Тоқыма тоқу технологиясын үйрену


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 44 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Қолөнер халық өмірімен, тұрмысымен бірге жетіліп, біте қайнасып келе жатыр. Сан алуан түрлі қолөнер бұйымдар әсемдігі, өрнегі тұрмысқа мән берумен адамдарға рухани ләззат әкелген. Көз салып байыптап қараған адамға бұйымдардағы түрлі-түсті ою-өрнек, оның орналасуы адамзат дүниесінің табиғатпен біте қайнасқан сонау заманнан келе жатқан қарым-қатынасын, көңіл-күйін, жан дүниесіндегі тылсым күштердің бірлігін аңғаруға болады. Қолөнерін шеберлері табиғат сұлулығын өнер туындыларын арқау еткен. Өнер туындыларының бет бедеріне ширатыла түскен ғажайып өрнектер өзгеше бір тілмен ақтарыла сыр шерткендей. Қазақ қолөнерінің түрі, сапасы, өрнегі, бояуының өмірге келуі көшпелі өмірмен тығыз байланысты. Шебердің келуі көшпелі өмірмен тығыз байланысты. Шебердің қолынан шыққан бұйымдар күнделікті тіршілікпен қатар сол заманның ортақ қолөнер мәдениетінің баға жетпес үлгісі. «Шебердің қолы ортақ» деген мақал ел ішінде бекер айтылмаса керек. Нағыз шеберлікке жету үшін табандылық, іскерлік, талғампаздық, білім қажет. Шығармашылық ізденіс үстіндегі халық шеберлері тұрмысқа қажетті қолөнердің алуан түрлерін ойлап тапты. Өз ұрпағының “сегіз қырлы, бір сырлы”өнегелі, өнерлі болып өсуін мақсат еткен ата-анамыз өз бойындағы бар асыл қасиеттерін ұрпақтан ұрпаққа үйретіп келген.

Тоқу өнері - қазақ халқының ежелден келе жатқан қолөнер саласының бірі. Бұл тамаша өнер қазіргі заманда жалғасын тауып, көрші халықтардың өнер шығармашылықтарымен толысып, дамып, әсемдігімен, көркемдігімен көз тартып, эстетикалық талғамда өркендей бермек.

Тоқу өнері - қазақ халқының ежелден келе жатқан, ең алғаш киімі мен үй жабдығының негізі болған қадірменді өнер. Бұл тамаша өнер қазіргі талап тілектер тұрғысынан жалғастырып, тұрмыспен бірге ұласа дамып, одан сайын жетіліп, адамдарды сұлулыққа, әсемділікке жетелеуде. Адамдардың тұрмыс хәлдері үнемі өрлеуіне сай олардың мәдени тұрмыстық тілектері өсе түсуде. Сондықтан да әр адам киген киімінің қазіргі сән үлгісіне сәйкес бола отырып, қайталанбас әсем ерекшелігін, даралығын таныта білуге тырысады. Міне, осыған орай бізге көмекке келген өнердің бірі - тоқыма. Тоқымамен айналысқанда адам жеке басына аса қажет нәрсені жасау үшін тоқымайды: осы тоқу үстіндегі түрлі түсті бояулар әлемінің үйлесімділігін, алуан түрлі сән үлгілерін таңдап, түрлі тоқу әдістерін меңгеруі адамның талғамын, шеберлігін, ой-өрісін жетілдіріп, көркемдікті сезіну қабілетін дамытады. Соған орай, тоқу өнері басқа да істер сияқты үйренуді, ізденуді қажет етеді. Қазақ қолөнершілері тоқу ісіне көбінесе жүннен иірілген жіптерді пайдаланған.

Жұмыстың мақсаты. Халқымыздың ұмытылып бара жатқан мәдени мұрасы - тоқыма өнерін жаңғырту және халқымыздың ежелден келе жатқан көне де, ізгі дәстүрі арқылы қазіргі заманымызға лайықты сапа түр беріп сәндік қолөнерді дамыту.

Қойылған мақсатқа байланысты келесі міндеттер шешілді. Жалпы білім беретін мектептегі жоғары сыныптағы оқу-тәрбие үрдісі

Зерттеу болжамы. Қазіргі кезде саны бар сапасы жоқ оқу орындары да көбейіп білім сапасын төмендетіп жіберді. Сонымен қатар мектепті он екі жылдыққа көшіру мәселесі көптеп қолға алынып жатыр. Сол үшінде мектеп қабырғасынан жүргізілетін кәсіптік бағдар жұмыстарына мықтап көңіл бөлуді қажет етеді.

Жетекші идея:

  • Қазақтың қолданбалы қолөнері жайлы білу;
  • Тоқу өнері жайлы мағлұмат беру;
  • Тоқыма тоқу технологиясын үйрену;
  • Қазақтың қолөнерін қастерлеу және қолөнер шеберімен кездесу.

Зерттеу әдістері. Бұл қазіргі жағдайға бейімделген әдістемелердің болмауы, нәтижесінде оқушылардың кәсіптік бағдар жұмыстарының реттелуін және олардың кәсіптік бағдар жұмыстарына дайын еместігін көрсетеді. Осы қарама-қайшылықтарды шешу үшін ізденіс біздің жұмысымыздың (зерттеуіміздің) проблемасын көрсетеді.

Зерттеу пәні. Абстрактілі тоқу әдістері, тоқыма өнерін зерттеу, анықтау.

Зерттеудің жаңалығы осы зерттеп жатқан жобамды, жұмысымды тоқтатпай әрі қарай жалғастыру. Әрбір жұмысты істеген кезде одан қандай да бір нәтиже шығу керек. Тоқыма өнері туралы ізденген кезде менде бірнеше нәтижеге жеттім. Біріншіден, тоқыма өнерін зерттей келе олар жайлы көп біле бастадым. Екіншіден, тоқымамен жұмыс істеуді үйрендім.

Зерттеудің теориялық және әдістемелік маңызы. Ж оғары сынып оқушысының кәсіптік дайындығын диагностикалау жолдары, кәсіптік бағдар жұмысын жүргізудің әдістемесі жасалынды. Шымкент қаласындағы № 6 Ж. Баласағұн атындағы жалпы орта мектебінде өткізілді.

Жұмыстың құрылымы және көлемі: Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.

  1. Қазақстандағы гобелен өнерінің суретшілері және олардың

шығармашылығындағы композиция

1. 1Гобеленді тоқудағы түсті табиғатпен байланыстыру

Гобелен өнерін тоқуда өзіндік қыр-сыры мол, қиын әрі озық түрлерінің бірі десекте, осы өнерді үйренгісі келетін әр адамның қиалына қанат бітіріп, сұлулық әлеміне жол табады. Оның айғағы тарихта қалыптасып келген, сан ғасырлар бойы тұрмысқа байланысты. Табиғи құбылыстарын суреттерге лайықталып ою өрнек түрлерінің, оның мазмұнын жанара түсіп, бет-бедеріне байланысты, тың мағына беретін жаңаша туындылардың пайда болуы. Бұл жанашыландыру айғағы. Олардың авторлары да өз замандастарымыз. «Өнер заманындағы өзгерістер» дегендей өнерде заман талабына сай, соның ішінде гобелен өнері бір жақты тұрмыс қажетін өтеу аясынан гөрі қолдағы барды ұқсата білу мен әсемдік пен талғампаздықтың әлемдік туындысына айналуда. Сондықтан оның енбекке өнерге ойлау қабілетін арттыруға нәзік пен сұлулықты сезіне білуге, табандылық пен ұстамдылыққа тәрбиелейді. Халық қолөнері көркем өнер шығармларының ең көне түрі гобелен тоқу сол көркем өнер шығармалардан тұрады. Осындай дәстүрде өсіп-өнген қазақстандық гобелен суретшілері орасан зор, ауыз толтырып айтарлық өнер туындыларын дүниеге келтірді және де мұнда баршаға ортақ бейнелеу жүйесін іздеуге деген құлшыныс аңғарылғанды. Осы жүйе арқылы суретшілер замандасының дүниетанымын бейнелеуге, ХХ ғасырдың мәдени тәжірбиесі мен ұлттық дәстүрді синтездеуге тырысты. Бұл өнерді дамытуға ерекше үлес қосқан Қазақстан суретшілері: Қ. Тыныбеков, Б. Зәуірбекова, И. Ярема, Ә. Бапанова, К. Жұбаниязова, Б. Өтепов, Ш. Қажаханов тағы басқаларын атауға болады. Қазақ гобелен өнерінің атасы Құрасбек Тыныбеков 33 жыл қазақ өнерінің дамуына көп үлес қосты. Ол 1970 жылы республикалық көрмеге алғаш рет қатысқан. Украина Львов қаласындағы мемлекеттік сән және өнер институтының түлегі. 1770 жылы гобелен өнерін, елімізге танымал талантты суретшіміз Құрал Тыныбеков Прибалтика елдерінен әкелді. Қ. Тыныбековтың шығармашылығының дамуы тікелей гобелен тоқу өнерімен байланысты. Оның творчествалық ізденісіндегі басты жетістігі классикалық гобелен тоқу дәстүрін ұлттық өнер дәстүрі мен сбақтастыруы болып табылады. Туындылар қазақ композициялық құрлымы күрделі, бояу үндестігі басым туындылар болып табылады. Гобелен өздерінің терең философиялық мазмұны мен ерекшеленеді. Олардың композициялық құрлымдарында фольклорлық сарын басым. Суретші халықтық өнердің озық дәстүрлерін өзгертуде 2 бағыт ұстанады.

1. Еркін импротизатция, яғни ою өрнектерді фантазиясына қарай пайдаланады.

2. Осынау ою өрнектерді өзінің түрлі композициясына арқау етті.
Суретші ғұмыры халқының тағдырымен өткен тарихымен біте қайнасып, бір тұтас жанды денеге айналып кеткен. Екеуі екі бөлек көз алдына елестету әсте мүмкін емес. Өткені, Құрасбектің бар таныс тіршілігі, бар болмысы -нағыз ұлтжанды қазақ. Ол кейбір өнер иелері секілді өзінің туындыларында басқа жат ел, жат халықтың «озық үлгісін», «жоғары мәдениетін» көрсетуге әуестенген жоқ. Керсінше, қазақ халқында да жоғары мәдениет, өшпес тарих болғанын, әлемдік денгейде мақтан тұтуға лайық өнер барын танытты. Бұл құдірет жалғыз талантқа ғана қатысты десек қателескеніміз. Халқының тарихтың қалың қатпарларының арасында қалып ұмытыла бастаған өнерін, мәдениетін, салт-дәстүрлерін, данагөйлік аңыз өсиеттерін білмесең, дарындылығың жетімдік көрері даусыз. Ол көп білетін, талмай ізденетін, тапқанын тоқыған гобелендері мен басқан текеметтері арқылы халқына ұсынатын. Жалпы Құрасбек Тыныбеков қысқа өмірінде оның ғұмыры туған халқының тағдыры мен өткен тарихы мен біте қайнасып бір тұтас жанды бейнеге айналып кеткен. «Дала», «Отбасы», «Шопан», «Тау мен дала», тағы басқа енбектері бар. «Дала» атты тықыр кілемі жас суретшілерді қызықтырмай қоймады. Гобелен кілемінде белгілі бір тақырып бойынша қаталанбас суреттер көрініс береді. Оның жай кілемдерден конфиттік түстеріне әсем. Гобеленші Бәтима Зәуірбекованың творчествасы жөнінде далаға ғашық көңілінен, жүрек төрінен жарып шыққын. «Кең дала», «Дала әуендері», «Дала аруы», «Әуен», «көш», «Жайлауда», атты туындыларында тоқымадан тараған тамаша сырлар бар. Әне кен жазираның самал тербеген ақ сәулелі толқынын кешіп, желден жирік ақбөкен ерке елін жүйіткіп барады. Жайлау төбесінен тұлпардың тұл түбірінен естігендей боласын. Көктем нұрын шашқан күн сәулесімен көмкеріліп жатыр, сары- жасыл бояулар сыр шертіп, даланы күймен күмбірлетіп, әнге бөлеп тұрғандай. Осынау жрқын жүзінде инабат ұяалағандай нәзік сусақты дала қызы бұл өнерді балалық шақтан бастаған елді. Бәтиманың гобелен саласындағы алғашқы туындысы «шеберлер» деп аталады. Бәтима Зәуірбекова гобелендік өнерді дамытушы, оны жана әуенмен жанғыртушы талантты суретшілердің бірі. Жана өнерде шеберлігі ерекше көзге түскен Бәтим Зәуірбекова Қазақ СССР-нің Ш. Уәлиханов атындағы Мемлекеттік сыйлығы мен бағаланды.

И. Яреманың да Қазақстан өнеріне қосқан гобелендік көркем шығармалары мол. Оның Манғыстау атты гобеленінде осы өңірдегі өндіріс, жергілікті халықтың тұрмыс тіршілік тынысы, экономикалық-әлеуметтік жағдайы фабрика, зауыт, электр энергия, мұнай газ, өндеу мекемелерінің көріністері жан-жақты шығармашылық сипат табаы. Әр алуан пішіндегі ою өрнектер симетриялық үйлесім тауып көз алдымызға динамикалық қозғалысты алып келеді. Қазақ қол өнеріндегі тоқымашылықты дамытуда Сәуле және Әлібай Бапановтардың қолтанбасы айрықша. Ерлі - зайыпта суретшілердің «Ұлы бәйтерек», «Кеңістік», «Аймақ», «Саяхаттау» атты гобелендері композициялық құрылымы ұлттық тақырыптағы мазмұнға сай орындалу шеберлігімен шетелге танылды. Әсіресе «Саяхаттау» атты гобелендік шығармасы ұлтымызға тән өміршең көркем туынды. Гобеленнің композициялық құрылымындағы жиілік суретті шешімдер қазақ халқының тұрмыс тіршілігі, өмір салты, салт - дәстүрінен сыр шертеді. Ұлы жібек жолының көш көлігі болған төрт түлік малдың төресі түие шығармаға басты кейіпкер ретіндн алынған.

Тоқымышылықтың жоғарғы деңгейін көрсететін гобелен тоқу өнерінің жас ұрпақтың рухани қалыптасуына да әсері зор. Осы орайда елімізде гобелен тоқуға баулитын бірнеше көркем сурет оқу орындары бар екендігіне атап өткен лазым. Дәлірек айтқанда, Қазақ мемлекеттік көркем сурет академиясы, Абай атындағы Алматы мемлекеттік институты, Т. Жүргенов атындағы мемлекеттік театр және кңино өнері институты, О. Таңсықбаев атындағы республикалық көркемсурет коледждері т. б жыл сайын гобеленші шәкірттерді тәрбиелеп келеді. Гобелен өнерін оқытып үлес қосқан тәжірибелі ұстаөдар ретінде Ш. Орадов, Г. Өмірбекова, Р. Базарбаева, М. Бектасова есімдерін атауға болады. Қысқаша айтқанда, гобелен өнерін оқытып, үйрету дегеніміз - көнеден келе жатқан дәстүрлі тоқыма өнеріміздің әдіс - тәсілдерін жетілдіріп, алға асыру болып табылады. Қазақ гобелені де дәстүр сабақтастығына қызмет ете бермек. Гобелен композициялық құрлымындағы желілік суретті шешімдер, қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі, өмір салты, салт-дәстүрінен сыр шертеді. Тоқымашылықтың жоғары денгейін көрсететін гобелен тоқу өнерінің жас ұрпақтың рухани қалыптасуына да әсері зор. Осындай жас өнерді ілгері дамытып, жалғастырып жүрген жас шебердің біреуі Лиза Климованың туып өскен, балалық шағы ауылда өткен Ақ жайық өңірінің қолөнер үлгілерін қастерлеген топырақ еді. Ел аузында «Әке көрген- оқ жанар, шеше көрген-тон пішер» деген қанатты сөз бар. Бірақ әке шешесі бар қазақтың бәрі дерлік оқ жанып, тон пішіп жатқан жоқ. Бұл өнегені ілуде бір өнерлі жанұяның бала-шағасы тұтынады. Міне осы тұрғыда Ибатолла Шамшенұлы ақсақалдың Лизасы, Гүлшарасы, серігі болатын ұяда не көрсе, соны іліп, маман суретшілер болып шықты.

Тоқыма өнерінің әлемдік эталонын жасаған Түркімен елімен қойы қоралас, ауылы аралас, Манғыстау, Атырау, өңірінен тараған әсем өрнек, жібек арқау қанатын кең жайып, Сыр бойына дейін келіп жетті. Атыраулық шеберлер төл қолтанбасын салып, ыждаһатпен дамытқан «Түркімен теру», «Қара теру», «Түкті кілем» тәсілдері сол өңірде дүние есігін ашқан Лизағада әсер етпей, әсемдік бесігінде тербемей қоймайды. Өзі оқыған орта мектеп қабырғасында, онан қалды отбасы-ошақ қасында әжесі Біттеннен, анасы Ақбалымнан, әкесі Ибатолладан үйренген өнері қаршадай қызға қанат бітіріп, үлкен армандарға жетелеп, Алматы көркем сурет училищесіне алып келді. Аталмыш он жылдықта ірі-ірі, көрмелер, байқаулар, жәрменкелер, жарысы жиі ұйымдастырылып, жана үлгілер өмірге келді. Осынау өнер бәсекесінде Лиза енбегі өзіне лайық бағасын алды. Міне осы тұста «Шопан», «Дала», «Ақу көлі», «Болашақ», «Әжем», «Той» деп атанған үлкенді-кіші гобелендері, арнайы сюжетке құрылған сырмақ, текеметтері бір ауыздан мойындалып, фестиваль жеңімпазы атанды. Ұсталар арасында көп айтқан нар тәуекел сөздің бірі «көз -қорқақ, қол -батыр» жөнімен Лизада қол енбегінің майда шүйдесінен жалықпайды, үлкен-кішісінен жалтармайды. Лиза 1979 жылдан Суретшілер одағының мүшесіне қабылданды.
Қазіргі уақытта гобелен өнерінің нағыз қызу қарқынды даму сатысы десек қателеспейміз. Гобелен өзінің құрылған композициялық бағыты мен әсем құндылығымен жылдар, ғасырлар бойы сақталып келеді. Қазіргі кезде гобелен біздің елімізге жаңашалап, жаңа бағытта жеткізіліп отыр. Жалпы гобелен дегеніміз бір сөзбен айтқанда, сурет салып тоқылған кілем. Ең алдымен жобалық шешімнің нақты композициялық құрлымның шешімін тауып алдым. Гобелен тоқуда пейзаждық суреттер салу жолдары іздестіріледі.

Эскиз - картинаның немесе этюдтың нобайы. Жұмыс уақытында нобай көмекші материал ретінде қолданылады. Композицияның үйлесуі мен түстердің үйлесімін қадағалап отыру қажет.

Түстік сипаттама. Қоршаған табиғи орта өзінің асқан сұлулығымен, ғажайып көркемдігімен, сан құбылатын бояу нақышымен көз тартады. Табиғат көрікті: көмкерілген кемпірқосақ, көк орай шалғын дала, жап-жасыл орман, қазбауыр жөңкей көшкен бұлттар, бауырқанған толқынды теңіздер мен айдын шалқар көлдер, арайлап атқан таң мен қызара алаулап батқан күн - бұлардың бәрі ең алдымен оның алуан түсті реңіне байланысты. Жан дүниені баурап, көз қуантып, көңілге нұр ұялататын табиғаттың осындай ғажайып көріністерін не жетсін!

Сан түстерді бір жүйеге келтіру жолында алғашқы қадамды Ньютон жасады. Ол жарық сәулесін призмадан өткен кезде жеті түске бөлінетін: көк, күлгін көк, күлгін, қызыл, қызғылт сары, сары жасыл деп анықтады. Күлгін мен қызылдың арасында алқызыл түс болуға тиіс. Бірақ ондай түс спектрде жоқ. «Түс затты айқындайды, ол декоративті қасиеттерге әсер етеді. Белгілі формасыз ақ түс әр түрлі күшті әуенгеде әсер етеді. Түс руханилыққа да ықпалын тигізеді. Онда қуаныш пен мерекенің элементтері бар. Қаралау түстер меланхолияны, қайғы мен қорқынышты білдіреді. Ақ түс - кінәсіз пәктіктің белгісі. Ашық қызыл шектен тыс қаталдықты, ал көгілдір - уайымның айғағы. Бояулардың қасиеттері бірін-бірі толықтыра күшейтеді, олар гармония құрайды».

Адамның белгілі бір түске психологиялық реакциясын көптеген мысалдармен келтіруге болады. Алдымен, адамның түспен қарым-қатынасы географиялық фактормен айқындалады. Жылы аймақта халық ашық, «айқайлап» көзге түсетін киімдерді жақсы көреді, өздерін қоршаған табиғаттың түрлі-түсті палитрасымен түсіндіреді. Солтүстік халықтың костюмдері одан өзгеше қайшылықтары бар болып келеді.

Түс ұлттық дәстүрмен де байланысты. Темпераменті күшті оңтүстіктегілер ашық, қуанышты білдіретін түстерді ұнатады, ал солтүстіктегілер, керісінше қаралау, қарапайымдыларын ұнатады. Түстер жан - дүниеге түрліше әсер етеді: сары түс қуанышты білдіріп, жылылықты сездіреді, бірде ылғалдық пен салқындықты сездіреді, жасыл адамды тыныштандырады, қызыл түс адамға ерекше бір салтанатты көрініс елестетеді. Жылы түстер - сары, қызғылт сары, қызыл. Бұл түстер жер бетіндегі жарық пен жылудың екі ғана көзі - от пен күн түсі. Жылы түстер тобына келесі түстер жатады: қызыл қоңыр. Жасыл екі түскеде бағынышты.

Әрине, біздер күн жарығы мен жылусыз жер бетінде өмір болмауы мүмкін екенін білеміз. Сондықтан бұл түстер жылу, жарық түсініктерін тікелей мағынада ғана емес, сонымен қатар неғұрлым кең мағынада жақсылық, қуаныш, жарқын ой, шынайы жомарттылық және махаббат сезімі, көктем, бақыт, ғажайып жарқын арман, жалпы адамдардың өмірде ұмтылатын жақсылықтары сияқты кең мағынада ашып көрсетеді. Жылы түстерді тербелген жалынға, қызарып батқан күнге, қызған көмірге, шоққа теңеуге болады және ол алтын күз, піскен жеміс түсі десек қателеспейміз. Жылы түстер ерекше сезімталдықты, қозғалысты білдіреді.

Бұл түстердің тағы бір мүмкіндігі - олардың киім түсіндегі, көріністегі, табиғаттағы тартымдылығы. Олар жылылықты, тыныштықты, үндестікті, молшылық пен қуанышты иеленеді.

Бояу сипаттамасы. Қазақ ұлттық түсінігінде бояу түсін қабылдау ерекшелігі ең алдымен тарих тұңғиығында бастау алатын философиялық және психологиялық ғылымдарымен тығыз байланысты. Әр ұлттың жанына жылы тиетін, айрықша қастерлейтін өз бояуы, өз түсі болады. Соған орай, ұлттық бояу деген ұғым кең тараған. Ұлттық бояу сол халықтың табиғи болмыс-бітімінен хабар беріп тұрады. Қазақ дәстүрінде бояу түсі кез-келген заттың, ою-өрнектің тағы басқалай нәрселердің мазмұнын, мағынасын ашады. Бұны әсіресе қазақ кілем бұйымдарынан анық анғарамыз. Ертеде ою-өрнектегі бояу түсі солғындау, күңгірт болса, онда қыздарының барған жеріде көңілі қош болмағаны; ал кілемдегі бояу түсі қанық, көңілге қонымды болса, бұл қыздарының жағдайы жақсы, жайдары болғаны. Бұл кілемдегі сан алуан түстердің адам көңіл-күйін, өмірін баяндайтынын көрсетеді. Қазақ өнеріндегі бояу композициясының көркемдігі, ұшқырлығы мен оның қандай да бір идея әуенінен туындайтыны - өнердің әсерлілігін байқатады. Бояу үйлесімділігі, үндестігі, шешімі барлығы адамның көру түйсігіне, сезіміне орай қабылданып, белгілі бір ой-идея туғызады. Қазақ өнерінде «ақ бояу» түсінің көп қолдануы белгілі бір обьективті шындық, заңдылықтан туындаған. «Ақ түс» - бейбітшілік, адалдық, ақиқат, қуаныш, бақыт нышаны. Бұдан бояу түсінің күрделі роль атқаратынын, ондағы ой мен идеяны бейнелеу арқылы болмыс пен шындықты көрсетуге өзіндік шешімін табатынын байқаймыз. Демек, бояу түсінің ұлттық өнерде түрлі мәнерде қабылдануы - ұлттың өзіне тән талғамы мен татымы болса керек.

Психологиялық тұрғыдан қарағанда, адамның қандай түсті ерекше ұнататынына қарап, оның мінез-қасиеттерінің кейбір қырларын айтпай-ақ білуге болады.

1. 2 Интерьерлік панно - гобеленнің абстрактілі мазмұны

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Гобелен тоқу әдістері
Тоқыма өнері
Гобелен тоқу технологиясы
Макраме өнерінің тарихына шолу
Технология пәні мұғалімінің оқытуды ұйымдастыруға дайындық жұмыстары
Гобелен тоқуда «Теңіз ғажайыптары» композициясын тиімді пайдалану
Мектептен сыныптан тыс сәндік қолданбалы өнер үйірмесін ұйымдастыру
Қазақ сәндік қолданбалы өнерінің тарихы мен түрлері
СӘНДІК ҚОЛДАНБАЛЫ ӨНЕР ТҮРЛЕРІ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Кілем өнері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz