Сөз таптары орыс


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   

НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ БІЛІМ ӘКІМДІГІНІҢ

«ГУМАНИТАРЛЫҚ КОЛЛЕДЖ» МКҚК

Сырттай оқу бөлімі

Қазақ тілі мен әдебиеті

кафедрасы

Бастауыш сыныптарда сөз таптарын оқытудың әдіс - тәсілдері

Курстық жұмыс

Орындаған: 0105000 «Бастауыш білім

беру» мамандығы

0105013 «Бастауыш білім беру мұғалімі»

біліктілігі бойынша оқитын ш-3к студенті Нағашыбаева Жансая

Жетекшісі: Қазіргі қазақ тілі және оқыту әдістемесі пәнінің оқытушысы Кенжетаева Т. Ж

Нұр-Сұлтан, 2020

МАЗМҰНЫ

І КІРІСПЕ . . . 3-4

1. 1. Сөз таптарын оқытудың тиімділігі . . . 5-10

1. 2. Бастауыш сыныпта сөз таптарын жаңа инновациялық әдістермен

меңгеру . . . 10-13

ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2. 1. Модульдік оқыту арқылысын есімді оқыту және оны басқа сөз таптарымен байланыстыру . . . 14-17

2. 2. 3 сынып оқушыларын сөз таптарын оқытуда зат есім мен етістікті байланыстыра оқыту . . . 17-18

Практикалық бөлім… . . . 19-24

ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ . . . 25-26

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 27

І КІРІСПЕ

Зерттеудің өзектілігі: Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңының 5 тарауындағы 41-баптың 1-бөліміндегі «Педагог қызметкерлер өз біліктілігін арттыруға міндетті» деп көрсетілуі, “Қазақстан - 2030” стратегиялық бағдарламасында елбасының “біз балаларымызға өзіміздің жақын және алыс көршілерімізбен достық қарым - қатынасымызды мұра етіп қалдыруымыз керек” деген сөзі бүкіл ағартушы қауым алдында “Оқу тәрбие үрдісіне жаңа педагогикалық технологияларды енгізу арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру, шығармашылық қабілетін дамыту” өзекті мәселелер енгізіп отырғаны белгілі. Осы мақсатты жүзеге асыруда мектеп басшысы, ұжымдағы мұғалімдердің кәсіби шеберлігі мен шығармашылық ізденісін дамытуға аса мән беру қажет.

Егеменді елдің жас ұрпақтарын тәрбиелеу, талапқа сай білім беру, бүгінгі күннің уақыт күттірмес мәселелерінің бірі болып табылады. Сондықтан да балаға жүйеленіп, дайындалып берген белгілі бір білімді ғана беріп қоймай, оны жалпы дамыту, яғни сөйлеу, оқу, қоршаған орта жөнінде дұрыс көзқарас қалыптастыру, жағдайларды объективті түрде бақылап, талдау жасауға үйрету, ойын дұрыс жеткізе білуге, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне, шығармашылық бағытта жұмыс істейтін, біртума ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру міндеті тұр.

Тіл білімі тарихын зерттеуші ғалымдардың басшылыққа алатын историзм принципі бойынша, әр дәуірде қалыптасқан, өмір сүрген алуан түрлі тілдік мектептер, концепциялар сол өз дәуірі тұрғысынан бағаланып, олардан бұрын не бар еді, бұлар оған не қосты, кейінгілердің өздерінен бұрынғылардан артықшылығы қандай деген тұрғыда қаралуы керек. Қазіргі заман тіл білімі - дамудың биік шыңына көтеріліп келе жатқан кең салалы, көп тармақты ілім. Оның құрамында әртүрлі лингвистикалық бағыттар, мектептер, зерттеудің әртүрлі әдіс-тәсілдері бар. Оның сипатын, бүгінгі күйін басқаларынан бөлініп алынған жеке бір мектеп, я зерттеудің жеке бір әдіс-тәсілі көрсете алмайды, оған өресі жетпейді.

Зерттеу пәні: Қазақ тілі

Зерттеудің мақсаты:

  1. Бастауыш сыныпта сөз таптарының шығу тарихына шолу жасау;
  2. Бастауыш сыныпта сөз таптарына байланысты жалпы және жеке мағлұмат алу;
  3. Бастауыш сыныпта сөз топтастырудың лексика-грамматикалық сипатына талдау жасау.

Зерттеудің міндеттері:

  1. Сөз таптарын оқытудың тиімділігі;
  2. Бастауыш сыныпта сөз таптарын жаңа инновациялық әдістермен меңгеру;
  3. Модульдік оқыту арқылы зат есімді оқыту және оны басқа сөз таптарымен байланыстыру.

Зерттеудің әдістемесі: Зерттеу барысында жинақтау, жалпылама таңдау, топтастыру, салыстыру, құрылымдық талдау туралы анализ әдістері қолданылды.

Зерттеу нысаны: Зерттеу жұмысымның нысаны ретінде бастауыш сыныптағы оқу үрдісін алдым.

Зерттеу тәсілдері: Жұмыс барысында ғалымдардың зерттеулерін негізге алу. Қойылған міндеттер нәтижесінде грамматикалық сиппаттау тәсілін қолдану.

Зерттеу болжамы: Егер бастауыш сынып мұғалімі грамматиканы оқытудың әдіс-тәсілдерін теориялық жағынан меңгеріп, практикамен ұштастыра білсе, болашақ ұрпаққа сапалы білім беріледі.

Зерттеу құрылымы: Курстық жұмыс үш бөлімнен және әр бөлім бірнеше кіші бөлімдерден тұрады. Сондай-ақ курстық жұмыс кіріспе, негізгі, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттерден құралған.

1. 1 Сөз таптарын оқытудың тиімділігі

Сөз таптары орыс. - өздеріне тәнлексика-семантикалық, морфологиялық және синтаксистік ортақ белгілердің негізінде қалыптасқан категориялары бар сөз таптары. Сөз таптары үш түрлі белгісімен сипатталады:

а) Белгілі топқа жататын сөздердің семантикалық жағынан бірыңғайластығы (мысалы, зат есімге заттық атаулар, етістікке қимылдық атаулар жатады) ;

ә) Сөз түрлендіруші грамматикалық категорияларының ортақтығы;

б) Синтаксистік қызметінің ұқсастығы. Бірақ бұл үш белгі сөз таптарының бәрінен бірдей табыла бермейді. Мысалы, зат есім, етістіктен үш белгінің үшеуі де табылады, ал одағайға екінші (морфологиялық) белгі тән емес.

Тілдің байлығы - сөздер алуан түрлі, олар тек мағынасы жағынан ғана емес, грамматикалық құрамы, атқаратын қызметі жағынан да түрлі-түрлі. Тілдегі сөздердің бұл ерекшелігін ғалымдар ерте байқаған. Сонымен байланысты тілдегі сөздерді топтастыру мәселесі туындаған.

Тілдегі сөздерді топтастыру мәселесі тіл білімі ғылымында алғашқы грамматикалардан басталған. Аристотельдің сөздерді есім және етістік деп бөлгені белгілі. Содан бері ғылым дамып, әр тілдің грамматикаларында сөздердің топтары нақтыланып, барған сайын анықталып келеді. Бір тілдін өзінде сөздер әр заманда түрліше топтастырылып отырғаны белгілі. Мәселен, 1914 жылы баспадан шыққан А. Байтұрсыновтың «Тіл құрал» атты оқулығында сөздерді алдымен атауыш сөздер, шылау сөздер деп екі үлкен топқа бөлген. Атауыш сөздерге: зат есім, сын есім, сан есім, есімдік деген бес сөз табын жатқызған. Ал, шылау сөздерге үстеу, демеу, жалғаулық, одағай сөздерді жатқызған. Бұл қазақ тілінде жазылған алғашқы оқулық екені белгілі. Ахмет Байтұрсынов «Тіл құралдың» 1915 жылғы басылымында сөз таптары туралы пікіріне біраз өзгерістер енгізген. Оқулықтың бұл басылымында ғалым сөздерді бұрынғы басылымдағыдай екі үлкен топқа бөлмеген. Сөздерді 9 топқа бөлген: зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, үстеу, демеу, жалғаулықтар, одағай.

Қазақ тілінде сөздер екі түрлі топтастырылады. : 1) сөздерді 3 топқа бөлу; 2) сөздерді әр түрлі жеке-жеке сөз таптарына бөлу. Олардың әрқайсысына жеке-жеке тоқтау қажет.

Тілдегі сөз атаулыны үш топқа бөлу алғаш екі топ ретінде (атауыш сөздер, шылаулар) А. Байтұрсыновтан басталғаны жоғарыда айтылды. Сөздерді бұл тұрғыда топтастыру олардың мағыналық ерекшелігіне, атқаратын лексикалық, грамматикалық қызметіне негізделген. Сөздерді осы түрде топтастыру тек қазақ тіліне ғана қатысты құбылыс емес. Мысалы, 2004 жылғы Д. Э. Розенталь, И. Б. Голуб, М. А. Теленковалардың авторлығымен шыққан «Современный русский язык» атты оку кұралында «самостоятельные и служебные части речи» деп бөліп, одан басқа модаль сөздер, одағай және еліктеуіш сөздер топтары бар деп есептеп және олардың әрқайсысына қысқаша анықтама берген.

Демек, сөздердің бір-бірінен ерекшелігін ашу үшін қолданылып жүрген сөздерді топтастырудың бұл түрі ғылыми негізі бар, тәжірибеде өзін ақтаған, сондықтан ол XXI ғасырда да сақталғаны жоғарыда келтірілген орыс тіл білімінің тәжірибесінен көрінді. Сондықтан бұл топтастыруды артық санайтын кейбір қазақ тілшілерінің пікіріне қосылуға болмайды. Өйткені бұл топтастыруда тілдегі сөздердің жалпы ерекшеліктері ашылады, соған байланысты сөздің ойды білдіретін лексикалық мағыналы топтары анықталады, олардың сөйлемдегі ойды білдірудегі қызметі белгіленеді, сондай-ақ ол белгілері жоқ атауыш сөздерге кызмет ететін де сөздер бары, көмекшілер бары анықталады. Осы екі топтың да қызметін де атқармайтын, тіпті сөйлемге қатыспайтын ерекше топтың бары осы топтастыруда анықталады.

Тіл білімінде сөз таптарының табиғаты жайында әр түрлі көзқарастар мен пайымдаулар бар. Олардың бірі бойынша, сөз таптары сөздердің лексика-грамматикалық категориялары болып саналса, екіншілері бойынша, сөз таптары сөздердің формальды-грамматикалық категориялары, үшіншілері бойынша, сөздердің таза грамматикалық топтары болып саналады.

Сөз таптарын сөздердің лексика-грамматикалық категориялары деп қарайтындар сөздер өзіне тән белгілері, атап айтқанда, семантикалық, морфологиялық және синтаксистік белгілері бойынша топталып, тиісінше белгілі бір сөз табына телінеді деп есептейді. Мысалы, А. А. Шахматовтың пікірі бойынша, әрбір сөз табының мағынасы сөздің негізгі лексикалық мағынасы мен оған қосымша грамматикалық ұғымдардың, грамматикалық категориялардың жиынтығынан құралады. Орыс тіліндегі зат есімдерде негізгі атауыш түсініктер (основные знаменательное представление) грамматикалық жекелік-көптік, тек (род), септік категорияларымен ұштасады да, етістіктерде - грамматикалық шақ, рай, етіс, жақ және т. б. категориялармен ұштасады.

А. А. Шахматовтың бұл жерде «мағына» жайында емес, «түсінік» жайында әңгіме етуінің себебі оның грамматикалық теориясына тән психологизмге байланысты екендігі аңғарылады.

Ф. Ф. Фортунатов және оның мектебі сөз таптарын формальды-грамматикалық (дәлірек айтқанда морфологиялық) категория деп қарады. Ф. Ф. Фортунатов сөздерді «түрленетін» сөздер деп топтастырады да, «түрленетін» сөздерді «жіктелетін» (етістіктер), «септелетін» (зат есімдер) сөздер септелетіндердің ішінде тек (род) категориясына орай сөз түрлендіруші формаларға ие болатын сөздер (сын есімдер) деп іштей жіктейді. Ф. Ф. Фортунатов үстеулерді «түрленбейтін», бірақ сөз тудырушы формаларға ие болатын топқа жатқызады.

Сөз таптарын таза грамматикалық категория деп қарайтын лингвистер де бар. Мысалы, О. П. Суник сөз таптарын классификациялауда тіл білімінде негізге алынып жүрген заттық, атрибутивтік, іс-әрекет (процесс) тәрізділерді лексикалық мағына емес (ал А. А. Шахматов бұларды лексикалық мағынамен ұштастырады), жалпы грамматикалық мағына деп есептейді. Оның пікірінше, заттылық - зат есімдерге тән және оны басқа сөз таптарынан ажырататын жалпы грамматикалық мағына. О. П. Суник сөз таптарының әрқайсысына тән жеке грамматикалық категориялар мен мағыналарды, грамматикалық формаларды сөз таптарын ажырататын белгілер ретінде емес, сөз таптарының әрқайсысының өзіне тән жалпы грамматикалық мағынасынан туатын, соған бағынышты құбылыстар деп қарайды. Сонымен, О. П. Суник сөздерді сөз таптарына классификация жасауда сөз таптарының жалпы грамматикалық мағыналары - заттылық, атрибутивтілік, процессуальдық және т. б. мағыналарды негізге алады да, сөз таптарын таза грамматикалық категория ретінде қарастырады.

1. Сөз таптарына қатысты айтылғандарды жинақтай келгенде, мынандай қорытындылар жасауға болады.

2. Жеке, нақтылы тілдердегі немесе тілдердің тобындағы сөз таптарын айқындап классификация жасауда жеке, нақтылы тілдің немесе тілдер тобының грамматикалық басты ерекшеліктерін есепке ала отырып, сөз таптарының жалпы теориясына сүйену өте-мөте қажет.

3. Сөз таптары - сөздердің лексика-грамматикалық категориясы (топтары) . Олар бір-бірінен жалпы категорияльдық мағынасы мен грамматикалық белгілері жағынан ажыратылады.

4. Сөздердің топтары сөз таптары ретінде қаралғанда, ең алдымен, олардың білдіретін мағыналары, атап айтқанда, заттылық мағына, атрибутивтік мағына, процессуальдық мағына және т. б. түрдегі мағыналар негізге алынады. Сөз лексикалық құбылыс қана емес, мұнымен бірге грамматикалық құбылыс ретінде де танылады. Осыған орай, сөздерді сөз таптарына классификация жасауда олардың грамматикалық белгілері де негізге алынуы тиіс.

5. Сөз таптарының морфологиялық белгісінің мазмұнына сөз тудыру формалары мен сөз түрлендіру формалары енеді. Сөз таптарының әрқайсысының өзіне тән сөз тудырушы арнайы аффикстері болады да, сөз таптары бір-бірінен сөз тудырушы аффикстер арқылы ажыратыла алады. Сөз түрлендіру жүйесі грамматикалық категориялармен ұштасады, жекелік-көптік, септік, тек (род) , шақ, жақ, рай, етіс деп аталатын грамматикалық категориялардың бірі зат есімдерге немесе есімдерге, екіншілері етістіктерге телініп, сөз таптарын саралап ажыратуға көмектеседі.

6. Сөз таптарының синтаксистік белгісінің мазмұнына сөз табының сөйлемде мүше болу қызметі және сөздермен тіркесу ерекшелігі енеді. Белгілі бір сөз табына енетін сөздер сөйлемде белгілі бір мүше болып қызмет атқаруға икемделеді және сөздердің кез келген топтарымен емес, арнаулы бір тобымен тіркеседі, солармен қарым-қатынасқа түседі, өз ара байланысады

Зат есім . Зат есім - есімдер тобындағы сөздердің ішіндегі дербес қолданылатыны. Есімдердің басқа топтары осы зат есімдер айналасына топталып, осыған қатысты ғана қолданылады. Сөйтіп зат есімдер тек заттық мән-мағына туғызушы ғана сөздер емес, соған сәйкес дербес қолданылатын да сөздер.

Қазіргі қазақ тіліндегі зат есім категорияларының негізгі түрлері көне түркі тілінде де кездеседі. Ол тілде де зат есімдер басқа сөз таптарымен салыстырғанда септелетін, көптелетін, тәуелденетін сөздер есебінде ерекшелінген. Зат есімдерге тән грамматикалық категориялардың тұлғалық өзгерістерін, жеке аффикстердің пайда болуын және кейбір семантикалық өзгерістерін де өздерінің негізгі қызметтерінен айнымағандығын байқауға болады. Сондықтан зат есім деп аталатын сөз табының тарихи өзгерісі, оның тарихи жаңаруы туралы әңгіме қозғау мүмкін де бола бермейді [1, 256 бет] .

Сын есім. Сын, сапаны білдірудің лексикалық, грамматикалық тәлілдерінің қалыптасуы. Аффиксация. Сын есімдердің грамматикалық класс ретінде қалыптасуы зат есімдермен байланысты құбылыс. Зат есімдер зат жайлы ұғыммен бірге сын, сапа ұғымдарын да бойына жинаған грамматикалық класс болды. Бүгін тіл білімі тұрғысынан синкретикалық ұғым мен қызсеттегі бұл зат есімдер сөз, сөйлем құрамында суюъекті мен объектіні ғана білдірмей, атрибуттық та мән туғызып, сондай қызмет атқарады. Анықтауыш деп аталатын синтаксистік категория осылай, зат есімдердің сөйлем, сөз құрамындағы қызметінің бір түрі ретінде қалыптасты. Ал анықтауыш қызметінде зат есімдердің қолданылуы, сөйтіп анықтауыш категориясының қалыптасуы бір затты екінші зат арқылы ұғынуға негізделген. Екінші сөзбен, заттарды өзара салыстыру жолымен, бір-бірінен айырым белгілері мен салыстырма артық-кемдігін байқау арқылы жүрді. Сонда тіл құрамында алғаш рет сын, сапаны білдіргендер зат мағыналы сөздер. Ондай сөздер басқа бір сондай сөздермен салыстырғанда белгілі бір затқа не заттар тобына тән қасиет пен ьелгіні айқынырақ, анығырақ білдіретін болады. Айталық, қатты нәрсені, затты таспен теңестіруден барып тас жер, жұмасақ, сысума жерді құммен теңестіруден барып құм жер т. б. сөз тіркестері немесе анықтауыш қызметіндегі сөздердің тобы қалыптасады.

Қазақ тілінде, жалпы түрік телдеріндегі сияқты, байырғы түбір қалпындағы сын есімдер көп емес. Байырғы сын есімдерді салыстыра қарастырғанда, олардың дамуындағы екі түрлі ерекшелікті байқауға болады: біріншіден, кейбір сын есімдер әрі тура мәнде, әрі заттық мән береді. Қазіргі тіліміздегі көк, қара сөздері сондай. Мұндай сөздердің көне дәуір ескерткіштері де осындай екі қилы қолданысы бар. Тіл білімінің зат пен оның сын-сипаты жайындағы ұғым бір дейтін тезисі осындай фактілерге негізделген. Бұл тезис қазіргі тіліміздің фактілерімен де дәлелденеді. Кейбір сын есімдер зат есім тобына, керісінше кейбір зат есімдердің сын есім тобына ауысып отыруы - о бастағы осындай генезистік бірліктің заңды жалғасы [1, 256 бет] .

Түркі тілдеріндегі сын есімдер мен зат есімдердің бір-бірінен саралануы көне дәуірде болған процесс. Енисей-Орхон жазбаларының тіліндегі сын есімдер соншалық көп болмаса да сараланған, дербестелгендігі байқалады. Ол тілде бірсыпыра туынды сын есім жасайтын аффикстер де өз алдына жіктелген топ есебінде көзге түседі [1, 256 бет] .

Сын есімдердің дамуының екінші бір ерекшелігі - байырғы түбірдің мағынасына кеңеюі, жіктеліп саралануы, сөйтіп бір түбірдің бірнеше мағыналық мәндерге ие болуы. Мысалы: көк сөзі. Көне түркі тілінде осы сөз заттың түсі мағынасында екі түрлі мәндерді, сонан соң аспан мәнін берсе, кейін көк шөп мәнінде беретін болған.

Тіліміздегі сан, санақ, мөлшер ұғымды білдіретін сөздер бірнеше түрлі және олар құрамы жағынан да әр түрлі. Сөз таптарының ішінде бір-бірінен өзгеше қалыптасқан, көпшілігінде бір-бірінен алшақ, бір-біріне сай түспей жататын да осы сан есімдер. Рамстедт алтай тілдеріне ортақ сан есім деп тек қана төрт сөзін көрсетеді. Алтай тілдерінде сөз таптарының басқа түрлері негізгі грамматикалық категориялар ыңғайында бір-бірімен байланысып жататындығы мәлім [7, 57 бет] .

Сан есімдер ыңғайындағы бұл ерекшелік, олай болса, халықтардың тарихи даму барысында әр түрлі саяси мәдени, экономикалық жағдайлардың негізінде ғана пайда болуы мүмкін. Кейбір халықтар тілінде сан, санақ, мөлшерді білдіретін сөздердің жат тілдің элементтер негізінде қалыптасу фактілері де соны дәлелдейді. Бұндай фактілер түркі тілдерінде бірсыпыра этимологиясы анық емес сөздердің о баста пайда болуы сондай жа тілдік әсердің нәтижесі емес пе екен дейтін ойға итермелейді. Миллион, триллион тәрізді сөздер кейінгі дәуірлерде батыс тілдерінен келгені анық. Ежелгі түрк тілдерінде мұндай сөздер де, бұндай ұғым да болған емес. Ал түмен сөзі түркі тілінде қолданыс тапқанымен, қазір қолданудан шығуға айналған сан есім. Зерттеушілердің бір сыпырасы бұл о баста моңғол сөзі болса керек дейтін жорамал да айтады [7, 57 бет] .

Тіліміздегі сан есімдерді басқа тілдер материалдармен салыстырғанда, сондай-ақ ескі түркі фактілермен салыстырғанда, олардың бәріне ортақ кейбір жағынан анықталады. Сан есімдердің көпшілігі өздерінің қалыптасу негізі жағынан басқа сөз таптарымен тығыз байланысты болып келеді. Бір кезде зат және қимыл-әрекетті білдірген сөздердің кейбірі адам баласының айналадағы дүние жайлы ұғымдарының дифференсациялануына, адам интеллектуалдық өсуіне байланысты сан, зат пен құбылыстың сандық мөлшерін, шамасын білдіре бастауы әсте жат құбылыс емес. Тілдегі белгілі бір ұғымдар жүйесін білдіретін сөздердің барлығы бірдей тұтасымен басқа, жат тілдерден ауыса бермейді. Өзінде жоқ бірен-саран сөздерді қабылдағанмен, мүмкіндігіне орай өз ішіндік ресурстарды пайдалануға тырысатыны анық. Өйткені жат тілдік элемент қашанда жат, тілдің ішкі заңдылықтарымен бар кезде бірдей естаса брмейтінін былай қойғанда, ондай шеттен енген сөздер бар уақытта тілдің ішкі заңдылықтарына үйлесе де бермейді. Шет аөздердің көпшілігінде тіл көп тұрақтамай, қолданыстан шығып қала беруінің басты бір себебі осында жатыр. Екінші жағынан, басқа сөз таптарынан сандық мән алып, сан есімге ауысқан түбірлер тілдің даму барысында өзара бірігу жолымен немесе аффикстер арқылы күрделеніп отырған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орыс түркологтарының еңбектеріндегі қазақ тілі сөздерінің тапқа жіктелуі
Қазақ тіл біліміндегі сөздердi таптастыру теориясының пайда болуы, дамуы, қалыптасуы
Сөздерді сөз таптарына топтастыру принциптері
Сөз таптарының қасиеттері
Орта ғасырлар лингвистикасы
Үстеулердің үстеулер тіркесі
Ағылшын тілінің сөз таптарын аудару ерекшеліктерін зерттеу
Қазақ тілінде сөз таптастырудың негізгі принциптері туралы
Сөз таптарының орналасу ерекшеліктері
Сөз таптарын топтастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz