ҰЛТАРАЛЫҚ КЕЛІСІМ ЭТНИКАЛЫҚ ЖУРНАЛИСТИКА ТАРИХЫ МЕН ДАМУ ЖОЛДАРЫ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті
Журналистика және коммуникациялық менеджмент кафедрасы

Қолжазба құқығында
УДК

Асқарова Ақыл Сәбитқызы

Қазақстан халықтарының дәстүрі мен мәдениетінің БАҚ-тағы көрінісі

6М050400

Ғылыми жетекші: Шаяхмет А. Қ.,
ф.ғ. к. ҚМУ профессоры




Қостанай, 2020 ж.
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1 ҰЛТАРАЛЫҚ КЕЛІСІМ: ЭТНИКАЛЫҚ ЖУРНАЛИСТИКА ТАРИХЫ МЕН ДАМУ ЖОЛДАРЫ

1.1 Ұлтаралық бірлік деңгейінің көрінісі

1.2 Қазақстан халқының этностық құрамы жайлы ғылыми тұжырымдар

2 ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ЖУРНАЛИСТИКАСЫ АРҚАУ ЕТКЕН ТАҚЫРЫПТАР

2.1 Бірлік ұғымдарының баспасөзде берілуі

2.2 Этникалық журналистиканың ұлт мәдениетіндегі орны

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының жалпы сипаттамасы. Диссертацияда қазақ журналистикасының ажырамас бір бөлігі болып табылатын мемелекетіміздегі халықтардың дәстүрі мен мәдениетінің БАҚ-тағы көрінісінің тарихы мен даму жолдарына шолу жасалды, қазіргі ахуалы ғылыми шынайы деректермен салыстырылып талданды. Сонымен қатар тақырыптың негізгі мазмұны қоғамдық-саяси, әлеуметтік дамудың бірнеше кезеңдері арқылы көрініс табады. Этникалық журналистикасының пайда болуы мен қалыптасу барысы жан-жақты қарастырыла отырып, еліміздегі өзге ұлт өкілдерінің рухани өмірінен кең мағлұмат беріледі. Қазақстан халықтарының арасында жарық көрген басылымдар мен электронды БАҚ-тың тағдыры және оған ел үкіметі тарапынан жасалған түрлі қолдаулар айқындалмақ.
Ел тәуелсіздігі тұсындағы ұлтаралық баспасөзінің даму ерекшеліктері айшықталумен қатар қол жеткізген табыстары мен кемшіліктері де нақты деректермен көрсетіліп, тарихи шынайы баға беріледі. Сондай-ақ, кеңестік жүйе кезіндегі де ұлтаралық баспасөзінің де даму жолдарына қысқаша шолу жасалады.
Тақырыптың өзектілігі. Этникалық журналистика елімізде кенже дамып келе жатқан, әлі де зерттеуді талап ететін салалардың бірі. біртұтас қазақ журналистикасының құрамдас бөлігі болып табылатындықтан оның тарихы мен даму жолдарын отандық медиа жүйесінен бөліп қараудың еш негізі жоқ. Қазақ халқы XX ғасырдың алғашқы жартысында, отарлаушы мемлекеттердің қолымен жасалған алуан түрлі зобалаңдарға қатты ұшрады. Саяси қудалау, қолдан жасалған аштық, дүние жүзілік екінші соғысты айтпағанның өзінде қазақ халқы өздерінің азаттығы мен туған жерінің бүтіндігі үшін де бірнеше мәрте қолдарына қару алып, бас көтерулеріне мәжбүр болды. Бірақ бұл жолда тек қазақ халқы емес, елімізге қоныс аударған өзге ұлт өкілдері де қудалауға ұшырап, қазақ халқымен жолдры бір болды.
Ұлтаралық ортақтық мәселесі қазақ халқының бастау бұлағындағы тарихи негіз. Ал сол халықтың пайда болуы, өсу жолы тарихи дамуын білу халық дәстүріне, рухани дамуына қосар үлесі зор. Көне дәуірден ұрпақ үшін өмір сүрген ғұлама халық - қазақ халқының ерте дәуірде қиялы мен шығармашылығы дамыған күйде болғанын олардың сан мыңдаған туындылары дәлел болса, оның ұлтаралық ортақтыққа да әсері мол болғаны анық. Бұдан тақырыптың өзектілігі туындары хақ.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Қазақ журналистикасы тарихының бір бөлшегі ретінде, этникалық журналистиканың пайда болуы, қалыптасуы, дамуы кезеңдерге бөліп қарастырылады. Қазақ халқы талай нәубетті басынан кешкенімен, өзге ұлт өкілдеріне құшағын айқара ашты. Оның пайдасы мен зияны таяқтың екі ұшындай болды. Осы негізде мынадай міндеттерді алға тартамыз:
-Ұлтаралық ортақтық мәселелерін зерттей отырып, оның отандық және әлемдік деңгейде дамуындағы орнын анықтау;
- Ұлтаралық ортақтық жайлы баспасөз бетіндегі мақалалардың идеялық тақырыбының өзгешелігіне, тәрбиелік-өнегелік мәнән ашу;
- Ұлтаралық мәселелердің көркем шешіміне назар аудару;
- Этникалық журналистика туралы мағлұмат бере отырып, олардың біртұтас қазақ журналистикасында алатын орнын белгілеу.
Зерттеу жұмысының нысаны. Зерттеудің қайнар көзі ретінде, этнкалық журналистика тарихына қатысты жарияланған деректер, зерттеушілердің мерзімді баспасөзде жарық көрген мақалалары, ғылыми конференцяларда талқыланған зерттеулері мен ғылыми баяндамалар мен өзге де еңбектер қарастырылды.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Тәуелсіз қазақ елінде ғылымның әр саласына бағыттаған зерттеулерінің көбейе түсуіне орай, осы тақырыпты кеңінен қарастыруға мол мүмкіндік туып отыр. Қазақстандағы мерзімді баспасөз бен ғылыми журналдардағы ғалым, зерттеушілердің, журналистердің мақалаларында этникалық журналстиканың кейбір тарихи тұстары көрініс тапқан.
Зерттеу әдістері. Тарихи деректерді, газет тігінділерін талдау барысында қоғамдық-саяси, әлеуметтік даму кезеңдерге сай пайымдар жасау, салыстыру, тоқайластыру, қорытып тұжырымдау және хронологиялық әдістер негізге алынды.
Зерттеудің теориялық және тәжірибелік маңызы. Журналистика, тарих, халықаралық қатынас және философияның іргелі қағидалары, заңдылықтары, баспасөз және мәдениет тарихы проблемалары жайындағы әлемдік және ұлттық қоғамдық-саяси ойлардың, пікір, көзқарастардың жетістіктері диссертацияның теориялық және әдістемелік негізін қалыптастырды.
Диссертацияда көтеріліп отырған пікірлер, ойлар, жасаған тұжырымдар, тәжірибелік, іскерлік кеңестер тарихты жаңаша тануға, қазақ газет, журналдарының жұмысын жетілдіруге, қоғамдық-саяси жарияланымдардың сапасын арттыруға, даму бағытын дұрыс белгілеуге, қазіргі қоғамдық талапқа сай дамытуға, журналистер мен жалпы қауымды ұлттық құндылықты сыйлауға, отаншылдық сезімді оятуға белгілі дәрежеде ықпал ететін болады. Журналистика бойынша мамандық алып жатқан студенттер мен магистранттардың және БАҚ қызметкерлерінің, тарих ғылымын зерттеушілердің теориядан, тәжірибеден деректер алуларына көмектеседі.
Журналист, әдебиетші, тілші, тарихшы мамандарын даярлайтын жоғары оқу орындарына көмекші оқу құралы ретінде пайдалануға еңбек жарамды. Журналистер мен баспасөз тарихын зерттеушілердің арасында бүгінге дейін бір ізді болып үлгермеген, толық шешімін таппаған көптеген күрделі проблемалар еңбекте алғаш рет көтеріліп, зерттеліп отырғандықтан алдағы қыруар зерттеулерге ой салады.
Зерттеуші диссертациясының нәтижелерін:
- журналистика саласын тың деректермен, жаңа қағидалармен толықтырып тануға;
- этникалық сала тарихының және оның баспасөзінің өзекті мәселелерін айқындап, бодандық санадан арылудың жолдарын анықтауға;
- БАҚ редакцияларының жетілдіруге, жанрлардың тиімділігін арттыруға, тіл мен стильдің кейбір ұтымды тұстарынан үйренуге;
- журналистердің ұлт тарихынан тағылым алып, әскери өмірді жаңаша тануына;
- елде жалпыұлттық бірлік пен ынтымақтастықты қалыптастырудың жолдарын айқындауға;
- жаһандану кезеңінде ұлтты отаншылдық тұрғыдан ұйыстыруға, құндылықтарды ел үшін жасалған ерлік арқылы лайықты бағалауға, оған сай жас ұландардың Отан қорғау ісіне адал қызмет етуге бағыт-бағдар сілтеуге;
- жоғары оқу орындарына, білім жетілдіру, қайта даярлау жүйесіне және тарих институттарының, қорғаныс министрлігінің, ғылыми-зерттеу ұйымдарының жұмысына пайдалануға болады.
Зерттеудің теориялық - әдістемелік және дерек көздері. Қазақстан БАҚ туындылары, елдің қоғамдық-саяси институттарының ресми материалдары, отан қорғау үрдістеріне байланысты деректер, ғылыми-зерттеу институттары мен ЖОО ұжымдарының материалдары, сондай-ақ, қорғаныс министрлігі құжаттары зерттеудің теориялық-әдістемелік және деректік негіздерін құрады.

ҰЛТАРАЛЫҚ ОРТАҚТЫҚ: ЭТНИКАЛЫҚ ЖУРНАЛИСТИКА ТАРИХЫ МЕН ДАМУ ЖОЛДАРЫ

Ұлтаралық бірлік деңгейінің көрінісі
XVIII ғасырдан XX ғасырдың ортасына дейінгі аралықта Қазақстан территориясында шағын этностардың пайда болу процесі жүрді. Ресейдің еуропалық бөлігінен көшіп келген этностар стихиялы, өз еркімен, жоспарлы қоныстанды; Еділ бойы мен Кавказдағы жекеленген этностар мәжбүрлі түрде депортацияланды. Осымен, Қазақстан көп ұлтты мемлекетке айналды. Жүзден аса ұлт өкілдерінен тұратын көп ұлтты Қазақстандағы ұлтаралық даму әрқилы жүрді. ХХ ғасырдың 80-жылдарының аяғы мен 90-жылдардың басынан республикада 34 ұлттық-мәдени орталық Қазақстан Республикасының қоғамдық және аймақтық бірлестіктер жөніндегі Конститутциясы мен Заңдарына сәйкес өз қызметтерін жүргізіп келеді [1,142 б].
Осылай, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1990 жылдардың басында-ақ еліміздегі барлық ұлттық-мәдени бірлестіктерді бір ортақ шаңыраққа - Қазақстан халқы Ассамблеясына біріктіру туралы идеясымен таныстырды. Қазақстан - тарихи тағдыры ортақ этностардан құралған унитарлы мемлекетке айналып отыр. Тағдыры ортақ халықтарды ортақ құрылымның аясына біріктірудің бірден бір жолы - Қазақстан халқы Ассамблеясын құру болып табылды.Қазақстан қоғамының тарихи бастаулары алғышарт болуы, ол - Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясы.Мұндай жаңа әрі теңдесі жоқ құрылымды іске асыру жұмыстары аймақтарда кіші Ассамблеялар құрылудан бастау алды. Қазақстан халқы Ассамблеясы қоғамды топтастырушы тетіктердің біріне айнала бастады. Шын мәнінде, ол ұлтаралық келісімнің қазақстандық моделін жүзеге асырудың маңызды тетігі болып табылады[2].
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 1995 жылы 16 ақпанда еліміздегі ұлттық-мәдени орталықтардың жетекшілерімен кездесу ұйымдастырып, онда Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін оның құрамында болған кейбір мемлекеттерде ұлтаралық түсініспеушіліктер қарулы қақтығыстарға айналып, соның нәтижесінде сан мыңдаған жазықсыз жандардың өмірі қиылып, балалар ата-аналарынан айырылып, жүз-мыңдаған отбасылар үйсіз-күйсіз босқындыққа душар болғандын атап айтты. Бағымызға орай, Қазақ елінде жүргізілген ұлтаралық келісім мен татулықтың арқасында мұндай қасіретке жол берілмегені анық. Себебі, оған ұлттық-мәдени орталықтардың қосқан үлесі ұшаң теңіз. Ұлт Көшбасшысы осы себепті ұлттық-мәдени орталықтарының өкілдері мен жетекшілеріне өзінің шексіз алғысын білдірді [3].
Сонымен бірге, Президент Нұрсұлтан Назарбаев еліміздегі ұлтаралық келісім мен татулықты сақтау, оны одан әрі нығайту үшін республикада жаңа қоғамдық институт - Президент жанындағы консультативті-кеңесші орган ретінде Қазақстан халқын бір шаңыраққа, ортақ мүддеге біріктіретін Ассамблея құру қажеттілігінің маңызын атап көрсетті. Бұл құрылған Ассамблеяның негізгі мақсаты: Қазақстандағы барлық этнос өкілдерін рухани тұрғыда қайта жаңғыру мен дамуын қамтамасыз ете отырып, өркениеттік және демократиялық ұстанымдарға, мемлекеттік ұлттық саясатта барлық этнос өкілдерінің мүддесіне деген құрметке негізделіп, ұлтаралық қатынас мәдениетін қалыптастыру болатындығы анықталды. Сонымен қатар, елдегі барлық облыс орталықтарында кіші Ассамблеялар құрылып, олардан сессияға 260 делегат сайланды. 1995 жылы 24 наурызда Алматы қаласында бірінші сессиясы өткізіліп, оның құрамына 40 ұлттық-мәдени орталықтың өкілдері мен жетекшілері кірді. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осы сессияда өз баяндамасын жасап, Ассамблеяның ұйымдастырушылық құрылымдарын белгіледі [3].
Ассамблея этномәдени бірлестіктерді құрамына біріктіреді және олардың жетекшілері Қазақстан халқы Ассамблеясы мен кіші Ассамблея мүшелері болып табылады. Республикада өмір сүретін 46 этностың ұлттық-мәдени орталықтары жұмыс жасайды. 2007 жылы елімізде жүзеге асырылған конститутциялық реформа аясында Ассамблея Парламент Мәжілісіне 9 депутат сайлауға түсуге құқылы болды. Осылайша, Парламентте еліміздегі басқа да ұлттардың мүддесін қорғау конститутциялық тұрғады жүзеге асырылып отырды. 2008 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы Заң қабылданды [4].
Қазақстан халқы Ассамблеясы тарапынан шетелдік елшіліктермен, республикадағы этникалық топтардың тарихи отанымен байланыстар орната отырып, өзара қарым-қатынас жасауда.Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Ақиқат және Мысль журналдарының құрылтайшысы және де Ассамблея жанынан шығатын Достық-Дружба журналы бүкіл еліміздің түкпір-түкпіріне таратылады. Қазақстан халқы Ассамблеясы жас тәуелсіз мемлекеттердегі ұлтаралық қатынастардың маңызды мәселелері бойынша халықаралық конференцияларға белсене атсалыса қатысып отырады. Бұл бағытта Қазақстан халқы Ассамблеясы ЕҚЫҰ-мен де тығыз байланыс жасап, әртүрлі жұмыстар жүргізіп келеді.
Ұлттық-мәдени орталықтар еліміздегі қоғамдық бірлестіктердің елеулі бөлігін құрайды. Қоғамдық бірлестіктердің демократиялық институттары жүйесінде алатын орны мен рөлі ерекше екені айдан анық. Этномәдени орталықтар әрбір халықтың мәдени мұрасын жаңғырта әрі дамыта отырып, оны өскелең ұрпаққа аманатқа қалдыратыны даусыз. Ұлттық мәдениетті жаңғырту мен сақтаудың тарихи тәжірибесін ғылыми тұрғыда зерттеп-зерделеу Қазақстан қоғамындағы ұлтаралық қатынастарды дұрыс әрі тиімді ұйымдастырудың мүмкіндіктерін кеңейтеді. Ұлттық-мәдени орталықтар қоғамдық жүйенің субъектісі ретінде республиканың қоғамдық және мәдени өміріне етене ену үдерісі Қазақстанның саяси, әлеуметтік-экномикалық дамуымен тығыз байланыс жасап отырады. Ұлттық-мәдени орталықтардың құрылуына этникалық топтардың рухани-мәдени құндылықтары мен әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін жаңғыртуға деген ішкі сұранысы мен ұмтылысы да негіз болды. ҰМО құрылуына әсер еткен тағы салмақты себептердің бірі - еліміздегі этностық топтарда кеңестік дәуірден мұраға қалған мәдени-этникалық қайшылықтар мен проблемаларды шешуге деген қажеттіліктен туындап отыр.
Олардың дамуындағы басты кезең 1991 жылы 27 маусымда Қоғамдық бірлестіктер туралы Заңының қабылдануымен басталды. Қабылданған бұл алғашқы заң бойынша қоғамдық бірлестіктердің, соның ішінде ұлттық-мәдени орталықтардың құрылуы мен қызметінің тәртібі реттеліп отырды. Бұл арнайы заңның қабылдануы елдегі қоғамдық-саяси ахуалдың өзгеруіне байланысты туындаған болатын. Сол құрылған ұлттық-мәдени орталықтардың бірнешеуіне тоқталсақ:
1. Түрік ұлттық-мәдени орталығы 1991 жылы ақпанда ұйымдастырылып, 1996 жылы ол Түріктердің Ахысқа болып атауын өзгертті. Республикалық қоғамның облыстық, қалалық, аудандық бөлімшелерімен және түрік этносы тығыз қоныстанған елді мекендермен байланыстың құрылымдық жүйесі қалыптасқан. Қазіргі кезде қоғамның 4 облыстық (Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда), 6 қалалық және 13 аудандық бөлімшелері қызмет атқарады. Әрбір елді мекенде түрік этносы өкілдерінің Кеңесі сайланып, құрылған. 2004 жылдың қазан айынан бастап қазақ, түрік және орыс тілдерінде айсайын Ахысқагазеті шығып тұрады. Сонымен қатар, үш жексенбілік мектеп жұмыс жасайды және 30-дан астам жалпы білім беретін мектептерде түрік тілінен сабақтар беріледі. Алматыдағы №99 орта мектеп жанында жыл сайын түрік тілі мұғалімдері үшін семинарлар ұйымдастырып тұрады. Түркия елшілігінің көмегімен түрік тілін оқитын балалар оқулықтармен, ал мұғалімдер әдістемелік құралдармен қамтамассыз етіледі. Түрік мұғалімдері жыл сайын Түркияға білімдерін жетілдіруге сол елдің қаржылай көмегімен жіберіледі. Жыл сайын 15-20 жастағы азаматтардың Түркиядағы жоғарғы оқу орындарында білім алуларына мүмкіншіліктер жасалады. Ахысқа түрік жазушылары мен ақындарының еңбектерін жариялауға, Мико комедия театрының материалдық-техникалық базасын күшейтуге жан-жақты қаржылай көмек көрсетіледі. 2003 жылы 6 маусымда Алматы қаласында Республика сарайында Біз - қазақстандықтармыз деген тақырыпта Түрік мәдениетінің І Республикалық фестивалі өткізілді [5].
2. 1989 жылы Алматы және басқа да облыстарда Қазақстан кәрістерінің мәдени орталықтарының жұмыстары қолға алына бастады. Ол 1995 жылдан бері Қазақстан кәрістерінің қауымдастығы деп аталды. Қазақстан кәрістерінің қауымдастығының басым бағыттары: кәріс тілі мен салт-дәстүрлерін қайта жаңғырту, кәрістердің тарихын зерттеу, кәріс халқының өзіне тән қайталанбас мәдениетін, өнерін, әдебиетін дамыту, Қазақстан кәрістерінің заңды құқықтары мен мүддесін қорғау, Қазақстандағы демократиялық, құқықтық мемлекет құру үдерісіне корей этносының белсенді араласуын қамтамасыз ету, халықтар арасындағы достықты нығайту, халықаралық мәдени-экономикалық байланыстарды дамыту болып табылады. 2010 жыл ҚКҚ-ның құрылғанына 20 жыл толды. Соған сәйкес қауымдастық бұл белесті де береке-бірлігі жарасқан Қазақстан халқымен бірге ҚР Конститутциясының қабылдануы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуының 15 жылдығы қарсаңындағы жалпымемлекеттік мерейтойлардың және Корей Республикасындағы Қазақстан жылы аясында лайықты атап өтуге дайындық жұмыстарын белсенді жүргізді [6, 128 б].
3. 1991 жылы Алматы қаласында Армян мәдени орталығы Луйс деген атаумен құрылды.Жексенбілік армиян мектебі жұмыс жасап, онда 7-ден 15 жас аралығындағы армиян балалары ана тілінде білім алады. Армиян мәдени орталығының белсенді қызметінің арқасында Қазақстан халқы достығы фестивальдарында армиян мәдениеті кеңінен насихатталады [6, 132 б].
4. Ассириялықтардың мәдени орталығы 1991 жылы құрылып, тіркеуден өтті. Орталықтың негізгі мақсаты Қазақстандағы ассириялықтардың ұлттық-мәдени жаңғыруы мен дамуы бағытында қызмет ету болып табылады.;
5. Қазақстандағы поляктардың алғашқы ресми емес бірлестіктері 1980 жылдардың соңында Қарағанды, Көкшетау, Алматы сияқты қалаларда құрыла бастады және ол 1992 жылы заңды түрде тіркеуден өтті. Одақ ұйымдық тұрғыда 14 облыстық және қалалық бірлестіктерден құралады. Қазақстан поляктарының одағы қызметі республикалық үйлестіру кеңесі арқылы жүзеге асып отырады.
6. 1992 жылы Қазақстандағы орыс қауымы (ҚОҚ) республикалық қоғамдық бірлестік ретінде тіркелді. Қазақстан бойынша оның 12 аймақтық бөлімшесі ашылып, жұмыс істейді. Сонымен қатар, Алматыда Русский Дом халық шығармашылығы мен мәдениетінің орталығы, Атырауда Радуга орталығы, Риддер қаласында Орыс мәдени орталығы қызмет етеді.
7. 1992 жылы 29 мамырда ҚР Әділет министірлігінде Тұран деген атаумен әзірбайжан мәдени орталығы тіркеуден өтіп, өз қызметін ресми түрде жүргізе бастады. Осы жылдан бері Қазақ радиосында әзірбайжан тілінде Азери бағдарламасы әуе толқынына шығып тұрады. Қазақстан халқы Ассамблеясының Достық үйінде орналасқан Әзірбайжан мәдени орталығы жанынан 2001 жылы көркемөнер-әдеби студиясы ашылды.
8. 2002 жылы 10 қыркүйекте Грузин мәдени орталығы (ГМО) құрылды. Құрылған алғашқы жылынан бастап Алматыда грузин жексенбілік мектебі жұмыс істейді. Бұл мектеп жұмысының мақсаты грузин тілі мен жазуына үйрету, грузин халқының мәдениеті мен салт-дәстүрін насихаттау, грузин халқы мен қазақ халқының және Қазақ жерінде мекендейтін басқа да ұлттар арасындағы достық қатынастарды, мәдениеті мен тіліне деген құрметті одан әрі нығайту болып табылады.
9. Беларусь ұлттық-мәдени орталығы 1992 жылы желтоқсан айында құрылып, өз жұмысын бастады. Ұлттық-мәдени орталықта этнос өкілдерінің өзарар кездесулері өткізіліп, Беларусь Республикасынан келген қонақтар қабылданып, тарихи отаны туралы мәліметтер таратылып отырады. Сонымен қатар, белгілі азаматтардың мерейтойлары, Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасының мерекелері атап өтіледі [6, 140 б].
10. Қазақстан Республикасындағы Еврей ұлттық ұйымдарының МицваАссоциациясы республикадағы барлық еврей ұлттық-мәдени орталықтарын біріктіре отырып, 1992 жылы құрылды. Мицва Ассоциациясымен бірге 15 еврей мәдени бірлестіктерін, 13 Хэсэн қайырымдылық ұйымдарын және 13 еврей қауымы орталқтарының қызметін үйлестіріп отырады. Бүгінгі күні Мицва Ассоциациясы құрамына енетін қайырымдылық ұйымдары Қазақстанның 150-ден астам елді мекендерінде 13 мың еврей этникалық тобымен жұмыс жасайды
11. Вайнах Ассоциациясы 1995 жылдың басында құрылып, сол жылы 31 наурызда ҚР Әділет министірлігінде түркеуден өтті. Вайнах Ассоциациясы құрамына Қазақстан аумағындағы шешендер мен ингуштердің барлық ұлттық-мәдени бірлестіктері кіреді. Вайнах Қазақстан халқы Ассамблеясының құрамына кіреді және оның жетекшілері Ассамблея Кеңесі мүшелері болып табылады. Аймақтардағы бөлімшелер жетекшілерінің барлығы дерлік Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі.
12. Болгар мәдени орталығы 1995 жылы ұйымдастырылып, орталыққа аймақтық мәртебе берілді. Оған Атырау, Ақтөбе, Павлодар облыстық және Теміртау қалалық филиалдары кіреді. Тек Павлодар, Ақтөбе, Атырау және Қарағанды облыстарында олардың саны 1000-нан 1600 адамды құрайды. Бүкіл республикада бүгінгі күнде 7 мыңға жуық болгар өмір сүрсе, 30 мыңнан астамы аралас некеде тіркелген.
13. 1995 жылы Алматы қаласы мен Алматы облысында Түрікмен қоғамдық-мәдени орталығы ашылды. Ол Қазақстандағы ұлттық-мәдени бірлестіктердің жаппай құрыла бастаған кезеңінде ұйымдастырылған еді. 1998 жылы Алматыдағы түрікмен мәдени орталығына түрікмендердің Маңғыстау ұлттық-мәдени орталығы, ал 2004 жылы Қостанай және Қарағанды түрікмен ұлттық-мәдени бірлестіктері қосылды. 1996 жылы Алматыдағы түрікмендердің ұлттық-мәдени орталығы Ашхабадтағы дүниежүзі түрікмендерінің Гуманитарлық Ассоциациясының мүшесі ретінде қабылданды. Ал 1998 жылы Ашхабадтағы Елімай-Түркіменстан - Қазақ ұлттық-мәдени орталығымен шығармашылық байланыс орнату туралы келісім жасалды.
14. Мекен қырғыз мәдени орталығы 1996 жылы тамыз айында құрылды. Орталық қазақстанның майталман жазушысы М.Әуезовтың 100 жылдық мерейтойы мен халық жазушысы Ш. Айтматовтың мерейтойларын атап өтуде белсенділік танытты. Мәдени орталық 1999 жылы қыркүйек айында Астанада өткен Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан елдерінің мәдениет және ғылым қайраткерлерінің кездесуіне қатысты. 2000 жылы қыркүйекте Қырғызстанда Ош қаласының 3000 жылдық тарихын және Түркістан қаласынаң 1500 жылдық тарихын мерекелеуге арналған салтананттарға белсене араласты [6, 163 б].
15. Қазақстандағы өзбек этносы қоғамдық бірлестіктерінің қызметін үйлестіріп отыру мақсатында 1996 жылы Достлик Ассоциациясы құрылды. Aталмыш ұйым өзбектердің мәдени-ағарту қажеттіліктерін қанағаттандыруға, яғни ұлттық салт-дәстүрін сақтауға, ана тілін жетілдіруге, мәдени құндылықтарын дамытуға бағытталған іс-шараларды жүзеге асырды. Ассоциация мынандай міндеттерді шешумен айналысады: оқу өзбек тілінде жүретін мектептер үшін педагог мамандар даярлау, оқу орындарына түсуге арналған тест-сынақтарын ана тілнде тапсыру мүмкіндіктерін қарастыру, өзбек тілінде телебағдарламалар ұйымдастыру.
Бүгінгі таңда, жоғарыда аталып өткен ұлттық-мәдени орталықтардың ассоциациялар мен одақтарға бірігу үдерісі жүріп жатыр. 1996 жылғы Қоғамдық бірлестіктер туралы Қазақстан Республикасы Заңы мен 1995 жылы 14-шілдеде қабылданған ҚР Әділет министірлігінің Аумақтық органдардың заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы ережесіне сәйкес қоғамдық бірлестіктерді ассоциация (одақ) түрінде тіркеу мүмкіндігі қарастырылған .
Ұлттық-мәдени орталықтардың жемісті қызметі елімізде тұратын этностардың тілінің, мәдениеті мен әдет-ғұрпының, ұлттық қасиеттерінің жаңғыру мен дамуынсыз мүмкін емес. Ұлттық-мәдени орталықтар қызметінің аса жауапты міндеттерінің бірі - әрбір этностың тілін арнайы сыныптар мен жексенбілік мектептер арықылы дамыту көзделген. Ұлттық-мәдени oрталықтар өздерінің тәрбиелік бағдарламаларына этномәдени реңк беру арқылы жүзеге асырады. Мұндай бағдарламалар білім беру мекемелерінде де қолданылып отырады. Бүгінгі күні, Қазақстан көпұлтты халықты топтастырудың стратегиясын айқындап берді. Ол идеяның негізінде қазақстандық патриотизм, жалпыазаматтық құндылықтар контексіндегі этникалық мәдениет пен сананы жаңғырту жатыр. Ал, барлық ұлттық-мәдени орталықтар өз қызмет аясын осы идеяның негізде жүзеге асырады.
Aзаматтардың ұлттық-мәдени бірлестіктері шеңберінде этникалық мәселелердің шешімін табу қазақстандық этносаясаттың басым бағыты болып саналады. Мемлекет алдында бүгінгі күнге дейін қол жеткізілген тұрақты этносаралық келісімді одан әрі нығайтудың келелі міндеті тұр. Бұл міндетті жүзеге асырудағы маңызды фоктролардың бірі - ұлттық-мәдени орталықтардың қызметін жан-жақты дамыта түспек.
Біз Мемлекет басшысының ұсыныстарын толықтай қолдаймыз. Ұлттық-мәдени oрталықтар мен қоғамдық бірлестік өкілдерінің, ғылыми қауымдастық және ел болашағына алаңдаушылық білдіретін барлық азаматтарды бірлесе, ынтымақта жұмыс жасауға шақырамыз.
Біз, Қазақстанда тұратын барлық этнос өкілдері, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың күшті және өркендеген Қазақстанды құруға, қазақстандық қоғамды ұйымдастыруға бағытталған саясатын толықтай қолдаймыз.
Біз бірлік пен ұйымшылдықсыз ұлы міндеттер мен жеңістерге жету мүмкін емес деп санаймыз. Міне, сондықтан, ұлттық бірлік - біздің стратегиялық таңдауымыз!
Біз ортақ үйіміз - Қазақстан Республикасында бейбітшлік пен келісімнің сақталуына күш-жігерімізді жұмсауға әзірміз! .
Oйымызды қорыта келе, бүгінгі таңда Қазақстанда 130 ұлттың өкілі өмір сүріп, 35 ұлттың өкілі Қoғамдық бірлестіктер туралы Заңның талаптарына сәйкес 365 ұлттық-мәдени бірлестікке бірігіп, өз жұмыстарын жүргізуде. Oлардың 31-і Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ассамблея Кеңесінің мүшесі болып саналады. Oлар Қазақстан халқының дамуында өзіндік үлес қoсып, қызметаясын кеңейтуде. Бұл дегеніміз - бүгінгі қоғамдағы ұлттық бірлік пен рухани келісімнің қайнар көзі. Еліміздегі әрбір ұлттық-мәдени бірлестіктер мен oлардың әрбір мүшелері этностар арыснадағы ұлтаралық татулық пен келісімді нығайтудың маңыздылығын, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың демократиялық, әлеуметтік бағдарлы қоғам құруға, қоғамдық тұрақтылықты нығайтуға бағытталған саясатын жан-жақты насихаттауға өз үлестерін қосып отырғандары анық.
Этникалық журналистика-бұл өзінің этникалық болмысындағы халықтың өзін-өзі тану, этнос біріктіру және біріктіру, оның мәдени өзіндік ерекшелігін сақтау және дамыту қызметін атқаратын журналистика. Әдетте, этникалық журналистика -- бұл этностар тіліндегі журналистика, оның адресаты, ең алдымен, өз этносының өкілі болып табылады. Ресей халықтарының журналистикасы - "этникалық журналистика"терминімен дәстүрлі түрде сипатталатын көп қырлы құбылыс. 20% - ға жуық елде тұратындар, бұл 200 түрлі ұлттық топтар. Олардың барлығы коммуникацияның, ақпараттандырудың, жаңалықтармен алмасудың және өзекті мәселелер мен мәселелерді талқылаудың өз арналары болуы мүмкін деп болжануда. Ресейдің көптеген ұлттық аймақтарында БАҚ-тағы ұлттық тіл көш бастап тұр. Бұл орыс халқының саны бойынша асып кетуімен сипатталатын демографиялық себептерге байланысты. Психологиялық тұрғыда орыс тілі мәдениаралық қарым-қатынас, әлеуметтік өсу және жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін кеңейте отырып, көптеген артықшылықтар береді.
Блохин "этникалық журналистика" екі жақты сипатқа ие екенін атап өтті. Біріншіден, мұнда тек Ресейде ғана емес, басқа елдерде тұратын кез келген халықтардың өмірі мен мәдениетінің ерекшеліктері тақырыбына, сондай-ақ этносаралық өзара іс-қимыл мәселесіне қатысты журналистика жатады. Екіншіден, тек қана Ресей халықтарына, Ресейдің этникалық азшылықтарына, бұқаралық ақпарат құралдарында ұсынылған және ұлттық тілде де, орыс тілінде де шығатын диаспоралардың журналистикасына қатысы бар журналистиканы жиі білдіреді. Бірінші жағдайда журналистік қызметтің мақсаты әлемдегі өзге мәдениеттердің алуан түрлілігі туралы ақпараттандырудан тұрады, екінші мағынада этностардың бірігуі, оларды этносаралық коммуникация жүйесіне қосу, ұлттық мәдениетті сақтау және дамыту туралы айтылады . БАҚ-тың ұлттық-мәдени тақырыбы олардың түрін анықтаудағы басты критерий болып табылады[1]. Этникалық журналистиканың адресаты-ол кімнің тілінде бар этностың өкілі. Этникалық журналистика негізінен ұлттық республикаларда, ұлттық топтар басым өңірлерде, ұлттық тілдің дамыған жағдайы бар тіл тасымалдаушылары сақталған жерлерде -- мектептер, діни және қауымдық орталықтар, ұлттық тілдегі радио және телехабар тарату, баспа, тұрмыстық қарым-қатынас бар. Этникалық мәдениеттер туралы, жалпы ұлттық және ұлтаралық қатынастар мәселелері туралы және ұлттық қарым-қатынасқа қызығушылық танытатын аудиторияға арналған, этникалық қатыстылығына қарамастан, Т.ғ. к. Блохин этножурналистика деп атауды ұсынады. Ол журналистік қызметтің жеке түрін және оның мазмұнына қатысты және аудиторияның ерекшеліктерінің белгісі бойынша, және "ойлау, іздеу, жинау, ақпаратты интерпретациялау этнологиялық мәдениетімен сипатталатын БАҚ қызметкерлерінің біліктілік деңгейі ретінде" деп ойлайды.
XX ғасырдың аяғында-XXI ғасырдың басында елде этникалық бірегейліктің мәселелері күшейе түсті. Этникалық баспасөз азаматтық қоғамды құру үшін маңызды феномен болды. Бұл ұғымның өзектілігі Ресейдің геосаяси дамуының этносаяси процестері мен қажеттіліктеріне негізделген. Республиканың ССРОның расападасынан кейін титул халқының атынан егемендікті жариялады және мемлекеттік мәртебені тек титулдық тілге берді. Бұл фактілер азаматтардың азаматтық және этникалық сана-сезімінің арақатынасы туралы мәселе қойды[2]. Ресей Федерациясындағы азаматтық қоғамның негізін ресейлік азаматтық ұлт -- Ресей құрды, Ресей Федерациясында көпэтносты азаматтық қоғамды қалыптастырудағы этникалық БАҚ орны мен рөлінің маңызды негіздемесі болды. 2002 жылғы халық санағы елде "Ресей халқы" қалыптасқанын көрсетті. Мәскеу қаласында "Татарские новости" (1993), "Караимские вести" (1994), "Ноев ковчег" (1997), "Панорама Дагестана" махачкалинский апталық газеті (1998), уфимский журнал "Ватандаш" (1995), екатеринбургская газета "Уралтау" (1995) және т. б. газеттер жарық көрді. өз тууымен басылымдардың жаңа түрі -- постэтникалық ұлттар баспасөзінің пайда болуын атап өтті. 2007 жылдан бастап "Азеррос" ("Азеррос"), "Азербайджанский конгресс", "Вестник Союза армян России", "Еврейские новости", "Международная еврейская газета", "Немецкая газета", "Грузинское слово", "Украинские вести", "Ассирийская газета", "Татарский мир", "Свободный Курдистан", "Российские корейцы", "Греческая газета" және т. б. 60 -- тан астам газет және журнал шығарылады. Газеттердің мазмұны бойынша азаматтық (постэтникалық) идентификация өз құрылымына кіреді: Ресей азаматы (жалпы бөлігі) өзін мойындау; Ресейдің мемлекеттік тілін ана ретінде мойындау; Ресейдің құрамдас бөлігі федерацияның "өз" субъектісін мойындау; Ресейдің бірлігін мойындау; Ресей азаматтарының жалпы суперэтникалық мифологиясын (тарихын) мойындау.
Телевидение - қашықтықтағы бейнені толқындар мен электро сигналдар және кабельдер арқылы көрсету құрылғысы. Қабылдағыштар берілген сигналдарды экранда бейнеге айналдырады. Сөйтіп нақты бейнені сол қалпында көрсетеді.Ал енді эфирдегі сұхбаттасу өнері туралы жазатын болсам, мұнда теледидарда қарсы жақтағы сұхбатқа қатысушы кейіпкерден ақпарат алу әдісі диалог арқылы жүзеге асады. Сұрақ жауап түріндегі сөйлеу кезінде жүргізуші мен студия қонағының білім-біліктілігі, ой тереңдігі мен парасат-пайымы таразы базасына тартылып жатады. Журналистикадағы ықшамдылық тек тілдік, дәлдік, қысқалық қана емес, тұтас жатқан әдіс және тәсіл. Сұхбат кезіндегі көп сөздің ұзақтығы ойдың кедейлігінің, бұлыңғырлығының ғана хабаршысы емес, тақырыптың дұрыс таңдалмағандығы, бос риторизмнің де белгісі. Әдебиетте, өнерде болсын ұзақтықты тек көркемдік қана көтереді. Жәй әңгімешілік, бос пейзаж, характерді типтендіруге қатысы жоқ басы артық сөздер, оқиғалар хабардың желісін, өзегін сұйылтып, нәрлілігін кетіреді, көрермен оны көруден жалығады. Сценарий өңдеу, қайта жазу, оған әр мен нәр беру, қырнау, толықтыру бұл күнде теледадарда ұмтылған. Мұның өзі әлі де бір қайнауы ішінде, шикілі дүниені кемелдендіре түсудің, шеберлікке жеткізудің қажетті шарттарының бірі. Телеэкран бетіндегі әр бір хабар біздің күнделікті тынымсыз тіршілікке толы өміріміздің тұтас тұлғасын, типтік суретін беретіндей болуға тиісті.Кейіпкермен әңгімелесу кезінде сұхбаттағы негізгі ой ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТАТУЛЫҚ ПЕН КЕЛІСІМ МӘСЕЛЕЛЕРІНІҢ ЭЛЕКТРОНДЫ БАҚ-ТАҒЫ КӨТЕРІЛУ ДЕҢГЕЙІ
ЖАҢА КЕЗЕҢДЕГІ ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИЕТ СИПАТЫНЫҢ ЖУРНАЛИСТИКАДАҒЫ КӨРІНІСІ
Қазіргі Қазақстандағы этносаралық қарым-қатынастар және ақпараттық қауіпсіздік мәселесі
Елбасы айтқандай Дәстүр мен мәдениет ұлттың генетикалық коды
Шығыс Қазақстан облыстық газетінің қалыптасу, даму кезеңдері (1931 – 2004 жж.)
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІҢ ОТАНДЫҚ БАҚ-ДА НАСИХАТТАЛУЫ
БАҚ-тағы ұлттық және діни алауыздықтың жазылу ерекшеліктерін зерттеу арқылы қоғамдағы дінаралық, ұлтаралық өшпенділіктің алдын алу
Қазақстан мен Ұлыбритания бұқаралық ақпарат құралдарындағы ұлттық мүдде мәселелерінің берілу ерекшеліктері
БАҚ туралы заң
«Ана тілі» газетінде термин мәселесінің жазылуы
Пәндер