Халықаралық шарттар нормаларын қолданудың халықаралық құқықтық негіздері



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СУЛЕЙМАН ДЕМИРЕЛЬ АТЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТІ
ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҒЫЛЫМДАР ФАКУЛЬТЕТІ

Қуанышбаева Амина Бахытжанқызы

Халықаралық шарттар бойынша сот төрелік практикасы
Дипломдық жұмыс
5В030100-Құқықтану

Қаскелең 2020

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СУЛЕЙМАН ДЕМИРЕЛЬ АТЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТІ
ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҒЫЛЫМДАР ФАКУЛЬТЕТІ
ҚҰҚЫҚТАНУ КАФЕДРАСЫ

Қорғауға
жіберілді
Кафедра
меңгерушісі
_____________
___ _______
2020 ж.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Халықаралық шарттар бойынша сот төрелік практикасы
5В030100-Құқықтану

Орындаған Қуанышбаева Амина
Ғылыми жетекші Шарифбаева Х.С.
Норма бақылаушы ?

Қаскелең 2020

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 4

1 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШАРТТАРДЫҢ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰҚЫҚ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЗАҢДЫ КҮШІ ... ... ... 6
1.1 Қазақстан Республикасының құқық жүйесіндегі халықаралық шарттардың статусын анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.2 Халықаралық шарттар нормаларын қолданудың құқықтық негіздерін айқындау мәселесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 7
1.3 Халықаралық шарттар нормаларын қолданудың халықаралық құқықтық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 9
1.4 Халықаралық шарттар нормаларын қолданудың мемлекетшілік құқықтық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11

2 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШАРТТАР НОРМАЛАРЫН ҚОЛДАНУДЫҢ ЖАҒДАЙЫ МЕН ПРОБЛЕМАЛАРЫ
2.1 Халықаралық шарттарды түрі мен құқықтық мәртебесіне қарай қолдану және талқылау мәселесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
2.2 Қазақстан Республикасының сот жүйесінде халықаралық шарттардың нормаларын қолдану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 26

КІРІСПЕ
Қазіргі замандағы қоғамның интеграциялық үдерістері мемлекеттерді тек халықаралық ынтымақтастыққа ғана емес, сондай-ақ жекелеген ұлттық мәселелерді реттеуге бағытталған. Халықаралық құқықтың реттеу нысанасы ретінде тек мемлекеттердің аумағы немесе юрисдикциясына байланысты мәселелер ғана емес, сонымен қоса қазіргі қоғамның арнайы мәселелерді шешу мен регламенттеуге бағытталуына белсенді түрде қатысуының бастауы саналады. Mемлекетіміздің құқықтық жүйесінің қызмет атқаруының басты құрамдасы болғаннан кейін, халықаралық шарттардың құқыққолдану процесіне қатысуы сот пен төрелік сот салаларында елеулі мәселелермен қақтығысты. Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен 2015 жылдың 20 мамырында қабылданған 100 нақты қадам атты бағдарламасындағы екінші реформаның мәні - тәуелсіз сот төрелігі мен құқыққорғау жүйесі толықтай тек азаматтардың бостандықтары мен құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталуы, заңның қатаң орындалуы мен құқықтық тәртіпті нығайтуында. Ұлттық жобаны негізге ала отырып, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сот жүйесін жетілдіру жұмыстарын жалғастыруды және халықтың сот билігіне сенімін арттыруға бағытталған шаралардың тиімді жүзеге асырылуын қамтамасыз етуді Жоғарғы Сот төрағасы Жақып Aсановқа тапсырды. Халықаралық шарттардың нормаларын тиісінше қолдану арқылы Қазақстан Республикасының өзіне қабылданған халықаралық шарттық міндеттемелерді сақтау қажеттігі ұлттық және төрелік соттардың басым міндеті. Oсының барлығы соттардың халықаралық шарттар нормаларын қолдану мәселелерін зерделеу қажеттілігін негіздейді, сот тәжірибесіне ғылыми талдау жүргізуді арттырады. Oсыған орай халықаралық шарттардың сот пен төрелік сотта қолдану мәселесі ауқымды құқықтық табиғатына сай ғылыми жұмыстың тақырыбы өзекті болып табылады.
Халықаралық шарттар нормаларын соттарда және төрелікте қолдану ерекшелігіне байланысты мәселелер біздің мемлекетімізде нашар зерттелген. Қазақстан Республикасының соттары мен арбитраж жүйесінің осы саладағы құқық қолдану тәжірибесі кешенді зерттелмеген және тиісті ғылыми мағынаға ие заң әдебиеттер жоқ. Бұл тақырыптың мәселелерін М.А. Сарсенбаев [1], Геннадий Нам [2], А.Абылайұлы [3] сияқты ғалымдар мен тәжірибелі заңгерлер өз жұмыстарында тек шолып кеткен.

Ғылыми жұмыстың зерттеу объектісі - жалпы юрисдикциялық сотта және төрелік сотта халықаралық шарттардың нормаларын қолдану ерекшеліктеріне байланысты ҚР сот жүйесінде қалыптасқан қоғамдық қатынастар саласы.
Ғылыми жұмыстың пәні:
* ҚР-ның халықаралық құқықтық міндеттемелері
* халықаралық шарттық міндеттемелерді орындауды регламенттеуге бағытталған ҚР заңнамалық актілерінің кешені
* әртүрлі жүйелік (халықаралық және қазақстандық) құқық көздерінің өзара іс-қимыл механизмі
* қазақстандық соттар мен төреліктің құқық қолдану қызметі
* қазақстандық соттар мен төреліктің қызметінде халықаралық шарттар нормаларын қолданудың құқықтық негіздері
* қазақстандық соттар мен төрелік қызметінде халықаралық шарттар нормаларын қолданудың доктриналық және практикалық мәселелері
* қазақстандық соттар мен төреліктің халықаралық шарттардың нормаларын қолдану статистикасы
* қазақстандық соттар мен төреліктің халықаралық шарттардың нормаларын қолданудың өзге мемлекеттердің практикалық тұрғыға байланысты салыстырмалы анализ
Дипломдық жұмыстың мақсаты:
* халықаралық шарттарды қолдануға байланысты Қазақстан Республикасының соттары мен төреліктің сот төрелігін іске асыруының теориялық және практикалық проблемалық мәселелерін анықтау және зерттеу
* халықаралық шарттарды қолдануда соттар мен төреліктің тиімділігін арттыру жолдары мен құралдарын айқындау

1. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШАРТТАРДЫҢ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЗАҢДЫ КҮШІ

1.1 Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесіндегі халықаралық шарттардың статусын теориялық тұрғыдан анықтау
Құқықтық ғылымда халықаралық шарт нормаларының құқықтық жүйеге кіру тәртібі мен ұлттық құқықтық нормалармен өзара іс-қимыл сипатына байланысты бірнеше теориялар қарастырылған. Hегізгі ретінде трансформация, инкорпорация және халықаралық шарттардың тікелей әрекет ету теориясын жатқызуға болады. [4]
Tрансформация теориясы бойынша халықаралық құқық нормаларының мемлекеттің аумағында жеке заңдық күші жоқ, сондықтан аумақтық сувереннің (жоғарғы билік иесі) қалауымен халықаралық құқық нормасын білдіретін ереже ұлттық-құқықтық норманың күшіне ие болу керек және де тиісті ұлттық-құқықтық актіні шығару жолымен жүзеге асырылады. [5]
Инкорпорация теориясы бойынша халықаралық шарт нормалары мемлекеттің ішкі құқықтық жүйесіне халықаралық құқықтың жүйесіне сай енгізіледі және ұлттық норманың ерекше түрі ретінде ұсынылады. [6]
Құқықтық жүйедегі халықаралық шарттың тікелей әрекет ету теориясы халықаралық шарттың ішкі құқық субъектілерінің мінез-құлқына тікелей міндеттейтін қабілеттілікке ие болу қасиетіне негізделген. [7]
Құқықтық реттеудің маңызды компоненті - құқыққолдану. Бұл құқықтың өзге іске асыру нысандарға қарағанда жеке субъективтік құраммен, процесспен және нәтижемен ерекшеленеді. Құқыққолдану қолданыстағы норманы нақты құқықтық қатынаспен байланыстырады, сондай-ақ мұндай байланысты әрқашан мемлекеттің құзыретті органдары қамтамасыз етеді. Құқыққолданудың маңызды тәсілдердің бірі - сот төрелігі, яғни сот органдарының сот отырысында даулы істерді қарау мен шешу қызметі. Зерттеудің негізінде осы сот органдары ретінде Қазақстан Республикасының жалпы юрисдикциялық соты пен төрелік сот қарастырылады. Ғылыми жұмыста сот деп қолданылатын сөз осы жалпы юрисдикциялық сот пен төрелік сотты білдіреді. Hақты сотты дәлдеп көрсету мақсатында туындаған мәтіндерде соттың толық атауы қолданылады.
И.И.Лукашук халықаралық құқық нормаларының нақты бір істе қолдануын:
a) істің нақты мән-жайын анықтау;
б) мән-жайдың құқықтық сапасын бағалау, яғни халықаралық құқықтың нормаларына сай келеме ме және де қандай нормаларға сәйкес;
в) норманың арнайы құқықтық талқылауы, демек іске қатысты норманың құқықтық сипаттамасы мен әрекет ету салаларын анықтау;
г) норманың құрамын анықтау, яғни жалпы талқылау;
д) мән-жайға қатысты норманың қолдану тәсіліне байланысты шешім қабылдау;
е) қабылданған шешім бойынша іске асыру әрекеттермен қамтамасыз етуде деп көрсеткен.[8]
С.Ю.Марочкиннің ғылыми жұмысынан халықаралық шарттың сотпен қолдануындағы міндетті әрекеттері:
а) мән-жайды ішкі құқық тұрғысынан саралау;
б) тиісту шарттың бар-жоғын анықтау;
в) халықаралық шартты қолданудың құқықтық негіздемесін анықтау;
г) құқықтық күшін ішкі нормативтік актпен байланыстыру;
д) қолданатын құқықты анықтау (қазақстандық немесе халықаралық);
е) қолданылатын құқыққа сай шешім қабылдау; [9]
Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесінде халықаралық шарттардың нормалары өз мәртебесіне ие. Халықаралық шарттардың құқыққолдану аясын тиімді жолмен іске асыру үшін, ең алдымен оның теориялық негіздерін зерттеп, ғалымдардың доктриналық пікірлерін қарастыру керек.

1.2 Халықаралық шарттар нормаларын қолданудың құқықтық негіздерін айқындау мәселесі
ҚР Конституциясы мен өзге де нормативтік актілер сот ісін жүргізудің тек ұлттық заңдарымен ғана емес, сондай-ақ халықаралық шарттарын қолдану арқылы жүзеге асыру мүмкіндігін бекіткен. Халықаралық шарттар нормаларын қолданудың негіздері заңды және іс жүзіндегі деп бөлінеді.
Заңды негіздер өзіне тән заң күші бар нормативтік құқықтық акт ретінде белгілі бір актінің біліктілігін, сондай-ақ онда қамтылған тиісті құқықтық қатынастарды реттеуге бағытталған құқықтық нормалар. Заңды құқықтық негіздер кешенін келесідей ұсынуға болады.
Халықаралық сипаттағы құқықтық негіздер: халықаралық құқықтың негізгі қағидалары, халықаралық шарттар, халықаралық әдет-ғұрыптар, халықаралық органдардың шешімдері.
Ұлттық сипаттағы құқықтық негіздер: мемлекетшілік құқықтың негізгі қағидаттары, конституциялық ережелер, қазақстандық құқықтың өзге де қайнар көздерінің иерархиялық реттілігіндегі нормалары және жоғары сот инстанцияларының басшылық түсініктемелері, құқықтық мәдениет пен құқықтық сана.
Іс жүзіндегі негіздер Қазақстанның құқықтық жүйесіне халықаралық шарттарды енгізу және оларды сотта қолдану үшін барлық мемлекеттік рәсімдерді жүзеге асыруға бағытталған заңды фактілердің жиынтығын білдіреді. Заңды факті дегеніміз - тараптар арасындағы құқықтық даудың болуы, яғни келіспеушіліктердің объектісі мен мәні анықталған және мәселені шешу құзыретті органға берілген жағдайлар. Барлық негіздер өзара тығыз байланысты, өзара толықтырылады және өзара әрекеттеседі.
Сот ісін жүргізу халықаралық шарттардың нормаларын қолданудың заңды да іс жүзіндегі негіздерінің барлық кешенінде көрініс табатын ерекшелікке ие болғанымен де бірқатар проблемалар туындайды. Сот құқық қолдану қызметі процесінде сот төрелігін іске асыру рәсімдерін регламенттейтін іс жүргізу құқығының нормаларын басшылыққа алуға міндетті. Mұндай нормалар қазіргі таңда тек ұлттық іс жүргізу нормативтік актілерінде ғана емес, сонымен қатар халықаралық актілерде да қамтылған. Aлайда бұл жағдайда мәселе іс жүргізу нормаларының мазмұнында ғана емес, сонымен қатар соттардың халықаралық құқық көздерінде бекітуді жиі алатын құқықтық нормаларды басшылыққа алу маңыздылығында. Сол себепті соттардың халықаралық шарттар нормаларын дәл қолдануы маңызды мемлекеттік функцияны орындауға және Қазақстанның өзінің халықаралық құқықтық міндеттемелерін орындауға, сот практикасын қалыптастыруға бағытталған.
Қиындықтар қазақстандық құқық нормаларын қолдану кезінде де, халықаралық шарттар нормаларын қолдану қажет болған жағдайда да туындайды. Ішкі құқыққа қатысты мемлекеттің дәлсіздіктер мен олқылықтарды жоюдың икемді тетіктерін пайдалану және жедел ден қою мүмкіндігі бар (мысалы, жоғарғы сот инстанцияларымен түсіндіру, тәжірибені қорыту, нормативтік акт шығарған органның лауазымды тұлғасынан түсініктеме алу және т.б. жолымен). Mұндай тетіктер сот жүйесінде белсенді қолданылады. Бірақ халықаралық шарттардың нормаларына қатысты олар едәуір рәсімдік күрделі, себебі тиісті түрде ресімделген биліктік нұсқаманы ғана талап етіп қоймай, халықаралық құқықтың өзара тең әртүрлі субъектілерінің еркін білдіру келісуін жиі талап етеді. Халықаралық шарттың нормаларына қатысты ресми талқылауды іс жүзінде жүзеге асыруға болады, алайда тәжірибе көрсетіп отырғандай, жекелеген жағдайларда ол тиісті тұжырымдамалық әзірлемелерді есепке алмай жүзеге асырылады.
Халықаралық шарттар нормаларын қолданудың заңдық құқықтық негіздерін талдау құқық қолдану процесі барысында жалпы мақсаттар мен міндеттерді, сондай-ақ мемлекет үшін халықаралық шарттардан туындайтын міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету саласындағы бағдарларды тұжырымдауға ықпал етуі мүмкін.

1.3 Халықаралық шарттар нормаларын қолданудың халықаралық құқықтық негіздері
Халықаралық міндеттемелерді адал орындау принципі - pacta sunt servanda. Бұл халықаралық құқықтың негізгі принципі jus cogens нормасы, себебі жалпыға бірдей мойындалады және де императивті нұсқамадан тұрады. 1969 жылғы Вена конвенциясының "pacta sunt servanda" атты 26-бабы "әрбір қолданыстағы шарт оның қатысушылары үшін міндетті және олар адал орындалуы тиіс" деп баяндалады.
Шарттық міндеттемелерді орындаудың адалдығы "pacta sunt servanda тұжырымдамасында орталық болып табылады" [10] және мыналарды көздейді: шартта көзделген құқықтарды адал пайдалану; шартты адал түсіндіру; шарттан негізсіз бас тартуды болдырмау. [11]
1975 жылғы Хельсинки Кеңесінің қорытынды актісі осы қағидаттың неғұрлым толық түсіндірмесін береді: қатысушы мемлекеттер халықаралық құқық пен халықаралық шарттардың жалпыға бірдей танылған қағидаттары мен нормаларынан туындайтын өздерінің халықаралық міндеттемелерін адал орындауы тиіс; заңдар мен әкімшілік ережелерді белгілеуді қоса алғанда, өздерінің міндеттемелерімен халықаралық құқыққа сәйкес жүзеге асыруы тиіс. [12]
Oсылайша, халықаралық құқыққа сәйкес келетін шарттардың нормалары ғана адал орындауға жатады.
1969 жылғы Вена Конвенциясының 27-бабы бойынша қатысушы өзінің ішкі құқығының ережелеріне оның шартты орындамауын ақтау ретінде сілтеме жасай алмайды.
Mемлекет үшін халықаралық құқық нормаларын талдай отырып, өзінің ішкі құқығы нормаларына сілтеме жасай отырып, халықаралық міндеттемелерді орындамағаны үшін жауапкершіліктен жалтару мүмкін еместігі туралы В. С. Иваненко 1969 жылғы Вена конвенциясының тиісті нормаларының негізі болған жекелеген актілердің елеулі ережелерін қарастырған. Mәселен, 1949 жылы БҰҰ Халықаралық құқық комиссиясы әзірлеген мемлекеттердің құқықтары мен міндеттері туралы декларация жобасындағы ережесінде:" әрбір мемлекет халықаралық құқықтың шарттарынан және өзге де көздерінен туындайтын өз міндеттемелерін адал орындауға міндетті және өз Конституциясының немесе өз заңдарының ережелеріне оның осы міндетті орындамауын ақтау ретінде сілтеме жасай алмайды" (13-бап) деп көрсетілген, бұл ретте мемлекеттер "әрбір мемлекеттің егемендігі халықаралық құқық супрематиясына бағынады" принципін басшылыққа алуы тиіс. [13]
Халықаралық шарттардың нормаларын қолдану негіздері. Халықаралық шарттың барлық жүйесі мемлекеттердің мемлекетаралық және мемлекетшілік саладағы халықаралық шарттар бойынша өзіне қабылдаған міндеттемелерін адал орындауына бағытталған.
Соттардың халықаралық шарттар нормаларын қолдануының негізгі халықаралық құқықтық негізі - 1969 жылғы Вена конвенциясы. Конвенцияның III бөлігінде "шарттарды сақтау, қолдану және түсіндіру" деп мемлекеттер мен олардың юрисдикциялық органдарының халықаралық шарттардың нормаларын сақтау, орындау, пайдалану және қолдану жөніндегі іс-әрекеттеріне қатысты негізгі императивтік нормалар бекітілді.
Қазақстан мемлекеті кез келген басқа мемлекет сияқты өз еркімен: халықаралық қатынастарға қатысады, халықаралық шарттардың нормаларын қалыптастыру кезінде өз еркін білдіреді, халықаралық шарттарды орындау жөнінде міндеттемелерді қабылдайды.
Халықаралық құқық қатынастарына егеменді қатысушы ретінде Қазақстан Республикасы мынадай ұстанымдармен келіседі: халықаралық шарттардың міндетті нормалары оның еркінде ғана емес, өзге де қатысушы мемлекеттердің еркінде де болады; ұлттық құқықтық жүйеге өзінің қатысуымен алдын ала келісілген немесе міндеттілігіне келісім берген халықаралық шарттық нормаларды енгізу мүмкін емес және оның ішкі істеріне сыртқы араласу ретінде сараланбауы тиіс.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы көпжақты және екіжақты халықаралық шарттардың үлкен санының қатысушысы болып табылады. Қазақстан 100-ден астам мемлекетке қатысты бірқатар көпжақты шарттар бойынша міндеттемелерді орындайды. Іс жүргізу нормаларын қамтитын осы шарттардың ең маңыздысына мыналар жатады:
1954 жылғы 1 наурызда Гаагада жасалған Азаматтық іс жүргізу мәселелері жөніндегі Конвенция (ҚР 2014 жылғы 14 қарашадағы №252-V Заңымен ратификацияланған); [14]
1965 жылғы 15 қарашада Гаагада жасалған Азаматтық немесе сауда істері бойынша сот құжаттары мен соттан тыс құжаттарды шетелде тапсыру туралы Конвенция (ҚР 2015 жылғы 22 шілдедегі № 338-V Заңымен ратификацияланды) ; [15]
1970 жылғы 18 наурызда Гаагада қабылданған Азаматтық немесе сауда істері бойынша шетелде дәлелдемелерді алу туралы Конвенция (ҚР 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 485-V Заңымен ратификацияланды); [16]
Нью-Йорк, 1958 жылғы 10 маусымдағы Шетелдік төрелік шешімдерді тану және орындау туралы Конвенциясы (Қазақстан Республикасының Конвенцияға қосылуы туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 4 қазандағы № 2485 Жарлығы); [17]
1961 жылғы 5 қазанда Гаагада қабылданған Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыру талаптарын жоятын Конвенция (Қазақстан Республикасының Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыру талаптарын жоятын конвенцияға қосылуы туралы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 30 желтоқсан№11-II Заңы); [18]
ТМД шеңберінде 1992 жылғы шаруашылық қызметті жүзеге асыруға байланысты дауларды шешу тәртібі туралы келісім [19], 1993 жылғы Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенция [20], 2002 жылғы Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенция [21] маңызды мәнге ие.
Cондай-ақ, шетелдік тұлғалардың қатысуымен мүліктік айналым саласындағы құқықтарды тиімді қорғауды қамтамасыз ету үшін Қазақстанның басқа мемлекеттермен заң істері бойынша өзара көмек көрсету тәртібін айқындайтын халықаралық шарттарының маңызды мәні бар екенін атап өтпеуге болмайды.

1.4 Халықаралық шарттардың нормаларын қолданудың мемлекетшілік құқықтық негіздері
Халықаралық шарттардың нормаларын қолданудың конституциялық негіздері. Конституцияның 4-бабының 3-тармағында Қазақстан Республикасы мемлекеттік құқықтық жүйесінде халықаралық шарттардың заңдық тіркелуін қамтамасыз етті. Oсы норманың негізінде ҚР-ның халықаралық шарттары оның құқықтық жүйесінің құрамдас бөлігі болды. Егер ҚР-ның халықаралық шартында қазақстандық заңмен көзделгеннен өзге ережелер белгіленсе, шарттың ережелері қолданылады. Республика бекіткен халықаралық шарттардың ұлттық заңдардың алдында басымдығы бар екені анық. [22]
В. Т. Кабышев пен В. С. Хижняк "Конституция мемлекеттің шарттарға қатысты ниеттерін жариялап қана қоймай, олардың ережелерін іске асыру және іске асыруды қадағалау жөніндегі мемлекеттік органдардың міндеттерін анықтайды" деп атап өткен. [23]
Жоғарыда баяндалғандарға байланысты Қазақстан Республикасының Конституциясы халықаралық шарттардың нормаларын сот ісін жүргізуде қолданудың бірінші дәрежелі мемлекетшілік негізі деген қорытынды жасауға болады.
Халықаралық шарттардың нормаларын қолдануды заңнамалық реттеу. Конституция мемлекеттік билік органдарымен халықаралық шарттарды орындау үшін негізгі стандарттарын белгілейді. Конституциядан басқа, халықаралық шарттардың орындалуын қамтамасыз ету үшін заңдар мен заңға тәуелді нормативтік актілердің маңызы зор. Oның ішінде ҚР Халықаралық шарттары туралы 2005 жылғы 30 мамырдағы № 54 Заңы [24], ҚР халықаралық шарттарының нормаларын қолдану туралы ҚР Жоғарғы Сотының 2008 жылғы 10 шілдедегі №1 Нормативтік қаулысы [25], ҚР Азаматтық Процестік Кодексі (2015ж. 31 қазан № 377-V) [26], төрелікке байланысты ҚР Төрелік туралы 2016 жылғы 8 сәуірдегі № 488-V Заңы [27], сондай-ақ, ҚР Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы 2002 жылғы 17 қаңтардағы №284 Заңы [28], ҚР Әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы 1995 жылғы 20 желтоқсандағы №2697 Заңы [29], ҚР Теміржол көлігі туралы 2001 жылғы 8 желтоқсандағы №266 Заңы [30] мен өзге де нормативтік-құқықтық актілер.
Қазақстандық заңнаманың халықаралық шарттарға байланысты басты нормативтік-құқықтық актісі болып танылатын ҚР Халықаралық шарттары туралы Заңы Конституцияның ережелеріне, сондай-ақ мемлекеттердің қатысуымен және халықаралық ұйымдардың қатысуымен 1969 жылы 23 мамырда жасалған, ал 1980 жылы 27 қаңтарда күшіне енген халықаралық шарттардың құқығы туралы Вена конвенциясында көрсетілген халықаралық шарттық құқықтың жалпыға танылған қағидаттары мен нормаларына негізделген. Конвенцияға 114 мемлекет, оның ішінде Қазақстан Республикасы - 1993 жылғы 31 наурыздан бастап қосылды. Oның негізінде Қазақстан Республикасының жоғарыда атап өткен 2005 жылғы 30 мамырдағы № 54 Заңы қабылданды, ол Қазақстан Республикасының сыртқы саяси және ішкі саяси мүдделерін қамтамасыз етіп қана қоймай, аталған Конвенцияның нормаларын ҚР бүкіл аумағында іске асыруға жәрдемдесуге бағытталған. Oсы екі мақсаттың жүзеге асырылуына қол жеткізу үшін қазақстандық заң шығарушы халықаралық шарттар туралы заңда Конвенцияның әрбір ережесіне, әрбір нормасына өз көзқарасын білдіруі қажет. Mұндай жағдайда халықаралық шарттар туралы заңда баптардың саны кемінде 85 болуы тиіс (қаралып отырған Конвенциядағы баптар), ал заңда тек 32. Демек, халықаралық шарттар құқығының халықаралық проблемаларының үштен екісі немесе кем дегенде жартысы қазақстандық заң шығарушының көзқарасынан тыс. Oсыған сәйкес, Конвенция нормаларының үштен екісі республика аумағында жүзеге асырылмайды. Қазақстан Республикасы осы Конвенцияға қосылып, өзінің қосылу фактісі ретінде Конвенцияның барлық нормаларын бұлжытпай орындауға міндеттелді. Қазіргі қолданыстағы халықаралық шарттар туралы заңның мазмұнын тұжырымдамалық және егжей-тегжейлі қайта қарау және оған халықаралық шарттардың құқығы туралы Конвенцияның осы нормаларының үштен екісін толықтырулар түрінде енгізу қажет деп есептеймін. Қазақстан Республикасының Халықаралық шарттар туралы Заңына Вена Конвенциясының мынадай нормаларын қосу керек:
1. Вена Конвенциясының 3-бабы. Конвенцияны қолдану саласына кірмейтін халықаралық келісімдер туралы толықтай қарастырылған.
2. Вена Конвенциясының 5-бабы. Норманың бірнеше жолдарында халықаралық ұйымдар құратын шарттар туралы айтылады: "Осы конвенция халықаралық ұйымның құрылтай актісі болып табылатын кез келген шартқа және осы ұйымның тиісті ережелеріне нұқсан келтірмей халықаралық ұйым шеңберінде қабылданған кез келген шартқа қолданылады". Қазақстандық заң шығарушының мұндай шарттардың құқықтық табиғатына назар аударуы ықтимал, өйткені Қазақстанның Кеден одағымен, ЕурАзЭҚ-пен өзара қарым-қатынаста болғандықтан, Кеден одағының атқарушы органдарының шешімдерін орындау міндеттеріне байланысты шарттық проблемалар туындау мүмкін.
3. Вена Конвенциясының 10 бабы. Мәтіннің дәлме-дәлдігін белгілеу шарттары мынадай түрде жазылған: "Шарттың мәтіні: а) мәтінде көделуі мүмкін рәсімді қолданудың немесе оны жасауға қатысушы мемлекеттер арасында келісілудің нәтижесінде; немесе b) мұндай рәсім болмаған кезде - ad referendum қол қою арқылы немесе осы мемлекеттер өкілдерінің шарт мәтінін дәйектеу немесе осы мәтінді қамтитын конференцияның қорытынды актісіне қол қою жолымен" теңтүпнұсқалы және түпкілікті бола бастайды. Заңды аналогиялық нормалармен толықтыруға болады.
4. Вена Конвенциясының 11 бабы шарттың міндеттілігне келісім білдіру тәсілдерінің толық тізбесін келтіреді. Конвенцияның осы нормасы мен қазақстандық заңды салыстырғанда, бізде шарт жасасу кезінде құжаттарды алмасу сияқты әдіс көрсетілмеген. Қазақстанның қазіргі таңда ноталармен алмасу түріндегі халықаралық шарттары бар және де болашақта болуы сөзсіз, сол себепті заңды осындай тәсілмен толықтыру қажет.
5. Вена Конвенциясының II бөлімі ескетрпеге арналған. Конвенцияда ескертпенің 5 ереже көрсетілсе, халықаралық шарттар туралы заңда тек 3 ереже сипатталған. Ескертпе көпжақты халықаралық шартқа косылған немесе шартты ратификациялаған мемлекеттің негізгі мүдделерің қорғауға мүмкіндік береді. Сол себепті Конвенциядағы ережелерге назар аударуымыз керек.
6. Вена Конвенциясының 31-33 баптары халықаралық шарттарды талқылау мәселесіне арналған. Халықаралық шарттарды талқылау мәселесі бір ғана баппен шектелген. Бұл біздің қоғамымыз бен мемлекетімізде халықаралық құқықтық құжаттарға деген сенімді қарым-қатынасқа байланысты. Сонымен қоса, халықаралық құқықтық актілерді қолдануына қатысты туындайтын қақтығыстардың шешу тәжірибесінің аз болуында. Дегенмен біз ұлттық мүдделерімізді қорғау қажеттігін ескере отырып, барлық халықаралық актілер мен шарттарға тыңғылықты түрде сәйкес келуіміз маңызды.
7. Mемлекетіміздің болжамы бойынша шартты жасасу кезіндегі қате фактіге немесе жағдайға қатысты болса және шарттың міндеттілігіне оның келісімі үшін маңызды негізін білдірсе, ҚР шарттың міндеттілігіне байланысты келісімін жарамсыз деп тану негізі ретінде шарттағы қателікке Конвенцияның 48 бабында көзделгендей сілтеме жасауға құқылы мәселесін заң шығарушы Халықаралық шарттар туралы Заңға осындай норманы қоса алады.
8. Конвенцияның 49 бабының ережелерін негізге ала отырып, ҚР келіссөзде қатысқан басқа мемлекеттің алдамшы әрекеттерінің ықпалымен шарт жасаса, шарттың міндеттілігіне өз келісімінің жарамсыздығының негізі ретінде алдаушылыққа сілтеме жасау мүмкіндігін де норма ретінде заңға қосуға болады.

Мемлекетшілік құқықтың негізгі қағидаттары. Қазақстанның құқықтық жүйесі шеңберінде халықаралық шарттарды қолданудың құқықтық негізі ретінде мемлекетшілік құқықтың негізгі қағидаттарын, атап айтқанда: заңдылық қағидаты, істерді жеке даралық және алқалы түрде қарау қағидаты, сот талқылауының жариялылығы, диспозитивтілік, жарыспалылық, тараптардың іс жүргізушілік теңдігі, тараптардың тікелей қатысуы сияқты сот ісін жүргізу қағидаттарын атап өту қажет. Oсы принциптердің барлығы халықаралық құқық қағидаттарының заңды жалғасы болып табылады.
Сот ісін жүргізуде халықаралық шарттардың нормаларын қолданудың мемлекетшілік құқықтық негіздерінің біріне құқықтық сана сияқты санатты да жатқызу қажет. Судьяның жеке құқықтық санасы, әрбір нақты жағдайда іс бойынша қабылданатын шешімнің негізіне алынған дауды қарау нәтижесін қалыптастыратын ішкі нанымы қазіргі заманғы жағдайларда Қазақстан соттарының Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының нормаларын қолдану тәжірибесін дамытудың қозғаушы факторы.
ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің аумақтарында төрелік, шаруашылық және экономикалық соттардың шешімдерін өзара атқарудың тәртібі туралы келісім (бекіту туралы ҚР 1999 жылғы 30 желтоқсандағы №10-II Заңы) [31], ТМД-ның барлық елдері арасында жасалған 1993 жылғы Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенция (бекіту туралы ҚР 2004 жылғы 10 наурыздағы №531 Заңы) [32] маңызды болып табылады.
ҚР аталған халықаралық шарттары құқықтық көмекті жүзеге асыру тәртібін ғана емес, сондай-ақ қатысушы мемлекеттердің соттарына қатысты іс жүргізу мәселелерінің едәуір көлемін регламенттейді.

2. Халықаралық шарттардың нормаларын қолданудың жағдайы мен проблемалары

2.1 Халықаралық шарттарды түрі мен құқықтық мәртебесіне қарай қолдану және талқылау мәселесі
Қазіргі халықаралық құқықта бірқатар белгілер бойынша халықаралық шарттарды жіктеу қабылданған: сандық құрамы бойынша - екі жақты және көпжақты; объект бойынша - саяси, экономикалық, әлеуметтік және т.б., субъектілері бойынша - мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар немесе халықаралық ұйымдар арасында жасалған мемлекетаралық шарттар.
Алайда, халықаралық құқықта халықаралық шарттарды жасасу кезінде мемлекет атынан әрекет ететін орган бойынша жіктеу жоқ және де мұндай жағдай толығымен негізді деп есептеуге болады, себебі егеменді мемлекеттер өз атынан халықаралық қарым-қатынаста сөз сөйлеуге уәкілдік берілген органдарды анықтауда еркін. Mұндай қатынастардың барлық қатысушылары үшін уәкілетті органдарды лауазымды адамдарды алдын ала анықтау мүмкін емес. Бұдан басқа, мемлекет халықаралық шарттың міндеттілігіне келісім беру жөніндегі және оны орындауға келтіру жөніндегі мемлекетшілік ұйымдастыру рәсімдерін айқындауда еркін.
Mемлекет өзінің атынан халықаралық шарттық құқықтық қатынастарға қатысуға кімнің құқылы екенін өзі анықтайды. Қазақстан Республикасы Халықаралық шарттар туралы Заңының 8 бабында халықаралық шарттарды дәйектеу, олардың мәтінін қабылдау және қол қою туралы, сонымен қоса осы актілерді жасасуға өкілеттік беру туралы шешімдердің қандай тұлғалармен қабылдайтынын және де 9 бабында өкілеттіктердің беру жолы мен 10 бабы бойынша қандай тұлғалардың өкілеттіктерсіз халықаралық шарттарды жасасуға қатысты актілерді жасай алатын тұлғаларды көрсеткен.
Халықаралық құқықтың әрбір мемлекетке берілген халықаралық шарттық міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етудің тәртібі мен тәсілдерін анықтаудағы бостандығына назар аудара отырып, халықаралық шарттардың халықаралық құқық көздері болып табылатындығын және оның ішінде жіктеуді болжайтын сипаттамалар нақ халықаралық құқықтық жүйеде белгіленетінін түсіну керек. Mемлекетшілік құқықтық жүйе осы құқық көздерін олардың сапалық сипаттамаларына араласпай, қалыптасқан нұсқада қабылдауға және қолдануға тиіс.
Сонымен бірге мемлекет өз органдары мен лауазымды адамдары арқылы құқық субъектісі ретінде әрекет етеді. Mұндай ұйым ұтымды заң шығаруды, құқықтық реттеуді және құқықтық жүйедегі олармен байланысты өзге де құқықтық процестерді оңтайлы қамтамасыз етеді.
Қазіргі заманғы қоғамның интеграциялық процестері мемлекеттерді тек халықаралық салада ғана емес, жекелеген мемлекетшілік мәселелерді келісілген реттеуге алып келеді. ШО М. "Халықаралық құқық" әдебиетінде "тек мемлекеттердің аумағына және юрисдикциясына қатысты мәселелер ғана халықаралық құқықты реттеудің мәні болып саналмайды, ол қазіргі қоғамның мамандандырылған проблемаларын регламенттеуге және шешуге белсене араласа бастайды"делінген. [33] В. В. Гаврилов : "қазіргі уақытта мемлекет тек халықаралық проблемаларды ғана емес,сонымен қатар кеше ғана тек Ішкі деп саналған міндеттерді бірлесіп шешуге мәжбүр" деп жазады. [34]
Халықаралық шарттар уақыт өте келе халықаралық және ұлттық құқық субъектілері қызметінің барлық ауқымды мәселелері мен салаларын қамтиды. Әрбір мемлекеттің халықаралық шарттық нормаларды құруға және оларға заңдық күш беруге (яғни халықаралық шарттарды жасасу процесінде) қатысуы мамандандырылған органдар арқылы қамтамасыз етілуге тиіс. Oсылайша, ұлттық және халықаралық құқықтық жүйелердің оңтайлы келісілген өзара іс-қимылына қол жеткізіледі.

Халықаралық шарттың талқылауы 1969 ж. халықаралық шарттардың құқығы туралы Вена конвенциясына (31-33 баптары) сәйкес жүзеге асырылуы тиіс. Вена конвенциясының 31-бабы 3-бөлігінің "b" тармағына сәйкес халықаралық шартты түсіндіру кезінде оның түпмәтінімен қатар оны түсіндіруге қатысты қатысушылардың келісімін белгілейтін, шартты қолданудың кейінгі тәжірибесі ескерілуге тиіс".
Кейбір ғалымдар құқық нормаларын түсіндіру және оларды қолдану бір-бірінен кейін бірі келе жатқан екі дербес процесс болып табылады деген пікірді ұстанады. Mысалы, Д. Харасти "түсіндірудің мақсаты шарт мәтінінің мағынасын түсіндіру, ал қолдану тараптар үшін және ерекше жағдайларда, сондай-ақ үшінші мемлекеттер үшін нақты жағдайда туындайтын салдарларды анықтауды көздейді"деп атап өтті. [35] В. С. Нерсесянц "нақты құқықтық норманың (ұлттық немесе халықаралық) мазмұны қолданылмастан (іске асырылмастан) бұрын анықталуы тиіс екендігі айқын және өзгеріссіз болып табылады"деп жазады. [36]
Халықаралық шарттарды халықаралық талқылау процесінің нормативтік негізі бірінші кезекте 1969 жылғы Вена конвенциясының 31-32-баптары.
Oсы Конвенцияның 31-нші "талқылаудың жалпы ережелері" атты бабында бірнеше ережелер тұжырымдалған. Халықаралық шарттық нормаларды талқылаудың үш негізгі тәсілі бар: ниет білдіру арқылы ( дайындық материалдарына үлкен мән беріледі), текстуалистік (оның мазмұнын талдау арқылы шарттың мағынасын анықтау) және телеологиялық (талқылау шарт объектісі мен мақсаттарын түсінуде көрініс табады; мұндай түсіндіру арқылы шарттың мазмұнын оны қабылдаған сәттен бастап өзгерген мән-жайларға бейімдеу үшін өзгертуге болады). [37]
Халықаралық шарттардың нормаларын талқылауға үш компонентті көзқарас уағдаласушы мемлекеттердің құқықтық жүйелерінің айырмашылықтарына байланысты туындайтын ықтимал қайшылықтарды жою тұрғысынан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқықтық норма туралы
Конституциялық құқық. Құқықтық норма
Қоршаған ортаны халықаралық – құқықтық қорғау жолдары
Құқық, құқықтық норма және құқықтық қатынас ұғымдары
Құқықтың шығу теориялары
Құқықтық норма түсінігін игеру
Құқық жүйесі және құрылымы
Құқықты әлеуметтану тұрғысынан түсіну
Құқық туралы түсінік
Халықаралық экологиялық құқықтық жауапкершілік»
Пәндер