Толық омонимдер және жартылай омонимдер
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1 ОМОНИМ ТҮСІНІГІ
0.1 Қазақ тіліндегі омонимдердің тілтанымдық негіздері
0.2 Толық омонимдер және жартылай омонимдер
1 ОМОНИМДЕРДІҢ КОГНИТИВТІ - СЕМАНТИКАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ
0.1 Терминдік, аймақтық омонимдер
0.2 Омонимдерді оқытудың ерекшеліктері мен әдістері
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Қaзipгi тіл білімінде тілдің коммуникативтік қызметінің семасиологиялық, прагматикалық, функционалдық, когнитивтік, психолингвистикалық қырларын кешенді зерттеу қолға алынуда. XXI ғасырда жаңа теориялық-танымдық әдістемеге сәйкес тілді құрылымдық зерттеу жеткіліксіз болып, оны ой-санамен, мәдениетпен және адамның тұрмыс-тәжірибелік қызметімен тығыз байланыста қарастыру қажеттігі туындады.
Ғылымдар тоғысында нeгiзi қаланған тіл біліміндегі когнитивтік бағыттың басты мақсаты - тіл біліміндегі танымдық теорияның ғылыми негіздерін меңгеру, оның басты тұжырымдары мен негізгі қағидалары арқылы студенттердің ой-өpiciн кеңейту; санада тілге дейінгі бейнеленген дүниелердің ішкі мәнін түсіндірудің әдіс-тәсілдерін қарастыру, логикалық-позитивті және эстетикалық таным-білімнің реттелген, жүйеленген, өңдеуден өткен ақпараттарын тіл арқылы іздеп айқындау.
Зерттеу өзектілігі. Тіл білімінде таңбалануы мен дыбысталуы сәйкес келетін сөздер қабатын омонимдер деп атайтындығы белгілі.
Жалпы тіл білімінде омоним мәселесі көптеген ғалымдардың зерттеу еңбектерінде қарастырылып, күні бүгінге дейін жалғасын тауып келеді.
Бір қарағанда қарапайым болып көрінетін бұл құбылыстың білім беруде өзіндік қиыншылықтары да жоқ емес. Осы тілдік құбылысты түсіндіруде, омонимдерге қатысты ұғымдарды атауда бірізділіктің сақталмай отыруы, оларды құрылымдық топтарға бөлуде және қолдану мақсатын айқындауда дәлдіктің жоқтығы және т.б. мәселелер білім беру жүйесінде бірқатар олқылықтардың орын алуына себеп болып отыр. Сондықтан білім беру саласында, оның ішінде болашақ филологотарды, қазақ тілі мұғалімдерін даярлайтын жоғары оқу орнында студенттерге алдымен, омонимдердің табиғатын кешенді түрде меңгерту, яғни омонимнің түрлерін, омонимдік құбылыстың логикалық-тілтанымдық негіздерін айқындай отырып, омонимдердің когнитивті-семантикалық құрылымын жан-жақты игерту өзекті болып табылады.
Зерттеу нысаны: қазақ тіл біліміндегі омонимдер
Зерттеу мақсаты. Омонимдердің қызметін, құрылымын зерттеу
Зерттеу міндеттері:
oo Қазақ тіліндегі омонимдердің тілтанымдық негіздерін сипаттау;
oo Толық омонимдер және жартылай омонимдерге анықтама беру;
oo Терминдік, аймақтық омонимдерді зерттеу.
Зерттеудің ғылыми бoлжaмы. Егер филология мамандықтарының студенттеріне қазақ тіліндегі омонимдерді антропоөзектік парадигма бойынша когнитивтік лингвистиканың зерттеу тәсілдеріне сай қазақ омонимдерінің концепт құрау әлеуетін, омонимдес мағыналардың түрлерін, олардың аражігін айқындаушы факторларларды арнайы курс ретінде оқытса, oндa, біріншіден, омонимдер болашақ филолог мамандардың кәсіби танымдық әлеуетін арттыруға ықпал етеді; екіншіден, студенттердің тілдік дағдылары мен коммуникативтік мәдени құзыреттіліктерін жетілдіреді; үшіншіден, омонимдердің антропоөзектік бағыттағы зерттелімдік табиғаты, этнос дүниетанымымен, психологиясымен ғылымаралық байланысы пән аясында педагогикалық заманауи технологияларды толыққанды қолдануға мүмкіндік береді.
Зерттеу жұмыcының әдіcнaмacын зерделеуде лингвофилософия, психология, педагогика, тілдерді оқыту әдістемесі салаларындағы тұлға дүниетанымын қалыптастыруға, ғаламның тілдік бейнесін меңгертуге, ұлттық сана мен ұлттық кодты игертуге, кәсіби маманның құзыреттіліктерін жетілдіруге қатысты тұжырымдaр мен қaғидaлaр, ұcтaнымдaр мен зaңдылықтaр негіз етіп алынды.
Зерттеу әдіcтері. Жұмыc тaлдaу (cемaнтикaлық, cтилиcтикaлық), жинaқтaу, жүйелеу, cипaттaу, мoдульдеу, эксперименттік тәжірибе жүргізу әдіcтерінің кешенді түрде қoлдaнылуы негізінде oрындaлды.
Құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 ОМОНИМ ТҮСІНІГІ
Омоним сөздер-айтылуы, дыбысталуы бірдей, мағынасы әр түрлі сөздер.
Сыртқы дыбысталуы жағынан омонимдер көп мағыналы сөздерге ұқсас келеді.Омонимдер мен мағыналы сөздердің айырмашылығы: көп мағыналы сөздер бір мағынадан тарағандықтан, түпкі мағынаның бірлігі сақталады,бір сөз табына қатысты болады, омоним сөздер мағыналары жағынан бір-бірінен алшақ болады әрі бір сөз табына жататын сөздер ғана кірмейді, олар әр сөз табынан құрала береді.
Мысалы: жүз.
1) Жүз кітап-заттың санын білдіретін сөз.
2) Жүзі жарқын - бет-әлпетті, түрді білдіретін зат есім.
3) Пышақтың жүзі-пышақтың қайралған, өткір жағы.
4) Суда жүзі-қимыл мағынасындағы сөз.
Омонимдердің жасалу жолдары
1. Түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы : кір+іс.
а) Жұмысқа кіріс - жұмысты баста, істе мағынасындағы етістік.
ә)Кіріс - табыс деген мағынадағы зат есім.
2.Сөздердің фонетикалық өзгеріске ұшырауынан пайда болады: бігіз.
а) Біз-тігін құралының көне дыбысталуы ықшамдалып, біз формасына айналған.
ә) Біз-жіктеу есімдігі: Біз аулаға кірдік.
3.Басқа тілден енген сөздер мен қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің омоним болуы: мата.
а) Кездеме мағынасын беретін араб тілінен кірген сөз.
ә) Байлау мағынасындағы қазақ тілінің сөзі.
1.1 Қазақ тіліндегі омонимдердің тілтанымдық негіздері
Тіл білімінде бірдей айтылып, бірдей жазылатын, бірақ мағыналары әртүрлі сөздерді омонимдер деп атау қалыптасқан анықтама. Бұл термин грек тілінің: homos - бірдей, onyma - атау деген екі сөздің бірігуінен жасалған. Мысалы: Жала - Жалған, нақақ тағылған айып, бәле. Алуаның жүрегiне бұл сұмдық жала қанжар сұққандай болады. Жала - Тілмен жалау, жалап-жұқтау, жалап қою. Болар-болмас қылтанақ болса, қалдырмай жеп, құмның өзiн жалап та қорек алғандай. Осы мысалдардағы белгіленген жала сөздері айтылуы, жазылуы бір болғанымен мағыналарында өзгешеліктер бар. Бір қарағанда тілдегі бұл құбылысты түсіндіру жалпыға бірдей түсінікті, басы ашық мәселе болғанымен, лексикалық қабаттағы осы құбылыстың түрлерін тереңірек қарастырғанда, өзіндік қарама-қайшылықтары да жоқ емес екендігі байқалады [3.91].
Қазақ тіл білімінде, тіпті, осы құбылысқа қатысты қолданылатын терминдердің өзінде де бірізділік сақталмаған. Бұл өз деңгейінде білім алушыларды шатастыруға алып келетіні сөзсіз. Жалпы тіл білімінде аталмыш құбылысқа қатысты омонимия, омонимика, омоним, лексикалық омоним, толық омоним, жартылай омоним, омограф, омофон, омоформа, омонимдік құбылыс және т.б. сияқты терминдер қолданылады. Біз негізгі мәселеге бармас бұрын тіл біліміндегі осы атауларға жекелей тоқталып өтпекпіз. Омонимия деп - тілде екі немесе одан да көп сөздердің айтылуында да, жазылуында да сәйкес келетін лексика-семантикалық құбылысты атайды.
Орыс ғалымы акад. В.В.Виноградов Лексикалық омонимдер деп, жазылуы немесе айтылуында сәйкес келетін, бірақ, семантикасы жағынан мүлдем бөлек сөздерді атайды. Ал орыс тіліндегі барлық омонимдердің жиынтығын омонимика деп атайды [4, 297 б.].
Бұл жерде омонимика термині түсінікті. Осы терминің басқа да сөздіктердегі анықтамалары осымен үндес: 1) Омонимдерді зерттейтін лексикологияның бір саласы. 2) Қандай да бір тілдегі омонимдердің жиынтығы [5].
Яғни омонимика дегеніміз бірінші, ғылым саласы, екінші, белгілі бір тілдегі омоним сөздердің жиынтығы. Ал Е.Тилев пен В.В.Виноградовтан келтірілген анықтамаларынан омонимия мен лексикалық омонимдердің атуларынан болмаса, дефинициясынан соншалықты айырмашылықты байқай алмаймыз.
Бұлардың екеуі де бірдей айтылып бірдей жазылатын сөздер. Біріншісінде лексика-семантикалық құбылыс деп көрсетсе, екіншісінде, семантикалық жағынан сәйкеспейтін сөздер деп көрсетіледі. Енді осы жерде Л.П.Крысиннің сөздігіндегі омоним терминіне қатысты берілген анықтаманы келтірейік: Омоним а, м. (греч. homōnyma homos одинаковый + ōnyma имя). лингв. Слово, по форме совпадающее с другим, но по значению не имеющее с ним ничего общего (напр., бор - химический элемент и бор - сосновый лес) [5,544].
Бұл айтылғандардан омоним терминіне берілген анықтаманың да жоғарыда берілген омонимия мен омонимиканың ешқандай айырмашылығы байқалмайды. Бұлар терминдердегі варианттылық па жоқ мүлдем басқа ұғым болып табыла ма?! Біздіңше, омоним мен омонимия бір ұғымды білдіреді. Олардың екеуі де тіл білімінде омонимге қатысты құбылыстарды атайды.
Дегенмен біз осы құбылысқа қатысты атауларды кең түрде омонимия деп танимыз. Ал лексикалық омоним лексикалық жолмен жасалған омонимдердің атауы болып табылады. Ол жайында төменде тереңірек сөз етеміз. Проф. А.И.Смирницкий омонимдерді толық омонимдер (полные омонимы) немесе лексикалық омонимдер деп атайды да, барлық формаларында емес, тек кейбір жеке формасында ғана омонимдес келетін сөздерді жартылай омонимдер (частичные омонимы) немесе лексика-грамматикалық омонимдер деп атайды. Толық лексикалық омонимдердің қатарына екі сыңары да бір сөз табына қатысты және барлық формаларында омонимдес болып келетін сөздерді жатқызады да, жартылай лексика-грамматикалық омонимдердің қатарына екі сыңары да бір сөз табына қатысты, бірақ барлық формаларында емес, тек кейбір формаларында ғана омонимдес болып келетін сөздерді жатқызады.
Сонымен бірге ғалым А.И.Смирницкий лексика-грамматикалық омонимдерді екіге бөліп, бірін күрделі лексика-грамматикалық омонимия (сложная лексико-грамматическая омонимия), екіншісін жай лексикаграмматикалық омонимия (простая лексико-грамматическая омонимия) деп атайды. Автор екі сыңары да бір сөз табына қатысты емес, әртүрлі сөз табына қатысты омонимдерді күрделі лексика-грамматикалық омонимияның қатарына қосады да, екі сыңары да бір сөз табына қатысты омонимдерді жай лексикаграмматикалық омонимияның қатарына жатқызады.
Бұл жерде ғалымның толық немесе жартылай омонимдер деп отырғаны, толық лексикалық омонимдер немесе жартылай лексикалық омонимдер екендігіне баса назар аудару қажет. Чех ғалымы Богумил Трнка В.Виноградовтың көптеген еңбектеріне сүйене отырып өзінің Замечания об омноимии атты мақаласында омонимдердің негізгі түрлері мен олардың тілде пайда болуын нақтылап көрсетеді. Ол омонимдерді септегенде барлық парадигмада бірдей септелуіне байланысты омонимдерді толық немесе жартылай омонимдер деп бөліп көрсетеді. Б.Трнканың көрсетуінше, толық омонимдерге бір сөз табындағы сөздерді жатқызады. Оларға орыс тіліндегі грамматикалық деңгейде түрлендіргенде де (жекеше және көпше түрде), фонетикалық деңгейде де (бірдей дыбысталып, бірдей таңбаланатын) ешқандай айырмашылық болмайтын наряд - киім және наряд - өкім деген сөздерді мысал ретінде келтіреді.
Тіл білімінде омонимдерге жасалған құрылымдық-мазмұндық жіктемелердің атаулары түрліше болғанымен, оларды топтастыру принциптері бір-бірінен алшақ кете қоймайды. Қазақ тіл біліміндегі омонимдерді бұлай жіктеу бізге дейінгі зерттеулерде орын алған. К.Аханов омонимдік қатарлар құрамын екі, үш, төрт кейде одан да көп сөзден тұратын омонимдік қатарлар деп бөле отырып, омонимдік қатарға енетін омонимдерді құрамына қарай түбір және туынды омонимдер деп жіктейді [6,546].
Тілдегі жалпы үрдіс бойынша әртүрлі мағына әртүрлі формада көрінеді. Алайда омонимия құбылысы бұл қағиданы бұзады. Омонимдерді жеке тұрғанда анықтау мүмкін емес. Оның омонимдік қасиеті тек сөйлемде, мәтінде ғана белгілі болады.
М.И. Фомина омонимдерді жай немесе түбір және туынды деп бөліп, түбір омонимдер зат есімдерден жасалады десе, О.С.Ахманова туынды омоним дегеніміз морфологиялық құрылым негізінде жасалған сөздер болып табылады дей келе, олардың бес түрлі жолмен ажыратылатындығын ашып көрсетке. Жұмысымызда жай омонимдер деп түбір негізді, бірдей айтылып, бірдей таңбаланатын екі немесе одан да көп сөздер қатарын, ал туынды омонимдер деп сөзтудырушы, сөзтүрлендіруші қосымшалардың негізінде бірдей айтылатын немесе бірдей таңбаланатын екі немесе одан да көп сөздер қатарын танимыз. Қазақ тіліндегі толық омонимдерге мынадай мысалдарды жатқызамыз: Ақ - Мал семірер, ақ пенен ас көбейер, Адамзаттың көңілі өсіп көтерілер. Ақ - Қардың, сүттің түсіндей аппақ түс. Ортасында бес үлкен ақ үйлер бар, көп үйлi ауыл - Абайдың екi шешесi Ұлжан мен Айғыздың аулы. Ақ - Судың өз арнасымен төмен қарай жылжуы, бір орында тұрмай ілгері қозғалып отыруы. Сұрауын табамын, қалауын табамын деп жүріп қорлықпенен өмір өткізгенше, малды не жерден сұрау керек, не аққан терден сұрау керек қой (Абай) және т.б.
Бұлардан бөлек бірдей жазылғанмен айтылуында өзгешеліктер бар сөздер тобы немесе, керісінше, бірдей айтылғанмен жазылуында өзгешелік бар сөздер тобы да бар. Енді бірқатар сөздер тобы грамматикалық түрлену кезінде толық лексикалық мағыналы сөздермен бірдей айтылады немесе айтылуы бірдей, бірақ морфемалық құрамы бөлек сөздер қатары да кездесіп қалатынын жоғарыда сөз еткен едік. Мұндай сөздер тобын жартылай омонимдер деп атайды[7,44].
Орыс тіл білімінде жартылай омонидердің түрлері ретінде
1. Омофóндар - айтылғанда бірдей дыбысталатын, бірақ, формасы мен мағынасы әртүрлі, яғни, жазылғанда айырмашылығы бар сөздер: луг (алаң) - лук (садақ), бал (би кеші) - балл (баға).
2. Омóграфтар - мағыналары да дыбысталулары да әртүрлі, бірақ бірдей таңбаланатын сөздер: атлáс (мата) - áтлас (географиялық карталар жиынтығы), зáмок - замóк.
3. Омоформалар (морфологиялық омонимдер) - бір немесе бірнеше грамматикалық формамен келген, дыбысталғанда да айтылғанда бірдей сөздер: рой (зат есім) пчел - рой (етістік) яму, дорóгой (зат есім) - дорогóй (сын есім), новая (зат есім) пила - пила (етістік) кофе, жгут (етістік) траву - медицинский жгут (зат есім) көрсетіліп жүр.
Омонимдердің омофон, омограф, омоформа деп жіктелінуі лексикаморфологиялық және фонетикалық ерекшеліктеріне байланысты. Осыған сәйкес омонимдерді шартты түрде
1) лексикалық омонимдер;
2) графикалық омонимдер;
3) фонетикалық омонимдер;
4) морфологиялық немесе грамматикалық омонимдер деген топтарға бөлінеді.
1.1 Толық омонимдер және жартылай омонимдер
Толық омонимдер. Тілімізде омонимдерді алғаш рет арнайы зерттеу нысаны етіп алып, жан-жақты саралаған ғалым - К.Аханов. Ғалымның Қазақ тіліндегі омонимдер атты еңбегінде омонимдердің шығу тегі, жасалу жолдары құрылымдық тіл білімі тұрғысынан терең зерттелген.
Әрине омоним мәселесі бұған дейінгі еңбектерде де назардан тыс қалған емес: Ғ.Мұсабаев, І.Кеңесбаев, Г.Қосымова, Р.А.Садықбеков, Ә.Тілеукеев , А.Құрманалиева , Е.З.Қажыбеков , Ғ.Резуанова, А.Османова, О.Ахманова, Р.Барлыбаев, Б.Ш.Мұхамеджанов, Ш.Жалмаханов , М.Сабыров, А.Әдішева, Ш.Зекенова, Б.Қалиев, Ә. Болғанбаев. т.б. атауға болады. Сондай-ақ біз омонимдерді корпустық лингвистика тұрғысынан да қараған едік.
Түркі тіл білімінде омонимияның әр қырлы жақтары М.Миртаджиевтің, М.Х.Ахтямовтың , Р.Бекджанованың, Е.Семенованың т.б. зерттеушілердің ғылыми еңбектерінде сөз етілген. Қазақ тіл білімінде омоним сөздерге былайша анықтама беріледі: Шығуы жағынан да, мағына жағынан да басқа-басқа, тек айтылуы ғана бірдей сөздерді омоним дейміз. Тіл білімінде омонимдерге берілген анықтамалардың берілу формалары түрліше болғанымен, мағынасы осы анықтамаға саяды.
Ғалым К.Аханов омоним сөздер әртүрлі мағынада келіп әрі полисемия құбылысына жатады, сонымен бірге мағыналық жақтан бір-бірімен ұштаспай омоним де бола алады дей келіп, қара деген сөздің әртүрлі қатынаста келуін, қай мағынада қолданылғанын, қандай-қандай мағыналық реңкі бар екенін мәнмәтінде (контексте) айқындап ажыратуға болтындығын сөз етеді[9,131].
Келтірілген мысалдардың шығу тегіне үңілсек, олардың пайда болуында танымдық қызметтің айқын байқалып жатқандығын көруге болады. Ол жайында келесі тараушаларымызда сөз етеміз. Тіл білімінде омоним сөздердің пайда болуы туралы үш түрлі көзқарас қалыптасты: бірінші көзқарасқа сәйкес омонимдерге дыбыстық кешеннің кездейсоқ сәйкес келуі нәтижесінде пайда болған этимологиялық (гетерогенді) омонимдер ғана жатқызылады (Ж.Жильерон, Р.И.Меннер, Ж.Орр, В.И.Абаев); екінші көзқарас бойынша лексикалық омонимдердің жасалуының екі негізі болады:
а) әртүрлі сөздер мен формалардың (кірме сөздерді қоса алғанда) фонетикалық конвергентті эволюциясы;
ә) бір сөздің семантикалық дивергентті эволюциясы (Л.А.Булаховский, Р.А.Будагов, К.Нюроп, С.Ульман); үшінші көзқарасқа сәйкес омонимдер сөзжасамдық процестің нәтижесінде жасалуы мүмкін (В.В.Виноградов, А.И.Смирницкий, Ю.С.Степанов, Ш.Балли).
Олардың негізгілері омонимия құбылысы ертеректе сөздердің затты, құбылысты немесе іс-әрекетті бірдей атап, содан кейін барып олардың мағыналық реңктері ажырап, жеке-жеке мағыналық бірлік ретінде қалыптасуынан басталса керек дегенге саяды. Бұған түркі тілдерінде, соның ішінде қазақ тілінде ерте кезден бері әрі есім, әрі етістік мағынасында қолданылып келе жатқан, әбден қалыптасқан омоним сөздердің жиі кездесуі дәлел бола алады. Мысалы: қаз, қыс, жаз, ат, қой, құс, ас, аш, шаш, ой, бүр, бу, ту тәрізді есім-етістік омонимдер бар. Әрі есім, әрі етістік мағынасындағы омонимдердің дыбысталуы жағынан бірдей болып, лексикалық мағынасы жағынан өзара ұштасып жатуы бұлардың қалай да бір негізден шыққандығын білдіреді.
Проф. П.М.Мелиоранский зат есім мен етістік түбірінің бірдей болуы тілдің ертерек кездегі дәуірінде зат есім мен етістік түбірінің дифференцияланбауының көрінісі дейді. Бұл ретте ғалым түркі тілдеріндегі кейбір есім сөз түбірі мен етістік сөз түбірінің біркелкі болып келуін көрсетіп, ертеректе түркі тілдерінде түбірлер етістік және есімдер болып дәл қазіргідей қатаң түрде ажыратылып бөлінбегендігін атап көрсеткен. Ал Н.А.Баскаков түркі тілдеріндегі той, сал, үй, ой сияқты сөздерді әрі есім, әрі етістік мағынасындағы алғашқы көне түбірлер және бұла Толық омонимдер толық лексикалық омонимдер, жартылай лексикалық омонимдер деп екіге жіктеледі.
Толық лексикалық омонимге лексикалық омонимдер, жартылай лексикалық омонимге лексика-грамматикалық және аралас омонимдер жатады. Грамматикалық мағынасы жағынан бірдей, лексикалық мағынасы жағынан әр басқа бір сөз табына жататын сөздерді лексикалық омонимдер деп, сыңарлары әр сөз табына жататын және кейбір формаларында бірдей жазылып, бірдей дыбысталатын, грамматикалық мағынасы жағынан ажыратылатын сөздерді лексика-грамматикалық омонимдер деп танимыз, ал сыңарлары бірі екіншісіне лексикалық омоним, екіншісіне лексика-грамматикалық омоним болып келетін немесе барлық сыңарлары лексика-грамматикалық омоним болатын сөздерді аралас омонимдік қатарға жатқызамыз[10,104].
Жартылай омонимдер. Жартылай омонимдерге біз омограф, омофон, омоформаларды жатқызамыз. Омографтар. Қазақ тіл білімінде бұл құбылыс туралы екі түрлі көзқарас бар. Бірі - қазақ тіл білімінде омографтар бар десе, екінші көзқарасты ұстанушылар омографтар жоқ дегенді айтады. К.Аханов Біркелкі жазылып, екпіннің алмасып түсуіне байланысты түрліше айтылатын сөздер омографтар деп аталады. рдың шығу тегі бір деп қарайды.
2 ОМОНИМДЕРДІҢ КОГНИТИВТІ - СЕМАНТИКАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ
Когнитивтік лингвистика - тіл мен сана сабақтастығынан туындайтын мәселелерді, ақиқат дүниенің тілдегі бейнесін концептуалдау, категориялау мәселелерін, адамзаттық тәжірибелер мен когнитивтік қабілеттерінің тілдік жүйедегі құндылықтардан көрінуін, тіл арқылы адамзаттың аялық білімін тану ерекшеліктерін зерттейтін тіл білімінің бағыты.
Когнитивтік лингвистика аясында тілдік жүйедегі мағына мен ұғым айырмашылықтары, мағынаның семантикалық реңктерін анықтау жолдары, ақиқат дүниенің тілдік таңбасын тану заңдылықтары қалыптаса бастады.
Қазақ тіл білімінде когнитивтік зерттеулер ХХІ ғасырдың басында жүргізіле бастады. Алғашқы зерттеулер профессор Н.Уәли еңбектеріндегі мәдени концептілердің лингвокогнитивтік талдау жұмыстарында көрініс тапты.
Қазақ тіл білімінде соңғы кездері когнитивтік лингвистика мәселелеріне ерекше көңіл бөліп зерттеу нысанына айналдырған Г.Гиздатов, Қ.Жаманбаева, Ж.Манкеева, Э.Сүлейменова, А.Ислам, Г.Снасапова, М.Күштаева, Н.Айтова, Қ.Есенова, А.Әмірбекова, А.Сыбанбаева, Э.Оразалиева секілді зерттеушілер бұл мәселені когнитология, лингвомәдениеттану салалары тұрғысынан қарастырды. Антропоөзектік парадигмада анықталатын когнитивтік лингвистика ғылымының негізгі ұғымдарының бірі - концепт. Концептінің мәнін ашу сана заңдылықтарына тікелей байланысты. Профессор Н.Уәлидің зерттеуі бойынша: Концепт - индивид санасында сәулеленген сезімдік-заттық образдың негізінде пайда болады. Концепт негізінде сезімдік тәжірибе жатады. Сезімдік-заттық образ (код) концептінің ядросы болып табылады. Осы заттық код белгілі бір объектіні терең, жан-жақты білген сайын жаңа мәндік белгілерімен байи түседі. Осының нәтижесінде концептінің мәні, мазмұны ұлғаяды[11,828].
Когнитивтік лингвистика - адам санасында тілге дейін жарыққа шыққалы тұрған ойы мен пайымын жинақтау, дайындау, тілдің қай бірліктерімен беру қажеттілігін таңдау процестерін қарастыратын тіл саласы. Омонимдердің танымдық жағынан ең алғаш қарастырған ғалым Г.Қосымова Көне түркі тіліндегі бастапқы түбірден түрлі сөзжасамдық тәсілдермен жасалған туынды сөздер көне түркілердің әлемді тану танымынан хабардар етеді, тілдегі әрбір лексикалық бірлік қазіргі тілге дейін сақталып келген тілдік жүйенің заңдылықтарын сақтай отырып, шындық болмыстағы реалийлерді анықтауға мүмкіндік береді. Мән берілген нысанның ерекше белгілеріне қарап пайымдау жасап, тілдік құралдарды таңдау негізінде атау беріп, атаудың мазмұнында табиғаттан ажырамаған адамдардың таным-түсінігі жатады - деп, омонимдердің пайда болуында затты тану, тани отырып өзіндік атау беру жағына кеңірек тоқталады.
Санада болатын когнициялық құбылыстарды адамның вербалды және бейвербалды әрекеттері арқылы тануға болады. Ал оның вербалды жеткізген ақпараты арқылы аялық білімін анықтай аламыз. Когнитивтік лингвистиканың зерттеу тәсілдері тек мағына, ұғым мәнін анықтауда белсенді қызмет атқара алатын қасиетін пайдалана отырып, қазақ омонимдерінің концепт құрау әлеуетін тануда, омонимдес мағыналардың түрлерін, олардың аражігін айқындап алуда негізгі зерттеу әдісі ретінде таңдап алдық.
Сондықтан омонимдердің лингвокогнитивтік әлеуетін былайша талдап көрсетеміз. Қай тіл болмасын омонимдердің көп болғанын қаламайды. Дегенмен, бұл - тілдің заңдылығы. Қазақ тілінде де уәжді және уәжсіз омонимдер көптеп кездеседі. Әсіресе, ұлттық заттық-мәдени ұғымдардың бірдей дыбысталуы, омоним қалыптастыруы жиі кездеседі. Мәселен, тілімізде АҚСҮЙЕК екі қатардан тұратын омоним сөз. Ақсүйек (аристократ), ақсүйек (ұлттық ойын). Аталмыш омонимдердің түпкі уәжі бір - сүйегінің ақ болуы. Ақсүйек (аристократ) ұғымында ақ - бейнелі мағынада, яғни текті ұрпақтың жалғасы деген мәнде қабылданған, ал ақсүйек (ұлттық ойын) ұғымындағы ақ - сүйектің табиғи түсіне тән берілген тура мағына. Сүйектің бойындағы фосфордың әсерінен сүйек түнгі қараңғыда аппақ күйінде жарқырап көрінеді. Осы қасиетіне орай атауыш мағынаға ие болған.
Үшінші омоним - ақсүйек болу фразеологиялық тіркес құрамындағы ақсүйек мағынасы - қу сүйек болу, еті жоқ, сүйегі адырайып көрініп тұратын визуалды қабылдау нәтижесінде туындаған ұғым. Демек, ақсүйек омонимдері әртүрлі мағынада әртүрлі заттық, болмыстың атауын білдіргенімен, түбіндегі уәжі, архетипі - сүйек, адамның жаратылысының бір бөлшегі[12,752].
Ақсүйек - концепт. Ақсүйек - лингвомәдени бірлік. Ендігі кезекте, лингвоконцептуалдық талдау жүргізу арқылы концепт пен лингвомәдени бірліктің мәдени кодын ашуға тырысайық.
Философиялық түсінік бойынша, АҚСҮЙЕК - хандық дәуірдегі қазақ қоғамында айрықша құқықтар мен ерекше артықшылықтарға ие болған таңдаулы әулет өкілдері, әлеуметтік жік, төрелер, қожалар мен сейіттер.
Дәстүр бойынша қара халыққа үстемдік етуші таңдаулы әулеттердің өкілдері ақсүйек саналған. Ақсүйектердің бұқарадан бөлек айрықша құқықтары мен артықшылықтары болған. Мемлекеттік билік ақсүйектер қолына берілген. Өркениет жемісін де солар пайдаланған. Қазақтар текті, бекзат, бек лауазымын иеленген кісілерді асыл, ақсүйек деп құрмет тұтқан.
Қазақ тарихында Шыңғысханның ұрпақтары - хан, сұлтандар ақсүйек саналып келді. Олар төре аталып, халықтың ерекше ілтипатына бөленді. Патшалық Ресей өкіметі ақсүйектердің ықпалын шектеді, ал Кеңестік дәуірде ақсүйек әулетінің өкілдері саяси қуғынға ұшырап, жапа шекті. Қазақ халқының дәстүрлі дүниетанымындағы ақсүйек ұғымы әлеуметтану ғылымындағы аристократия, элита ұғымдарына жақын келеді.
Ұлттық түсінік бойынша, АҚСҮЙЕКТЕР - аристократ сөзінің қазақы мағынада айтылуы. Қазақта сүйек адам тегінің асыл, не қарапайым болуының символ сөзі ретінде қолданылған. Әдетте тегің кім дегенді кейде сүйегің қайсы ел деп те айтатыны бар. Қазақтың дәстүрлі сөздерінде ақсүйек, қарасүйек, сарсүйек деген сөздер кездеседі. Қара сүйек - бұл қарапайым адамдар. Сары сүйек деген бұл - құдандалы байланысты көрсетеді. Ал, ақсүйек деген арғы атасынан қаракөктің тұқымы дегенді білдіреді. Қазақта Шыңғысханның үлкен ұлы Жошыдан тараған Төрелер сондай ақсүйектер ретінде Қазақ хандығы кезінде елді билеу құқын өз қолына алған болатын. Ақсүйектер қара қазақпен араласуда белгілі шек қойды. Мысалы, өздерін пайғамбардан тарататын Сейіттер әулеті әртүрлі әлеуметтік жіктерден қыз алғанымен, өз қыздарын басқаларға бере бермеген. Өйткені сейіт қызынан туған бала, ата-тегіне қарамай, Мұхаммед пайғамбар әулеті сейіттердің барлық құқығы мен артықшылығына ие болып отырған. Сейіт болу құрметі қымбат бағаланғаны, олардың өз қатарына өзгені жолатпауға тырысқаны соншалық, XVIII-XIX ғ. тіпті Шыңғыс тұқымына жатпайтын Түркістан билеушілерінің кейбірі өз ұрпақтарының дәрежелері мен құрметті теңеулеріне сейіт деген жоғары атақты қосу үшін Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбар әулетінен зорлықпен қыз алып отырған деп жазады тарихшы Т.И.Султанов[13]
Қазақтың дәстүрлі дүниетанымында СҮЙЕК - ұрпақ, бала, ата-тек, туыстық ұғымдарын білдіреді. Сүйектің осылайша ұлт танымында құндылыққа ие болуы аталмыш сөздің концепт құруына негіз болып тұр.
Фреймдік түсінік бойынша:
1. Сүйек - адамның жаратылысы. Фреймдік түсініктегі сүйек қазақ тілінде мінез, дене бітімнің сипатын, шаршау, әлсіреу, жүдеу, арықтау, т.б ұғымдарын беруде белсенді көрініс ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz