Орталық Қазақстан темір дәуірінде


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Академик Е. А. Бөкетов атындағы
Қарағанды мемлекеттік университеті
Жағыпар Ақторғын
Орталық Қазақстан темір дәуірінде
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
5В020300 - «Тарих»
Қарағанды 2020
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Академик Е. А. Бөкетов атындағы
Қарағанды мемлекеттік университеті
«Қорғауға жіберілді»
Археология, этнология және
Отан тарихы кафедрасының
меңгерушісі т. ғ. к., доцент
Абдрахманова К. К.
«» 2020 ж.
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Орталық Қазақстан ежелгі темір дәуірінде
5В020300 - «Тарих»
Орындаған: Жағыпар А.
Ғылыми жетекші
т. ғ. к., профессор Жауымбаев С. У.
Қарағанды 2020
Мазмұны
Кіріспе . . . 7
1 Орталық Қазақстанның ерте темір дәуірінің зерттелу тарихы
1. 1 Өлкенің ертедегі тарихы ежелгі жазба деректерде және XVI-ХІХ ғ. ғ. патшалық Ресей империясының арнайы ұйымдастырылған экспедициялары мен саяхатшылардың зерттеулерінде . . . 12
1. 2 Орталық Қазақстан аумағындағы ерте темір дәуірі ескерткіштерін XX ғасырда кешенді түрде зерттеу . . . 21
2 Орталық Қазақстан темір дәуірінің ескерткіштерінің таралу аймағы және олардың маңызы
2. 1 Темір дәуірінің ғұрыптық-еске алу құрылыстары . . . 34
2. 2 «Мұртты» обалардың түрлері, ғұрыптық қоршаулар және тас мүсіндер олардың маңызы . . . 44
2. 3 Көне ғұрыптық орындардағы салт-жоралардың қазақтың салт- дәстүрлерімен ұқсастығы және ерекшеліктері . . .
Қорытынды . . .
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .
Кіріспе
Зерттеу жұмысының өзектілігі . Кез-келген өркениетті ел өз тарихының тамырын тереңнен іздестіреді. Тарихының бастауын ежелгі дәуірлерден тартқан мемлекет мызғымас саяси-идеологиялық сана қалыптастыра алатындықтан, онда ұлттық құндылықтар негізінде қоғамдық келісім және демократиялық өрлеу, нарық пен ғылым байланыстары дамиды. Сондықтан да ұлттың келешегі мен болашағы үшін өткенге бет бұру, одан сабақ алудың маңыздылығы ешқашан төмендеген емес.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін жариялағаннан кейін қазақ халқының бұрын «ақтаңдақ» болып келген тарихы қайта жазылып, сан алуан мәселелер заман талабына сай өзінің ғылыми бағасын алуда. Әсіресе, Қазақстанның ортағасырлық, жаңа және қазіргі заман тарихында орын алған көптеген мәселелер қайтадан қарастырылып, жүздеген іргелі еңбектер жарияланды.
Көне заман ескерткіштерінің мол шоғырланган өңірлерінің бірі саналатын Орталық Қазақстан аймағы Еуразия даласындагы археологиялық зерттелу тарихы ғасырдан астам уақытты қамтитын бірегей аудан ретінде белгілі. Сондықтан әрдәуірде жүргізілген зерттеулерді жүйелеп, бұрынғы ізденістердің мәнін, археологиялық ізденістердің маңыздылығын көрсету археология ғылымындағы күрделі мәселелердің бірі.
Темір дәуірінің адамзат тарихындағы маңыздылығы темір металлургиясының кең қанат жайып, еңбек құралдары мен қару-жарақ жасауда басты шикізат көзі ретінде қоғамдық-өндірістік қатынастардың дамуына ықпал етуімен сипатталады.
Темір дәуірінде Еуразия даласында, оның ішінде Орталық Қазақстанда көшпенділік үстемдік құрып, темір өндіру мен мал шаруашылығы негізгі шаруашылыққа айналған жаңа форматтағы қоғам өмір сүрді.
Орталық Қазақстанның табиғи ландшафты әртүрлі болып келеді. Онда жазықтармен шектесетін биіктігі орташа таулы аудандар, жартылай шөлейтті және шөлейтті аймақтар да ұшырасады. Бұл өңірлер құнарлы жерлер мен жайылымдарға ғана емес, кен орындарына да өте бай. Су көзінің басты артериясы - Нұра, Сарысу тәрізді өзендердің көп сағаларымен ерекшеленіп тұрады. Міне, осы аталған табиғи жағдайлар Орталық Қазақстанды мекендеген ежелгі тайпалардың жоғарғы мәдениетінің қалыптасуына әсерін тигізеді.
Орталық Қазақстанның аймақтық шекарасының нақты келбеті жоқ. Территориялық тұрғыдан қолданып жүрген «Орталық Қазақстан» термині археологиялық зерттеулерде, әдетте жалпы мағынада қолданылады.
Көлемді географиялық әдебиеттерде, әсіресе аудандарға бөлу туралы еңбектерде «Орталық Қазақстан» түсінігі туралы біржақты көзқарас жоқ және де зерттеушілер бұл терминге үнемі бір территорияны кіргізген емес. Географ мамандар Орталық Қазақстанды көбінесе қазақтың ұсақ шоқылығымен байланыстырады. Ал, Орталық Қазақстан жері бұрыннан қазақ халқының тарихи атауында «Сарыарқа» деп аталатын аумақта орналасқан болатын. Сарыарқаның ортағасырлық формасы «Арқа» екендігі анықталды. «Сарыарқа» атауыныңқолданыстан шығуы Кеңестік кезеңде орын алды. Аталмыш атау тек Орталық Қазақстанға ғана тән болып, басқа аймақтар жаңаша атауларға ие болды. Себебі, Сарыарқа жері - сонау қола дәуірінен бастап Беғазы-Дәндібай, Тасмола тәрізді мәдениеттерді қалыптастырған тұрғындардың мекені. Оған дәлел, аталмыш аймақтан көптеп табылып жатқан археологиялық ескерткіштер мен одан шыққан артефактілер.
Бұл аймақта зерттеу материалдары бұдан бірнеше ондаған жыл бұрын ғылыми айналымға енген және жыл сайын жаңа ашылулар мен фактілермен, жаңа ғылыми гипотезалармен, көзқарастармен толықтырылып отырылатын көптеген қоныстар мен қорымдар, кен өндіру орындары, ғұрыптық нысандар бар.
Қазақстан территориясын ерте темір дәуірінде мекендеген көне заман тұрғындарының дүниетанымы мен рухани болмысынан, тұрмыстық тіршілігінен және идеологиялық, діни көзқарастары жағынан хабар беретін өлке Орталық Қазақстанда археологиялық қазба жұмыстарын жүргізіп, зерттеу аса өзекті мәселелердің қатарынан орын алады.
Бүгінгі таңда зерттеудің жаңа белестеріне көтерілген археология ғылымында кешенді зерттеулер жүргізілді. Соның арқасында жұртшылыққа беймәлім болып келген көне тарихтың көптеген тақырыптары ашылып, жан- жақты талқылануда. БАҚ беттерінде де біршама деңгейде кездеседі.
Кеңестік кезеңде археология жеке ғылым ретінде қалыптасып, зерттеу жүйесі жаңарды. Қазба жұмысы жаңа әдістер арқылы жүргізілді. Жаңадан ашылған ескерткіштер қарасы көбейіп, негізгі бағыттары айқындалды.
Тәуелсіздік жылдарындагы археологиялық зерттеу жұмыстары негізінде біршама істер атқарылды. Ұлттық идея, мәдени мұра хақында іргелі зерттеулер жазылып жатыр. Археологиялық нысандар ашылып, зерттеулер жалғасуда. Археология ғылымында көне уақыт саналатын кезең ерте темір дәуірі болса, сол дәуірдің ірі ошағы Орталық Қазақстанның археологиялық ескерткіштері зерттелуі тиіс.
Бүгінгі таңда экономикалық жағынан қуатты Орталық Қазақстанның көне дәуір тұрғындары үшін де құтты мекен болғандығы ақиқат. Оған дәлел б. з. б. ІІІ-ІІ мыңжылдықтарда игерілген кен орындары мен қорытпа пештері, мыстан жасалған әр түрлі заттар.
Біртұтас қазақ жерінің тарихын жазу үшін алдымен жекеленген ескерткіш түрлерін толықтай ашып, аталған тақырып бойынша жазылған мәліметтерді жүйелеп, бір ізге түсіру қажет.
Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеттері . Осы зерттеу жұмысында алдымызға қойған мақсат: Орталық Қазақстан ерте темір дәуіріне қатысты деректерді талдай отырып, қазба жұмыстары нәтижесінде шыққан материалдар және жарық көрген зерттеулер негізінде ғылыми тұжырым жасау.
Зерттеу жұмысының мақсатын ашуда мынадай міндеттерді іске асыру басшылыққа алынады:
- Орталық Қазақстан ерте темір дәуірінің зерттелуін қарастыру;
- Кеңестік кезеңде зерттелген ескерткіштерді бір ізге түсіру;
- Өңірдің ерте темір дәуірінің таралуын сипаттау, табылған артефактілерді талдау;
- Өзге аймақтардағы ескерткіштермен салыстыру;
- Тәуелсіздік жылдарындағы зерттеулерді талдау;
- Қазақстан жерін, оның ішінде Орталық Қазақстан аймағын бұрыннан мекен еткен тұрғындардың автохтонды халық екендігін талдау;
- Көне дәуір тұрғындарының дүниетанымдық ерекшеліктеріне тоқталу;
- Орталық Қазақстан өңіріндегі көне дәуір тұрғындарының ғұрыптық аспектілерін ашып көрсету;
-Көне ғұрыптық құрылыстардың бертінгі кезеңнің ғұрыптық орындарымен салыстыру;
-Қазақ діни наным-сенімдерінен көне заманның ғұрыптық құрылыстарында атқарылған рәсімдердің ұқсастықтары мен ерекшеліктерін анықтау;
Тақырыптың зерттелу деңгейі . Орталық Қазақстанның темір дәуірі мәдениетін зерттеумен айналысу Кеңестік кезеңде бір жүйеге түсті. Орталық Қазақстан археологиясын, әсіресе қола және ерте темір дәуірі Ә. Х. Марғұлан, К. А. Ақышев, М. Қ. Қадырбаев, Ә. М. Оразбаевтың «Древняя культура Центрального Казахстана» деп аталатын еңбегінде аталмыш аймақтың археологиясына арналған бірден-бір құнды еңбек [1] . Орталық Қазақстанның ежелгі мәдениетінің зерттелу тарихына қатысты дерекгерді пайдалана отырып, іргелес аудандарды да қарастырған. Әсіресе Ертіс бойы, Алтай тауы, Семей бекінісі маңындағы ескерткіштер туралы патшалық Ресей уақытындағы мәліметтер дерек ретінде пайдаланылған. Мұнда ерте темір дәуіріне байланысты «Памятники Тасмолинской культуры» деген атаумен екінші бөлімінде берілген. Басты назарга ұстайтын жағдай, ОҚАЭ-ұйымдастырып, ежелгі дәуір ескерткіштерін кешенді зерттеген Ә. Х. Марғұлан болғандығын айтып өту керек. Ғалымның пікірлері арқылы көне дәуір тұрғындарының дүниетанымы мен діни түсініктерін зерттеудегі бірқатар мәселелер анықталды.
Ерте темір дәуірінде Орталық Қазақстанның территориясын негізінен көшпелі тайпалар мекендеген, осы уақытқа дейін бұл аймақтан көптеген қорғандар мен зираттар тобы жетті. Оған дәлел ретінде таулы аудандардан табылғанәр түрлі металдардан жасалған із қалдықтары мен тастағы суреттерді айтуға болады. Қорғандардың негізгі монументалды құрылысы ретінде мұртты обаларды атауға болады.
Ә. Х. Марғұланның «К изучению памятников района р. Сарысу и Улытау» атты мақаласында алғашқы барлау жұмыстарында тіркеуге алынған ерте темір дәуірінің тас тізбекті құрылыстарына сипаттама беріледі. Ә. Х. Марғұланның 1947-52 жылдары ОҚАЭ жұмыстары негізінде жүргізілген зерттеулерден Орталық Қазақстанның темір дәуірінің «мұртты» обаларын жан-жақты қарастырып сипаттама беріп өткен. Ғалым «мұртты» обаларды «күн сәулелі тас тізбектер» деп атаған. Ә. Х. Марғұлан, Т. Басенов, М. Меңдіқұловтің «Архитектура Казахстана» кітабында ғұрыптық орындардың құрылыстарына жақсы сипаттама берілген[2] .
Кешенді түрде зерттеулерді М. Қ. Қадырбаевтың зерттеулерінен көреміз. Оның әр жылдары жарық көрген «Памятники ранних кочевников Центрального Казахстана», «Могильник Сангыру-2», «О некоторых памятниках ранних кочевников Центрального Казахстана», «Древности восточных районов Сары-Арка» атты ғылыми жұмыстары сақдәуірінің «мұртты» обаларын зерттеудегі теңдесіз еңбектердің қатарынан орын алады [3] .
М. Қадырбаев «Памятники Тасмолинской культуры» монографиясында «мұртты» обаларға зерттеу жүргізілген жұмыстардың нәтижелері зерттеудегі соны еңбек [4] .
Ә. М. Оразбаевтың Жанайдар қорымындағы «мұртты» обаларды қалпына келтіру жұмысын жүргізуі ерте темір дәуірін зерттеу бойынша көлемді жаңалықтардың біріне айналды [5] . Көршілес аймақта тек қола дәуірі бойынша ғана шұғылданып қана қоймай, ерте темір дәуір саласы бойынша іргелі зерттеулер жүргізген Грязнов М. П. «Северный Казахстан в эпоху ранних кочевников» атты мақаласы құнды еңбектің біріне жатады [6] .
С. С. Сорокиннің ғұрыптық мәселелер бойынша зерделі пікірлер айтылған «К вопросу о толковании внекурганных памятников ранних кочевников Азии» аттымақаласы өз құндылығын жоймақ емес. Әлі күнге дейін ғылыми жағынан өміршең мақала болып табылады.
Орталық Қазақстанның төл мәдениеті ретінде қарастырылатын Тасмола мәдениетіне М. Қ. Қадырбаевтан кейін кешенді зерттеулер жасаған А. З. Бейсеновтың «Погребальные памятники и культово-ритуальные сооружения древних номадов Центрального Казахстана (7-1 века до н. э. ) ») кандидаттық диссертациясында хронологиялық және типологиялық бөлу мәселелері бойынша ғылыми ізденістер қарастырылды[7] . . Ғалым одан кейінгі басқа да бірнеше ғылыми мақалаларында «мұртты» обаларға байланысты терең пайымдаулары мен құнды пікірлерін келтірген.
П. И. Мариковскийдің «О древних астрономических сооружениях на территории Казахстана» атты мақаласында «мұртты» обалардың аспан әлемін бағу мақсатында қолданған деп, ғұрыптық құрылыстардың функциясына байланысты таласты пікірлердің басын ашып берді. Мұндай пікірді С. Г. Боталов, А. Д. Таиров, И. Э. Любчанский сынды ғалымдар «Курганы с «усами» урало-казахстанских степей» атты біріккен монографияда қуаттайды. Бұл еңбектің де «мұртты» обаларды зерттеуде қосар үлесі көп.
Дипломдық жұмыстың кіріспе бөлімінде тақырыптың зерттелу деңгейіне тек шолу жасадық. Зерттеліп отырған Орталық Қазақстан темір дәкіріндегі тақырыбының тарихнамасын негізгі бөлімде толығырақ тоқаталатын боламыз.
Зерттеудің деректік негізі . Тарихи, археологиялық және этнографиялық тұрғыдан зерттеу үшін ең бастысы деректер қоры қажет. Көне тарихтың мәселелеріне арналған отандық және шетелдік зерттеушілердің теориялық-концептуалдық көзқарастары көрініс тапқан мақала, монография, рецензия, шолу және басқа да ғылыми шығармалардың формалары жұмыстың деректік негізін құрайды. Ежелгі Қазақстан тарихы басқа дәуірлерге қарағанда, негізінен, археологиялық материалдар бойынша ғана толымды түрде өрбітіліп келеді. Сол себепті де зерттеудің деректік негізін ең алдымен археологиялық дереккөздерін талдаған зерттеушілердің еңбектері, содан кейін барып көне жазба деректері бойынша ой толғамдарын жасаған ғалымдардың ізденістері құрайды. Орталық Қазақстан археологиясы үшін негізгі деректер Орталық Қазақстанның археологиялық экспедициясының есептері, еліміздің ғұлама ғалымы, қола дәуірінің майталман маманы Ә. Х. Марғұланның археологиялық зерттеу жұмыстары, далалық күнделіктері, монографиялары болып табылады. Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейінің қор бөлімі, Облыстық Н. В. Гоголь атындағы әмбебап ғылыми кітапхана материалдары мен кітаптары негізгі деректер орталығы болып саналады.
Тақырыптың мазмұнын ашуда негізгі деректік қорды археологиялық материалдар құрайды деп айтуға болады. Олардың қатарында XX ғасырдан бастап қазақ даласының түкпір-түкпірінде жүргізілген археологиялық қазбалардың нәтижелері және табылған заттар жатады. Сонымен бірге қазба жұмыстарын қорытындылайтын ғылыми есептер мен зерттеу енбектері дипломдық жұмысты талдау барысында үлкен маңызы бар.
Зерттеу жұмысының нысаны . Орталық Қазақстан ежелгі темір дәуіріндегі археологиялық және этнографиялық ескерткіштер, олардың орналасуы, ерекшеліктері.
Зерттеудің теориялық методологиялық негізі. Тақырып темір дәуірінің зерттеу деректерін қамтып отырғандықтан - қазіргі тәуелсіздік кезеңімен сабақтастығын талдау мәселелері қарастырылғандықтан, әр ақпаратқа сыни талдау жасай отырып, объективті көзқарас қалыптастыру көзделді. Зерттеу барысында ғылымилық және жүйелілік принципі, тарихи таным қағидасы методологиялық негіз ретінде алынды. Жүйелілік жәнеғылымилық принципі зерттеудің ғылыми талаптарына жауап берсе, тарихи таным қағидасы Орталық Қазақстан темір дәуірінің функциясын, құндылығын түйсінуде жатыр. Талдау, салыстыру, сараптамалық әдістер қолданылды.
Зерттеудің практикалық маңызы . Орталық Қазақстанның ерте темір дәуіріне археологиясына тарихнамалық талдау жасалды. Зерттеуге негіз етіп алынған Орталық Қазақстанның археологиялық, Сарыарқа археологиялық экспедициясының мәліметтері мен басқа аймақтарды зерттеу экспедициялардың материалдары, этнография саласы бойынша кешенді зерттеулер, еліміздің белгілі ғалымдарының ғылыми жұмыстары, сонымен қатар шетелдік ғалымдардың еңбектері мен деректері тақырыпты ашуға септігін тигізді. Археология ғылымының жанданған кезеңі - Кеңес үкіметі тұсында қазба жұмыстары фронталды түрде жүзеге аса бастады. Бастысы, археологиялық мектеп қалыптасты. Сол мектептің Орталық Қазақстанды зерттеген ірі ғалымдарының еңбектері бойынша салыстырмалы түрде сараланды. Тәуелсіздік алғанға дейін және алғаннан кейінгі жылдарда зерттеу бойынша атқарылған жұмыстарға, ескерткіштерді зерттеудің бағыттарына объективті баға берілді. Локальді аймақ ретінде қарастырылып отырған Орталық Қазақстанның ерте темір дәуіріне қатысты археологиялық деректерді ғалымдар енді жүйелеу үстінде. Зерттеу барысында мақсат-міндеттерінде көрсетілген критерийлерді негізге ала отырып, тақырыптың құндылығын ашуға тырыстық.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Бұл жұмыстың ғылыми жаңалығы осы мәселеге қатысты жарыққа шыққан еңбектер, зерттеулер негізінде Орталық Қазақстанның ерте темір дәуіріне қатысты археологиялық деректерді жан-жақты зерттеліп, оған жүйелі түрде тарихи талдау жасалды.
Аумақтық шеңбері Орталық Қазақстан аумағындағы темір дәуірі ескерткіштеріне сипаттама беріледі.
Диплом жұмысының құрылымы . Зерттеу жұмыстың құрылымы кіріспе, екі тарау: бірінші тарау екі бөлімненжәне екінші тарау үш бөлімнен, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады.
1 Орталық Қазақстанның ерте темір дәуірінің зерттелу тарихы
1. 1 Өлкенің ертедегі тарихы ежелгі жазба деректерде және XVI-ХІХ ғ. ғ. патшалық Ресей империясының арнайы ұйымдастырылған экспедициялары мен саяхатшылардың зерттеулерінде
Еуразияда қоныс тепкен бүгінгі күнгі көптеген халықтар мен этностардың тарихы бастау алатын Сарыарқаның кең байтақ географиялық бір бөлігі болып табылатын Орталық Қазақстан ғалымдар қауымының қызығушылығын ертеден тудырған болатын. Өткен күндердің тарихы жөнінде ең басты, негізгі де жалғыз ғана қайнар көзі болып табылатын аймақтың сан қырлы археологиялық ескерткіштері алғашқы қауымдық құрылыста өмір сүрген адамдардың өмір салты мен күн көрістері туралы сыр шертіп, ежелгі мәдениеттегі қарым- қатынастар мен бір-біріне ықпал еткен даму барысын көз алдымызга әкеледі.
Орталық Қазақстанның аумағында көнеден сақталып келе жатқан мемлекеттік тізімге енген үш мыңға тарта тарихи-мәдени ескерткіштер бар. Соның 1538-і мемлекет қорғауына алынғын. Олардың санатында Алашахан, Жошыхан, Домбауыл, Аяққамыр мазарлары, тас дәуірінен бастаған көне археологиялық ескерткіштер, қола дәуірінің атақты Беғазы-Дәндібай археологиялық мәдениетінің кесенелері, Кент қонысы, Басқамыр, Аяққамыр, Хан ордасы қалашықтарының орны, Нұркен, Талды секілді сақ патшаларының қорғандары, Теректі Әулие, Байқоңыр, Кестелітас петроглифтері, Қызыл Кеніш будда храмы, Қарқаралыдағы Кұнанбай мешіті, Абай, Г. Потанин тоқтаған үйлер, Ақжолтай Ағыбай батыр кесенесі сияқты терең тарихымыздың шынайы жәдігерлері бар.
Орталық Қазақстан - Қазақстанның қазыналы, ұлттық мәдени мұраларға бай өлкесі. Еліміздің басынан өткен тарихына, мәденимұраларымыздың бірте-бірте жойылуына, еліміздің іздерін санамыздан алыстатуға тырысқан, жат елдің тарихы мен мәдениетін бізге оқытқандарына қарамастан, ата-бабамыз сақтап келген мұраларды біз қамқор етіп, көзіміздің қарашығындай етіп сақтау бүгінгі ұрпақтың басты міндеті болып табылады. Ескерткіште - ел тағдыры. Ескерткіште еліміздің ізі, тарихы жатыр.
Ғасырлар бойы Орталық Қазақстан аумағын өзіндік мәдениеті бар тайпалар мекендеп, шалғынды шөбі мен пайдалы қазбалары бар ауқымды тау шатқалдары мен ойпаңдарында, өзен алқаптарының жағалауларында орналасқан керемет ескерткіштерін бізге мұраға қалдырған. Көбінесе, ежелгі дәуір ескерткіштері ерекше қызықтырады.
Тәуелсіздік алғаннан бастап тарихи сананы қалыптастыру жолында Қазақстанның ежелгі тарихына кеңінен назар аударыла бастады. Жазба дереккөздері мен археологиялық материалдар негізінде көне қоғам өмірінде орын алған түрлі жайттарға, соның ішінде археологиялық мәдениеттердің қалыптасуы мен дамуына, шаруашылық қаракеттерге, діни көзқарастар жүйесіне, ежелгі өнер мен мәдениет жәдігерлеріне, антропологияға, қоғамдыққұрылыс, мемлекеттілік пен билікке қатысты мол мағлұматтар жинақталды. Еліміздің тәуелсіздік туы көтерілгелі мемлекет тарапынан біршама игі қадамдар жасалуда. Осы мақсатта 2004 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың бастамасымен өмірге келген «Мәдени мұра» аймақтық бағдарламасының маңызы зор. Бұл бағдарламаның аясында Қарағанды облысы бойынша «Мәдени мұра» аймақтықбағдарламасы қолданысқа енгізілген. Бағдарламадағы негізгі мақсат - халықтың орасан мол мәдени мұрасын, соның ішінде ұлттық тарих үшін ерекше маңызы бар елеулі тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштерін қалпына келтіріп, көне археологиялық ескерткіштерімізді зерттеп, саралап, табылған ескерткіштерді мемлекет корғауына алу.
«Мәдени мұра» бағдарламасы аясында көне дәуірлердегі тарихи оқиғаларды баяндаған түрлі тілдердегі (қытай, парсы, грек, т. б. ) дереккөздері қайта басылып шықты, бірқатары қазақ тіліне аударылды, ғылыми айналымға жаңа деректемелер енгізілді. Әрбір мәдени-тарихи кезеңдердің негізгі археологиялық ескерткіштері жүйелі түрде зерттелінді. Атқарылған осындай игі шаралардың, соның негізінде жасалған ғылыми ізденістердің басым бөлігі жүйелі талдаудан өте қойған жоқ.
Б. з. б. I мыңжылдықтың басында Қазақстан аумағын мекендеген халықтардың тарихында және шаруашылық өмірінде бірқатар маңызды өзгерістер болды. Бұл өзгерістер темірден жасалған құралдарды пайдалана бастауымен байланысты болды. Қоғамда мүлік теңсіздігі-топтардың шығуына негіз болды. Сондықтан қоғамда болып жатқан әлеуметтік жіктелу процесі, әлеуметтік топтар арасындағы қарым-қатынастарды реттеп отыратын күшті дүниеге әкелді, ол күш - мемлекет.
Қазақстандағы өмір сүрген тайпалардың ішінде аты-жөні жақсы сақталған тайпалардың бірі- сақтар. Археологиялық зерттерлеуге және жазба деректерге қарағанда б. з. б. VII-ІV ғг. сақ тайпалары Орта Азия және Қазақстан жерін мекендеген. Парсы жазба деректері бойынша, Орта Азия мен Қазақстан территориясында мекендейтін көшпелі тайпаларды жалпы атпен сақтар деп атаса, ал гректің атақты тарихшысы Геродот (б. з. б. V ғ. ) сақтарды «азиялық скифтер» деп атаған [8] . Осымен қатар Геродот өзінің «Тарих» деп аталатын еңбегінде б. з. б. I мыңжылдықта Орта Азия және Қазақстан жерінде «Сақ» деп аталатын бірнеше тайпалардың қуатты жауынгер одақтары болғаны айтылады. Ол одақтар: массагеттер, даилер, каспийшілер, исседондар, сарматтар, аландар, аримаспылар т. б.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz