Өлшеу құралдарының қателіктері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ТЖМжС кафедрасы

Курстық жұмыс
Метрология пәні бойынша

Баға___________________
Комиссия мүшелері______
_______________________
_______________________

Орындаған: Талғатбек А.Т.
Тобы: СТ-18-1
Жетекшісі: Карсакова Н.Ж.

Қарағанды 2020
Жалпы мағлұматтар

Курстық жоба метрология пәні бойынша білімдерді бекітуге және тереңдетуге зертханалық бақылау жұмыстары нәтижелерінің математикалық өңдеу дағдыларына қол жеткізуге мүмкіндік береді және алынған білімді нақты бір міндетті шешу кезінде қолдануға мүмкіндік береді.
Курстық жұмыстың тақырыптары практикалық міндеттерге сәйкес болуы тиіс.
Кез келген сандық эксперименттің міндеті физикалық шаманың сандық мәнін анықтау болып табылады. ФШ сандық мәнін өлшеу нәтижесінде есептеледі. Әр өлшеудің нәтижесі жүйелік және кездейсоқ қателіктерді қамтиды. Экспериментатордың міндеті осы шамаларды бағалау болып табылады. Оны әртүрлі тәсілдер арқылы жасауға болады, мысалы, мүмкін болатын қателіктің абсолюттік мәнінің жоғарғы шегін көрсетумен. Өлшеу сериялар нәтижелері бойынша кездейсоқ қателіктерді бағалау үшін математикалық статистика әдісін пайдаланады.
Курстық жобалау кезінде студент жасау тиіс:
- бақылау нәтижелерінің математикалық өңдеуін;
- бақылау нәтижелерінің дұрыс таратылуын тексеру;
- χ2, ω2 Колмогоров критериін колданып таратылу заңының дұрыстығын тексеру;
Студент талабы қойылған өлшеу құралын таңдап ӨЖ пайдалану аумағын және метрологиялық сипаттамаларын баяндауы тиіс, өлшеу нәтижелерінің математикалық өңдеуін жасау тиіс.

Курстық жобаның мазмұны келесі бөлімдерді қамтиды:
1. Метрология туралы жалпы мәлімет.
1.1. Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы ҚР заңы.
1.2. Өлшеу
1.3. Өлшеу құралдары
1.4. Өлшеу құралдарының дәлдік класстары.
1.5. Өлшеу құралдарының қателіктері.
1.6. Өлшеу нәтижелерін өңдеу.
2.Иінтіректі - механикалық аспаптар.
2.1.Миниметр-метрологиялық құралы.
2.2. Миниметрдің құрылысы.
2.3. Серіппелі миниметр.
2.4. Миниметрді реттеу тәртібі.
2.5. Құралда өлшеуді реттеу.
Қорытынды
Пайданылған әдебиеттер тізімі
Ұсынылатын әдебиеттер

І бөлім
Метрология туралы жалпы мәлімет
Метрология - өлшеу, өлшеу бірыңғайлығын қамтамасыз ететін құралдар мен әдістер және қажетті дәлдікке қол жеткізу тәсілдері туралы ғылым.
Метрология термині грек тілінен аударғанда metron - өлшем және logos - ғылым деген мағынаны білдіреді.
Метрология үш бөлімге бөлінеді: теориялық, заңнамалық және қолданбалы метрология.
Теориялық метрология - метрологияның іргелі негіздерін құру, өлшем бірліктерінің жүйесі, физикалық тұрақтыларды жасау, өлшеудің жаңа түрлерін әзірлеумен айналысатын метрологияның бөлігі. Кейде іргелі метрология термині қолданылады.
Заңнамалық метрология - мемлекетте қолданылатын өлшем бірліктері , өлшеу әдістері , құралдары мен зертханаларға қатысты мемлекеттік талаптарды белгілейтін метрологияның бөлігі. Заңнамалық метрология мемлекеттік метрологиялық қызмет , мемлекеттік басқару органдарының және заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтері , енгізілетін заңдар мен заңнамалық ережелер арқылы метрологиялық қызметті мемлекеттік реттеу құралы қызметін атқарады. Заңнамалық метрологияға құралдардың түрлерін сынау мен бекіту , оларды тексеру мен калибрлеу , өлшеу құралдарын сертификаттау , өлшеу құралдарын мемлекеттік бақылау мен қадағалау жатады. Метрологиялық ережелер мен заңнамалық метрологияның нормалары халықаралық ұйымдардың құжаттары мен ұстанымдарына сәйкестеңдірілген. Бұл экономикалық және сауда байланыстарының дамуына жағдай туғызады және халықаралық метрологиялық бірлескен қызметіндегі өзара түсіністікке әсер етеді.
Тәжірибелік (қолданбалы) метрология теориялық метрологияның әзірлемелерін және заңнамалық метрологияның ережелерін қызметтің әртүрлі салаларында тәжірибеде қолданумен айналысады.
Өлшенетін шама мен оның өлшем бірлігі арасында қатынас болған кезде өлшеу жүргізусіз болатын практикалық қызметтің бірде - бір саласы жоқ.
Кез келген сараптама, болжау, жоспарлау, бақылау, реттеу кезінде
2
шикізаттық, дайын өнімнің саны мен сапасы туралы дұрыс ақпарат, барлық өндірістік циклдің технологиялық операциясының жүргізілуі туралы ақпарат кажет. Бұл ақпарат әртүрлі физикалық шамаларды, көрсеткіштерді және өлшемдерді өлшеу жолымен алынады.
Метрологияның басты мақсаты - өлшем бірлігі мен қажетті дәлдікті қамтамасыз ету.
Көптеген мәселелерді тек әртүрлі орындарда, әр уақытта, әртүрлі өлшеу құралдарын қолдану арқылы алынған көптеген өлшеу нәтижелерінің негізінде шешуге болады. Өндірістің автоматтандырылуы өлшеудің дәлдігін, шынайылығын және салыстырмалылығын арттыруға мәжбүр етеді.
Мәселелердің күрделілігіне қарай метрология үлкен мәнге ие болады.Қызметтің барлық түрін өлшемсіз елестету мүмкін емес. Көптеген өндіріс салаларында өлшеулерге кететін шығын көлемі жылдың капитал салымының 30%-дан астамын құрайды.
Метрологиялық қамтамасыз ету материалдың, энергетикалық және басқа да қорларды үнемдеу мәселелерін шешуде үлкен мәнге ие, өйткені шынайы сандық елестеу материалдық құндылықтарды, электрлік және жылу энергияларын, мұнай және мұнай өнімдерін, газды, йодты қорларды үнемдеу мен шығынын азайтудың негізі болып табылады.
1.1 Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы ҚР заңы
2000 ж.7 шілдеде жаңа заң - ҚР Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы Заңы қабылданды.
Бұл заң Қазақстан Республикасында өлшем бірлігін қамтамасыз етудің құқықтық, экономикалық және ұйымдастыру негіздерін тағайындады , мемлекеттік басқару органдары, жеке және заңды тұлғалар арасындағы метрологиялық әрекеттер сферасындағы қатынастарды реттейді. Заң Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен заңды мүдделерін және республика экономикасын өлшеулердің ақиқат болып табылмайтын нәтижелерінің салдарын қорғауға бағытталған.
Заңның ережелері мемлекеттік басқару органдарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциясына негізделеді және Өлшем бірлігін
3
қамтамасыз ету туралы Заңнан және басқа өлшем бірлігін қамтамасыз ететін әртүрлі жұмыстарды жүргізу және ұйымдастыру тәртібін анықтайтын нормативтік құқықтық актілерден құралады.
Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің нормативтік негіздері - Қазақстан Республикасында өлшем бірлігін және қажетті дәлдігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу тәртібін регламенттейтін бірегей ережелер, нормаларды тағайындайтын нормативтік құжаттардың комплексі болып табылады.
Қазақстан Республикасы өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесінің нормативтік құжаттары мыналарды регламенттейді:
oo шама бірліктерін;
oo шама бірліктерінің мемлекеттік эталондарын және мемлекеттік салыстырып тексеру схемаларын;
oo өлшем құралдарын салыстырып тексеру және калибрлеу әдістерін және құралдарын;
oo өлшем құралдарының нормаланатын метрологиялық сипаттамаларының номенклатурасын;
oo өлшеу дәлдігінің нормаларын;
oo өлшеу нәтижелерін және өлшеу дәлдігінің көрсеткіштерін беру тәсілдері және көрсету формалары;
oo өлшеулерді орындау тәсілдемелері;
oo заттар мен материалдардың қасиеттері туралы мәліметтердің дұрыстығын бағалау тәсілдері;
oo заттар мен материалдардың құрамы және қасиеттерінің стандарттық үлгілеріне талаптар;
oo өлшеу құралдарын сынау, метрологиялық аттестациялау, салыстырып тексеру және калибрлеуді, нормативтік құжаттарды, жобалық, конструкторлық және технологиялық құжаттамаларды метрологиялық сараптауды, заттар мен материалдардың қасиеттері туралы мәліметтерді сараптау және аттестациялауды ұйымдастыру және жүргізу тәртіптерін;
Қазақстан Республикасы өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесінің нормативтік құжаттары бөлінеді:
oo негізін қалаушы, яғни жалпы талаптар, ережелер мен нормаларды тағайындаушы;
4
oo өлшеудің бір түріне талаптар, ережелер мен нормаларды регламенттеуші.

Қазақстан Республикасы өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесінің нормативтік құжаттарына мемлекеттік стандарттар, бекітілген тәртіппен қолданылатын халықаралық стандарттар, нұсқаулар және басқа да нормативтік және өлшем бірлігін қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізу тәртібін анықтаушы әдістемелік құжаттар.

Өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі нормативтік құжаттар техникалық реттеу және метрология облысындағы заңнамаға сәйкес әзірленеді және қолданылады.

Қазақстан территориясында міндетті түрде қолдануға жататын Қазақстан Республикасы өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесінің нормативтік құжаттарын техникалық реттеу және метрология жөніндегі комитет бекітеді.
1.2 Өлшеу
Өлшеу - физикалық шаманың мәнін тәжірибелік жолмен арнайы техникалық құралдың көмегімен табу.
Өлшеуді жүзеге асырудың мақсаты - физикалық шаманың мәнін қолдануға ыңғайлы түрде алу.
Өлшеу - күрделі процесс, оған белгілі құрылымдық элементтердің өзара байланысы кіреді. Оларға: өлшеу міндеті, өлшеу обьектісі, өлшеу принципі, өлшеу әдісі, өлшеу құралы, өлшеу шарттары, өлшеу нәтижесі мен қателігі жатады. Міндеті физикалық шаманың мәндерін берілген жағдайларда талап етілетін дәлдікпен анықтаудан тұрады. Міндеттің қойылымын тұтастай обьекті мен субьектінің арасында байланыс орнату обьектінің математикалық моделі негізінде мүмкін болады.
Өлшеу обьектісі - бұл нақты физикалық обьект, оның қасиеттері өлшенетін бір немесе бірнеше физикалық шамалармен сипатталады.
Математикалық модель - бұл математикалық символдар және олардың арасындағы өлшеу обьектісінің қасиеттерін сипаттайтын қатынастардың жиынтығы.
Өлшеу обьектісі туралы өлшеуді бастауға дейін белгілі болатын ақпарат априорлы деп аталады. Өлшеуден кейін алынған ақпарат апостериорлы деп аталады.

5
Өлшеу принципі - өлшеу негізіндегі физикалық құбылыс немесе физикалық құбылыстар жиынтығы. Мысалы, массасына пропорционалды ауырлық күшін таразыға тарту арқылы дененің массасын өлшеу, термоэлектрлік әсерді пайдаланып, температураны өлшеу.
Өлшеу әдісі - өлшеу құралдары мен өлшеу принциптерін қолдану амалдарының жиынтығы.
Өлшеу әдістері келесі белгілер бойынша жіктеледі:
oo өлшеу негізінде салынған, физикалық принцип бойынша, әдістер электрлік, оптикалық, акустикалық, магниттік болады;
oo өлшеу құралдары мен обьектісінің өзара әрекеттесу режимі бойынша: статикалық және динамикалық;
oo қолданылатын өлшеу құралдарының өлшеу сигналдарының түрі бойынша: аналогтық және цифрлық.Өлшеу әдісінің минимум қателігі болу керек.
Өлшеу бірқатар кезеңдерден тұрады:
oo өлшеу міндетінің қойылымы : өлшеу шарттары және физикалық шама туралы деректерді жинау, обьект модельдерін құру, өлшеу теңдеулерін құру, олардың көмегімен өлшенетін физикалық шаманың мәні табылатын, нақты шамаларды таңдау;
oo өлшеуді жоспарлау: өлшеу әдістерін және өлшеу құралының типтерін таңдау, өлшеу құралының метрологиялық сипаттамаларына қойылатын талаптарды анықтау, өлшеу және бақылау шарттарын қамтамасыз ету;
oo өлшеу эксперименті: өлшеу құралдары мен обьектісінің өзара әрекеттесуі, берілген мөлшерді өлшеу сигналын түрлендіру және ұдайы өсіру, сигналдарды салыстыру және нәтижелерді тіркеу;
oo эксперименттік деректерді өңдеу: алдыңғы ақпаратты талдау, қателікке мүмкін болатын түзетулерді анықтау, математикалық есепті талдау, деректерді өңдеу, есептеу процестері алынған нәтижелерді талдау және оларды анықталған түрде белгілеу.
Өлшеулердің жіктелуі өлшеулерді орындау және нәтижелерді өңдеу әдістемелерін әзірлеу кезінде себептеледі.
Жіктелу мақсаты - өлшеу нәтижелерін анықтау кезінде пайда болатын, өлшеулердің әдістемелік қателіктерін ерекшелеу ыңғайлылығы.
Өлшеулер бірқатар белгілер бойынша жіктелуі мүмкін. Нәтижелерді алу тәсілі бойынша өлшеулер: тура, жанама, бірлескен және жиынтық болып бөлінеді.

6
Тура - ол кезде шаманың ізделіп отырған мәнін тікелей өлшеуқұралдарының көрсеткіштері бойынша табатын өлшеулер.
Жанама деп ол кезде өлшенетін шаманың ізделіп отырған мәнін, сол мән мен бірдей жағдайларда жүргізілген, тура өлшеулерге ұшырайтын шама арасындағы белгілі тәуелділік бойынша табатын өлшеулер.
Бірнеше бір аттас шамаларды бір мезгілде өлшеу жүргізілетін өлшеулер жиынтық деп аталады, олар кезінде олардың ізделіп отырған мәнін теңдеулер жүйесін шешу арқылы табады.
Олардың арасындағы тәуелділікті анықтау үшін екі немесе бірнеше бір аттас емес шамаларды бір мезгілде өлшеу жүргізілетін өлшеулер бірлескен деп аталады. Жанама, бірлескен және жиынтық өлшеулер бір принципті маңызды ортақ қасиетпен біріктіріледі. Олардың нәтижелері өлшенетін шамалар мен тура өлшеулерге ұшырайтын шамалар арасындағы белгілі фунционалды тәуелділіктер бойынша есептеумен анықталады. Айырмашылықтар тек функционалды тәуелділікте ғана болады.
Дәлдік сипаттамасы бойынша өлшеулер дәлдігі бірдей және дәлдігі бірдей емес болып бөлінеді. Дәлдігі бірдей - бұл сол және бір жағдайларда өлшеу құралдарымен дәлдігі бойынша бірдей орындалған, физикалық шамаларды өлшеу. Дәлдігі бірдей емес - әр түрлі жағдайларда өлшеу құралдарымен дәлдігі бойынша әр түрлі орындалған, физикалық шамаларды өлшеу. Осы өлшеу нәтижелерін өңдеу әдістемесі әр түрлі.
Өлшеулер санына байланысты бір еселік және көп еселік өлшеулерді ажыратады. Көп еселік өлшеулерді қателіктің кездейсоқ құраушысын азайту мақсатымен жүргізеді.
Өлшенетін шаманы өзгертуге қатысы бойынша өлшеулер статикалық және динамикалық болып бөлінеді. Берілген жіктеудің мақсаты нақты өлшеулер кезінде өлшенетін шаманы өлшеу жылдамдығын есепке алу қажеттілігі туралы шешім қабылдаудан тұрады.
Статикалық өлшеулерге барлық өлшеу уақытының бойында өзгеріссіз қалатын, физикалық шамаларды өлшеулер жатады.
Динамикалық өлшеулер - бұл уақытқа байланысты өзгеретін, физикалық шамаларды өлшеулер.
Метрологиялық тағайындалуына байланысты өлшеулер техникалық және метрологиялық болып бөлінеді. Техникалық өлшеулерді жұмыстық өлшеу құралдарымен жүргізеді. Метрологиялық - олардың мөлшерлерін

7
жұмыстық өлшеу құралдарына беру үшін физикалық шамалар бірліктерін ұдайы өсіру мақсатымен эталондардың көмегімен.
Өлшеулер нәтижелерінің өрнектеріне байланысты олар абсолюттік және салыстырмалы болып бөлінеді. Абсолюттік - бұл физикалық константалар мәндерін пайдалану арқылы бір немесе бірнеше шамаларды өлшеулер. Салыстырмалы - бұл белгілі шаманың бір аттас шамаға қатынасының өзгеруі.

1.3 Өлшеу құралдары

Метрологияда өлшеу құралы деп нормаланған метрологиялық сипаттамаларға ие, белгілі уақыт аралығында өлшемі өзгермейтін физикалық шаманы жаңғыртатын немесе сақтайтын техникалық құрылғыны айтады.
Функционалдық қызметі жағынан өлшеу құралдарын екі топқа бөледі:
1.Берілген өлшемді жаңғыртушы өлшеу құралдары.
Мысалы, кір тасы - берілген массаны, кедергілер жиынтығы - кедергінің әр түрлі диапазондағы мәндерін жаңғыртады.
2. Өлшенуші шаманың мәні туралы мәлімет беретін өлшеу құралдары.
Мысалы, стрелкалы немесе цифрлы өлшеу құралдары. Ғылыми және техниканың әр түрлі салаларында қолданылатын өлшеу құралдары орасан көп және сан алуан. Оларды қасиеттеріне байланысты түрлі топқа бөлуге болады.
Өлшенуші шаманың физикалық сипатына байланысты өлшеу құралдарын механикалық шамаларды өлшеуші, жылулық шамаларды өлшеуші, магнитэлектрлік шамаларды өлшеуші т.б. құралдар деп топтастырады. Өлшеу құралдарының мұндай жіктеуі шартты түрде алынғандықтан, оған тоқталмауға болады.
Өлшеу құралдары олардың жұмыс icтey қағидасына қатысты былай бөлінеді: мералар;өлшеу түрлендіргіштері; өлшегіш приборлар; компораторлар.
Мера деп шаманың берілген мәнін қажетті дәлдікпен жаңғыртатын өлшеу құралын айтады. Мералар бip мәнді және көп мәнді болып бөлінеді. Егер мера физикалық шаманың бip ғана мәнін жаңғыртса, онда ол бip мәнді деп аталады. Бір мәнді мераларға мысалға 1кг кір тасы, қалыпты элемент, сыйымдылығы, айнымалы конденсатор т.б. жатады. Бip мәнді мераларға, сондай-ак, стандарттық үлгілер мен үлгілік заттар жатады. Егер мера

8
физикалық шаманың бірнеше өлшемін жаңғыртса, онда ол көп мәнді деп аталады. Көп мәнді мераға мералар жиыны, мералар жиынтығы т.б. жатады.
Аттестациялау қателігіне байланысты мералар разрядтарға бөлінеді. Разряд берілген мералар өлшеу құралдарын тексеріп салыстыруға қолданылады, олар үлгілік мералар деп аталады. Дәлдік класы берілген мералар жұмыс мералары болып табылады, олар техникалық өлшеулер үшін қолданылады.
Өлшеу түрлендіргіштері. 16263-70 ГОСТ бойынша өлшеу түрлендіргіштерінің анықтамасы былай беріледі. Өлшеу түрлендіргіші деп
беруге, әpi қарай түрлендіруге, өңдеуге және сақтауға ыңғайлы, бірақ бақылаушыға тікелей білінбейтін пішіндегі өлшеу мәліметін шығаратын өлшеу құралдарын айтады. Түрленуші шама - кіретін шама, алынған мәлімет - шығатын шама деп аталады. Бұл екі шаманың қатынасы түрлендіру функциясымен сипатталады. Егер түрлендіру нәтижесінде физикалық шаманың табиғаты өзгермесе, ал түрлендіру функциясы сызықты болса, онда түрлендіргіш масштабты түрлендіргіш немесе күшейткіш деп аталады.
Өлшегіш құралдарға, бақылаушыға қабылдауға ыңғайлы пішіндегі физикалық шамаларды тіркейтін өлшеу құралдары жатады. Өлшегіш құралдардың ең көп тараған түрі тікелей әсер етуші өлшегіш құралдар. Оларға монометрлердің кейбір түрлері, термометрлер, амперметрлер, вольтметрлер, т.б. жатады.
Компораторлар. Компораторлар біртекті шамалар мераларын немесе бірнеше өлшеу құралдарының көрсеткішін өзара салыстыру мақсатында қолданылатын өлшеу құралдары болып табылады. Мұндай өлшеулер кезінде негізгі өлшеуіш құралдарына қосымша бақылағыш өлшегіш құралдар қолданылады. Олардың негізгі міндеті өлшеу үдерісіне әсер ететін сыртқы немесе ішкі технологиялық үрдерістің әсерін қадағалап отыру.

1.4 Өлшеу құралдарының дәлдік класстары

Дәлдік кластары - бұл МС-мен қортылған, әр түрлi ӨҚ қасиеттерін анықтайды. Дәлдік класы ӨҚ-ның жүйелік және кездейсоқ қателігін қамтиды. Кейде ол тiкелей сипаттамамен өлшеу дәлдігі болып табылады, ӨҚ арқылы атқарылады, өлшеу дәлдігі өлшеу әдісіне байланысты, өзара әрекеттесулер ӨҚ-ның обьектісімен, өлшеу шарттары және т.б байланысты.
Жеке алғанда, яғни шаманы өлшеу дәлдігі 1%-ға дейін, ӨҚ-ның

9
жеткiлiксiз таңдау қателігі 1%. ӨҚ таңдалған қателіктен әлдеқайда аз болу
керек, өйткенi әдiстiң қателiгi минимум болуы ескерілуi керек. Кейбір жағдайда қарама-қарсы жағдай болуы мүмкін, яғни өлшеу қателігі құрал қателігінен аз болды.
Дәлдік класын есептегенде, рұқсат етілген негiзгi қателiктiң шектерi δ осн ең алдымен мөлшерлейдi. Рұқсат етілген қосымша қателiктiң шектерi (еселi) бөлiктi мәннiң δ осн түрiнде орнатылады.
Дәлдiк кластары ӨҚ-ның нәтижелерi бойынша мемлекеттiк қабылдау сынақтарына тағайындайды. Егер ӨҚ бір және сондай физикалық шамалар үшін арналса, бірақ әр түрлі диапозонда немесе әр түрлі физикалық шаманы өлшеу үшін онда ӨҚ әр түрлі дәлдік кластары диапозон бойынша тағайындай алады, сонымен қатар физикалық шама өлшеуде. Пайдаланылатын ӨҚ бұл дәлдік кластарымен сәйкес келуі қажет. Кейде пайдаланылатын дәлдік кластарының талаптары сәйкес болған жағдайда өндірісте тағайындалғаны, пайдалануды төмендете алады. Негiзгi рұқсат етілген шектер және салыстырмалы қателiктердi абсолюттік формада бiлдiредi, салыстырмалы және келтiрiлген қателіктер. Қателіктер өрнектерінің тәсілі өлшеу диапазоны бойынша қателіктер өзгерісінің сипатына тәуелді, ӨҚ тағайындау және қолданудың шарттары.
Егер қателік мәнін өлшеу белгілі аймақты өлшеуін бiлдiруге қабылдаған бірлік өлшеу шамасы немесе шкаланың бөлінуі болса, онда абсолюттік қателіктің формасы қабылданады. Егерде абсолюттік қателіктері диапозон шектерінде әрдайым тәжірибелік өлшеу болса, онда өткізілген қателік формасы қабылданады, ал, егерде бұл шекара тұрақсыз деп есептесе, онда салыстырмалы қателік формасы қолданылады.
Дәлдік класы - рұқсат етілген негізгі және қосымша қателіктерінің шектерімен, сондай-ақ олардың көмегімен жүзеге асырылатын өлшеулердің дәлдігіне әсер ететін бірқатар қасиеттермен анықталатын сипаттамасы.
Дәлдік класы түсінігі техниканың түрлі салаларында кездеседі. Осылайша, станок жасауда, металл кескіш станоктың дәлдік класы, электр эризионды станоктардың дәлдік класы ұғымы бар.
Шартты белгілермен дәлдік класстары циферблаттарға, қалқандарға және құралдар мен өлшемдердің корпустарына салынады, сондай-ақ құжаттамада көрсетіледі.
Дәлдік кластарын белгілеу қателіктерді өрнектеу нысанына байланысты ГОСТ 8.401-80 - де келтірілген. Өлшеу құралдарының рұқсат етілген қателіктерінің шектері абсолюттік, келтірілген және салыстырмалы

10
қателік түрінде көрсетілуі мүмкін.
ӨЖ үшін, рұқсат етілген ондық қателігінің шегі абсолюттік немесе салыстырмалы түрде білдіру қабылданған, дәлдік кластары латын әліпбиінің бас әріптерімен немесе рим цифрларымен белгіленеді.
Рұқсат етілген қателіктердің аз шектері бар дәлдік класстарына алфавиттің басына жақын орналасқан әріптер немесе саннан аз болады.
Егер осы саладағы өлшеу нәтижелерінің қателігін өлшенетін шаманың бірліктерінде немесе шкаланың бөліністерінде көрсету қабылданған жағдайда, абсолюттік нысанда өлшеудің рұқсат етілген қателігінің релелерін белгілейді. Рұқсат етілген қателіктерінің шегі
∆=+-α немесе ∆=+-(а+вх)

Х - өлшенетін шама мәні; а,в - оң сандар.
Абсолюттік қателіктердің өзгермейтін шекаралары кезінде өлшеудің әртүрлі диапазондарымен нақты түрдегі ӨЖ дәлдігі бойынша салыстыру үшін рұқсат етілген негізгілердің шектері келтірілген нысанда % - бен көрсетіледі:
γ=+-∆XN∙100%=+-p %

XN - нормаланған сан ; p - бөлінген оң сан.

1.5 Өлшеу құралдарының қателіктері

ӨҚ метрологиялық сипаттама негізі - ӨҚ қателігі - ӨҚ көрсеткішімен және ФШ тура мәні арасындағы айырмашылық. Барлық ӨҚ қателіктері сыртқы шарттарға байланысты негізгі және қосымша болып бөлінеді.
Негізгі қателік - бұл эксплуатациялық қалыпты жағдайда жіберілген қателік. Қалыпты эксплуатациялық жағдайға: температура 293+-5 К немесе 20+-50С, 200С кезінде ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 65+-15%, 50Гц+-1% жиілігі бар қоректену желісіндегі кернеу 220В+-10%, атмосфералық қысым 97,4-тен 104 кПаға дейін, электрлік және магниттік өрісі болмайтын ортаны жатқызамыз. Сонымен қатар жанама қателіктер де қарастырылады.
ӨҚ негізгі қателігі 3 жағдайда нормаланады: барлық өлшеу диапазондарында тұрақты болып келетін рұқсат етілген абсолюттi немесе келтiрілген қателiктiң шектерінiң нормалануы, өлшеу шамасының функция-

11
сында рұқсат етілген абсолютті немесе салыстырмалы қателіктердің шектерінің нормалануы, рұқсат етілген негiзгi қателiктiң тұрақты шектерiн нормалау, олар бiр немесе бiрнеше учаскілердiң барлық өлшеу диапазоны үшін әр түрлi.
Рұқсат етілген қателіктің шегі ретінде әсер ететін шама тудыратын ең үлкен қателік көрсетіледі, осы кезде ӨҚ техникалық талаптар бойынша ғана қолданылуға жіберіледі. Бұл қосымша қателіктерге де арналған. Олар бұл кезде келесі жағдайлардан шығады: негізгі қателік (абсолютті, салыстырмалы, келтірілген) сияқты қосымша қателік те сондай түрге ие, әр түрлі ықпал ететін факторларға байланысты қосымша қателік бөлек нормалануы керек.
Әсер ететін факторлар кезінде ӨҚ абсолюттік қателіктіерінің қосындысы жалпы түрде:
∆Ʃ=∆0+i=1n∆i2

мұндағы ∆0 - ӨҚ негізгі қателігі, ∆i2 - i-ші әсер ететін фактордың өзгерісінен туындаған қосымша қателік.
ӨҚ жүйелік қателігі - жалпы қателіктің негізгі құрам бөлігі, бір шаманың бірнеше рет өлшеу нәтижесінде тұрақты және заңдық өзгерістерінен тұрақты қалады. ӨҚ кездейсоқ қателігі бір шаманың кездейсоқ түрмен қайталап өлшеуінен өзгеріп құраушы деп аталады.
Статикалық қателік тұрақты шамаларды өлшеу кезінде элементтердегi өту процесстерiнiң аяқтауынан кейін пайда болады. Динамикалық қателік - ӨҚ қателігінің динамикалық және статикалық қателіктерінің арасындағы қателік.
МЕСТ 8.401-80 бойынша абсолютті, салыстырмалы, келтірілген қателіктер, әртүрлі жағдайда жіберілетін негізгі шекті қателіктеріне байланысты қарастырылған.
Егер қателік мәні барлық өлшеу диапазонында өзгермейтін болса, мысалы, тіректердегі үйкелістер артынан, мұндай қателікті аддитивтік қателік деп атаймыз.
Егер қателік пропорционалдық өлшенетiн шамада өзгеретін болса, онда мультипликативтік қателік деп атаймыз. Көп жағдайда аддитивті және мультипликативті құраушылар бір уақытта қатысады.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өлшеу әдістері
Жүйелі қателік
Өлшем және өлшеу қателіктері
Физикалық шамалар бірліктерін туындылау және олардың өлшемдерін беру
Өлшеу қателіктері
Құралмен өлшеу қателігі
Негізгі метрологиялық түсініктемелер
Өлшеу құралдарын калибрлеу
Экономика Метрологияның негізгі ұғымдары
Жылуэнергетикадағы Метрология, стандарттау және сапаны басқару
Пәндер