Әдебиеттік оқу пәнінің бала тұлғасын қалыптастыру шарттары



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 71 бет
Таңдаулыға:   
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Гуманитарлық ғылымдар факультеті
Білім технологиялары кафедрасы

Муталипова Р.

Әдебиеттік оқу пәнінің бала тұлғасын қалыптастыру шарттары

Дипломдық жұмыс

5В010200 - Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы

Түркістан 2020
Ф-ОБ-001033

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Гуманитарлық ғылымдар факультеті
Білім технологиялары кафедрасы

Қорғауға жіберілді
Білім технологиялары
кафедрасының меңгерушісі,
п.ғ.к., доцент Ортаев Б.
____ _______2020 ж.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Әдебиеттік оқу пәнінің бала тұлғасын қалыптастыру шарттары

5В010200 - Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы

Орындаған Муталипова Р.

Ғылыми жетекшісі,
п.ғ.к., доцент Қожагелдиева С.

Түркістан-2020
Ф-ОБ-001033

Мазмұны

Нормативтік сілтемелер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Анықтамалар, белгілеулер мен қысқартулар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

1 Бала тұлғасын қалыптастырудағы педагогикалық мәселелер
1.1 Бала тұлғасын қалыптастыруды педагогикалық-психологиялық тұрғыдан қарастыру ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.2 Әдебиеттік оқу пәнінде бала тұлғасын қалыптастыру шарттары ... ... ... ... ... ..

2 Әдебиеттік оқу пәні арқылы бастауыш сынып оқушыларының тұлғасын қалыптастыру
2.1 Бала тұлғасын қалыптастыруда әдебиеттік оқу пәнінің мазмұны ... ... ... ... ...
2.2 Әдебиеттік оқу пәнінде бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеудегі әдіс-тәсілдер ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Ф-ОБ-001033

Нормативтік сілтемелер

Бұл дипломдық жұмыста келесі нормативтік сілтемелер қолданылған:

1 Н.Назарбаев Қазақстан-2030* Барлық казақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы, Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. Алматы.Білім.
2 Н.Ә.Назарбаев Қазақстан жолы - 2050:бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ Қазақстан халқына Жолдауы. 03 - ақпан, 2014.
3 Қазақстан Республикасының Перзиденті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 1 наурыз, 2006.
4 Қазақстан Республикасының Білім туралы заңы 2007 жыл 27 шілде № 319
5 ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы. ҚР Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы №1118 Жарлығы.

Ф-ОБ-001033

Анықтамалар

Бұл дипломдық жұмыста келесі терминдерге сәйкес анықтамалар қолданылған:

Тұлға (Личность) - дербес әрекет ететін субъект нақты жеке адам болмысының қайталанбас, ерекше әдісі, адамның қоғамдық өмірінің дара нысаны. Тұлға әлеуметтік тіршілік ету әдісі жағынан дара болады. Тұлғаның мәні нақты индивидтің өзіндік ерекшелігінде, оның әлеуметтік жүйе шеңберіндегі өзімен-өзі болу қабілетінде ашылады. Табиғи таланттардың, туа біткен ерекшеліктердің маңызды рөлін тұлға дамуында әлеуметтік факторлар жаңаша түрде көрсетеді. Дара өмірдің тіршілік ету әдісі дегеніміз - адам өмірінің көрінісі адамның бірегей және бесаспап қасиеттерінің бірлігі, тұтас жүйе; 2) адамдар арасындағы өзінің ұстаным-орнын еркін және жауапкершілікпен анықтайтын, қоғамның өкілі ретіндегі адам. Қоршаған ортамен, қоғамдық және адами қарым-қатынастар жүйесімен, мәдениетпен өзара әрекеттестікте қалыптасады.
Адам - өзіне тән биологиялық құрылысы бар тіршілік иесі, сондықтан табиғат заңдары оның дамуына да әсер етеді. Қоршаған ортаға бейімделіп, өз тіршілігі үшін дайын, заттарды пайдаланатын жануарларға қарағанда адам өзіне керектіні өз қолымен жасайды. Адам табиғатының өзгеруі адам өмірінің әлеуметтік жағдайларының әсерінен болады, адамның тектілігі тек биологоиялық жағынан ғана емес, сонымен қатар тарихы дамуы нәтижесінде де пайда болады.
Тəрбие процесi - бұл сыртқы мақсат бағдарлы ықпал мен тұлғаның өзiн-өзi тəрбиелеуiн кiрiстiре жүргiзiлетiн тұлға қалыптастыру, дамыту процесi.

Белгілеулер мен қысқартулар

Т. - тұлға
б.э.д. - біздің эрамызға дейінгі
т.б. - тағы басқа
т.с.с. - тағы сол сияқты
лат. - латынша
ТП - тәрбие процесі
СТО - сын тұрғысынан ойлау
ХҚТУ - Халықаралық қазақ-түрік университеті

Ф-ОБ-0010
Кіріспе

Зерттеудің көкейтестілігі. Қазақстан ғылымы мен білім беру жүйесі өзінің жаңа даму кезеңін және жаңару үдерісін басынан кешіруде. Мұның дәлелі Ел президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ Қазақстан халқына Жолдауында білім және ғылымды дамыту мәселелерін көтеруі. Білім берудің ең негізгі өзекті мәселесі - адамды жан-жақты етіп тұлғаландыру. Сондықтан, бүгінгі білім берудің мақсаты мен мазмұны қазіргі заман талабына сай, адам туралы концепция тұрғысынан анықталуы керек. Әлемдік өлшемге сай жаңа экономикалық жағдайға бейімделу - ең алдымен ұрпақтар сабақтастығын ескеруге, кешегі мен бүгінгінің озығы мен тозығын таразылауға, ғылыми болжамға, халық мүддесінен туындайтын мәселелерді әлемдік деңгейде шешуге негізделген күрделі процесс [1].
Қазақстан білім кеңістігінде қалыптасып жатқан осы заман білімін реформалау бағыттары жалпы әлемдік бағдар мен үндес келіп, іске асыруды талап етеді. Білімнің тұлғалық құндылығы әрбір адам үшін өз алдына бөлек. Әсіресе, бұл өзіндік білім, оның деңгейі мен сапасынан көрінеді.
Мектептегі тәрбие процесінің негізгі объектісі - оқушы тұлғасы. Әрине қоғамдағы әлеуметтік қайта құру жағдайында оқушы тұлғасын қалыптастыру педагогтың күрделі істерінің бірі болып табылады.
Ұлы Абайдың 25-ші қара сөзінде: Ғылым, өнер - дүниенің кілті. Оны білгенге дүние арзанырақ түседі, - дейді. Абай ғылым, өнер дегенде алдымен білімді меңзеп отырса керек. Өзі өмір сүрген ХІХ ғасырда халқының жаппай сауатты болуын аңсаған ағартушы, ойшыл ақын қазақтың тек ғылым-білімнің арқасында ғана мойыны озық тұрған жұрт қатарлы көзі ашылатынын білді. Көктегі шолпан жұлдыздай жарқырап, ақыл-ой мәңгілігіне айналған. Абай біздің заманымыздың да шекесінен қарап тұрғандай. Өйткені, ғылым-өнердің дүниенің кілті екені қалың ұйқыдағы даланы оятуға ұмтылған ұлтымыздың үш бәйтерегі Абай, Шоқан, Ыбырайдан бастап, Алаш арыстарына дейін қандай ақиқат болса, бүгін жаһандану деген аждаһаның алдында тұрған қазақ елі үшін де соншалықты маңызды. ХХІ ғасырдың Абай заманынан уақыт айырмашылығы болғанымен, тәлім-білім туралы мақсат мүдде, түсінік өзгерген жоқ. Бәсекеден тұратын бүгінгі әлемде ұлтымыздың өзгелерге жұтылып кетпеуі үшін басты тегеурін - ұлттық тәрбие, тәлім мен білім болмақ. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан атты Жолдауында: Білім беру реформасы табысының басты өлшемі - тиісті білім мен білік алған еліміздің кез келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілу болып табылады деді. Өмірдің басқа салаларындағы сияқты тәлім реформасы да осы қызметтегі өзгеріс қана емес, табыс жолындағы мол ізденістерге негізделуі керек.
Республика Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның әлемдегі ең алдыңғы қатарлы дамыған елу елдің қатарынан көрінуін межелеп отыр. Ол үшін өмірдің қай саласында да бәсекеге негізделген халықаралық стандарттарға сай келетіндей дамуға қол жеткізуіміз қажет. Мектептердің он екі оқу жылдық білім бағдарламасына көшу мақсаты да осы халықаралық талаптардан туындайды. Ол үшін алдымен өнегелі тәрбие және сапалы біліммен қаруланған өнегелі тәрбиеші және білікті мұғалімдер дайындау міндеті тұрады.
Ғұлама бабамыз Әл Фарабидің өз дәуірінен қалдырған - Бірінші мәселе - білім емес, тәрбие. Тәрбиесізге берген білім адамзатқа апат әкеледі, - деген өсиетінің іске асу заманы енді туды.
Бүгінгі педагогика - білім беру емес тұлға қалыптастыру бағытындағы ғылым [2].
Еліміздің болашағы - жас ұрпаққа мектеп аясында адамгершілік, ізгілік, кішіпейілділік т.б. қадір-қасиеттерге тәрбиелеу сапасының төмендеуі, кейбір келеңсіз жағдайларға әкеп соғады. Сондықтан бастауыш сыныпты оқыыта отырып адамгершілікке тәрбиелеу әлі де болса зерттеуді қажет етеді. Еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елдерқатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесімен көрінеді. қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық жағдай, іскерлік қасиеттері жоғары адамгершілік қасиеттерімен (парасаттылық, адалдық, әділдік, адамды сыйлай білу) тұлғаны қалыптастыруды міндеттейді. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту Тұжырымдамасының (2003 ж. 27.12.) мақсаты - жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алынған терең білімнің, кәсибі дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті, жеке тұлғаны қалыптастыру делінген [3].
Бүгінгі таңдағы өркениетті елу ел қатарына қосылуды мұрат тұтқан тәуелсіз Қазақстан Республикасының қоғамы болашақ түлектерді жедел өзгерісті дүниеде өмір сүруге дайындау қажеттігінен оқу-білімдену жүйесіне жаңа да күрделі талаптар қоюда. Ал мұндай дайындық балада әрқилы ғылыми салаларға тән біршама білім-біліктер жиынтығын қалыптастырумен ғана шектеліп қоймастан, оның бойында жоғары шығармашыл және икемшіл тұлғалық мүмкіндіктерді дамытуға бағытталған нақты істерді қамтуы тиіс.
Тәрбие - тұлға қалыптастыруға бағытталған мақсат бағдарлы және ұйымдастырылған үдеріс.
Егер адам сана және өзіндік санаға ие болып, өз бетінше жаңғыртушы іс-әрекет орындауға қабілетті болса, онда ол адам тұлға деп аталады. Адам тұлға болып туылмайды, ол қасиеттік дәреже даму барысында қалыптасады. Адам ұғымынан өзгеше тұлға түсінігі - адамның қоғамдық қатынастар, басқа адамдармен араласу ықпалында қалыптасқан әлеуметтік сапа-қасиеттерін білдіреді. Тұлға ретінде әрбір адам әлеуметтік жүйеде мақсат бағдарлы және ойластырылған тәрбие барысында қалыптасады. Әрбір тұлға, бір жағынан, қоғамдық тәжірибені игеру деңгейімен, екінші жағынан, материалдық және рухани құндылықтар қорына қосқан қоғамдық үлесімен танылады. Тұлға болып жетілу үшін адам өзіне табиғаттан берілген және өмір мен тәрбие желісінде қалыптасқан ішкі қасиеттерін нақты тәжірибелік қызметте аша білуі шарт. Кіші жастағы оқушының тұлға болып қалыптасуы жаңа ықпалдарға тәуелді, бұлардың ішінде аса мәнділері - ересектермен (мұғалімдермен), қатарларымен (сыныптастарымен) жаңа байланыс-қатынастары, жаңа іс-әрекет (оқу) және ортақтасу түрлері, үлкен ұжымдық жүйелерге (жалпы мектептік, сыныптық) енуі. Балада әлеуметтік сезім элементтері құрала бастайды, қоғамдық мінез дағдылары (ұжымдық сезім, әрекеттеріне жауапкершілік, жолдастық, достық, өзара жәрдем т.б.) бастау алады және орнығады. Кіші мектеп жасы тұлғанының адамгершілік сапаларының дамуына үлкен мүмкіндіктер ашады. бұған оқушылардың икемділігі және біршама сенімшілдігі, олардың нанғыштығы, еліктеуіштігі, ең бастысы - мұғалім бойындағы үлкен бедел - себепкер. Бастауыш мектеп тұлғаның әлеуметтену үдерісінде, адамгершілік - азаматтық кемелденуінде өте маңызды орын алады. Оқушылар сеп-түрткілер аймағының дамуы ақыл-ес дамуына қарағанда біршама кемірек. Еркі толық қалыптаспаған, іс-әрекет себептерін (мотивтерін) онша сезіне бермейді. Жоғары сезімталдық, аса терең де күшті толғанысқа түсу басымдау, осыдан бала өз қылықтарын ақыл сарабына сала алмай, көптеген ойсыз қателіктерге жол береді [4].
Қазақстан әлемдік білім беру кеңістігіне енуі отандық білім дамуының стратегиялық жоспарын әзірлеуді және соған орай ұлттық білім жүйесінің жетістіктері мен білім дамуындағы жалпы әлемдік үрдістерді ескеретін жаңа үлгісіне көшуді талап етуде. Білім бере отырып, тиімді жолмен жаңа заман тұлғасын қалыптастыру әр ұстаздың мақсаты екені анық. Білім мазмұнын жаңартудың ғылыми негізіне оқушы белгілі бір қажетті біліктер мен дағдылардың иесі, оқу әрекетінің субъектісі, әр түрлі мәдениеттер мен өз көзқарасы тұрғысынан білімді, сауатты, өз ойын дұрыс әрі шебер жеткізе білетін, мәдениетті тұлға [5].
Қоғамның дамуы жас ұрпақтың меңгерген білімі қалыптасқан іскерлік дәрежесіне байланысты. Ұлтты ұлт етіп дүниежүзілік деңгейге көтеретін оның саналы да дарынды, талапты ұрпағы. Қазақстан Республикасы 2010 жылға дейінгі білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында Орта білім берудің мақсаты - қарқынды өткізіліп отырған дүние жағдайында игерілген терең білімнің , кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлама алуға, өзінің іс-әрекеттерін жұмылдыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешім қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру екендігі атап көрсетілген. Бұдан оқытудың мазмұны мен құралдарына, әдіс-тәсілдеріне ұйымдастыру формасына өзгерістер енгізу қажеттілігі туындайды [6].
Адамның тұлғалық қалыптасуы - үздіксіз және күрделі процесс. Демек, оқушыға білім бере отырып, біз оқушының жан-жақты дамуына мүмкіндік жасауымыз қажет. Білім беру барысында оқушының жеке тұлға ретінде ерекшеліктерін ескеру - баланың өзін-өзі жан-жақты дамыту мәселесін оңтайлы шешуге мүмкіндік береді.Қазақтың заңғар жазушысы Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің: "Ел боламын десең, бесігіңді түзе" деген өте терең мәнді орынды да әдемі нақылы бар. Ол - еліңнің ертеңі - жас ұрпағыңды жақсылап өсір деген сөз ғой. Осы міндеттің көп салмағы мұғалімдер мен тәрбиешілерге түсетіні аян. Елдің ертеңгі күніне сенімін орнықтыру, өнімді де шығармашылық еңбекті өрістету, қоғамды кернеп бара жатқан бұзақылықтарға қарсы күшті тосқауыл қойып, адамдардың бейбіт өмірін қамтамасыз ету - бүгінгі күннің мағыналы мақсаты.
Соңғы жылдары жеке тұлғаны қалыптастыруды дамыту және оған жан-жақты терең білім беру мақсатында жүйелі жұмыстар атқарылып, мемлекеттік стандарт талаптарына сай бақылау тәсілдерін қолдануымыз көңілге қуаныш ұялатады. Ғалымдардың жеке тұлғаның қалыптасуында биологиялық (тұқым қуалаушылық) және әлеуметтік факторлардың (орта, тәрбие), сонымен қатар іс-әрекет пен қарым-қатынастың орны ерекше деген қорытындысы еш дау туғызбайды. Мемлекеттің болашағы, үміті мен сенімі - жас ұрпақ тәрбиесіне үлкен жауапкершілікпен қарау керек [7].
Жеке адам бір-бірінен ерекшеленетін және оған пәрменді түрде ықпал ететін биологиялық белгілермен сипатталады. Жеке адам болу үшін психикалық дамудың белгілі бір дәрежесіне өтіп, басқа адамдарға қарағанда өзгешелігі бар екенін білетіндей біртұтас тұлға болуы тиіс. Өмір даму мен тәрбиенің нәтижесінде жеке адамның жетілуін қалыптасу дейді. Жеке адамның қалыптасу күрделі, ағзаның өсуі мен жетілуін, стихиялы әсерлерді, мақсатты әрі ұйымдасқан тәрбиені қамтитын қарама-қайшылықты процесс болып табылады. Жеке адамның қалыптасу өмірге келген сәтінен басталады, жеткіншек және жасөспірім шақта жедел жүреді, ересек шақта өзінің біршама аяқталу кезеңіне жетеді [8].
Зерттеу мақсаты:бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық қасиеттерін дамыту мен қалыптастыруды теориялық және әдістемелік тұрғыдан негіздеу.
Зерттеудің міндеттері:
бала тұлғасын қалыптастыруды педагогикалық-психологиялық тұрғыдан қарастыру;
әдебиеттік оқу пәнінде бала тұлғасын қалыптастыру шарттарын анықтау;
әдебиеттік оқу пәнінде бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеудегі әдіс-тәсілдерді жүзеге асыру;
Зерттеу нысаны: Бастауыш сыныптардың оқу-тәрбие үдерісі.
Зерттеу пәні: Бастауыш оқыту процесінде әдебиеттік оқу пәні.
Зерттеу әдістері: Тақырыпқа байланысты әдебиеттерді зерттеу, педагогикалық тәжірибені бақылау, салыстыру, саралау және қорытындылау.
Зерттеу жұмысының теoриялық мәні мен ғылыми жaңaлығы: Бaстaуыш сынып oқушылaрының тұлғалық қасиеттерін дамыту мен қалыптастыруда aлынғaн ғылыми қaғидaлaр мен тұжырымдaр әдебиеттік оқу пәнінде теoриялық тұрғыдaн тoлықтырaды.
Зерттеу жұмысының прaктикaлық мaңызы: Диплoм жұмысындa ұсынылып oтырғaн әдістеме бaстaуыш сынып oқушылaрының әдебиеттік оқу пәнінен aлғaн білімін тереңдетуге және оқу мaтериaлдaрын дұрыс игеруіне ықпaл етеді.
Диплoм жұмысындa ұсынылып oтырғaн әдістеме oқушылaрдың әдебиеттік оқу пәнінен aлғaн білімін тереңдетуге және тілдік мaтериaлдaрды дұрыс игеруіне ықпaл етеді.
Диплом жұмысының құрылымы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Ф-ОБ-001033

1 Бала тұлғасын қалыптастырудағы педагогикалық мәселелер
2.1 Бала тұлғасын қалыптастыруды педагогикалық-психологиялық тұрғыдан қарастыру
Білім беру жүйесін жаңғыртудың маңызды міндеттерінің бірі - өкілдері бәсекеге қабілетті білімді меңгерген, ой-өрісі дамыған ғана емес, жоғары азаматтық және адамгершілік ұстанымы, отансүйгіштік сезімі мен әлеуметтік жауапкершілігі қалыптасқан зияткер ұлтты қалыптастыру болып табылады [9].
Тұлға (Личность) - 1) дербес әрекет ететін субъект нақты жеке адам болмысының қайталанбас, ерекше әдісі, адамның қоғамдық өмірінің дара нысаны. Тұлға әлеуметтік тіршілік ету әдісі жағынан дара болады. Тұлғаның мәні нақты индивидтің өзіндік ерекшелігінде, оның әлеуметтік жүйе шеңберіндегі өзімен-өзі болу қабілетінде ашылады. Табиғи таланттардың, туа біткен ерекшеліктердің маңызды рөлін тұлға дамуында әлеуметтік факторлар жаңаша түрде көрсетеді. Дара өмірдің тіршілік ету әдісі дегеніміз - адам өмірінің көрінісі адамның бірегей және бесаспап қасиеттерінің бірлігі, тұтас жүйе; 2) адамдар арасындағы өзінің ұстаным-орнын еркін және жауапкершілікпен анықтайтын, қоғамның өкілі ретіндегі адам. Қоршаған ортамен, қоғамдық және адами қарым-қатынастар жүйесімен, мәдениетпен өзара әрекеттестікте қалыптасады.
Ойшылдық, пайымдаушылық негіздер немесе эмоциялық, сезімдік негіздер басым болуына қарай ойшыл және сезімшіл тұрпаттар деп саралау бар. Ойшылдық тұрпатқа қатысты адамдар ойластырылған, логикалық тұрғыдан негізделгенге көбірек сенеді, ақиқатына жетуге тырысады, бірақ әділеттілік жағын ескере бермейді. Бәрінің де анық-қанығына жетуге ұмтылады. Төңірегіндегілер абыржып жүрген жағдайдың өзінде сабырлы қалпын сақтай алады. Сезімшіл тұрпатқа жататындар күйініш-сүйінішті жағдайдың бәріне әсершіл сезімталдығымен ерекшеленеді, альтруистер болып келеді, өзіне нұқсан келіп жатса да, өзін басқаның орнына қойып, көмектескіш болады. Нені болса да жүрегіне жақын қабылдайды, бір шешімге келуі тым баяу деп жазғыруға ұшырап жүреді. Өмірде жолы болмаушылықтарының себептерін агрессиялық әрекеттермен жоюға бейім тұлғалар тұрпаты садомазохостік тұрпат деп аталады. Мазохистер өзін кінәлі сезінуге, өзін-өзі жазғырып, сынауға, дәрменсіз жартыкешпін деп мойындауға бейім болады. Садистер төңірегіндегілерді өзіне тәуелді етуге тырысады, оларға шексіз билік жүргізіп, жәбір-жапа шектіруден лаззат алады. Экстраветтер деп аталатын тұрпаттағылар ішкі жан-дүниесін талдауға бармайды, адамдармен тез араласып-құраласады, бастамашыл келеді. Интроверттер бұған қарама-қарсы тұйық адамдармен қарым-қатынасы аз, ішкі жан-дүниесін талдауға бейім болады, жаңа жағдайларға бейімделуді қиынсынады. Эктоморфтық және эндоморфтық тұрпаттар деп саралауда адамның дене бітіміне ерекшеліктері негізге алынады. Эктоморфтық тұрпат бұлшық еттері жетілмеген, жүйке жүйесі күшті, арық адамдарға тән. Мұндай тұрпаттағы адамдар жүріс тұрысында ұстамды, шалқақтаушылығы жоқ реакциялары шапшаң, әсер-сезімдерін білдіре қоймайды, зейін қоюшылығы, алаңдаушылығы басым, басқалармен жұғысымдылығы жоқ, басқалардың өзіне қалай қарайтынын болжай білмеушілік, барынша аяншақтық, үнемі қажып-шаршап жүрушлік тән болып келеді. Эндоморфтық тұрпат етжеңді адамларға тән, бұлар адамдармен араласқыш болады, қашан да қолайлы, жағдайлы болуға тырысады, сезімдік ләззатқа әуес келеді [10].
Тұлға деген не? Тұлға - қоғамдағы адамның даму дәрежесіне байланысты оның психикасында болатын жаңа сапа, - деп жазады А. Н. Леонтьев [11]. Ал Э. В. Илъенковтың [12] айтуынша, тұлғалар қоршаған ортада да, өздеріне де өзгеріс енгізе алатын адамдар [13].
Тұлға ұғымына мынадай анықтама берілген: Г.М.Коджаспирова 2000 жылы Мәскеуде жарық көрген "педогогический словарь" атты еңбегінде "Өзгелер арасында өзінің позициясын еркін және жауапкершілікпен анықтап алатын және ұстана алатын адам"[14].
Адам тұлға болып туа қалмайды, әлеуметтену процесінде тұлға болып шығады. Т. ұғымы - отандық психологияда негізгі ұғымдардың бірі. Тұлғалардың әртүрлі топтастырылып саралануын білу мұғалімнің өз шәкірттерінің ерекшеліктерін тез аңғаруына көмектеседі. Т. психологиясының дамуына сонымен бірге оның өзі кіретін әлеуметтік топтың психологиясы да әсер етеді. Т.-ны білу - оның іс-әрекетін тиімді басқарудың алғышарты. Тұлға туралы теориялар: биологиялық, биоәлеуметтік, әлеуметтік, психодинамикалық (Фрейд), гуманистік (Маслоу), психоаналитикалық (Юнг), әлеуметті - когнитивтік (Бандура), бихевиористік (Скиннер), тұлғалық типтік (Айзенк), психоәлеуметтік (Эриксон), даралық (Адлер), феноменологиялық (Роджерс) т.б. Жеке адамның кұрылымы (структуралары): биологиялық (жасы, жынысы, темпераменті, дене бітімі, физиологиясы т.б.); психологиялық (зейіні танымдық әрекеттері, қабілеті, мінезі, еркі, сезімі, т.с.с); әлеуметтік (қоғамдағы орны, қарым-қатынасы, т.с.с); бағыттылығы (ниеттері, тілектері, ұмтылыстары, құндылықтары т.с.с). Т. негізгі белгісі - оның дара өзгешелігі. Тұлға немесе жеке адам психология ғылымында зерттелетін негізгі категориялардың бірі.
Т. (жеке адам) психологиясы адамтану ғылымдары жүйесінде ерекше орынға ие. Бұл сала адамның даралық сипаттарын қарастырып, оның іс-әрекетіне сәйкес қадір-қасиеттерінің қалыптасуының психологиялық механизмдері мен заңдылықтарын зерттейді. Сонымен бірге адамның құрылымы мен адамдардың типтік мақсаттарымен байланысты теориялық мәселелерді де зерттейді. Ондай мәселелер осы замандағы психологияда айрықша маңызды деп саналатын биологиялық және әлеуметтік факторларға негізделе отырып қарастырылады. Т. психологиясы адамның қажеттілігі, мұқтаждығы, іс-әрекетінің түрлері, ептілігі, дағдысы, әдеттері, қызығушылығы, сенімдері, ұмтылыстары, құмарлықтары, жеке бағыт-бағдары, арманы, кісілік сипаттары мен психологиялық құрылымдарын зерттейтін психологияның саласы. Т.белсенділігі - тұлғаның сыртқы ортаға, басқа адамдарға және өзіне-өзі ынталы әсері. Т. статусы - адамның тұлғааралық қарым-қатынастар жүйесіндегі орны мен оның топ мүшелеріне психологиялық ықпалының мөлшерін білдіретін ұғым [15].
Тұлға мәселесінің көп ғасырлық тарихы бар. Ол көп аспектілі және әртүрлі ғылымдардың тоғысында қарастырылады. Ертедегі грек ғалымдары тұлғаның дамуына биологиялық факторлармен қоса әлеуметтік факторлар да әсер етеді деп есептеген. Тұлғаның қалыптасу факторлары туралы идеялар келесі дәуірлердің прогрессивті философиялық және психологиялық-педагогикалық пікірлерінде өз жалғасын тапқан (Я.А.Коменский [16], К.А.Гельвеций [17], Д.Дидро [18], А.Дистерверг [19], К.Д.Ушинский [20], Д.Дьюи [21], А.С.Макаренко [22], Л.С.Выготский [23] т.б
Адам - өзіне тән биологиялық құрылысы бар тіршілік иесі, сондықтан табиғат заңдары оның дамуына да әсер етеді. Қоршаған ортаға бейімделіп, өз тіршілігі үшін дайын, заттарды пайдаланатын жануарларға қарағанда адам өзіне керектіні өз қолымен жасайды. Адам табиғатының өзгеруі адам өмірінің әлеуметтік жағдайларының әсерінен болады, адамның тектілігі тек биологоиялық жағынан ғана емес, сонымен қатар тарихы дамуы нәтижесінде де пайда болады.
Психологияда тұлға деген ұғымының әр түрлі түсіндіремелері бар, бірақ олардың көбісі мына түсінікке келіп тіреледі: тұлға дегеніміз әлеуметтік қатынастар мен саналы іс-әрекеттің субъектісі ретіндегі индивид.
Тұлғаның типтік құрылымы:
1. Тұлғаның бағыттылығын немесе болмыс қатынасын сипаттайды. Бағыттылық әр алуан қасиеттерден, өзара байланысты қажеттіліктер мен мүдделер, идеялық және практикалық пиғыл-әрекеттер жүйесінен құралады.
2. Тұлғаның мүмкіншілігі анықтайды және іс-әрекеттің табысты болуын қамтамасыз ететін қабілеттілік жүйесін қамтиды.
3. Тұлғаның мінезі - әлеуметтік ортадағы мінез-құлқының сипаты болып табылады. Мінез тұлғаны толық сипаттай алмайды, алайда оның қасиеттерінің, бағыттылығы мен еркінің, интеллектілік және эмоциялық сапаларының, темпераменттен байқалатын типологиялық ерекшеліктерінің күрделі жүйесін құрайды.
4. Басқаларынан үстем болып тұратын басқару жүйесі Мен сөзімен белгілейді. Мен өзін-өзі реттеу қызметін атқарады.
5. Тұлғаның психикалық қасиеттері, процестері мен көңіл-күйлері құрайды.
Тұлғаның ең маңызды белгілері - оның саналылығы, жауапкершілігі, бостандығы, қадір-қасиеті, даралылығы. Тұлғаның маңыздылығы оның қасиеттері мен іс-әрекеттерінде қоғамдық прогрестің тенденцияларының, әлеуметтік белгілер мен қасиеттердің айқын және спецификалық көрініс табу арқылы, оның іс-әрекетіндегі шығармашылық қасиетінің деңгейі арқылы анықталады [24].
А.Г.Ковалев тұлға құрылымын төмендегідей сипаттайды:
* Темперамент (табиғи қасиеттердің құрылымы);
* Бағыттылық (қажеттіліктер, қызығушылықтар және идеалдық жүйесі);
* Қабілеттер (интеллект, еріктік, эмоциялық қасиеттер жүйесі)
К.К.Платонов тұлға құрылымында келесі деңгейлерді бөліп көрсетеді:
* Әлеуметтік шартты ерекшеліктер (бағыттылық, адамгершілік сапалары);
* Биологиялық шартты ерекшеліктер (темперамент, нышан, инстинкт, қажеттіліктер);
* Тәжірибе (білім, дағды, іскерлік, әдеттердің көлемі мен сапасы);
* Әр түрлі психикалық процестердің индивидуалды ерекшеліктері [25].
Тұлғаның дамуы дегеніміз, ең алдымен, оның қасиеттері мен сапасындағы сандық өзгерістер процесі. Адам дүниеге келгеннен соң дене жағынан үлкейеді, яғни оның кейбір дене мүшелері мен жүйке жүйесі өседі. Оның тілі шығып, сөздік қоры молаяды. Бала көптеген әлеуметтік-тұрмыстық және моральдық біліктерге, еңбек даағдылары мен әдеттерге ие болады. Алайда, адамның тұлға ретіндегі дамуындағы ең бастысы - оның бойында болып жатқан сапалық өзгерістер. Мінез-құлықтың реактивті формалары белсенді түрде қалыптасып келе жатқан іс-әрекеттілікке айналады, дербестік пен өз мінез-құлқын билей алу қабілеттілігі артады. Осы және басқада өзгерістер адамның тұлға ретіндегі даму процесін сипаттайды.
Тұлғаның қалыптасуына әсер ететін факторлардың арасында тәрбие ең маңызды орын алады. Кең мағынада тәрбиені белгілі бір әлеуметтік қызметтер атқаратын қоғамдық құбылыс ретінде қарастру қажет, ал тар педагогикалық мағынада тәрбие дегеніміз - өсіп келе жатқан ұрпаққа жалпы адамзаттық құндылықтарды игерту үшін мұғалім мен оқушылар, балалар мен ата-аналар арасындағы бірлескен іс-әрекеттердің педагогикалық процесін ұйымдастыру
Философия қоршаған орта мен биологиялық бейімділіктер қатарында тәрбиеге ерекше орын бөледі, тәрбие - тұлғаның дамуы мен қалыптасуының үшінші факторы. Бұндағы айта кететін жағдайлардығ бірі - тұлға тек объекті ретінде ғана емес, сонымен қатар, ең бастысы, тәрбиенің субъектісі ретінде қарастырылады.
Тұлға деген ұғымға Мен деген мәнді кіргізеді. Бала өзін білген соң құрбыларына қарағанда бәлендей тізімде қандай орын алатынын ойлап, қайткенде жақсы орынға ие болсам деп арман етеді. Бұл жағдайда баланың өзінің қандай орын алғысы келетіні туралы бағасы мен құрбыларының, не үлкендердің ол жөніндегі бағасы арасында үлкен алшақтық болмағаны жақсы. Егер кіші оқушының өзі жөніндегі бағасы өзгелердің бағасынан асып кетсе, мұндай баланы мақтаншақ деп атайды. Керісінше, оның өзі жөніндегі бағасы өзгелердің оған беретін бағасынан төмен келсе, осындай баланы кішіпейіл дейді. Кіші оқушы өзінің ісіне, не мінезіне әлі сын көзбен қарай алмайтын бағасынан жоғары дәрежеде келеді. Өзін-өзі бағалау жеке тұлға қалыптастыруының маңызды факторы болып табылады. Ол адамға әр түрлі өмір жағдайында белсенді таңдау жүргізуіне мүмкіндік береді. Кіші мектеп жасы өзіне баға берудің қарқынды қалыптасыуының кезеңі. Ол баланың жаңа қоғамдық маңызды бағалаушы әрекеттердің қосылуымен, таныс адамдар тобының кезеңімен сипатталады.
Кіші оқушының тұлғасы деген түсінікке оның сыпайлығы, керісінше, осыған қарама-қарсы әдепсіздік сапалары да жатады. 7-11 жастағылар көбінесе ақкөңіл келетіндіктен, бұлардың көбі сыпайы келеді. Кіші оқушының тұлғасына тән қасиеттері тек мен деген сапа тұрғысынан ғана бағалап қоймай, тиісті мөлшерлерге қалайша бағынады, мінезі, ерік-жігері қандай, ашуланғыш, не сабырлы келе ме, әсемдікті ажыратудағы талғамы және өзгелермен қатынасы қандай - осы жөнінен де алып қарауға болады.
Кіші мектеп оқушыларына мінез-құлық нормалары мен ережелерінің аса кең жиынтығы үйретіледі, оларды оқушылар мұғаліммен және үлкендермен өзара қарым-қатынас жасаудың әр түрлі жағдайларында, сабақтарда, үзілісте жолдастарымен араласқана, қоғамдық орындарда және көшеде болғанда басшылыққа алуы тиіс. 7-8 жастағы балалар бұл нормалар мен ережелердің мәнін айқын түсінуге және оны күнделікті орындауға психологиялық жағынан даяр. Бірақ та бұны дер кезінде мұғалімде, үлкендерде пайдаланбайды. Балаларда мінез-құлық нормалары мен ережелерін сақтау көбінесе үлкендердің көңіл күйіне, қалыптасқан жағдайға және өз қалауларына байланысты деген сезім пайда болады. Баланың моральдық өріснің дұрыс қалыптасуының ең қауыпті жауы - мінез-құлық нормалары мен ережелері жалған сипатта және ішкі қажеттер үшін емес, қандай да бір сыртқы жағдайлардың әсерімен, соның ішінде жазаланамын деп қорыққандықтан орындалуы керек деген ұғым пайда болады. Балада осы жаста қалыптасқан осындай моральдық қасиеттер тұлғаның ішкі және табиғи жетістігі болады.
Сонымен бірге кіші оқушылардың өзара және мұғаліммен арақатынасының негізінде оның дара ерекшеліктері айқын көрініс береді.
Кіші оқушылардың өзара қарым-қатынасына тән белгі олардың достығы, әдетте, өмірдің сыртқы мақсаттары мен кездейсоқ мүдделер ортақтастығында негізделеді (бір партада отыруы). Кіші мектеп санасының әзірше құрдастарының пікірі өзін-өзі шын бағалаудың критерийі болатындай деңгейге жетпейді. Әрине 9-10 жастағы балалар оларға бірге оқитын балалары ептілігі, зеректілігі, батылдығы үшін берген баға өзі қалағанынан басқаша болса, қатты қынжылады. Ол қатты ұзаққа бармайды [24, 5-13б.].
Егер адам сана және өзіндік санаға ие болып, өз бетінше жаңғыртушы іс-әрекет орындауға қабілетті болса, онда ол адам тұлға деп аталады. Адам тұлға болып туылмайды, ол қасиеттік дәреже даму барысында қалыптасады. Адам ұғымынан өзгеше тұлға түсінігі адамның қоғамдық қатынастар, басқа адамдармен араласу ықпалында қалыптасқан әлеуметтік сапа-қасиеттерін білдіреді. Тұлға ретінде әрбір адам әлеуметтік жүйеде мақсат бағдарлы және ойластырылған тәрбие барысында қалыптасады. Әрбір тұлға, бір жағынан, қоғамдық тәжірибені игеру деңгейімен, екінші жағынан, материалдық және рухани құндылықтар қорына қосқан қоғамдық үлесімен танылады. Тұлға болып жетілу үшін адам өзіне табиғаттан берілген және өмір мен тәрбие желісінде қалыптасқан ішкі қасиеттерін нақты практикалық қызметте аша білуі шарт [26].
Тұлғаның қалыптасу теориясы
Тәрбие тәжірибесі өз бастауларын адамзат өркениетінің бірінші қадамдарымен байланытырады. Тәрбие іс-әрекеті алғашқы адамдармен бірге пайда болған. Ол замандағы бала ешқандай педагогикасыз тәрбиеленген. Адамдардың ол жөніне тіпті хабары да болмаған. Тәрбие жөніндегі ғылым - педагогика, геометрия, астрономия және басқа ғылым салаларынан кейін қалыптасқан.
Белгілі болғандай, барша ғылым салаларының пайда болуындағы алғы шарт - өмір қажеттілігі. Бертін келе тәрбие ісі адамдар өмірінде аса маңызды рөл атқара бастады. Әртүрлі қоғам өсіп келе жатқан әулетке берген тәрбиесіне, тәліміне орай жылдам немесе баяу дамитыны белгілі болды. Осыдан тәрбие тәжірибесін топтастыру және қорытындылау, арнайы оқу-үйретім, тәрбие мекемелерін ұйымдастырып, жастарды өмірге дайындаудың қажеттігі туындады.
Барша замандарда адамдардың рухани және тән-дене дамуында шешуші рөл атқарған қуатты халық педагогикасы жасап келген. Инабаттылық, еңбектік, тән-дене тәрбиесі бойынша халық қайталанбас ғажайып өміршең жүйе түзді.
Еуропалық тәрбие жұмысының бесігі ежелгі Грекия философиясында қалыптасқан. Оның көрнекті өкілі Демокрит (460-370 ж.ж. б.э.д),- балалар тәрбиесі бойынша алғашқы нұсқаулар кітабын жазған. Ол сол уақыттың өзінде: тәрбие адамды қайта жасайды және оны өзгерте отырып, болмыс табиғатын түзеді... Жақсы адам болу табиғат ықпалынан гөрі тәрбиеге көбірек тәуелді деген. Адам тәрбиесіне және тұлға қалыптасуына байланысты идеялар мен тұжырымдар ежелгі Грек ойшылдары Сократ (469-399 жж. б.э.д) Платон (427-347 жж. б.э.д), Аристотель (384-322 жж. б.э.д) Тэртуллин (160-222 жж. б.э.д) еңбектерінде жарияланған.
Тұлғаның дамуына қатысты көзқарастар мәні
Педагогика психология ғылымында тұлға және оның дамуы шешуі мәселелер қатарына жатады. Бұл мәселеге қатысты бұрыннан қалыптасқан үш негізгі бағыт бар. Олар: биологиялық, әлеуметтік және биологиялық-әлеуметтік бағыттар. Биологиялық бағыт өкілдері (З.Фрейд және басқалар) тұлғаны табиғи тірі ағза деп қарастыра отырып, адамның барлық мінез-құлқын туа біткен қажеттіліктері, ұмтылулары және инстинкттері әрекетімен түсіндіреді. Бұл бағыт мәніне сәйкес, адам өзінің табиғи қажеттіліктерін баса отырып, қоғамдық талаптарға бағынуға мәжбүр болады. Өзімен күресті жасыру үшін бетперде киеді немесе табиғи қажеттіліктердің қанағаттанбауын басқа бір іс-әрекет түрімен алмастырады.
Әлеуметтік бағыт өкілдері адам биологиялық түр ретінде пайда болғанымен, өмір сүру барысында әлеуметтік топтар әсерімен біртіндеп әлеуметтік топтар біртіндеп әлеуметтік мәнге ие болады деп түсіндіреді. Тұлғаның даму деңгейі төмен болған сайын, биологиялық белгілері басым болады.
Биоәлеуметтік бағыт өкілдері психикалық үдерістерді (түйсік, қабылдау, ойлау және т.б) - биологиялық мәнді деп, ал тұлғаның бағыттылығы, қызығушылығы, қабілеттілігін әлеуметтік құбылыс деп қарастырады. Тұлғаны бұлай бөлу оның мінез-құлқын да, дамуын да түсіндіре алмайды. Қазір қолданылып жүрген көзқарас бойынша, тұлға біртұтас және оның биологиялық жағы әлеуметтік жағынан ажырамайды.
Өз бетінше түрлендіруші іс-әрекет жасауға мүмкіндік беретін сананың және өзіндік сананың иесі болуын анықтайтын даму деңгейіне жеткен адамды тұлға деп атайды. Адам туа сала тұлға болмайды, ол даму барысында тұлға болып қалыптасады. Тұлға - адамның әлеуметтік сипаттамасы. Адам тұлға болып әлеуметтік сипаттамасы. Адам тұлға болып әлеуметтік жүйеде жүргізілген мақсатты және ойластырылған тәрбие негізінде қалыптасады. Тұлға бір жағынан қоғамдық тәжірибені меңгеру дәрежесімен және екінші жағынан материалдық, рухани құндылықтарды қалыптастыруға қосқан үлесімен анықталады.
Тұлғаның дамуы - адамның денелік, интеллектулдық және рухани сипаттамаларындағы сандық өзгерістердің сапалық түрде өтуін сипаттайтын био-әлеуметтік үдеріс. Демек, тұлғаның дамуы негізінде қарама-қайшылықтар жатады. Тұлға дамуының қозғаушы күші - оқыту мен тәрбиелеу барысында пайда болып, жойылып отыратын қарама-қайшылықтар болып табылады.
Мұндай қарама-қайшылықтарға жататындар: іс-әрекет барысында пайда болатын жаңа қажеттіліктер мен оларды қанағаттандыру мүмкіндіктері арасындағы қарама-қайшылықтар; баланың дамыған денелік және рухани мүмкіндіктері мен бұрыңғы өзара қатынас формалары мен іс-әрекет түрлері арасындағы қарама-қайшылықтар; қоғамның ересектері тобының тарапынан қойылатын талаптар мен тұлғаның нақты даму деңгейі арасындағы қарама-қайшылықтар.
Қарама-қайшылықтар жоғарырақ деңгейдегі іс-әрекетті қалыптастыру арқылы шешіледі. Нәтижесінде жоғарырақ даму сатысына өту мүмкіндігі пайда болады. Қажеттілік қанағаттанған кезде қарама-қайшылық жойылады. Қанағаттанған қажеттілік жоғарырақ реттегі жаңа қажеттілікті тудырады. Бір қарама-қайшылық екіншісіне өту арқылы - даму жалғасады.
Тұлғаның дамуына сыртқы және ішкі факторлар әсер етеді. Сыртқы факторлар тұқымқуалаушылық, әлеуметтік орта, тәрбие.
Тәрбие тұлғаның дамуын мақсатты түрде ұйымдастырады, жетекшілік етуге ықпал етеді.
Тұлғаны дамытушы ішкі факторлар: тұлға белсенділігі, сезімі, еркі, қызығушылықтары, іс-әрекеті. Бұл факторлар сыртқы факторлар әсерінен қалыптаса отырып, өздері даму көзі болып қалыптасады.
Тұлғаның дамуындағы жас кезеңі ерекшеліктерін ескеру мәселелері
Тұлғаның дамуы жас ерекшеліктерімен тығыз байланысты. Жас ерекшекліктері дегеніміз өмір сүрудің белгілі бір кезеңіне сәйкем байқалатын анатомия-физиологиялық және психикалық қасиеттер болып табылады.
Кесте 1. Мектеп жасындағы баланың жас кезеңі ерекшеліктері

Психологиялық
Педагогикалық
1.Жатырда қалыптасу кезеңі
2.Жаңа туған шақ (6 аптаға дейін)
3. Емшек жасындағы (1 жылға дейін)
4. Жөргек жасы (1-3 жастар)
5. Мектепке дейін (3-6 жас)
6. Мектеп жасы (6-11 жас)
7. Пубертаттық кезең (11-15 жас)
8. Жастық шақ (15-20 жас)
1. Бөбектік (1 жыл)
2. Сәбилік кезең (1-ден 3-ке дейін)
3. Мектеп алдындағы кезең (3-тен 6 жасқа дейін)
4. Кіші мектеп жасы (6-10 жас)
5. Орта мектеп жасы (10-15 жас)
6. Жоғары мектеп жасы (15-18 жас)

Оқу-тәрбие жұмысында баланың жас ерекшеліктерін қатаң есепке алуды алғаш Я.А.Коменский талап етті. Ол оқыту мен тәрбиелеу дамудың жас кезеңдеріне сәйкес жүргізілуді анықтайтын табиғи үйлесімділік принципін тұжырымдады.
Педагогикалық жүйеде мектеп жасындағы баланың дамуы ерекше маңызды. Сондықтан мектеп жасындағы балалардың тұлғалық даму ерекшеліктеріне назар аударайық.
Кіші мектеп жасындағы даму ерекшеліктері. Бұл кезеңде биологиялық жағынан бойы өсуі баяулап, салмағы арта бастайды. Бұлшық еттері дами бастайды. Сондықтан жазуға тез дағдылана бастайды
Жүйке жүйесі жетіледі, психикалық дамуы тезірек жүреді. Дегенмен әлі қозу басым.
Танымдық іс-әрекеті оқыту үдерісінде көбірек жасалады. Қарым-қатынас жасау аясы кеңейеді. Бұл кезеңдегі қарқынды даму және көп жаңа қасиеттерді қалыптастырып үлгеру қажеттілігі оқу-тәрбие іс-әрекетін қатаң бағыттап жүргізуді талап етеді.
Қабылдауы тұрақты емес, бірақ эмоционалдылығы жоғары.
Кіші мектеп жасындағы баланың тұлғалық қалыптасуы ересектермен (мұғалімдермен) және өзінің құрбыларымен жаңа қатынастар жасау, оқу және қарым-қатынастың жаңа түрлері, ұжымдық жүйеге ендіру арқылы жүреді. Мұғалімнің беделі жоғары. Оның барлық айтқандарына сенгіш, иланғыш келеді. Сондықтан бұл кезеңде құлықтық мінез-құлқы негізі қаланады [27].
Тұлға - жеке адамның мақсатының орындалуы, ерік-жігерінің іске асуы, өзі жөніндегі ойын, еркін іске асыруға дайындығы және оны іске асыруының нәтижесі. Ерік-жігер механизмі дегеніміз - адамның өзіне тән қасиеттерінің іске асыруы. Адам ойына келген іс-әрекетті іске асыруда ерікке жол береді. Бірақ адам бір нәрсені істерде алдымен еркін ақыл-парасат таразысына салып, оны іске асыру жөн бе, басқалар оған қалай қарар екен? деген ойға қалады. Ерік-жігердің іске асырылуы ақыл мен санаға бағынышты.
Өмірде кейбір адамдар бір іс-әрекетті іске асырарда өте байыппен қарап осының нәтижесі қалай болар екен? деп мың ойланып, жүз толғанып іске кіріседі, ал кейбіреулер бірден ойына алғанын апыр-топыр іске асырып, кейін опық жеп жатады. Осының бәрі адамның ерік-жігер күшінің түріне байланысты. Тұлға дегеніміз - сезімнің, әсердің, ішкі күйініш-сүйініштің бойға жинақталған көрінісі [28].
Адам баласы материалдық және рухани өмірдің ортасында тіршілік етеді де, өзі өмір сүріп отырған қоғамның, ұжымның, ұлттың, рудың мүшесі ретінде өзіндік ақыл-парасатымен, жеке бастың өзіне тән ақыл-ой, ерік-жігер, мінез-құлық ерекшелігімен көрінуге тырысады. Қоғам мүшелерінің бәріне ортақ біркелкі мінез-құлықтың, қасиеттің болуы мүмкін емес. Әр адам өзінше жеке тұлға.

Кесте 2. Жеке адамның тұлғасына әсер ететін факторлар
табиғи
үй-іші
әлеуметтік
Тұқым қуалаушылық
Орта

Мектепке дейінгі баланың іс-әрекеті. Ойын, еңбек.
Тәрбие


Мектеп баласының іс-әрекеті:
Оқу. Еңбек. Ойын.

Бала белсенділігі
Қарым-қатынас жасау
Таным белсенділігі


Жеке тұлғаның ерекшелігі дегеніміз - оның өзіне тән мінез-құлқындағы, іс-әрекететіндегі, көзқарасындағы ерекшелігімен даралануы.
Қоғамдық тұлғаларға ортақ этикалық бірыңғай талаптардың болуына қарамастан, қоршаған орта жөнінде әр адамның қалыптасқан өзіндік ой-пікірінің, көзқарасының болуы олардың өзі көріп-білген құбылысқа деген көзқарасын, ой-пікірін білдіруі заңды құбылыс. Мәселен, біреулер-айналасындағы құбылысқа таңдана, тамашалай қараса, енді біреулер - сын көзімен қарап, ой-қорытуы, сын пікірлер айтуы мүмкін.
Адамдардың қоршаған ортадағы құбылыстарды түсініп қабылдауы да әр түрлі. Ол әр адамның жеке басына тән физиологиялық, психологиялық, биологиялық ерекшеліктеріне байланысты. Жеке тұлғаның ой-санасының білім көлемінің толысуына байланысты оның өмірге көзқарасы, белгілі құбылыстарға баға беруінде де өзгерістердің болуы, толысып жаңарып отыруы заңды құбылыс.
Өмірде бір анадан туған егіз балалардың түр жағынан бір-бірінен ұқсас болғанымен, мінез-құлқы, іс-әрекеті, өмірге деген икемділігі, қабілеті бірдей болмайды. Сондықтан әр адамды өзінше даралаған жеке тұлға деп қараймыз. Адамның саналық, мінездемелік қасиеттерін анықтайтын оның санасы болып табылады. Сана ақыл-ойдан туындайды. Адамның ақыл-ойы біркелкі дамымайды. Адамдар бір-бірін бағалауда қателіктер жіберуі де мүмкін. Кейбір адамдар өзінің жеке басын басқалардан артық бағалауға тырысады.
Жеке тұлғаға тән қасиеті - ақыл, ес, яғни, өмірді өзінің, сана-сезім өдшемімен қарап бағалауға бейім тұруы. Сондықтан өмірді танып білу - миллиондаған жеке тұлғалардың сезім, түсінігінен тұрады.
Жеке тұлғаның еске сақтауы өзге адамдардың тәжірибесін жинақтауға да негізделеді. Әрбір тұлға оларды оқып, көріп оқығанын, естігенін, көргенін өз ойына тоқып, содан сабақ алу арқылы да өзінің іс-әрекетін, мінез-құлқын, сана-сезімін байытады.
Адам өмірде өзі жіберген қателіктерден де, басқалардың қателіктеріненде сабақ алады. Оны қайталамауға тырысады. Мұны педагогикада адамның өзін-өзі тәрбиелеуі деп атайды. Басқалардың өнегелі іс-әрекетінен үйрену, оны өзінің жақсы қасиетіне айналдыру өмір заңы.
Тұлға - жеке адамның мақсатының орындалуы, ерік-жігерінің іске асуы, өзі жөніндегі ойын, еркін іске асыруға дайындығы және оны іске асыруының нәтижесі. Ерік-жігер механизмі дегеніміз - адамның өзіне тән қасиеттерін іске асыруы. Адам ойына келген іс-әрекетті іске асыруда ерікке жол береді. Бірақ адам бір нәрсені істерде алдымен еркін ақыл-парасат таразысына салып, оны іске асыру жөнінде, басқалар оған қалай қарар екен? ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сыныпта әдебиеттік оқу сабағында жүргізілетін шығармашылық жұмыстар
ЖОҒАРЫ СЫНЫПТАРДА ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ ТАРИХИ КУРСЫН ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Қазіргі бастауыш сынып оқу-тәрбие үдерісіне инновациялық технологияларды ендіру мазмұнын теориялық тұрғыда негіздеу
Бастауыш сынып мұғалімдерінің инновациялық іс-әрекетінің теориялық негіздері
Бастауыш сынып оқушыларының пәнаралық байланыс негізінде дүниетанымын қалыптастыру
Әдебиеттік оқу пәні арқылы бастауыш сынып оқушыларының тұлғасын қалыптастыру
АКТ технологияларын оқу сабақтарында қолдану жолдары
Бастауыш сыныпта «Қазақ тілі» мен «Әдебиеттік оқу» сабақтарында қолданылатын инновациялық технологиялар
3-сынып «Әдебиеттік оқу» құралының құрылымы мен құрылысы
Мәнерлеп оқуда зор рөл атқаратын интонация
Пәндер