Макроэкономикалық саясат түсінігі және оның мақсаттары


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   

Титулка үшін

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1 МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТТЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ ЖӘНЕ СИПАТЫ . . . 5

  1. Макроэкономикалық саясат түсінігі және оның мақсаттары . . . 5
  2. Макроэкономикалық саясаттың құралдары және тиімділігі . . . 11

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТЫ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ . . . 20

2. 1 Қазақстанның макроэкономикалық саясаты және жергілікті бюджетті реттеу формалары . . . 20

2. 2 Макроэкономикалық саясатты басқарудың шетелдік тәжірибесі . . . 22

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 27

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 29


КІРІСПЕ

Қурстық жұмыстың жалпы өзектілігі. “Мықты стратегияға ие болып әрi табандылық таныта отырып, бiз жолымызда кездесер кез келген күрделi кедергiлердi абыроймен еңсере аламыз”- дейдi Қазақстан Республикасының президенті Н. Ә. Назарбаев.

Макроэкономика ғылым ретiнде экономикалық құбылыстар мен үрдiстердi экономикалық теориялар мен үлгiлер түрiнде жүйелеп қорытуға арналған. Мұнда экономика бiртұтас жүйе ретiнде қарастырыла отырып, тауарлар өндiрiсi мен қызмет көрсетудiң жалпы көлемiн және оның өсуiн, инфляция қарқыны мен жұмыссыздық деңгейiн, валюталардың айырбас бағамдары мен төлем балансының жағдайын зерттейдi. Сондай-ақ макроэкономика өндiрiс көлемiнiң, жұмысбастылықтың, тауар мен ақша нарықтарындағы тепе-теңдiктiң ұзақ мерзiмдегi өзгерiстерiмен қатар, экономикалық айнымалылардың қысқа мерзiмдi тербелiстерiн зерттейдi.

Макроэкономика жалпы экономиканың жедел дамуы немесе оның құлдырауы тұсындағы жағдайы, өндiрiлетiн өнiмнiң өсуi мен инфляция мен жұмыссыздық кезеңiндегi төлемнiң балансы, айырбас курсы туралы түсiнiк бередi. Сонымен бiрге макроэкономика экономикалық өзгерiстерге, оның iшiнде экономикалық қаржылық саясатқа, тұтыну және қаржы, доллар мен саудадағы байланыстарға, жалақы мен баға өзгерiстерiне, ақша қорына, мемлекеттiк бюджетке база назар аударады. Қысқаша айтқанда, экономиканы даму барысындағы әр алуан пiкiр-таластарды, бүгiнгi таңдағы экономикалық проблемаларды да кеңiнен қарастырады. Тұрмысқа қажеттi тауарлардың көлемiн, ұлттық экономиканың әрекеттестiгi, шаруа қожалықтары мен фирмалар жұмысын, нарық бағасын анықтайды. Нарық туралы сөз болғанда, алдымен жалпы ауыл шаруашылық өнiмдер, медициналық қызмет пен бөлшек сауда еске түседi. Ал баға жайына келсек, жұмысшы еңбегiн дәрiгер еңбегiнен ЭВМ бөлшектернiң бағасын, Рембрандт суреттерiнiң бағасы арасындағы өзгешелiктердi ажырата бiлу қарастырылады.

Макроэкономика миркоэкономикамен тiкелей байланысты. Жеке өнеркәсiптiң базасын зерттеу барысында микроэкономика басқа өнеркәсiптiң бағаларын назардан тыс қалдырмайды. Микроэкономикада тұтынудан түсетiн табысты әр түрлi тауарларға бөлу көзделсе, макроэкономикада керiсiнше, сол екi аралықтағы өзгерiстер зерттелiнедi.

Курстық жұмыстың мақсаты, макроэкономикалық теориялардың пайда болуын, макроэкономикалық көрсеткiштердi, макроэкономикалық тепе-теңдiк және олардың байланысын ашып қарастыру болып табылады.

Аталған курстық жұмыстың басты мақсаты мемлекеттің макроэкономикалық саясатын сипаттап, оның мақсатына, құралдары мен тиімділігіне тоқталу болып табылады.

Аталған жұмыстың мақсатына сүйене отырып, біз келесідей міндеттер алдымызға қоямыз:

макроэкономикалық саясат түсінігі және оның мақсаттарын сипаттау;

макроэкономикалық саясаттың құралдары және тиімділігін анықтау;

Қазақстанның макроэкономикалық саясаты және жергілікті бюджетті реттеу формаларын, макроэкономикалық саясатты басқарудың шетелдік тәжірибесіне тоқталу болып табылады.

Курстық жұмыстың құрылымы. Аталған тақырыпта жазылған курстық жұмыстың көлемі кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТТЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ ЖӘНЕ СИПАТЫ

1. 1 Макроэкономикалық саясат түсінігі және оның мақсаттары

Макроэкономика - экономикалық теорияның экономиканы тұтастай зерделейтін бөлімі. Макроэкономика экономикалық циклдік кезеңдер мен экономикалық өрлеу, жұмыспен қамтылу, инфляция мәселелерін, жалпы экономика ауқымындағы басқа да мәселелерді, сондай-ақ ұлттық экономикалардың қарым-қатынасын зерттейді. Экономистер, әдетте, экономикадағы үдерістердің бәрін - жиынтық өндірісті, бағаның жалпы деңгейін, экономикалық саясаттың мақсаттары мен міндеттерін, сыртқы сауданы, жұмыссыздықты, мемлекеттік сектордың жұмыс істеуін, т. б. зерделеуді “макроэкономикалық теория” деп атайды. Қазіргі заманғы экономикалық теорияны ерекше зерделеу ісі 20 ғасырдың 1-жартысында басталды және ол америкалық экономист Дж. М. Кейнстің (1883 - 1946) есімімен, оның “Жұмыспен қамтудың, пайыздың және ақшаның жалпы теориясы” (1936) деген кітабымен байланысты болды[1] . Нарықтық экономикаға көзқарастың жаңа жүйесі баяндалған бұл еңбек 20 ғасырдағы экономика ғылымының бетбұрысты кезеңімен тұспа-тұс келді және макроталдаудың дамуына қуатты серпін берді. Макроэкономика одан әрі Кейнстік идеяларды тереңдету бағытында да, оларды нарықтық экономика туралы классикалық түсініктер негізінде қайта қарау жолымен де өрбіді. Макроэкономиканың дамуы мен қалыптасуына елеулі үлес қосқан ғалымдар: ағылшын экономистері Р. Харрод (1900 - 1978), Дж. Хикс (1904 - 1989), америкалық экономистер В. Леонтьев (1906 - 1999), М. Фридмен (1912 ж. т. ), Р. Лукас (1937 ж. т. ), т. б. Макроэкономикалық талдаудың негізгі әдісі - [макроэкономикалық үлгілер] . Үлгілерді жасау кезінде жалпы ұлттық өнім (жалпы ішкі өнім), ұлттық табыс, бағаның орташа деңгейі, т. б. сияқты жиынтық және біріктірілген көрсеткіштер пайдаланылады. Макроэкономика шеңберінде зерттелетін мәселелерге теориялық талдау жасалып қана қоймай, сонымен бірге, экономикалық саясат жүргізу жөнінде ұсыныстар әзірленеді. Экономикалық саясаттың стратегиялық және тактикалық міндеттерін айқындау, құралдарды таңдау, мақсаттарды үйлестіру - қазіргі заманғы макроэкономиканың аса маңызды құрамдас бөлігі;

жан-жақты көрсеткіштерді бағалауға негізделген экономикалық талдау әдісі. Макроэкономикалық талдау нышандары саяси экономияның классикалық мектебінің өкілдерінде ғана кездесетін. Француз экономисі Ф. Кенэнің (1694 - 1774) экономикалық кестесі алғашқы макроэкономикалық үлгілердің бірі болып табылады. [2]

Макроэкономика өндірушілер мен тұтынушылардың іс-әрекеттерінің мотивациясын зерттейді, сонымен қатар, ол бәсекеліктің әр түрлі болған жағдайындағы солардың (өндірушілер мен тұтынушылардың) тауар нарығындағы жоне өндіріс факторлары нарығындағы өзара әсер ету механизмін зерттейді. Макроэкономика экономиканың тұтас болып қызмет етуін зерттейтін, экономикалық теорияның бөлшегі, тармағы болып табылады. [3]

Макроэкономикалық дәрежеде зерттелетін негізгі мәселелер:

ұлттық өнім және ұлттық табыстың мөлшері мен құрылымын анықтау;

ұлттық экономика масштабында жұмыспен қамтуды реттейтін факторларды айқындау;

инфляцияның табиғатын талдау;

экономикалық өсудің механизмі мен факторларын зерттеу;

• экономикадағы циклдық ауытқулар мен конъюнктуралық өзгерістердің себептерін зерттеу; • ұлттық экономикалардың сыртқы экономикалармен өзара әсерлерін зерттеу; • мемлекеттің макроэкономикалық саясатының мақсаттарын, мазмұны мен формаларын теория жүзінде дәлелдеу.

Экономикалық процестер мен құбылыстарды зерттеудің макроэкономикалық бағыттарының ерекшеліктері болады.

Біріншіден, ол тұтас экономиканың дамуын немесе дәрежесін сипаттайтын агрегаттық көрсеткіштердің қалыптасуының принциптерін, яғни ұлттық табыстың, жұмыспен қамту және инвестициялардың жалпы көлемін, бағалардың жалпы дәрежесін, экономикалық өсудің қарқынын, т. б зерттеуді кездейді. Нарықтық экономиканың негізгі субъектілері (өндірушілер мен тұтынушылар) агрегатталған жиымтықтар деп қаралады.

Осының нәтижесінде экономикалық агенттердің іс-әрекеттерінің мотивтері былай тұжырымдалады: барлық бір-бірімен байланысты ұлттық өнім шығаратын өндірушілер біріктіріліп бір тұлға - жиынтық өндірушілер деп қаралады; ал өндіріс факторларын сатып, түскен табысқа нарықта осы ұлттық өнімге сұраныс жасайтын барлық тұтынушылар, біртұтас жиынтық тұтынушы деп қаралады.

Екіншіден, макроэкономикалық талдауда, жеке нарықтардағы өндірушілер мен тұтынушылардың шешімдері және іс-әрекеттері бір-бірінен тәуелсіз деп қаралса, экономиканы тұтас зерттеу, экономикалық субъектілердің өзара әсер етулерін өзара байланысты нарықтар жүйесі арқылы қаралуын талап етеді.

Үшіншіден, макроэкономикалық талдауда, экономиканың болмысы мен дамуын белгілейтін экономикалық субъектілердің саны көбейеді. Осы субъектілердің құрамына өндірушілер мен тұтынушылардан басқа, экономикаға әсер етуі зерттеудің объектісіне айналып отырған мемлекет кіреді. Бұдан басқа, ұлттық экономиканың ашық үлгілерінде макроэкономикалық талдаудың субъектерінің құрамына жиынтық өндірушілер мен тұтынушылар және басқа елдердің үкіметтері енеді. Микроталдауда, әдетте, фирманың, немесе, салалық нарықтың қызмет етуіне сыртқы экономикалық факторлардың әсері қаралмайды. [4]

Микро- және макродәрежеде позитивтік және нормативтік экономика талданады. Позитивтік бағытта экономикадағы ақиқат байланыстар зерттеледі; экономиканың әр түрлі аспектінің қызметіне және оның негізгі субъектілерінің әрекеттеріне баға беру нормативтік бағытта байқалады. Макродәрежеде көбінесе мемлекеттің экономикалық саясаты талданады.

Макроэкономикалық саясат - экономиканы тиісті деңгейде ұстау, оның тұрақты жұмыс атқаруын қамтамасыз ету мақсатымен мемлекеттің экономиканы реттеуге бағытталған іс-әрекеті.

Макроэкономикалық саясаттың құралдары бұл жұмыспен қамтудың көрсеткішін, ұлттық өндірістің ұлттық көлемінің тұрақтылығын, бағаның тұрақты дәрежесін макроэкономикалық механизм арқылы қоғамның ұстап тұруын қамтамасыз ететін діңгегі.

Макроэкономикалық саясат - экономиканы тиісті деңгейде ұстау, оның тұрақты жұмыс атқаруын қамтамасыз ету мақсатымен мемлекеттің экономиканы реттеуге бағытталған іс-әрекеті.

Макроэкономикалық реттеу - экономиканы басқару тәсілі. Макроэкономикалық реттеу жалпы елдің экономикалық жүйесінің жұмыс істеуіне бағытталған. Макроэкономикалық реттеуде нарыққа қатысушылардың іс-қимыл ережелері белгіленіп, қажет болған жағдайда түзетулер енгізіліп отырады. Бұл мағынадағы нарықтық қатынаста макроэкономикалық реттеу мен шаруашылық жүргізуші субъектілердің өзін-өзі реттеуі ұштастырылады.

Қазіргі макроэкономика ғылымының негізін салушы ретінде атақты ағылшын экономисі Джон Мейнард Кейнстің (1883-1946) 1936 жылы шыққан «Жұмыспен қамтудың, ақшаның және пайыздың жалпы теориясы» деген еңбегінде сол уақытта мемлекеттің дұрыс ұйымдастырылған және жоспарланған бюджет - салық және ақша - несие саясаттары арқылы сол жұмыссыздықты қысқарта және экономикалық дағдарыстардың ұзақтылығын төмендете отырып ұлттық өндіріске ықпал жасауға болатындығы жөніндегі мәселелерді дәлелдеуге тырысты. .

IS-LM үлгісі (инвестиция, қор жинағы және ұнамды өтімділік ақша) жиынтық сұраныс функциясын анықтау үшін қажетті, экономикалық факторды айқындайтын тауар ақша тепе теңдікті орнатады.

Яғни, IS тауар нарығындағы ал LM ақша нарығындағы тепе теңдік үлгісін көрсетеді.

Макроэкономикалық саясат - экономиканы тиісті деңгейде ұстау, оның тұрақты жұмыс атқаруын қамтамасыз ету мақсатымен мемлекеттің экономиканы реттеуге бағытталған іс-әрекеті. Макроэкономикалық саясат - бұл əлеуметтік жəне экономикалық мəселелерді шешуге бағытталған шаралар мен ісқимылдар жүйесі. Макроэкономикалық саясаттың объективті мақсаты - ұлттық экономикадағы қарама-қайшылықтарды жұмсарта отырып экономикалық тиімділік пен əлеуметтік əділеттілікті қолдау. Қазіргі уақытта, мемлекеттің макроэкономикалық саясатын Үкімет пен Орталық банк жүргізеді. Мемлекет экономикаға əсер ету мақсатында бірнеше макроэкономикалық саясат құралдарын пайдалана алады. Макроэкономикалық саясат құралдары - бұл бір немесе бірнеше макроэкономикалық мақсаттарды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін жəне үнемі мемлекеттің бақылауында болатын экономикалық өзгермелілер. Макроэкономикалық саясат құралдарының мынадай түрлері бар: 1. Бюджет-салық (фискалдық) саясаты - бұл мемлекеттің салық салу жəне мемлекеттік шығындар арқылы экономикаға əсер етуі. 2. Ақша-несие (монетарлық) саясаты - бұл мемлекеттің елдің ақша, несие жəне банк жүйелері жолымен экономикаға əсер етуі. 3. Табыстар саясаты - мемлекеттің инфляцияны ұстап тұру мақсатында жалақы мен бағаларды директивалық шаралармен тікелей бақылауға алу арқылы экономикаға əсер етуі. 4. Сыртқы экономикалық саясат - мемлекеттің ашық экономика жағдайында халықаралық сауда қатынастарына араласа отырып, ұлттық экономиканың өсуі мен тиімділігін арттыру, халықтың өмір сүру деңгейін жақсарту мақсатында таза экспортты реттеуге араласуы. 5. Сауда саясаты - тарифтер, квоталар жəне басқа да сыртқы экономикалық реттеу құралдары арқылы мемлекеттің экспорт пен импортты ынталандыруға немесе шектеуге араласуы. Жоғарыда аталған мақсаттарды орындау барысында қолданылатын макроэкономикалық саясаттармен бірге ұлттық эконо микада əлеуметтік саясат, валюталық саясат сияқты құрал дар да кеңінен қолданылады. Бірақ макроэкономикалық саяс атт ың қандай құралы қолданылса да, олар ұлттық эконом иканың қалыптасқан нақты жағдайына қарай жəне қандай да бір экономикалық мəселені нақты шешу кезінде əрқашанда маңызды болып қала береді. [1] [2]

1. 2 Макроэкономикалық саясаттың құралдары және тиімділігі

Макроэкономика өндірушілер мен тұтынушылардың іс-әрекеттерінің мотивациясын зерттейді, сонымен қатар бәсекеліктің әртүрлі болған жағдайындағы солардың тауар нарығындағы және өндіріс факторы нарығындағы өзара әсер ету механизмін зерттейді. Макроэконмика экономиканың тұтас болып қызмет етуін зерттейтін, экономикалық теорияның саласы болып табылады.

Макроэкономикалық дәрежеде зерттелетін негізгі мәселелер:

ұлттық өнім және ұлттық табыстың мөлшері мен құрылымын анықтау;

ұлттық экономика мастабында жұмыспен қамтуды реттейтін факторларды айқындау;

инфляцияның табиғатын талдау;

экономикалық өсудің механизімі мен факторларын зерттеу;

Экономикадағы циклдық ауытқулардың себептерін зерттеу;

Ұлттық экономикалардың сыртқы экономикалармен өзара әсерлерін зерттеу;

Мемлекеттің макроэкономикалық саясатының мақсаттарын, мазмұны мен формаларын теория жүзінде дәлелдеу.

Экономикалық процестер мен құбылыстарды зерттеудің макроэкономикалық бағыттарының ерекшеліктері болады.

Біріншіден, ол тұтас экономиканың дамуын немесе дәрежесін сипаттайтын - ұлттық табыстың, жұмыспен қамту және инвестициялардың жалпы көлемін, бағалардың жалпы дәрежесін, экономикалық өсудің қарқынын, тб зерттеуді көздейді. Нарықтық экономиканың негізгі субъектілері (өндірушілер мен тұтынушылар) агрегатталған жиынтықтар деп қаралады.

Екіншіден, макроэкономикалық талдауда, жеке нарықтардағы өндірушілер мен тұтынушылардың шешімдері мен іс-әрекеттері бір-бірінен тәуелсіз деп қаралса, экономиканы тұтас зерттеу, экономикалық субъектілердің өзара әсер етулерін өзара байланысты нарықтар жүйесі арқылы қаралуын талап етеді.

Үшіншіден макроэкономикалық талдауда, экономиканың болмысы мен дамуын белгілейтін экономикалық субъектілердің саны көбейеді. Осы субъектілердің құрамына мемлекет кіреді. Бұдан басқа ұлттық эконгомиканың ашық үлгілеріне басқа елдердің үкіметтері де енеді.

Әртүрлі мектептер өкілдерінің көзқарастары бір-біріне ұқсамаса да, олардың басым көпшілігі макроэкономикалық саясаттың басты мақсаты - нарық экономикасының қызмет етуінің тиімділігін және әлеуметтік бағытталуын жоғарылату деп мойындайды. Осы міндетті жүзеге асыру қажеттігі мемлекеттік макроэкономикалық саясатты мынадай негізгі мақсаттарды орындауға бағыттауды тілейді:

тұрақты және тиімді экономикалық өсу;

жұмыспен толық қамтамасыз ету;

бағаның жалпы дәрежесінің тұрақтылығы;

әлеуметтік әділет және жұмысқа қабілеті жоқтарды экономикалық жағынан қамтамасыз ету;

мемлекеттің сауда және төлем балансының тұрақты болуы.

Ұлттық экономиканың тепе-теңдікте қызмет етуі деп, барлық бір-бірімен байланысты нарықтарда сұраныс пен ұсыныстың тең болған жағдайы түсініледі. Түпкі өнімдер мен қызметтер нарығында тепе-теңдік жағдай орнағанын өндірушілердің табыстары барынша мол пайдаға йе болғаны сипаттайды.

Макроэкономикалық көрсеткіштер. Ұлттық есеп жүйесі.

Ұлттық экономиканың қызмет ету нәтижесін өлшеу үшін теория мен шаруашылық практикада әртүрлі макроэкономикалық көрсеткіштер қолданылады. Бұған жататындар:

Жалпы қоғамдық өнім ЖҚӨ

Түпкі қоғамдық өнім - ТҮҚӨ

Таза қоғамдық өнім - ТҚӨ

Таза ұлттық өнім - ТҰӨ

Жалпы ішкі өнім - ЖІӨ

Ұлттық табыс - ҰТ

Жеке табыс - ЖТ

Арадағы өнім - АӨ.

Статистикалық әдіс бойынша, жалпы қоғамдық өнім ЖҚӨ материалдық сфераға жатқызылған (өнеркәсіп, ауыл, орман шаруашылығы, құрылыс, көлік, өндіріске қызмет көрсететін байланыс, қоғамдық тамақтандыру салалары және тб) салаларында жасалады, бір жылда өндірілетін барлық игіліктердің сомасы деп есептрелген. Осы көрсеткішті есептеу методологиясы бойынша оның құрамына арадағы өнім АӨ, жыл бойы өндіріс процесінде қолданылған өнім жатқызылған. Нәтижесінде өндірістік циклдың әр сатысында бірдей тауарларға жұмсалған шикізат, материалдар, инструменттер, отын, қуат шығындары қайталанып есепке алынады.

Қайталанған есепті жою мақсатымен түпкі қоғамдық өнім ТҮҚӨ - ЖӨ және АӨ-нің айырымы көрсеткіші қолданылады.

Материалдық-заттық құрамы жағынан, ТҮҚӨ тұтыну заттары мен инвестициялық өнімдерден тұрады,

Ұлттық есеп жүйесі ҰЕЖ 1-жақтан, шаруашылық жүргізуші субъектілердің тауарлар сатып алуға жұмсалған шығындарын көрсететін, 2- жағынан олардың шаруашылық қызметтері нәтижесінде тапқан табыстарын көрсететін, баланстық экономикалық таблицалардың жиынтығы б. т.

ҰЕЖ негізінде мынадай макроэкономикалық көрсеткіштер есептеледі:

Жалпы ұлттық өнім ЖҰӨ. Бұл осы елде бір жыл ішінде өндірілген түпкі игіліктердің нарықтық құны. Өзінің экономикалық мағынасы жағынан, ол ТҮҚӨ-ге жақын болады, бірақ одан материалдық емес өндіріс қызметтерінің құнына артық болады. Біздің елде ЖҰӨ БҰҰ-ның методологиясы бойынша 1988 ж. Бастап есептеліп келеді.

Жалпы ішкі өнім ЖІӨ. Осы көрсеткішті ЖҰӨ-нің модификациясы деп қарауға болады. Оған осы елдің территориясындағы барлық экономикалық субъектілер қызметтерінің нәтижесі жатады. ЖҰӨ мен ЖІӨ-нің айырмашылығы: 1-ден ЖІӨ есептегенде ЖҰӨ-нен осы елдің ресурстарын шетелде пайдаланудың нәтижесінде түскен табыстардың сомасын (жалақы, проценттер, дивиденттер) алып тастау керек. 2-ден, ЖІӨ-ді есептегенде ЖҰӨ-ге шетелдіктердің осы елден алынған табыстарын қосу керек.

Таза ұлттық өнім ТҰӨ - бұл қолданудан шығарылған жабдықтардың орны толтырылғыннан кейін тұтыну үшін қалған түпкі өнімдер мен қызметтердің сомасы. Бұл ЖҰӨ-нен амортизациялық жарнаның сомасының көлемінде төмен болады.

Ұлттық табыс. ҰТ. ТҰӨ жасауға қатынасы бар барлық өндірістік ресурстарды жеткізетіндердің табыстарының көлемін сипаттайды. ТҰӨ-нің тек жалғыз ғана компоненті - бизнеске салынатын жанама салықтар - экономикалық ресурстардың ағымдағы үлесін көрсетпейді. Сондықтан жанама салықтың көлемі ҰТ есептегенде ТҰӨ-нің ақшалай көлемінен алынады.

Жеке табысхалықтың жеке тұтынуына түсетін ақшаның санын және осы жағдайдың ҰТ-тың қозғалысында орын алатын қайта бөлу процестерін көрсетеді. Жеке табысты есептегенде ҰТ-тан корпорациялардың пайдасына салынатын салықтар, олардың бөлінбей қалған пайдасының көлемі және әлеуметтік сақтандыру жарналарының көлемі алынып тасталады, ал халыққа жасалатын трансферттік төлемдер (зейнетақылар, стипендиялар, жәрдемақылар) қосылады.

Адамдардың өз еркімен жұмсай алатын табыстарын сипаттау үшін, қарамағындағы (билігіндегі) табыстар деген көрсеткіш қолданылады. Осыны есептеу үшін ЖТ-тан халық төлейтін салықтардың жалпы көлемі алынады.

Елдің барлық даму тарихының қортынды нәтижесін есептеу үшін ұлттық байлық ҰБ деген көрсеткіш қолданылады. Ұлттық байлық - бұл елдің осы уақыт мерзіміне дейін жинақтаған материалдық игіліктерінің жиынтығы. ҰБ-тың құрамды элементтері: материалдық және рухани өндірісте қызмет ететін қоғамның барлық құрал-жабдықтары; халықтың мүліктері; материалдық және мәдени байлықтар (жер қойнауы, ормандар, сулар тб) ; материалдық емес рухани байлықтар (адам капиталы, ғылыми-техникалық ой-өрістер жетістіктері, информациялық ресурстар, халықтың рухани мұрасы) .

Ғылыми-техникалық революцияның ықпалымен жүріп отырған қоғамның әлеуметтік-экономикалық прогресі ҰБ-ты өсірумен қатар, оның құрылымындағы материалдық емес байлықтың үлесін жоғарылатады.


2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТЫ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ

2. 1 Қазақстанның макроэкономикалық саясаты және жергілікті бюджетті реттеу формалары

Макроэкономикалық саясат мемлекеттің жалпы саясатының құрамдас бөлігі, өмір сүру және шаруашылық жүргізудің аумақтық факторларын тиімді қолдануға, елдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық мақсаттары мен міндеттеріне жету үшін бағытталған.

Қазақстан Республикасының аймақтың саясатының мақсаты - ұтымды аумақтың еңбек бөлінісі аумақтың өзін-өзі басқаруды дамыту қағидаларын қалыптастыру негізінде әрбір аймақтың ресурстық - өндірістік потенциалын тиімді қолдану және халықтың өмір сүруі үшін тең мүмкіндіктер жасау [9] .

Аймақ экономикасын мемлекеттік реттеу механизмдері мен әдістеріне тоқталайық.

Аймақ экономикасын мемлекеттік реттеудің маңызды механизмдері:

- жалпы мемлекеттік және макроэкономикалық мүдделердің келісуі мен өзара байланысын қамтамасыз ететін аймақтардың әлеуметтік және экономикалық дамуы мен өндіргіш күштерді орналастыруды ұзақ мерзімді перспективаға кешенді болжау, аймақта бар өндірістік -экономикалық, интелектілік және экспорттық потенциалды нығайту мен тиімді қолдану;

- кешенді болжауда белгіленген елдің әлеуметтік- экономикалық даму басымдықтары мен кезеңдерін жүзеге асыруға бағытталған жалпы мемлекеттік макроэкономикалық және салалық деңгейдегі стратегиялық жоспарлар жүйесі;

- ірі көлемдегі аймақ аралық мәселелерді шешу бойынша жалпы мемлекеттік бағдарламаларды жасақтау мен жүзеге асыру;

- нақты макроэкономикалық дамуындағы аса шешуші мәселелерді шешуде мақсатты бағдарламалады жүзеге асыру; оның ішінде экологиялық кедей аудандарды, депрессияға ұшыраған шағын және орташа қалаларда, шалғай жатқан ауылдық аудандарды мемлекеттік қолдаудың арнайы бағдарламасы;

- аймақтарды дамыту үшін сәйкес заңмен, институционалдық және әдістемелік қамтамасыз етілген арнайы экономикалық зоналар жасау;

- қаржы - несие және салықтық тетіктер;

Аймақ экономикасын мемлекеттік реттеу әдістері екі топқа бөлінеді:

тікелей (әкімшіліктік) және жанама (экономикалық) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржылық мемлекеттік реттеудегі шетелдік тәжірибелерді қолдану тиімділігі мен маңыздылығы
Экономиканы мемлекеттік реттеу әдістемесінің түсінігі және оның негізгі элементтері
Нарықтық экономикадығы әрекеттер мен табыстар және әлеуметтік негізгі саясат
Экономиканы реттеу құралдары
Инвестициялық саясаттың мемлекеттік реттеу құралы
Макроэкономикалық теориялардың пайда болуы
Экономикалық теорияның пәні және зерттеу әдістері туралы
Қазақстан Республикасы өнеркәсібін жоспарлаудың дамуы
Қазақстан Республикасының макроэкономикалық саясаты және экономикалық өсу
Ұлттық шаруашылықтың циклдік өсу қарқыны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz