Жүректің жұмысы


СӨЖ
Тақырыбы: Қанның жастық ерекшеліктері және журек-қан тамыпрлары жүйесінің дамуы
Орындаған: Ботабекова Гулназа Тобы: ИН 911 К2ф Шымкент 2020Жоспар
- КіріспеҚанның жүйесі.
- Негізгі бөлім
- Қанның маңызы.
- Жүректің құрылымы және жұмысы.
- ҚортындыЖүрек-қан тамырларының қызметі
- Пайдаланған әдебиеттер
Қан - жүйесінің маңызы мен мөлшері және қан өндіру. Адам организмінің тіршілігі денеге қуат беретін қоректік заттарды қабылдап, оларды қорыту арқылы сақталады. Тамақ құрамындағы қоректік заттар организмде қорытылып, оттегінің қатысуымен болатын тотығу барысында энергия бөледі. Қоректік заттардың осы өзгерістерінің нәтижесінде адамның денесінде зат алмасудан пайда болған организмге қажетті заттармен қоса, қажетсіз, тіпті денені уландыратын заттар да пайда болады. Айталық, зат алмасуының нәтижесінде денеде аммиак, мочевина, фенол, индол, кетондар улы заттар пайда болады. Сонымен, адамның өмірі клеткаларға аса қажетті қоректік заттар мен оттегіне және организмдегі зат алмасудан пайда болатын қажетсіз улы заттардың шығуына байланысты. Мүның бәрін тасымалдау қызметін денедегі қ а н атқарады. Қан күллі денені аралап, оның ұлпаларындағы клеткалардағы заттың алмасуына қажетті химиялық заттарды екеліп, қажетсіз заттарын әкетеді. Мұнымен қоса, қан дененің түрақты температурасын сақтауға қатысады, организмнің иммундық қасиеттерін қамтамасыз етеді және мүшелердің қызметін гуморальдық реттеуге қатысады. Ерте заманда адамдар қаңцы “тіршілік өзені” деп бекер атамаған. Яғни қан және өмір бір-бірінен айырылмай, қосарланып жүреді: қан бар жерде өмір бар, қан болмаса тіршілік тоқталады. Қанның маңызды қызметтерінің іске асып орындалуы, оның ерекше қүрылысы мен қасиеттеріне байланысты. Адамның денесіндегі қан - организмнің сұйық негізгі ішкі ортасы. Қанның жалпы мөлшері ересек адамда 4, 5-6 л шамасында, яғни дененің жалпы салмағының 6-8 %. Жаңа туған нәрестеде ол 10-20 %, 1 жаста 9-13%, 5-7 жаста 7-8 % болады. Организмдегі барлық қанның 50% қан деполарында қор болып сақталады. Ондай мүшелерге бауыр, көкбауыр, өкпе және тері жатады. Бұл мүшелердегі қан қоры адам жараланып, қансырағанда қан айналымына шығып, тіршілікті сақтап қалады, ал денедегі қанның 50-60% жоғалса, адам өліп қалады. Қан өндіру ұрықтық кезеңде басталады. Бұл кезде қан сары денеде, бауырда, көк бауырда және сүйектің кемігінде өндіріледі. Ұрықтың мүшелері кезектесіп, яғни бірінің қан өндіру қызметі төмендегенде екіншісінің қызметі басталады да, қанның үнемі өндірілуін қамтамасыз етеді.
