Студенттердің шығармашылық құзыреттілігін қалыптастыру


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 44 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Білім және ғылым министрлігінің «Қазақстан Республикасының жаңа тұрпатты педагогінің үздіксіз білімі» мен «ҚР жоғары педагогикалық білім» тұжырымдамаларында көрсетілген болашақ мамандардың тұлға болып қалыптасуына қойылатын талаптардың бірі - мұғалімнің шығармашылық дәрежесін еліміздегі басқа халықтар тарихы мен мәдениетін қайта жаңғырту негізінде ұлттық рухани мәдениетін қалыптастыру [1] болса, ал «Қазақстан - 2030” стратегиясы Қазақстан дамуының жаңа кезеңінде ішкі және сыртқы саясатымыздың аса маңызды бағыттарының бірі халықтың мәдени құндылықтары мен дәстүрлерін дамыту. Бұл болашақ маман даярлауда маңызды. Көркем мәдениеттің маман даярлаудағы маңызы біріншіден, зерттеу нысанасын анықтайды, екіншіден, шығармашылық таным нысаны мен әдістің спецификасынан көрініс табады. Шығармашылық таным алдымен дүниетанудан басталады. Ал дүниені танып білу екі сатыдан - сезімдік және абстракциялық ойлаудан тұратыны философия ғылымында дәлелденген. Сезім сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының адамның қажеттеріне сәйкес келу-келмеуінің нәтижесінде пайда болып отыратын психологиялық процестің бір түрі. Әл-Фараби «Адамзатқа тән ерекше бір қасиет өзін қоршаған дүниенің әсемдік сырларына үңілу, содан рухани нәр алу, өзінің нәзік сезімін образдар арқылы паш ету» деп дәлелдеген. Бұл педагог суретшілерге дәл айтылған ой. Суретші алдымен кез келген туындыны салмастан бұрын ол туралы заттар мен құбылыстарды зерттеп, оны бейнелеуде мәнді де мазмұнды композициялық құрылым табуға ойланады. Кей кезде суретшілер абстрактілі картиналарда жазуға талпынады. Суретші шығармасының мазмұнын ашу үшін мағыналы, мәнді сөйлеумен жеткізе білу үшін тіл байлығы керек. бірақ, суретшілердің бір қасиеті үндемей сурет салуға бейімделген. Сол себептен болашақ маманның абстрактілі ойлау мен сөйлеу қабілетін де дамыту қажет. Тіл мен ойдың бір- бірімен тығыз байланыста болатындығына халық ерте кезде көңіл бөлген. Мысалы, халқымыздың «Ішімдегінің бәрі тілімде, тілімдегінің бәрі түсімде» деген мақалы адамның басындағы ойы тілінен көрінетіндігін, ал тілдің өзі адам психологиясын байытатын тамаша құрал екендігін жақсы көрсетеді. Сөйтіп ойдың дамуы адамның нақты іс-әрекетімен шарттас болуымен қатар, оның сөйлеу мәдениетін меңгере білуімен де сөз өнеріне жетілуімен де тығыз байланысты. Бұл көбінесе өзіндік жұмыс орындау кезінде нақты нәтиже береді. Ол туралы В. Оконь, философиялық тұжырымдар педагогика ғылымындағы дидактикалық принциптердің негізі дей отырып, көрнекілік принципі бағдарламалар жасағанда негізгі орын алатынын және ол модельдердің басты факторы болып есептелетінін айтады. Оқу жүйесіндегі ойлау, бақылау - практикалық жиынтықтардың негізінде нақтыдан абстрактілікке және абстрактіден нақтылыққа өту болып табылады. Мұндағы айтылар ой студент көрнекілік арқылы өзінің ой-жігеріне байланысты аздан көпке өтіп, ой тұжырымын жасайды. Ал талдау барысында абстрактіден нақтыға өту арқылы нәтиже алады [3] . Жұмыстың мақсаты. Талдау - студенттердің бейнелеу өнері шығармаларынан жүргізетін өздік жұмыстарының бір түрі - Бұл жерде көрнекілік суретшінің кез келген шығармасы. Талдау барысында олардың сөйлеу қабілеттерінің дамуына мүмкіндік болады. Талдау белгілі талаптарды орындау барысында жүзеге асады. Талдау студенттердің өздік жеке дара және оқытушылармен бірге атқаратын өздік жұмыстарының, курстық және дипломдық жұмыстарының негізінде жүзеге асады. Өнер туындыларын талдау мазмұны екі саланы қамтиды. Бірі бейнелі - орындаушылық (бейнелі- орындаушылық дағдылары), екіншісі жалпы көркемдік (өнердегі бағыттар туралы білім, туындыларды көркем образды талдау) .

Қойылған мақсатқа байланысты келесі міндеттер шешілді.

Жалпы білім беретін мектептерде жоғарғы сынып оқушыларының кәсіптік бағдарын бақылау, болжау және түзетулер енгізу Республикадағы нарықтық қатынастарды реттейді оқушылардың мамандықты дұрыс таңдауына және қазіргі кездегі еңбек ресурстарындағы өнімді күштерді айқындайтын болады.

Зерттеу болжамы жалпы білім беретін мектептегі жоғары сыныптағы оқу-тәрбие үрдісі.

Зерттеу әдістері:

- Жалпы білім беретін мектептерде жоғарғы сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру процесін бақылау, бағалау және болжау жолдарын айқындау.

- Қазіргі кезеңдегі жүргізіліп жатқан кәсіптік бағдар жұмыстарының тиімді жолдарын анықтау;

- Жалпы білім беретін мектептердегі жоғары сынып оқушыларымен жүргізілетін кәсіптік бағдар жұмыстарының бірыңғай жүйесін құру;

Зерттеу пәні: жалпы білім беретін мектептерде кәсіптік бағдар беру процесі.

Зерттеу жаңалығы Бұл қазіргі жағдайға бейімделген әдістемелердің болмауы, нәтижесінде оқушылардың кәсіптік бағдар жұмыстарының реттелуін және олардың кәсіптік бағдар жұмыстарына дайын еместігін көрсетеді. Осы қарама-қайшылықтарды шешу үшін ізденіс біздің жұмысымыздың (зерттеуіміздің) проблемасын көрсетеді.

Зерттеудің теориялық және әдістемелік маңызы жоғары сыныпоқушысының кәсіптік дайындығын диагностикалау жолдары, кәсіптік бағдар жұмысын жүргізудің әдістемесі жасалынды.

Жұмыстың құрылымы және көлемі. Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен және тұрады. Көркем мәдени білім беру саласында студенттерді мамандыққа даярлау дидактикасы Көркем еңбек пәні бойынша студенттердің шығармашылық құзыреттілікті қалыптастыру жолдары Нақты білім, іскерлік тұлғалық қасиеттерін қалыптастыратын бұл білім берудің ерекшелігі бүгінгі өмірдің тарихи шындығымен, әлеуметтік проблемаларымен, адамзаттық сезім, көңіл-күй байланыста болатын тәрбиелік мәнге ие болады. Теориялық білім іскерлік пен дағдыларын жинақтап, оны бейнелі орындаушылық практикада қолдана білу педагог-суретшінің жалпы көркемдік даярлықты дамытып, рухани әлемін, көркемдік талғамын қалыптастыратын эстетикалық функцияны атқарады. Шығармаларды бейнелі орындау кезінде келесі принциптерге негізделеді: тарихилылық, тақырыптылық, көрнекілік, білім берудің біртұтастығы, тәрбие беру және дамыту. Оқу процесі кезінде бұл функциялардың бірлігін нақтыланады. Білім берудің біртұтастығы - өнер туындыларының мазмұнындағы өмірдің шындық бейнесі туралы дүниетанымдық түсініктерді кеңейтеді. Соның негізінде болашақ педагог суретші өнердің түрлері мен жанрларының даму кезеңдерімен, стильдік ерекшеліктерімен, суретшілер творчествосымен, олардың туындыларындағы мазмұн, бағыт, түстік шешіммен танысады. Жұмыс барысында туындыларды талдауға үйрету өнерді синтездеу негізінде оқытылады. Өнер туындысы жеке суретшілік шығарма ретінде емес, керісінше ұлттық және әлемдік көркем мәдени мұраның бір бөлігі ретінде қарастырылады. Сондай-ақ, бүгінгі дамыған әлемдік көркем мәдениетті басшылыққа ала отырып, ұлттық көркем мәдениеттің мазмұнын жаңғыртады. Бұл бейнелеу өнерінен кредиттік білім беру мазмұнын жоспарлауда маңызды. Кредиттік білім беру жүйесінде студенттер жалпы білім негіздерін меңгеріп (1-2 курстарда), таңдаған мамандығын кәсіптік игереді (3-4 курстарда) . Базалық және кәсіптік білім беру саласындағы таңдау компонентерінің мазмұны шығармашылық психологиясын қамтыған бағдарламалардан тұрады және өнердегі көркем мәдениет, көркемдік стилдер студенттердің білім алумен қатар шеберлігі мен іскерлігін қалыптастыруда негізгі тәсіл болып табылады. Біріншіден, оқыған материалдарға талдау жасап, жүйелі процеске айналдырады, екіншіден, студенттердің абстрактілі ойлауына және оның № 1 (86) 2012 69 дамуына ықпалын тигізеді, яғни моделдеу машығын қалыптастырады. Үшіншіден, болашақ маман өз қызметінде көркем мәдениетті шеберлікпен пайдалана алады. Базалық және кәсіби пәндер циклдарының пән таңдау компонент пәндері беретін білім көркем мәдениетке бағытталып, кәсіби шығармашылық білімін бекітеді. Көркем мәдениетті қалыптастыруда шығармашылық біліктілікті құрушы элемент деп қарастырылды. Оған көркем мәдени, көркем шығармашылық технологияларға байланысты пәндерді кіріктіріп, оқытумен ықпалдастырылады. Төменгі курстарда бірізділікпен, жүйелілікпен оқытылатын пәндер көркем мәдениетті қалыптастыруда өзіндік рол атқаратын, көркемдік практикалық танымды тәрбиелер оқу процесінің жауапты кезеңі болады. Ол жаңа педагогикалық технологияларды игеруде, соған байланысты жаңа пәндерді игеруде дидактикалық принциптерді ескерген жөн. Жалпы гуманитарлық пәндерді оқытуда көркем мәдениетті қолдану: 1) жеке тұлғаның ойлау, абстрактілі бейнені сомдау қасиеттерін дамытады; 2) көркем мәдениеттіліктілікке тәрбиелейді; 3) өзіндік іс-әрекет негізінде кәсіби қызметінде қолдану салаларының алғы шарттарын жасайды. Демек, студенттердің өздік жұмысы танымдық іздемпаздықты қалыптастырады. Ендеше көркем мәдениетті қалыптастыру оқу процесінің дидактикалық бөлігіне айналды деп айтуға мүмкіндігіміз бар және философияның негізгі мәселесінің бірі - таным проблемасымен де шектеліп жатқанын көреміз. Олардың лекцияда алған білімдері семинар, практикалық жұмыстары арқылы толықтырылады және қорытындыланады. Студенттер бұл сабақта теориялық білімдерін тек оқулық не жазған лекция көлемінде ғана емес, қосымша оқу-әдістемелік құралдардан өз бетінше ізденіс жұмыстарын атқарады. Мысалы жеке эскиздер, проект-дизайндік жобалар, қысқа мерзімдік мазмұнды композициялар, суреттер салуға бейімделеді. Студенттердің өзіндік жұмыстары, өзіндік іздемпаздығы арқылы алған білімі мен біліктіліктеріне көңіл бөлінді. Осының нәтижесінде: - студенттер оқыту мақсаттарына қол жеткізуге септігін тигізеді; - ағымдағы бақылау, оның барысында оқытушы оқудың нақты міндеттерін шешу барысын бақылайды, оқудың басқа әдістерін, нысандары мен құралдарын пайдалану арқылы тиісті түзетулер енгізіледі; - бағалау компоненті, ол - оқу нәтижелерін, ұстаздың талдауы, олардың алға қойылған мақсаттарымен үйлестіру және қажет болған жағдайда оқытудың келесі кезеңін жобалау кезінде ескеру үшін назардың үйлеспеу себептерін анықтауға мүмкіндік болады. Студенттердің білім деңгейі ағымдық аралық бақылау негізінде, семестр соңындағы сынақ, емтихандарда тексеріледі. Бұл жеке тұлғаның көркем мәдени, көркем шығармашылық дағды мен іскерліктерінің қалыптасуына ықпалын тигізеді. Көркем мәдениетті игеру деңгейі кәсіби қызметтегі төмендегі салаларда анықталады. Оқытушылық қызметін атқару салалары: - педагогикалық процесте көркем мәдениеттің мәнін, оның жұмыс істеу шарттарын, оны басқару заңдылықтары мен диагностикасынан біліктілігі - оқушылардың көркем-шығармашылық қабілетін дамытуы. Мәдени ағарту қызметі салалары бойынша: - өлкетану және экскурциялық жұмыстармен шұғылдануы - мәдениет жәдігерлерін және өнерді зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру шеберлігі Өндірістік көркемдік қызмет саласы бойынша: - интерьер жобаларын жасау қабілеті - материалда көркем шығармалар жасау. Жобалық дизайн қызметі бойынша: - интерьер және экстерьер дизайн жобаларын әзірлеу - графикалық өнердің түрлерін іс-тәжірибеде пайдалана білуі - көркемдік түзілім құрауға, суретке, живописке, сәндік өнеге тән қайта жаңғырту, түсіндіру және шығармашылық даму дейгеіндегі іс-әрекет тәсілдерін түсінуі Көркем мәдени білім берудің ерекшелігінің бірі - болашақ мамандарды көркем мәдени, стилдік ерекшеліктермен көркем шығармашылық теориялық оқыту негізі. Бұл бүгінгі қоғам талабына сай өнердің дамуындағы этномәдени дамуды толықтырып отыруды қажет етеді. Өйткені болашақ мамандардың көркем сауаттылық білімін жетілдіру, тәрбие беру саласын өнер құралдарының көмегімен жақсарту, дидактикалық білім мен білгірліктің біртұтас нәтижесімен бағаланады. Бұл өз кезегінде педагогикалық технологияларда тәлім мен тәрбиенің, тұлғаның қалыптасуы мен дамуын қамтиды. Алға қойылған мақсаттардың, яғни білім мазмұнын меңгерудің түрі, әдістері мен тәсілдерін жүйелі орындау және білім мен тәрбиелік процестің тиімділігін арттыру. Көркем мәдени білім беру саласында студенттерді мамандыққа даярлау дидактикасын қарастырсақ, жеке пәндерді оқыту әдістемесімен шектелмейді, шығармашылық білімдерінде параллель дамытудың теориялық негізін жүйелі түрде қарастыру қажеттігі туады, яғни әр түрлі пәндерді оқу жоспары енгізіп оқытумей шектелмей, олардың арасындағы байланысты нақтылау нәтижесінде пайымдау, көркем мәдениет бойынша жүргізілетін барлық пәндердің сол мамандықтың біліктілік сипатын ескере отырып оқытқанда ғана нәтижеге жетеді. Өнер мамандарын даярлағанда, олардың кәсіби шығармашылық білгірлігін, машығын арттыратын білімде тұтастық сипат болады, ол аралық буын пәнаралық байланыс және мәдениет пен педагогикалық технологиялар өз орнын алады. Бұл мамандардың білімінің мәнін анықтайтыны анық. Білім мазмұны анықталап, сапалы білім беруде тиімді деп әдістер мен қүралдар, педагогикалық технологиялар таңдалғанда оларды оқытудың қандай формасында жүзеге асыруға болатынын шешіп алудың да мәні айтарлықтай. Оқытудың өзекті мәселесі студенттердің жас психологиялық ерекшеліктеріне сай іс-әрекет түрлерін талғап қолдануда жауапкершілікті қажет етеді. Сабақты түрлендіру тек формалық өзгешелікті қуаламай, студенттің білім, білік дағдыларының толығуына қызмет еткенде өзінің мақсатына жетеді. Сабақтың дағдылы қалпынан шығып, жаңаша жол табу оқытушылардың үлкен іздемпаздығын, мамандық шеберлігін көрсетеді. Әр сабақтарда мазмұнына сәйкес түрліше элементтерді қолданып отыру шарт. Ең бастысы - оқытудың мақсаты мен түрлерінің сәйкес болуын қадағалау. Сабақ мақсатына қолданған түрлі элементтер сай келмесе, студент ойдағай әсер ала алмайды. Ал әсері аз нәрсенің студентке танымдық, эмоциялық тұрғыдан пайдасы аз. Сабақта қолданылатын әдістемелік жұмыстардың логикалық жүйесі білім мазмұны мен студенттердің білім деңгейлеріне сай құрылымдық сипатта болуы керек. Сондай-ақ, мынадай педагогикалық шарттардың жүзеге асырылуына мүмкіндік беруі тиіс: біріншіден, оқытуда түрлендіру арқылы студенттердің шығармашылық қабілеттерін жетілдіруге жол ашу; екіншіден, даралап, саралап оқытудың студенттердің жеке басы ерекшеліктерін ескеру; үшіншіден, студентпен жеке тұлға ретінде қарым-қатынас жасау; төртіншіден, студенттердің топтық, ұжымдық түрде бірлесіп жұмыс істеу дағдыларын дамыту; алтыншыдан, студенттердің өз еңбегін бағалай білуге бағыт беру, жетіншіден, олардың танымдық белсенділіктерін арттыру т. б. бұл шарттардың қай-қайсыда оқудың мотивациялық өрісін кеңейтуде шешуші мәнге ие болады. Сондықтан олар оқыту түрлерін анықтаудың критерийлер ретінде де бағаланады. Сабақта қолданылатын жұмыстар міндетті, қосымша, қосалқы деп ажыратылмай, біртұтас білім берудің сатылары ретінде жұмылдырғанда дұрыс нәтижеге қол жеткізіледі. Білім беру жүйесінің әлеуметтік, қоғамдық, саяси-экономикалық өзгерістерге байланысты мақсаты мен міндеті, мазмұны өзгеруіне қарай педагогикалық жаңа технологиялар пайда болды, мысалы, оқытулық ресурстары жоғары электрондық оқу құралдары мен мультимедиалық технологиялар маңызы ерекше. Өйткені көркем мәдениетті игеру мәдениеттілік, рухани, кәсіптік, интеллеутулдылық, адамгершілік, шығармашылық адами келбеттің қалыптасуына әсерін тигізеді. Студенттердің білімін, біліктілігін, машығын қалыптастырудың бір жолы - оқу, өндірістік, педагогикалық практикаларын өткізуде де жаңа педагогикалық технологиялар мен шығармашылық білімдерін ұштастыру. Практика жалпы шығармашылық танымды арттыратын оқу процесіндегі кезең. Оқу - өндірістік практиканы жалпы және теориялық даярлықтармен бірге жүргізу қалыптастырудың әр кезеңдерінде мынадай бағыттарда қорытындысын шығарып отыруға мүмкіндік береді: - студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстармен айналысуға; - дипломдық жұмысқа бағыттауға. Осы бағыттарда студенттердің көркем мәдени білімдерін шығармашылықпен қолдану жағдайларын ескердік. Өйткені практика болашақ мамандардың: - кәсіби шеберлігі мен педагогикалық іскерлігін дамытуды, өздігінен білімін, дүниетанымын жетілдіріп отыруға дағдыландырады, тәрбиелік әрекетке шығармашылық көзқарасын қалыптастыруды көздейді; - бейнелеу және қолданбалы өнері оқу-тәрбие процесінде алған теориялық білімдерін тереңдетіп, бекітеді және педагогикалық нақты тапсырмаларды шешуге, пайдалануға үйретеді. Демек, кәсіби шығармашылықты дамытуға байланысты жұмыстардың жүргізілу формалары мен әдіс-тәсілдерін үйренуге, әдістемелік даярлықты жүзеге асыруға мүмкіндік туғызады. № 1 (86) 2012 71 Жоғары кәсіптік білім беруде бейнелеу өнері саласында білім сапасын арттыру, жаңа педагогикалық негіздерге, әдістемелік жаңартуларға байланысты. Сондай-ақ, жаңа талаптар қойылады: алынған білімді өндірісте тиімді қолдану, өнер мен өмір шындығын байланыстыру, шығармашылық жұмыстарды орындай білу. Ол тікелей көркем мәдениеттің негіздерін білуге, одан әрі дамытуға, өз іс-әрекетінде тиімді пайдалана білуге, бейнелі композициялар құруға, оның ішінде жергілікті, ұлттық ерекшеліктерді ескеріп, моделдерді игеруге байланысты. Осындай білім мен білікке қоса, бейнелеу өнері мамандары көркем мәдениетті болашақ ұрпаққа таныта білуді жаңа пәнде, жаңа технологиялар арқылы жүзеге асырылады. Біздің зерттеуіміздің жалғасы өнертану ғылымының педагогика саласында қарастырылуының маңызымен байланысты болмақ. Сондай-ақ, тұлғаның шығармашылық қызметінің мотивтік бағдарын жасайды. Оқу процесінде іріктеліп алынған тақырып меңгерілуге тиіс білім көлемін белгілі бір уақыт аралығында студенттің игерілуін қамтамасыз етуіне қарай бағаланады. Себебі тақырыпты меңгерудегі білімдік, тәрбиелік, дамытушылық мақсаттардың бірлігі де студенттердің білім, білігінің жетілуі де оқу құралдарын, ақпараттық технологияларды қаншалықты дәрежеде дұрыс пайдалануына байланысты шешіледі. Ол үшін таңдаудың критерийлері толық сақталуы қажет: өнер бағытындағы пәндердің басты мақсаты мен оқыту әдістерінің сәйкес болуы; оқыту міндеттері мен әдісінің сәйкестенуі; көркем мәдениетті мазмұндаудағы жеке тақырыптың ерекшелігін танытуға қолайлылығы; әдістің оқуда белгіленген уақытқа сиымдылығы мен білім білім берудегі тиімділігі; студенттің өздік дамуына жол ашудағы ықпалы. Студенттердің өзін-өзі тануына, өзара дұрыс қарым-қатынасын орнықтыруға ықпал ету арқылы білімді қызығушылықпен саналы түрде игеру көзделеді. Студенттердің шығармашылық құзыреттілігін қалыптастыру

Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі - оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу», - деп аталынған. Елбасымыз Н. Ə. Назарбаев жолдауында айтқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін - білім». Сондықтан қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мəселесін қойып отыр. Оқытудың əр түрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс-тəжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде.

Біздің жастарымыз оқуға, жаңа ғылым-білімді игеруге, жаңа машықтар алуға, білім мен технологияны күнделікті өмірде шебер де тиімді пайдалануға тиіс. Біз бұл үшін барлық мүмкіндіктерді жасап, ең қолайлы жағдайлармен қамтамасыз етуіміз керек [1] .

Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бəсекеге қабілетті маман дайындау.

Біліктілік арттыру жүйесінде педагогтардың оқу қажеттіліктері нақты білімнің мəнін түсінуге, соның нəтижесінде өзіндік іс-əрекетке енуге жəне жеке өміріндегі тəжірибені жетілдіру мақсаттарына байланысты қалыптасады. Осы заманғы мұғалім оқуға үлкен потенциалдық мүмкіндіктермен келеді.

Қазақстандағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жобасында Қазақстанда оқитындарды сапалы біліммен қамтамасыз етіп, халықаралық рейтингілердегі білім көрсеткішінің жақсаруы мен қазақстандық білім беру жүйесінің тартымдылығын арттыру үшін, ең алдымен, педагог кадрлардың мəртебесін арттыру, олардың бүкіл қызметі бойына мансаптық өсуі, оқытылуы жəне кəсіби біліктілігін дамытуды қамтамасыз ету, сондай-ақ педагогтардың еңбегін мемлекеттік қолдау мен ынталандыруды арттыру мəселелеріне үлкен мəн берілген. Осыған байланысты қазіргі таңда еліміздің білім беру жүйесіндегі реформалар мен сындарлы саясаттар, өзгерістер мен жаңалықтар əрбір педагог қауымының ойлауына, өткені мен бүгіні, келешегі мен болашағы жайлы толғануына, жаңа идеялармен жаңа жүйелермен жұмыс жасауына негіз болары анық. Олай болса, білімнің сапалы да саналы түрде берілуі білім беру жүйесіндегі педагогтардың, зиялылар қауымының деңгейіне байланысты [2] .

Жоғары кəсіби білім беретін оқу орындарының, білім беру жүйесінде білікті мамандар даярлаудың басты мақсаты мамандықтарды игерту ғана емес, əлемдік білім кеңестігіне ене отырып, бəсекеге қабілетті тұлға дайындау үшін кəсіби құзыреттілік мүмкіншіліктері арқылы нəтижеге бағдарланған білім беру жүйесін жүзеге асыру - қазіргі таңда негізгі өзекті мəселелердің бірі.

Шығармашылық құзыреттілікті қалыптастыру дегеніміз - студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып, ойлаудың, интеллектуалдық белсенділіктің жоғары деңгейіне шығу, жаңаны түсіне білуге, дəстүрлі өнерді, білімді қолдана білу, жан-жақты ізденуге бағыттауды қалыптастыру [3] . Бүгінгі таңда əр пəннің оқытылуы баланың жан-жақты дамытуды көздеу, бала бойындағы шығармашылық қабілетін дамыту, оның дербестігі мен белсенділігіне дұрыс бағыт беру сияқты мəселелерді жан-жақты шешу қажеттілігі ескерілуде. Білім берудегі шынайы мақсат адамға белгілі бір білімді жеткізу ғана емес, сондай-ақ оның рухани, адамгершілік тұрғыдағы мəнін дамыту. Бүгінгі таңда балалардың өмірден өз орнын табуы үшін өз бойындағы табиғи дарыны мен қабілетінің ашыла түсуіне де көмектесудің қажеттілігі арта түсуде. Өзін-өзі тану баланы жолдастары арасында өзін сыйлата білуге, өзін-өзі жетілдіріп, басқадан үлгі алуға, қоршаған орта жағдайында өзіне-өзі бағыт алуына, өз бетінше бір шешім айта алуына, əр іске жауапкершілікпен қарауға тəрбиелейді. Бірақ бұл жолда мұғалімге үлкен шығармашылық пен ізденіс керек. Онсыз ұстаздың бала жүрегіне жол табуы мүмкін емес.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі болашақ мұғалімдердің жаһандану жағдайындағы кәсіби құзыреттілігін дамытудың педагогикалық мәселелері
Мектеп мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігі
Кіші жастағы оқушылардың зерттеушілік құзыреттілігін дамыту бойынша жұмыстарды жалпылау
Құзыреттілік теориясы
Кредиттік оқыту жүйесінде студенттердің кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастырудың педагогикалық шарттары
Студенттердің зерттеушілік құзыреттілігін қалыптастыру әдістемесі
Жаһандану жағдайына болашақ мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудың мазмұны, әдістемесі
Педагогикалық практика барысында болашақ бастауыш білім педагогтерінің кәсіби құзыреттілігін дамыту
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің технологиялық құзыреттілігін қалыптастырудың педагогикалық шарттары
Болашақ бастауыш мұғалімдерін оқу тәрбие үрдісінде ойын технологиясын меңгерту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz