Салт дәстүр атауларының уәжділік сипаты


Дипломдық жұмыс
I. 1. 1 Қазақ салт-дәстүр атауларының зерттелуі.
1. 2 Атау теориясы және салт-дәстүр атауларының тілдік табиғаты. М. Оразов
1. 3 Қазақ тілі атауларының уәжділігі және зерттелуі
II. 2. 1 Салт дәстүр атауларының уәжділік сипаты
2. 2 Мүлдем ұмытылған салт-дәстүр атауларының уәжділігі
2. 3 Атауларының танымдық сипаты
III. Салт дәстүр атауларын тек туынды сөз ретінде талдау
Пайдаланылатын әдебиеттер:
- М. Оразов
- Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі
- Этимологиялық сөздік
- М. Қашқари сөздігі
- Б. Сағындықұлы Тіл тарихы
- С. Кенжеахметұлы
19. Ауызбасытқы
беру
23. Ерулік беру
24. Бел көтерер беру
25. Бәсіре
26. Мертік дәмі
27. Күзем шай
28. Тулақ шашу
Сейіт Кенжеахметұлы
Жеті қазына
49. Кәде
50. Шөміш қағу
Тілдегі уәжділік - синхронды түсінік, оны этимологиямен шатастыруға
болмайды. Бұл мәселені профессор М. М. Копыленко: « . . . труд этимолога в
известном смысле заканчивается там, где начинаются усилия мотиволога.
Этимолог вскрывает побудительный фактор, признак, который лег в основу
наименования, т. е. его мотив. Но закономерности мотивации, наличие или
отсутствие мотивированности, группировка мотивов по мотивам - эти и
другие проблемы мотивологии в орбиту внимания этимолога не входят», -
деп түсіндіреді [1, с. 41] . 1. Копыленко М. М. Основы этнолингвистики. - Алматы: Евразия,
1995. - 178 с.
Осы тұжырымды нақтылай түсетін ғалымның мына пікірі түркі
тілдеріндегі жануарлар атаулары уәждемелеріне әсер ететін негізгі
факторларды айқындап көрсетеді:
1) Түркі халықтарының өздерін қоршаған ортаға деген байқағыштық
қасиетінің жоғары болуы.
2) Тілдераралық жануарлар атауларына байланысты дамыған
омонимияның болуы.
3) Жануар атауларының екінші бір жануар атауы арқылы белгілі
мөлшерде дамуы [2, с. 105] .
Табиғи нысандардың уәжділігін зерттеу бойынша жұмыстар өткен
ғасырдың 60-ыншы жылдарының аяғында басталған. 1973 жылы қорғалған
М. М. Ғинатуллиннің диссертациясында уәждеменің теориялық негіздері
қарастырылып, қазақ тіліндегі 148 құс атауларының уәждеріне сипаттама
жасалған. Уәждер он түрлі ерекшелігі бойынша бөлінген: «дауыс (дыбысқа
еліктеу) », «дауыс (дыбысты сипаттау) », «басқа нысандармен ұқсастығы»,
«көлем», «өзге соматикалық белгілері», «тіршілік ету мекені», «қорек»,
«түс», «тіршілік ету салты (мінез-құлық) », «иіс». 1983 жылы қорғалған
Г. И. Ұйықбаеваның диссертациясында табиғи нысандар атауларының уәждері
(бұл жағдайда өсімдіктер) алғаш рет «утилитарлық» («иіс», «дәм», «тұрмыста
қолдану», «медицинада қолдану») және «утилитарлық емес» болып екіге
бөлінді. «Утилитарлық» уәждер атаулардың 16, 88 %-ын қамтиды ( бір уәжге
4, 17%) . Жануарлар атауларының саласында да осыған ұқсас: сегіз
«утилитарлық» уәжге («тіршілік мекені», «тіршілік ету салты», «мінезқұлық», «жасы», «көлемі», «иіс», «қорек», «тұрмыста қолдану») 58
жануарлар атауларынан келеді (жалпы 27, 7 %, әр уәжге 3, 46 %) .
Академик І. Кеңесбаев: «Қазақ тіліндегі бір де бір сөз, не фраза
кездейсоқ, қалай болса, солай жасала салмаған. Бәрінің де жүйесі бар:
түпнегізі бар, себеп-салдары бар. Қоғам өміріндегі, халық тарихындағы неше
түрлі әдеби, мәдени, рухани процестердің ізі көп жерлерде тілден де орын
тебеді. Мұның неше алуан дәлелін тілімізде қолданылатын қайсыбір
фразалардан да табамыз. Әрқилы әлеуметтік факторларға байланысты туған
көптеген фразалардың о бастағы мағынасы әлденеше жүздеген жылдарды
артқа тастаған соң, көмескілене бастайды. Тіпті, оның қайсыбір
компоненттері әлі мүше ретінде ғана тіркесіп, тірлік кешеді. Бұлар қай кезде,
қандай жағдайға байланысты, қалай пайда болған деген мәселелердің басын
ашу оңай шаруа емес», - деп фраземалардың пайда болу уәждерін табудың
өзіндік қиындықтары барын айтады [3, 27 б. ] .
Лингвистикалық тұрғыдан алғанда, сөздің уәжділігі - бұл оның
мағынасының атау беру сәтіндегі немесе белгілі бір даму кезеңіндегі оның
тұлғасымен немесе бастапқы сөздің мағынасымен заңды тарихи
байланыстылығы болып табылады.
Қазіргі семасиологияда сөздің үш түрлі уәжділігі кездеседі:
морфологиялық, семантикалық және фонетикалық.
Кеңестік тіл білімінде С. В. Воронин негізін салған фоносемантика
әдістерінің көмегімен атаулардың дыбысбейнелеуіштік және
дыбыселіктеуіштік табиғаты анықталса [4], қазақ тіліндегі деректерді осы
ыңғайда кең көлемде алып зерттеген ғалым К. Ш. Хұсайыновтың еңбегі [5]
қазақ тіл білімінде номинация теориясының өзегін құрайтын дыбыстық
уәжделуінің зерттелуіне, дамуына көп үлес қосып отыр.
Морфологиялық уәжділік дегеніміз - сөздің мағынасы мен оның
морфологиялық құрылымының арасында белгілі бір байланыстың болуы. Бұл
жағдайда бір атаудың екінші бір атауға ауысуы: қосымшалар жалғау,
сөздерді біріктіру, қайталау, әртүрлі лексемаларды қосарлау тәрізді
сөзжасамдық тәсілдер арқылы жүзеге асырылады.
Бұл мәселеде қазақ тіл білімінде байырғы түбірлердің табиғатын ашуға
арналған Ә. Т. Қайдардың монографиясының орны ерекше. Ғалым түбірлердің
тарихи морфологиялық құрылымын, түзілуін былайша түсіндіреді: «Каждый
вновь прибавляющийся к первичной основе грамматический формант
придает ей новое значение, материализует и конкретизирует выражаемое ею
явление, образное представление, приближая ее к обычным лексическим
единицам языка» [6, с. 175] .
Семантикалық уәж - номинациялық қағиданың дыбыстық және
морфологиялық уәждерімен тығыз байланысты.
Семантикалық уәжділікте белгілі бір атаудың мағынасы екінші бір
атаудың мағынасымен өзара байланысты болады, яғни сөзде метафоралық,
метонимиялық және осы іспеттес құбылыстарға негізделген бейнеліліктің
болуы шарт. Бұл кезде бір атаудың екінші бір атауға ауысуы семантикалық
деривация арқылы жүзеге асырылады.
Жоғарыда атап көрсеткен тіл біліміндегі сөз уәжділігінің үш түрінің
ішінде (дыбыстық, морфологиялық, семантикалық) дыбыстық уәж атаудың
тарихи бастапқы кезеңімен тығыз байланыста болады да, оны алғашқы
уәжделу (примарная мотивированность) деп атайды. Бірақ бара-бара
уәжділіктің бұл түрі әлсіреп, басқа екі түрі күшейе түседі. Бұл жағдайға
қарап көптеген ғалымдар сөздің мағынасының, атауының негізіндегі
дыбыстық, дыбысбейнелеуіштік табиғатты жоққа шығаруға тырысты. Бірақ
осы бағыттағы кешенді әрі терең теориялық зерттеулердің дамуы мен бай
тілдік материал жинақталуы барысында дыбыселіктеуіш пен
дыбысбейнелеуіш теориялары біріктіріліп, жеке ғылым саласы мен әдісі
ретінде қалыптасқан фоносемантика дыбыстық уәжді сөздің ішкі формасы
ретінде анықтауды мақсат етті [7, 250 б. ] .
Профессор Ж. Манкеева атауға негіз болған экстралингвистикалық
және этнолингвистикалық қағидаларды семантикалық уәж ретінде көрсетеді.
Қазақ тіліндегі материалдық мәдениет лексикасына қатысты
қалыптасқан атаулардың экстралингвистикалық қағидалары ретінде ғалым
мыналарды көрсетеді:
а) заттың жасалған материалына байланысты (көйлек > көн+лек) ;
ә) сол заттың атқаратын қызметіне байланысты (шапан > жан) ;
б) заттың формасына байланысты (сұлама, төңкерме) ;
в) заттың жасалу технологиясына байланысты (сүзбе, талқан) .
Ал этнолингвистикалық қағиданы ғалым тек қана тілдік фактілер
арқылы сақталған халқымыздың тарихын, құбылыстар атауын, салт-санасын
білдіретін қазақ тіліндегі материалдық мәдени лексиканың номинациясын
анықтаудағы өзекті бір арна деп таниды.
О бастағы атауға семантикалық уәж ретінде қызмет еткен белгілер
тарихи тұрғыдан ескіріп, ұмытылып, жоғалуы да мүмкін. Соның нәтижесінде
оның мағынасы да көмескіленеді. Ол тарихи лексикология, тарихи
морфология т. б. зерттеулерді диахрондық тұрғыдан қарастыруды қажет етеді
[7, 265 б. ] .
Сөздің уәжділігі мен оның мағынасының арасындағы арақатынас
тарихи тұрғыдан олардың арасында қарама-қайшылықтар пайда болып,
уәжділіктің бұзылуына, сөздің оны жоғалтуына дейін өзгереді және
түрленеді; бұл кезде семантикалық және құрылымдық қарапайымдану жүзеге
асырылады.
Анар апай
Тілдің дамуы табиғаттағы заттар мен құбылыстардың әртүрлі сапалық және сандық белгілерін тануда пайда болған ұғымдарды жаңа атаумен таңбалау процесінде өмірге келетін туынды сөздер сипатымен айқындалады. Тілдің дамуы сөзжасамдық процестермен тікелей байланысты. Ал тілдік таңбалар жүйесінің ерекше ұлттық табиғатын танытатын, халықтық танымның ұлттық өзегі болып табылатын туынды сөздердің бір қабаты салт-дәстүр атаулары.
Салт-дәстүр - ұлттық таным нәтижесінде қалыптасқан, халықтың тұрмыс -тіршілігі, әдет-ғұрпы, салт-санасынан хабардар ететін тілдік бірлік.
1. 3 Қазақ тілі атауларының уәжділігі және зерттелуі
Р. СЫЗДЫҚОВА СӨЗДЕР СӨЙЛЕЦДІ ЕҢБЕГІНЕН
ҚАРУЫН ҚАЙТАРУ. ЕРУЛІГЕ ҚАРУЛЫ. Әдеби тілде де, күнделікті сөйлеу тілінде де жиі қолданылатын бұл тұрақты тіркестердегі қару, қарулы деген - қандай сөздер? Қару - түркі-монғолдың ортақ сөзі болу керек. Қару монғол тілінде «жауап, қайтарым» деген мағынаны береді. Бұл сөз хоруй түрінде якут тілінде де осы мағынада келеді. Сонда қаруын қайтару - «бір нәрсенің жа-уабын (есесін) қайтару (беру) » деген ұғымда қолданылатын күрделі сөз болып шығады. Еруліге - қарулы дегенде де қарулы сөзі «жа-уап, қайтарым» деген мағынада келіп тұр. Ерулі сөзі де монғол тілімен іліктес болар, мұнда эре(х) - «1) іздеу, сұрастыру, 2) сұрау, тілеу» мағыналарында қолданылатын етістік. Оның ырықсыз етіс түрі эрүүле(х) - «іздету, сұрастыру, сұрату». Демек, еруліге қарулы- «сұратқанға - жауап, іздегенге, сұрағанға - қайтарым». Не бол-маса ерулі сөзі «біреудің жолына тосқауыл болып, кес-кестеу» мағынасындағы ээрэ(х) етістігіне қатысты ма екен? О баста «жо-лыма бөгет болып тұрсаң, соған жауап ретінде есесін қайтарамын» деген мағынада қалыптасқан тіркес болуы да мүмкін. Қайткенде де қазақ тілінде қар- етістігінің «жауап, қайтарым» мағынасы болғаны байқалады, оған қарым, қарымта, қарымжы, сыйға сый көрсететін салт атауы болып келетін қарулық сөздері куә (дәлел) . Бұлардың барлығында да «жақсылыққа жақсылықпен, жаман іске жамандықпен қайтарылатын жауап, қайтарым» мағынасы бар.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz