Кенорын бойынша мұнайдың және еріген газдың қоры

Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
1 Геологиялық бөлім

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Кенорнының географиялық жағдайы

Αқінген мұнай-газ κенορны - Κаспий маңы οйпатының οңтүстік-шығыс бөлігінде Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай шамамен 35-45 км қашықтықта орналасқан. 1979 жылы барлау жұмыстары басталып, 1980 жылы кенорын ашылған. 1983 жылы барлау және бұрғылау жұмыстары аяқталды.
Мұнай және газ қоры 2114,6 мың тонна баланстық, 597,2 мың тонна шығарылу қоры С1 категориясы С2 категориясы бойынша- 460,9 мың тонна 128,1 т құрайды.
Қыртастың абсолютті белгілері 20-дан 27-метрге дейін ауытқып отырады. Гидрографиялық тор жоқ десек болады.
Ауданның климаты континенталды. Жазы - құрғақ, ыстық. Ауаның температурасы +30,+35 [0]С жетеді. Ал қыста қар аз болып күшті желдер болып температура - 30[0] С дейін төмендейді. Жыл бойына желдің бағыты Оңтүстік батыстан соғып тұрады. Ал бұрғылауға су Альб горизонт қабаттарынан алынады. Тоқ көзімен қоректендіру Құлсары қаласынан тартылады. Керекті құралдармен жабдықтау жақын орналасқан Құлсары және Бейнеу аудандарынан тасымалданады.

1.2 Геологиялық құрылымы және жатыс сипаты

Кен екі қанатты, тұзды күмбез құрылымынан тұрады. Төмен қабатты жыныстар бес өнімді қабаттан тұрады: екі альб қабаты мұнайлы, апт-неоком және неоком қабаттары газды және неоком қабаты мұнайлы-газды. Өнімді қабаттардың орналасу тереңдіктері: альбтікі 660 - 682 м, апт-неокомдікі 927 м, неокомдікі 1028 - 1111 м.
Жатындар қойнауқаттық-күмбездік және қойнауқаттық, литологиялық тұрғыдан қалқаланған. Альб мұнай жатындарының биіктігі 10-16 м, неоком газ горизонтының мұнайлы бөлігінің қалыңдығы 6 м. Газ жатындарының биіктігі 11-22 м. Су-мұнай жапсары -679-877 м белгілерде, газ-су жапсары -947-1090 м белгілерде. Өнімді қатқабаттың қимасы терригендік таужыныстардан құралған, жинауыштары кеуекті.
Мұнайға қаныққан қалыңдық 3,2-4,9 м, газға қаныққаны 3,3-8,9 м. 15,8 мм-лік штуцердегі бастапқы шығымдар (өнімдер): мұнайдыкі 27-51 м3тәу, газдыкі 452,8-716,9 мың м[3] тәу. Газдылығы 7,7-119,9 м[3]м[3]. Бастапқы қойнауқаттық қысымы 6,2-12,8 МПа, температурасы 34-74°С. Мұнай жатындарының режимі серпінді суарынды, газ жатындарының режимі серпінді газ-суарынды. Хлоркальцийлі типті қойнауқаттық сулардың тығыздығы 1078-1105 кгм[3], минералдылығы 127,1-162,5 гл. Кен 1992 жылы пайдалануға берілген.

1-сурет. Шолу картасы

2-сурет. Ақінген кенорнының геологиялық қимасы

3-сурет. Ақінген кенорнының структуралық картасы

1.3 Мұнай, газ және қабат суының физикалық қасиеттері

Ақінген кенорынын игеру барысында тереңнен сынақ алынған жоқ. Кеніш ұңғымаларын сынап пайдалану барасында 14 тереңдік сынамасы алынды. Талдау нәтижелері бойынша газ құрамының, көлемді коэффициенттің, тұтқырлықтың және мұнайдың қанығу қысымының тығыздығының орташа мәндері алынды.
Ақінген мұнайының орташа қанығу қысымы 136 МПА құрайды. Газ құрамы 116,7 ден 154 м3т дейін өзгереді. Көлемдік коэффициенті 1,303 тен 1,370 бірлікке дейін аз өзгереді, мұнай тығыздығы да 0,634 тен 0,724 гсм3 мардымсыз өзгереді, мұнай тығыздығы тереңдеген сайын 1,88 ден 0,33 МПа дейін өзгереді. Газсызданған мұнайдың қыртысы бойынша физикалық-химиялық қасиеті мен фракциялық құрамы көрсетілген (1.4.1 кесте). Күкірт құрамы аз 0,23 тен 0,67% дейін. Ақінген кенішінің өнімді қыртысы мұнайлары жеңіл, күкіртті, аз күкіртті, аз парафинді.
Ақінген кеніші мұнайында еріген газ бар екені анықталмаған. Мұнай және газ кеніштеріндегі өнімді қабатты құрайтын жарық пен коверналы жыныс және оның түйіршіктерінің арасындағы қуысты қанықтырады. Көптеген мұнай газ кен орындары шөгінді жыныстарға - жақсы мұнай коллекторына негізделген (құмдар, кұмайттар, коглемераттар, жарықты және коверналы әк тастар мен доломиттер). Кейде мұнайды бұлқынған жыныстардан және жарықтардан табады, бірақ бұл жиналымдардың, әдетте, өндірістік мәні жоқ. Мұнай және газ кенорындарын құрайтын тау жыныстары, олардың қасиеттеріне байланысты әр түрлі рольді атқарады. Ірі қуыстардың саны көп болатын олардың кейбіреулері - мұнай мен газ резервуарлары (мұнай мен газ кеніштері), ал саз балшық, тақта тасы сияқты және басқа да жыныстар қабаттың газ сұйық қоспасы үшін мүлдем өткізгішсіз-олардың жиналуына септігін тигізітін, өнімді коллекторларының табиғи қалпақшасы.
Кенорнының өндірістік құндылығы оның өлшемдерімен ғана анықталып қоймай, айтарлықтай дәрежеде коллекторлардың физикалық қасиеттерімен, қабат сұйықтары мен газдардың, сонымен қатар, қабат энергиясының түрімен, қорыменде анықталады.
Табиғи газ - ол негізгі құрамы метаннан тұратын шекті көмірсутектердің қоспасы. Қоспа түрінде табиғи газда азот көмірқышқыл газы; күкіртті сутек, меркаптандар, гелий, аргон және сынап буы да жиі кездеседі.
Күкіртті сутек пен көмірқышқыл газының үлесі бірнеше ондаған процентке жетеді. Әр түрлі кенорындардағы табиғи газдардың құрамы бірдей емес кеніш аралығында өзгеруі мүмкін.
Табиғи газдың физикалық қасиеті олардың құрамына байланысты, ал жалпы алғанда қоспаның негізгі компонентті ретінде метанның қасиетіне жақын.
Газдың салыстырмалы тығыздығы 0,56-дан 1-ге дейін өзгереді. Жекелеген компоненттерді көмірсутек газдарының метаннан басқасы, өлшемі бірден үлкен.
Газдың қозғалысына байланысты есептеу кезінде тұтқырлықты қолданады. Қоспа тұтқырлығының аналитикалық байланыстылығы қоспа құрамына кіретін компоненттерге қарағанда күрделі және жеткіліксіз дәл емес. Осыған байланысты практикада тұтқырлықты экстремалды графиктер бойынша анықтайды.
Табиғи газдың тұтқырлығы олардың құрамына, температурасына және қысымына байланысты. Қысымның жоғарылауына қарай, қысым газ тығыздығының өсуімен бірге артады, ал төмен болғанда азаяды. Қысымның өсуімен тұтқырлық артады. Температура тұтқырлыққа әртүрлі әсер етеді: төмен қысым кезінде ол артады, жоғары (5-10 МПа) кезінде төмендейді. Көрсетілген қасиеттердің құрамы газдың сұйық жағдайға жақындығының дәрежесімен түсіндіріледі. Табиғи газдың тұтқырлығы әдетте (1,1-1,6)*105 ПА*С құрайды.
Табиғи газдар, идеал газдардың заңына толық бағынбайды: ауытқу (отклонение) үлкен болған сайын, соған қарай газдың тығыздығы үлкен болады да, температура төмен болады. Қысым бірдей әсер етпейді. Қысым 0-ден 30-40 МПа дейін өскенде ауытқулар да өседі, ал содан кейін төмендейді.
Мұнай мен судың көлемдік және тығыздық коэффициенттері.
Дегазацияландырылған мұнайдың тығыздығы біраз шамада өзгеруі 600 дан 1000 кгм3-ке дейін және одан да көп болуы мүмкін. Қабаттағы жағдайда мұнайдың тығыздығы қысымнан, температурадан және еріген газ көлеміне байланысты өзгереді. Қысым ұлғайған сайын мұнайдың тығыздығы да ұлғаяды, температура мен еріген газдың көлемі ұлғайған сайын-тығыздықтың мәні азаяды.
Еріген газдың мөлшері мен температураның әсері басым екені айқын, сондықтан қабаттағы мұнайдың тығыздығы жер үстіндегі мұнайдан әрдайым кем (кіші) болып табылады.
Қабаттағы судың тығыздығына, жоғарыда айтылған факторлардан басқа, көп әсер ететін оның минерализациясы: тұздың концентрациясы (еріген тұздың массасы) 643 кгм3 болғанда, тығыздық-1450 кгм3 жетуі мүмкін.
Сұйықтың ішіне газ еріген сайын, сұйықтың көлемі ұлғая түседі. Қабат жағдайындағы сұйықтың (еріген газбен бірге) көлемінің, дегализацияланған сұйықтың, стандарттық жағдайындағы көлеміне қатынасын - көлемдік коэффициент деп атаймыз. Көлемдік коэффициент b - еріген газ мөлшерінен, температурадан және қысыммен байланысты. Мұнайдың көлемдік коэффициенті - 3,5-тен жоғары болған кенорындары белгілі. Қабаттағы судың коэффициенті 0,99-1,06-ға дейін болады.
Мұнайдың шөгу коэффициенті (%-да) деп келесі қатынасты түсінеміз: U=100;
Бұл коэффициент екі қабаттағы мұнайды жер үстіне шығарып, газдан айырған жағдайдағы көлемінің төмендеуін сипаттайды. Қысымның бір өлшемге өзгерісіне сәйкес, бір өлшемдегі көлемі сұйықтың көлемінің өзгерісін сығылу (тығыздалу) коэффициенті Bb деп атайды.
Мұнайлардың сығылу коэффициенті
7*10-10-13*10-9м2Н немесе (7-130)*10-5 см2кгс
Қабаттағы үрдістердің пайда болуына және ең зор әсер ететін факторларды ескерткеніміз жөн. Олар-мұнай кеніштерін сидырып жатқан суарынды жүйелердің үлкен көлемділігі; қабаттың серпімділігі; қабаттағы қаныққан сұйықтың серпімділігі және қабат қысымына байланысты өзгеретін қабаттағы сұйықтың тығыздығы, көлемдік коэффициенті, жыныстардың кеуектілік коэффициенті.
Осының бәрін ескеруіміз қажет. Ең керекті түсініп еске сақтайтынымыз - қабаттағы жыныстардың және сұйықтардың серпімділігіне байланысты қабаттағы қысымның тез өзгермеуі, біртіндеп қабат бойына тарауы.
Бұл өзгерістер пайдалану және олардың тоқтауына (жабуына) немесе жаңадан бұрғыланған ұңғымалардың іске қосылуына байланысты.
Қабаттағы сұйықтың тұтқырлығы. Қабаттағы сұйықтың тұтқырлығына негізінде температураның және еріген газдың мөлшері әсер етеді. Еріген газдың мөлшері біраз көп болған жағдайда-қабаттағы мұнайдың тұтқырлығы судың тұтқырлығынан аз болуы мүмкін (t=200C-да=1сП). Судың тұтқырлығы негізінде температураға байланысты, ал басқа көрсеткіштер (қысым, минерализация), еріген газдың мөлшері, оған көп әсер етпейді.
Қабаттағы жағдайда мұнайдың физикалық қасиеттерін зерттеу үшін әдейі арнайы аспаптар қолданылады. Олар сынама алатын аспап-ұңғымадан мұнайдың сынамасын қабаттағы қысымды алып жер үстіне көтеріп, зерттеу үшін арналған. Жоғарғы қысымды және температурада мұнайды, газды және қоспаларды зерттеу үшін - әдейі арналған аспаптар комплексі бар.
Мұнайдың үстіңгі керу күші, жаңадан бір өлшемдегі ауданның (аймақтың) пайда болуына, жұмсалатын жұмысты сипаттайды. Үстіңгі керу күші екі фазаның шекарасында өлшенеді. Оның мөлшері, әр фазаның молекулаларының байланысы арқылы және түйіскен екі фазаның молекулаларының зарядтарының таңбаларына (полярность) байланысты өзгереді.
Мұнайлардың таза су мен шекарасында үстіңгі керу күшінің әр түрі мәнде өзгеретінін, молекулалардың зарядтарының, молекулалардағы атомдардың симметриялық орналасуына байланысты мұнайдың қасиеттері бар- мұнай ішіндегі нафтенді қышқылдар, асфальтенді және шайырлы заттар, меркаптандар, тиофендер деп түсінуге болады.
Бұл заттар шекара бетінде бір-бірімен қосылуы және үстіңгі керу күшін азайту мүмкіндігін, сондықтан бұларды беттік әрекетті деп атаймыз. Бір біріне түйісіп беттік әрекетті молекулалардың әсерінен пайда болған қабық жеткілікті мықты болуы керек. Осындай қабықтардың қасиеттерін мұнайлы - су эмульсиясын бұзуға т.с.с пайдаланады.
Мұнай құрамына байланысты және түйіскен судың құрамына байланысты олардың шекараларындағы үстіңгі керу күшінің мәндері бірнеше бірліктің бөлшегінен ондық өлшемінде эргсм[2] өзгеруі мүмкін.

1.4 Кенорынның мұнай, газ және су қорлары

Ақінген кенорны бойынша алғашқы алынатын мұнай қоры 1946 жылы 15 шілдеде, жалпы саны 1508,9 мың тонна болып ұйғарылды, оның ішінде категория бойынша: А - 42,0 мың тонна, В - 630,5 мың тонна және С2-836,4 мың тонна, апт-неоком және орта юралық горизонттардың батыс және шығыс қанаттары.
Негізгі мұнай қоры (63,7 %) батыс қанатында басымырақ, ал шығыс қанатында ұңғымадағы өнімділіктің азаюы және орталық қанаты көтерілген жарықтар жүйесінің пайда болуына байланысты пайдалану-бағалау ұңғымалары батыс қанатында көптеп таратылған. Осыған байланысты мұнайдың негізгі қоры батыс қанатында VII горизонт бойынша 33,3% құрайды.
Газ факторының өте төмен болуына байланысты еріген газ қоры есептелмеген.
Құрылымның батыс қанатында игерудің 3 объектісі бөлінген:
I. Объектіде - апттық, IV және V неоком горизонттары орналасқан;
II. Объектіде - III,IV,V,VІ орта юралық горизонттар орналасқан;
III. Объектіде - VI және IX юра горизонттары орналасқан.
Объектілер бойынша баланстық қорлар төмендегідей бөлінген:
I. Объектіде-613,2 мың тонна,
II. Объектіде -725,1 мың тонна
III. Объектіде -0872 мың тонна
Батыс қанат бойынша:
I-ші объект бойынша - бастапқы баланстың қоры - 613,2 мың тонна, бастапқы алынатын қор - 61,32 мың тонна;
II-ші объект бойынша - бастапқы баланстық қор - 725,1 мың тонна, бастапқы алынатын қор - 201,0 мың тонна;
III-ші объект бойынша - бастапқы баланстық қор - 872,0 мың тонна.
1.4.1 кестеде Ақінген кенорын бойынша мұнайдың және еріген газдың қоры берілген.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Көрсетілген топтардың мұнайларының зерттеу барысында оларды химиялық құрамы бойынша ажыратты. Мұнайлы жоғарғы қабаттар нафтенді көмірсутектерге ие, ал 7-і қабат метанды түрге жатады.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Албсеномен қабаттарының мұнайларының қабат жағдайы мен жер бетіндегі физикалық жағдайы бірдей деп айтуға болады. Еріген газ аз.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
6 скважинадан алынған 1; 2; 3; 4 және 5-і қабаттарының мұнайында еріген газ 5,9 метр кубтан аспайды, мұнайы газға қанық емес, газсыз деуге болады. Қабаттағы мұнай тығыздығы, газсыздандырылған мұнай тығыздығынан сәл ғана өзгеше болады. Қабат мұнайының тұтқырлығы жоғары 58,3-тен 81,1мПа*с.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

1.4.1 кесте
Кенорын бойынша мұнайдың және еріген газдың қоры

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Кенорны 1979 жылы ешқандай игеру жобасынсыз және мұнай қорының қанша екенін білместен игеруге берілді. Сондықтан 1980 жылы кенорнының өнімді қорын есептеу жүргізілді. Игеру барысында "Ембімұнай" бірлестігі 1980-1984 жылдар аралығында баланстық та, сонымен қатар алынатын қорды да есептеді. Қайта есептеу 1 сеноман, 2 сеноман, 4 алб, 7 неокон қабаттары бойынша, негізгі жазықтың, ал солтүстік батыс жазығы бойынша 3 алб қабаттарында жүргізілді.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Мұнайдың негізгі қоры 41,2% 3 алб қабатында жатыр.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
1988 жылы баланыстық қордың 30% немесе алынатын қордың 74,3% алынды. Ал 2000 жылы қалған қор алынды.

2. Техника-технологиялық бөлім
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
2.1. Кен алаңы өңдеудің жобалау деректері
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Мұнай кенорындарын игеру принциптерін негіздерін іске асыру үшін маңызды шарттарды ұстап жобаланған дұрыс. Мұнай өнімін, халық шаруашылық шығынын аз жұмсап, игеріп алуды мақсат етеміз. Мұнай кенорнын игерудің жобаланған үрдісінде, біраз варианттар қарастырылады. Олар бір - бірінен игеру жүйелері және мұнайды жер қойнауынан шығару технологиясы әртүрлі болады.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Экономикалық көрсеткіштер шамамен бірдей варианттар ішінен мұнай бергіштігі мол, мінездемесі бар вариантты тағайындайды. Игеру жобасы - негізгі құжат болып табылады. Оған сүйене отырып, кен алаңындағы мұнайды өңдеуде жүргізілетін жұмыстардың және кен алаңындағы орналастыру жобалардың барлығында орналастыру жобалардың барлығында шешеміз. Өндірісте жүргізілетін тәжірибе бойынша игеру, өңдеу жобасы кезінде қосымша теориялық және лабораториялық зерттеулер жүргізіледі.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Сонымен қатар мұнай өндірудің жаңа технологиялары пайдаланылып, игерудің гидродинамикалық көрсеткіштерін есептейді. Соңғы мәліметтер бойынша техника - экономикалық талдау жүргізеді.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Ұсынылған технологияның тиімділігінің мінездемесін, белгілі игеру әдістерімен салыстырады. Мәліметтерді қайтадан анықтап, техника - экономикалық көрсеткіштерді қайтадан есептеп талқылайды.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Ақінген кен алаңының әр жобасын есептегенде, қабаттың кесіндісіне және алаңы бойынша, ыдырап таралғандығына көп назар аударылып, талқыланады. Игеру мерзімдегі экономикалық көрсеткіштері:
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
1. Күрделі қаржыландыру.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
- 1 тонна мұнайды өндіру үшін жұмсалатын меншікті күрделі қаржыландыру.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
- өндірістік фондасына жұмсалатын шығынды ескермегендігі, күнделікті шығын.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
- өнімнің өзіндік құны.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
- экономикалық пайдасы.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Күрделі қаржыландыру - жаңа негізгі фондаларын құруға немесе бір негізгі фондасын жаңартып, ұлғайтуға жұмсалатын қаржы (өнімді жинап, дайындап және тасымалдау объектілерін тұрғызу, ұңғыларды бұрғылап дайындау қабатқа айдалатын суды тазарту, электрмен қамтамасыз ету т.б).
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Ақінген кенін игеру жобасында қолданысқа керек құрал - жабдықтарға жұмсалатын қаржысы бөлек есептеледі. Меншікте күрделі қаржы - жиналған қаржының бір жылдық мұнай өніміне қатынасы 1 мм қаржысы айырып есепке алынады. Мұнайдың өндірудің өзіндік құны пайдалану шығынының айырмашылығы мен сәйкестендіріледі. Мекеменің жұмыс істеу тиімділігін мінездейтін басқа да көрсеткіштерді пайдаланады. Осындай комплексті экономикалық көрсеткіштер тізімінің инструкциясын және есептеу методикасын мұнай және газ өндірісінің жоғары органдары тағайындап ұсынады. Пайдалану шығыны - негізгі өндірістік сомдысы жұмыс істеу үшін кететін шығын және күнделікті шығын көрсеткіші.
01.01.2013 жылы кенорында 252 ұңғыма бұрғыланды, соның ішінде жасап тұрған ұңғыма қоры - 131 ұңғыма, жасамай тұрған - 9 ұңғыма, жабылған - 47 ұңғыма, консервацияда - 12 ұңғыма, бақылауда - 17 ұңғыма, жұту - 16 ұңғыма.
Жасап тұрған қордың 79 ұңғымасы фонтанды әдіспен және 90 ұңғыма механикалық әдіспен игеріледі соның ішінде: батырмалы ортадан тепкіш электірлі сорап қондырғысы БОТСҚ - 12, штангілі сорап қондырғыса ШТСҚ - 78.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

Кенорынды игеру жүйесін талдау

Кенішті игеру процесін бақылау мақсатында жобада мына бекітілген кешенге сәйкес зерттеу жұмыстары көлемі қарастырылған:
1.Сұйық өнімділігі мен саға қысымын анықтау;
2.Өнім сулануын анықтау;
3.Қабат қысымын анықтау;
4.Газ факторын анықтау;
5.Түп қысымын анықтау;
6.Қабат сулану көздері мен интервалын анықтау;
7.ВНК (СМК) бақылау, қалдық мұнайға қанығуды, ұңғыма деңгейінің техникалық күйін кәсіпшілік геофизикалық әдістерімен бақылау жөнінде зерттеулер;
8.Блоктар мен қабаттар арасында гидродинамикалық байланыс барын анықтау әдістерімен зерттеулер.
Бұдан өзге, қабаттар мен шөгінділердің игеріліп тасталуына бақылау жасау мақсатында тереңдік сораптармен жабдықталған геофизикалық және гидродинамикалық зерттеулер жүргізу, геофизикалық зерттеулерді ұңғымадағы жөндеу жұмыстары жасалғанға дейін және кейін орындау ұсынылады. Өндіруші ұңғымалардың жұмысын жақсарту үшін нақты ақпарат алу үшін аталған көлемдегі гидродинамикалық және кәсіпшілік-геофизикалық зерттеулер жүргізу қажет.
Ақінген кенішін игеру процесін бақылау жөніндегі жобалық және нақты зерттеу көлемдері салыстырылады. Сонымен қатар, сұйық өнімділігі мен саға қысымын өлшеу, өндірілетін сұйықтық сулануын анықтау, беткі мұнай сынамасын қаралған кезең ішінде алу сияқты зерттеулер үнемі қолданыстағы қор бойынша мемлекет көлем деңгейінде жүргізіледі. Үлесте су сынамасын алу және химиялық талдау, қысым айдаушы ұңғымадан қабат және саға қысымын анықтау, сіңіру профилін зерттеу, айдалатын су анализі, су алушы ұңғыма өнімділігін өлшеу сияқты көптеген шеттелген зерттеу түрлері қаралған кезең ішінде жүгізілмейді. Талданған кезең ішінде терең мұнай сынамасы алынбады, себебі бұрғылаудан соң жаңа ұңғыма болған жоқ. Беткі мұнаймен су сынамаларында алынбаған. Осыдан шығатыны-гидродинамикалық және кәсіпшілік-геофизикалық зерттеулер жүргізу жөнінде бұл кенішке МГӨБ басқа кеніштеріне қарағанда аз көңіл бөлген және материалдық қаражат бөлінбеген.
Ұңғыларды пайдалану барысында пайдалану құбыры мен құбыр сырты кенішін қабат және айдалатын сулармен жанасқан кезде әртүрлі механикалық және коррозиялық әсерлерге ұшырайды.
Бұл ұңғылардың техникалық күйіне кезең кезеңмен зерттеу жасау қажеттігін туындатады. Пайдалану қорының техникалық күйіне және түрлі факторлардың тереңдік сораптары жұмысына әсеріне анализ жүргізу үшін бүкіл тереңдік сораптаушы қорлар бойынша геологиялық-технологиялық екінші материал жинақталды.
Ақінген кеніші 30 жылдай игерілуде, алғашқы игерілу жылдары барлық ұңғыларды бұрқақ әдісімен пайдаланды, кейін өнім сулана бара механикаландырылған өндіру тәсіліне көшірілді. Жобада тереңнен сораптаушы ұңғыларды ең үлкен жүріс ұзындығы 2,1 м және ең үлкен айдау саны 12амин болатын СК-2,1-2500 станок-качалкамен жабдықтау ұсынылған. Кеніштегі ұңғыларды нақты жабдықтау бөлінген; 6 ұңғыма СК 6, 1 ұңғыма СКД-9, 1 ұңғыма - ПШГН, 4 ұңғыма СК 8 станок-качалкалармен жабдықталған. Тереңдік сораптары НКТ 2,5 (75 мм, 85 мм, 91, 107) түсіріледі.
Өнімділігі тәулігіне 5-10 тонна болып жұмыс істейтін ұңғыларда арнап жобада НСВ-1-38 сорапты, өнімділік тәулігіне 30-50 т болатын ұңғымалар үшін НСВ 1-43, өнімділігі 20-30 ттәулік ұңғымалар үшін НСВ1-46, өнімділігі тәулігіне 30-50 т болатын ұңғылар үшін НСНГ-68 сорабын қолдану қарастырылған. Төрт ұңғымада диаметрлері 57 мм сорап түсірілген. Жобада тереңдік сораптарын сорап диаметрлеріне байланысты 1000-1200 м тереңдікке түсіру ұсынылған. Сорапты нақты түсіру тереңдігі 620-800-1000м. 4 ұңғымада сораптар ұзындығы 100-200 м түбінен түсірілген.
Бұл технология ұңғыларды күрделі жөндеу кезінде қолданылатын ұңғы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жаңажол кен орнының геологиялық құрылысы мен мұнайгаздылығы
Мұнайдың және мұнайда еріген газдың қорлары
Мұнай мен газды өндіру
Еріген газ режимі
Бұрандалы сораптарды пайдалану
Ұңғымалар қорын пайдалану коэффициенті
Кен орынды игеру жүйесі. Кен орнының геологиялық құрылымының сипаттамасы
Маңғышлак мұнайгаздылық кен орындары
Кең орнына ұңғымаларды орналастыру
Қазақстандағы мұнай – газ кешендерінің дамуы: Құлсары, Сағыз қалалары
Пәндер