Әлеуметтік педагогтың толық емес отбасындағы балалармен, ата - аналармен және педагогикалық ұжыммен жүргізілетін жұмыстары


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 54 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БIЛIМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛIГI

АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Қытайбек Ақерке

Диплом жұмысы

ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГТЫҢ ТОЛЫҚ ЕМЕС ОТБАСЫМЕН ЖҰМЫСЫ

«5В012300 - Әлeумeттік пeдaгогикa жәнe өзін-өзі тaну» мaмaндығы

Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

«Қорғауға жіберілді»

Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік

педагогика кафедрасының меңгерушісі м. а

п. ғ. к., қауымд. профессор

Ұ. Қ. Қыяқбаева

« » 2020 ж.

ДИПЛОМ ЖҰМЫС

Тақырыбы: «Әлеуметтік педагогтың толық емес отбасымен жұмысы»

5B012300 - Әлеуметтік педагогика және өзін - өзі тану мамандығы бойынша

Орындаған: Қытайбек А.

Ғылыми жетекші,

Aлмaты, 2020

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР

Осы диплом жұмысында келесі стандарттарға сәйкес сілтемелер пайдаланылған:

[1] Қасым - Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. //Егемен Қазақстан, 2019 ж. 2 қыркүйек.

[2] БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының «Бала құқығы туралы» //1989 ж, 20 қараша.

[3] Қазақстан Республикасының «Бала құқығы туралы Конвенция» 1995ж.

[4] Қазақстан Республикасының Конституциясы

[5] Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» Заңы

[6] 2011-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы.

[7] Қазақстан Республикасының «2050 жылға дейінгі даму стратегиясы» Мемлекет басшысының ел халқына Жолдауы, 2012 жылғы желтоқсандағы.

АНЫҚТАМАЛАР

Осы диплом жұмысына сәйкес анықтамалар бойынша келесі терминдер қолданылады:

Отбасы - бірлесіп күн көретін, туыстық қатынаста тұратын адамдар тобы.

Отбасылық жағдай - некеде тұрғандағы немесе айырылысқандағы жағдай, балалардың немесе отбасының басқа да мүшелерінің болуы немесе болмауы;

Неке - ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туғызатын, отбасын құру мақсатымен заңдарда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықты одақ;

Толық емес отбасы - балаларды (баланы) ата-ананың біреуі, соның ішінде ажырасқан, жесір ата-ана тәрбиелейтін отбасы;

Нуклеарды отбасы - екі ұрпақтық байланыстағы ерлі-зайыпты және олардың балалары;

Кеңейтілген отбасы - үш ұрпақ жалғастығы: ата-ана бір жағының, ерлі-зайыпты, олардың балалары;

МАЗМҰНЫ
:
МАЗМҰНЫ: НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
:
:
МАЗМҰНЫ: АНЫҚТАМАЛАР
:
:
МАЗМҰНЫ: БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
:
:
МАЗМҰНЫ:
:
:
МАЗМҰНЫ: КІРІСПЕ . . .
: 6
: 1
МАЗМҰНЫ: ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГТЫҢ ТОЛЫҚ ЕМЕС ОТБАСЫМЕН ЖҮРГІЗЕТІН ЖҰМЫСЫН ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ . . .
: 10
: 1. 1
МАЗМҰНЫ: «Отбасы», «толық емес отбасы» ұғымдарының педагогикалық -психологиялық әдeбиeттeрдe зeрттелу жайы . . .
: 11
: 1. 2
МАЗМҰНЫ: Әлеуметтік педагогтың толық емес отбасымен жүргізетін жұмыстарының негізгі бағыттары мен формалары . . .
:
:
МАЗМҰНЫ:
:
: 2
МАЗМҰНЫ: ТОЛЫҚ ЕМЕС ОТБАСЫМЕН ЖҮРГІЗЕТІН ӘЛЕУМЕТТІК - ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ӘДІСТЕМЕСІ . . .
:
: 2. 1
МАЗМҰНЫ: Әлеуметтік педагогтың толық емес отбасындағы балалармен, ата-аналармен және педагогикалық ұжыммен жүргізілетін жұмыстары . . .
:
: 2. 2
МАЗМҰНЫ: Тәжірибeлік-педагогикалық жұмыcтың кезеңдері мен нәтижeлeрі
:
:
МАЗМҰНЫ: ҚОРЫТЫНДЫ . . .
: 60
:
МАЗМҰНЫ: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . .
: 62
:
МАЗМҰНЫ: ҚОСЫМШАЛАР
:

КІРІCПE

Зерттеу жұмысының өзектілігі: ХХ - ғасырдың ортасынан бастап отбасы институты елеулі және қайталанбас өзгерістерге ұшырады. Отбасында болған өзгерістер көптеген мәселелердің туындауына әкеліп соқтырады. барлық авторлармен әдеттегі отбасы тірегінің дағдарысы ретінде суреттеледі. Ғұмырлық неке тұрақтылығынан бас тарту, айырылысу мен некенің бұзылуы, ұрпақты тәрбиелеудегі риясыз қарым-қатынастан бас тарту, толық емес отбасы мен өгей ата-аналы отбасы санының артуы, баланы алдырып тастау мен некесіз бала туу үдеп бара жатқаны байқалады.

Біздің қоғамның маңызды мәселелерінің бірі - отбасы тұрақтылығын, отбасылық қатынасты нығайту, отбасы-некелік өмірге жастарды даярлауды жетілдіру. Некеге және отбасына қатысты рухани өмірдің жұтаңдығы, халықтық дәстүрді естен шығару, осал некенің пайда болып, ажырасуына әкеліп соғады. Ажырасу статистикасы республикамызда әрбір үшінші неке бұзылатынын көрсетіп отыр. Ажырасудың басым көпшілігін мүлдем жас некелер, жаңадан қосылған отбасылар құрайды. Тарихымызға көз салсақ, ежелгі қазақ елінде отбасылардың ажырасуы өте сирек болған. Мұның себебі бұрын халық некеге орнықты, мәңгілік институт ретінде қарады. Мұндай жағдай жұбайлардың төзімділігін, бірін-бірі сынап-мінеудің аз болуын және де тұтастай отбасының тұрақтылығының жоғары көрсеткішін құрады.

Салауатты отбасы - өркениетті қоғамның талабы. Қазіргі заманғы отбасы тәрбиесінің жағдайына әлемдік деңгейде мән беріліп отыр. Әрбір отбасы қоғамның кішкентай бір бөлігі болып табылатындықтан, қоғамды өркениеттілікке жеткізу, ең алдымен, әр отбасындағы өмірді дұрыс ұйымдастырудан басталмақ. Оған дәлел 1989 жылы БҰҰ-да қабылданған, кейіннен 1995 жылы Қазақстанда қабылданған «Баланың құқығы туралы Конвенция» бола алады [1] . Онда «Бала толық және үйлесімді дамуы үшін, ол мейірім мен өзара түсіністігі бар, қызығушылыққа көп көңіл бөлетін бақытты ахуалдық ортасы бар отбасында өсуі қажет. Сондай-ақ бала әлі дене, ақыл-ой жағынан толыққанды жетілмегендіктен, олар туылғанға дейін де, туылғаннан кейін де ерекше мейірімділікке, қамқорлыққа, әсіресе, құқықтық қамқорлыққа мұқтаж» деп көрсетілген.

Қазақстан Республикасының Конституциясының 27-бабына сәйкес "Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттiң қорғауында болады" [2] .

«Неке және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы отбасы-неке қатынастарын белгiлейдi және реттейдi. Олардың басты қағидаттары - отбасындағы ерлi-зайыптылардың құқықтарының теңдiгi, балаларды отбасында тәрбиелеудiң басымдығы, отбасының кәмелетке толмаған және еңбекке қабiлетсiз мүшелерiнiң құқықтары мен мүдделерiн қорғау болып табылады [3] .

Отбасы әлеуметтік институттардың бірі ретінде баланың ең басты әлеуметтендіру ортасы болып табылады. Бала осы айтылған әлеуметтік ортада өмірдің мәнін, оның мақсаты мен міндеттерін, сонымен қатар, құндылықтарын игере отырып, нені білу қажет, өзін қалай ұстау керектігі туралы алғашқы мағлұматтар алады да, сол ортада басқалармен қарым-қатынас орнату дағдыларын меңгереді.

Батыс елдерінде ХХ ғасырдың 50-жылдарынан бастап отбасы жүйесінің ықпалы кең көлемде қарастырылып, таныла бастады.

Бүгінгі таңда кезек күттірмейтін өзекті мәселелердің бірі - толық емес отбасы санының көбеюі. Сол отбасында тәрбиеленетін балалардың жүріс-тұрысының ерекшеліктері болып табылады.

Мұндай үрдістер XX ғасырдың 70-ші жылдарында да пайда болды. Отбасы ішіндегі қарым-қатынастардың әлсіреуі, некеден тыс байланыстардың таралуы, туудың төмендеуі, ажырасудың ұлғаюы салдарынан толық емес отбасылардың өсуі пайда бола бастады.

Толық емес отбасылар-бұл жалғыз басты ата-ана кәмелетке толмаған баламен (балаларымен) тұратын және ол үшін негізгі жауапты болатын отбасылар санаты [4] .

Толық емес отбасы әртүрлі себептер салдарынан пайда болады: баланың некеден тыс дүниеге келуі, ата-анасының біреуінің қайтыс болуы, некенің бұзылуы немесе ата-ананың бөлек тұру салдары.

Қазіргі заманғы Қазақстанда отбасы және неке институттарын бекітуге баса назар аударылып жатыр. Өйткені адамзат баласының отбасындағы тәрбиесі қай ғасырдың болсын өзекті мәселелерінің бірі болды. Ежелгі антикалық дәуірден бастап ойшылдар отбасылық тәрбие мен отбасылық өмірге дайындық жасау мәселелеріне ерекше мән берген. Солардың бірі грек ойшылдары Платон мен Аристотель, шетел философ ғалымдары Кант, Фихте, Гегель, А. Адлер, А. Фрейд, Дж. Боулби, Р. Шпиц, М. Винце, француз ағартушысы Ж. Ж. Руссо, швейцарлық И. Г. Песталоцци, орыс педагогтары К. Д. Ушинский, Н. К. Крупская, А. С. Макаренко, М. И. Лисина, С. Ю. Мещерякова, Н. М. Щелованова және т. б. еңбектерінде өздері өмір сүрген замандарына сәйкес отбасы тәрбиесін қарастырған.

Отбасы құндылықтарын бұрынғы Кеңес ғалымдары В. И. Зацепин, В. Д. Цимбалюк, Ю. Е. Алешина, Г. К. Матвеев, Ю. И. Семенов, М. Земска, А. Г. Хрипкова, Р. Зидер , И. А. Залысина, Е. О. Смирнова, В. С. Мухина, ал Қазақстанда С. Қалиев, Қ. Б. Жарықбаев, Ж. Б. Қоянбаев, С. Қоңыратбаева, Д. Б. Оспанова, Қ. Ғ. Жүнісова, И. Р. Халитова секілді ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған.

Отбасы психологиясын зерттеуші ғалымдар, атап өтер болсақ, А. Г. Харчев, А. Н. Антонов, З. И. Файнбург, Д. Горборинко өзінің еңбектерінде оның маңызды функцияларының қатарына ата-ананың үгіт-насихаты мен түсіндірулері, олардың үлгі-өнегесі, үйдегі хал-ахуалы деген тұжырымдар жасайды [5] .

«Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты»- мемлекеттігімізді, экономикамызды, халықаралық беделімізді одан ары өркендетудің ұлттық бағдарламасы. «Əлеуметтік саясаттың жаңа принциптері əлеуметтік кепілдіктер мен жеке жауапкершілік» туралы негізгі үшінші тармағында көрсетілген «Ананы қорғау», «Əйелдерге қамқорлық», «Баланы қорғау» тарауларының басты мақсаты да ана мен бала құндылықтарын қорғауға арналған. Онда Елбасының: «Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім-жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады» деген сөзі отбасының Отан үшін құндылығын ерекше айқындағандай [6] .

Болашақ ұрпақтың тәрбиелі, мәдениетті, білімді болуы ең алдымен ата-анадан, отбасы ошаққасынан басталады. Отбасы адам қоғамының ең негізгі және өте ертеде пайда болған алғашқы бірлестік. Бұл адам әулиетін дамыту, бала әкеліп, өсіру отбасы мүшелерінің тіршілігіне қажетті жағдай жасауға тиіс. Қазіргі таңда отбасы қиын кезеңді басынан өткізуде. Ажырасу мен толық емес отбасылар, отбасындағы кризис, жас өспірімдер арасындағы қылмыс, тәрбие сапасының құлдырап кетуі, қоғамдағы жат қылықтардың қазіргі кездегі отбасының жауапкершілігінің төмендеуі, заңсыз отбасын құру, некесіз баланың туылуы, тастанды бала, т. б. қалыптасуына әкеліп соқты [7] . Осы мәселені шешу, бүгінгі күн талабының өзекті мәселесі болып отыр

Әлeумeттік пeдaгогтың толық емес отбасылармен жұмысының негізгі бағыттары мен формалары, көмек көрсетудің жолдары мен әдіс - тәсілдерін пайдалану арасында қарама-қaйшылықтарды туындатып отыр. Сондықтан «Әлeумeттік пeдaгогтың толық емес отбасымен жұмысы»- дeп aлуымызғa бірден-бір ceбeп болды.

Зeрттeу ныcaны: толық емес отбасындағы оқушылар.

Зeрттeу пәні: әлеуметтік педагогтың толық емес отбасындағы оқушылармен жұмысы.

Зeрттeудің мaқcaты: әлеуметтік педагогтың толық емес отбасымен жүргізетін жұмысын тeoриялық нeгіздe aнықтaп жәнe прaктикaдa тeкceру, ұсыныстар бeру.

Зeрттeу болжaмы: әлеуметтік педагогтың толық емес отбасымен жүргізетін жұмысы іске асады, eгeр де: әлеуметтік педагогтың толық емес отбасымен жұмысының негізгі бағыттары мен формалары нақтыланып, әдіc-тәcілдeрі мeктeп прaктикacынa eндірілетін болса, ондa толық емес отбасыларда әлеуметтік-педагогикалық проблемалар біршама тұрақталады, өйткен і жасалынған әдістемелер теориялар мен тәжірибеге негізделеді.

Зeрттeудің міндeттeрі:

1. «Отбасы», «толық емес отбасы» ұғымдарын педагогикалық -психологиялық әдeбиeттeрдe талдау және зерттеу;

2. Әлеуметтік педагогтың толық емес отбасымен жүргізетін жұмыстарының негізгі бағыттары мен формаларын айқындау;

3. Тәжірибeлік-педагогикалық жұмыстар арқылы әлeумeттік пeдaгогтың толық емес отбасымен жүргізілетін әдіс - тәсілдерінің тиімділігін дәлелдеу, ұсыныстар беру;

Зeрттeу әдіcтeрі: зeрттeу мәceлecі бойыншa филоcофиялық, пeдaгогикaлық, пcихологиялық әдіcтeмeлік әдeбиeттeргe тeориялық тaлдaу жacaу, озaт пeдaгогикaлық тәжірибeлeрді зeрдeлeу, модeльдeу, caлыcтырмaлы тaлдaу, әңгімeлeу, caуaлнaмaлaр жүргізу, оқу үдeріcін бaйқaу, тecтілeу, тәжірибeлік пeдaгогикaлық жұмыc жәнe оның нәтижeлeрін статистикалық өңдеу.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы: отбасы, толық емес отбасы ұғымдарының педагогикалық -психологиялық әдeбиeттeрдe зeрттелу жайы жан-жақты қарастырылды; әлеуметтік педагогтың толық емес отбасымен жұмысының негізгі бағыттары мен формалары айқындалды; әлеуметтік педагогтың толық емес отбасындағы балалармен, ата-аналармен және педагогикалық ұжыммен жүргізілетін жұмыстары зерттеліп, тәжірибeлік-педагогикалық жұмыcтың мазмұны және оның нәтижелеріне сәйкес тиімділігі сынақтан өткізіліп, әдістемелік ұсыныстар берілді.

Зерттеу базасы: Алматы қаласы №81 мектеп-гимназия

Дипломның құрылымы мен көлемі: дипломдық жұмыс кіріспеден, 2 негізгі бөлім, қорытындыдан, әдебиеттір тізімінен тұрады. Мәтінде кестелер мен таблицалар қолданылған.

Кіріспеде зерттеу тақырыбының өзектілігі негізделеді және мәселенің педагогика ғылымы мен тәжірибесіндегі зерттелу деңгейіне сипаттама беріліп, тақырыбы айқындалады. Зерттеу жұмысының ғылыми аппараты: нысаны, пәні, мақсаты, міндеттері, зерттеу болжамы, зерттеу әдістері, ғылыми жаңалығы ашып көрсетіледі.

«Әлеуметтік педагогтың толық емес отбасымен жұмысын зерттеудің теориялық негіздері» атты бірінші тарауда отбасы, толық емес отбасы ұғымы және оның психологиялық - педагогикалық әдeбиeттeрдe зeрттелуі жан-жақты талданады және әлеуметтік педагогтың толық емес отбасымен жұмысының негізгі бағыттары мен формалары айқындалады.

«Толық емес отбасымен жүргізетін әлеуметтік - педагогикалық жұмысты ұйымдастыру әдістемесі» атты екінші тарауда әлеуметтік педагогтың толық емес отбасындағы балалармен, ата-аналармен және педагогикалық ұжыммен жүргізілетін жұмыстарының әдіс- тәсілдері қарастырылып, тәжірибeлік-педагогикалық жұмыcтың мазмұны және нәтижeлeрі баяндалады.

Қорытындыда теориялық және тәжірибeлік-педагогикалық зерттеу жұмыстарының нәтижелеріне сәйкес тұжырымдар мен толық емес отбасыларға әлеуметтік-педагогикалық көмек көрсету бойынша әдістемелік ұсыныстар берілді.

1. ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГТЫҢ ТОЛЫҚ ЕМЕС ОТБАСЫМЕН ЖҰМЫСЫН ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

  1. Отбасы», «толық емес отбасы» ұғымдарының педагогикалық -психологиялық әдeбиeттeрдe зeрттелу жайы

Отбасы - ол алғашқы және негізгі қоғамдық орта, онымен адамзат байланысады және ол моральдық баға жүйесін, тәртіп нормасын қалыптастырады, сонымен қатар қоршаған орта және өмір жолында кездесетін құбылыстың маңызы туралы білімді жеткізеді.

Отбасы теориясын алғаш ұсынған Людвиг фон Берталанфи (1968) : «Отбасы дегеніміз-қарапайым мөлшердегі отбасы мүшелері ғана емес, барлығының белгілі өзара қатынастағы торабы. Отбасы жағдайын түсіну үшін ондағы мүшелердің әрқайсысын жеке талдауға қоса, отбасы жүйесін бүтіндей талдау қажеттігі туындайды» [8] .

Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі мен оның элементтерінің: білім беру, әлеуметтік педагогикалық көмек көрсету, әлеуметтік қамсыздандыру, тұрғын-үй және денсаулығын қорғау, отбасы құндылығын қамтамасыз етудің мазмұнын ашу өте қиын.

Әрине, отбасымен жүргізілетін әлеуметтік педагогикалық жұмыстар тарихының өз бастауы, өз тарихы бар.

Әлеуметтік тәрбие процесі отбасында, білім беру мекемелерінде, бейресми қатынастар ортасында жүзеге асырылады.

Әлеуметтік тәрбиенің басымдылық үлесі отбасыға тиеді, адам отбасында алғашқы және басты әлеуметтену процесіне ие болады. Басқа қоғамдық құрылымдар аясында келесі әлеуметтендіру процесі жүзеге асады.

Әлеуметтік педагог дегеніміз кім? Яғни, шетел және ресей зерттеушілері әлеуметтік педагог жұмысы дүние жүзінде ағымдағы жүз жылдықтағы 90- жылдардың екінші жартысында басталғандығын айтады, бырақ бұл дұрыс емес пікір.

Әлеуметтік педагогты рухани жетекші, тәлімгер десек те болады, себебі ол жылдар бойы баламен, оның отбасымен жұмыс жүргізеді, әлеуметтік, жалпы адамзаттық құндылықтардың қалыптасуына ықпал етеді. Сонымен бірге ол әлеуметтік терапевт-өзінің қамқорлығындағы адамдардың кикілжіңді жағдайын шешуге, соған сәйкес мамандарға көрінуіне көмектеседі. Әлеуметтік педагог әрқашан да жеке адамның құқын қорғайды, «әлеуметтік диагноз» қоюда эксперт ретінде қатыса алады [9] .

Отбасы мемлекеттік кұрылымдар бар өндірістерді сақтауға қажетті қосымша институт ретінде емес, адам қабілеті мен ептілігін таратуға жағдай туғызушы ретінде қарастырылады, ол аса маңызды тәрбие институты, яғни ол жеке тұлғанын әлеуметтік қалыптасуы.

Бір қалыпты адамгершілік өзара қарым-қатынастар, отбасындағы түсінік атмосферасы жеке тұлғаны тәрбиелеудің гуманды бағытталғандығын анықтайды.

Осы жерден бір жүйедегі өзара әрекет үлгісі шығады: Жеке тұлға - отбасы - қоғам. Алғашқысына адам, отбасы, екіншісіне мемлекет, қоғам және кез-келген ондағы институттар жатады. Қоғамның отбасы көмекшісі емес, керісінше жанұяға қоғам барында көмек көрсетіп, қолдап отыруы тиіс.

Отбасы - бұл адамдарды біріктіретін үй, онда адамдар қарым-қатынастарының негізі қаланып, жеке тұлғаның бірінші әлеуметтенуі жүреді. Қай мемлекетте болмасын жеке тұлғаны әлеуметтік қорғау, оның отбасы жағдайын жақсарту арқылы жүзеге асырылады [10] .

Отбасы қажеттілігі-жабық жүйе, онымен жұмыс жүргізудің өзіндік ерекшелігі бар. Демографтардың түсіндіруінше, отбасы дағдарысы дегеніміз- әлеуметтік институтқа, яғни қоғамның бір бөлігі болып табылатын ерлі-зайыптыларға әлеуметтік факторлардың әсер ете алмауы, олардың жауапкершілік деңгейін түсінбеуі.

Əлеуметтанушылық тұрғыда «отбасы» ұғымы, əдетте, ортақ өмір, ортақ мүдде, өзара қамқорлық сипатындағы адамдардың неке, туыстық, тəрбиелеуге балаларды отбасына қабылдауы арқылы құрылған одағы деп қабылданады.

Сурет 1- Отбасы түрлері:

Осылайша, отбасы күрделі құрылым болып табылады, ол қоғамның шағын əлеуметтік тобы.

Батыс елдерінде ХХ ғасырдың 50-жылдарынан бастап отбасы жүйесінің ықпалы кең көлемде қарастырылып, таныла бастады [11] .

Қазіргі қоғамдағы әлеуметтік қатынастардың өзгеруі отбасылық қатынастардың жаңа нысандарын туындатады. Туудың жалпы үлесінде некеден тыс туулар саны өсуде, кейіннен некеге отырумен өтелмейтін ажырасу саны өсуде, белсенді бала туатын, еңбекке қабілетті жастағы ерлер арасындағы өлім-жітімнің жоғары көрсеткіштеріне байланысты. Азаматтық (тіркелмеген) некелердің ресми некеден басымдығы байқалады, бұл жаңа отбасылық құрылымдардың қалыптасуына алып келеді

Мұндай үрдістер XX ғасырдың 70-ші жылдарында да пайда болды. Отбасы ішіндегі қарым-қатынастардың әлсіреуі, некеден тыс байланыстардың таралуы, туудың төмендеуі, ажырасудың ұлғаюы салдарынан толық емес отбасылардың өсуі пайда бола бастады.

Толық емес отбасылар-бұл жалғыз басты ата-ана кәмелетке толмаған баламен (балаларымен) тұратын және ол үшін негізгі жауапты болатын отбасылар санаты [12] .

Адамзат баласының отбасындағы тәрбиесі қай ғасырдың болсын өзекті мәселелерінің бірі болды. Ежелгі антикалық дәуiрден бастап ойшылдар отбасылық тәрбие мен отбасылық өмiрге дайындық жасау мәселесіне ерекше мән берген. Соның бір дәлелін грек ойшылы Платонның көзқарастарынан табамыз. Оның пікірінше, адамдар отбасын кұру үшін болашақ өмірдегі серiгінің кандай отбасынан шыққанын, оның әке-шешесі мен ата-бабаларын жақсы білуi кажет деген тұжырым жасайды. Ал, белгілі ойшыл Аристотель болса, «отбасы- адамдардың қарым-қатынастарының ең бірінші түрі және ол мемлекеттің бірінші кішігірім бөлігі» деп санаған [13] .

Отбасы мәселесін көптеген шетел философ ойшылдары жан-жақты қарастыруға тырысты. Солардың бірі классикалық неміс философиясының өкілі Кант отбасындағы адамдардың кұқықтық мәселелеріне көп көңіл бөлген. Ал, Фихте отбасының негізі-махаббат десе, Гегель біpінші болып отбасы мен некенің тарихи формаларын көрсеткен [14] .

XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап отбасы мәселесіне деген тарихи көзқарастар мен зерттеулер толықтырыла түсті. Мәселен, Л. Морганның 1877 жылы шыққан «Ежелгі қоғам» атты кітабында отбасының тарихы, оның некелі қарым-қатынасы, экономикалық, әлеуметтік дамуы және қызметі қарастырылған. Әлеуметтік және отбасылық тәрбиені өзара байланысын дәлелдейтін зерттеулер де бар (А. Н. Ганичева) [15] . Бұл еңбектерде отбасын тарихи категория ретінде қарастырып, оның формаларының байланысы және даму жолдары көрсетілді. Француз ағартушысы Ж. Ж. Руссо [16], швейцарлық И. Г. Песталоции, орыс педагогтары К. Д. Ушинский, Н. К. Крупская, А. C. Макаренко [17] т. б. еңбектерінде өздері өмір сүрген замандарына сәйкес отбасы тәрбиесін карастырған.

Философиялық тұрғыда отбасы ұғымын қарастырсак, қоғамның ажырамас кұрамдас бөлігі, өмірде зор мәні бар кішігірім ұйым деп есептесе, әлеуметтану ғылымында отбасы кұрылған кішігірім топ ретінде көрсетілген. Отбасының мүшелері бір-бірімен тұрмыстық және кұлықтық жауапкершілікте бола отырып, өзара жәрдем көрсету қарым-қатынас сипатына ие, сонымен қатар, әлеуметтік құрылым ретінде қоғамның экономикалык базисінің дамуына байланысты өзгеріп, жекелей дербестікке ие болады деп көрсетеді.

Педагогикалық некеде және қандас туыстар негізінде психологиялық тұрғыда отбасы ұғымына сипаттама берсек, ата-ана мен балалар арасындағы, ерлі-зайыптылардың және басқа да оның мүшелерінің қарым-катынасының тарихи нақты жүйесі болып табылады.

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде отбасына негізделген шағын топ деп анықтама берілген. Отбасының ерекшелігі мынада: тұрмыстық жағдайдың ортақтығы, өзара көмек пен қолдаy және өзара рухани жауапкершілік арқылы байланысқан. Кез-келген отбасының өмір жағдайы материалдық және кұрылымдармен, тіпті рухани табиғи-құндылықтармен сипатталады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтік педагог
Заманауи мектепке дейінгі мекемелерде ата-аналармен жұмысты ұйымдастырудың ерекшеліктері
Мектепке дейінгі мекеменің отбасымен жұмыс түрлерін ұйымдастыру
Қазіргі заман жағдайында әлеуметтік педагог мамандығының енгізілуінің әлеуметтік тарих контексті
Тәрбие бағыттылығының ұжымдық идеясы
Балабақша тәрбиешісінің адам өміріндегі ролі
Қиын бала кім
Оқушылардың эстетикалық мәдениетін қалыптастырудағы мектеп пен отбасының бірлігі
Тәрбиенің мәні және оның жалпы заңдылықтары мен принциптері
Баланы тәрбиелеп оқыту барысындағы ата- аналармен жұмыс бағыттары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz