Шәкәрім


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Шәкәрім

Шәкәрім шығармаларының қайнарын зерттеуде осы күнге дейін қанша жұмыс жасалынса, алда одан сан есе көп жұмыс өз кезегін күтіп тұр. Осы күнге дейін Шәкәрімнің парсы ақындары Хафиздің он ғазалын, Джалаладдин Румидің «Мәснави маънавиінен» «Бояулы суыр» өлеңін, Сағдидің «Гүлістан» шығармасының үзіндісін «Бәйшешек бақшасы» деген атпен аударғаны белгілі.

Осы ақындардың ішінде Шәкәрім үшін Хафиздың орны бөлек болса керек. Ол турасында ақын шығармаларында кеңінен баяндалады. «Осы жұлдыздай жыпырлаған көп ақын ішінде Шәкәрім, әсіресе, Хафизды жанына жақын тұтады. Германиядағы Гетені де, Россиядағы Пушкинді де баураған, жаңа дәуірдегі Европа поэзиясына үлкен ықпал жасаған Хожа Хафизді Шәкәрім өзінің ең ұлағатты ұстаздарының бірі санайды», - деген Мұхтар Мағауин ақынның Хафиздан аударған өлең-жырларының саны біршама екенін айтып, олардың басым көпшілігі тәржіма болғанымен, біразы Хафиз сарынындағы төлтумаға ұқсайтынын жазады [1] . Ал, Шәкәрімнің ұлы Ахат өз естеліктерінде Мұхтар Әуезов пен Шәкәрім арасында Хафиз шығармалары жөнінде жиі айтылатынын еске алады. «Бір күні Мұхтар сол шығыс ақындарының ішінде күштісі қайсысы деп сұрағанда, әкей: «Олардың бәрі де шебер, нәзік, көркем жырдың иелері, шешен тілді ақындар, маңызды әңгімелерді жазушылар. Бұларды батыстың ойшыл ақындары да мақтаған. Бірінен-бірін айыру қиын. Солардың ішінде Ғафиз «Нисанил ғайып» (дұрысы - лисанул ғайып - Ғ. Қ. ) атанған, оның тілі ғайыптан келген деген мағынада. Тілге өте шебер болған ақын» деп, Ғафиздың өлеңдерін айтып, оқып, аударып беретін», - деп жазады Ахат Шәкәрімұлы [2] .

Шәкәрім қажы - өзі өмір сүрген ортаның қиындығы мен саяси ахуалдың шиеленіскеніне қарамастан, көп еңбектенген ақын. Шәкәрім осынау шығыс ақындарының өлеңдерін қазақ оқырмандарына жатық та шымыр тілмен аударған. Ақынның шеберлігі сондай, кейбір аударма өлеңдер Шәкәрімнің өзінің төл туындысындай біте қайнасып кеткен. Бұл тиісінше, ақын шығармаларын жинастыруда жинақылықты қажет етеді. Сондай аудармалардың бірі - «Жас алпыстан асқан соң» деп басталатын өлең. Әзірге бұл өлең ақынның Хафиз ғазалынан аудармасы емес, өз шығармасы ретінде топтастырылып келеді. Шынында да бұл өлеңді аударма дегенге қимайсыз да. Алайда үңіле келгенде, «Жас алпыстан асқан соң» Хафиздың отыз жетінші ғазалының еркін аудармасы екені айқындалып отыр [3] . Бұл ғазалды Хафиздың неше жасында, қандай жағдайда жазғаны жайлы дерек жоқ. Ал 1919 жылы осы өлеңді аударғанда Шәкәрім алпыс бірге аяқ басқан болатын.

Осы өлең жайлы бұдан басқа қосымша мәлімет кездеспейді. Әдетте, Шәкәрім Хафиз ғазалдарының аудармасында аударма жайлы қысқаша мағлұмат беруді ескеретін болған. Шәкәрім ғазал аудармаларының кейбірінде «Баяғыда парсы жұртында әрі білгіш, әрі сопы, әрі ақын Хожа Хафиз деген кісі болған. Иманына қазақтың талапты жастарын таныс қылмақ үшін төменгі жырын қазақ тіліне аудардым» [4], - деп анықтама берсе, кей аудармада «Қожа Хафиз сөзінен» деп, қысқаша қайырып отырған. Ал біз ерекше мән беріп, қарастырғалы отырған «Жас алпыстан асқан соң» өлеңі жайлы мұндай мәлімет кездеспейді. Осы күнге дейін Шәкәрім қажының Хафиз ақыннан аударған өлеңдері жайлы біршама ғылыми мақалалар мен жұмыстар жарық көрді. Бірақ солардың ешбірінде осы өлең арнайы талданған емес. Басында Хафиз ғазалдарының әсерімен жазылған өлең болса керек деген ой туғанымен, бұл өлеңнің Хафиз ғазалының еркін аудармасы екендігіне көз жеткізу қиын емес.

Өз отанында орны бөлек Хафиздің отыз жетінші ғазалын Шәкәрім қазақ тіліне еркін аударған. Өлеңде бұл өмірдің құбылмалы, тез өте шығатын алдамшы екендігі арқау болады. Сондықтан да адамзат баласы өзінің бойын сырты жалтырақ, іші қалтырақ алдамшы дүние істерінен аулақ ұстауы қажет. Өмірінде алданбайтын, қателеспейтін адам кем де кем. Соған қарамастан хақиқатты іздеп табуға болатынын Хафиз аңдатып өтеді. Хафиз жеткен хақиқатқа көптеген адамдар жеткені анық. Шәкәрім де осы хақиқаттың не екенін жақсы түсінген және осы бір құпияға толы хақиқат жәуһарын барынша байыппен түсіндіруге тырысады. Яғни, ғазалды аударғанда, Шәкәрім оның жолма-жол ізін сақтағаннан гөрі жергілікті ерекшелікті ескеріп, түпнұсқаның түпкі ойын жеткізуге мән берсе керек. Алдымен, аударманың толық мәтініне үңілелік:

Хафиздың бұл ғазалының аудармасында Шәкәрім қолтаңбасымен біткен мынандай ерекшеліктер бар. Біріншіден, Шәкәрім аудармасындағы бірінші шумақ түпнұсқада жоқ, аудармашы оны өз жанынан қосқан. Екіншіден, аудармада түпнұсқадағы бәйіттердің (егіз жолдардың) орын тәртібі сақталмаған. Түпнұсқа мен аударманың орын тәртібіндегі сәйкестік мөлшері мынандай болып келеді.

Көріп отырғанымыздай, Хафиз ғазалының басы Шәкәрім өлеңіндегі бесінші шумаққа ауысқан. Парсы ақыны өз ғазалын дүниенің опасыздығын айтып бастайды. Өлеңде кеше кешкісін шарапханаға барып хақиқаттың шарабына мас болған пендеге ғайыптан періштенің тіл қатқаны жайлы әңгіме болады. Қалған сөздің желісі екі ақында шамамен бірдей жалғасын тауып отырады. Алғашқы екі бәйіт дүниенің опасыздығы жайлы болса, кейінгі үш бәйіт періште мен пенде арасында болған әңгімеге арқау болады. Бесінші бәйіт періштенің сөзімен аяқталады. Хафиз атын атаған Суруш періште ғайыптан жақсы хабар жеткізетін періште ретінде шығыс поэзиясында кеңінен танымал. Шәкәрім Хафиздың ғазал тәртібін көп ауыстырмаған. Десек те, Хафиздың екінші бәйіті Шәкәрімнің жетінші шумағынан орын тапқан. Хафиз ғазалының бесінші, алтыншы және жетінші бәйіттерін Шәкәрім аудармаған. Хафиздың бесінші бәйітінде періште хақиқаттың шарабымен жүрек ындызы тазаланған адамға «көктегі дауыс сені өзіне шақырады, бұл дүниеде не істеп жүргеніңді білмеймін», - деп сөзін аяқтайды. Бесінші бәйітте айтылған ойлар төртінші бәйіттің жалғасы болғандықтан, Шәкәрім екі бәйітті бір шумақ өлеңмен жеткізген. Ал, алтыншы бәйіттен бастап Хафиздың оқырманға деген насихаты басталады. Шәкәрімнің аудармаған алтыншы және жетінші бейіттерінің мағынасы мынандай болып келеді: «Саған айтар насихатымды үйрен де, орындауға тырыс. Өйткені, осы сөзді тариқатымның пірінен (Шәкәрім оны «кемеңгер» деп аударған) естіген болатынмын. Бұл дүниенің қамын жеп, қайғырма және менің осы ақылымды жадыңнан шығарма. Себебі осы бір жаныңа жылулық сыйлайтын әдемі әңгімені бір ғұлама адамнан естіп едім деген мағынада айтылатын алтыншы бәйіттегі насихатты жетінші бәйіт толықтыра түскен. Сегізінші бәйіт те - жоғарыдағы жолдарда айтылатын насихаттың жалғасы. Ол Шәкәрімде сегізінші шумаққа тура келеді. Тоғызыншы бәйіттің алғашқы жолы тура мағынасында аударылмаған, ал келесі жолы Шәкәрімнің бесінші шумағының соңғы екі жолын құраған. Тоғызыншы бәйіттің тікелей аударылмай кеткен алғашқы жолы «Опасыз бұл дүниеден опа іздеме» деп келеді. Осы бәйіттің жалғасы Шәкәрім «Сансыз байдан қалған тұл, Жарай ма оған жалынған?- деген жолдар аудармада бірінші шумақтың үшінші, төртінші болып кірігіп кеткен. Хафиздің осы сөзін тікелей аударғанда «Бұл дүние - мың күйеуге қалыңдық болған қу кемпір» деген нұсқаға тап боламыз. Шәкәрім осы бәйіттің орнын ауыстырып қолданғанымен, аударманы сәтті жеткізгенін айтпасқа болмайды. Бәйіттердің орны ауысқанымен де мағынасы өзгермеген. Оныншы және он бірінші бәйіттерді Шәкәрім орын тәртібі мен мағынасын толық сақтай отырып аударады. Соңғы бәйітте ғазал ережесіне сай ақынның тахаллусы келтірілген. Тахаллус дегеніміз - ғазалдың соңғы бәйітінде келтірілетін ақынның лақаб (псевдоним) аты. Шираз ақыны өз ғазалын: «Ей, дәрменсіз, күндеме сен, Хафизді, Терең ой мен сүмбіл сөз - тәңір сыйы», - деп түйіндесе, Шәкәрім «Хафиз» сөзінің орнына «мен» деп бірінші жақтан баяндайды.

Егер де Шәкерімнің осы өлеңінің шумақтарын Хафиз ғазалындағы тәртіпке жуықтатып оқысақ, түпнұсқа шырайы ашыла түскен болар еді.

Мұндайда Шәкәрім аудармаған, дегенмен меңзеп өтетін ғазалдың төртінші, бесінші және алтыншы бәйітінің жоқтығы байқалмай қалады. Одан аудармаға нұқсан келмейді, қайта ақынның айтар ойы тұжырымдалып, жұмырлана түседі. Бірақ бұдан Шәкәрім аудармасын енді осы нұсқада қабылдайық деген жаңсақ ой тумаса керек. Бұның бәрі аударма ауанын айқындаудан туындаған талпыныс.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шәкәрім шығармаларының тарихи сипаты мен адамгершілік үлгісі
Шәкәрім шығармалары
Шәкәрім поэзиясының еуропа, орыс әдебиетімен байланысы
ШӘКӘРІМ АУДАРМАЛАРЫНДАҒЫ КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІК
Шәкәрім өлеңдеріндегі тұлға мәселесінің дәстүрлік негіздері
Шәкәрім Құдайбердіұлының философиясындағы адамтану бағыттары
Шәкәрім шығармашылығындағы рухани ізденістер
Шәкәрім поэтикасы
Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылық мұрасы
Шәкәрім Құдайбердіұлының тәрбие жайлы ойлары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz