Бастауыш сынып окушыларының психологиялық ерекшеліктері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Тараз мемелекеттік педагогикалық университеті
Педагогика жоғарғы мектебі
Педагогика және практикалық психология кафедрасы

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Бастауыш сынып оқушыларының есте сақтау процесін дамыту ерекшеліктері.
Орындаған:Мухамедали І.
Топ:ПИП 19-1
Қабылдаған:Махашова П. М.

Тараз 2020

Мазмұны

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1.БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУЫШЫЛАРЫНЫҢ ЕСТЕ САҚТАУ ПРОЦЕСІН ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1.Бастауыш сынып оқуышылыры дамуының психологиялық ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.2.Есте сақтау процесі және оның түрлері мен типтерінің теориялары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
1.3.Бастауыш сынып оқушыларын есте сақтау процесінің даму ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
2.БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЕСИЕ САҚТАУ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУДЫҢ ЭКСПЕРИМЕНТТІК НЕГІЗДЕРІ
2.1.Бастауыш сынып оқушыларының есте сақтау процесін диагностикалау ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16

КІРІСПЕ

Зерттеудің өзектілігі: Бастауыш мектеп жасында ес те басқа да психикалық процестер сияқты түбегейлі өзгерістерге ұшырайды.Бала есі біртіндеп ырықтылық сипатқа иеленіп,саналы меңгеріп және жанамалана бастайдыі
Қабілеттілік функцияларының қайта құрылуы,оның эффектілігіне қойылатын талаптарға негізделген.Оның жоғарғы деңгейі оқу іс-әрекетінде пайда болатын әр түрлі мнемикалық есептерді шешуде қажеті.Естің оқу барысындағы маңыздылығы П.П.Блонский былай жазды оқушының негізгі қызметі ойлана отырып меңгеру,және осы жастағы негізгі функциясы ойлаушы ес,яғни нені қалай есте сақтау ойланумен бірге жүретін еске түсіру.Ойланушы ес-логикалық ес. Енді бала көп нәрсені есте сақтауға,материалды жаттауға,сондай-ақ жаттағанын есте ұстауға және ұзақ уақыттан соң қайта жаңғырта білуі керек.Баланың есте сақтай білмеуі оның оқу іс-әрекетіне ең соңында мектептегі оқуға деген қатынасына әсерін тигізеді.
Ес- тек тәжірбиенің жиналып,сақталу міндеттерімен ғана емес іс-әрекет жүйесін ұйымдастыруда,уақыт қатынасына байланысты өзекті әрекеттер жоспарының ара қатынасымен байланысты жеке адамның құрылымы болып табылады.
Зерттеудің мақсаты:Есте сақтау процесін дамытудың ерекшелігін диагностикалау
Зерттеудің обьектісі:Бастауыш сынып оқушыларының қабілеттері
Зерттеу пәні:оқу іс-әрекетіндегі есте сақтау қабілеттер мазмұны мен құрылымының диагностикасы.
Зерттеудің болжамы:,Білім сапасын арттыру.
Зерттеудің міндеттері:есте сақтау қабілеттері жайлы теорияларға талдау жасау,есте сақтау қабілеттерінің даму деңгейі және сапалық құрылымын анықтау.
Зерттеудің әдістері:ғылыми зерттеулер,бақылау,байқау,ата-анаме н сұхбат жасау.
Зерттеудің теориялық-әдіснамалық негіздері:балалар психологиясының ерекшеліктерін зерттеу және оқу процесінде қабілеттерді зерттеу негіз болды.
Зерттеудің практикалық мәнділігі:Есте сақтаудың ғылыми ұғымдарының мәнін аша отырып,оның дамуы мен қалыптасуы сипатталынады.Бастауыш сынып оқушыларының есте сақтау процесін дамытудың психологиялық ерекшеліктерінің мәні мен мазмұнын ашады.

I. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУЫШЫЛАРЫНЫҢ ЕСТЕ САҚТАУ ПРОЦЕСІН ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРI
1.1Бастауыш сынып окушыларының психологиялық ерекшеліктері

Бастауыш сынып оқушылары көпке дейін тапсырманы қалай орындаудың тәсілін жақсы білмейді. Олар берілген тапсырманы жаттап алғысы келіп тұрады. Осылай болуы олардың жаттауға икемділігінің молдығынан емес, оқуға әлі төселмегендігінен, қалай жұмыс істеуге ешкім оны үйретпегендігінен кездеседі.М.М.Мұқанов өзінің Жас және педагогикалық психология еңбегінде бастауыш мектепте тапсырманың балаларға екі түрлі жолмен берілітінін көрсетті: біріншіден, берілген тапсырманы орындау үшін жауапты бала өздігінен іздестіреді. Екіншіден, тапсырма жауап іздестіру ретінде берілмейді. Оны орындау үшін соның үлгісі беріледі, мысалы, тақпақты жаттау үшін соның тексі беріледі. Осы текске өзгеріс енгізуге рұқсат етілмейді. Сол текске сүйене отырып бала оны жаттап алады.Баланың оқу әрекеті арқылы әрекеті әрекеттеніп, яғни мәселені шешуі, олардың танымдық іс-әрекетінің дамуына көмегін тигізеді.Қандай іс-әрекет болмасын қиық құрылымнан тұрады. Іс-әрекет жеке әрекеттерден тұрады да, алдыға қойған мақсатқа жетуге бағыттайды. Мақсат және мотив іс-әрекеті бірдей орындалмайды. Оны мысалы И.Кулагина Жас ерекшелігі психологиясында былай деп келтірілген: Оқушының үй тапсырмасында математикадан есеп шығарып орындау. Оның мақсаты-осы есепті шығару. Оған негізгі мотив әр түрлі болады, біреулері шешесін ренжітпеуге тырысады, екіншілері бестік баға алу үшін немесе тезірек тапсырманы орындар достарымен ойнауға кету үшін. Осы үш жағдайда да баланың математикалық тапсырманы шешуі үшін мағына әр түрлі қалыптасады. Міне, сондықтан, іс-әрекет құралымын мынадай жүйемен көрсетуге болады: мотив-іс-әрекет, мақсат-әрекет, меңгерілетін іс-әрекет-операция.[2]
Сонымен, іс-әрекеттің құрылымына байланысты және бастауыш мектеп оқушысының дамуына әсер ету арқылы сыртқы жоспар ішкі жоспардың негізінде орындалады. Бастауыш мектепте оқыту іс-әрекеті жетекші болады. Сондай-ақ зейін процесінің жүйелі қалыптасатын кезеңі.
Мұғалімнің көңіл бөлуіне бала сенгіш орындаушы ретінде қарайды. Осыған байланысты бастауыш мектеп оқушыларының дұрыс шешім қабылдауына жағдай жасалып, оның зейіні белсенді әрекеттенеді. Бірақ мұғалім де, ата-анлар да баланың мүмкіндігін ұмытпаулары керек. Мектепке түсу танымдық іс-әрекеттердің ішінде зейіндың дамуына күшті әсер етеді. Бала үлкендерден сен мүлдем тырыспайсың? деген сөз естиді. Бірақ ол тырысу деген сөздің мағынасын түсінбейді. Сол үшінде өзінің күшін қай бағытқа бұру керек екендігін білмейді. Бастауыш мектеп жасы адамзат қауымының әлі толығымен қалыптаспаған мүшесі. Бала бастауыш мектепке келгеннен кейін барлық мектеп ұжымының алдына қоятын өзекті мәселесі оқытудың тиімділігін қалай арттыру және оқушы берілген білімді ғана меңгеріп қоймай өз бетінше ойлай алуға қалай үйретуге болады тағы басқа көптеген сұрақтар туындайды. Психологиялық-педагогикалық әдебиеттерде кейінгі жылдары оқытудың тиімділігіне әсер етуге арналған әдіс-тәсілдер, принциптер көп ұсынылуда.
Бұл жерде біз Л:С:Выготскийдің мәдени дамудың социогенетикалық заңын еске түсіреміз: --Алдыңғы өткен ұрпақтың қолданған мінез-құлық формалары баланың даму процесінде өзіне тиістілері қайталанып отырады. Басқа сөзбен айтқанда не қабылданды ол --ішкі деп аталады, адамдар арасындағы қатынас арқылы әлеуметтік сыртқы даму болады. Осы логиканың нәтижесінен біз мұғалім мен оқушының расындағы оқытуды меңгерудің қайнар көзін іздейміз және үлкендер мен баланың арасын үйлестіріп тұратын оқушының индивидуалдық өз бетінше әрекеттері болады.
Г.А. Цукерманның айтуынша: --Егер мұғалім баланы, оқуға үйреткісі келсе, ол оларға тек ғана білім беріп қоймай, шеберлік пен дағды да қалыптастыру керек.
Қазіргі балалар психологиясының негізгі мәселелерінің бірі - бастауыш оқушыларының психикасын дамыту мәселесі. Бала психикасының дамуын зерттейтін констатациялық серияның міндеттері:
1. Проблемалы жағдайларды шешуді талап ететін тапсырмаларды жасау.
2. Оқытуға дейінгі сақталу принципінің деңгейін анықтау.
3. Көрнекті көріністің алдында заттарды бағалау мен сөздік ой-пікірлердің байланысын зерттеу.
Әр жастағы, оның ішінде бірінші сынып жасындағы баланың психологиялық ерекшеліктері бірден қалыптаспайды, керісінше, бұл ерекшеліктер баланың бұдан 18 бұрынғы дамуында жинақталып, оны өз кезегімен дамудың келесі сатысына көшуге даярлап отырады, Сондықтан бастауыш мектеп мұғалімі бастауыш сынып оқушысының ерекшеліктерін зерттей отырып, сол ерекшеліктерді мектепте дейінгі шағында қалыптасқан ерекшеліктерден бөлек алып қарамайды және бұдан былайғы даму перспиктиваларын көрмей тұра алмайды. Дамудың өзі денелердің кеңестікпен уақытта жай өзгеруі ғана емес, ол өзінің үдемелілігімен, төменнен жоғарғыға, азырақ ұйымдасқаннан неғұрлым үйымдасқанға, қарапайымнан күрделіге ауысымен көзге түсетін жаңадан кері айналмайтын үрдіс. Даму үздіксіз жүреді, ойлау, қорытынды шығару үрдістері қалыптастырады. Мектепте оқыту баланың жан-жақты дамуын қамтамсыз етеді және ол бала дамуының негізі болып табылады. Сондықтан оқыту мен дамудың арасында тығыз байланыс болады. Бұл ретте көрнекті психолог Л.С.Выготский дамудың өзекті және іргелі деп екіге бөлді. Өзекті дамуда оқушы мүғалімнің түсіндіргенін ары қарай өзі жалғастырып меңгерсе,іргелі дамуда оқушы өз бетімен білімді меңгере алмайды.
Бастауыш саты -- оқушыда, оның интелектісі дамуының іргетасы танымдық әрекеті қалыптасуының куатты жүретін кезеңі. Танымдык түрлерін меңгеру оқушы ойын тәртіптеп, оның белгілі бір бағыты жүйелі арнамен жүруін қамтамасыз етеді; жеке тұлғаның негізгі психикалық үрдістері қалыптасып, ырықты, зейін, рефлексия, өзін-өзі бақылау, әрекет амалдың ішкі жоспары сияқты нысандар пайда болады. Оқушы әр түрлі оқу тапсырмаларын өздігінен шешіп орындаудың ортақ тәсілдерін, өз әректін бақылап бағалаудың, нәтижесін эталонмен салыстыруды меңгереді. Бастауыш мектеп жасындағы баланың биологиялық, әлеуметтік мәдени, педагогикалық ерекшеліктері мен белгілері танымдық әрекеттің қалыптасуында басты назарда ұсталады.
Мектепке келген кезінен-ақ, балада ақыл-ой әрекеті сияқты аса маңызды қабілет қалыптасады. Бұл қабілет оқи білуге үйрену ынтасынан көрінеді. Окытудың алғашқы қадамдарынан бастап мектеп осы қабілетті жан-жақты дамытып, әрі жаттықтырып отыруға тиіс.
Бастауыш мектепте баланың бүкіл психикалық әрекетін: зейін, қабылдау, есте сақтау мен есте қалдыру, ойлау, бақылау әрекеттерін реттеп отыру арқылы анымдық әрекеті қалыптасады.
Психологтардың, педагогтардың (Н.Лейтес, А. Люблинская, Я.Пономарев, Ж.Пиаже, А.Зак. т.б.) зерттеулерінше оқушының мектептегі кезеңдерінің ішінде, әсіресе, бірінші сынып кезеңінде оқушылардың танымдық әрекеттерінің психологиялық негізі және елестету, армандау, шығармашылық ойлау және ойлау операциялары: талдау, жинақтау, жалпылау, салыстыру және т.б. қалыптасады. Сонымен қатар әрекетті бағалау, қорытынды шығару және өз пікірін айту сияқты керекті негізгі қабілеттер де көріне бастайды. Бастауыш сынып оқушыларының маңызды тағы бір ерекшелігі -- оларды эмоционалдық көңіл-күйінің көтеріңкілігі. Жарқын айтылған бір ауыз сөз, көрілген фильм, оқылған кітап не әңгіме балаларды баурап алады, олардың жан сарайында жаңғырық тудырады. Бұл жастағы балалар айтқанға оп-оңай көнгіштігімен ерекшеленеді, олар ересек адамдардың, әсіресе, мұғалімнің тәрбиелеу ықпалына тез беріледі.[4]
Бастауыш сынып оқушылары әдетте әр түрлі тапсырмаларды ұқыпты орындайды, іс үсктінде зор табандылық көрсетеді. Тапсырмалар беру жүйесін қүру, оның орындалу сапасын бақылау, қол жеткен табыстары үшін балаларды мадақтап отыру жолымен танымдық әрекетті қалыптастырудың маңызы зор.
Баланың өз мінез-құлқына, өз ақыл-ой әрекетіне ие болуы осы әрекет тәсілдерін меңгеру үрдісінде өтеді. Сондықтан мүғалімнің міндеті бастауыш сынып оқушысына оқу жұмысының неғүрлым жетілген әдістерімен мұғалімді тыңдай білу, бақылау, оқулықты оқи білу, мән-мағына есте сақтау, оқылған нәрсені есте қалдыру, жатқа білу, есептерді талдап, шешу, дәптердегі оқу материалына ынта қою, тағы осылар сияқты әдістерімен қаруландыру керек.
Бастауыш мектептің алдында үнемі оқу, жазу, есептеудің тиянақты дағдыларын, қарапайым тілдік қарым-қатынас тәжірибесін, қоғам және табиғат туралы бастауыш білім беру, шығармашылықпен өзін-өзі көрсетуге бағдарланған, басқаша айтқанда, баланың жеке тұлғасын қалыптастыру, оның жеке қабілетін қалыптастыру міндеті тұрады.
Бастауыш білім алу үрдісінде оқушылар дұрыс, еркін, тез әрі түсінікті оқуға, өз ойларын ауызша, жазбаша дұрыс қорытуға, мазмұндауға, арифметикалық есептер шығаруға бауланады, оларға табиғат жөнінде кейбір түсініктер беріледі. Оқу барысында балалардың көркем өнерге деген ынтасы, өнерге деген ықылысы, сүйіспеншілігі артады, шығармашылық қабілеті, музыкалық сезімі, эстетиканы (көркемдікті) сезіне білу қабілеті дамиды. Баланың ғылыми мәліметтерді ұғып алуға ынталануы, ойлану операцияларын игеруі оның ойлау қабілетінің басты ерекшеліктеріне айналады да, ол қажетті білімдерді меңгере бастайды. Бастауыш білім алу үрдісінде жасөспірімнің одан әрі білімін жетілдіре беруіне негіз салынады.
Жоғарыдағы педагог-психолог ғалымдардың еңбектерінен бастауыш мектеп жасында бала зейінінің дамуы, ұшқыр да, шапшаң қабылдау, ашық ойлау, есте сақтау жолымен оқу-танымдық әрекетті қалыптастыру қажетті және маңызды екенін байқауға болады. Бұл жерде бірдей жастағы балалардың жалпы ортақ қасиеттері туралы айтылғанмен, оның өзі оқушыны сенім, дүниетаным, мұрат, бейімділік, қызығу, түрткі, қабілет, талғам, көзқарас арқылы сипатталатын тұлға екеніне сүйенуден шығады. Жеті жастан он жасқа дейінгі кезеңге неғұрлым тән негізгі белгі мынада: бұл жаста мектеп жасына дейінгі бала мектеп оқушысына айналады. Бұл бала өз бойында мектеп жасына дейінгі балалық шақтың белгілерін оқушының ерекшеліктерімен ұштастыратын өтпелі кезең. Бұл белгілер оның мінез-құлқында, санасында күрделі, ал кейде қайшылықты үйлесім түрінде қатар жүреді. Қез келген өтпелі күй сияқты бұл шақ көзі ашылмаған даму мүкіндіктеріне бай, оларды дер кезінде байқап, қолдап отыру маңызды. Адамның кептеген психикалық қасиеттерінін негіздері тап осы бастауыш мектеп жасында калыптасады және әдетке айналады. Сондыктан ғалымдардың ерекше назары казір бастауыш класс оқушыларын дамытудыц резервтерін анықтауға бағытталған. Бұл резервтерді пайдалану балаларды одан арғы оқу және еңбек қызметіне неғұрлым табысты дайындауға мүмкіндік береді.

1.2.Есте сақтау процесі және оның түрлері мен типтері теориялары туралы түсінік.

Адамның қабылдағандары ізсіз жоғалып кетпейді. Үлкен ми сыңарлары қыртысында қозу процесінен іздер сақталып қалады. Бұл іздер қозуды туғызған тітіркендіргіштер жоқ кезінде де қозудың тууына мүмкіндік жасайды. Соның негізінде адам есте тұтып және сақтай алады, ал кейін жоқ нәрсені бейнелендіреді немесе бұрын игерілген білімін қайта жаңғырта алады.Сонымен ес дегеніміз сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының адам миында сақталып, қайтадан жаңғыртылып, танылып, ұмытылуын бейнелейтін процесс. Ес - күрделі психикалық процесс. Ол айналамыздағы бізге әсер етуші дүниені, ондаған заттар мен құбылыстарды нервмізде сәулелендірудің айрықша бір түрі.
Ес мынадай түрге бөлінеді.
1) Қимыл - қозғалыс есі дегеніміз - адам жасаған қимылдарды есте қалдыру мен қайта жаңғырту. Бұл ес қимылдық дағдылар мен әдетті қозғалыстар жасаудың негізіне алынады. Барлық тұрмыстық, спорттық және еңбек дағдылары қимылдық ес арқасында қалыптасады. Мысалы, коньки тебу, жазу, оқу, машинкада қағаз басу, машина жүргізу, турникке ойнау т.б.) қалыптастырудың негізі болып табылады.
2) Эмоциялық ес немесе сезім есі адамның басынан кешкен сезімдерін есте ұстайды. Естін бұл түрі туралы К. С. Станиславский: Сіз бастан өткен жайтты еске алғанда қызарып, бозаруға қабілетті болсаңыз, баяғыда өтіп кеткен бақытсыздық жайлы ойлауға қорықсаңыз сізде сезіну есі немесе эмоциялық ес болғаны деп жазды.
3) Сөздік- логикалық немесе мағыналық ес - бұл сөз формасында айтылған айтылған ойды есте сақтап және ұстап, кейін қайта жаңғырту. Естің осы түрі көбінесе философтар мен математиктерде жиі кездеседі. Сөздік- логикалық естің оқу процесінде маңызы аса зор. Өткен тақырыптарды есте қалдыру, оны қайта жаңғырту есі онша дамымаған адамға қиынға соғады.
4) Бейнелендіру немесе елестету есі адамдардың түрлерін, табиғат суреттерін, жиһаздарды, музыкалық әуендерді, иіс, дәмдерді есте сақтауға, қайта жанғыртуға көмектеседі. Бейнелендіру есі барлық адамдарда бар, бірақ ол әсіресе суретшілерде (олар мысалы портрет немесе пейзаждарды еске сүйеніп- ақ сала алды), жазушы, актер, композитор, архитекторларда жақсы дамыған.
Адамның материалды қанша мерзімге сактай алатындығына байланысты ес қысқа және ұзақ мерзімдік болып екіге болінеді.
Қысқа мерзімдік естің әрекеттің нақтылы міндеттерін орындауға байланысты көрінетін түрін оперативтік ес деп атайды. Оперативтік есте хабарды бірнеше секундтан бірнеше күнге дейінгі аралықта сақтауға бағытталған есті айтады. Бұл естің мәліметтерді сақтау мерзімі адамның алдына қойған мақсатымен айқындалады. Естің бұл түрі қысқа мерзімдік еспен ұзақ мерзімдік естің аралығындағы уақытты алады.
Қысқа мерзімдік ес адамда материалды аз уақыттан соң еске түсіруді мақсат тұтып, одан кейін сақтаудың қажеті жоқ деген жағдайда көрініс береді. Мысалы, кей оқушы материалды сабақта немесе емтиханда қайта жаңғырту мақсатында ғана оқиды да жауап беріп болған соң бірден ұмытады.
Ұзақ мерзімдік ес жаңа материал ұзақ уақыт, тіпті мәңгі есте сақталғанда көрініс береді. Есті қысқа мерзімдік және ұзақ мерзімдік деп бөлудің дұрыстығы күнделікті өмірден де байқалады. Бір-ақ рет сөйлесуге қажетті телефон нөмірін біз бірнеше минут қана есте сақтаймыз да ұмытып қаламыз. Қысқа мерзімдік ес ұзақ мерзімдікке ауысуы мүмкің. Мысалы, біз ылғи пайдалана берген телефонның нөмірі есте берік сақталып қалады. Ал ұзақ мерзімдік ес бұл хабарды шексіз уақыт сақтауға қабілетті естің түрі. Ұзақ мерзімдік ес қорына түскен хабарды адам көп рет қайта жаңғырта алады. Ұзақ мерзімді есті қолдану кезінде кӛп жағдайда ойлау мен еріктің күші қажет болады.
Естің поцестері. Естің процестері есте сақтау, қайта жаңғырту, тану мен ұмыту.
Есте сақтау мақсатының болу, болмауына қарай есте сақтау ықтиярлы және ықтиярсыз болады.
Ықтиярсыз есте сақтау - бұл ойластырмай есте сақтау. Мұнда адам есте сақтауды мақсат тұтпайды, есте сақтау үшін күш те жұмсамайды, есте сақтауды қамтамасыз ететін арнайы тәсілдер де қолданбайды. Мағлұмат өзінен-өзі есте сақталғандай болады. Жеке өмір оқиғалары, есте ықтиярсыз сақталады.
Басқа белгі бойынша ес негізіне жататын байланыстар сипаты бойынша есте сақтау механикалық және мағыналық болып бөлінеді.
Механикалық есте сақтау көп рет қайталау арқылы сыртқы байланыстарды нығайтуға негізделген.
Мағыналық есте сақтау жаңа мағлұмат пен бұрыннан таныс мағлұматтар арасында және соңғы мағлұмат бөлшектері арасында мағыналы байланыс жасауға негізделген.

Қайта жаңғырту. Қайта жаңғырту ықтиярсыз және ықтиярлы болып екіге бөлінеді.
Ықтиярсыз қайта жаңғыртуда адам алдына мақсат қоймайды. Бейнелердің өздігінен, көбіне ассоциация бойынша керініс беріп, еске түсіру мақсатынсыз ойламаған жердей жанғыруын - ықтиярсыз қайта жаңғырту дейміз.
Ықтиярлы жаңғырту дегеніміз - бұрынғы ой, сезім, талап, әрекеттерді санада мақсатты түрде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларының оқу икемділігін қалыптастыру
Бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие берудің педагогикалық шарттары
Бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық қасиеттерін дамытудағы жанұяның ролін теориялық - әдістемелік тұрғыда негіздеу
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамытудың педагогикалық шарттары
Бастауыш сынып оқушыларының мектепте ОҚУҒА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДАЯРЛЫҒЫ МЕН БЕЙІМДЕЛУІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
Бастауыш сынып оқушларының мектепке бейімделуі
Бастауыш сынып оқушыларының жеке тұлғасын қалыптастыруда отбасы тәрбиесінің әсері туралы
1- сынып оқушыларының мектепте оқуға бейімделуі
Жеке тұлғаның тәрбиесі, қалыптасуын зерттеу
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық
Пәндер