріне жүгінсек, жаға ұстататын мәліметтерге тап болады екенбіз. Некеге отырғандардың 65 пайызына жуығы көп ұзамай ажырасып кетеді екен. Мектеп оқушыларының арасында 70 пайызға жуық бала әкесіз тәрбиеленіп отырған толық емес отбасылар.
Күнкөріс қамымен әке бір жақта, ана бір жақта - балалары бөлек өзінше өмір сүріп жатқандарың да куәсі болып жүрміз. Бала тәрбиесінен алыс, тірлігі беймәлім әкенің бала тәрбиесіне қандай ықпалы болады? Әке неғұрлым баланың қасында жүрсе, соғұрлым бала әке тәрбиесін көріп өседі. Осында мәселені алға қоя отырып, зерттеу жұмысымның тақырыбын Толық емес отбасындағы баланың психологиялық жағдайы деп алдым.
Зерттеу мақсаты: отбасында тұлғааралық қарым-қатынасты қабылдаудың психологиялық аспектілерін теориядлық жағынан негіздеп және қарым-қатынаста орын алатын қақтығыс жағдайлардың теріс әсерін төмендету жолдарын анықтау, сонымен қатар толық емес отбасындағы балалардың психологиясын зерттеу.
Зерттеу обьектісі: толық емес отбасындағы бала психологиясы.
Зерттеу пәні: отбасында тұлғааралық қарым-қатынасты қабылдаудың психологиялық аспектілерінің ерекшелігін зерттеу.
Зерттеу міндеттері:
1. Толық емес отбасы туралы, толық емес отбасында қарым-қатынасты қабылдаудың психологиялық ерекшеліктері туралы ғылыми - теориялық әдебиеттерге талдау.
2. Толық емес отбасындағы балалар психологиясын, қарым-қатынас ерекшеліктерін зерттеу әдістемелерін жинақтау.
Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспе, екі бөлім, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І. Отбасы психологиясындағы тұлғааралық қарым-қатынастың теориялық мәселелері
1.1. Отбасы мәселесінің психологиялық негіздері
Отбасы - адамның эмоциясы, уайымы, көзқарасы мен қатынасынымен байланысты емес, ол - ерекше феномен. Отбасы феноменінің бір жолы оның құрылымын, тарихи уақыт талабына сай өзгеруін және бір отбасының өмірлік циклын логикалық түсіндірілуі. С.И. Голод (1998) пікірінше отбасы феноменінде құрылымдық өріс ерлі-зайыптылар және ата - ана мен бала қатынасы деп қарастырады. Отбасы - неке негізінде немесе қан жағынан туыстас шағын топ, олар өзара көмек көрсету, жауапкершілік алу және тұрмыстық жалпылылықта байланысады (Эйдемиллер, Э.Г. Юстицкий, 1990). Отбасы балаға ықпал етеді, оны қоғамдық өмірге жетелейді. Отбасының тәрбие институтты ретінде маңызы онда бала өз өмірінің маңызды бөліктерін өткізеді және де тұлға ретінде қалыптасуына ықпал ету ұзақтығы жағынан басқа тәрбие институттарына бой бермейді - деп көрсетті Шужебева А.И өз зерттеу жұмысында.
Терең тұлға аралық қатынастарды реттеу механизмдеріне арналған жұмыстарды талдауда шетелдік ғалым Э. Фромм және ресейлік ғалым М.И.Лисина ол өзіміздің қазақстандық ірі ғалымдардың бірі С.М. Жақыповтардың қойылған мәселені толығымен шешуге мүмкіндік берді. Біріншіден, отбасы жағдайында бірлескен іс-әрекетті орындау барысында жеткіншектердің құндылықты-мағынылық құрылымдардың қалыптасу жағдайларын нақтылауға мүмкіндік берілді.
Екіншіден, жеткіншектердің тұлғалық дамуында ауытқулардың пайда болуының отбасы ішіндегі алғышарттарын анықтауға мүмкіндік береді. Зерттеудің методологиялық бағытына қарай жеткіншектерге отбасы ішілік құндылықтарды беру процесі, отбасы мүшелнрі арасындағы бірлескен әрекет пен эмоцияның өзара байланыстардың үйлесімділік механизмдерін қолдануға негізделеді.
Отбасы бүкіл ғасырлар бойы адам баласы тәрбиесінің құралы болып келеді. Сондықтан ол адам үшін ең үлкен мәнге ие орта.
Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралардың сақтаушысы. Онда бала алғашқы рет өмір жолымен танысады, моральдық нормаларды игереді. Сондықтан отбасылық өмір жеке адамның азамат болып өсуінің негізі.
Отбасы - оқыту мен тәрбие жұмысындағы мектептің одақтасы. Ол бала тәрбиесі жөнінде мектеппен тығыз байланысты болуды өте жақсы түсінеді. Өйткені бала тәрбиесінің отбасында, мектепте нәтижелі болуы осындай ынтымақтастыққа негізделеді.
Отбасы тәрбиесі - бұл қоғамдық тәрбиенің бір бөлігі, мемлекет алдындағы ата- аналардың борышы. Оған дәлел: балалар мекемелері жөнінде халықтың қажеттілігін толық қанағаттандыру, балалардың еңбек, спорт лагерлерінің, жас натуралистер станцияларының, ғылыми - техникалық және көркемдік шығармашылық үйірмелерінің жүйесін кеңейту; ананы, балалық шақты қорғауға ерекше көңіл бөлу; отбасы мүшелерінің демалуы үшін санаторийлердің, демалыс үйлерінің жүйесін кеңейту; аналар жағдайын еске алып, әйелдердің халық шаруашылығына қатысуын үйлестіру.
Отбасында басты мәселелердің бірі - баланың тіршілік әрекетін ұйымдастыру. Бұған баланың күн ырғағы, міндеттері, қойылатын талаптар, оның үй еңбегіне қатысуы, оқу-әрекеті бос уақытын ұйымдастыру жатады.
Отбасы, барлық уақытта да, өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесі мәселелерін шешуде үлкен мүмкіндіктерге ие болған. Қазіргі заманғы отбасының өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесі мәселелерін шешудегі ерекшелігі - ата-ананың білім және жалпы мәдени деңгейінің жоғары болуы.
Балалардың отбасынбағы тәрбиесі оның белгілі бір тұрақты әлеуметтік институт ретінде анықталады. Ол отбасы мүшелері арасындағы өзара қатынастардың қалыптасуы мен дамуына септігін тигізетін адамдардың жақындығы, туыстық қатынастар, өзара үйелмендік, тұрмыстық өмір. Отбасы тәрбиесінің артықшылығы да осы қатынастарда, оны тәрбиенің ешкандай да түрі алмастыра алмайды.
Отбасы - болашақ азаматтың әлеуметтену жолындағы алғашқы қадамдарын жасайтын бастапқы адым. Ол балаға моральдық қалпы туралы алғашқы түсініктер береді, оны еңбекке баулып, өз-өзіне қызмет ету дағдыларын қалыптастырады. Ата-ананың іс-әрекеті мен мінез-құлқы, өмір сүру салты арқылы балаға дүниетанымдық, адамгершілік, әлеуметтік-саяси құндылықтар беріледі.
Отбасы тәрбиесінің қоғамдық және мемлекеттік тәрбиеге қарағанда артықшылығы басым. Алайда, қазіргі қоғамдық өмірде болып жатқан әлеуметтік, экономикалық және демографиялық өзгерістер отбасына белгілі бір қиыншылықтар туғызады.
Ата-аналардың білім деңгейіне байланысты да отбасында ерекшеліктер орын алады. Мысалы: ата-аналардың білімі жоғары болған сайын олардың балалары мектепте жақсы оқиды. Қазіргі ата-аналар жұмыс басты болғандықтан бала тәрбиесі көбінесе білімі төмен ата мен әжелерге жүктеледі.
Қоғамда жүріп жатқан тұрғындардың материалдық жағдайға байланысты жіктелуі отбасы тәрбиесіне материалдық жағдайы әртүрлі ата-аналардың қарым-қатынасына әсер етеді. Отбасында балаларға отбасылық бюджеттің 25-50% жұмсалады. Материалдық кірісі мол отбасыларда педагогикалық көзсоқырлық, тойынғандық жағдайға алып барады. Тойынғандық дегеніміз - өмірге, өмірдегі материалдық және рухани құндылықтарға деген жеккөрінішті, келекетті қатынас.
Жастайынан осындай ортада өскен балалардың арасына торығушылар, қаңғыбастар, қызықты әсерді іздеушілер өсіп шығады.
Қазіргі кезде отбасының уақталу процесі жүруде. Ол дегеніміз - жас ата-аналардан тұратын әжесіз, атасыз отбасылар. Бұл отбасының беріктігін нығайтып, дербес ұжымды қатынастырады. Қиындықтар достық пен ынтымақтастықты нығайтып, қуаныш пен қайғыны бөлісуге тәрбиелейді. Дегенмен, жас отбасында алғашқы кезде тұрмыстың түзелмеуі, бала тәрбиесі сияқты қиындықтар кездескенімен, оларды шешу қоғамның құзырында.
Отбасы мүшелерінің келуі, туылған бала санының азаюы да отбасы дамуының ерекшелігін құрайды. Қалалық отбасында бір-екі бала ғана тәрбиеленеді. Бала туудың азаюының себептері сан алуан және өте күрделі; олар ата-аналардың жұмыс бастылығын; мектепке дейінгі мекемелермен қамтамасыз етілмеуі; бала тәрбиесіне шығынның көп жұмсалуы; әйел ананың шамадан тыс жұмыс бастылығы; отбасының қолайсыз тұрғын үйі; тұрмыстық жағдайы; ата-аналардың өзі үшін өмір сүруге ұмтылған тоғышарлық ұмтылысы және т.б. Бала туудың азаюы - шағын отбасындағы тәрбие әдістерін жасау деген және педагогикалық проблеманы алуға тосады.
Қазіргі отбасы ажырасу санының едәуір артуымен сипатталады. Ажырасудың 90% тұрмыс қолайсыздығы мен дайындықсыздың салдары. Дегенмен барлық ажырасуларға жағымсыз баға беруге болмайды, өйткені кей жағдайда ажырасу баланың психикасына теріс әсер ететін ұрыс-жанжал, отбасылық кикілжіңді алдын алады.
Бір балалы отбасы көпшілікпен араласу, ұжымдық қызмет тәжірибесін игеру жағынан баланы қиын жағдайға қалдырады. Бұндай отбасыларда аға, әпке сияқты тәлімгер іні, қарындас сияқты қамқорлығына алатын бауырдың болмауы ұжымдық туыстық қатынастар аясын мүлдем тарылта түседі. Осындай жағдайда баланың қызығушылығы мен қажеттілігін қамтамасыз етуде ата-аналардың педагогикалық нормаларды сақтамауынан бастауыш сынып кезінен оның бойында тоғышарлық, ұжымды жатырқаушылық қасиеттердің қалыптасқандығын аңғарамыз.

1.2. Толық емес отбасы жағдайының баланың
эмоционалды-тұлғалық сферасына әсері
Толық емес отбасы жағдайы тек ерлі-зайыптылардың ғана эмоционалды-тұлғалық сферасына әсер етіп қоймай, сонымен қатар, олардың балаларының, әсіресе, балалық шақтағы эмоционалды-тұлғалық сферасының бұзылуын да қамтиды. Бұл жерде біз баланың бойында қандай реакциялар болатындығын немесе бұл жағдайда балада қандай күйзелістер туындайтынын түсінгіміз келеді. Толық емес отбасы көбіне ата-анасының ажырасуы салдарынан туындайтыны айқын. Бірақ ажырасуды қайғыру кезеңінде нені түсінуіміз керек, және бұл қайғыру басқа қайғылармен салыстырғанда қандай? деген мәселе туындайды. Бала үшін ажырасудың заң түріндегі актісінің ешқандай жанама ролі жоқ, яғни оның ата-анасы заңды түрде некеде ме, жоқ әлде заңсыз түрде ме - ол оған маңызды емес. Бірақ кей кезде ата-анасы заңды түрде некелескен болса да, заңды түрде ажырасу отбасылық қарым-қатынаста тек қосымша рольде болуы мүмкін. Мысалы, ажырасудан кейін де ата-аналар кейбір кезде әрі қарай да жалғасымды түрде бірге тұра береді.
Ата-ананың ажырасулары әрбір баланың өмірінде маңызды роль атқарады. Ажырасудың ұзақтығы ажырасу жағдайын қайғырудың критериі болып табылады. Мысалы, кейбір балалар өзінің анасын немесе әкесін бір ай немес бір жыл бойы асыға күтеді. Олар мұңаяды, бірақ, дегенмен, денсаулықтары сау қалпында болады. Ал кейбір балалар ажырасқанның ертеңінде-ақ бірден өзгеріп, мүлдем басқа болып кетеді, яғни бұл баланың ажырасуды қалай түсінетіндігіне байланысты: әкесі немесе анасы мәңгіге кетіп бара ма, жоқ әлде қайтадан қайтып келе ме деген ойлардың мазалауы. Ажырасу басқа барлық айырулардың түрінен (ата-ананың біреуінің өлімін қоспағанда) несімен ерекшеленеді; бұл дегеніміз соңғы шешім бе, қайтып келместік немесе үйреншікті жағдайлардың өзгерісі ме; әдетте, бұл жағдай балаға анасы мен әкесі ажырасады деп жариялауды естіген кезде пайда болады, яғни балаға әкесі (немесе шешесі) мәңгіге кетіп барады, әкесі немесе шешесі олармен енді қайтып тұрмайды, және т.б. деп айтқан уақытта туындайды. Бұл жағдай ажырасушылықты-жоғалтып алушылыққа айналдырады.
Балаға өзінің аффектілерін көрсетуге мүмкіндік беру, ұзақ әңгімелесу кезінде анық қайғысын бөлісу және онымен қорқыныштары жайлы сөйлесу, коалиция жасауға тырыспау, яғни басқа ата-ананы кінәламау, осыған байланысты болған конфликтілерді балаға жүктемеу - бұлардың барлығы бала үшін күрделі жағдайда ата-аналардың көрсететін көмектерінің алғашқы қадамдары болып табылады.
Бала үшін ажырасу жағдайының маңыздылығын бағаламауға әкелетін ата-ананың күнә сезімі оларды иллюзияға сенуге немес баласы үшін ажырасу ешқандай қорқыныш тудыратын оқиға бола қоймас дегенге үміттеніп, осы себептерге байланысты ата - аналар баланың жан айқайын байқамайды немес оларды көрсетуге кедергі келтіреді. Мұндай ата-аналардың жағдайын ажырасу арқылы келтірген ауырлықты өз жауапкершілігіне алғысы келмейтіндігімен түсіндіруге болады.
Жауапкершілікті өзіне ала алмау, өтірік айту, жасыру, күнәні басқа адамға жабу тек ажырасудан кейінгі алғашқы көмекке ғана кедергі келтіріп қоймай, көптеген балалардың психикалық жағдайларының нашарлауының екі негізгі себептерінің бірі болып табылады. Баланың ажырасуға деген реакцияларын ата-аналар дұрыс түсінбей, олар баланың кризистік жағдайдан шығуына мүмкіндік бермейді. Ата-аналар баланың мінез-құлқы, жан айқайы ажырасумен байланысты екендігін түсінбейді. Баланың мінез - құлқындағы өзгерістерді ата-ананың сындары мен кінәлаушыларының өзара байланысты екендігін де түсінбейді. Бала көмекке сенгеннің орнына, одан сайын өзін жалғыз сезініп, толық емес отбасылық жағдайға тән аффектілер мен қорқыныштар одан сайын күшейе түседі. Нәтижесінде, ата-анамен конфликтіге апаратын мінез - құлық ата - ананың жан қуатын, ескермеушілер мен сындардың жұмсауын талап етеді.
Әр жыл сайын ажырасудың әсерінен толық емес отбасының санына 700 мың отбасы қосылып отырады, ең ауыры, бала ата - анасының біреуінде тәрбиеленеді, ажырасу баланың психикалық дамуына кері әсерін тигізеді.
Толық емес отбасы - бұл толық емес, үзілді - кесілді байланыстағы, дәстүрлі қарым - қатынас жүйесі жоқ кіші топ: ана - әке, әке - бала, ана - балалары, бала - ата - әже. Толық емес отбасында психологиялық климат бұзылады, оған тән нәрсе шеттетілу, қоғамнан тыс қалу. Көбінесе толық емес отбасы - ананың бір немес одан да көп балалармен болуы. Мұндай отбасында ана өзіне тән емес көптеген қызметтерді атқаруға мәжбүр болады, сонымен қатар толық емес отбасында балалар біржақты феминистік тәрбие алады.
Вильям Сатирдің айтуы бойынша, толық емес отбасындағы бала тұтастай ер адамды және тұтастай әйел адамды елестете алмайды және түсіне алмайды. Баламен қалған ата - ана үшін екінші жоқ анасы немес әкесі туралы негативті, яғни, жағымсыз ой қалыптастыру қиын емес. Балаларымен қалған әйел балада барлық еркектер сондай жаман деген ойдың қалыптасуына барынша күш салуы мүмкін. Осыны естіген ұл бала әрең дегенде ер адам болу жақсы емес дегеніне сенеді, сол себептен ол өзінің де жақсы емес екендігіне күмән туындайды.
Екінші рет тұрмыс құрған анасы мен тұратын ұл балаларда жалғыз басты анасымен тұратын балалармен салыстырғанда үрей аз болады, әлеуметтік жүріс-тұрысы бағытталған және танымдық мүмкіндіктерін көп көрсететіндігі анықталған.
Зерттеулер нәтижесі көрсеткендей, қайта некелесуде ең алдымен, алдыңғы отбасынан келген балалармен қарым-қатынастың қалыптасу мәселесі тұрады. Балалық кезеңде балалар өгей әкенің немесе өгей шешенің болуына әрең, қиындықпен үйренеді. Сондықтан да қайта некелесуде алғашқы жылдар стресске толы болады.
Балалар толық емес отбасында өскендіктен, олар ер мен әйелдің арасындағы қарым-қатынастың толық үлгісін елестете алмайды. Педагогтар жүргізген зерттеу материалдары көрсеткендей, балалардың оқу үлгерімі көбінесе отбасылық қарым-қатынас, отбасының тұрақтылығы немесе дұрыс ұйымдаспауына тәуелді болады. Шын мәнінде де, толық отбасында баланың мінез-құлқын бақылау сапалы түрде болады. Көп жағдайларда кәмелетке толмаған заң бұзушылардың арасындағылардың көбін толық емес отбасынан шыққан балалар құрайды.
Криминология аумағымен заң психологиясының мамандарының көрсеткіштері бойынша, жағымсыз отбасылық орта көп жағдайда баланың қалыптасып келе жатқан тұлғасына әсер етіп оны әлеуметке қарсы әрекеттер жасауға итермелейді .
Бейімделудің ең ауқымды түрі- психологиялық бейімделу. Психолгиялық бейімделу бұл тұлғаның ішкі әлемінің әлеуметтік және әлеуметтік-психологиялық орта талаптарына адамдардың әлеуметтік функцияларын орындау қызығуларына байланысты қоғамдық өмірдің мазмұнына жақындай түсу процесі. Мұны тұлғаның іс-әрекеті мен өмірінің ішкі және сыртқы жағдайларының үйлесімділігі, оның әлеуметтік және табиғи ортаны белсенді меңгеруінен көруге болады.
Американдық ғалым У.Джеймс және оның ізбасарлары (Р.Лазарус, И.Гаккер, Л.Фестингер және т.б.) бейімделу мәселесін кеңінен қарастырған болатын. Бұл бағыттың өкілдері тұлға бейімделуінің қайнар көзін жеке адамның тәжірибесі, дайындық деңгейінің бар болуы және іс-әрекет пен өмір жағдайларының нақты талаптарының арасындағы байланыстардың болуы деп қарастырады.
Батыстық психологияның психоаналитикалық бағыттарының өкілдері (З.Фрейд, Э.Берн, А.Адлер, Э.Эриксон және т.б.) тұлғаның бейімделуінің қайнар көзі ретінде адамның қажеттіліктерінің оның қызығушылықтарына, қоршаған ортаның нормативті талаптарына, әлеуметтік нормалары мен ережелеріне сай келмеуінің нәтижесінде пайда болатын конфликтілер деп санайды.
Ал позитивистер өкілі (А.Бандура, А.Маслоу, Г.Олпорт және т.б.) тұлғаның бейімделуінің қайнар көзін негізін әлеуметтік кедергілер (тек нормативтік сипатта ғана емес) құрайтын қоршаған ортамен болатын конфликтілер деп есептейді. Олардың айтуынша, бұлар тұлғаның өзіндік даму процесін қиындатады.
Бейімделудің келесі бір түрі- ол әлеуметтік бейімделу. Әлеуметтік бейімделу теориясын алғашқылардың бірі болып орыс әлеуметтанушысы А.А.Богданов өңдеп шығарды. Оның айтуынша, әлеуметтік бейімделу биологиялық бейімделуден ешқандай артықшылығы жоқ, сондықтан ол адамдардың кәсіби іс-әрекет және кәсіби міндеттрімен тығыз байланыстырады.
Сонымен, әлеуметтік бейімделу- бұл әлеуметтік-рөлдік байланыс пен қарым-қатынасқа ену нәтижесінде тұлғаның әлеуметтік нормаларды, ережелерді, құндылықтарды, әлеуметтік тәжірибені, әлеуметтік қарым-қатынас пен әрекеттерді меңгеруі [19, 75-84 ] .
Тұлғаның әлеуметтік бейімделуі екі деңгейде жүзеге асырылады:
oo өмірлік іс-әрекеттің әлеуметтік-психологиялық деңгейінде- тұлғаның әртүрлі әлеуметтік-психолгиялық рөлдерді орындауы кезінде пайда болған тұлғаның қоғамдық-психологиялық байланысы мен қарым-қатынас жүйесіндегі байланыстың болуы. Сондықтан, тұлғаның әлуметтік-психологиялық бейімделуін жеке бөліп көрсетеді;
oo тұлғаның кәсіби, танымдық және басқа іс-әрекеттік байланысы мен қарым-қатынасы бір жүйеде қарастырылады.
Әлеуметтік-психологиялық бейімделу процесі кезінде тұлға өмір мен іс-әрекеттің ішкі және сыртқы жағдайларының арасындағы үйлесімділікке жетуге ұмтылады. Ол неғұрлым жүзеге асқан сайын тұлғаның бейімделуі жоғарылай түседі. Толық бейімделу кезінде қандай да бір жағдайларда адамның қоршаған орта жағдайлары мен оның іс-әрекетінен берілген психикалық іс-әрекет адекваттылығы жүзеге асырылады.
Тұлғаның бейімделуі мынандай болуы мүмкін:
oo ішкі, бұл тұлғаның өмір сүру ортасы мен іс-әрекетінің тасымалдануы кезінде оның функционалды құрылымы түрінде көрінеді. Мұндай жағдайда тұлғаның сыртқы мінез-құлық формалары да, іс-әрекеті де сыртқы орта күтімдеріне және сырттан келетін талаптарға сәйкестеніп өзгереді;
oo сыртқы (мінез-құлықтық, ыңғайланушылық), бұл кезде тұлғада іштей мазмұнды өзгерістер болмайды және ол өз-өзін, өзінің өзбеттілігін сақтайды;
oo аралас, бұл кезде тұлға қоршаған ортаға біртіндеп іштей икемденіп, өзгере бастайды. Оның құндылықтары, нормалары да біртіндеп өзгеріп, мінез-құлықтық бейімделулер болады, бірақ өзінің Мені мен өзбеттілігін сақтайды. Бейімделу мәселесін өте жақсы қарастырған психологтардың бірі Э.Фроммның айтуынша, адам өзіне қажетсіз, жағымсыз әлеуметтік құбылыстарға да бейімделе алады, мысалы құлдыққа, диктатураға және т.б. Бірақ бұл бейімделу адамға зардап әкелу арқылы өтеді- тұлғаның моральдық және интеллектуалды қасиеттерінің деформациялануы, эмоционалды бұзылыстардың болуы ақыр соңында қоршаған ортаның өзгеруіне әкеледі, себебі, адам өз табиғатын өзгерте алмайды. Э.Фромм адамда болатын бейімделу процесінің перманенттілігі идеясын ұсынған болатын. Бұл идея бойынша, тұлғаның дезадаптациясының позитивтілігі тұлға дамуының қайнар көзі деп есептеген. Осылайша, тұлғаның бейімделе алмауы Э.Фромм бойынша оның өмір сүруіне сай келмейтін жағдайлардан қашып құтылмайтындығымен түсіндіреді. Бұл ойлар өз қолдауын А.В.Петровский мен В.А.Петровскийлардың зерттеулерінде тапты. Дезадаптация патологиялық және патологиялық емес сипатта болуы мүмкін. Патологиялық дезадаптация психикалық және физилологиялық функциялардың, мінез-құлықтың тасымалдануына, тұлғаның қоршаған ортамен және өз-өзімен конфликтіге түсуіне, ең күрделісі, суицидке (өз-өзіне қол жұмсау) дейін әкеп соғады.

II. Толық емес отбасындағы баланың психологиялық жағдайы
2.1 Толық емес отбасындағы ана мен баланың қарым-қатынасы

Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім - жақындарына, туған - туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады.Н. Ә. Назарбаев
Отбасы - адам баласының өсіп - өнер алтын ұясы. Адамның өміріндегі ең қуанышты қызық дәурені осы отбасында өтіп жатады. Бала өмірінің алғашқы күнінен бастап ата - ана өздерінің негізгі борыштарын - тәрбие жұмысын атқаруға кіріседі. Ата - ана да өздері жанұя құрған кезде бір - біріне шексіз сүйіспеншілікпен, махабббатық сезімдері табысқан кезде қалыптасады. Әке мен ананың арсындағы сыйластық, өз ара түсінушілік, олардың бір - бірін ұғынысуы, сыйласуы, қандай мәселер болсын, материалдық, әлеуметтік, қоғамдық және әкономикалық мәселерді шешуде пайымды шешімдер тауып жатса, бұл отбасының берекесі мен берері де мол болатны мәлім. осы мәселе қазіргі кезде еуропалық дәстүрге көбірек бой ұрып барады. Яғни қазақ болмыстан айырылып, бала тәрбиесі, отбасы берекесі келесіз жәйттерге бой ұрыа бастады. Ата - аналардың татулығы отбасының күре тамыры болып табылады. Өйткені ол балаға берілетін тәрбие және әлеуметтік мәселелердің тууына әкеп соқтыратын осыдан туындап жатады. Ал олардың атқаратын міндеттері шексіз де шетсіз де. Ата - аналардың балалары алдында олардың денсаулығының дұрыс жетіліп өсуін қамтамасыз ету, тәрбие беру, білім беру, үй болып, аяққа тұрып ел қатарына қосылып кетуін қамтамасыз ету сияқты міндеттерін орындауы, ал балалары алдында ата - анасын қамқорлыққа алып, сүйеніш болуы секілді міндеттері ұштасып жатады. Бүгінгі таңдағы отбасы тәрбие бүгінгі тәрбие берудің негізгі міндеттерінің өзі ең алдымен дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, ар - ожданы мол, мәдениетті, парасатты, еңбекқор, іскер, бойында басқа да ізгі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу деп көрсетілген Қазақстан Республикасының тәлім - тәрбие тұжырымдамасында. Отбасы тәрбиесінің негізгі мәні отбасындағы өзара ынтымақтастық пен түсіністік болып табылады. Балалар ата - анасының еңбектегі ісіне көңіл бөліп, оны түсінуге тырысады. Ата - аналар да балаларының күн сайынғы әрекеттерін қадағалап жағдайларын біліп отырады. Отбасының берік негізі міне, осы рухани мүдденің бірлігінде. Оның біртұтас ынтымақта болуы, береке бірлігі ең алдымен ата - ана мүддесінің мәні мен мағынасында, әке мен шешенің бір - біріне, балаларына, олардың достары мен жолдастарына деген қарым - қатынасына байланысты болады. Адамгершілік қасиеттердің қалыптасуына мүмкіндік туғызады.
Отбасы - адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы - адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын мектебі. Отбасының адамзат ұрпағына деген ықпалы мен әсер күшін өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайтындай. Өйткені ата - ананың балаға деген тәрбиесінің орнын еш нәрсе толтыра алар емес. Ел болам десең, бесігіңді түзе - деген нақыл сөз отбасы тәрбиесінің маңызын айқындатып тұр емес пе?
Отбасы мүшелерінің жас шамасы әр түрлі болса да, олардың арасында бір - бірімен рухани жақындығы, мақсат ынтымақтастығы бар.
Атақты қазақ ақыны Қасым Аманжолов өзінің жарына арнаған бір өлеңінде:
Отбасы - шағын мемлекет,
Мен - президент, сен - премьер,
дегені бар. Шынында, отбасы - ол да бір шағын мемлекет. Әр мемлекеттің өзіне тән өндірісі мен өнім бөлісі, сыртқы және ішкі саясаты, кіріс - шығыс бюджеті, қастерлеп ұстанатын рәміздері, т. б. болатыны сияқты, әр отбасы болмыс - тіршілігінің де соған ұқсас жақтары бар, оның жаратылысы да басшылық пен қосшылықты қажет етеді. Сондықтан отбасының құрылымына зор маңыз беріліп, мәнін қорғаған, отбасының ар - намысын сақтауға, сырын шашпауға, мүшелерін бір - біріне қатысты адалдыққа тәрбиелеген. Отан отбасынан басталады деген сөздің мәнісі де осында.
Ата - ана өз отбасын нығайта отырып, сонымен бірге оның балағатқа толған мүшелерін үй болуға, өз шаңырағын көтеруге әзірлеуі басты әрі өте жауапты міндет болып саналады. Жас отаудың түтіні түзу шығып, махаббат пен тату - тәттілік, береке - бірлік орын тепкен жылы ұяға айналуы, босағасы берік, болашағы нұрлы болуы көбіне - көп жас жұбайлардың үлкен үйде алған тәрбиесі, көрген өнегесіне байланысты.
Ұяда не көрсең, ұшқанда, соны ілерсің, Анасына қарап, қызын ал, - деп, халық бәрін бастан кешіп, сынақтан өткізгендіктен айтқан.
Хан ордасы, салтанатты сарайларда талай күн аунап - қунап жатып, өзінің шұрқ тесік құрым киіз лашығына қайтып оралғанда Жиренше шешен: Айхай, менің өз үйім, кең сарайдай боз үйім, - деп, жаны жай тапқан екен. Бұл аңызда үлкен шындық, терең мән бар. Әркімге, оның ішінде балаға өз үйінен ыстық, өз үйінен кең де керемет мекен жер жүзінде жоқ. Кавказ халықтарында Нағыз жайлы орын: қылышқа - қынабы, отқа - ошағы, ер жігітке - өз үйі - деген тамаша нақыл бар.
Адалдық пен мейірімділік, жауапкершілік пен кешірімділік те отбасында шын ықылас - пейілменен баланың көкірегінде орын тебеді.
Қазақ отбасында әуелі әке, содан кейін шеше, бұлар - жанұя мектебінің ұстаздары болады. Әке мен шешенің баласына қоятын ең бірінші басты талап - тілектері - баланың әдепті бала болып өсуі.
Сондықтан қазақ жанұясы әрдайым: Әдепті бол, тәрбиесіздік етпе, көргенсіз болма деген сияқты сөздерді балаларының құлағына құйып өсірген.
Қазақ отбасында өз баласын мейірімділікке, имандылыққа баулып өсірген. Үнемі жанұясында осылай тәрбие көрген бала ақырында, өздігінен тіл алғыш, адал, тиянақты, ұқыпты болып шыға келеді.
Тәрбие басы әдептілік деп білген ата - ана әуелі баласына өздерін сыйлап - құрметтеуді, өзгелерге, әсіресе үлкендерге, сыпайылық танытуды, ешкімді мұқатпауды үйреткен. Сонымен қатар, балаларының ер - азамат болып, халқына еңбек етулерін басты міндет етіп қойған.
Отбасының ұйытқысы, берекесі, мейір - шапағат көзі - әйел. Әйелдің бұл рөлі отағасының жамағатына, бала - шағаның анаға деген сүйіспеншілігімен, қамқорлығымен, ана жанын қас - қабағынан, жанарынан танығыштықпен нығая, биіктей береді. Әрине, әйел де өзінің аналық борышын ұмытпағанда, әсіресе, ерімен қабағы жарасып, тату - сүйіспеншілікте тұрғанда мәртебесі арта түспек.
Әйелдің еріне қарым - қатынасы балалардың әкеге көзқарасының сипатын анықтайтыны берік есте болуға тиіс. Мұның өзі, бір жағынан, үй ішіндегі әдептің бастау көзі екені анық. Демек, балалар үшін әке беделі аналарының сөзі, іс - қимылы, қас - қабағы арқылы қалыптасады. Мысалы, ерлі - зайыптылар балалар көзінше бір - біріне қатты, балағат сөздер айтыспақ түгіл, дауыс көтеріп, керісуге тиіс емес. Олай еткенде, өз беделдерін жоғалтудың, бала - шағаның жүрегін шошытып, зәресін ұшырудың үстіне, олардың жанына кейін өздері үй болғанда, алдарынан шығатын жаман әдеттің ұрығын егеді.
Бұл жағынан аналардың балаларға: әкеңмен ақылдас, әкең біледі, әкеңнің айтқанын істе т. б. сияқты дәстүрімізде бар сөздерді айтып отыруы қандай ғанибет! Атақты Абай эпопеясында халқымыздың осыған орайлас қадірлі дәстүрін танытатын мынадай бір тағылымды эпизод бар. ... Семей қаласында үш жыл оқып, жайлаудағы әке үйіне күн кешкіре жеткен, 13 жасар шәкірт бала - Абай аттан түскен бетте, амандасу үшін, шешеге қарай жүреді. Сонда ақылды да байсалды ана Ұлжан: Әй балам, анда әкеңдер тұр, әкеңе барып, сәлем бер! - дейді. Бір сәтке балалық сезім жеңіп, қателік жіберіп алғанын түсінген жас Абай кілт бұрылып, ортасында әкесі Құнанбай бар шеткерірек тұрған оқшау топқа қарай адымдай жөнеледі. Ұлы жазушы Мұхтар Әуезов мұны халықтың жүрекке жылы осындай тамаша дәстүрінен хабардар ету үшін ғана емес, оның тәрбиелік зор маңызын жоғары бағалағандықтан да келтіріп отырғаны анық.
Ата - ананың бір - бірінің қадір - қасиетін осылайша ардақтап, беделін өсіруі, араларында өкпе - наз, кикілжің туа қалғанда, оны балалардан оңашада, екеу ара шешіп отыруы - шынайы инабаттылық, әдептілік.
Отбасы - қоғамның маңызды буыны. Көп ұлт өкілдері мекен еткен мемлекетіміздің негізі осы шағын ұжымдардан қаланады. Осы жағынан келгенде кез - келген отбасы өзін қоғамның бір бөлігі деп түсінеді.
Бала тәрбиесінде ата - ананың орны ерекше. Біздің қазақта Бақытыңды басқадан емес, балаңнан ізде- деген даналық сөз бар.
Біздің балаларымыз өте жақсы аталар мен аналар болып өсулері керек. Бірақ бұл аз. Біздің бабаларымыз Дұрыс тәрбиелеу - біздің қуанышымыз, ал нашар тәрбиелеу бұл біздің болашақ көз жасымыз бен сорымыз, біздің басқа адамдар алдындағы, Отан алдындағы айыбымыз - деген болатын. Ата - аналар өз балаларын дұрыс тәрбиелесе, өзін бақытты кәрілікпен қамтамасыз етеді. Егер ата - ана бала тәрбиелеу жұмысына көңіл бөлмей, немқұрайды қарайтын болса, кәрілігі қайғы мен сордың құрсауында қалады. Демек, бала тәрбиесі адам алдындағы ең күрделі де ардақты жұмыс. Бірақ ата - аналар балаларын тек өздерінің ата - аналық мерейі үшін тәрбиелеп қана қоймайтындығын үнемі есте ұстауы қажет.
Тәрбиенің алғашқы бастамасы отбасынан басталады. Ата - ананың баламен жасайтын қарым - қатынасының үлкен тәрбиелік мәні бар. Әсіресе, отбасындағы ата мен ананың өзара қатынасы үлкен тәрбиелік мәнге ие. Мәдениетті отбасындағы ерлі - зайыпты кісілердің бір - біріне айтқан игі ниеті, кішіпейілділігі, отбасы қажеттілігінен туындаған мәселелерді ақылдаса отырып шешуі бала мінезіне жағымды әсер етеді.
Бала тез еліктегіш. Иланғыш болғандықтан, жаман қылықтарды да тез үйренеді. Отбасындағы ерлі - зайыптылар отбасындағы жарамсыз сөздердің, қатынастардың бала тәрбиесіне үлкен нұқсан келтіретіндігін айтпай кетуге болмайды.
Отбасы жағдайында балаларды әкесі мен шешесі ғана тәрбиелеп қоймайды, сонымен қатар отбасының басқа мүшелері де тәрбиелейді. Соның үшін барлық отбасы мүшелерінің балаға қоятын талабы алдын ала ойластырылып алынғаны жөн. Егер әкесі баладан бір жұмысты талап етсе, ал шешесі оны қуаттамаса, балада әке - шешесіне жалған қатынас пайда болады. Баланың мінез ерекшеліктерінің қалыптасуына және оларды тәрбиелеуге ата - ананың басқа кісілермен қарым - қатынасы да күшті әсер етеді. Соның үшін ата - ана өзінің айтқан сөзіне, жасаған әрекетіне, қимылына аса жауапкершілікпен қарауы керек. Баланың мінез ерекшеліктерінде кемістіктерді болдырмау үшін отбасы тәрбиесінде оны тым еркелетпей, ұрып - соғып жазаламай ата - аналық мол мейіріммен, оның барлық қимыл әрекеттерін терең талдай отырып, жарамды қылықтарын айрықша атап көрсетуден жалықпау керек.
Әрбір ата - ана өз баласының мінез ерекшеліктерін тәрбиелеумен бірге басқа кісілердің балаларындағы жарамсыз қылықтарды сезе қалған жағдайда, оларға да өз баласындай көңіл аударып жәрдем бергендері жөн.
Баланың мінез ерекшеліктерін қалыптастыруда отбасындағы еңбек тәрбиесі айрықша орын алады. Еңбектің барлық түрі баланы қызықтыра бермейді. Соның үшін, балаға тапсыратын жұмыстар олар ойлайтын ойындардың мазмұнына қарайлас болғаны абзал. Отбасындағы еңбек тәрбиесін баланың сәби кезінен - ақ бастау керек. Мектеп жасына дейінгі балалардың ойын процесін еңбекке тәрбиелеумен ұштастыра отырып жүргізген дұрыс.
Орыстың ұлы педагогы К. Д. Ушинский баланы дұрыс тәрбиелеу туралы былай деп жазады: "Адамның жеке қара басы біреудің жеке басының қалыптасуына және дамуына әсер ете алады, мінезді қалыптастыру үшін де мінезбен әсер ету керек".
Қазақтың ұлы ақыны Абай да отбасындағы баланы тәрбиелеуде ата - аналар тарапынан жол берілетін кемшіліктерді ескерте отырып, отбасы тәрбиесін ұйымдастыруда кеңестер береді. Нақтырақ айтатын болсақ, Абай өзінің 10 - сөзінде: Әуелі балаңды өзің алдайсың: әне, оны берем, міне, мұны берем деп, баста балаңды алдағаныңа мәз боласың. Соңыра балаң алдамшы болса, кімнен көресің? деп балаларына теріс тәрбие беретін ата - аналарды сынайды.
Қазақ ағартушыларынан С. Көбеев те отбасы тәрбиесі мәселелеріне аса үлкен мән берген. Ол өзінің Баланы семьяда тәрбиелеу деген еңбегінде ата - аналардың балалары алдындағы беделі отбасындағы тәрбие нәтижесі екендігін атап көрсетеді.
Отбасының бала тәрбиесіндегі ролі Чехтың ұлы педагогы Ян Амос Коменский еңбектерінің төрінен орын алған. Ол тәрбие негізі ретінде отбасын бөліп қарастырып, оны білім беру жүйесінің алғашқы сатысы Ана мектебі деп көрсетеді. Өйткені, бала адамгершіліктің негізгі түсініктерін отбасында альш, алғашқы адамдық қасиеттерін отбасында қалыптастырады.
Отбасының бала тәрбиесіндегі ролі:
- бала тәрбиесінде отбасы ықпалы басқа тәрбиелік ықпалдарға қарағанда ең басым болып келуі;
- өркениетті, зайырлы, құқықты қоғамның азаматын тәрбиелеуде отбасы мемлекеттің негізгі буыны;
- отбасы - болашақ ұрпақтың бойында ең құнды адамгершілік қасиеттерді қалыптастыратын қоғамның ажырмайтын басты тірек - арқауы;
- отбасы - жеке тұлғаны әлеуметтендіру міндетін жүзеге асырушы. Ол болашақ жас азаматтың дене жетілеуіне, шынығуына, рухани және адами дамуына, ең құнды жалпы адамзаттық құндылықтарды және ұлттық рухани байлықты бағалауға, еңбек ету дағдысын тәрбиелеуге ықпал жасаушы;
- отбасы бала тәрбиесінде адамзат қоғамның тарихындағы ғасырлар сынынан мүдірмей өткен ұлттық дәстүрлі жалғастырушы;
- отбасының әлеуметтік міндеттерінің өзегі тәуелсіздікке ие болған Қазақстан Республикасының мемлекеттік заңдарын құрметтеуші, елжанды азамат тәрбиелеу;
- отбасы баланың мамандықты еркін және саналы таңдауына ықпал жасаушы;
- отбасы өзінің ұрпағын болашақ отбасылық өмірге дайындаушы;
Қазіргі кездегі отбасындағы бала тәрбиесінде ата - ананың жауапкершілігінің төмендеуінің салдарынан балаларымыөз көше кезіп, қыздарымыз кезбелікке салынып, қаңғыбас бала саны көбейе түсуде. Отбасы тәрбиесінде, әсіресе, жастарымыздың арасында мейірімділіктің, имандылықтың, адамгершіліктің төмендеуі салдарынан әр түрлі жағдайлар туындауда. Әбу Насыр әл - Фараби атамыз: Тәрбиесіз берілген білім, адамзаттың қас жауы дегендей, отбасындағы ата - ана бала тәрбиелеуде ең бірінші мына төмендегі ұсыныстарды есте ұстанғаны жөн:
- Баланың бойына өз елінің салт - дәстүрін, ана тілін, дінін, мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеу;
- Баланы отбасында Отан сүйгіштікке, патриотизмге тәрбиелеу;
- Ата - ана мен бала арасындағы қарым - қатынасты дұрыстау;
- Баланы табиғатына сәйкестендіріп, қабілетін анықтап, бейімділігін дамыту;
- Баланың өзіне деген сенімін арттыру, өзін - өзі бағалауға тәрбиелеу;
- Отбасында баланың рухани байлығын (эстетика, дене, еңбек, адамгершілік, имандылық, т. б.) дамыту;
- Отбасында баланы жеке тұлға ретінде қарау;
- Баланың өзін - өзі басқаруы (қаржы, іс - әрекет, т. б.).
- Баланың табиғатына сәйкестендіріп, кәсіп таңдауға бағыт - бағдар беру.
Сонымен, жаңа ғасырда, қоғам мүддесіне сай лайықты жан - жақты жетілген ертеңгі қоғам иегері боларлық азамат тәрбиелеп - өсіру отбасының, балабақшаның, мектептің, барша жұртшылықтың міндетті болып отыр.
Отбасының түрлері. Толық және толық емес отбасы.
Отбасының толық және толық емес түрлері болады. Толық отбасында ата - анасы, балалары және әдетте, әкесі жағынан да шешесі жағынан да аға ұрпақ өкілдері - атасы мен әжесі болады.
Толық емес отбасы балалардың ата - анасының біреуінің ғана болуымен сипатталады. Соның өзінде балалардың ата - аналары ажырасқан болса, балалары соның қарамағында қалған ата - анаға екінші жағы балаларды және еңбекке жарамсыз ерлі - зайыптыны ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ата ананың тұлғасын сипаттау
Отбасы тәрбиесіндегі ата-ана үлгісі
Бала тәрбиесіндегі ата - ана үлгі өнегесінің рөлі
Бала тәрбиесі және отбасы
Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі
Бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеуде отбасының рөлі
Ұлттық тәрбие берудегі отбасының маңызы
Балаға ата ана үлгі өнегесінің ролін анықтау
Отбасында халықтық педагогика құралдары арқылы қыз баланы тәрбиелеудің мүмкіндіктерінің теориялық негіздері
Отбасының бала тәрбиесінде алатын орны
Пәндер