Қан ұрықтың 2-3 апталық кезеңіңде сары денеде алғаш өндіріле бастайды. Сары дене семіп, азайып, кішірейе бастағанда, қан өндіру қызметі бауырға ауысады. Бауыр ұрықтың 3-4 апталық өмірінде пайда бола бастайды. Жаңа туған сәбидің бауыры оның құрсақ қуысының 2/3 бөлігін алып жатады. Туғаннан кейін алғашқы айлардан бастап бауырдың аумағы кішірейеді де, 3-4 жастабауырдың аумағы ересек адамдікіндей болады. Жаңа туған сәбидің бауырының салмағы жалпы денесінің 4, 33 %-ына тең болса, ересек адамда ол 2, 85 %-ға тең. 8-10 айда бауырдың салмағы 2 есе, 2-3 жаста 3 есе артады. Балалардың қанындағы витаминдердің жас ерекшеліктері тым аз зерттелген. Олардың ішіндегі А және Е витаминдері жайлы аздаған ғана мәліметтер бар. А витаминінің мөлшері жаңа туған сәбиде 0, 01-24, 4 мг% шамасында өзгеріп тұрады. Оның мөлшері жыл мезгіліне тәуелді деген бірен-саран мәліметтер кездескенімен әлі нақты дәлелді зерттеулер жоқ. Е витаминінің мөлшері жаңа туған сәбиде шамамен 0, 30 мг% болып, 3 жаста 0, 80мг%, 8 жаста 0, 83мг%, 16 жаста 0, 94мг%, 20 жастан өрі 0, 87 мг% шамасында болады, яғни бұл витаминнің мөлшері 3 жастан кейін онша көп өзгере қоймайды.
Қан әр түрлі қызмет атқарады: зат алмасу мен сыртқы (өкпемен) тыныс алу процесіне белсене қатысады, барлық органдар мен тканьдерді оттегімен қамтамасыз етіп, оларды көмір қышқыл газынан арылтады, организмде қышқыл сілті тепе-теңдігін сақтайды, организмді қышқыл сілті тепе-теңдігін сақтайды, организмді инфекидядан қорғайды. Қан нәрлі заттарды органдардан тканъдерге жеткізеді де олардан зат алмасу өнімдерін алып кетеді. Дененің температурасын тұрақты етіп ұстау -қанның маңызды қызметтерінің бірі, өйткені оның қан тамырлары арқылы үздіксіз қозғалысы белок, май, көміртегінің ыдырауынан организмде пайда, болған жылудың біркелкі бөлінуін қамтамасыз етеді. Қан, лимфа және тканаралық сұйық - организмнің ішкі ортасын құрайды, бұл оның физикалық және химиялық құрамының (гомеостаз) салыстырмалы тұрақтылығымен сипатталады. Бұл тұрақтылық - әр түрлі органдар тканьдерінің және бүкіл организмнің ойдағыдай қызмёт етуі үшін қажетті шарт.
Жүректің құрылымы және жұмысы. Бала жүрегінің ерекшелігі. Микроскопиялық зерттеулер арқылы жасөспірімдер, балалар жүрегінің жасқа байланысты динамикалық құрылымы 7-10 жастағы балалардың жүрек бұлшық етінде жинақы орналасқан нәзік әрі қысқа талшықтар бар екендігі, олардың арасында ересектерде кездесетін май ткані жоқ екендігі анықталған. Бұл кезде жүректің нерв аппаратының дифференциясы аяқталған және ол 12 жастағы балаларда өздерінің структуралық көрсеткіштері бойынша (көлемінен өзге) ересек адамның жүрегіне ұқсас.
Жүрек жақтаулары үш қабаттан тұрады: ішкі қабат эндокард, ортаңғы қабатт - миокард және сыртқы қабат - эпикард. Эпикард жүрек қабы перикардтың ішкі астары болып табылады.
Балалардың эпикарды ересектердікіне қарағанда жұқа және дәл соңдай мөлдір. Сондықтан оның астына орналасқан қан тамырлары анық көрінеді.
Эндокард жүректің ішкі жағын қаптап жатыр. Одан екі жақты жүрек қақпақшалары жасалған. Бала жүрегінің эндокарды әлдеқайда іркілдек келеді әрі аздаған өзгешелігі болады.
Жүрек жақтаушыларының анағұрлым күшті қабаты миокардында болып табылады. Оның талшықтары балаларда анағұрлым жіңішке, нәзік келеді, ол нашарлау дамыған, қысқа әрі тығыз болады. Балалар миокардында май клеткалары жоқ.
7-12 жас аралығындағы балалардың жүрек өсуінің жалпы жылдамдығы салыстырмалы түрде баяулайды, қарыншалар жүрек қалқаншаларынан жылдамырақ өседі, ер балалар мен қыз балалардың жүректерінің салмағы бірдей өседі. Осы мерзімде қан тамырларының шеңбері де артады, сөйтіп 11-12 жасқа дейін өсіп келе жатқан жүрек пен қан тамырларының тесігі арасында тұрақты қатынас сақталады. Жасөспірімдер жүрек-қан тамырлары жүйесінің ерекшеліктері физкультура, еңбек сабақтарын, экскурсиялар ұйымдастыруда мұхият есепке алынуға тиіс. Жүрекке шектен тыс салмақ салудан аулақ болу үшін эмоциялық тітіркенуден, спорт жаттығуларын шамадан тыс орындаудан бас тартқан дұрыс. Оқушылар жүрегінің және қан тамырларының дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз етуде ұйқының, тамақтың, киім мен аяқ киімнің гигиеналық ұйымдастырылуының аса зор маңызы бар. Жүректің жұмысына, миокарда да патологиялық өзгерістердің пайда болуына темекі тарту, алкогольді ішімдіктерді пайдалану, аурулар (мысалы ревматизм), психиялық зардаптар әсер етеді. Бұдан шығатыны, аталған факторларға жол бермеу, жүректің берік болуына септігін тигізеді. Баланың жасы өскен сайын жүрек камерасының (қалқанша мен қарынша сыйымдылығы бірте-бірте ұлғаяды. Бұл өсу әсіресе алғашқы жеті жылда айрықша байқалады. Мәселен, жаңа туған сәбиден ол 2, 4 мл-ге, 7 жастағыда - 23, 0, 12 жастағыда - 41, 0, ересек кісіде - 60, 0 мл-ге тең. Сыртқы түрі бойынша сәбидің жүрегі ересектің жүрегінен көлемі, жақтауларының қалыңдығы, жүректегі тесіктердің көлемі бойынша біраз айырмашылықтары болады. Жас өскен сайын жүректің ішкі құрылымы әжептәуір өзгереді: қабаты, бұлшық ет қабықшаларының конструкциясы, қақпақшаларының құрылысы, яғни анатомиялық, гистологиялық, гистохимиялық жағынан ғана емес, қызметі жағынан да өзгеріске ұшырайды. Жүректің жұмысы. Артерияға ырғақты түрде қайталанып отыратын қан айдау - жүректің функциялық қызметінің негізі. Ол жүрек қалқаншалары мен қарыншаларының рет ретімен жиырылуы мен босаңсуының арқасында жүзеге асады.
Жиырылу кезеңі систола, ал босаңсу кезеңі диастола деп аталады. Жүрек жиырылған кезде байқалатын систола мен диастоланың және керісінше алмасып отыруы жүрек циклі немесе дәлірек айтқанда жүрек жұмысының циклі деп аталады.
Жүрек қызметінің үш фазасы болады: 1) жүрек қалқаншасының систоласы, бұл кезде қан қалқаншадан босаң қалыпта ұрған қарыншаға түседі; 2) қарынша систоласы, бұл кезде систола фазасындағы қан қарыншалардан қолқа мен өкпе артериясына айдалады (бұл кезде қалқаншалар босаңсиды) ; 3) жалпы үзіліс, бұл кезде жүрек тыныш қалыпта болады. Осы кезде босаңсыған ірі вена тамырларынан қан келіп түседі Жалпы үзілістен кейін жүрек жұмысының жаңа циклі басталады. Жүрек жұмысы циклінің ұзақтығы 6-7 жасар балада 0, 63 секундқа, 12 жастағыда - 0, 75, ал үлкен адамда - 0, 8 секундқа тең, 6-7 жасар баланың жүрегі минутына 95-100 рет, 12 жастағыда 80-90, ал үлкен адамда 68-70 рет жиырылады. Бір мезгілде жүректің оң және сол жақ бөлігі арқылы бірдей мөлшерде қан өтеді. Жүректіқ бір секунд ішінде айдап шығатын қан мөлшері систоликалық немесе жүрек соғуының көлемі деп аталады. Бала жүрегі камерасының сыйымдылығы ересектерінен кішірек болғандықтан олардағы систоланың көлемі де аз. Оның мейлінше улғаюы өтпелі кезеңде байқалады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz