Оқытушылардың мәдениетаралық - қатысымдық құзырлылығын қалыптастыру


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М. ӨТЕМІСОВ АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Филология факультеті

Шет тілдер кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Пән атауы: Шет тілі білім беру әдістемесі

Мамандығы: 5В011900-«Шет тілі:екі шет тілі»

Тақырыбы: Оқытушылардың мәдениетаралық-қатысымдық құзырлылығын қалыптастыруда ойын технологиялар.

Қабылдаған: Утегалиева Б. Б.

Орындаған: ИЯ-25 тобының

студенті Максимқызы А.

Орал 2020

Жоспар

Кіріспе

I. Мәдениеттану және мәдениетаралық қатысымның қазіргі таңдағы өзектілігі.

Негізгі бөлім

I. Оқытушылардың мәдениетаралық-қатысымдық құзырлылығын қалыптастырудың маңыздылығы.

II. Оқытушылардың мәдениетаралық-қатысымдық құзырлылығын қалыптастыруда қолданылатын технологиялардың түрлері.

III. Оқытушылардың мәдениетаралық-қатысымдық құзырлылығын қалыптастыруда ойын технологияларын практика жүзінде қолдану.

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Мәдениетке қатысты барлық мәселелердің өзектілігі бүгінгі таңда адам нанғысыз өткір сипат алды. Түрлі халықтың мәдениетін зерттеу - мәдениеттану пәнінде басты мәселеге айналды.

Бұдан сәл ғана бұрын бұл мәселеге тарих, философия, филологияның бір бұрышында болмашы ғана орын беріліп еді. Қазір оны Ресей жоғары аттестациялық комиссиясы ғылыми мамандық ретінде айқындап отыр, мәдениеттану пәні бойынша кандидаттық және докторлық диссертация қорғау үшін мамандандырылған ғылыми кеңестер құрылды; мәдениеттер диалогі мен шиеленістері тақырыптарында мақалалардың көбеюі; мәдениет мәселелерін зерттеушілердің басын біріктіретін қоғамдар мен қауымдастықтықтардың құрылуы, мәдениет мәселелері бойынша конгрестер мен симпозиумдардың, конференциялар санының күрт артуы; мәдениеттану мен антропологияның барлық гуманитарлық бағыттағы мамандар даярлаудың оқу жоспарына, тіпті орта мектеп бағдарламасына енуі; С. Хантингтонның үшінші дүниежүзілік соғыс жайында: « Бұл мәдениеттер мен өркениеттердің соғысы болады » деген белгілі болжамы - мұның бәрі мәдениет мәселелеріне деген ерекше ықыластың көрінісі.

Өкінішке қарай, осындай өзге мәдениетке деген ерекше ықыластың артында өз мәдениетін өзгелердің тәжірибесі мен ерекшеліктері арқылы байыту секілді игі және жасампаз мақсат қана тұрған жоқ, сонымен қатар өзге де көңілсіз әрі алаңдатарлық тәжірибелер де кездеседі. Соңғы жылдардағы әлемдік деңгейдегі әлеуметтік-саяси және экономикалық күйзелістер елдердің көшіп-қонуын, араласуын және шиеленістерін адам айтқысыз күшейтіп жіберді. Бұл, әрине, мәдениеттер қақтығысына әкеп соғары даусыз.

Сөйте тұра, ғылыми-техникалық прогресс және адамзаттың бейбітсүйгіш, саналы бөлігінің күш салуымен, коммуникация бойынша мәдени әріптестерге құрмет, төзімділік, мәдени диалог, өзара түсіністік тиімділігінің басты шара - қарым-қатынастың барлық жаңа мүмкіндіктері мен түрін, формасын ойлап табуда.

Осының барлығы - көңілге күдік ұялатары да, сенім ұялатары да - мәдениетаралық қарым-қатынас мәселелеріне ерекше назар аудартуға түрткі болды.

Әртүрлі мәдениеттерден шыққан адамдар арасында мәдениеттер қақтығыс туындауы мүмкін. Мәдениеттер қақтығысы дегеніміз не? Алғаш рет бұл тұжырымдама 1993 ж. С. Хантингтонның « Мәдениеттер қақтығысы » мақаласында келтірілді. Кейінірек С. Хантингтон мақаласының негізгі идеялары оның « Мәдениеттер қақтығысы және әлемдік тәртіптің шегі » (1996 ж. ) атты кітабында одан әрі өрбітілді. А. Тойнбидің ізінше Хантингтон өркениетті ең жоғарғы дәрежедегі мәдени қауымдастық ретінде және адамдардың ең ауқымды мәдени бірегейлігінің деңгейі ретінде қарастырады. Өркениеттер объективті тұрғыдағы, тіл, әдет-ғұрып, дін, институттар сияқты ортақ белгілердің, сондай-ақ адамдардың субъективті өзара бірегейлігінің болуымен сипатталады. Осы орайда ол қазіргі әлемдегі келесідей өркениеттерді көрсетеді: батыстық, конфуциандық, жапондық, исламдық, индуистік, православиелік, славяндық, латын американдық және африкандық. Автордың пікірінше, қырғи-қабақ соғыс аяқталғаннан кейін, кеңестік одақ қирағаннан кейін, қазіргі әлемдегі қайшылықтардың жаңа торабы жоғарыда аталған өркениеттердің арасында болады. Жаһандану процестері адамдардың дәстүрлі бірегейленуін ағын судай шайып бара жатса, бұл түпкі ұлттық тамырға қайта оралуға талпынып, кері реакция тудыруда.

Мәдениеттер қақтығысы тек адамдар емес, кітап, кинофильмдер мен музыкалық туындыларды бір тілден екінші тілге аударғанда да болып отырады. Шетелдіктермен тілдік коммуникация кезінде туындайтын тікелей мәдени қақтығыстардан басқа (көркем фильм, кітап және т. б. ), жанама мәдени қақтығыс деген түрлері бар. Мәдени қақтығыстың жанама түрінде мәдени кедергілер соншалықты терең түсіндірілмейді және айқын көрінбейді, сондықтан мұндай қақтығыс түрі қауіптірек көрінеді. Шетелдік әдебиеттерді оқи отырып, өзге елдің мәдениетімен танысамыз, танысу барысында мәдени қақтығыстарға тап боламыз. Осындай мәдени қақтығыстар негізінде адам өз мәдениетін тереңірек түсініп, дүниетанымын, қоршаған ортаға деген көзқарасын қалыптастыра бастайды.

Шетел тілін оқытуда мәдениетаралық коммуникация мәселесін шешу маңызды орын алады.

Зерттеудің мақсаты: Оқытушылардың мәдениетаралық-қатысымдық құзырлылығын қалыптастыруда технологиялары айқындау.

Зерттеу міндеттері: Оқытушылардың мәдениетаралық-қатысымдық құзырлылығын қалыптастыруда ойын технологияларын анықтау.

Зерттеу объектісі: Оқытушылардың мәдениетаралық-қатысымдық құзырлылығын қалыптастыру.

Зерттеу пәні: Шет тілі білім беру әдістемесі

Курстық жұмыстың зерттеу әдістері:

Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сандық интерактивтік мультимедиалық білім беру қорлары
Оқытушылардың коммуникативтік дағдыларын дамытудағы өзіндік оқытудың тәсілдері
Мәдениетаралық қатысымның жазбаша түріне үйретуде студенттердің ізденушілік - ақпараттық біліктілігін қалыптастыру
Оқушылардың мәдениетарлық қарым-қатынас біліктілігін қалыптастырудың теориялық негіздері
ОҚУШЫЛАРДЫҢ МӘДЕНИЕТАРАЛЫҚ ҚАРЫМ - ҚАТЫНАС БІЛІКТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Жоғары оқу орындарында шетел тілін оқытудың алғашқы сатысында білімді меңгеру тәсілі ретінде тыңдап түсінуді үйрету
Мәдениетаралық қарым - қатынас біліктілігін қалыптастырудың әдістемелік алғышарттары
Болашақ педагог-пихолог маманның құзырлылығын қалыптастыру
Қашықтықтан оқыту бойынша оқытушылардың кәсіби құзырлылығын қалыптастырудың теориялық және әдіснамалық негіздері
Кәсіби құзыреттілік мәселесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz