Концептінің лингвистикадағы мағынасы


МИНИСТЕРСТВО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
КАЗАХСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ МЕЖДУНАРОДНЫХ ОТНОШЕНИЙ И МИРОВЫХ ЯЗЫКОВ ИМЕНИ АБЫЛАЙ ХАНА
Специальность
Дипломный проект
Исполнитель:
Научный руководитель:
Допущено к защите
Зав. каф.
Алматы, 2020
Дипломдық жоба
«Корей және қазақ «махаббат» концептісі»
Мамандық: 5В021000 - Шетел филологиясы (корей тілі)
Орындаушы: Бериккалиева Алтынай
404 топ студенті
Ғылыми жетекші: ф. ғ. к., доцент Ким А. С.
МАЗМҰНЫ:
КІРІСПЕ
Тарау І. Қазақ тіліндегі «махаббат» концептісіне теориялық сипаттама.
1. 1. Қазақ тіліндегі «махаббат» концептісіне жалпы түсінік.
1. 2. Қазақ ақын-жазушы еңбектеріндегі «махаббат» концептісінің берілуі
1. 3. «Махаббат» түсінігі, концептісінің берілу ерекшеліктері
Тарау ІІ. Корей тіліндегі «махаббат» концептісіне теориялық сипаттама.
2. 1. Корей тіліндегі «махаббат» концептісіне жалпы түсінік.
2. 2. Корей жазушылары еңбектеріндегі «махаббат» түсініктері мен концептісінің берілу ерекшеліктері
Тарау ІІІ. Қазақ және корей халқының ертеректегі аңыздарының анализі.
- «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» дастанының қазақ әдебиетінде алатын орны
- «Чунян туралы аңыз» туындысының корей әдебиетінде алатын орны
- Аңыздар арасындағы ұқсастық, айырмашылықтарды тауып, салыстыра, салғастыра отырып талдау
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қосымша
«Қазақ және корей тіліндегі «махаббат» тақырыбындағы мақал-мәтелдер жинағы»
Реферат
Дипломдық жобаның өзектілігі: концепттерді зерттеу - қазіргі тіл білімінің өзекті бағыты болып табылады, өйткені дәл осы ракурс бізге сөзді мәдениет, таным мен коммуникация тұрғысынан қарастыруға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда тіл білімі көптеген концепттерді зерттейді. Алайда, «махаббат» концептісін зерттеу тілде көрініс табатын белгілі бір халықтың дүниетанымының ұлттық және мәдени ерекшеліктеріне сүйенетіндіктен қызықты және өзекті болып табылады.
Дипломдық жобаның ғылыми жаңалығы: Қазіргі тілдік мерзімді басылымдарға жасаған талдауым көрсеткендей, қазақ және корей тілдеріндегі материалдардағы «махаббат» концептісі салыстырмалы тұрғыда алғаш рет зерттелуде.
Дипломдық жобаның мақсаты: Қазақ және корей тілдеріндегі «махаббат» концептісінің ерекшеліктерін анықтау.
Қойылған мақсат келесі мәселелерді шешу болып табылады:
- Қазіргі тіл біліміндегі«махаббат»ұғымын жалпылау;
- Концепттерді зерттеу мәселесі бойынша қазіргі тіл білімінің әдебиетіне шолу жасау;
- Қазақ тіліндегі«махаббат»ұғымының концептуалды, бейнелік және құндылық жақтарын анықтау және сипаттау;
- Корей тіліндегі«махаббат»ұғымының концептуалды, бейнелік және құндылық жақтарын анықтау және сипаттау;
- Таңдалған аспекттер бойынша«махаббат»концептісіне салыстырмалы талдау жүргізу.
Дипломдық жобаның теориялық маңызы: Махаббат бірлігінің әртүрлі қатынастары қарастырылатындығында: лексема мен ұғым, жалпыхалықтық махаббат концепциясы және жеке авторлық «махаббат» концептісі.
Дипломдық жобаның практикалық маңызы: Зерттеудің практикалық маңыздылығы оның университеттік «Көркем мәтінді лингвистикалық талдау» курсында, арнайы курстарда, мектептегі әдебиет сабақтарында, сондай-ақ қазақ тілі мен әдебиеті бойынша ҰБТ-ның шығармашылық бөлігін жазуға дайындық барысында, курстық және қорытынды біліктілік жұмыстарын жазу кезінде қолдануға болатындығында жатыр.
Дипломдық жобаның құрылымы: жоба кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.
Дипломдық жобаның зерттеу нысаны: Қазақ және корей «махаббат» концептісі.
Дипломдық жобаны зерттеудің әдіс-тәсілдері: ассоциативті эксперимент әдісі, салыстырмалы талдау әдісі, салғастырмалы талдау әдісі
КОНЦЕПТ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІНДЕ ЗЕРТТЕЛУІ
Кілтті сөздері: когнитивті лингвистика; концепт; лингвомәдениеттану.
Концепт сөздерінің терминдік мағынасы әр ғылым саласында әртүрлі. Адам күнделікті өмірде тағдыр, шындық, парыз, абырой, бостандык, еркіндік т. б. сөздерді колданса да, олардьщ мағынасын анық түсіндіре алмауы мүмкін. Ол сөздердің беретін үғым-түсінігін түсіндіруі адамның тілде беру тәжірибесіне қарай әртүрлі болады. Концепт сөздердің беретін ұғымын түсіну арқылы жеке адамнан бастап, қоғамдық топтардың, бүкіл бір ұлттың, халықтың ой-өрісінің, дүниетанымының ерекшеліктері айқындалады. Бұл сөздер рухани мәдениеттін басты-басты ұғымдарын оның элементтері ретінде таңбалай отырып. олардың мән-мағынасын камтиды. Бұл өз кезінде бұрынғы түсіндірмелерді жаңа кырынан бағалауға әкеледі. Концептінің құрылымы күрделі. Оның құрылымына этимология -сөздің түп-төркіні, мазмұн тарихы, қазіргі ассоциация, баға, коннотация енеді. Концепт терминінің құрылымы өте күрделі болып келеді. Бір жағынан алғанда, оған ұғым құрылымына катыстының барлығы, екінші жағынан - концепт құрылымына оны мәдениет фактісі етіп отырған - бастапқы мағынасы да кіреді (этимология) ; мазмұнның негізгі белгілеріне қатысты ықшамдалған тарих; қазіргі ассоциациялар; баға және т. б. ұғым мәселесіне тоқталатын болсақ, оның логика мен философия салаларында қарастырылып жүргендігіне орай ғалымдар осы үғымға ұқсас болып келетін заттар тобын, яғни - көлем және ұғымның осы топка сәйкес келетін жалпы және жеке белгілерінің жиынтығын - мазмұн деп түсіндіреді. З. Д. Попова, И. А. Стернин адам санасындағы когнитивтік концепт:а) оның тікелей сезімдік тәжірибесінен әлемнің сезім мүшелері арқылы қабылдау; ә) адамның қызмет, әрекеті пәні; б) адам санасында концепті түрінде өмір сүретін ой операцияларынан; в) тілдік қарым-катынастан (концепті адамға тілдік формада түсіндіріліп, жеткізілуі мүмкін; г) тілдік бірліктерді саналы түрде түйсініп, тану аркылы қалыптасады. Концепт қатпарлы қабаттардан тұрады және әр қабат түрлі дәуірлердегі мәдени өмірдің «тұнбасы», яғни нәтижесі болуы мүмкін. Олар (қабаттар) сондай-ақ, тарихи түрғыда әртүрлі қабаттардан және пайда болу уақыты, шығу тегі - семантикасы жағынан әртүрлі болып табылады. Соған байланысты оның ерекше кұрылымы бар. Ол келесі белгілерді қамтиды) : негізгі (актуалды) белгісі) ; қосымша (пассив, тарихи) белгі) ; ішкі (әдетте санамен түйсінілмейтін) формасы. Ішкі форма, яғни этимологиялық белгіні зерттеушілер ашуы мүмкін. Басқаларға ол делдарлар (ұрпақтан-ұрпаққа) арқылы жеткен, осы ішкі форманың негізінде қалған мағыналық қабаттар пайда болған. Негізгі пәрменді қабат - сол мәдениетті тұтынушы ұжымның әрбіріне мәлім, жалпыұлттық концепт болып табылады; пассив қабат - бұл косымша кабат, мәдениетті тұтынушы ұлттың белгілі бір жеке тобы үшін маңызды болып табылады (яғни жекелеген субкультураның концептосферасына жатады) ; Концептінің ішкі формасы (күнделікті өмірде түйсінілмейтін, тек мамандарға мәлім) мәдениетті тұтынушы көпшілік үшін концепт бөлігі болып табылмайды, мәдени элементтерді түсіндіруші ретінде кабылдайды. Дүниенің тілдік бейнесін ұлттық мәдениет контексінде қарастырған қазақ тіл білімінде А. Исламның пікірінше: «Концепт дегеніміз - ұлттық дүниетанымның ықшам да, терең мағыналы дүниетаным құндылықтарын айқындайтын тілде көрініс тапқан күрделі бірлік. Әр ұлттың концептілер жүйесін дүниетаным құндылықтары құрайды. Концептілер бір-бірімен тығыз байланыста болып, бір-бірінен туындап отырады. Әр қоғамның даму кезеңдерге сәйкес тіл мен мәдениет иелерінің абстрактілі концептілерді танып түсінуінде өзгерістер болғанымен, негізгі мәдени, дүниетанымдық мәні өзгеріссіз ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырады. Ұғымның пайда болуы да санадағы құбылыс. Ұғым айтылған ой арқылы ғана емес, көзбен көріп, қолмен ұстап, ұқсас қасиеттерін еске түсіріп, қиялмен елестетіп, ойша бейнелеп, формасын жасау арқылы да қалыптасады. Алғашқыда негізгі ұғымдардың пайда болуында көз қызметі ерекше орын алған. Онда ұғым пайда болуының негізінде объект - денотат түрады. Ол - қозғаушы, сана әрекетін қоздырушы күш. Егер зат (құбылыс) болмаса, оның санадағы сәулесі, яки бейнесі жоқ . Ұғымдық белгілер арқылы мағына жасалады. Табиғат пен әлем бейнесінің адам санасында бейнеленуі ұғымды қалыптастырады. Ұғым арқылы таңбаға мағына беріледі. Мағына ұғымның нақ өзі деуге де болмайды, абстракцияланған, ұқсатылған, ассоциацияға түсірілген бейнесі. Санадағы ой сөзбен тұлғаланғанда, белгілі мағынаға ие болғанда әр түрлі факторлар арқылы қалыптасады. Ондай факторлар:
- халықтың дүниетанымы
- уақыт
- танымның дамуы
Яғни, белгілі уақыт аралығында дүниетанымның жетілуі мен дамуына сәйкес қалыптасатын халықтық дәстүр мен салт-санаға байланысты болатын ұғымның тілдегі таңбалық жүйеге түскен абстрактылы, ассоциативті бейнесі мағына болады» деп көрсеткеніне қосыламын. Демек, ұғым - дүниетанымның санадағы бейне суреті. Сонымен, ой мен тіл арасындағы бейне не ұғым тудыратын процесс когнитивтік ғылымның негізгі нысаны, тірегі, түжырымдық құрылымы болып табылады. Оның басты мақсаты ой мен тіл арқылы калыптасатын тұжырым қалыптастыру. Ұғымдық бейне - ойлау жемісі. Ал дыбыстық бейне - сол ұғымдық бейненің материалдық көшірмесі. Бұл бейнелердің қай-қайсысы да заттың (ленотаттық) өзі емес, оның негізгі образдық бейнесінің суреттері: ұғым-санадағы сәуле арқылы салынған сурет болса, сөз - дыбыс арқылы салынған сурет. Тіл - табиғат пен адамзат аралығындағы сана арқылы болатын байланысты адамдардың өзара қарым- қатынасында бейнелейтін аралық құрал. Әлемде өмір сүре отырып адам тек тілмен белгілі бір «құрал» ретінде қамтамасыз етілмеген, «бірақ адам үшін жалпы әлем не екені осы тілде негізделген және онда сипатталады». Тіл бізге әлемді тануға мүмкіндік береді, «мұнда әр жеке адамның санасынан жоғары тұратын көзге көрінерліктей болады». Және де тіл рөлі - адам мен арасындағы аралықтағы үзбе (звено) рөлі емес, себебі онда адамның өмір сүруі (бытие) ғана жүзеге аспайды, «тілде әлем өзін- өзі бейнелейді». Осылайша тілде әлем өзін біз үшін бейнелейді және осы тіл аясында біз әлемді тануға ие боламыз.
Ал енді «концепт» дегеніміз, ол біздің пайымдауымызша, адам санасында тұрған орта, дін, мәдениет, жалпы айтқанда дүние таным негізінде белгілі бір ұрпақтан - ұрпаққа өзгеріссіз беріліп отыратын құндылық. Сөйтіп, олар «концептілер аймағын» құрайды», -дейді. Концептілер - ұлттық танымның бір көрінісі. Концепт қандайда бір ауқымды идеяның сан алуан күрделі ұғым түсініктердің суретті сипаттамалары. Оның мазмұндық құрылымы тіл мен бейнелі ойлау заңдылықтарының сабақтастығынан туындайды. 1. Концептілік мәнге ие тілдік бірліктердің, концептілердің ішкі құрылымын мәдени танымдық ақпараттар көзі деуге де болады. Себебі онда мәдениет қалдыратын «іздер» - мифтер, архетиптер, салт-дәстүрлер, тарихи оқиғалар мен материалдық мәдениеттің элементтері көрініс табады. В. А. Маслова концепті «Ментальные сущности, которые имеют имя в языке и отражают культурно-национальные представления человека о мире», -дейді. Ал, ғалым Ю. С. Степанов «Концепт не только мыслятся, они переживаются. Они - предмет, эмоций, симпатий и антипатий, а иногда и столкновений» деген ой түйеді. Ғалым Е. М. Абақан: «Аристотельдің айтып кеткен «әлемнің тілдік бейнесі» туралы ойын бүгінде әркім әрқалай ұғынса да, болмыс пен тіл арасындағы тығыз байланыс бір ауыздан мойындалады. Мұндай байланыс санадағы көрініс тіл білімінде «концепт» немесе «эйдетикалық белгі (символ) деп те аталып жүр. «Концепт» деген терминді алғаш рет діндар-флософ Ансельм (1033-1109 ж. ж. ) қолданған екен. Бұл термин латын тілінде conceptio - 1) байланыс, 237 жиынтық, жүйе; 2) қойма; 3) заң актілерін тұжырымдау; 4) ұрық қабылдау; 5) сөйлем. Кең мағынасында бұл сөз - есімнің (белгінің) ұғымдық мағынасы, яғни «ойдағы ұғым, идея» дегенді білдіреді. Лингвистикада «концепт» термині, көбіне, «грамматикалық немесе семантикалық категория» мағынасында жұмысалып жүр. Концепт (ұғым) сөздің мағынасы ретінде түсініледі. Ғалым Н. Уәли: «Концепт индивид санасында сәуелеленген сезімдік-заттық образдың (перцевтивті модус) негізінде пайда болады. Концепт негізінде сезімдік тәжірибе жатады. Сезімдік - заттық образ (код) концепттің ядросы болып табылады. Осы заттық код белгілі бір объектіні терең, жан-жақты білген сайын жаңа мәндік белгілерімен байи түседі. Осының нәтижесінде концептің мазмұны ұлғаяды, мазмұны кеңи түседі . . . Концептінің жасалуына ұғым емес, заттық образдар (бейнесі) негіз болады. Мысалы, ат жалын тартып мінді (ержетті) дегенге ат, мін=жал деген (субъект-предикат) ұғымдар емес, ақиқат өмірден алынған сенсорлық-перцептивті образ негіз болып тұр», -дей келе, «Ұғым мен концептінің мағынасы тепе-тең емес. Ұғым белгілі бір объектінің танылған аса мәнді белгілерінің жиынтығы болса, концепт - мазмұн межесі жағынан объект туралы барлық білімнің жиынтығы, ал тұрпат меже тұрғысынан тілдік бірліктердің (лексикалық, фразеологиялық, паремеологиялық т. б. ), құралдардың жиынтығы болып табылатын ментальды, ұлттық ерекшеліктерді танытатын құрылым» дейді. Демек концептіні жеке тұлғаның санасында сәуелеленген сезімдік-заттық образдан пайда болады деген ғалым Н. Уәлидің пікірі Ю. С. Степанов пікірімен біржақты ұштасады. Қазақ тіліндегі концептілерді М. А. Күштаева: «концептіні адам дүние танымындағы әлем туралы ақиқат болмысты бейнелейтін когнитивті бірлік ретінде қарастыра келе, адамның әлем туралы жинақталған мәдени түсініктері бейнелеген жеке атаулары бар ғаламның тілдік бейнесі, концепт терминіне «рухани мәдениеттің тірек сөздер» мағынасында ғана түсінбейміз, себебі тірек сөз концепт сөзіне емес «мәдени концепт» тіркесіне балама ретінде қоланылады», дегенді айтады. В. А. Маслова бұлардан үшінші бір топ «ұлттық мәдени категорияларды» қосымша бөліп шығарады. Мәселен қазақтар үшін өмір, өлім, жан, тән, ар, ұят т. б. ұғымдар концептінің ұлттық мәдени танымдық категориялары жатады. С. Жиренов концептіні: «Концепт - тіл мен таным бірлестігі арқылы дүниені жан-жақты тануға, сонымен қатар ұлттық-танымдық мәдениетті зерделеп ұғынуға ықпал ететін, адам санасында жинақталған аялық білімнің шоғыры тілдік-танымдық бірлік. Концептілік мәнге ие доминатты талдау арқылы ақиқат дүниенің тілдік бейнесін тануға ұлттық-танымдық-мәдениеттің қалыптасу жолын білуге, сол арқылы бүгінгі тұрмыстағы хал-ахуал жайлы аялық білімде жинақталған ақпаратпен танысуға болады» деп тұжырымдайды. Тілдегі концептілер ұлттың, халықтың мәдениетіне, әдебиетіне, ғылымына, тарихына, тәжірибесіне, дініне тікелей тәуелді. Ол қатып қалған семантикалық жүйе емес, керісінше, белгілі бір ұлттың мәдениеті негізінде уақыт пен кеңістікте өзгеріп отырады. Концептілер адамға берілген ақпараттың концептуалдану процесінде жаңа мағынаға ие болуы арқылы құрылады. Ал концептуалдану - адамның танымдық әрекетінің маңызды процестерінің бірі. Ол адамға берілген ақпаратты өңдеп, адам санасында (психикасында) жаңа концептілердің, концептілік құрылымдар мен концептуалдық жүйенің жасалуына жол ашады.
Концепт түрлері: мәдени эмоционалдық концепт, метафизикалық концепт, ұлттық-мәдени концепт. Концепт типтері: фрейм, сценарий, скрипт, схема, ойбейне. Сонымен, когнитивтік тіл білімі әлемді тану негізінде санада қалыптасқан әлем туралы ақпараттарды жинақтау және концептілеу, оларды бір жүйеген топтастыру, әлемнің санада көріністенуі мен оның тілде берілу сипатын анықтау қызметтерін атқарады. Ал тілдік әлем бейнесі концептуалды әлем бейнесінің негізгі элементтерін мазмұндайды, тілдік құралдарымен концептуалдық әлем бейнесін ашады. Демек, концепт - ақиқат дүние әлемі. Концепт - өзіндік тілдік сипатқа ие құрылым. Қорытындылай келе, ғалым С. А. Жиренов «Концепт белгілі бір идея мен сан алуан күрделі ұғым-түсініктердің, сипаттамалардың, бейнелі атаулардың жиынтығы болып табылатын тілдік модельдерден құралады» деген ойлы тұжырымын алға тарта отырып, әлі де зерттеуді керек ететін бұл ғаламның тілдік бейнесі ғылымда қалай дегенде де өз орынын алатынын үлкен бір дүние дегіміз келеді. Себебі когнитивтік лингвистика танымдық бағыт ұстаса, түрлі концептілерді қарастыру арқылы сол халықтың ұлттық болмыстіршілігіне терең бойлауға мүмкіндік алуға әбден болады.
Жобада қарастырылатын негізгі мәселе: «махаббат» концептісі. Жобаның негізгі бағыты қазақ және корей тілдеріндегі «махаббат» концептісі. Концепт дегеніміз не? Концептінің лингвистикадағы мағынасы. «Махаббат» концептісі және оның лингвокогнитивті сипаты және түрлері.
Тірек сөздер: махаббат концептісі, сүю, жақсы көру, объективті махаббат, тұлғааралық махаббат.
Кез-келген халықтың көне замандардан бері қалыптасқан өзіндік болмыс бітімі, салт-дәстүрі, материалдық және рухани мұралары- сол халықтың ғұмыр жолының айнасы. Өткен замандардан жеткен мұралары - бүгінгі ұрпақ үшін тек тарихтың қарапайым куәгері ғана емес, сонымен бірге қазіргі сан тарау мәдениетіміздің бой көтерген берік тұғыры да.
Концепт терминінің теориялық негіздерін ғалымдар Д. С. Лихачев, Н. Д. Арутюнов, Е. С. Курбяков, А. Н. Мороховский, Н. К. Репцев, В. В. Колесов, А. П. Бабушкин, В. А. Маслов, А. Л. Туревич, А. Вежбицкая, Ю. А. Степанов т. б. ғалымдардың ізденістерінде өзіндік қырларынан көрінген. Концепт адам санасындағы ұлттық бірліктерді, психикалық ресурстарды, адам білімі мен тәжірибесі арқылы жинақталған ақпараттық құрылымды, ментальдық лексиконның, концептуалдық жүйенің адамзат психикасында бейнеленген барлық әлем бейнесінің оперативті мазмұндық бірліктерін түсіндіреді.
Бүгінгі таңда лингвистика ғылымында концепт терминінің қарастырылуы
лингвистика мен философияның өзара бір-біріне деген әсерінің күшеюіне байланысты туындаған. Логикада «концепт» термині «ұғым, түсінік» терминдерімен тең. Ресей тіл білімінде “концепт” термині алғаш рет ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында пайда болды.
Концепт ұғымы адамзат іс-әрекеті нәтижесінің мазмұны, тәжірибе мен білім мазмұнын бейнелейтін ұғымдар, әлемді тану процесі туралы танымдарға жауап береді. Концепт- латынша «conceptus» көптеген формалардың мазмұнын өзіне жинақтаушы және солардың бастауы дегенді білдіреді. Концепт терминінің мағына ауқымының кеңдігі соншалықты, зерттеуші тарапынан оған берілген анықтамалар әрқилы және сан алуан. Негізінен бәрінің ой-пікірлері концепт деген ұғымға саяды.
Ал, «концепт» ұғымы дегеніміз - адам санасына тұрған орта, дін, мәдениет, жалпы айтқанда, дүниетаным негізінде белгілі-бір ұрпақтан өзгеріссіз беріліп отыратын құндылық .
Н. Д. Арутюнова мәдени концептілер туралы былай дейді: «Каждое из этих слов обладает своими законами, сочетаемости, своим лексиконам, фразеологией, риторикой и шаблонами, своей областью референции, и поэтому, описывая и анализируя «язык» каждого культурного концепта, мы открываем доступ к соответствующему понятию».
В. В. Колесов концепт ұғымын қазіргі зерттеулерде кездесетін мәдени концепт ұғымымен байланыстыра келе былай деп жазады: «Концепт» сөздің мағыналық толығуының негізгі нүктесі әрі дамудың ең соңғы шегі. Мәдени таңба ретіндегі сөз мағыналарының даму нәтижесіндегі алғашқы мағына -соңғы нүкте, яғни қазіргі мәдениеттегі қатары молайған ұғым концепт бола алады. Концептілер ұлттық дүниетаным, мәдениет негізінде қалыптаса отырып, ұлттың ұлт болып айқындалу белгісі ретінде де маңызды және олар тілде де көрініс тапқан, яғни белгілі-бір концепт төңірегінде тілдік белгілер оның мән-мағынасын ашуда бірденбір маңызды орын алады. Концептілерге талдау жасағанда, әр тілде мәдени-ерекше концептілер басым болады.
Белгілі зерттеуші ғалым Ш. Елемесова: «Концепт базалық когнитивтік маңыздылық ретінде мәнді пайдаланылатын сөздермен байланыстырушы концептуализация процесінің мазмұнды бірлігі ретінде шындықтың адам миында бейнеленуі»-деп атайды.
Мәдени концептілердің беретін ұғымын, семантикалық қырларына талдау жасау арқылы жеке адамнан бастап, қоғамдық топтардың, бүкіл бір ұлттың, халықтың ой-өрісін, өрісінің, дүниетанымының ерекшеліктерін айқындауға болады.
Мәдени концептілер белгілі-бір халықтың, ұлттық мәдениетін, салт дәстүрін, дүниетанымын түсінудің кілті. Олар халықтың өзіндік мәдениетін өз ішінен ұғынуға көмектеседі. Мәдени концептілерді талдау арқылы ұлттық мәдениеттің даму қалпын, оның қазіргі өмірдегі жай күйін білеміз. «Мәдени концепт» ретінде танылатын тілдік бірліктің концепт құрудағы өзіндік лексиконы, синонимдік қатары, ассоциациялық байланысы бар және семантикалық өрісі кең атауларды білеміз. Солардың бірі ретінде «Махаббат» ұғымын қарастыруға болады.
Бұл жобада қазақ және корей тілдеріндегі күрделі эмоцияларды білдіретін «махаббат» концептісі негізге алынды. «Махаббат» концептісінің негізгі логикалық моделі мынадай: сүю, жақсы көру, жан тәнімен шексіз сүю, махаббаты үшін барлығына да даяр болу.
«Махаббат» концептісі туралы ғасырлар бойы ер кісілер мен әйел кісілердің ұғымы әртүрлі болды. Ер кісілер махаббат ұғымын логикалық және шынайы түрде қабылдаса, әйел кісілер романтикалық түрде қабылдады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz