Практикалық жобалар


Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Инженерия факультеті
Компьютерлік инженерия кафедрасы
ЖЕКЕ ЖОБАНЫ
ОРЫНДАУҒА АРНАЛҒАН
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҚ
Түркістан 2019
Құрастырушылар:
аға оқытушы Сапарбекова Г. А., аға оқытушы Садыбеков Р. Ш.
Әдістемелік нұсқаулық СМЖ университет ережесі (ЖН-СМЖ-013-2014) негізінде, негізгі оқу жоспарына сәйкес кұрастырылған және 5B011100 - Информатика, 5B060200 - Информатика, 5B070300 - Ақпараттық жүйелер, 5В070400 - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету мамандығының студенттеріне арналған. Нұсқаулықта студенттердің жеке жобасының түрлері мен оны орындау кезендері, негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі қамтылады.
Әдістемелік нұсқаулық «Компьютерлік инженерия» кафедрасының №__, ___. . 2018ж. мәжілісінде қаралды.
Кафедра меңгерушісі, PhD Н. М. Жунисов
Әдістемелік нұсқаулық Инженерия факультетінің №__, ___. . 2019ж. мәжілісінде мақұлданды.
Оқу- әдістемелік кеңес төрайымы: техн. ғ. к. З. Абдикулова
МАЗМҰНЫ
ТҮСІНІКТЕМЕ
Жобалау - «proicere» деген латын сөзі. Бұл сөз «жоспарлау, дайындау» сияқты мағынаны немесе жоспардың жүзеге асырылуын білдіреді. Жобалау технологиясы ХІХ ғасырдың 2-ші жартысында АҚШ ауылшаруашылығы мектептерінде пайда болған. Оның негізін қалаған психолог, педагог, философ Джон Дьюи. Дьюидің ілімін жалғастырушы профессор Уильям Херд Килпатриктің ойынша, балаларды өз жұмысының жемісін көруге ынталандыру арқылы үлкен өмірге дайындау - бұл технологияның негізі.
Прагматизм философиясының өкілі Девей жобалық жұмыстың ғылыми және саяси концепциясының іргетасын қаласа, оның әріптесі Килпатрак жобалау әдісін ауқымды мағынасына қарай тәрбиеге қатысты философия ретінде бағалады. Осыған байланысты Килпатрак жобаны «әлеуметтік ортада өткізілетін жүректен шыққан мақсатты әрекет» ретінде қарастырады.
Рейхвейн (1951) теория мен тәжірибенің байланысын жоба десе, Б. Отто жалпы сабақтардың концепциясында басты рөлді сұхбат алады дегенді айтады. Кершенштайнер (1968) еңбек мектебінен жобалау идеяларын немесе осы бағытта дамуды байқауға болатынын тұжырымдады.
1965 жылдан бері қарай жобалау әдісі халықаралық деңгейде қолданыла бастады. Бұл әдіске қайта оралудың басты себебін ғалымдар «мәселені оның дамуында қарастыруға мүмкіндік беретіндігімен» байланыстырады, яғни білім алушылар нақты мәселені шешу үшін әрекет үстінде бірнеше рет теорияға үңіледі, соның нәтижесінде өз ісінің қалай орындалғанын бағалай алады, өз қолдарымен жасалған іс оларға қанағаттанарлық, өзіне сенімділік әкеледі. Ғалымдар бұл технологияның осы артықшылықтарына үлкен мән берген. В. Килпатриктің ойынша, оқу әрекеттері оқытушының қатысуынсыз орындалуы тиіс. Сонда білімгер өз әрекетінің нәтижесін көріп, өзінің қабілетін бағалай алады десе, ал Д. Дьюи білімгер әрекеті оқытушымен бірлескен әрекет болуын талап етті. Өйткені білімгердің әрекетті аяғына дейін орындауына толық білімі жетпеуі мүмкін, ол үшін оқытушы әрекетті орындаудың алдында білімгердің барлық ойлау әрекеті сатысынан өтуін қамтамасыз етуі тиіс деген пікір айтады.
Демек, жобалау идеясы, жобалау әдісі ең алдымен жоғары оқу орындарындағы дәстүрлі оқытуға қарсы бағытталған бағдарлама ретінде қарастырылды.
Жобалау деп студенттің жеке пәндік саланың өзекті мәселелерінің (немесе оның аспектілерінің) бірін шешу бойынша мақсатты ұйымдастырылған ғылыми-зерттеу жұмысы түсініледі. Бұл ретте студенттің кешенді ғылыми-практикалық білімдер мен негізгі құзыреттіліктерді біріктіруді өз бетінше игеруі жүзеге асырылады және ғылыми-танымдық практикада және кәсіби қызметте белсенді қолдануға арналған жеке зияткерлік жоба құрылады.
Студенттердің жобалық іс-әрекеті дамытушы (тұлғалық-бағытталған) оқыту әдістерінің бірі болып табылады, өзіндік зерттеу іскерліктерін жасауға бағытталған (мәселені қою, ақпаратты жинау және өңдеу, эксперименттер жүргізу, алынған нәтижелерді талдау), шығармашылық қабілеттерді және логикалық ойлауды дамытуға ықпал етеді, оқу үдерісі барысында алынған білімді біріктіреді және нақты өмірлік маңызды және кәсіби мәселелерге баулиды. Жоба түрінде оқу қызметін ұйымдастыру, құзыреттілікті дамыту, білім сапасын арттыру формаларының бірі болып табылады. Жеке жоба белгілі бір пән немесе пән бойынша орындалады және болашақ кәсіби қызметпен байланысы болуы тиіс. Жоба жетекшісі жобаны үйлестіруші оқытушы болып табылады. Жоба жеке болуы керек. Жобалық тапсырмалар нақты тұжырымдалуы керек, мақсаттары мен құралдары анық белгіленіп, студентпен бірге іс-әрекет бағдарламасы құрастырылды. Жобаларды қорғау емтихан сапасында өтеді. Студенттердің жеке жобаларын қорғау және бағалау арнайы емтихан комиссиясы тарапынан емтихан кестесіне сәйкес жүргізіледі.
Әдістемелік нұсқаулықта жобалық жұмысты ресімдеу, презентациялар және жұмысты қорғау ережелері көрініс тапты. Әдістемелік нұсқаулық оқытушылар мен 5B011100 - Информатика, 5B060200 - Информатика, 5B070300 - Ақпараттық жүйелер, 5В070400 - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету мамандықтары студенттеріне арналған.
1. ОҚУ ҮДЕРІСІНДЕ ЖОБА ӘДІСІН ПАЙДАЛАНУ МІНДЕТТЕРІ
Жоба классификациясы түрлі негіздемелер арқылы жүзеге асады. Жобадағы басыңкы әдіс бойынша жоба келесі түрлерге бөлінеді:
a) Зерттеу жобасы. Мұндай жобалар жақсы ойластырылған кұрылымды, мақсаттарды, өзектілікті, әлеуметтік маңыздылығын, ойластырылған әдістерді, оған қоса тәжірибелік жұмыстар мен нәтижелерді өңдеу әдістерін талап етеді.
- жоба ғылыми-зерттеу логикасында құрылады;
- жобаға оның өзектілігінің дәлелі қосылады;
- зерттеу нысаны мен пәні анықталады;
- жобалық зерттеудің мақсаты мен міндеттері белгіленеді;
- зерттеудің болжамын анықтайды;
- зерттеу әдістерін көрсетеді;
- мағлұматтың әдебиетін нақтылайды;
- зерттеу әдіснамасы шығарылады;
- мәселені шешу жолдарын анықтайды;
- жаңа мәліметті тәэжірибелі жолмен меңгереді;
- жобаны қорытынды түрінде жасайды;
- болжамды бекітеді немесе жоққа шығарады;
- мәселенің жаңа спектрін көрсетеді.
ә) Мағлұматтық жоба
Жобаның бұл түрі алғашында қандай да бір нысан жайында мағлұмат жиынтығына, осы мағлұматпен танысуға, үлкен аудиторияға арналған талдау мен фактілерді жалпылауға бағытталады. Мұндай жобалар зерттеу жобасы ретінде жақсы ойластырылған кұрылымды, жұмыс барысындағы жүйелік жөндеулерді талап етеді. Мүндай жобаның кұрылымы төмендегідей болуы мүмкін: жоба мақсаты, оның өзектілігі - мағлұмаггы алу және өңдеу, (олардың талдауы, жалпыламасы, дәлелдері, т. б. ) - нәтиже (мақала, реферат, видео, баяндама) - таныстыру (жариялау, телеконференцияларды талқылау т. б. )
б) Шығармашылық жобалар
Мұндай жобалардың толык жасалған кұрылымы болмайды, ол тек зерттеушінің қызығушылығы мен логикасына қарай дамиды.
в) Практикалық жобалар
Бұл жобалар зерттеушінің жұмысының нәтижесін басынан бастап нақты ажыратады. Әрі бұл нәтиже міндетті түрде зерттеушінің әлеуметтік кызығушылығынa бағытталған (газет, құжат, видеофильм, заң жобасы, анықтама материалдары) .
г) Біліми жоба - зерттеушінің белгілі бір уақыт аралығында алған біліміне қарай жұмысын кешенді түрде қарастырады. Біліми жобаның кұрылымдык негіздері төмендегідей:
- жобаның аты
- дәйексөз немесе жобаның басқа түрі
- жобаның жалпы сипаттамасы
- жобаның идеясы
- жобаның мақсаты мен міндетгері
- жобаға қатысушылар
- жобадағы тіркелудің шарттары
- жобаның орындалу уақыты
- жобаны жүргізу кезеңцері
- диагностикалық және баға беретін топ
- жобаның нәтижелері мен бағасы. сый-сыяпат пен мадақтаулар
- жобаның авторлары, үйлестірушісі, ұйымдастырушылары, т. б.
д) Оқу жобалары бір немесе бірнеше міндеттерді тұжырымдайды және шешімін талап ететін мэселелерден тұрады. Бұл міндет өзінің тұжырымымсн қызықтыратындай және жобаға ынталан- дыратындай болуы керек. Ынталандырудың ең жоғарғы деңгейі зерттеушінің кәсіби жумысына байланысты бағыттылығы мен тақы- рыбын, жобаны өңдеу барысында көрінеді. Жобалар кәсіби жұмыстың әртүрлі аумағында орындалады, осыған орай зерттеуші келешекте білім берудің дамуымен байланысты мәселелермен танысып, осындай өзекті мэселелерді шсшу дағдысына иеленеді.
Жоба әдісін пайдалану міндеттері:
- жоспарлауға үйрету (студент мақсатты нақты анықтай білуі, оған қол жеткізу бойынша негізгі қадамдарды сипаттай білуі, барлық жұмыс барысында мақсатқа жету үшін шоғырлануы тиіс) .
- ақпаратты, материалдарды жинау және өңдеу дағдыларын қалыптастыру (студент тиісті ақпаратты таңдап, оны дұрыс қолдана білуі тиіс) .
- талдау және сыни ойлауды дамыту.
- жоба бойынша өзіндік жұмыс туралы жазбаша есеп құру (жұмыс жоспарын құру, ақпаратты нақты рәсімдеу және таныстыру, библиография туралы түсінік болу) .
- қызметке оң көзқарасты қалыптастыру (студент бастамашылық танытуы, белгіленген жұмыс жоспары мен кестесіне сәйкес жұмысты мерзімінде орындауға тырысуы тиіс) .
- болашақ кәсіби қызметке қызығушылықты қалыптастыру.
2. ЖЕКЕ ЖОБАЛАРДЫ ОРЫНДАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
2. 1. Жеке жобаның мазмұны мен рәсімделуіне қойылатын талаптарға сәйкес оның орындалу барысына жалпы басшылық пен бақылау жасауды тиісті пәннің оқытушысы жүзеге асырады.
2. 2 Жеке жобаны орындау уақыты пән бойынша бекітілген оқытушының студентпен бірлескен өзіндік жұмысы (обсөж) кестесіне сәйкес өткізіледі.
2. 3 Кеңес беру барысында оқытушы мақсаты мен міндеттерін, құрылымы мен көлемін, әзірлеу мен ресімдеу принциптерін, жобаның жекелеген бөліктерін орындауға арналған уақытты шамамен бөлуді түсіндіреді, білім алушылардың сұрақтарына жауап береді.
2. 4 Жеке жоба басшысының (оқытушының) негізгі функциялары:
- жұмыстың мазмұны және орындалу реттілігі мәселелері бойынша кеңес беру;
- студентке қажетті ақпараттық көздерді таңдауға көмек көрсету;
- жобаның орындалу барысын бақылау.
2. 5 Жоба жұмысы бойынша емтиханды ұйымдастыру УЕ-ХҚТУ-021-2018 «Аралық аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу ережесі» атаулы университет ережесіне сәйкес ұйымдастырылады:
- Жобаны қорғау - жазылған зерттеу жұмысының нәтижесін ауызша түрде қорғайтын емтихан. Факультет Кеңесінде бекітілген жоба тақырыптары, жобаның мақсатына қарай оған қойылатын талаптар, оны бағалау критерийлері, жоба жазу үлгілері білім алушыға академиялық мерзім басталғаннан бір айдан кеш емес уақыт ішіндеұсынылады.
- Емтихан сессиясынан 8 апта бұрын факультет Кеңесінде бекітілген емтихан сұрақтары, жобалар мен эссе тақырыптары Өлшеу және бағалау секторына, ал ОҚКЕ тапсырмалары Симуляциялық орталыққа өткізіледі.
2. 6 Пән оқытушысы (лектор) емтихандар нәтижелері қойылған 1) ОҚКЕ, Speaking, шығармашылық, жобаны қорғау, тәжірибелік емтихандар үшін қатысу және бағалау парақтарының түпнұсқаларын деканатқа, қатысу парағынының көшірмесін тіркеуші офиске 2) ауызша, ауызша-жазбаша, дене шынықтыру пәнінен емтихандар үшін бағалау парағының түпнұсқаларын деканатқа, көшірмесін тіркеуші офиске, емтихан билеттерін ӨБС-на өткізеді.
3. ЖЕКЕ ЖОБАНЫ БАҒАЛАУ
3. 1 Емтихан жұмыстарын бағалау 100-балдық жүйеде жүзеге асырылады. Ол үшін білім алушының берген жауабының толықтығы есепке алынады:
Өте жақсы
A 4. 00 95-100
A - 3. 67 90-94
1. Барлық теориялық сұрақтарға және тапсырмаларға материал негізінде дұрыс және толық жауап құрастыра білуі; мысалдар мен дәлелдер келтіріп жауап беруі;
2. Практикалық есептер толық шығарылған;
3. Бағдарламаның талаптарына сәйкес жауаптың толық мазмұнынын берілуі. Жауап мазмұнының тізбекті берілуі;
4. Берілген уақыт ішінде білім алушы тапсырмаға сәйкес шығармашылық қабілетін толық және жан-жақты, шығармашылық дағдыларын жоғары деңгейде көрсетуі;
5. Жобаның ерекшелілігі, жүйелі құрылуы, баяндау шеберлігін (көрнекі құралдармен) қолданып, өз ойын қорытындылай және толық дәлелдей алуы;
6. Барлық негізгі және қосымша тапсырмаларға сәйкес кәсіби тәжірибелік іскерліктер мен дағдыларды жоғары деңгейде көрсетуі.
Жақсы
B+ 3. 33 85-89
B 3. 00 80-84
B- 2. 67 75-79
1. Теориялық сұрақтарға жауап дұрыс, бірақ толық емес, кейбір маңызды емес қателіктер мен ауытқулар бар;
2. Практикалық есептер шығарылған, бірақ біршама қателіктер бар;
3. Білімгер тұжырымдама жасауда дәлсіздіктер, кішігірім қателіктер, материалдың қисынды және тізбекті түрде беруі, жауабын нақты мысалдармен дәлелдеуі;
4. Берілген уақыт ішінде білім алушы тапсырмаға сәйкес шығармашылық қабілеттілігін жақсы дәрежеде және дағдыларын жақсы деңгейде көрсетуі;
5. Кәсіби теориялық және практикалық білімін жобаны дәлелдеуде ұштастыра білуі; жаңа технологияларды пайдалана отырып жобаны қорғауы;
6. Тапсырмаға сәйкес кәсіби тәжірибелік іскерліктер мен дағдыларды жақсы деңгейде көрсетуі.
Қанағаттанарлық
C+ 2. 33 70-74
C 2. 00 65-69
C- 1. 67 60-64
D+ 1. 33 55-59
D 1. 00 50-54
1. Теориялық сұрақтарға берген жауаптары жалпы дұрыс, бірақ толық емес, сипаттамада және логикада қателер жіберілген;
2. Практикалық есептер шығарылған, бірақ толық емес, әрі қателер орын алған;
3. Жауап беру кезінде логика мен бірізділік сақталмайды. Ұғымдарды түсіндіру, терминдерді қолдануда қателіктер жіберуі;
4. Білім алушы тапсырма орындауда біршама қателіктер жіберген, берілген уақыттан кешіктіруі;
5. Жобаға қойылатын талаптар сақталып, толық көлемде ұқыпты құрастырылып, эстетикалық талаптарға сай, алайда бірнеше техникалық қателіктермен орындалуы;
6. Орындалатын жұмыс мақсатының болуы, тапсырманың жартысын орындауы.
Қанағаттанарлықсыз
F 0. 00 0-49
1. Теориялық сұрақтарға жауап қате;
2. Практикалық есептер шығарылмаған;
3. Жауапта грамматикалық, терминологиялық, қателер бар, логикалық байланыс жоқ.
4. Берілген уақыт ішінде тапсырманы орындай алмауы;
5. Уақытына сай жобаны өткізбеуі;
6. Барлық тапсырмаларды орындай алмады.
4. ЖЕКЕ ЖОБАНЫҢ МАЗМҰНЫНА, ҚҰРЫЛЫМЫНА ЖӘНЕ РӘСІМДЕЛУІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
4. 1 Құрылымы бойынша жеке жоба құрылымы:
- титул парағы;
- мазмұны;
- кіріспе;
- негізгі бөлім;
- қорытынды;
- ақпарат көздері тізімі;
- қосымшалар.
Жұмысты жазу кезінде оның әр бөлігінің келесі мазмұнын ұстанған жөн.
Мазмұны
Мазмұны бөлімдер тізбесінен, тараулардан, бөлімшелерден және/немесе жұмыс параграфтарынан тұрады және мыналарды қамтиды: кіріспе, барлық бөлімдер мен бөлімшелердің атауы, қорытынды, библиографиялық тізім және қосымшалардың атауы, олардың әрқайсысы үшін жұмыстың осы элементтері басталатын беттердің нөмірі көрсетіледі.
Кіріспе
Кіріспеде таңдалған жұмыс тақырыбының өзектілігі негізделеді, мақсаты нақты анықталады және нақты негізгі міндеттер қалыптастырылады, зерттелетін сұрақтардың әдебиетте зерттелу дәрежесі көрсетіледі, зерттеудің объектісі мен мәні көрсетіледі. Пайдаланылған негізгі материалдар, зерттеу тәсілдері мен әдістері, соның ішінде Қажет жағдайда экономикалық-математикалық әдістер санамаланады, жұмыстың қысқаша сипаттамасы беріледі. Көлемі бойынша 1-2 бет.
Негізгі бөлігі
Жұмыстың негізгі бөлігі зерттеудің мазмұнын жүйелі және қисынды ашатын параграфтарға бөлінетін 1 - 2 тарауды қамтиды. Көлемі 8 -10 бет. Негізгі бөлім Теориялық негіздемені және зерттелетін проблеманың жағдайын көрсетеді, теория мәселелері жұмыстың практикалық бөлігінде проблеманы әрі қарай зерттеуді негіздеу үшін өзара байланысты көрсетеді. Практикалық бөлім аналитикалық және қолданбалы сипатқа ие. Оларда зерттелетін мәселенің нақты жағдайы баяндалады.
Қорытынды
Қорытындыда жүргізілген зерттеу нәтижесінде жасалған және енгізілген теориялық және практикалық қорытындылар мен ұсыныстар қорытылады. Олар әзірлемелердің мазмұны, маңыздылығы, негізділігі мен тиімділігі туралы толық түсінік беретін қысқа және нақты болуы тиіс. Көлемі 1 бет.
Қорытынды зерттелетін мәселелер бойынша тұжырымдарды, нақты ұсыныстар мен ұсынымдарды қамтиды. Қорытындылар жұмыстың негізгі ережелерін нақтылау болып табылады. Мұнда жаңа ережелерді орналастыру немесе жұмыс мазмұнынан туындамайтын идеяларды дамыту қажет емес. Қорытынды теориялық ұғыну және зерттелетін проблеманы практикалық бағалау нәтижесі болып табылады. Қорытындылар мен ұсыныстар тезистер түрінде - қысқаша тұжырымдалған және нөмірленген ережелер толық дәлелсіз немесе қысқаша мазмұндалған, бірақ жеткілікті негіздеумен ресімделеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz