Саяси құқықтар мен бостандықтар азаматтың субъективті құқықтары мен бостандықтарының маңызды бөлігі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 63 бет
Таңдаулыға:   

«ТҰРАН» УНИВЕРСИТЕТІ

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: «Жетім балаларды әлеуметтік қорғау құқығы»

5В030100 - Құқықтану мамандығы

Орындаған: Уахит З. Т.

Ғылыми жетекші: Рысалдиева А. Е.

Алматы - 2020

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1. АДАМ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСІНІҢ ОРТАҚ MIНЕЗДЕМЕСІ . . .

1. 1 Адам құқығының түсінігі, мәні және ерекшелігі . . .

1. 2 Жеке тұлғаның құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың мемлекеттік механизмі . . .

1. 3 Ата-аналардың балаларға қатысты құқықтары мен міндеттері . . .

2. ЖЕТІМ БАЛАЛАР МЕН АТА-АНА ҚАМҚОРЛЫҚСЫЗ ҚАЛҒАН БАЛАЛАР ҚҰҚЫҚТАРЫН РЕТТЕЙТІН ЖӘНЕ ҚОРҒАЙТЫН НОРМАТИВТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАЛЫПТАНДЫРУДЫ РЕТТЕУ.

2. 1 Бала құқығын қорғау жөніндегі халықаралық құжаттардың маңызы және орындалуы . . .

2. 2 Қазақстан Республикасындағы бала құқығын қорғаy аясындағы құқықтық реттеу . . .

2. 3 Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша баланың құқықтық мәртебесінің бекітілуі және қорғалуы . . .

3. ЖЕТІМ БАЛАЛАР МЕН АТА-АНА ҚАМҚОРЛЫҒЫНСЫЗ ҚАЛҒАН БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ НЕГІЗДЕРІ.

3. 1 Бала құқығын қорғау бойынша халықаралық органдар қызметінің іске асырылуы . . .

3. 2 Баланы шетелдік ата-аналардың асырап алу мәселесін құқықтық реттеу негіздері . . .

ҚОРЫТЫНДЫ . . .

ПАЙДАЛАНҒАН ҚАЙНАР КӨЗДЕР ТІЗІМІ . . .

КІPІСПЕ

«Адам құқығы, бала құқығын қорғаудан басталады»

Қоғамның ең басты негізі - жеке тұлғаның өмір сүру жағдайын қамтамасыз ететін маңызды жеке бас құқықтары мен бостандықтары. Қазақстан Республикасының құқықтық демократиялық мемлекет ретінде алдына қойған және 1995 жылдың 30 тамызда бекітілген Ата Заңымыз - Конституциямыздың негізгі мақсаты - адам мүддесін мемлекет мүддесінен жоғары қойып, жан-жақты іске асуын қамтамасыз ету. Бұл бағытта мемлекетіміздің құқықтық жүйесінің ең бір атқаратын қызметі- мемлекеттің басты өкілі - адам құқығын қорғау, қорғау шараларының толық жүзеге асырылуына кепілдік беру. Кез - келген мемлекетте, қандай да бір қоғамда балалар ерекше қамқорлық пен қорғауда болуы керек. Жарқын болашағымыздың жалғасы, еліміздің мұрагерлері - балалар. Сондықтан да олардың өмірі қалай, қаншалықты қалыптасқандығына, мемлекет олар үшін қандай жағдайлар жасағандығына сәйкес еліміздің келешегі айқындалады. Сол үшін балаларды қорғау, олардың негізгі құқықтарын қорғау сұрақтары кез - келген мемлекеттің басты көкейтесті мәселесі болуы қажет.

Қазақстан Республикасы Конституциясында Қазақстан Республикасының заңдары мен еліміздің ратификациялаған халықаралық және құқықтық құжаттарда адам құқықтары оның ішінде бала құқықтарын қорғау aуқымды көлемде қарастырылып келеді. Өз кезегінде баланың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаy жөніндегі тиісті органдар мен ұйымдар құрылып, жоғарыда аталған заң актілері мен халықаралық құқықтық құжаттардың орындалуы бойынша талдау, зерделеу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде бірлескен жұмыстар атқарылуда. Балалардың кұқықтарының сақталмауы, қолданыстағы заңнамалар талаптарының орындалмауы жиі кездесіп отырады. Бала құқығы белгілі бір құқықтық ұғым ретінде адамзаттың алғашқы дінді қабылдау кезеңінен басталып, балаларға қамқорлық көрсетіле басталған. Қазақстан Республикасының Бала кұқығы жөніндегі заңында да баланың міндеттері белгіленіп, оның кұқықтық кепілдігі және баланың денсаулығығын корғау, басының бостандығы мен өмірі, қоғамдағы рөлі, жеке меншік пен білім алу құқығы сияқты негізгі қағидалар белгіленген. Баланың дамуына мемлекет пен отбасының қосатын үлгісі бірдей, өйткені олардың мақсаты да ортақ.

Дипломдық зерттеу тақырыбының өзектілігі. Жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтарының проблемаларын зерттеудің көпқырлылығына қарамастан, бұл тақырыпты зерттеушілер бала құқықтарын қорғаудағы сол құқықтық мемлекеттің өзінің қызметіне жете көңіл бөлмеген. Қазақстан Республикасы Конституциясында адамның құқықтары ең жоғарғы құндылықтар деп жарияланған және Конституция мәтіні осы фактіні нақтылаумен басталады.

Жалпы, құқықтық мемлекет ретінде азаматтардың санасын қалыптастырмай, олардың қоғам мен мемлекет алдындағы міндеттерін жете түсіндірмей, оны түбегейлі орнату мүмкін емес. Бір сөзбен айтқанда, заңның дұрыс орындалуын қамтамасыз ететін, азаматтарының құқықтары мен міндеттерінің кепілі болатын мемлекетті қалыптастыру - құқықтық мемлекетті орнату болып табылады. Ал құқықтық мемлекет дегеніміз - жеке адам және қоғам мүддесін қорғайтын, заң үстемдігі мен құқық принциптеріне негізделген мемлекет. Құқықтық мемлекетті қалыптастыруда қабылданып жатқан заңдар жоғарғы талапқа сай болуы керек. Заңның үстемдік етілуі міндетті түрде. Құқықтық мемлекетте азаматтардың бірде бір құқықтары мен бостандықтары бұзылмауы тиіс және заңдарда көрсетілген талаптардың, міндеттердің, құқықтардың жүзеге асырылуын мемлекет қамтамасыз етуі қажет. Шынайы кұқықтық мемлекет құру үшін қоғамдык өмірдегі әр салаға заңның күші бірдей дәрежеде әрекет етуі тиіс, әсіресе, ол ең алдымен биліктің бөлінуі барысында пайда болған заң шығарушы, сот және атқарушы билікті жүзеге асыратын органдар үшін міндетті қағида. Тек осы жағдайда ғана азаматтардың құқықтары мен бостандықтары еш шүбәсіз қамтамасыз eтілмек. Біздің мемлекетімізде құқықтық мемлекетке тән негізгі принциптер Ата заңымызда нақты көрсетілген.

Біздің зерттеyiміз бала құқықтары мен бостандықтарын қорғау қағидасының құқықтык мемлекетте іске асырылуына бағытталған. Мемлекет пен оның құрылымдарының қызметін жетілдіру, бала құқықтары мен бостандықтарын қорғау, азаматтардың лайықты өмір сүруін қамтамасыз ету құқықтық мемлекеттің дамуының басты міндеттері болып табылады. Құқықтық мемлекет құру, азаматтық қоғамның тұрақты дамуын қамтамасыз ету заңдылыққа негізделген, бала құқықтарын қорғауға бағдарланған мемлекеттің рөлін күшейтуді талап етеді. Осыған байланысты барлық мемлекеттік аппарат қызметінің қағидасын іске асырушы әрбір мемлекеттік органның рөлін, оның міндеттері мен қызметтерін талдаудың қажеттілігі туындайды.

Адам құқықтарын қорғау кез келген мемлекеттік органның өзіндік және бірден бір міндеті. Міндетті атқару барысында адам құқықтарын қорғау механизміндегі рөлі мен орнын анықтаy бағдарламалары мен құзіреттіліктерінде көптеген қайталаулар мен қарама-қайшылықтар бар екендігі байқалады. Құқықтық мемлекеттің дамуы биліктің адам құқықтары мен бостандықтарын тек мойындауын ғана емес, сонымен бірге оларды іске асыратын және қорғайтын шын мәнісіндегі мемлекеттік механизмнің әрекетті болуын қарастырады. Бұл мәселеде құқық қорғаушы құрылымдарға, оның ішінде ішкі істер органдарына ерекше орын беріледі. Құқық қорғау органдары көп жағдайларда қоғамымызда орын алып отырған жағымсыз жағдайлармен бірінші болып бетпе-бет келеді, олардың міндеті азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау болып табылады. Осы жағдайларды теориялық талдаудан көрі нақтылай іске асыруға көшетін уақыт жетті.

Жетім балалардың құқықтарын бекітуге, оларға кепілдік беру, қамтамасыз ету, қорғау және іске асыруға ұмтылыстың артуы құқықтық мемлекеттің (қалыптасқан немесе енді ғана қалыптасып келе жатқан) сипаты мен тегіне, оған тән басқару, реттеу және ықпал жасаудың құқықтық құралдарының басымдылықтарына, онда байқалып отырған гуманисттік бастауларды демократияландырудың күшеюіне, мемлекеттік құрылымдардың халық бұқарасы үшін ашықтығына байланысты. Құқықтық (немесе оны құруды аяқтап келе жаткан) мемлекет мәжбүрлеу және күш қолдану шараларын шектен тыс қолдана алмайды, өйткені оның нәтижесі қолданылған тәсілдерге сәйкес болып шығады.

Құқықтық мемлекет, азаматтық қоғам, демократия мемлекеттік билік өзінің бағдарламалары мен қызметін көпшілік таныған адам құқықтары мен бостандықтарына негіздегенде ғана мән-мағынаға ие бола алады.

Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды мемлекеттің қорғаушылық қызметінен бөлген меншікті, құқықтық тәртіпті, заңдылықты және т. б. қорғау қызметінен ажыратқан және оларды басқа қызметтің негізіне алып, оның мазмұнын кеңейткен абзал. Біздің пікірімізше, мемлекеттің жасөспірімдер құқықтары саласындағы қызметін тек оларды қорғаумен шектеуге болмайды. Мемлекеттің бала құқықтарын бекіту, қамтамасыз ету және оларға кепілдік беру, оларды іске асыруға жәрдемдесу жөніндегі іс-шараларының маңызы бұлардан артық болмаса, кем емес. Оның бергі жағында мемлекет қызметінің барлық аталған түрлері бір-бірлеріне өте жақын, бағдарлары бойынша бір-біріне ұқсас, оларды бір-бірінен ажыратуға, бөлек және дара қарастыруға болмайды. Өйткені, сайып келгенде, олар белгілі бір бірлік пен тұтастықты құрайды.

Қарастырылып отырған проблемаға Ресей және Қазақстан ғалымдарының бірқатар зерттеулері арналған. Бірінші кезекте бұлардың қатарына РFА академигі Е. А. Лукашеваның басшылығымен жасалынған ipгелі еңбектерді атауға болады. Ол КСРО ыдырауынан кейінгі Ресей мен ТМД елдеріндегі адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау проблемасын бipінші болып ғылыми зерттеу деңгейіне көтерді.

Адам құқықтары мен бостандықтары проблемасына Т. Б. Бекназар Юзбашев, В. А. Карташкин, И. А. Ледях, Б. Г. Манов, Р. Мюллерсон сияқты Реcей зерттеушілерінің еңбектері арналған.

Қазақстанда бұл проблемаға Т. А. Ағдарбеков, М. Т. Баймаханов, М. С. Башимов, Б. А. Есентемірова, А. Жұмағұлова, Г. К Искакова Г. Лупарев, А. К. Мұхтарова, F. С. Сапарғалиев, С. Н. Сәбікенов, А. В. Турлаев, Н. А. Шайкенов сияқты ғалымдардың жұмыстары арналған. Бұл қатарда Еуразия кеңістігінде адам құқықтарын іске асыру теориясы мен практикасына талдау жасалынған Ж. Д. Бусурмановтың зерттеyi еpекше орын алады. Сонымен қоса ғылыми зерттеуде А. Т. Ашеулов, Т. А. Ағдарбеков, Н. E. Айтқұлова, М. Т. Баймаханов, Ж. Д. Бусурманов, М. С. Башимов, М. С. Бейбітов, С. В. Бахин, С. Ж. Жалыбин, Е. Жовтис, С. 3. Зиманов, Г. К Искакова, А. С. Ибраева, А. К. Котов, А. Қараев, Т. В. Кашанина, Д. О. Құсайнов, Қ. Мәми, Б. А. Майлыбаев, А. К. Мұхтарова, Н. И. Матузов, К. Б. Мурзаев, М. С. Нәрікбаев, Л. Т. Назаркулова, F. С. Сапарғалиев, С. Н. Сәбікенов, М. А. Сәрсембаев, Г. Ж. Сүлейменова, А. Я. Сухарев, А. В. Стремоухов, Р. Түсіпбеков, Г. Д. Тленчиева, А. К. Тасбулатова, К. Х. Халиков, А. Г. Шмарин және т. б. авторлардың еңбектері қолданылды.

Дипломдық зерттеудің максаты мен міндеті. Құқықтық мемлекеттің қалыптасу жағдайында мемлекеттік аппараттың қызметінде бала құқықтары мен бостандықтарын қорғау тәжірибесінің орындалу барысын анықтау және қарама-қайшылықтармен кемшіліктерді табу арқылы жүйелі талдау.

Дипломдық зерттеудің пәнінің негізі - бұл отбасылық заңнаманың нормалары және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқығын қорғайтын заң актілеріндегі ережелер, сондай-ақ тақырып бойынша негізгі ғылыми және теориялық тұжырымдамаларды негізге алу. Мақсат - ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқығын қорғайтын құрылымдарды жеке түрлерін де, жүйені де жан-жақты талдау. Қойылған мақсатқа сүйене отырып, келесі мәселелерді шешуге әрекет жасалу керек:

-«ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың жағдайын қамтамасыз ету» және «ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың жағдайын қамтамасыз етудің нақты бір құрылымдарының» ұғымдарын тұжырымдау және теориялық тұрғыдан негіздеу;

- ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қорғау саласындағы халықаралық және ұлттық нормативтік құқықтық актілердің құзыретін айқындау және саралау;

- ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орнықты жағдайын ұйымдастырудың жүйесін реттеп бір жүйеге енгізу.

- қамқорлықсыз қалған бала құқықтарын қорғауды мемлекеттік аппарат қызметінің негізін қалаушы қағида ретінде зерттеу және оның қызметін жетілдіру бойынша шаралар ұсыну.

Қазіргі заманғы халықаралық құқықта адам құқығына қатысты тұтастай құқықтық актілер кешені қалыптасты. Халықаралық құқық нормалары нақты мемлекеттегі адам құқығын тікелей реттемейді. БҰҰ Жарғысы (1-баптың 3- тармағы) мемлекеттерді олардың аумағында тұратын барлық адамдардың, қандай да болсын кемсітуге жол берместен негізгі құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге міндеттейді. БҰҰ шеңберінде осы мәселе бойынша: Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы (1948ж. ), Адамдардың экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтары туралы, Адамдардың азаматтық және саяси құқықтары туралы (1966ж. ), Балалар құқығы декларациясы (1959ж. ), Әйелдердің саяси құқығы туралы конвенция (1954 ж. ) және басқа да бірқатар құжаттар қабылданды. Мемлекет азаматқа мейлінше кең құқықтар мен бостандықтар беріп, eрекше қатынастарына орай айрықша міндет жүктейді. Міне, осы негізде Қазақстан Республикасының Конституциясы жеке тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын қалыптастырады.

Диплом жұмысы тақырыбын зерттеудің жаңалығы Қазақстан Республикасының Конституциясы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын нығайта отырып, халықаралық актілердің нормалары мен принциптеріне сүйенеді. Аталған және басқа халықаралық актілер мынадай негізгі құқықтар мен бостандықтарды жариялайды; кез келген адам өмір сүруге, бостандыққа және жеке басына қол сұғылмауына құқылы; ешкім де азапталмауы, қадір-қасиетін кемсітетіндей көз алартушылыққа және жазаға ұшырамауы тиіс; барлық адам заң алдында тең, кез келген адам тұратын орнын мемлекет шегінде еркін орын алмастыруға және таңдауға құқылы; кез келген адам өмірінің, отбасының және басқаларының денсаулығы және тұрмыс жағдайын қолдауға қажетті өмірлік деңгейде еңбек етуге, білім алуға, дем алуға құқылы. Халықаралық-құқықтық құжаттар адам құқығы мен бостандығын ең жоғары құндылық деп таниды.

Тақырыпты зерттеудің міндеттері мен әдіснамалық негізі. Қазақстан Республикасының Конституциясы адам құқығы туралы халықаралық құжаттардың негізгі идеялары мен қағидаларын қабылдады және оны мемлекеттік өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып нығайтты. Конституцияда мемлекеттің адамға және азаматқа қатынасы туралы қағида орнықтырылды. Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім ол құқығын айыра алмайды, заңдар мен өзгеде нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады (12-бап, 2-тармақ) . Бұл адамның табиғи құқығын мемлекеттік тану және бастау алар қайнар көзі болып табылады және Конституция Адам және азамат деген II тарауының мазмұнын белгілейді. Мұнда адам құқығымен бірге азаматтың да кұқығы мен міндеттері туралы айтылады. Республиканың азаматы өзінің азаматтығына орай құқықтарға ие болып, міндеттер атқарады (12-бап, 3-тармакқ. Сөйтіп, аталған бөлімде Қазақстанның конституциялық заң тарихында бірінші рет азаматтардың құқықтары және міндеттерімен бірге «адам құқығы» ұғымы бірінші рет танылды. Сөз жоқ, адам құқығы мен азамат құқығы ұғымы бір-біріне жақын және табиғи түрде ұштасқан ұғымдар. Азамат, ол - адам. Сондықтан, адамға қатыстының бәрі азаматқа да қатысты. Адамға тумысынан жазылған, абсолютті деп танылған және олардан ешкім айыра алмайтын құқық пен бостандық Қазақстан Республикасының азаматына да тән. Сонымен бірге табиғи құқықтар мен бостандықтар шетел азаматтарына және азаматтығы жоқтарға да берілген. Егер де құқықтар, бостандықтар мен міндеттер тек Қазақстан Республикасы азаматтарына қатысты болса, онда ол туралы 13-бапта көрсетіледі: Әркімнің құқық субъектісі ретінде танылуы құқығы бар және өзінің құқықтары мен бостандықтарын, қажетті қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғауға хақылы делінген, 14-бапта: Заң мен соттың алдында жұрттың бәрі тең екендігі айтылады. Ал, 17-бапта: Ешкімді азаптауға, оған зорлық, зомбылық жасауға, басқада қатыгездік немесе адамдық қадір-қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге не жазалауға болмайды. Сонымен бірге, егер мәселе тек азаматтардың құқықтары мен бостандықтары туралы болса, онда бұған айрықша мән беріледі. Өйткені, Қазақстан Республикасының азаматын қандай жағдайда болмасын азаматтығынан айыруға болмайды (10-баптың 2-тармағы) . Конституцияда республика азаматының әскери кызметті өтеуге міндеті айрықша атап көрсетілген. (36-бап. ) Қазақстан Республикасы бойынша, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар - адамдардың арнаулы мәртебені иеленген ерекше тобы. Айталық, Конституцияның 12-бабында айтылғандай, Конституцияда, заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Республикада азаматтар үшін белгіленген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, сондай-ақ өз міндеттерін атқарады.

Диплом жұмысының кұрылымы кіріспеден, 3 тараудан, 8 бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. АДАМ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСІНІҢ ОРТАҚ МІНЕЗДЕМЕСІ

1. 1 Адам құқығының түсінігі, мәні және ерекшелігі .

Еліміздің тәуелсіздігінің 20 жылы ішінде адам құқықтарын қорғау мәселесіне ерекше мән берілді. Әсіресе, соңғы жылдары ұлттық үш жылдык жоспар, базалық баяндама жасалып, сандық кітапханалар ашылды. Оған шетелдер мен Біріккен ұлттар ұйымынан бастап басқа да көптеген халықаралық, соның ішінде, бірқатар мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар, сарапшылар да жақсы баға берді.

«2018 жылы еліміз ЕҚЫҰ-ға табысты төрағалық етіп, Астана декларациясы қабылданып, барлық мемлекеттердің, халыкаралық ұйымдардың атынан жоғары баға берілді. Келешекте адам құқықтары жөнінде бес жылға арналған Тұжырымдама жасалмақ. Ол үшін жағдайды үйреніп, пікір жинап, өткен жылдардың қорытындысын шығаруымыз керек. Осы тұрғыдан біздің жастарымыз атқарылған және келешекте атқарылатын жұмыстарды білуі тиіс. Құқық тұрғысынан біз де оларды не толғандыратынын ескеруіміз керек. Өйткені, қазір Қазақстанда 4 миллионнан аса оқушы және студент отырған саясатына жастар бар. Бұл-үлкен күш», - деді Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы адам құқықтары жөніндегі комиссия төрағасы Сағынбек Тұрсынов.

Ескерте кетейік, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы адам құқықтары жөніндегі комиссия ел тәуелсіздігі жарияланғаннан кейін екі жыл өтер-өтпестeн 1994 жылы 12 ақпанда Елбасы Жарлығымен құрылған болатын. Оның басты мақсаты - мемлекеттік және қоғамдық жүйені қолдау мен адам құқығын қорғау. 2003 жылы 19 наурызда бұл комиссия туралы ережеге өзгерістер енгізіліп, ол өз қызметі бойынша кеңесші органға айналды. Комиссия өз жұмысында Мемлекет басшысының тапсырмалары мен нұсқауларының, конституциялық заңдылықтардың орындалуын, адам құқықтары және еркіндігінің дұрыс жүзеге асуын басшылыққа алады.

Еуропалық одақ соңғы жылдары Қазақстандағы адам құқықтарының сақталуына ерекше назар аударып отыр. «Еуропаға жол» атты бағдарламаға Еуроодақ өкілдері Қазақстандағы адам құқықтарын сақтау тетіктеріне, комиссияның бұған қосқан үлесіне ұнамды бaғa берді. Енді алдымызда тағы үлкен міндеттер тұр. Біз адам құқықтарын қорғау бойынша жаңа ұлттық жоспар қабылдамакшымыз. Себебі жаңа бағыттағы іс-қимылдардың бағдарламасына көшуіміз керек. Қазақстанда адам құқықтарын қорғаy - басым бағыт және еліміз ұстанып отырған негізгі саясаттың бірі, - деді Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы адам құқықтары жөніндегі комиссияның жауапты хатшысы Тастемір Әбішев. Тастеміp Әбішевтің айтуынша, адам құқықтарын қорғаудың кейбір салалары бойынша, атап айтқанда, білім денгейі, ана мен бала құқығын қорғау, ұлтаралық және дінаралық татулықты қамтамасыз ету бойынша Қазақстан Ислам ынтымақтастық ұйымы елдері, тіпті ЕҚЫҰ мүшелері aрасында алдыңғы орындардың бірінде. Бұл - көптеген елдер үшін үлгі боларлык жағдай [1] .

Адамның азаматтық құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету мен қорғау құқықтық мемлекетті қалыптастыру жолындағы маңызды мәселе. Жалпы адам құқығы жеке тұлғаға нақты бостандықтар мен әлеуметтік игіліктерге кепілдік беретін саяси қатынастар жүйесінде бекітілген ережелер мен принциптер жиынтығы. Адам құқығын қорғау ұлттық құқықтық тәртіптің маңызды міндеттерінің бірі. Ең алғаш адам құқығы АҚШ конституциясы мен «Адам мен азамат құқығы туралы» Француз декларациясында заңдастырылды. Бүгінгі күні адам құқықтары БҰҰ-ның негізгі бес құқықтық құжаттарында анықталып, оларға кепілдік берілген. Олар: «Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы» (1948 ж. ), «Экономикалык, әлеуметтік және мәдени кұкықтар туралы Пакт» (1966 ж. ), «Азаматтық және саяси құқықтары туралы Пакт» (1966 ж. ) және соңғысына қарасты екі факультативті хаттама.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының конституциялық негіздері
Адам құқығы мен бостандығы
Жеке тұлға құқықтары мен бостандықтары
Қазақстан Республикасында адам өмір сүруінің денсаулығына қолайлы айналадағы ортаны қорғаудың конституциялық құқықтық негіздері
Қазақстанда адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мен қамтамсыз ету жолдары
Азаматтардың азаматтық (жеке) құқықтары мен бостандықтары
Азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына қол сұғатын қылмыстар
Конституциялық құқықтар мен бостандық
Құқықтық мемлекет және адамның құқықтары
Адам мен азаматтардың құқықтары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz