Нұрғиса Тілендиев өмірбаяны


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті
СӨЖ
Тақырыбы: КСРО өнер жұлдызының шығармашылық ғұмырын зерттеу
Тобы: МС-19-15-3к2
Орындаған: Уразбек Абат
Қабылдаған: Ормолдаева Майра
Жоспар:
1. Кіріспе.
Нұрғиса Тілендиев өмірбаяны.
2. Негізгі бөлім.
Өнер жұлдызының шығармашылық ғұмыры.
Туындылары.
3. Қорытынды.
4. Пайдаланылған әдебиеттер.
1. Кіріспе
Тілендиев Нұрғиса Атабайұлы 1925 жылы 1 сәуір күні Алматы облысы, Іле ауданындағы Шилікемер ауылында дүниеге келген. Әкесі Атабай домбырашы, халық әндерінің білгірі болған. Шешесі Салиқа да музыканы жақсы көрген, өлең айтқан, тіпті сырнайда да ойнаған екен.
Нұрғиса бала кезінен бір орында отырмайтын. Анасы балам бір бәлеге ұрынып қалмасын деп, аяғын ағашқа байлап қойған кездері де болыпты. Артынан баланың энергиясын домбыраға қарай бұрған. Сөйтіп, Нұрғиса бес жасында әкесінен домбыра тартуды үйренген. Ал анасы ноталық сауатын ашты.
Бір күні Ахмет Жұбанов Нұрғиса тұрған үйдің жанынан өтіп бара жатып, домбыраның үнін естіп қалады. Ұлттық аспапта сонша шебер ойнап отырған кім екенін білгісі келеді де, алты жасар баланы көріп, анасынан ұлының тағы бір рет домбыра тартып беруін сұрайды. Шешесі Салиқа келіседі. Бірақ тіл-көз тимесін деп баласы мен Жұбановтың ортасына шымылдық іліп қояды.
Ахмет Қуанұлы баланың ойнауын ұйып тыңдап, оған музыка училищесіне баруға кеңес береді. Училищеде баламен басқа композитор Латиф Хамиди айналысып, оны би класына жазып қояды. Іссапардан келген Жұбанов талантты домбырашы балет сабақтарына барып жүргенін көріп, дереу музыка класына ауыстырады.
Домбырамен қатар, Нұрғиса бокспен де айналысқан. Алайда Ахмет Жұбанов: "Не бокс, не музыка!" деп шарт қойғаннан кейін Нұрғиса өнерді таңдайды.
Өнер жұлдызының шығармашылық ғұмыры.
Москваның П. И. Чайковский атындағы консерваторисының дирижерлік факультетін (проф. Н. П. Аносовың класы бойынша) бітірді. Қазақтың Абай атындағы опера және балет театрында (1953-1961), қазақтың Құрманғазы атындағы Мемлекеттік Академиялық халық аспаптар оркестрінде (1961-1964) және тікелей өзінің ұйымдастыруымен дүниеге келген «Отырар сазы» халық аспаптары оркестрінде (1981-1998) бас дирижер қызметін атқарды. Сондай ақ, 1968 жылдың «Қазақфильм» киностудиясы музыка редакциясының бас редакторы болып істеді. Қазақстанның халық әртісі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері, КСРО ның халық әртісі. Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен Н. Тілендіұлына 1998 жылы «Халық Қаһарманы» атағы берілді.
Туындылары
Нұрғиса Атабайұлы қазақтың музыкалық мәдениетіне композитор, дирижер, орындаушы ретінде өшпес із қалдырған суреткер. Ол 500-ден астам музыкалық төл туындылардың авторы. Осынау мол мұраның жанрлық аясы да қайран қалдырады: ән, күй, романс, увертюра, поэма, контата, опера, балет. Сүйікті шығармаларынан
«Достық жолымен» (1958)
«Менің Қазақстаным» контатасын (1959) Қ. Қожамяровпен бірлесіп жазған
«Алтын таулар» операсын (1961)
«Ата толғауы» оркестр үшін жазылған шығармаларын (1962)
«Халық қуанышы» (1963)
«Қайрат» (1964)
«Жеңіс солдаты» (1975) сияқты увертюраларын атауға болады. Оның
«Аққу»
«Аңсау»
«Арман»
«Ата толғауы»
«Әлқисса»
«Қорқыт туралы аңыз»
«Көш керуені»
«Махамбет»
«Фараби сазы» сияқты күйлері
«Саржайлау»
«Алатау»
«Ақжайық»
«Ақ құсым»
«Өз елім» сияқты ондаған әндері халықтық бояу нақышының қанықтығымен, өзіндік қолтаңбасының айқындығымен жұртшылықтың сүйіп тыңдайтын рухани қазынасына айналған. Мұның сыртында қырықтан астам пьесаға және жиырмадан астам фильмге музыка жазған.
Нұрғиса Атабайұлы музыкасын жазған М. Әуезовтың, Ш. Аймановтың, Т. Ахтановтың, Ә. Тәжібаевтың пьесалары, сондай-ақ
«Қыз Жібек»
«Қилы кезең»
«Менің атым Қожа»
«Қарлығаштың құйрығы неге айыр»
«Ақсақ құлан» фильмдері әлдеқашан қазақ сахнасы мен экран өнерінің классикасына айналған.
Ол 500-ден астам муызкалық төл туындылардың авторы. Осынау мол мұраның жанрлық аясы да қайран қалдырады: ән, күй, романс, увертюра, поэма, контата, опера, балет т. б. Сүйікті шығармаларынан «Достық жолымен» (1958), «Менің Қазақстаным» контатасын (1959), Қ. Қожамяровпен бірлесіп жазған «Алтын таулар» операсын (1961), «Ата толғауы» және оркестр үшін жазылған шығармаларын (1962), «Халық қуанышы» (1963), «Қайрат» (1964), «Жеңіс солдаты» (1975) сияқты увертюраларын атауға болады. Оның «Аққу», «Аңсау», «Арман», «Ата толғауы», «Әлқисса», «Қорқыт туралы аңыз», «Көш керуені», «Махамбет», «Фараби сазы» сияқты күйлері мен «Саржайлау», «Алатау», «Ақжайық», «Ақ құсым», «Өз елім» сияқты ондаған әндері халықтық бояу нақышының қанықтығымен, өзіндік қолтаңбасының айқындығымен жұртшылықтың сүйіп тыңдайтын рухани қазынасын айналған. Мұның сыртында қырықтан астам пьесаға және жиырмадан астам фильмге музыка жазған. Тілендіұлы Нұрғиса музыкасын жазған М. Әуезовтың, Ш. Аймановтың, Т. Ахтановтың, Ә. Тәжібаевтың пьесалары, сондай ақ «Қыз Жібек», «Қилы кезең», «Менің атым Қожа», «Қарлығаштың құйрығы неге айыр», «Ақсақ құлан» фильмдері әлдеқашан қазақ сахнасын мен экран өнерінің классикасына айналған.
Қорытынды:
Тілендіұлы Нұрғиса қазақтың музыкалық мәдениетіндегі сал серілік дәстүрдің соңғы тұяғы. Ол өнер туындату барысында уақыттың идеологиялық өктемдігіне, ассимиляцияшыл әсіре үрдісіне мүлде мойын ұсынбастан, өзінің тәңір дарытқан төлтума қалпынан қылдай ауытқымай жүріп, шығармашылық даралығын сақтап қала алды. Бұл ретте, Нұрғиса жерден қуат алатын Антей сияқты, қазақтың, туған жерінің ғасырлардан келе жатқан музыкалық дәстүріне табанын нық тіреп тұрып, өзінің арман аңсарын еш жасқанбастан дыбысқа айналдыра білді. Ол өз заманының музыкалық танымын терең игерген кәсіпқой музыкант бола тұра суырыпсалмалық дәстүрді ұдайы шабыт тұғыры етіп отырды. Былайша айтқанда, көргенді күйттеп, естігенді жаттап отыратын оркестрлік қасаңдыққа Нұрғиса буырқанған шабыт еркіндігін дарыта білді. Бұл рете, Нұрғиса сахараның ақ бас абыздары сияқты, өз үнін көп дауысқа тұншықтырмай, өз лебізін көп даңғазаға ілестірмей, қазақтың дәстүрлі музыкалық тіліндегі дарашыл қасиетті (монодийность) тәу етіп өтті.
Нұрғисаның композитор, дирижер, орындаушы ретіндегі ойы көпке ортақ, тілі көпке түсінікті. Егер, салсерілер өнері адамның жан жүрегіне бағытталуымен дараланса, сол ұлы дәстүр Нұрғисаның да барша шығармашылық болмысында аста төк болып, шалқып шашылып жатты. Дәл осы тұрғыда Нұрғиса қазақтың дәстүрлі музыкасының әрін тайдырмастан, нәрін жоғалтпастан тек қана өзіне тән профессионализмді қалыптастыра алды. Тілендиев Нұрғиса (1925-1998)
Тілендиев Нұрғиса Атабайұлы - атақты композитор, дирижер, домбырашы 1925 жылы сәуір айының 1-жұлдызында Алматы облысы Іле ауданының Шіліккемер ауылында дүниеге келген. Қазақстанның халық қаһарманы 1998 жылы Алматы облысының Жамбыл ауданында жерленді. 1949-50 жылдары Алматы мемлекеттік консерваториясында, ал 1950-52 жылдары Мәскеу мемлекеттік консерваториясының дирижерлік факультетінде (профессор Н. П. Аносовтың класы бойынша) оқыды. 1952-61 жылдары Қазақтың мемлекеттік академиялық опера және балет театрының дирижері, 1960-64 жылдары Қазақтың мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрінің бас дирижері болып қызмет атқарды. 1968-81 жылдары «Қазақфильм» киностудиясы музыкалық редакциясының бас редакторы болып, 1981-98 жылдары өзі ұйымдастырған «Отырар сазы» фольклорлық этнографиялық ансамблінің көркемдік жағын басқарды. Еркін төгілген әсем әуен, сымбатты ырғақ, нәзік лиризм, азаматтық пафос пен динамикалық серпін - композитор шығармаларына тән қасиет.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz