Жоңғар хандығының құрылуы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 65 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті

Жылкелді А.

XVI-XVII ғасырлардағы қазақ-жоңғар қарым-қатынастары

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

«5В020300- Тарих »

Қарағанды 2020

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті

«Қорғауға жіберілді»

Кафедра меңгерушісі

Қ. Қ. Абдрахманова

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: XVI-XVII ғасырлардағы қазақ-жоңғар қарым-қатынастары

Мамандығы: «5В020300- Тарих »

Орындады: Жылкелді А. С.

Ғылыми жетекшісі

т. ғ. к., профессор Жауымбаев С . У.

Қарағанды 2020

Мазмұны

Кіріспе . . . 6

1 Қазақ-жоңғар қарым-қатынастарының тарихнамалық мәселесі . . . 11

1. 1 Революцияға дейінгі кезеңдегі зерттеушілердің еңбектеріндегі қазақ-жоңғар қарым-қатынастарын зерттеу мәселесі . . . 11

1. 2 Қазақ-жоңғар қарым-қатынастарының кеңестік кезеңдегі тарихнамалық мәселесі . . . 19

1. 3 Қазіргі кезеңдегі зерттеушілердің еңбектеріндегі қазақ-жоңғар қарым-қатынастарын зерттеу тенденциялары . . . 26

2 Жоңғарлардың Қазақстан және Орта Азия халықтарымен қатынастарының ерте кезеңі (XV-XVII ғ. басы ) . . . 39

2. 1 Жоңғарлардың Қазақ хандығымен XV- XVІ ғ. І жартысындағы алғашқы байланыстары . . . 39

2. 2 XVІ-XVII ғғ. қазақ-жоңғар қатынастары . . . 43

3 Жоңғар хандығының құрылуы және оның Қазақстандағы сыртқы саяси белсенділігінің күшеюі (XVII ғғ. 30-80 жж. ) . . . 50

3. 1 Жоңғар хандығының құрылуы . . . 50

3. 2 Жоңғарлардың Қазақстандағы сыртқы саясатының жандануы . . . 54

Қорытынды . . . 61

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 64


Кіріспе

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақ-жоңғар қатынастар тарихы бүгінгі күнге дейін өзекті болып табылады. Отандық тарихымыздың беттеріне айналған қазақ-жоңғар байланыстары жайлы соңғы кезеңдерде көптеген ғылыми, публистикалық мақалалар, тарихи романдар, ғылыми конференция материалдары, еңбектер жарық көрді.

Қазақ-жоңғар байланыстарын тарихи тұрғыдан зерттеу алдымен екі ел аралық қарым-қатынастар тарихнамасын қарастыруды міндеттейді.

Аталмыш мәселелердің шешілуі біршама тұтас Қазақстан тарихын зерттеуге мүмкіндік береді.

Екі ел аралық қатынастарда әлі де басы ашылмаған мәселелердің бірі - бейбіт және мәдени байланыстар тарихнамасы. Аталмыш мәселенің Қазақстан тарихы ғылымында қандай көлемде зерттелгенін анықтау, бейбіт және мәдени қатынастардың қаншалықты орын алғандығын дәйекпен көрсету өзекті болып табылады.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Бүгінгі күнге дейін қазақ-жоңғар байланыстарының тарихнамалық мәселесі кешенді түрде қарастырылған көлемді еңбектер жоқ. Тарихнамалық талдауға қажетті зерттеулердің көзі ретінде қазақтар мен жоңғарлар қарым-қатынасының мәселеріне арналған еңбектер арқау болады.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қазақ-жоңғар қарым-қатынастарының мәселелерін зерттеу жұмыстары революцияға дейінгі кезеңде кең өріс алды. Бұған қарастырылатын революцияға дейінгі ғалымдардың, шенеуніктердің және қоғам қайраткерлерінің еңбектері, қазақ ақын-жыраулардың туындылары дәлел болады.

Қазақстанның аталған кезеңі жөнінде революцияға дейінгі тарихнамасын шартты түрде екі негізгі бағытқа бөлуге болады: академиялық және практикалық [1, 9] . Екі бағытта әдістемелік ұстанымдарының бірлігімен ерекшеленеді. Олардың қатарында Г. Ф. Миллер, П. С. Паллас, А. И. Левшин, Я. П. Гавердовский және т. б. Ал практикалық бағытын лауазымды адамдар құрайды: шекаралық әкімшіліктің шенеуніктері және әскери адамдар, солардың қатарында П. И. Рычков, И. Г. Андреев, Н. Рычков т. б. болды.

Қазақ-жоңғар қарым-қатынастарын орыс тарихнамасында алғаш көрсеткен Г. Ф. Миллер (1705-1783 жж. ) . Ресейге жас кезінде келген неміс ғалымы Сібір тарихын терең зерттеген болатын. Ол кезде Ресей Сібірді енді ғана игере бастаған кезі еді. Оның 1750 ж. Санкт-Петербург қаласында жарық көрген «Описание Сибирского царства» атты еңбегі ерекшеленеді [2] .

Қазақтар мен қалмақтар туралы мәліметтер «Сибирская история съ самого открытия Сибири до завоевания сей земли россікімъ оружием, сочиненная на немецком языке и в Собрании Академическом читанная членом Сан-Петербургской Академии Наукъ и Профессором древностей и истории, также членом исторического Геттинского собрания И. Е. Фишером, 1774 год» атты еңбектен алуға болады [3] .

Орыс ғалымы А. И. Левшиннің «Описание киргиз-казачьих, или киргиз-кайсацких, орд и степей» [4] атты еңбегі қазақ-жоңғар қарым-қатынастарының мәселелерін зерттеуде үлкен маңызға ие болады. Бұл еңбек қазақ халқының географиясы, тарихы, этнографиясы жөніндегі алғашқы ғылыми фундаментальды зерттеу. Автор алғашқылардың бірі болып қазақ-жоңғар және қалмақ қарым-қатынастарының мәселелерін қозғады.

XVIII ғ. 30-80 жж. қазақ-қалмақ қарым-қатынасы жайлы мәліметтерді П. И. Рычков пен капитан Н. Рычков жинақтаған. Олардың алғашқысы жоңғар елшілерінің 1742 ж. Орынборда Әбілқайыр ханның ант қабылдау рәсімінде құрметті қонақ ретінде қатысқандарын баяндайды. Бұл оқиға оның жазбасында: « Прибывшіе съ хананъ зюнгарские посланцы . . . т. е. они туть же стояли, коихъ по окончаніи присягъ тайный советник со всякого пріятностью спросил о ихъ пріезде, на что первый из них посланец именуемый Кашка отвествовал: что они отъ государя своего Галдан Ширина посланы до Абдулхаир хана, а к российским командирам никакой . . . и приехали по воле Абулхаир хана» [5, 76] . 1772 жылы жарық көрген «Дневные записки путешествия капитана Н. Рычкова в киргиз-кайсацкой степи в 1771 году» [5] еңбекте қалмақ-торғауыттардың Еділ бойынан Қытай империясы жеріне қоныс аударуы жөнінде мәліметтер береді.

Миссионер, орыс синологиясының негізін қалаушы Н. Я. Бичурин Жоңғар хандығының құрылуы, күшеюі және циндердің оны жоюының тарихын зерттеп, оны өзінің «Историческое обозрение ойратов или калмыков с XV века до нашего времени» [6] еңбегінде баяндаған. Ол негізінен қытай деректеріне сүйенген, бірақ деректерге сыни талдау жасамай, сол күйінде пайдаланған, ал бұл оның жасаған тұжырымдамаларына әсерін тигізген. Н. Я. Бичуриннің пікірінің қателігінің бірі 1643 жылғы Орбұлақ шайқасын «қырғыз-қазақ ертегісі» деп есептеген [6, 41], ал мұрағаттағы деректер шайқастың тарихта болғандығын дәлелдейді.

Қазақ-жоңғар қарым-қатынастары жөніндегі еңбектерге тарихнамалық зерттеу нәтижесі екі көшпелі халықтардың бейбіт, экономикалық және сауда байланыстары қарастырылатын жұмыстардың өте аздығын көрсетті. Әскери инженер, капитан И. Г. Андреевтің «Описание Средней орды киргиз-кайсаков» [7] атты еңбегі қазақ-жоңғар, қалмақ арасындағы аталған мәселе бойынша мәлімет алуға болады.

Қазақ-жоңғар қатынастарын ХІХ ғасырдың аяғы - ХХ ғасырдың басында М. Ж. Көпеев, Ш. Құдайбердиев, М. Тынышпаев, М. Дулатов, Ә. Бөкейханов зерттеп зерделеуге күш салды[8, 11 б. ] .

Жоңғар хандығының құрылуы, оның ішкі, сыртқы жағдайы, олардың басқа елдер мен халықтардың тарихи тағдырына әсерін түрлі деректер мен зерттеулер негізінде И. Я. Златкин «История джунгарского ханства 1635-1758» монографиясында зерделейді [9] .

Жоңғарлардың қазақтармен ерте кезден бастап өзара қарым-қатынастарын, оның даму барысын, сипатын көрсетіп, олардың қазақтар мен Орта Азия халықтарына қарсы күресіндегі жеңістерінің басты себептерінашып көрсетіп, Ресейдің қазақтар мен жоңғарлар жөніндегі тиянақсыз, қайшылыққа толы саясатын түсіндіріп берген В. А. Моисеев болды. Оның «Джунгарское ханство и казахи» атты еңбегі 1991 жылы жарыққа шықты [10] .

Қазақ зерттеушісі А. Сейдімбек, қазақ пен жоңғар билеушілері арасындағы достыққа көңіл бөле отырып, әскери-саяси жағдайға байланысты Есім хан мен ойрат билеушісі Қарақұлдың арасында елшілік байланыстың болғандығын атап өтеді [11, 88] .

Зерттеушілер жоңғар билеушілерінің арасында тегі қазақтан шыққан батыр тұлғалардың болғандығын көрсетеді. Мысалы, Б. П. Гуревич: « . . . начинает борьбу с манчжуро-китайскими захватчиками ойратский владелец Казак-Сара, по своему происхождению связанный с казахской знатью» [3, 113] . Бұл мәліметті М. Мағауин: «В национально-освободительной борьбе Амурсаны против маньчжурского ига особо отличались и казахские воины; сын попавшего в плен алашского сарбаза Хазык-шары (Казак-сары, т. е. « светлый казах», который родился и вырос среди калмаков, стал национальным героем ойратского народа» [12, 44] деп келтіреді.

Тарихшы А. Тұрдалиев өзінің «Қазақ-қалмақ қатынасы: жауласудан басқасын білеміз бе?» мақаласында [13] екі халық арасындағы бейбіт қатынасты зерттеу керектігін қатаң ескертеді. Аталмыш мәселені зерттеушілердің есімдерін атай отырып, тарихи оқиғаның зерттелмеген тұстарына көңіл аударады. Ол қазақтың «Ер Тарғын», «Алпамыс батыр», «Қыз Жібек» эпостары мен қалмақ соғыстарының арасындағы байланыстарды көрсетеді және Г. К. Конкашпаевпен қатар [14] Қызыл кеніш, Діңгек сияқты архитектуралық ескерткіштердің қазақ-қалмақ тарихына қатысты екендігін айтып, этникалық өзара әсердің болғанына назар аударады.

Екі халық арасындағы терең көпжылдық этникалық өзара байланыстар олардың антропологиялық келбетіне де әсерін тигізді. 1904 жылы Батыс Қазақстан жеріне келген неміс тарихшы-этнографы Р. Карутц: «Мне приходилось видеть плоские лица и раскосые глаза у казахов, почти такого же резко выраженного типа, как у калмыков» [15, 10] деп, қазақтар мен қалмақтардың бет әлпетінің ұқсастығына назар аударған.

Қазақстандық тарихшылардың екі халық арасындағы өзара байланыстар «Письменные источники по истории и культуре Казахстана и Центральной Азии в XIII-XVIII» атты еңбекте де орын алған. Ойраттар мен қазақтар арасында экономикалық, сауда, мәдени байланыстар болғандығын жазады. Авторлар осындай байланыстардың болуы тілге, мәдениетке, сат-дәстүрлерге, тіпті үй шаруашылығындағы бұйымдарға да өзіндік ізін қалдырған деген қорытынды жасайды. Олар түріктер мен моңғолдардың этномәдени жақындығына, шамандық түсініктердің бірлігіне назар аударады [16] .

Қорытындылай келе, тақырыптың зерттелу мәселесіне бпайланысты осы жұмыста қолданған негізгі еңбектерге шолу жасадық. Жалпы, осы мәселенің тарихнамасына қатысты дипломдық жұмыстың бірінші тарауында егжей-тегжейлі тоқталатын боламыз.

Жұмыстың мақсаты - XVI-XVII ғғ. қазақ-жоңғар қарым-қатынастары тарихын зерттеу, зерделеу. Тарихи еңбектерге талдау жасау негізінде, қазақ-жоңғар байланыстарының тұтас тарихи бейнесін қалыптастыру болып табылады.

Осыған орай зерттеу жұмысының алдына төмендегідей нақтылы міндеттер қойылды:

- қазақ және жоңғар қарым-қатынастары жөнінде еңбектерге жан-жақты шолу жүргізу;

- қазақтар мен жоңғарлар қарым-қатынастарының тарихнамасын кезеңдеу;

- Жоңғарлардың Қазақ хандығымен XV- XVІ ғ. І жартысындағы алғашқы байланыстарын зерделеу;

- XVІ-XVII ғғ. қазақ-жоңғар қатынастарын қарастыру;

- Жоңғар хандығының құрылуы және оның Қазақстандағы сыртқы саяси белсенділігінің жанданып, күшеюін зерттеу, зерделеу.

Зерттеу жұмысының нысаны: XVI-XVII ғғ қазақ-жоңғар қарым-қатынастарының тарихы мәселелері болып табылады.

Зерттеу жұмысының пәні - қазақ-жоңғар байланыстары тарихы.

Зерттеу жұмысының әдістемелік негізі мен зерттеу әдістері. Тақырыпты жаңа көзқарас тұрғысынан саралауда қазіргі кезеңде қалыптасқан объективтілік және сыни зерделеу принциптері басты ұстанымда болды. Зерттеу жұмысының әдістемелік негізі - тарихилық пен жүйелілік болып табылады. Тарихи зерттеудегі бірден-бір тиімді жолы ретінде проблемалық-хронологиялық, салыстырмалы-тарихилық әдістер қолданылды.

Зерттеудің деректік негізі. Зерттеу барысында Патшалық Ресей, Кеңес үкіметі және тәуелсіз Қазақстан жылдарындағы жарық көрген қазақ-жоңғар қатынастарына байланысты монографияларын, мақалаларын және орыс, монғол, қытай және қалмақ деректерінің жинақтарын пайдаландық. Қазақ-жоңғар байланыстарына қатысты Қазақстан, Ресей, Монғолия және Қытай ғалымдарының, этнологтарының күнделіктерін, олардың экспедицияларының есептері мен еңбектерін зерттеу жұмысында қолданылды.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Осы дипломдық жұмыста XVI-XVII ғғ Қазақ-жоңғар байланыстарын кешенді зерттеуге талпындық. Зерттеудің деректік негізін құрайтын негізіндегі жинақтар, фольклорлық, тілдік, монографиялық, бүгінгі күнге дейін жинақталған баспасөздік мәліметтер қамтылып, сараланды.

Жұмыстың хронологиялық шеңбері. XVI-XVII ғасырларды қамтиды.

Жұмыстың құрылымы. Жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, пәні, зерттеудің мақсат-міндеттері, мәселенің зерттелу деңгейі, жұмыстың әдіс-тәсілдері, ғылыми жаңалығы мен қорғауға ұсынылатын жағдайлар, сонымен қатар тәжірибелік маңызы негізделеді.

Негізгі бөлімде дипломдық жұмыстың мәні мен атқарылған жұмыстың нәтижелері қарастырылады.

Қорытындыда зерттеудің маңыздылығын куәландыратын негізгі мәндер айқындалып, жұмыс мазмұнында қозғалған мәселелерді өңдеу қорытындылары тұжырымдалады.


1 Қазақ-жоңғар қарым-қатынастарының революция дейінгі кезеңдегі тарихнамасы

1. 1 Революцияға дейінгі кезеңдегі зерттеушілердің еңбектеріндегі қазақ-жоңғар қарым-қатынастарын зерттеу мәселесі

Қазақ-жоңғар қарым-қатынастарының мәселелерін зерттеу жұмыстары революцияға дейінгі кезеңде кең өріс алды. Бұған қарастырылатын революцияға дейінгі ғалымдардың, шенеуніктердің және қоғам қайраткерлерінің еңбектері, қазақ ақын-жыраулардың туындылары дәлел болады.

Қазақстанның аталған кезеңі жөнінде революцияға дейінгі тарихнамасын шартты түрде екі негізгі бағытқа бөлуге болады: академиялық және практикалық [1, 9 б. ] . Екі бағытта әдістемелік ұстанымдарының бірлігімен ерекшеленеді. Олардың қатарында Г. Ф. Миллер, П. С. Паллас, А. И. Левшин, Я. П. Гавердовский және т. б. Ал практикалық бағытын лауазымды адамдар құрайды: шекаралық әкімшіліктің шенеуніктері және әскери адамдар, солардың қатарында П. И. Рычков, И. Г. Андреев, Н. Рычков т. б. болды.

Қазақ-жоңғар қарым-қатынастарын орыс тарихнамасында алғаш көрсеткен Г. Ф. Миллер (1705-1783 жж. ) . Ресейге жас кезінде келген неміс ғалымы Сібір тарихын терең зерттеген болатын. Ол кезде Ресей Сібірді енді ғана игере бастаған кезі еді. Оның 1750 ж. Санкт-Петербург қаласында жарық көрген «Описание Сибирского царства» атты еңбегі ерекшеленеді [2] .

Қазақтар мен қалмақтар туралы мәліметтер «Сибирская история съ самого открытия Сибири до завоевания сей земли россікімъ оружием, сочиненная на немецком языке и в Собрании Академическом читанная членом Сан-Петербургской Академии Наукъ и Профессором древностей и истории, также членом исторического Геттинского собрания И. Е. Фишером, 1774 год» атты еңбектен алуға болады [3] . Осы еңбегінде И. Е. Фишердің: «Қазақ ордасы қалмақтарға бір мезгілде шабуыл жасағандықтан, қалмақтар екі жағынан жаудың қоршауында қалды, егер орыс шекарасында оларды аман алып қалмағанда жойылатын еді» [3, 92] деген ойын Г. Ф. Миллердің қорытындылары толықтырады. Оның пікірінше, ойраттардың бөлінуі және олардың орыс жеріне қоныс аударуына қазақтар басты себеп болған: « . . . калмыки, все еще опасаясь нападений со стороны монголов и Казахской орды, поставили для своей защиты . . . городок . . . в Кузнецком уезде» [2, 261] . Сонымен қатар оның айтуынша: «… как раз в это время в степи (у русской границы) появились калмыкские князцы, прогнанные … Казахской ордой» [2, 262] деп қорытындылайды. Кейбір тарихшылардың (И. Я. Златкин) сыни көзқарастарына қарамастан, бұл екі неміс ғалымы Сібір мен оны мекендейтін халықтардың тарихы туралы тарихнама мен деректанудың негізін қалаушылар болып саналады. Олар қолданған әдістер ғылымда қазірде қолданысқа ие, ал ғылыми айналымға енгізген құжаттар құнды деректер болып есептеледі.

Орыс ғалымы А. И. Левшиннің «Описание киргиз-казачьих, или киргиз-кайсацких, орд и степей» [4] атты еңбегі қазақ-жоңғар қарым-қатынастарының мәселелерін зерттеуде үлкен маңызға ие болады. Бұл еңбек қазақ халқының географиясы, тарихы, этнографиясы жөніндегі алғашқы ғылыми фундаментальды зерттеу. Автор алғашқылардың бірі болып қазақ-жоңғар және қалмақ қарым-қатынастарының мәселелерін қозғады: « . . . восстановленная Тявского тишина недолго существовала между киргиз-казаками. Вскоре начались опять межоусобия, и соседственные народы не замедлили воспользоваться оными. С запада стали нападать волжские калмыки . . . страшнее всех были с востока зюнгары, которыми владел тогда сильный хонтайдзи Галдан-Цырен, не только заставивший трепететь всех кочующих соседей своих, но возбудивший внимание даже России и Китая» [4, 165-166] . Дегенмен, бұл мәселе бойынша А. И. Левшин ешбір қорытынды жасамайды, тек қана белгілі факторларды келтірумен шектеледі. Соған қарамастан оның еңбегі аталған мәселені зерттеуге үлкен үлес қосты.

XVIII ғ. 30-80 жж. қазақ-қалмақ қарым-қатынасы жайлы мәліметтерді П. И. Рычков пен капитан Н. Рычков жинақтаған. Олардың алғашқысы жоңғар елшілерінің 1742 ж. Орынборда Әбілқайыр ханның ант қабылдау рәсімінде құрметті қонақ ретінде қатысқандарын баяндайды. Бұл оқиға оның жазбасында: « Прибывшіе съ хананъ зюнгарские посланцы . . . т. е. они туть же стояли, коихъ по окончаніи присягъ тайный советник со всякого пріятностью спросил о ихъ пріезде, на что первый из них посланец именуемый Кашка отвествовал: что они отъ государя своего Галдан Ширина посланы до Абдулхаир хана, а к российским командирам никакой . . . и приехали по воле Абулхаир хана» [5, 76] . 1772 жылы жарық көрген «Дневные записки путешествия капитана Н. Рычкова в киргиз-кайсацкой степи в 1771 году» [13] еңбекте қалмақ-торғауыттардың Еділ бойынан Қытай империясы жеріне қоныс аударуы жөнінде мәліметтер береді. Оның Нұралы ханның орыс әскерлерінің көмегімен қалмақтарды қудалауы кезінде тікелей оқиға арасында болуы еңбегінің құндылығы болып табылады. Дегенмен де, кейбір революцияға дейінгі орыс зерттеушілері сияқты европоцентризмге бой алдырған, отарға айналдырылған «кіші халықтардың» тарихына немқұрайлы, империялық көзқарас қараушылық байқалады: «Киргисцы не имеют ни права, ни суда к разбиранию народных тяжб» [5, 36] . Сондықтан еңбекте берілген мәліметтерге объективті түрде саралап қараған жөн.

Орыс зерттеушілерінің арасынан статтық кеңесші В. М. Бакунин ерекше орын алады. Ол 1761 жылы «Описание калмыцков народов, а особливо из них торгоутского, и поступков их ханов и владельцев» [17] атты көшпелі халықтар тарихы туралы еңбегі зерттеулер ішіндегі маңыздысы болып табылады. Бірақ бұл еңбек жарияланбады, ал өткен ғасырдың 30-ж. кейбір үзінділерін жариялауға деген ұмтылыс аяқсыз қалды. Аталмыш еңбек таяуда ғана жарық көріп, ғылыми айналымға түсті. В. Бакунин келтірген деректер хронологиялық жағынан нақты, көптеген мәліметтер қалмақ хандығының беделді адамдарынан алынған. Ол қалмақ ісімен айналысатын орыс әкімшілігінде қызмет атқарған. Аталған мәселемен тыңғылықты айналысқан В. Бакунин жоғарыда айтылған неміс ғалымдарының жасаған қорытындыларын толықтырады. Оның пікірінше, қалмақтардың Еділ бойына көшуінің басты себебі - жоңғар хандарының өзара билік үшін күресі: «В 1630 году торгаутский главный владелец, именуемый Хорлюк, имея у себя шесть сынов и подданных своих улусных калмык пятьдесят тысяч кибиток, за с хошаутскими и с зенгорскими калмыками от Алак-улы откочевал к Волге» [17, 31] . Сонымен қатар қалмақтардың басқа көршілес халықтармен қатынасы жөнінде: «Аюка воевал и за Яиком с киргиз-касаками и всегда над ними имел авантажи, при так же и трухменской народ (туркмены), при Каспийском море в Мангышлаке бывший, в свое время в подданство покорил . . . при нем же тогда кубанские, хивинские и киргиз-касацкие солтаны, в том числе и бывший Абулхаир-хан киргис-кайсацкий, во услужение живали» [17, 32] деп мәлімет береді. Оның еңбегінде қалмақ-торғауыттар мен жоңғар билеушілері арасындағы туыстық байланыс және бірігуге талпыныстары туралы нақты деректер бар. Бұл деректерді қазақ-жоңғар қарым-қатынастарының кейбір кезеңдерін анықтау үшін қолдану болашақтың жұмысы. Сонымен қатар қазақ-жоңғар қатынасын зерделеуге XVIII ғ. І жартысындағы қытайлық елшінің Аюка ханға жолдаған хабарламалары да құнды дерек [13] болып табылады.

Аталған мәселе жөнінде А. М. Позднеев те зерттеу жұмысын жүргізген. Ол қоныс аудару үрдісінің біртіндеп, баяу жүрген деген қорытынды жасайды. А. М. Позднеевтің пікірінше, қалмақтар алдымен солтүстікке, Тобылға қарай, одан Жайыққа өтіп, Орал арқылы Еділ бойына келген [18, 140] . Көптеген мәліметтер белгілі зерттеуші А. И. Левшиннің «Описание киргиз-казачьих, или киргиз-кайсацких, орд и степей» еңбегінде берілген. Қазақ-жоңғар қарым-қатынасының көптеген оқиғаларын суреттей келе, ол қазақ хандарының Ресейге қосылуының басты себебі ретінде қалмақтармен болған қырғын соғысты атап көрсетеді [4, 178-184] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ХҮ – ХҮІІІ ғасырлардағы Қазақ хандығы
Қазақ хандығының құрылуы туралы
Қазақ хандығының құрылу қарсаңындағы әлеуметтік-саяси қатынастарды, этникалық алғышарттарды зерттеу
Қасым ханның тұсындағы Қазақ хандығы
Хандықтардың құрылуы және шайқастары
Қазақ тарихындағы хандар
XVI ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ
Қазақ хандығының құрылуы және нығаюы (15-16 ғғ.)
Қазақ хандығының құрылуы. Қазақ халқының жоңғар шабуылына қарсы күресі
Хандық дәуір әдебиетінің құрылуы қарсаңындағы қоғамдық - әлеуметтік, саяси жағдай
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz