ТӨЛЕМ БАЛАНСЫНЫҢ ҚҰРЛЫМЫ


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   

Ш. ЕСЕНОВ АТЫНДАҒЫ КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР МЕН ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ

БИЗНЕС ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ФАКУЛЬТЕТІ

«ЭКОНОМИКА» КАФЕДРАСЫ

«ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЭКОНОМИКА»

ПӘНІ БОЙЫНША КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

ТАҚЫРЫБЫ: «ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТ ЖӘНЕ ТӨЛЕМ БАЛАНСЫ. ТӨЛЕМ БАЛАНСЫНЫҢ ҚҰРЛЫМЫ»

Орындаған:

Эк18-1 тобының студенті

Тілеумағамбет Дәмелі

Ғылыми жетекшісі:

аға оқытушы

Ақтау-2020

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

I ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТ ЖӘНЕ ТӨЛЕМ БАЛАНСЫНЫҢ ТЕОРЕТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ . . . 5

  1. Экономикалық саясат және төлем балансының ұғымы және мәні . . . 5
  2. Төлем балансының құрылымы және түрлері . . . 9

II ҚР ҰЛТТЫҚ ТӨЛЕМ БАЛАНСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНЕ ТАЛДАУ . . . 12

2. 1 Қазақстан Республикасындағы экономикалық саясат . . . 12

2. 2 Қазақстан Республикасындағы төлем балансының негізгі жағдайы . . . 15

III ТӨЛЕМ БАЛАНСЫНЫҢ ДАМУ БОЛАШАҒЫ . . . 22

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 28

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 29


КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Адамзаттың одан әрі дамуына әсер ететін әлемдегі ең маңызды қазіргі заманғы процестердің бірі - жаһандану болды. Әлемдік экономиканың жаһандану жағдайында, ұлттық экономикалық қатынастар капитал және инвестиция ағымының өсуі түрінде көбейді. Белсенділігі әртүрлі әлемдік шаруашылыққа қатысушы мемлекеттер, әлемді қоршаған экономикалық қатынастармен байланысты.

Осы фактіні ескере отырып, әлемдегі әртүрлі мемлекеттердің экономикасы өзара тәуелді екендігін байқаймыз, яғни бір елдегі процесстер басқа елдің экономикалық жағдайына әсер етеді. Бұл байланыста саяси, мәдени, әскери және т. б. қатынастар ақша төлемі мен түсімін туғызады, яғни бұл мемлекеттер арасындағы өзара тәуелділіктің жоғарғы сатысын көрсетеді. Өз кезегінде нақты бір елдің экономикасының ішкі және сыртқы процестері өзара шектеулі байланыста болады.

Бір жағынан сыртқы экономикалық жағдай ішкі экономикалық жағдайға әсер етсе, ал екінші жағынан ішкі экономикалық жағдайдағы өзгерістер ішкі экономикалық байланыс динамикасын анықтайды. Сондықтан да төлем ағымының теңгерілмеуі шетел капитал салымдарының, материалдық құралдардың кетуі мен келуі экономикалық және саяси шешімді қабылдау процесіне үлкен әсерін тигізеді. Төлем балансы осы шешімдердің талдауы мен негізіне қызмет етеді, ол мемлекет экономикасының сыртқы әлеммен қарым-қатынасының жүйеленген көрсеткіштерін білдіреді. Бұл белгілі уақыт кезеңінде туындайтын елдің экономикалық талаптары мен қарыздарын талқылауға болатын статистикалық есеп. Барлық елдерде төлем балансын құрастыруда бағыт ретінде қолданылатын негізгі принцип Халықаралық Валюта Қорымен жасалады. Төлем баланстары бойынша барлық Басқарушы басылымдардың ең алғашқысынан бастап (1948ж), методологиялық принциптер әлемдік экономика жағдайының өзгеруіне байланысты қайта қарастырылады. Төлем балансы бойынша Басқару басылымының соңғысы 1993ж жасалып, қазіргі кезге дейін қолданылады. Онда мемелекеттің сыртқы экономикалық мәліметтерінің жүйеленуі, жинақталуы және рәсімделуі, сондай-ақ төлем балансын реттеудің мүмкін болатын механизмі мен талдау әдістері көрсетілген. Төлем балансы стандартты және аналитикалық формада болады, олар талдау мақсатына қарай сыртқы сауда айналымының динамикасын; экспорт және импорттың құндық және сандық бағасын; құрылымын; елдегі, әртүрлі салалардағы, т. б. несие және инвестиция түріндегі қаржылық көрсеткіштерін көруге мүмкіндік береді.

Бұл көрсеткішердің барлығы талдау үшін маңызы өте зор, өйткені олар төлем балансының нашарлау себептерін анықтауға және оларды реттеуге қажетті шараларды бағалауға мүмкіндік береді;

- сыртқы сауда тауарлары мен тікелей шетелдік инвестициялар арасындағы байланысты анықтау;

- халықаралық сауда қызметтерінің аспектілерін оқып білу;

- маңызды нарықтық тенденцияларды анықтау және олардың нәтижесін анықтау.

- төлем балансында көрсетілетін валюталық курс пен операциялық ағымдардың ара қатынасын анықтау;

Соңғыларымен төлем балансы тікелей және қайтарымды қатынаста болады. Бір жағынан олардың әсерінен туындаса, екінші жағынан олар өзіне әсер етеді, өйткені төлем балансы валюта курсына, алтын валюталық резервтерге, сыртқы қарыздарға, экономикалық бағытқа, соның ішінде валюталық және сыртқы несие саясатына әсерін тигізеді.

Төлем балансы мемлекеттің әлемдік шаруашылыққа, қатысу жайында олардың масштабы, құрылымы және сыртқы экономикалық байланысы жайында түсінік береді.

Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан бастап, мемлекеттің сыртқы экономикалық жағдайы, мемлекеттің төлем балансын құру қажеттілігі оның төлем қабілеттілігі мен несие қабілеттілігі жайында толық ақпараттың қажеттілігі туындады. 1993 - 1996жж кезеңінде төлем балансын жасаумен Ұлттық статистикалық агенттік айналысты. 1996-1999жж төлем балансын жасау және талдау жұмыстарын жетілдіруге бағытталған заңдық және нормативтік актілер қабылданды. 1997ж бастап төлем балансының қорытынды есебін жасау ҚР Ұлттық банк қызметіне бекітілді.

Мақсаты:

• Ұлттық экономика үшін Төлем балансының макроэкономикалық маңызын ашу;

• төлем балансы құрылымының методологиялық принциперін зерттеу;

• Қазақстан Республикасының 2018-2019 жылдар аралығындағы төлем балансын талдау;

• Төлем балансының теңгерімсіздігін шешудің проблемаларын айқындау және шешу жолдарын ұсыну.

Зерттеудің нысаны. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі.

Зерттеу пәні . Қазақстан Республикасының Төлем балансын құрастыру әдістемесі негізінде теңгерімдігін қамтамасыз ету жолдарын ұсыну.

Курстық жұмыстың құрылымы. Аталған тақырыпта жазылған курстық жұмыстың көлемі кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

I ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТ ЖӘНЕ ТӨЛЕМ БАЛАНСЫНЫҢ ТЕОРЕТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Экономикалық саясат және төлем балансының ұғымы және мәні

Төлем балансы, төлем теңгерімі - елдің халықаралық алыс-берісінің валюталық түсімдері мен төлемдерінің арақатынасы нысанындағы теңгерімдік шоты. Төлем балансы екі бөлімнен тұрады, олар: ағымдағы алыс-беріс сауда теңгерімі - тауарлардың экспорты мен импортының арақатынасы; капиталдар мен несиелер қозғалысының теңгерімі. Төлем балансында халықаралық ақшалай алыс-беріс көрсеткіштері жетекші орын алады, әсіресе, сыртқы сауда бойынша төлемдер мен түсімдерден асып түседі. Халықаралық валюта қорына (ХВҚ) мүше елдер, соның ішінде Қазақстан өкіметі төлем балансын жасау барысында жалпы тұжырымдалған ұсыныстарды негізге алады, бірақ әр ел өздерінің сыртқы шаруашылық байланыстарын есептеудің ұлттық ерекшеліктерін ескере отырып, қосымша нышандар енгізеді. Төлем балансы белгілі бір күнге немесе белгілі бір кезеңге жасалады. Төлем балансының жағдайы ұдайы өндірісте болатын үдерістерге (экономикалық өрлеу қарқынына, инфляцияға, валюталық бағамның серпініне, төтенше оқиғаларға, елдің әлемдік экономикадағы орнына, т. б. ) байланысты. Өз кезегінде төлем балансының жағдайы ұдайы өндіріске, валюталық бағамға, алтын-валюталық сақтық қорға, сыртқы берешекке, елдің валюталық-экономикалық жағдайына, капиталдың көші-қонына, әлемдік валюталық жүйеге, дүниежүзілік шаруашылыққа ықпалын тигізеді. Төлем балансы мемлекеттік реттеу нысаны болып табылады, негізгі баптардың қалыптасуына ( тауарлар экспортын көтермелеуге, шетел капиталының ағынын тоқтатуға, капитал әкетілімін реттеуге, т. б. ) және пайда болған пассив сальдоны шетелдік несие мен инвестицияларды тарту, ресми валюталық сақтық қорларды, кейде алтынның босалқы қорларын да тарту есебінен өтеуге бағытталады. Төлем балансының актив сальдосын мемлекет елдің сыртқы берешегін өтеу, басқа елдерге несие беру, алтын-валюталық сақтық қорларын молайту, шетелде “екінші” экономика жасау мақсатымен капитал әкету үшін пайдаланады.

Әртүрлі елдердің әріптестері арасындағы келісімдер ақшаның елден кетуіне немесе елге келуіне жеткізеді. Тауарлардың импорты, шетелдік корпорациялардың инвестициялары немесе ата-аналардың атына қаражаттардың қайтарымсыз аударылуы - ақша қаражатының елден кетуіне жеткізетін халықаралық мәмлелердің мысалы болып табылады. Тауарлар экспорті отандық корпорацияларға шетелдік инвестицияларды тартуды немесе шетелдегі ата-аналардан елге келіп түсетін ақшалай сыйлықтардың құйылысын білдіреді.

Әр жылдың аяғында: келген ақша мен кеткен ақшаның қайсысының көп екендігі анықталынып отырылады. Егер келген ақшадан гөрі кеткен ақша көп болып шықса, онда төлем балансының тапшылығы құралады. Тапшылық (дефицит) дегеніміз біздің импорттық (шығындық) операцияларымыз, біздің экспорттық (табыстық) операцияларымыз қамтамасыз еткеннен гөрі шетелдік валютаға үлкен көлемде сұраным тудырды деген сөз. Тапшылық шетелден алынатын қарызбен, немесе активтердің бөлігін сатумен қаржыландырылады. Болмаса, шетелдік валютаның түсу жетімсіздігі Орталық банктың ресми резервтерінен толықтырылады. Кез келген елдің ресми резервтері шектеулі. Сондықтан да сол елдердің резервтер есебінен қаржыландырылатын төлемдік баланстарының тұрақты немесе ұзаққа созылған тапшылығы, сол елді сөзсіз жүдеушілікке жеткізеді. Мұндай жағдайда төлемдік баланстың теңгерімділігін қамтамасыз ету үшін ол елдің шаралар қабылдауларына тура келеді.

Қазақстанның төлем балансы - бұл белгілі бір кезеңдегі резиденттер мен резидент еместер арасындағы барлық экономикалық операциялардың жүйелендірілген көрінісі. Мұндай жағдайдағы кезең әртүрлі болады: ай, тоқсан, жыл. Төлем балансы стандартты және аналитикалық болып келеді.

Төлем (ТБ) балансын құру жəне бағалау есепке алудың стандарттық ережелеріне жəне анықтаулаpғa сəйкес, Халықаралық Валюта Қорының əдіснамасы (Төлем балансын құру жөніндегі басшылық, ХВҚ 5-басылым, 1993ж. ) негізінде жүргізіледі. ТБ құрудың жəне анықтаудың негізгі ережелері:

- резиденттер жəне бейрезиденттер арасында жасалатын операцияларды есепке алу;

- операцияларды қосарлы жазба жүйесі бойынша есепке алу;

- қорлар емес, ағындар көрінісі;

- операциялардың жəне түрлі валюталарда ipілендірілген сомалар аудармасының есепке алудың бірегей бірлігіндегі құндық бағасы;

- операцияларды иeci ауысқан сəтте тіркеy;

- операцияларды олардың типтepi жəне экономика секторлары бойынша көрсету.

Қосарлы жазба жүйесі төлем балансындағы операциялардың екі түрлі шамада көрсетілуін талап eтетін, бipi - кредит бойынша оң белгімен, eкіншici - дебет бойынша тepic белгімен жазылады. Оң мəндер валюталар түсімін білдірсе, ал тepic мəндер - валюталардың жылыстауын керсетеді.

Кредиттік өткізбелердің барлық сомасы барлық дебеттік жазбалар сомасына баламалы болуы, ал таза баланс нөлге тең болуы тиіс. Тəжірибеде мінсіз есепке қол жеткізу қиын, ceбeбi түрлі ақпарат көздері мен сараптық бағалаулар қолданылады, сондықтан да «Таза қателіктер мен ағаттықтар» деген баланстаушы бап бар.

Операциялар құнын бағалау. Операциялар мəмілелердің тəуелсіз қатысушылары арасындағы келісімдер мен шарттарда көрсетілген өздерінің нақты нарықтық құны бойынша бағаланады.

Тіркеу уақыты. Экономикалық құндылықтармен жасалатын операцияларды тіркеу оларды құру, түрлендіру, айырбастау, аудару жəне өтеу сəтінде немесе меншік иесінің ауысуы сəтінде жүргізіледі, бұл есептеу əдіci бойынша халықаралық тəжірибедегі жалпы қабылданған есепке сай.

Резидент жəне бейрезидент. Экономикалық бірлік-жеке немесе заңды тұлға, экономикалық мүдде орталығы болған жағдайда жəне осы экономикалық аумақта бip жылдан астам уақыт тұрған жағдайда экономика резиденті ретінде қаралады.

Төлем балансы - мемлекетіміздің белгілі бір жоспарланған уақыт ішінде өзге мемлекеттерге шығарылғандарынан яғни, экспорттан түскен түсімдері мен шет елге тауар шығарғандардың яғни, импорттардың төлеген төлемдерінің арақатынасын көрсетуші құрал болып табылады. Біздің мемлекетімізде төлем балансын жіктеп бөлімдерге бөліп көрсету қарастырылған.

Қазақстан Республикасындағы төлем баланс бөлімі

Қателер мен қалып қойғандар

Капитал операциялар шоты.

Жалпы баланс

Қаржылан-дыру

Ағымдағы шот

Ағымдағы шот тауарлармен жəне қызметтермен жасалатын операцияларды, резиденттер мен бейрезиденттер арасындағы табысты жəне ағымдагы трансферттерді көрсетеді. Капитал қозғалысының шоты күрделі трансферттермен жəне өндірілмеген қаржы емес активтермен жасалатын операцияларды қамтиды. Қаржы шотына халықаралық инвестициялық жайғасымды өзгертетін қаржы құралдарымен жасалатын барлық операциялар кіреді. Төлем балансы секторларының, қосалқы шоттары өзара тығыз байланысты. Ағымдағы шот жəне күрделі трансферттер бойынша сомадағы оң баланс активтердің таза өcyiн немесе міндеттемелердің таза төмендеуін білдіреді, ал дефицит, керісінше, активтердің таза қысқаруына немесе міндеттемелердің бейрезиденттер алдында таза өcyiнe əкеп соғады. Қаржы шоты балансының, сыртқы таза автивтер мен міндеттемелер өзгерісінің құрылымы қаржылық талаптар мен міндеттемелердің қайсысы өcin, қайсысы төмендегенін көрсетеді.

Төлем балансы, төлем теңгерімі - елдің халықаралық алыс-берісінің валюталық түсімдері мен төлемдерінің арақатынасы нысанындағы теңгерімдік шоты. Төлем балансы екі бөлімнен тұрады, олар: ағымдағы алыс-беріс сауда теңгерімі - тауарлардың экспорты мен импортының арақатынасы; “көзге көрінбейтін” алыс-беріс теңгерімі С көрсетілетін қызметтер мен бейкоммерц. төлемдерді қамтиды) ; капиталдар мен несиелер қозғалысының теңгерімі (мемлекеттік және жеке меншіктегі капиталдардың әкетілімі мен әкелінімін - халықаралық несие алу мен беруді көрсетеді) . Төлем балансында халықаралық ақшалай алыс-беріс көрсеткіштері жетекші орын алады, бұл көрсеткіштер “көзге көрінбейтін” алыс-берістер бойынша, әсіресе, сыртқы сауда бойынша төлемдер мен түсімдерден асып түседі. Халықаралық валюта қорына (ХВҚ) мүше елдер, соның ішінде Қазақстан өкіметі Төлем балансын жасау барысында жалпы тұжырымдалған ұсыныстарды негізге алады, бірақ әр ел өздерінің сыртқы шаруашылық байланыстарын есептеудің ұлттық ерекшеліктерін ескере отырып, қосымша нышандар енгізеді. Жарияланатын Төлем балансында іс жүзінде төленген немесе дереу өтелуге тиіс төлемдер мен түсімдер ғана емес, сонымен бірге халықар. талаптар мен міндеттемелер де, яғни есептесу теңгерімінің нышандары да қамтылады. Төлем балансы белгілі бір күнге немесе белгілі бір кезеңге жасалады. ХВҚ-ның әдістемесі бойынша Төлем балансы баптарының сыныптамасы:

А. Ағымдағы алыс-беріс

Тауарлар

Қызмет көрсету

Инвестициядан түсетін кіріс

Басқа да көрсетілетін қызметтер мен кірістер

Жекеше бір жақты аударымдар

Жиыны:

А. ағымдағы алыс-беріс

В. Тікелей инвестициялар

Қоржындағы инвестициялар

Басқа да ұзақ мерзімді капитал

Жиыны: А+В

С. Қысқа мерзімді капитал

D. Қателіктер мен қалып қойғандар

Жиыны: А+В+D

E. Өтелмелі баптар

Алтын-валюта сақтық қорларын қайта бағалау, СДР-ді қайта бөлу және пайдалану

F. Төтенше қаржыландыру

G. Шетелдік ресми органдардың валюталық сақтық қорларын құрайтын міндеттемелер

Жиыны: A+B+C+D+E+F+G

H. Сақтық қорлардың қорытынды өзгерісі

СДР шоты

ХВҚ-дағы сақтық қордың жайғасымы

Шетел валютасы

Басқа да талаптар

ХВҚ несиесі

Бухгалтерлік тұрғыдан алғанда Төлем балансы. тепе-теңдікте болады, бірақ оның негізгі бөлімдері бойынша егер түсім басқа елдерге төлемдерден асып түссе, актив сальдо болуы немесе түсім төлемнен аз болса, пассив сальдо болуы мүмкін. Сальдо теңгестіруші баптардың есебінен өтеледі. Төлем балансының жағдайы ұдайы өндірісте болатын үдерістерге (экономикалық өрлеу қарқынына, инфляцияға, валюталық бағамның серпініне, төтенше оқиғаларға, елдің әлемдік экономикадағы орнына, т. б. ) байланысты. Өз кезегінде Төлем балансының жағдайы ұдайы өндіріске, валюталық бағамға, алтын-валюталық сақтық қорға, сыртқы берешекке, елдің валюталық-экон. жағдайына, капиталдың көші-қонына, әлемдік валюталық жүйеге, дүниежүзілік шаруашылыққа ықпалын тигізеді. Төлем балансы мемлекеттік реттеу нысаны болып табылады, негізгі баптардың қалыптасуына ( тауарлар экспортын көтермелеуге, шетел капиталының ағынын тоқтатуға, капитал әкетілімін реттеуге, т. б. ) және пайда болған пассив сальдоны шетелдік несие мен инвестицияларды тарту, ресми валюталық сақтық қорларды, кейде алтынның босалқы қорларын да тарту есебінен өтеуге бағытталады. Төлем балансының актив сальдосын мемлекет елдің сыртқы берешегін өтеу, басқа елдерге несие беру, алтын-валюталық сақтық қорларын молайту, шетелде “екінші” экономика жасау мақсатымен капитал әкету үшін пайдаланады. Төлем балансы экономикалық саясатпен тығыз байлансты болып келеді.

Экономикалық саясат теориясы өмірде кездесетін кез-келген жағдайлардың бәріне дәлме-дәл келетін, дайын шешімдерін табуға ұмтылмайды және бұл мүмкін де, қажет те емес. Мақсат басқада: нақты қалыптасқан жағдайларды жан-жақты ескере отырып, оңтайлы шешім қабылдауға көмектесу. Ал бұл үшін, анықталған қалыпты жағдайларды терең де нақты түрде зерттеп ұғыну қажет болады; бұл әдісті экономикалық процестердің бастапқы кезінде қолдану ерекше маңызды: онда факторлардың саны аз, сондықтан процестің болашақ дамуын болжап, нақты іс-әрекеттерге бару мүмкіншілігі жоғары. Кеңейіп, өріс алған жағдайлар бойынша экономикалық саясат кеңістік немесе уақыт шеңберінде өзара байланысты және бір-біріне қарама-қайшы келетін қоғамдық-әлеуметтік күштерді жан-жақты зерттеп, олардың дәлелдеген сипаттамасын жасауға бағытталады.

Экономикалық саясат - экономикалық мәселелерді шешуге және олардың құралдарын жүзеге асыруда жүргізілетін мемлекеттің іс-әрекеті. Экономикалық саясат міндеттердің жүзеге асыруы экономикалық жүйенің өзгеруіне және экономикалық теорияның дамуында жаңа білімдердің қалыптасуына әкеледі. Сондықтан да экономикалық саясат өзекті мәселе болып келеді.

1. 2 Төлем балансының құрылымы және түрлері

Төлем балансы дегеніміз - белгiлi бiр уақыт аралығында мемлекеттiң шетелге төлеген валюталық соммасымен оған шетелден түскен соманың арақатынасы. Белгiлi бiр мерзiмiнiң және бiр күндiк төлем балансы болады.

Бiр күндiк төлем балансы статистикалық көрсеткiш ретiнде жарияланбаса, ол белгiлi бiр датаға орындалуға тиiс төлемдер мен түсiмдердiң арақатынасындағы өзгерiстердi көрсетедi белгiлi бiр мерзiмнiң төлем балансы осы уақыт аралығында қзгерiстердi көрсетдi. белгiлi-бiр мерзiмнiң төлем балансы осы уақыт аралығындағы төлем мен тұсiмдердiң арақатынасын көрсетiп, мемлекеттiң халықаралық экономикалық қатынастарындағы өзгерiстерiн және елдiң экономикасының жағдайын бiлуге көмектеседi.

Егер валюталық түсiм төлемнен артық болса, онда төлем балансы активтi, ал егер төлем түсiмнен төмен болса, онда төлем балансы пассивтi деп аталады.

Төлем балансымен есеп айырысу баланстарының бiр-бiрiнен айырмашылықтары төмендегiей:

  • төлем балансына тек iс жүзiнде жүргiзiлген түсiмдермен төлемдер кiредi;
  • есеп аыйрысу бағасына елдiң шетелге қойған талаптарымен мiндеттемелерi кiредi;
  • есеп айырысу балансында барлық алынған және берiлген несиелер көрсетiледi, оның iшiнде төлем балансына, кiрмейтiн өтелменген несиелерде көрсетiледi, оның iшiгде төлем балансына кiрмейтiн өтелмеген несиелерде көрсетiледi;
  • төлем және есеп айырысу баланстарының ақырғы сальдосы-активтiк немесе пасивтiк бiрбiрiне сәйкес келмейдi, әдетте олар қарама-қарсы болады, себебi несие берушiлердiң есеп айырысу баланстары акивтiк болады, ал төлем баланысы әлсiн-әлсiн, әсiресе ағымдағы операциялар бойынша пассивтiк болады;
  • төлем балансына тек төленген экспорт және импорт кiргiзiледi, ал есеп айырысу балансы болашақта несие алумен төленетiн тауар айналымының төленбеген бөлiгiн қамтиды.

Сөйтiп, төлем және есеп айырысу баланстарының бiр-бiрiнен айырмашылықтары көбiнесе халықаралық қатынастарының дамуымен айқындалады. Төлем балансының құрылымын қарастырып өтейiк. Операцияларының сипатына қарай басылымдарда жарияланатын төлем балансы негiзгi екi бөлiмдi бiрiктiредi.

Төлем балансының құрылымы

1) “Ағымдағы операциялар балансы” - сауда балансы ( сыртқы сауда операциялары бойынша төлемдер мен түсiмдер) :

а) экспорт

б) импорт

Қызметтер балансы және комерциялық емес төлемдер (патент бойынша төлем техникалық көмек үшiн төлем )

2) “Капитал және несие қозғалысының балансы”

Сауда балансы - экспорты бойынша түсiммен және импорт бойынша төлемдердiң арақатысы. Егер тауар шығару оны әкелуден астам болса, онда активтiк сауда балансы болады, ал егер импорт экспорттан артық болса, онда сауда балансы пассивтiк сальдосы пайда болады

3) “Көрсетiлген қызметтер балансы” - ол формасы бойынша да және экономикалыө мазмұны бойынша да әр түрлi, сонымен бiрге коммерциялық операциялар емес операциялар бойынша төлемдер мен түсiмдер бiрiктiрiледi. Капитал және несие қозғалысының балансы - ол жеке және мемлекеттiк капиталдарды әкелу және жетiлдiру бойынша, алынған және берiлген халықаралық несиелер бойынша төлемдер мен түсiмдердiң арақатысы.

4) “Халықаралық қарыз балансы” - өркендеген және өркендеушi елдердiң статисикасында кең орналасатын мәлiмiеттер жиынтығы. Оның есеп айырысуы балансына ұқсас болғанмен одан қаралатын тауарларының жиынтығымен кейбiр елдердiң өз ерекшелiгiмен айрықшаланады .

Төлем балансының сальдосын анықтағанда оның тараулары негiзгi және баланстандырушы болып екiге бөлiнедi. Негiзгi тарауларға - ағымдағы операциялар ұзақ мерзiмдi капиталдың қозғалысы ал баланстандырушы тараулырға - валюталық резервтiк қозғалысы, ал баланстандырушы тарауларға - валюталық резервтердiң қозғалысы, қысқа мерзiмде активтердiң өзгерiстерi, шетел көмегмен кейбiр түрлерi, сыртқы мемлекеттiк зайымдар, халықаралық валюта - несиелiк ұйымдардың несиелерi және т. б. төлем балансының сальдосының толықтырушы көздерi жатады.


... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Коммерциялық банктердің инвестиция сферасындағы инвестициялық қызметі
Айналым капиталының мәні мен құрлымы
Қаржыларды ауыстыру теориясы
Депозиттік саясаттың даму дәрежесін көрсету, және де қазіргі жағдайды жақсарту жолдарын, банктің депозиттік қызмет сегменттерінің өсу факторларын және жаңа ойларды іздеу
Коммерциялық банктерде активтер портфелін басқару
Халықаралық валюта қатнастары
Коммерциялық банктердің қызметі туралы
Банкінің атқаратын функциясы және мәні
Екінші деңгейлі банктерде қаржы тәуекелін жүзеге асыру
Қазақстан Республикасынның Ұлттық банктің және коммерциялық банктердің мәні, маңызы, міндеттері, атқаратын қызметтері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz